Мелиорация (лат. melioratio – жақсарту)— жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды (қара Қазақстанның ежелгі қалалары). Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды. Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени-техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату) жүргізіледі. Мелиорацияның ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы. Мысалы, Шу өзенінің оң жағасындағы Георгиевка, Тасөткел суландыру жүйелері тиісінше 12 және 26 мың гектар жерді суландырады. Алматы облысында су сыйымдылығы 28 миллиард куб метр Қапшағай су қоймасы салынып, онымен 250 мың гектарға дейін жер суарылады. Орталық Қазақстандағы Ертіс — Қарағанды каналы облысы өндірісін, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Батыс Қазақстанда Орал — Көшім суландыру және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету жүйесі салынған, осындай жұмыстар Қазақстанның солтүстігінде де жүргізілуде. Қазақстан Республикасында 100 миллион гектарға жуық жер суландырылған және 730 мың гектар көлтабан суару жүйесі пайдалануға берілген. Кейінгі кездері ауыл шаруашылығын қайта құруға және жерді жеке меншікке беруге байланысты мелиорацияның шағын түрлері де дами бастады. Мелиорация кең аймақтардағы табиғи ресурстарды (топырақ, су қорлары, орман, тағы басқа) адам қажетіне жаратуға көп мүмкіндік береді; атмосфераның жерге жақын қабатында ылғалдылық, температура және ауаның қозғалуына оң әсерін тигізіп, пайдалы өсімдіктер мен жануарларға қолайлы жағдайлар жасайды; табиғи ортаны жақсарту арқылы адам өмір сүретін ортаны қалыпқа келтіреді.
Мелиорация - 1) табиғи органы (ең алдымен ауылшаруашылық жерлерін) жақсартудың ғылыми негізде ұйымдастырылатын шаруашылық және . Мелиорация — суландыру, құрғату, орман мелиорациясы, агромелиорация, химиялық мелиорация және т.б. болып бөлінеді. Жердің құнарлылығын ұзақ уақытқа көтеру немесе аумақты жалпы сауықтыру, жерді айтарлықтай дәрежеде жақсарту мақсатында жасалатын шаралар жиынтығы; табиғатты тиімді пайдаланудың бір түрі. Мелиорация объектілеріне: жалпы ландшафт және оның жекелеген бөліктері (топырақ, шабындық, суқоймалар және т.б.) жатады. Мелиорацияны жобалау кезінде ландшафттық өзгерістердің мүмкін болатын дәл болжамын (оның ішінде қосалқы) жасаудың маңызы зор; оларды есепке алмау кейбір жағдайларда топырақтың қайта сорлануына, жердің батпақтануына және т.б. зардаптарға ұрындырары көміл. Ең көп таралған гидротехникалық мелиорация (су жүргісі колайсыз жерлердің мелиорациясы) — топырақты суармалау немесе құрғату, жайылымдарды суландыру. Топырақ режімін жақсартудың арнайы тәсіліне — қар тоқтату, шаймалау, кәріздеу бітелілеу (кольматаж), ағындыны реттеу және т.б. жатады. Химиялық және физикалық мелиорация (химиялық және физикалық қасиеттері қолайсыз жерлерді мелиорациялау) — тұзданған топырақтарды шаймалау, қышқыл топырақтарды өктендіру, сорларды гипстеу, сілтілі топырақтарды қышқылдандыру және т.б. Топырақтың физикалық жағдайын жақсарту үшін, оларды тастардан тазартады, сазды топырақты құм араластыра өңдейді, тозаңды және шымтезекгі топырақты саздандырады және т.б. Эрозияға немесе дефляцияға ұшыраған жерлерде, әсіресе, таулы аймақтардағы беткейлерді террасалау тәсілі қолданылады. Биологиялық (экологиялық) мелиорацияға құмдауыт жерлер мен жыраларды ормаңдандыру, орман жолақтарын өсіру (агроорман мелиорациясы) және баска шаралар жатады; 2) ауыл шаруашылық ғылымының бірнеше саласының негізін зерттейді. Оларға: гидротехникалық құрылыстар, агротехникалық шаралар, су шаруашылығының экономикасы, топырақтану, ағаш-орман шаруашылығының салалары және т.б. жатады. Мелиорацияның негізгі мақсаты — ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін (жер суландыру техникаларын, ЭЕМ және т.б.) пайдалана отырып, өсімдіктің өсіп-өнуіне, дамуына қолайлы жағдай жасау. Ылғалдың, ауаның, күннің жылылығы мен радиациясының және топырақтың қоректену режімін дұрыс пайдалана отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан тұракты және мол өнім алудың тиімді жолдарын ұсыну. Ауыл шаруашылығы мелиорациясы және техникалық мелиорация болып бөлінеді. Техникалық мелиорация шараларын атқару нәтижесінде топырақ пен жер қыртысының құрылымы жақсара түседі, канал, тоған, су қоймалары мен бөгендердің жақтауларымен табаны нығайтылады. Ауыл шаруашылығы мелиорациясы — жүйенің шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық шараларды, табиғаттың (топырақ, агроклимат) гидрологиялық қолайсыз жағдайларын жақсарта отырып, жер қорын өте тиімді түрде пайдалану өдістері. Суармалы жерлердің химиялық және физикалық қасиеттері нашар болса, оған агротехникалық мелиорация шаралары, сонымен қатар химиялық мелиорация қолданылады — сор және сорланған жердің топырағына әк және гипс қосып (тұзын сумен шаюдан басқа) өңдейді. Ағаш-орман мелиорациясы — жел, су эрозиясына қарсы колданылатын шара.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Melioraciya lat melioratio zhaksartu zherdi zhaksartuga bagyttalgan tehnikalyk zhәne sharuashylyk ujymdastyrushylyk sharalar zhiyntygy Topyrakty sumen auamen korektik zattarmen kamtamasyz etu tәrtibin zhaksartuga ony zhel su eroziyasy siyakty katerli kubylystardan korgauga mүmkindik beredi Munyn negizinde auyl sharuashylyk dakyldary men mal azygy retinde osiriletin shopterden udajy mol onim aluga bolady Melioraciyanyn Қazakstan үshin ajryksha mәni bar respublika zherinin basym boligin sholdi sholejtti zhәne zhartylaj sholejtti ajmaktar alyp zhatyr Olardyn әrdajym sulandyrudy kazhet etetindigin adam balasy kola temir dәuirlerinen bastap ak bilgen Syr oniri Shu Talas ajmagy men Ile alaby Saryarka olkesindegi koptegen ortagasyrlyk kalalardan ezhelgi sulandyru zhүjeleri tabyldy kara Қazakstannyn ezhelgi kalalary Қazakstanda melioraciya zhumystaryn zhүrgizu nәtizhesinde 1928 zhyly 671 myn gektar 1940 zhyly 1153 myn gektar 1985 zhyly 2172 myn gektar suarmaly egistik boldy 20 gasyrdyn sonyna karaj 54 myn gidrotehnikalyk kurylys salyndy Ol makta kүrish bidaj zhүgeri zhүzim sondaj ak ozge de dakyldardy bau baksha mal azyktyk onimderdi osiruge kop mүmkinshilikter tugyzdy Өndiristik katynastyn sipatyna eldin ondirgish kүshterinin damuyna ajmaktyn zhagdajyna zhumys tүrlerine bajlanysty melioraciyanyn gidrotehnikalyk himiyalyk orman mәdeni tehnikalyk zhumystar tagy baska tүrleri zhүrgiziledi Қurgatu melioraciyasy artyk sudy kurgatatyn zherden syrtka shygarady sulandyru melioraciyasy sudy kazhet molsherde kerek kezinde zhetkizedi himiyalyk melioraciya topyraktyn kyshkyldylygyn azajtady sor sortan topyraktardy bejtaraptandyrady agrotehnikalyk melioraciya topyraktyn fizikalyk himiyalyk kasietterin zhaksartady gidrotehnikalyk melioraciya su zhәne zhel eroziyasyn toktatady Қazakstannyn soltүstik oblystarynda kar melioraciyasy kar toktatu zhүrgiziledi Melioraciyanyn ishindegi en kop taragan tүri su melioraciyasy Mysaly Shu ozeninin on zhagasyndagy Georgievka Tasotkel sulandyru zhүjeleri tiisinshe 12 zhәne 26 myn gektar zherdi sulandyrady Almaty oblysynda su syjymdylygy 28 milliard kub metr Қapshagaj su kojmasy salynyp onymen 250 myn gektarga dejin zher suarylady Ortalyk Қazakstandagy Ertis Қaragandy kanaly oblysy ondirisin auyl sharuashylygyn sumen kamtamasyz etedi Batys Қazakstanda Oral Koshim sulandyru zhәne auyl sharuashylygyn sumen kamtamasyz etu zhүjesi salyngan osyndaj zhumystar Қazakstannyn soltүstiginde de zhүrgizilude Қazakstan Respublikasynda 100 million gektarga zhuyk zher sulandyrylgan zhәne 730 myn gektar koltaban suaru zhүjesi pajdalanuga berilgen Kejingi kezderi auyl sharuashylygyn kajta kuruga zhәne zherdi zheke menshikke beruge bajlanysty melioraciyanyn shagyn tүrleri de dami bastady Melioraciya ken ajmaktardagy tabigi resurstardy topyrak su korlary orman tagy baska adam kazhetine zharatuga kop mүmkindik beredi atmosferanyn zherge zhakyn kabatynda ylgaldylyk temperatura zhәne auanyn kozgaluyna on әserin tigizip pajdaly osimdikter men zhanuarlarga kolajly zhagdajlar zhasajdy tabigi ortany zhaksartu arkyly adam omir sүretin ortany kalypka keltiredi Melioraciya Melioraciya 1 tabigi organy en aldymen auylsharuashylyk zherlerin zhaksartudyn gylymi negizde ujymdastyrylatyn sharuashylyk zhәne Melioraciya sulandyru kurgatu orman melioraciyasy agromelioraciya himiyalyk melioraciya zhәne t b bolyp bolinedi Zherdin kunarlylygyn uzak uakytka koteru nemese aumakty zhalpy sauyktyru zherdi ajtarlyktaj dәrezhede zhaksartu maksatynda zhasalatyn sharalar zhiyntygy tabigatty tiimdi pajdalanudyn bir tүri Melioraciya obektilerine zhalpy landshaft zhәne onyn zhekelegen bolikteri topyrak shabyndyk sukojmalar zhәne t b zhatady Melioraciyany zhobalau kezinde landshafttyk ozgeristerdin mүmkin bolatyn dәl bolzhamyn onyn ishinde kosalky zhasaudyn manyzy zor olardy esepke almau kejbir zhagdajlarda topyraktyn kajta sorlanuyna zherdin batpaktanuyna zhәne t b zardaptarga uryndyrary komil En kop taralgan gidrotehnikalyk melioraciya su zhүrgisi kolajsyz zherlerdin melioraciyasy topyrakty suarmalau nemese kurgatu zhajylymdardy sulandyru Topyrak rezhimin zhaksartudyn arnajy tәsiline kar toktatu shajmalau kәrizdeu bitelileu kolmatazh agyndyny retteu zhәne t b zhatady Himiyalyk zhәne fizikalyk melioraciya himiyalyk zhәne fizikalyk kasietteri kolajsyz zherlerdi melioraciyalau tuzdangan topyraktardy shajmalau kyshkyl topyraktardy oktendiru sorlardy gipsteu siltili topyraktardy kyshkyldandyru zhәne t b Topyraktyn fizikalyk zhagdajyn zhaksartu үshin olardy tastardan tazartady sazdy topyrakty kum aralastyra ondejdi tozandy zhәne shymtezekgi topyrakty sazdandyrady zhәne t b Eroziyaga nemese deflyaciyaga ushyragan zherlerde әsirese tauly ajmaktardagy betkejlerdi terrasalau tәsili koldanylady Biologiyalyk ekologiyalyk melioraciyaga kumdauyt zherler men zhyralardy ormandandyru orman zholaktaryn osiru agroorman melioraciyasy zhәne baska sharalar zhatady 2 auyl sharuashylyk gylymynyn birneshe salasynyn negizin zerttejdi Olarga gidrotehnikalyk kurylystar agrotehnikalyk sharalar su sharuashylygynyn ekonomikasy topyraktanu agash orman sharuashylygynyn salalary zhәne t b zhatady Melioraciyanyn negizgi maksaty gylym men tehnikanyn aldyngy katarly zhetistikterin zher sulandyru tehnikalaryn EEM zhәne t b pajdalana otyryp osimdiktin osip onuine damuyna kolajly zhagdaj zhasau Ylgaldyn auanyn kүnnin zhylylygy men radiaciyasynyn zhәne topyraktyn korektenu rezhimin durys pajdalana otyryp auyl sharuashylyk dakyldarynan turakty zhәne mol onim aludyn tiimdi zholdaryn usynu Auyl sharuashylygy melioraciyasy zhәne tehnikalyk melioraciya bolyp bolinedi Tehnikalyk melioraciya sharalaryn atkaru nәtizhesinde topyrak pen zher kyrtysynyn kurylymy zhaksara tүsedi kanal togan su kojmalary men bogenderdin zhaktaularymen tabany nygajtylady Auyl sharuashylygy melioraciyasy zhүjenin sharuashylyk zhumystaryn ujymdastyru zhәne tehnikalyk sharalardy tabigattyn topyrak agroklimat gidrologiyalyk kolajsyz zhagdajlaryn zhaksarta otyryp zher koryn ote tiimdi tүrde pajdalanu odisteri Suarmaly zherlerdin himiyalyk zhәne fizikalyk kasietteri nashar bolsa ogan agrotehnikalyk melioraciya sharalary sonymen katar himiyalyk melioraciya koldanylady sor zhәne sorlangan zherdin topyragyna әk zhәne gips kosyp tuzyn sumen shayudan baska ondejdi Agash orman melioraciyasy zhel su eroziyasyna karsy koldanylatyn shara Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tom Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Su sharushylygy Almaty Mektep baspasy 2002 zhyl Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet