Мына мақаланы не бөлімін Карта дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.
Бұлайша көрсетілген географиялық карта Жердің географиялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық карта Жердің географиялық қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады.
Географиялық карта тарихы
Тасқа жер беттерінің сызбаларын шекіп салуды адамдар оқып, білмей тұрып - ақ үйренген.Қорғанда қазба жұмыстарын жүргізгенде бүйірінде Кавказ жоталары бейнеленген ыдыстар табылған.Ол ыдыстың жер астында 4000 мың жыл жатыпты.Ертеде картаны қыштарға, теріге сызып, түрлі-түсті шөптермен бұталардан тоқыған.Мысалы, Маршалл аралдарының тұрғындары аралдарды ұлу қабыршақтарымен белгілеген. Қазіргі карталардың түрін санап тауысу қиын.Олардың түрлері көп:жердің физикалық және экономикалық карта түрлері, планеталардың, т.б.карталары бар.Бедерлі,стереоскопиялық карталар да жеткілікті.Ондай карталарға арнайы көз әйнекпен қарасаң, өркеш - өркеш таулардың арасында, теңіз түбінде жүргендей әсерде боласың7.
Географиялық карта түрлері
- Картаны аумақты қамтуына қарай:
- дүниежүзілік,
- құрлықтық,
- жеке елдер карталары, т.б.
- Мазмұнына қарай:
- жалпы географиялық
- тақырыптық
- техникалық
- құжат, т.б.
- масштабына қарай:
Картографиялық белгілер
Географиялық картаны жасаудың ерекше матем заңы болады. Оны картографиялық проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картогр. белгілерді картаның тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық Картаның құндылығы — олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, Географиялық Картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Географиялық Карта планетамыздың және оның бөліктері — құрлықтар мен , олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
- Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.
- Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:
а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;
ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;
б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) көрсету оңайға түседі;
в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т.б.) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;
г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.
- Үшіншіден, географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол – жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Соц. құрылыс жағдайында жалық шаруашылығын көптеген міндеттерін – географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т.б. – географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің геология құрылысын көрсетумен қатар, қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол – құбылыстардың кеңістегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да аса қажетті құрал.
Картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір жердің толық қартасының (тиопографиялық картасының) мазмұнына; жер бедері, суы, өсімдігі, топырағы, елді мекендері, , байланыс , мемлекеттік және әкімшілік шекаралары, орталықтары және кейбір өнеркәсіп, , мәдени объектілері кіреді.
Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, кеңістікті т.б. өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т.б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен мәліметтер де болады.
Географиялық карталардың ішінен неғұрлым көп қолданылатыны – жер беті мен ондағы объктілер көрсетілетін жалпы географиялық карталар. Ал басқалары тақырыптық деп аталады. лар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мысалы, жер бедерін) өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ құбылыстарды (белгілі бір жердің геологиялық құрылысын, климат жағдайын т.б.) көрсетеді.
Меридиандар мен параллельдердің картада үшін маңызы
Ғалымдар жарты шарлардың, біртұтас дүние жүзінің, жеке материктердің, мемлекеттердің, жер бетінің шағын бөлшектерінің картасын жасаудың түрлі əдістерін ойлап тапқан. Бұл əдістер бəрінен бұрын меридиан жəне параллель сызықтарын кескіндеуден айқын көрінеді.
Глобуста барлық меридиандардың ұзындығы бірдей. Ал жарты шарлар картасындағы меридиандар əр жарты шар шеңберінің ортасынан шетіне қарай барған сайын өзінің нақты мөлшеріне қарағанда ұзара түседі. Соған орай шеңбердің шетіне жақын жатқан Африканың батыс жағасы, Оңтүстік Америка мен Аустралияның шығыс жағалары глобустағыға қарағанда созыңқы бейнеленген.
Градус торы
Картада меридиандардың шетіне - бойлық, параллельдердің шетіне ендік жазылып қойылады. Жарты шарлар картасында бойлық меридиандардың экватормен қиылысқан жерінде жазылады. Глобустың жəне карталардың өн бойында меридиандар мен параллельдер тұрақты түрде белгілі бір градус сайын жүргізіледі. Сондықтан меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор «градус торы» деп аталады.
Тақырыптық карталар
- табиғат құбылыстарының карталары, яғни физико-географиялық карталар;
- қоғамдық құбылыстардың карталары, яғни әлеуметтік-экономикалық (экономика, халық, мәдениет, , ) карталар.
Тақырыптық карталардан арнаулы карталарды (оқулық, туристік, навигация, жобалау, т.б.) айыра білу қажет. Арнаулы карталар жалпы географиялық (туристік) және тақырыптық (оқулық), климаттық, топырақ, экономикалық т.б. карталарда болуы мүмкін. Бұл карталардың кейбірінің өзіне тән өзгешелігі болғандықтан, олар тақырыптық карталардың ерекше бір тобы – техникалық карталар деп аталады. Оларға теңіз навигациясына, ұшуға, жобалауға т.б. арналған карталар жатады. Географиялық карта көбіне территориялық белгілері (кеңістікті қамтуы) бойынша ажыратылады. Мысалы, дүние жүзінің, мұхиттар мен теңіздердің, құрлықтардың, олардың ірі бөліктерінің, мемлекеттердің, облыстардың, аудандардың карталары.
Географиялық карта тақырыбының кеңдігі жағынан да әр түрлі болады. Мысалы, кейбір климаттық карталар бір ғана метеорологиялық элементті (температура, жауын-шашын т.б.), енді біреулері бірнеше элементті (ауа қысымы мен желді) көрсетеді, немесе климатты тұтас сипаттайды. Бір ғана тақырыпқа арнаған карталарды жеке немесе салалық (температура картасы) деп, ал құбылыстың толық сипатын беретіндерін жалпы (жалпы климаттық карта) карталар деп атайды. Көптеген карталарда бірнеше құбылыс және олардың арасындағы өзара байланыс қатар көрсетіледі. Бұл – көп салалы карталар; оларды комплексті карталар дейді (мысалы, барлық метеорологиялық негізгі элементтерді көрсететін синоптикалық карталар).
Географиялық карта мазмұнының қорытылу дәрежесі жағынан бірдей бола бермейді. Кейбір карталарда жинақтап қорытылмаған немесе әлі аз жинақталған көрсеткіштер (нақтылы бір уақыттағы метеорологиялық элементтердің мәні) берілсе, басқа бір карталарда әбден жинақталған көрсеткіштер (көп жылдық деректердің негізінде алынатын айлық орташа, жылдық орташа температулар) қамтылады.
Халықты сондай-ақ табиғаттың, экономиканың, мәденитеттің кейбір элементтерін, олардың қасиеттерін немесе ерекшеліктерін ажыратып көрсететін карталар анализдік карталар деп аталады. Бірнеше көрсеткішті қосып, пайдалану негізінде құбылыстарды тұтас алып сипаттайтын синтездік карталарға көрсеткіштер жинақталып алынады. Мысалы, жалпы климаттық карталарда климаттық аймақтар бірнеше көрсеткіштің жиынтығы (температура, жауын-шашын т.б.) бойынша көрсетіледі, бірақ олардың нақтылы көрсеткіштері берілмейді. Синтездік карталарда бірқатар жеке карталардың деректері жинақталғандай болады. Тәжірибеде нақтылы және жалпылама көрсеткіштер, анализдік және синтездік сипаттамалар берілген карталар болады. Мысалы, жалпы экономикалық карталардың көпшілігінде өнеркәсіп үшін картографиялаудың анализдік, ал ауыл шаруашылық үшін синтездік әдістері қолданылады.
Географиялық картаның құндылығы – олардың толықтығына, дәлділігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар географиялық карта жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Ал бұл принциптер мен идеялар жаңа не ескі, дұрыс не бұрыс болуы мүмкін.
Географиялық карта планетамыздың және оның жеке бөліктері – құрлықтар мен мұхиттар олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті және тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
Дереккөздер
- “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том
- Әлия баспасы "Халық мұрасы" 45 бет ISBN 5-86020-027-
- Қазақ Совет Энциклопедиясы, ІІІ том
- Салищев К.А., Картография, 1971
- Физикалық география. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы : " Атамұра "
- 50 лет советской геодезии и картографии, М., 1967
- Тематическое картографирование в СССР, Л., 1967
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Maps |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Myna makalany ne bolimin Karta degenmen biriktiruge usynylgan Talkylauy Geografiyalyk karta Zher betinin kishirejtilip zhinaky tүrde zhazyktykta shartty belgilermen bejnelenui Bulajsha korsetilgen geografiyalyk karta Zherdin geografiyalyk kabygyndagy tabigat zhәne kogamdagy әleumettik ekonomikalyk kubylystardyn arasyndagy әr tүrli zhagdajdagy bajlanystardyn bir birimen ushtasuy men olardyn kandaj maksatka arnalatyny eskerilip osy turgydan iriktelinip alynganyn korsetedi Geografiyalyk karta Zherdin geografiyalyk kabygynyn kenistiktegi erekshe modeldik bejnesi retinde koruge bolady Geografiyalyk karta tarihyTaska zher betterinin syzbalaryn shekip saludy adamdar okyp bilmej turyp ak үjrengen Қorganda kazba zhumystaryn zhүrgizgende bүjirinde Kavkaz zhotalary bejnelengen ydystar tabylgan Ol ydystyn zher astynda 4000 myn zhyl zhatypty Ertede kartany kyshtarga terige syzyp tүrli tүsti shoptermen butalardan tokygan Mysaly Marshall araldarynyn turgyndary araldardy ulu kabyrshaktarymen belgilegen Қazirgi kartalardyn tүrin sanap tauysu kiyn Olardyn tүrleri kop zherdin fizikalyk zhәne ekonomikalyk karta tүrleri planetalardyn t b kartalary bar Bederli stereoskopiyalyk kartalar da zhetkilikti Ondaj kartalarga arnajy koz әjnekpen karasan orkesh orkesh taulardyn arasynda teniz tүbinde zhүrgendej әserde bolasyn7 Geografiyalyk karta tүrleriKartany aumakty kamtuyna karaj dүniezhүzilik kurlyktyk zheke elder kartalary t b Mazmunyna karaj zhalpy geografiyalyk takyryptyk tehnikalyk kuzhat t b masshtabyna karaj iri masshtabty 1 200 000 zhәne odan iri orta masshtabty 1 200 000 nan 1 1 000 000 ga dejin kishi masshtabty 1 1 000 000 nan kishi t b belgilerine karaj boledi Kartografiyalyk belgilerGeografiyalyk kartany zhasaudyn erekshe matem zany bolady Ony kartografiyalyk proekciya dep atajdy Kartanyn komegimen zher betindegi obektilerdin orny plandagy molsheri zhәne pishini turaly dәl derekter aluga bolady Kartogr belgilerdi kartanyn tili retinde pajdalanady Geografiyalyk Kartada korsetilgen kubylystardy irikteudin zhәne korytyndylaudyn yagni kartogr generalizaciyalaudyn zor manyzy bar Geografiyalyk Kartanyn kundylygy olardyn tolyktygynda dәldiginde pajdalanylgan derekterdin zhanalygynda sonymen katar Geografiyalyk Kartany zhasaudyn negizine alyngan gylymi principter men ideyalarda Geografiyalyk Karta planetamyzdyn zhәne onyn bolikteri kurlyktar men olardyn geografiyalyk zhagdajy tabigat bajlyktary halky ekonomikasy mәdenieti men tarihi damuy turaly zhana derekterdi aluda taratuda saktauda asa bagaly kural bolyp tabylady Birinshi kartografiyalyk proekciyalardyn komegimen karta zhasau zher betindegi obektilerdin orny plandagy molsheri zhәne pishini turaly dәl derekter aluga mүmkindik beredi Ekinshi kartografiyalyk belgilerdi kartanyn erekshe tili retinde pajdalanu a zher betinin bir boligin nemese ony tүgel kamtu үshin kazhetti masshtabta kishirejtip aluga mүmkindik beredi zhәne kartada alyngan masshtabta kishirejtip korsetuge kelmejtin al ozinin manyzy zhagynan kaldyryp ketuge bolmajtyn obektilerdi korsetuge zhagdaj zhasajdy ә kartada zher bederin korsetudi yagni belgili bir zherdin ojly kyrly ekendigin keskindeudi zhenildetedi b Geografiyalyk kartada zattardyn syrtky bejnesimen katar olardyn ishki kasietterin de mysaly teniz kartasynda sudyn fiziko himiyalyk kasietterin agystardy t b korsetu onajga tүsedi v adamnyn sezim mүsheleri kabyldaj almajtyn kubylystardyn magnit burylysy auyrlyk kүshinin anomaliyasy t b taraluyn tikelej koruge kiyn bajlanystar men katynastardy shikizat kozi men ony ondejtin kәsiporyndardyn arasyndagy korneki tүrde korsetuge bolady g zheke obektilerdin usak tүjek zhaktaryn alyp tastap bәrine ortak zhәne en manyzdy belgilerin eldi mekenderdi halkynyn sany men әkimshilik manyzy zhagynan sipattau korsetudi onajlatady yagni abstrakciya әdisin koldanuga mүmkindik beredi Үshinshiden geografiyalyk kartada korsetiletin kubylystardy irikteudin zhәne korytyndylaudyn yagni kartografiyalyk generalizaciyalaudyn zor manyzy bar Geografiyalyk karta adamnyn tirshilik әreketinin barlyk salasynda pajdalanylady Ol zhol korsetkish onerkәsip energetika transport kurylystaryn barlau izdeu zhobalau zhәne inzhenerlik zhobany nakty iske asyrudyn negizi Auyl sharuashylygyn zherge ornalastyru melioraciya zhәne barlyk zher koryn esepke alyp ony tiimdi pajdalanu isine kerek Halykka bilim berude dүnie turaly bilimdi taratuda zhalpy mәdenietti korsetude ote manyzdy korneki kural kartografiyalyk zhagynan zerttelui әskeri is үshin de manyzdy Soc kurylys zhagdajynda zhalyk sharuashylygyn koptegen mindetterin geografiyalyk zhagdajlardy durys bagalau tabigi resurstardy tiimdi pajdalanu kalpyna keltiru zhәne tabigatty ozgertudin zhosparlaryn zhasau ondirgish kүshterdi durys ornalastyru ekonomikalyk audandardy kompleksti damytu t b geografiyalyk kartanyn ote sapaly boluyn kerek etedi Geografiyalyk karta gylymi zertteu kuraly bolyp tabylady Mysaly geologiyalyk karta belgili bir zherdin geologiya kurylysyn korsetumen katar kazbalardyn taralu zandylygyn anyktauga mүmkindik beredi Ol kubylystardyn kenistegi ozara bajlanysy men damuyn zertteude zhәne bolzhauda da asa kazhetti kural Fizikalyk karta Kartanyn takyryby men maksatyna karaj kartografiyalyk keskindeu birkatar geografiyalyk elementterden turady Mysaly bir zherdin tolyk kartasynyn tiopografiyalyk kartasynyn mazmunyna zher bederi suy osimdigi topyragy eldi mekenderi bajlanys memlekettik zhәne әkimshilik shekaralary ortalyktary zhәne kejbir onerkәsip mәdeni obektileri kiredi Geografiyalyk kartanyn zhiegi men bos zherinde kosymsha grafikter men zhazular kartada koldanylgan kartografiyalyk belgiler zhәne olardyn tүsindirmeleri karta bojynsha kashyktykty buryshtardy obektilerdin audanyn zheke nүktelerdin koordinatalaryn kenistikti t b olsheuge kazhet grafikter kartanyn zhasalgan kezin pajdalangan materialdaryn t b korsetetin derekter kejde korsetilgen obektilerdi tүsindirip tolyktyratyn diagrammalar tablicalar men mәlimetter de bolady Geografiyalyk kartalardyn ishinen negurlym kop koldanylatyny zher beti men ondagy obktiler korsetiletin zhalpy geografiyalyk kartalar Al baskalary takyryptyk dep atalady lar zhalpy geografiyalyk kartanyn mazmunyna kiretin belgili bir elementti mysaly zher bederin ote tolyk zhәne zhan zhakty bayandajdy nemese zhalpy geografiyalyk kartada zhok kubylystardy belgili bir zherdin geologiyalyk kurylysyn klimat zhagdajyn t b korsetedi Meridiandar men parallelderdin kartada үshin manyzyҒalymdar zharty sharlardyn birtutas dүnie zhүzinin zheke materikterdin memleketterdin zher betinin shagyn bolshekterinin kartasyn zhasaudyn tүrli edisterin ojlap tapkan Bul edister berinen buryn meridian zhene parallel syzyktaryn keskindeuden ajkyn korinedi Globusta barlyk meridiandardyn uzyndygy birdej Al zharty sharlar kartasyndagy meridiandar er zharty shar shenberinin ortasynan shetine karaj bargan sajyn ozinin nakty molsherine karaganda uzara tүsedi Sogan oraj shenberdin shetine zhakyn zhatkan Afrikanyn batys zhagasy Ontүstik Amerika men Australiyanyn shygys zhagalary globustagyga karaganda sozynky bejnelengen Gradus toryKartada meridiandardyn shetine bojlyk parallelderdin shetine endik zhazylyp kojylady Zharty sharlar kartasynda bojlyk meridiandardyn ekvatormen kiylyskan zherinde zhazylady Globustyn zhene kartalardyn on bojynda meridiandar men parallelder turakty tүrde belgili bir gradus sajyn zhүrgiziledi Sondyktan meridiandar men parallel syzyktarynyn kiylysuynan pajda bolgan tor gradus tory dep atalady Sayasi kartaTakyryptyk kartalartabigat kubylystarynyn kartalary yagni fiziko geografiyalyk kartalar kogamdyk kubylystardyn kartalary yagni әleumettik ekonomikalyk ekonomika halyk mәdeniet kartalar Takyryptyk kartalardan arnauly kartalardy okulyk turistik navigaciya zhobalau t b ajyra bilu kazhet Arnauly kartalar zhalpy geografiyalyk turistik zhәne takyryptyk okulyk klimattyk topyrak ekonomikalyk t b kartalarda boluy mүmkin Bul kartalardyn kejbirinin ozine tәn ozgesheligi bolgandyktan olar takyryptyk kartalardyn erekshe bir toby tehnikalyk kartalar dep atalady Olarga teniz navigaciyasyna ushuga zhobalauga t b arnalgan kartalar zhatady Geografiyalyk karta kobine territoriyalyk belgileri kenistikti kamtuy bojynsha azhyratylady Mysaly dүnie zhүzinin muhittar men tenizderdin kurlyktardyn olardyn iri bolikterinin memleketterdin oblystardyn audandardyn kartalary Geografiyalyk karta takyrybynyn kendigi zhagynan da әr tүrli bolady Mysaly kejbir klimattyk kartalar bir gana meteorologiyalyk elementti temperatura zhauyn shashyn t b endi bireuleri birneshe elementti aua kysymy men zheldi korsetedi nemese klimatty tutas sipattajdy Bir gana takyrypka arnagan kartalardy zheke nemese salalyk temperatura kartasy dep al kubylystyn tolyk sipatyn beretinderin zhalpy zhalpy klimattyk karta kartalar dep atajdy Koptegen kartalarda birneshe kubylys zhәne olardyn arasyndagy ozara bajlanys katar korsetiledi Bul kop salaly kartalar olardy kompleksti kartalar dejdi mysaly barlyk meteorologiyalyk negizgi elementterdi korsetetin sinoptikalyk kartalar Klimattyk karta Geografiyalyk karta mazmunynyn korytylu dәrezhesi zhagynan birdej bola bermejdi Kejbir kartalarda zhinaktap korytylmagan nemese әli az zhinaktalgan korsetkishter naktyly bir uakyttagy meteorologiyalyk elementterdin mәni berilse baska bir kartalarda әbden zhinaktalgan korsetkishter kop zhyldyk derekterdin negizinde alynatyn ajlyk ortasha zhyldyk ortasha temperatular kamtylady Halykty sondaj ak tabigattyn ekonomikanyn mәdenitettin kejbir elementterin olardyn kasietterin nemese erekshelikterin azhyratyp korsetetin kartalar analizdik kartalar dep atalady Birneshe korsetkishti kosyp pajdalanu negizinde kubylystardy tutas alyp sipattajtyn sintezdik kartalarga korsetkishter zhinaktalyp alynady Mysaly zhalpy klimattyk kartalarda klimattyk ajmaktar birneshe korsetkishtin zhiyntygy temperatura zhauyn shashyn t b bojynsha korsetiledi birak olardyn naktyly korsetkishteri berilmejdi Sintezdik kartalarda birkatar zheke kartalardyn derekteri zhinaktalgandaj bolady Tәzhiribede naktyly zhәne zhalpylama korsetkishter analizdik zhәne sintezdik sipattamalar berilgen kartalar bolady Mysaly zhalpy ekonomikalyk kartalardyn kopshiliginde onerkәsip үshin kartografiyalaudyn analizdik al auyl sharuashylyk үshin sintezdik әdisteri koldanylady Geografiyalyk kartanyn kundylygy olardyn tolyktygyna dәldiliginde pajdalanylgan derekterdin zhanalygynda sonymen katar geografiyalyk karta zhasaudyn negizine alyngan gylymi principter men ideyalarda Al bul principter men ideyalar zhana ne eski durys ne burys boluy mүmkin Geografiyalyk karta planetamyzdyn zhәne onyn zheke bolikteri kurlyktar men muhittar olardyn geografiyalyk zhagdajy tabigat bajlyktary halky ekonomikasy mәdenieti zhәne tarihi damuy turaly zhana derekterdi aluda taratuda saktauda asa bagaly kural bolyp tabylady Derekkozder Қazak Enciklopediyasy 2 tom Әliya baspasy Halyk murasy 45 bet ISBN 5 86020 027 Қazak Sovet Enciklopediyasy III tom Salishev K A Kartografiya 1971 Fizikalyk geografiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 6 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura 50 let sovetskoj geodezii i kartografii M 1967 Tematicheskoe kartografirovanie v SSSR L 1967Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Maps