Геологиялық Карта — жер қыртысының геологиялық құрылысын белгілі бір масштабта . Геологиялық Карта геол. түсіру, геол. зерттеулер нәтижесінде жиылған материалдарды қорыту арқылы жасалады. Жер қыртысының құрылысы мен дамуы, ондағы кен байлықтарының таралу заңдылықтары туралы тұжырым жасауға, іздеу мен барлау, құрылыс, сумен қамтамасыз ету, мелиорация жұмыстарын жобалауға мүмкіндік береді. Геологиялық Картада тау жыныстарының құрамы мен жаралу тегі, олардың орналасу жағдайы, бір-бірімен жапсарласу сипаты, белгілі түстер, арнаулы ұсақ сызықшалар, әріптер, цифрлар арқылы көрсетіледі. Түрлі түстер жыныстардың геол. жасын, ал сызықшалар литол. құрамын көрсетеді. Барлық шартты белгілер мен олардың түсінігі картаның жиегінде белгілі бір тәртіппен жазылады. Геологиялық Карталар антропоген (төрттік) шөгінділерінің Геологиялық Картасы, литологиялық карта, палеогеографиялық карта, инженерлік геология картасы, кен байлықтар картасы болып бөлінеді. Антропоген шөгінділерінің к-сында осы жыныстардың жасы, құрамы, қалыңдығы, жаралу тегі, мұз басу сатылары, теңіз трансгрессиялары мен регрессиялары, көп жылдық тоңның таралу шектері белгіленеді. Литол. карталарда түп жыныстардың заттық құрамы мен жатыс элементтері белгіленеді. Палеогеогр. карталарда Жер тарихының белгілі кезеңдеріндегі құрлық пен теңізді аудандары, оларда жиылған түрлі шөгінділердің құрамы, қалыңдығы көрсетіледі. Инженерлік геол. карталарында тау жыныстарының құрамы, жасы және физ. қасиеттері (қуыстылығы, су өткізгіштігі, т.б.) көрсетіледі. Кен байлықтары түрлерінің орналасу заңдылықтарын көрсетеді, белгілі бір аудандардың геол. құрылысы негізінде кен байлықтары табылуы мүмкіндігіне беріледі. Геологиялық Карталар масштабына қарай шолу, ұсақ, орта, ірі, дәл масштабты болып бөлінеді. Геол. шолу картасы (1:1000 000 және одан ұсақ) мен ұсақ масштабты (1000000 және 500000). Геологиялық Карталар белгілі бір аймақтың, мемлекеттің, құрлықтың не бүкіл дүние жүзінің геол. құрлысы жөнінде түсінік береді. Орта масштабты (1:100000, 1:200000) Геологиялық Карталарда белгілі бір ауданның геол. құрлысының негізгі сипаттары және олардағы кен байлықтарының болжамды мөлшері көрсетіледі. Ірі масштабты (1:50000, 1:25000) Геологиялық Карталар кен орындарының табылу келешегі бар, а. ш-на игерілетін, қалалар мен кәсіпорындар салынатын аудандардың геол. құрылысын толық сипаттау үшін жасалады. Дәл Геологиялық Карталар (1:10000 және одан ірілері) кен денелерінің орналасу заңдылықтарын анықтауға, кен байлықтар қорын есептеуге, кәсіпорындар, тұрғын және қоғамдық үйлер құрлысының тех. жобаларына байланысты мәселелерді шешуге береді. Геологиялық Картаға стратигр. бағана мен геол. қималар беріледі. Қималардың масштабы мен шартты белгілері картаға сәйкес келуі тиіс. Қазақстанның аумағы әр түрлі масштабтағы Геологиялық Картамен түгел қамтылған.
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Geologiyalyk Karta zher kyrtysynyn geologiyalyk kurylysyn belgili bir masshtabta Geologiyalyk Karta geol tүsiru geol zertteuler nәtizhesinde zhiylgan materialdardy korytu arkyly zhasalady Zher kyrtysynyn kurylysy men damuy ondagy ken bajlyktarynyn taralu zandylyktary turaly tuzhyrym zhasauga izdeu men barlau kurylys sumen kamtamasyz etu melioraciya zhumystaryn zhobalauga mүmkindik beredi Geologiyalyk Kartada tau zhynystarynyn kuramy men zharalu tegi olardyn ornalasu zhagdajy bir birimen zhapsarlasu sipaty belgili tүster arnauly usak syzykshalar әripter cifrlar arkyly korsetiledi Tүrli tүster zhynystardyn geol zhasyn al syzykshalar litol kuramyn korsetedi Barlyk shartty belgiler men olardyn tүsinigi kartanyn zhieginde belgili bir tәrtippen zhazylady Geologiyalyk Kartalar antropogen torttik shogindilerinin Geologiyalyk Kartasy litologiyalyk karta paleogeografiyalyk karta inzhenerlik geologiya kartasy ken bajlyktar kartasy bolyp bolinedi Antropogen shogindilerinin k synda osy zhynystardyn zhasy kuramy kalyndygy zharalu tegi muz basu satylary teniz transgressiyalary men regressiyalary kop zhyldyk tonnyn taralu shekteri belgilenedi Litol kartalarda tүp zhynystardyn zattyk kuramy men zhatys elementteri belgilenedi Paleogeogr kartalarda Zher tarihynyn belgili kezenderindegi kurlyk pen tenizdi audandary olarda zhiylgan tүrli shogindilerdin kuramy kalyndygy korsetiledi Inzhenerlik geol kartalarynda tau zhynystarynyn kuramy zhasy zhәne fiz kasietteri kuystylygy su otkizgishtigi t b korsetiledi Ken bajlyktary tүrlerinin ornalasu zandylyktaryn korsetedi belgili bir audandardyn geol kurylysy negizinde ken bajlyktary tabyluy mүmkindigine beriledi Geologiyalyk Kartalar masshtabyna karaj sholu usak orta iri dәl masshtabty bolyp bolinedi Geol sholu kartasy 1 1000 000 zhәne odan usak men usak masshtabty 1000000 zhәne 500000 Geologiyalyk Kartalar belgili bir ajmaktyn memlekettin kurlyktyn ne bүkil dүnie zhүzinin geol kurlysy zhoninde tүsinik beredi Orta masshtabty 1 100000 1 200000 Geologiyalyk Kartalarda belgili bir audannyn geol kurlysynyn negizgi sipattary zhәne olardagy ken bajlyktarynyn bolzhamdy molsheri korsetiledi Iri masshtabty 1 50000 1 25000 Geologiyalyk Kartalar ken oryndarynyn tabylu keleshegi bar a sh na igeriletin kalalar men kәsiporyndar salynatyn audandardyn geol kurylysyn tolyk sipattau үshin zhasalady Dәl Geologiyalyk Kartalar 1 10000 zhәne odan irileri ken denelerinin ornalasu zandylyktaryn anyktauga ken bajlyktar koryn esepteuge kәsiporyndar turgyn zhәne kogamdyk үjler kurlysynyn teh zhobalaryna bajlanysty mәselelerdi sheshuge beredi Geologiyalyk Kartaga stratigr bagana men geol kimalar beriledi Қimalardyn masshtaby men shartty belgileri kartaga sәjkes kelui tiis Қazakstannyn aumagy әr tүrli masshtabtagy Geologiyalyk Kartamen tүgel kamtylgan Derekkozder Қazak Enciklopediyasy 2 tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet