Бұланды ауданы — Ақмола облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік аудан. 1930 жылы Қарағанды облысы Щучинск ауданының аумағы екіге бөлініп, орталығы Вознесенка ауылы болып Макинск ауданы құрылған.
Қазақстан ауданы | |
Бұланды ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны | 11 |
Ауыл саны | 37 |
Қала саны | 1 |
Әкімі | Ардақ Дулатұлы Смайылов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Макин қаласы, Некрасов көшесі, №19 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 52°20′45″ с. е. 70°59′36″ ш. б. / 52.34583° с. е. 70.99333° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°20′45″ с. е. 70°59′36″ ш. б. / 52.34583° с. е. 70.99333° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1930 |
Жер аумағы | 5,4 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 29 356 адам (2023) |
Тығыздығы | 5,4 адам/км² |
Ұлттық құрамы | орыстар (41,72%), қазақтар (40,88%), немістер (5,82%), украиндар (3,72%), ингуштар (2,49%), беларустар (1,31%), татарлар (1,29%), басқалары (2,77%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 020500-020513 |
Автомобиль коды | 03 |
Бұланды ауданының әкімдігі | |
| |
|
Географиялық орны
Солтүстігінде Бурабай, солтүстік-шығысында Біржан сал, шығысында Ақкөл, оңтүстігінде Астрахан, оңтүстік-батысында Атбасар, батысында Сандықтау аудандарымен шектеседі.
Тарихы
1936 жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының, 1939 жылы 14 қазанда Ақмола облысының қарамағына берілді. 1957 жылы аудан орталығы Вознесенка ауылынан Макинск қаласына көшірілді. 1963 жылы қаңтар айында аудан таратылып, 1964 жылы қайта қалпына келтірілді. 1997 жылы 14-қарашадан бастап Бұланды ауданы болып аталады. Аудан орталығы — Макинск қаласы, 1928 жылы ауыл болып негізі қаланып, 1945 жылы аудан бағыныстағы қала мәртебесі берілді.
Жер аумағы 5,4 мың км².
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
31206 | ▲43019 | ▲60010 | ▼46711 | ▲54784 | ▼41387 | ▼34815 | ▼29633 |
1999 жылы тұрғындар саны 41387 адам (20308 ер адам және 21079 әйел адам) болса, 2009 жылы 34815 адамды (16801 ер адам және 18014 әйел адам) құрады.
Оның ішінде Макинск қаласында 17,8 мың адам (2008). Ұлттық құрамы: орыстар (44,80%), қазақтар (35,19%), немістер (6,24%), украиндар (4,82%), ингуштар (2,29%), беларустар (1,78%), татарлар (1,51%), басқалары (3,37%) (2009). Халқының тығыздығы 1 км²-ге 7,3 адамнан келеді.
Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 38 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Айнакөл ауылдық округі | 628 | ▼314 | 50 | 322 | ▼155 | 48,1 | 306 | ▼159 | 52 |
Алтынды ауылдық округі | 1815 | ▼1173 | 64,6 | 901 | ▼600 | 66,6 | 914 | ▼573 | 62,7 |
Амангелді ауылдық округі | 1162 | ▼692 | 59,6 | 547 | ▼347 | 63,4 | 615 | ▼345 | 56,1 |
Вознесен ауылдық округі | 2200 | ▼1629 | 74 | 1069 | ▼829 | 77,5 | 1131 | ▼800 | 70,7 |
Еркөл ауылдық округі | 1798 | ▼1150 | 64 | 909 | ▼583 | 64,1 | 889 | ▼567 | 63,8 |
Журавлёв ауылдық округі | 1975 | ▼1324 | 67 | 942 | ▼668 | 70,9 | 1033 | ▼656 | 63,5 |
Капитонов ауылдық округі | 1227 | ▼912 | 74,3 | 617 | ▼468 | 75,9 | 610 | ▼444 | 72,8 |
Карамышев ауылдық округі | 1662 | ▼820 | 49,3 | 806 | ▼419 | 52 | 856 | ▼401 | 46,8 |
Қараөзек ауылдық округі | 2218 | ▼1650 | 74,4 | 1132 | ▼876 | 77,4 | 1086 | ▼774 | 71,3 |
Макинск қалалық әкімдігі | 16745 | ▲18098 | 108,1 | 7876 | ▲8629 | 109,6 | 8869 | ▲9469 | 106,8 |
Никольск ауылдық округі | 2130 | ▼1185 | 55,6 | 1071 | ▼616 | 57,5 | 1059 | ▼569 | 53,7 |
Новобрат ауылдық округі | 1255 | ▼686 | 54,7 | 609 | ▼336 | 55,2 | 646 | ▼350 | 54,2 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 34815 | ▼29633 | 85,1 | 16801 | ▼14526 | 86,5 | 18014 | ▼15107 | 83,9 |
Жер бедері, климаты
Орманды дала мен дала белдемінде орналасқан аудан жерінің көпшілігін Көкшетау қыратының оңтүстік өңірі алып жатыр (абсолюттік биіктігі 300 — 500 м). Жер бедері Есіл өзенінің аңғарына қарай еңістеу келген, ұсақ шоқылы, белесті жазық. Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз, жазы біршама ыстық әрі құрғақ. Ауаның көп жылдық орташа температурасы қаңтарда –17°С, шілдеде 20°С, жылдық жауын-шашын мөлшері 350 — 400 мм.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Топырақ жамылғысында қара, қызыл қоңыр топырақ басым. Қызғылт селеу, бетеге, жусан, өлеңшөп, тобылғы, т.б., өзен жайылмалары мен көл жағалауында қамыс, астық тұқымдасты қалың шалғын, ұсақ шоқыларында шоқ қарағай, қайың, терек, түрлі бұта өседі. Даласында қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, аламан тышқаны, ормандарында саңырау құр, құр, көлдерінде су құстары мекендейді. Аумағының шамамен 35 мың га жерін орман алып жатыр. Аудан жерінен Аршалы өзені және оның салалары Қоңыр, Жолболды, Қайрақты өзендері ағып өтеді. Үлкен көлдері: Шошқалы, Алакөл, Байтөбет, Шортанды, Жарлыкөл, Қызылмола. Жалпы аумағы 1975 га-ға жететін 24 су қоймасы бар, оның екеуі тоған, біреуі бөгет.
Шаруашылығы
Ауданда кесектас өндіретін «Булаев тас карьері» ЖШС-і, станоктарға, машиналарға, ауыл шаруашылық машиналарының жылжымалы құрамаларына арналған бөлшектер шығаратын «Макинск механикалық-құйма зауыты» ЖШС, пенобетон шығаратын «Макин» ЖШС, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, типография, машина сынау станогы, агроөнеркәсіптік және арнаулы шаруашылық бірлестіктері бар. Бұрынғы әртүрлі салада мамандандырылған кеңшар, ұжымшар, агробірлестіктер негізінде ауданда астық, картоп егетін, сүтті, етті-сүтті ірі қара мал, шошқа, жылқы өсіретін өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары құрылған. Ауыл шарушылығы жерінің аумағы 485 мың га (1998), оның ішіндегі егіндік жер 62,5%, жайылымдық 36,1%, шабындық 1,4%. Егін шаруашылығының басты бағыттары: астық, көкөніс, картоп, жемшөп өсіру. Мал шаруашылығымен айналысатын 85 заңды тұлға, 1417 жеке кәсіпкер, 141 фермерлік шаруашылық тіркелген.
Инфрақұрылымы
Ауданда 14 клуб, 30 кітапхана, 40-тан астам жалпы білім беретін мектептер (екеуі мектеп-бала бақша), музыкалық мектеп, балабақшалар, кәсіптік-техникалық училище, 30 тарихи ескерткіш, 5 монумент бар. Денсаулық сақтау мекемелерінен аудандық аурухана, емхана, 8 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, жедел жәрдем стационарлар, 3 фельдшерлік-акушерлік, 24 фельдшерлік пункттер халыққа қызмет көрсетеді. Балалар шығармашылығы үйінің жанынан құрылған «Бұланды ауданының тарихы» музейі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, шаңғы базасы, спорт алаңдары бар. Қазақ тілінде «Бұланды таңы» және орыс тілінде «Вести Буланды» қоғамдық-саяси газеттері жарық көреді. 2005 жылы атақты балуан, композитор Балуан Шолаққа арнап мемориалдық кешен орнатылды. Аудан жері арқылы 343,7 км автомобиль жолы өтеді, оның 31 км республикалық, 110 км облыстық, 202,7 км аудандық маңызы бар. Алматы — Астана — Петропавл темір жол және Астана — Көкшетау автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Қазақ Энциклопедиясы II том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bulandy audany Akmola oblysynyn ortalyk boligindegi әkimshilik audan 1930 zhyly Қaragandy oblysy Shuchinsk audanynyn aumagy ekige bolinip ortalygy Voznesenka auyly bolyp Makinsk audany kurylgan Қazakstan audanyBulandy audanyӘkimshiligiOblysyAkmola oblysyAudan ortalygyMakinskAuyldyk okrugter sany11Auyl sany37Қala sany1ӘkimiArdak Dulatuly SmajylovAudan әkimdiginin mekenzhajyMakin kalasy Nekrasov koshesi 19Tarihy men geografiyasyKoordinattary52 20 45 s e 70 59 36 sh b 52 34583 s e 70 99333 sh b 52 34583 70 99333 G O Ya Koordinattar 52 20 45 s e 70 59 36 sh b 52 34583 s e 70 99333 sh b 52 34583 70 99333 G O Ya Қurylgan uakyty1930Zher aumagy5 4 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny29 356 adam 2023 Tygyzdygy5 4 adam km Ұlttyk kuramyorystar 41 72 kazaktar 40 88 nemister 5 82 ukraindar 3 72 ingushtar 2 49 belarustar 1 31 tatarlar 1 29 baskalary 2 77 Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi020500 020513Avtomobil kody03Bulandy audanynyn әkimdigiGeografiyalyk ornySoltүstiginde Burabaj soltүstik shygysynda Birzhan sal shygysynda Akkol ontүstiginde Astrahan ontүstik batysynda Atbasar batysynda Sandyktau audandarymen shektesedi Tarihy1936 zhyly 29 shildede Soltүstik Қazakstan oblysynyn 1939 zhyly 14 kazanda Akmola oblysynyn karamagyna berildi 1957 zhyly audan ortalygy Voznesenka auylynan Makinsk kalasyna koshirildi 1963 zhyly kantar ajynda audan taratylyp 1964 zhyly kajta kalpyna keltirildi 1997 zhyly 14 karashadan bastap Bulandy audany bolyp atalady Audan ortalygy Makinsk kalasy 1928 zhyly auyl bolyp negizi kalanyp 1945 zhyly audan bagynystagy kala mәrtebesi berildi Zher aumagy 5 4 myn km Halky1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021 31206 43019 60010 46711 54784 41387 34815 29633 1999 zhyly turgyndar sany 41387 adam 20308 er adam zhәne 21079 әjel adam bolsa 2009 zhyly 34815 adamdy 16801 er adam zhәne 18014 әjel adam kurady Onyn ishinde Makinsk kalasynda 17 8 myn adam 2008 Ұlttyk kuramy orystar 44 80 kazaktar 35 19 nemister 6 24 ukraindar 4 82 ingushtar 2 29 belarustar 1 78 tatarlar 1 51 baskalary 3 37 2009 Halkynyn tygyzdygy 1 km ge 7 3 adamnan keledi Әkimshilik bolinisiAudandagy 38 eldi meken 1 kalalyk әkimdik pen 11 auyldyk okrugke biriktirilgen Halkynyn sany 2009 2021 Auyldyk okrugteri 2009 2021 2021 2009 ga pajyzben Erler 2009 Erler 2021 2021 2009 ga pajyzben Әjelder 2009 Әjelder 2021 2021 2009 ga pajyzbenAjnakol auyldyk okrugi 628 314 50 322 155 48 1 306 159 52Altyndy auyldyk okrugi 1815 1173 64 6 901 600 66 6 914 573 62 7Amangeldi auyldyk okrugi 1162 692 59 6 547 347 63 4 615 345 56 1Voznesen auyldyk okrugi 2200 1629 74 1069 829 77 5 1131 800 70 7Erkol auyldyk okrugi 1798 1150 64 909 583 64 1 889 567 63 8Zhuravlyov auyldyk okrugi 1975 1324 67 942 668 70 9 1033 656 63 5Kapitonov auyldyk okrugi 1227 912 74 3 617 468 75 9 610 444 72 8Karamyshev auyldyk okrugi 1662 820 49 3 806 419 52 856 401 46 8Қaraozek auyldyk okrugi 2218 1650 74 4 1132 876 77 4 1086 774 71 3Makinsk kalalyk әkimdigi 16745 18098 108 1 7876 8629 109 6 8869 9469 106 8Nikolsk auyldyk okrugi 2130 1185 55 6 1071 616 57 5 1059 569 53 7Novobrat auyldyk okrugi 1255 686 54 7 609 336 55 2 646 350 54 2ZhALPY SANY 34815 29633 85 1 16801 14526 86 5 18014 15107 83 9Zher bederi klimatyOrmandy dala men dala beldeminde ornalaskan audan zherinin kopshiligin Kokshetau kyratynyn ontүstik oniri alyp zhatyr absolyuttik biiktigi 300 500 m Zher bederi Esil ozeninin angaryna karaj enisteu kelgen usak shokyly belesti zhazyk Klimaty tym kontinenttik kysy suyk kary az zhazy birshama ystyk әri kurgak Auanyn kop zhyldyk ortasha temperaturasy kantarda 17 S shildede 20 S zhyldyk zhauyn shashyn molsheri 350 400 mm Өsimdigi men zhanuarlar dүniesiTopyrak zhamylgysynda kara kyzyl konyr topyrak basym Қyzgylt seleu betege zhusan olenshop tobylgy t b ozen zhajylmalary men kol zhagalauynda kamys astyk tukymdasty kalyn shalgyn usak shokylarynda shok karagaj kajyn terek tүrli buta osedi Dalasynda kaskyr tүlki koyan saryshunak alaman tyshkany ormandarynda sanyrau kur kur kolderinde su kustary mekendejdi Aumagynyn shamamen 35 myn ga zherin orman alyp zhatyr Audan zherinen Arshaly ozeni zhәne onyn salalary Қonyr Zholboldy Қajrakty ozenderi agyp otedi Үlken kolderi Shoshkaly Alakol Bajtobet Shortandy Zharlykol Қyzylmola Zhalpy aumagy 1975 ga ga zhetetin 24 su kojmasy bar onyn ekeui togan bireui boget SharuashylygyAudanda kesektas ondiretin Bulaev tas kareri ZhShS i stanoktarga mashinalarga auyl sharuashylyk mashinalarynyn zhylzhymaly kuramalaryna arnalgan bolshekter shygaratyn Makinsk mehanikalyk kujma zauyty ZhShS penobeton shygaratyn Makin ZhShS turmystyk kyzmet korsetu kombinaty tipografiya mashina synau stanogy agroonerkәsiptik zhәne arnauly sharuashylyk birlestikteri bar Buryngy әrtүrli salada mamandandyrylgan kenshar uzhymshar agrobirlestikter negizinde audanda astyk kartop egetin sүtti etti sүtti iri kara mal shoshka zhylky osiretin ondiristik kooperativter akcionerlik kogamdar sharua kozhalyktary kurylgan Auyl sharushylygy zherinin aumagy 485 myn ga 1998 onyn ishindegi egindik zher 62 5 zhajylymdyk 36 1 shabyndyk 1 4 Egin sharuashylygynyn basty bagyttary astyk kokonis kartop zhemshop osiru Mal sharuashylygymen ajnalysatyn 85 zandy tulga 1417 zheke kәsipker 141 fermerlik sharuashylyk tirkelgen InfrakurylymyAudanda 14 klub 30 kitaphana 40 tan astam zhalpy bilim beretin mektepter ekeui mektep bala baksha muzykalyk mektep balabakshalar kәsiptik tehnikalyk uchilishe 30 tarihi eskertkish 5 monument bar Densaulyk saktau mekemelerinen audandyk auruhana emhana 8 auyldyk dәrigerlik ambulatoriyalar zhedel zhәrdem stacionarlar 3 feldsherlik akusherlik 24 feldsherlik punktter halykka kyzmet korsetedi Balalar shygarmashylygy үjinin zhanynan kurylgan Bulandy audanynyn tarihy muzeji balalar men zhasospirimder sport mektebi shangy bazasy sport alandary bar Қazak tilinde Bulandy tany zhәne orys tilinde Vesti Bulandy kogamdyk sayasi gazetteri zharyk koredi 2005 zhyly atakty baluan kompozitor Baluan Sholakka arnap memorialdyk keshen ornatyldy Audan zheri arkyly 343 7 km avtomobil zholy otedi onyn 31 km respublikalyk 110 km oblystyk 202 7 km audandyk manyzy bar Almaty Astana Petropavl temir zhol zhәne Astana Kokshetau avtomobil zholy otedi DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Қazakstan pochtalyk indeksteri Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktary 2009 zhylgy Қazakstan Respublikasy halkynyn Ұlttyk sanagynyn korytyndylary Astana 2011 1 tom Muragattalgan 8 zheltoksannyn 2019 zhyly 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary Қazak Enciklopediyasy II tom