Баһаи Сенімі (ағыл. Bahá'í Faith, орыс. Вера Бахаи) - бүкіл адамзаттың рухани бірлігін ұран еткен ең жас әлемдік дін. Сенімнің негізін қалаушы Баһаулла (1817—1892 ж.) Құдайдың адамзатқа аян беріп жіберген Ибраһим, Мұса, Будда, Заратустра, Кришна, Иса, Мұхаммед және Баб сияқты Елшілерден құралған тізбектің жалғастырушысы болып саналады.
Баһаи сенімі XIX ғасырдың ортасында пайда болып, бүгінде 5 миллионнан астам ізбасардың басын біріктіреді. Олар 2112 түрлі ұлттар мен ұлыстардан, әртүрлі мәдениеттер мен әлеуметтік жіктерден құралып, әлемнің 188 мемлекетімен қоса 45 тәуелді территорияларда Баһаи сенімін ұстануда. Сенімнің қасиетті жазбаларының белгілі бір бөлігі 800-ден астам тілге аударылған.
Баһаи ілімі өзекті үш қағидаға негізделген. Олар жаратушы Алланың бір екендігі, діндердің біртұтастығы және барша адамзат бірлігі. Алдыңғы пайғамбарлардың жазбаларына сәйкес, Баһаулла Құдайдың тек жалғыз діні бар деп жариялайды. Ол өткен шақта да, келешекте де Құдайдың қай елшісімен келмесін, мәңгі болып қала бермек.
Қысқаша мәлімет
Баһаи Сенімі, өзінің жеке жазбаларымен, заңдарымен және сенушілер қауымдастығымен, ғибадат ету және өмір сүрудің ерекше үлгісімен, жер шарының барлық бөліктерінде тәуелсіз дін ретінде танылды. Діннің сипаты, тәуелсіз дін ретінде, көптеген ұлттардың жоғарғы азаматтық және діни билік орындарымен батыста да, шығыста да мойындалған. Тарих, әлеуметтану мен салыстырмалы дінтану көзқарасынан да бұл шешімді академиктер мен ғалымдар растады. 180-нен аса елдің азаматтық билік орындары Баһаи институттарының діни сипатын мойындап, олардың заңды тіркелуіне рұқсат етті. Халықаралық ұйымдар, ұлттық және жергілікті үкіметтер, дінаралық топтар мен азаматтық қоғамның ұйымдары бүкіл әлем бойынша Сенімнің тәуелсіз мәртебесін мойындап және оның қоғамдық дамуға қосқан үлесін, әсіресе, халықтар арасындағы бірлікті орнатуға, әділеттілікті уағыздауда, адам құқықтарының теңдігіне, адамгершілік, білім мен тұрақты дамып отыруға ықпал етуін бағалады.
Негізгі ұстанымдары
- Құдайдың бір екендігін мойындау
- Діндердің біртұтастығы мойындау
- Адамзаттың бірлігін мойындау
- Әйел мен еркек тең құқықтылығын қабылдау
- Наным-сенімдердің барлық түрлерінің жойылуы
- Дүние бейбітшілігін орнату
- Дін мен ғылым үйлесімділігін дәріптеу және ұстану
- Ақиқатты өз бетімен тәуелсіз түрде зерттеу
- Мәңгі дамушы өркениетті ілгерілету
- Жалпыға ортақ білім беру жүйесін еңгізу
- Әлемдік халықаралық қосымша тілдің еңгізілуі
- Саясатқа араласпау
- Шектен шыққан байлық пен кедейлікті жою
Баһаи ғибадатханалары
Баһаи ғибадат үйлері арабша Машрикуль-Азкар(Алланың даңқты мекені) деп аталады. Баһаулланың өсиеті бойынша Баһаилар тұратын әрбір елді-мекенде діндердің бірлігін бейнелейтін тоғыз кіреберісі бар, бір күмбезді ғибадатханалар тұрғызылуы тиіс.
Алғашқы Баһаи ғибадатханасы Ашқабат қаласында 1908 жылы салынған. Қазіргі уақытта әлемнің бүкіл құрлықтарында Баһаи ғибадатханаларының есіктері келем деушілерге ашық. Үндістан, Австралия, АҚШ, Германия, Панама, Уганда, Батыс Самоа және Чили сынды елдерде ғибадатханаларға барып кез-келген дін өкіліне мінәжат етуге болады.
Тарихы
Баб дәуірі
Баһаи Сенімі өз бастауын 1844 жылдың 23 мамырынан алады. Осы күні "Баб" есімін алған жас парсы жігіті, Сейід Әли Мұхаммед өзіне Алладан аян түскенін жариялайды. Оның мұраты қоғамды араға біраз уақыт салып келетін Елшінің келуіне дайындау болатын. Барлық діндерде күндердің күнінде Жаратқаннан қатарынан екі елші келеді делінген. Мысалы, Исламда Иса Мәсіхтің екінші рет келуінен бұрын Мехди немесе Мәди келеді делінсе, Христиандықта да Исаның екінші рет оралуынан бұрын Алланың уәкілі түседі делінген. Осылайша діндерде жазылғандай Баб өзінің ерекше мақсаты хақында паш етіп, соңынан көптеген ізбасарлар ертеді.
Көптен күткен Пайғамбардың келуі жайлы насихаттаған жаңа Баб ілімі сол кездегі Парсы еліндегі кейбір дінбасыларына жақпады. Бабтың ізбасарларына дінбұзарлар және исламның дұшпандары деген жала жабылып, бірнеше жылдың ішінде жиырма мыңнан астам бабшылар азапталып өлтірілген еді. Бабтың өзі қамал абақтысына жабылып, өзінің аян алғаны туралы жария еткен сәттен алты жыл өткен соң, 1850 жылы атылып дүние салды.
Баһаулла дәуірі
Мырза Құсайын Әли (1817- 1892 ж.), парсылық ақсүйек, кейіннен Баһаулла ("Алланың даңқы" немесе "Алланың ұлылығы") деген атты қабылдаған бабшылардың бірі болған. Баб ілімін ұстанған үшін Тегерандағы «қара шұңқыр» деп аталатын зынданға қамалып, төрт айын сонда өткізген. Сол қараңғы түнек зынданда Бабтың болжаған Елші екендігі жайлы Жаратқаннан аян алған.
1852 жылға дейін Баһаулла өзінің бар күшін ыдырай бастаған бабшылар қауымдастығының қайта жаңғыруына арнаған болатын. Бұл жайтқа мазалана бастаған парсы үкіметі түрік билеушілерінен оны Иранмен шекаралас Бағдатқа жер аударылуын сұрады. Он жылға жуық уақыт аралығында Баһаулла Бағдатта көптеген серіктестер табады, сөйтіп бабшылар қауымдастығының күшеюіне ықпалын тигізеді. Бұдан сескенген Осман әміршілері Баһаулланы тұтқын ретінде Стамбулға көшуге мәжбүрлейді..
1863 жылы сәуір айының соңғы күндерінде, Бағдаттан көшірілмекші болған Баһаулла бірінші рет өзінің Алладан аян алғанын жария етеді. Келесі жылдардың аралығында ол көптеген әлем билеушілеріне жолдаулар жазады. Ол хаттарында Еуропа, Америка мен Азияның билеушілеріне өзінің Құдайдан алған өкілеттігі жайында хабарлап, бейбітшілік, әділеттілікке және әскери шығындарын қысқартуға шақырды.
Ыстамбұлда бірнеше ай қуғында болып, Баһаулла Адрианопольге жер аударылды. Кейін, сол кездегі Палестина, қазіргі Израиль аумағындағы Акка қаласына қамалады. Аккадағы алғашқы жылдарда (1868 ж.), оны түрмедегі қатаң жағдайда ұстады. Содан соң, қамалдан үйдегі тұтқын ретінде босатылады. Біртіндеп, жергілікті билік тарапынан Баһауллаға деген қатынас жұмсарып және тоғыз жылдан соң Баһаулла Аккадан екі шақырым жердегі Бахджи-ға көшіріледі. 1892 жылы дүниеден қайтқанынша ресми түрде тұтқын болып қала берді.
Өз өмірін қуғын-сүргінде өткізгенімен, Баһаулла Алладан түскен ілімін адамдардың жүректеріне жеткізе білді. Әр жер аударылған аймақта соңынан мыңдаған ізбасарлар ере бастады. Артынан қасиетті кітап "Кітаби Ағдас"тан басқа жүздеген жазбалар қалдырды. Баһаулла өлімінен кейін Баһаи сенімін оның үлкен ұлы Абдул-Баһа және немересі Шоги Эффенді әлемге таратты. Абдул-Баһа (1844-1921 ж.) сенімнің басшысы және қасиетті жазбаларының жалғыз өкілетті талдаушысы етіп тағайындалған еді. Шоги Эффенді болса, 1957 жылға дейін әлемдік Баһаи қауымдастығын басқарып, кейін Бүкіләлемдік Әділет Үйінің құрылуына атсалысты. 1963-ші жылдан бастап, Баһаилардың әлемдік қауымдастығы сайланып тұратын Бүкіләлемдік Әділет Үйімен басқарылады.
Заңдары
Баһаилар ұстанатын заңдар Баһаулланың жазып қалдырған "Кітаб-и-Ағдас" қасиетті кітабына негізделген. Төменде кейбір заңдардан мысалдар келтірілген.
- Баһаи дұғалары міндетті және жалпы болып бөлінеді. Он бес жастан асқан Баһаилар күнделікті міндетті дұғаларын (намаз) оқулары тиіс. Және де әртүрлі тақырыптарға арналған жалпы дұғаларды, қасиетті жазбаларды оқу шарт.
- Ересек сенушілерге жыл сайынғы Баһаидың бір айдан, яғни он тоғыз күннен тұратын ораза ұстау парыз.
- Алкогольді ішімдіктер, құмар ойындарына тиым салынған
- Фанатизм, түрлі ритуалдар және өсек айту, ғайбаттауға т.б. тиым салынады
Неке
Баһаи сенімінде отбасын құру әйел мен еркек арасында рухани үйлесімділік пен бірлік орнату мақсатын көздейді. Баһаи ілімінде жанұя қоғамның іргетасы ретінде қарастырылады. Баһаулла жанұя түсінігін дәріптеп, айырылысуды құптамаған. Гомосексуализмге болса, тиым салынады. Баһаулла некедегі жұбайлар бір-бірінің рухани дамуына атсалысуы қажеттігін үйреткен. Нәсіларалық некелер жоғары мадақталады. Ата-аналар балаларына қалыңдық немесе күйеу бала тауып бере алмаса да, үйленуге рұқсат-қарсылықтарын білдіріп шешім қабылдай алады.
Жұмыс
Баһаи дінінде дінбасылар немесе имам, молда, пасторлар жоқ, өйткені тиым салынған. Әрбір адам адамзатқа пайда әкелетін жұмыс істеу арқылы Құдайға мінәжат етеді. Баһаулла аскетизмге тиым салған.
Күнтізбе
Баһаи күнтізбесі Баб қалыптастырған күнтізбеге негізделген. Әрбір жыл он тоғыз айдан құралса, әрбір ай да он тоғыз күннен құралады. Оразаның алдында айға кірмейтін қосымша күндер бар. Баһаи күнтізбесі жаңа жыл, яғни 21-ші Наурыздан басталады. Сөйтіп Баһаилар он тоғыз күннен тұратын ораза айын бітіріп, жаңа жылға аяқ басады. Баһаилар әрбір айдың басында, он тоғызыншы күн мерекесіне жиналады. Бұндай басқосуларда дұға оқылып, кеңес жүргізіліп, әлеуметтік іс-шаралар жүзеге асады.
Қазақстандағы Баһаи сенімі
Баһаи сенімін ұстанушылар Қазақстанға Орта Азия және Кавказдан ең алғаш 1938-1939 жылдардағы кеңестік қуғын-сүргінмен аяқ тіреген. Олар Қызылжар, Кереку, Ертіс бойы және Алматы облыстарында шоғырланған болатын. 1990 жылы қабылданған «Дін ұстану бостандығы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасындағы Баһаи қауымдастығы 1991-1992 жылдардан бастап Жергілікті Рухани Жиналыстарын сайлай бастады. 1992 жылы он сегіз ірі қалаларда Жергілікті Рухани Жиналыстар сайланды. 1994 жылы Қазақстан Баһаиларының Ұлттық Рухани Жиналысының(ҰРЖ) сайлауы өтті. Сол жылы ҰРЖ мемлекеттік тіркеуден өтіп, 1997 жылы қайта тіркелген еді. 2002 жылы заң ұйымдарында 19 Баһаи қауымдастығы мемлекеттік тіркеуден өтті[дереккөзі?].
Сыртқы сілтемелер
- әлемдік Баһаи қауымдастығы вебсайты
- Баһaи Дұғалары
- Қазақстан баhаи қаумдастығының ресми сайты
Дереккөздер
- Moojan Momen, The Babi and Baha’i Religions, p. 59. Мұрағатталған 8 наурыздың 2016 жылы.
- isbn = 0-85229-486-7
- Bahá'í statistics#Worldwide figures|Bahá'í statistics for a breakdown of different estimates.
- Manfred Hutter
- Doctor of Theology, Stockman, R. H., Scripture
- Baha’i Sacred Writings Мұрағатталған 28 желтоқсанның 2010 жылы.
- Китаб-и-Агдас, К182
- Баһаи Халықаралық Қауымдастығының ресми сайты
- Winter, Jonah (September 17, 1997). "Dying for God: Martyrdom in the Shii and Babi Religions". Master of Arts Thesis, University of Toronto. http://bahai-library.com/winters_dying_for_god.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baһai Senimi agyl Baha i Faith orys Vera Bahai bүkil adamzattyn ruhani birligin uran etken en zhas әlemdik din Senimnin negizin kalaushy Baһaulla 1817 1892 zh Қudajdyn adamzatka ayan berip zhibergen Ibraһim Musa Budda Zaratustra Krishna Isa Muhammed zhәne Bab siyakty Elshilerden kuralgan tizbektin zhalgastyrushysy bolyp sanalady Indiyadagy Baһai gibadat үjiBүkilәlemdik Әdilet Үji Hajfa Baһai senimi XIX gasyrdyn ortasynda pajda bolyp bүginde 5 millionnan astam izbasardyn basyn biriktiredi Olar 2112 tүrli ulttar men ulystardan әrtүrli mәdenietter men әleumettik zhikterden kuralyp әlemnin 188 memleketimen kosa 45 tәueldi territoriyalarda Baһai senimin ustanuda Senimnin kasietti zhazbalarynyn belgili bir boligi 800 den astam tilge audarylgan Baһai ilimi ozekti үsh kagidaga negizdelgen Olar zharatushy Allanyn bir ekendigi dinderdin birtutastygy zhәne barsha adamzat birligi Aldyngy pajgambarlardyn zhazbalaryna sәjkes Baһaulla Қudajdyn tek zhalgyz dini bar dep zhariyalajdy Ol otken shakta da keleshekte de Қudajdyn kaj elshisimen kelmesin mәngi bolyp kala bermek Қyskasha mәlimetBaһai Senimi ozinin zheke zhazbalarymen zandarymen zhәne senushiler kauymdastygymen gibadat etu zhәne omir sүrudin erekshe үlgisimen zher sharynyn barlyk bolikterinde tәuelsiz din retinde tanyldy Dinnin sipaty tәuelsiz din retinde koptegen ulttardyn zhogargy azamattyk zhәne dini bilik oryndarymen batysta da shygysta da mojyndalgan Tarih әleumettanu men salystyrmaly dintanu kozkarasynan da bul sheshimdi akademikter men galymdar rastady 180 nen asa eldin azamattyk bilik oryndary Baһai instituttarynyn dini sipatyn mojyndap olardyn zandy tirkeluine ruksat etti Halykaralyk ujymdar ulttyk zhәne zhergilikti үkimetter dinaralyk toptar men azamattyk kogamnyn ujymdary bүkil әlem bojynsha Senimnin tәuelsiz mәrtebesin mojyndap zhәne onyn kogamdyk damuga koskan үlesin әsirese halyktar arasyndagy birlikti ornatuga әdilettilikti uagyzdauda adam kukyktarynyn tendigine adamgershilik bilim men turakty damyp otyruga ykpal etuin bagalady Negizgi ustanymdaryҚudajdyn bir ekendigin mojyndau Dinderdin birtutastygy mojyndau Adamzattyn birligin mojyndau Әjel men erkek ten kukyktylygyn kabyldau Nanym senimderdin barlyk tүrlerinin zhojyluy Dүnie bejbitshiligin ornatu Din men gylym үjlesimdiligin dәripteu zhәne ustanu Akikatty oz betimen tәuelsiz tүrde zertteu Mәngi damushy orkenietti ilgeriletu Zhalpyga ortak bilim beru zhүjesin engizu Әlemdik halykaralyk kosymsha tildin engizilui Sayasatka aralaspau Shekten shykkan bajlyk pen kedejlikti zhoyuBaһai gibadathanalaryGermaniyadagy gibadathana Baһai gibadat үjleri arabsha Mashrikul Azkar Allanyn dankty mekeni dep atalady Baһaullanyn osieti bojynsha Baһailar turatyn әrbir eldi mekende dinderdin birligin bejnelejtin togyz kireberisi bar bir kүmbezdi gibadathanalar turgyzyluy tiis Algashky Baһai gibadathanasy Ashkabat kalasynda 1908 zhyly salyngan Қazirgi uakytta әlemnin bүkil kurlyktarynda Baһai gibadathanalarynyn esikteri kelem deushilerge ashyk Үndistan Avstraliya AҚSh Germaniya Panama Uganda Batys Samoa zhәne Chili syndy elderde gibadathanalarga baryp kez kelgen din okiline minәzhat etuge bolady TarihyBab dәuiri Tolyk makalasy Bab Bab kesenesi Hajfa Baһai Senimi oz bastauyn 1844 zhyldyn 23 mamyrynan alady Osy kүni Bab esimin algan zhas parsy zhigiti Sejid Әli Muhammed ozine Alladan ayan tүskenin zhariyalajdy Onyn muraty kogamdy araga biraz uakyt salyp keletin Elshinin keluine dajyndau bolatyn Barlyk dinderde kүnderdin kүninde Zharatkannan katarynan eki elshi keledi delingen Mysaly Islamda Isa Mәsihtin ekinshi ret keluinen buryn Mehdi nemese Mәdi keledi delinse Hristiandykta da Isanyn ekinshi ret oraluynan buryn Allanyn uәkili tүsedi delingen Osylajsha dinderde zhazylgandaj Bab ozinin erekshe maksaty hakynda pash etip sonynan koptegen izbasarlar ertedi Kopten kүtken Pajgambardyn kelui zhajly nasihattagan zhana Bab ilimi sol kezdegi Parsy elindegi kejbir dinbasylaryna zhakpady Babtyn izbasarlaryna dinbuzarlar zhәne islamnyn dushpandary degen zhala zhabylyp birneshe zhyldyn ishinde zhiyrma mynnan astam babshylar azaptalyp oltirilgen edi Babtyn ozi kamal abaktysyna zhabylyp ozinin ayan algany turaly zhariya etken sәtten alty zhyl otken son 1850 zhyly atylyp dүnie saldy Baһaulla dәuiri Tolyk makalasy Baһaulla Myrza Қusajyn Әli 1817 1892 zh parsylyk aksүjek kejinnen Baһaulla Allanyn danky nemese Allanyn ulylygy degen atty kabyldagan babshylardyn biri bolgan Bab ilimin ustangan үshin Tegerandagy kara shunkyr dep atalatyn zyndanga kamalyp tort ajyn sonda otkizgen Sol karangy tүnek zyndanda Babtyn bolzhagan Elshi ekendigi zhajly Zharatkannan ayan algan 1852 zhylga dejin Baһaulla ozinin bar kүshin ydyraj bastagan babshylar kauymdastygynyn kajta zhangyruyna arnagan bolatyn Bul zhajtka mazalana bastagan parsy үkimeti tүrik bileushilerinen ony Iranmen shekaralas Bagdatka zher audaryluyn surady On zhylga zhuyk uakyt aralygynda Baһaulla Bagdatta koptegen seriktester tabady sojtip babshylar kauymdastygynyn kүsheyuine ykpalyn tigizedi Budan seskengen Osman әmirshileri Baһaullany tutkyn retinde Stambulga koshuge mәzhbүrlejdi 1863 zhyly sәuir ajynyn songy kүnderinde Bagdattan koshirilmekshi bolgan Baһaulla birinshi ret ozinin Alladan ayan alganyn zhariya etedi Kelesi zhyldardyn aralygynda ol koptegen әlem bileushilerine zholdaular zhazady Ol hattarynda Europa Amerika men Aziyanyn bileushilerine ozinin Қudajdan algan okilettigi zhajynda habarlap bejbitshilik әdilettilikke zhәne әskeri shygyndaryn kyskartuga shakyrdy Ystambulda birneshe aj kugynda bolyp Baһaulla Adrianopolge zher audaryldy Kejin sol kezdegi Palestina kazirgi Izrail aumagyndagy Akka kalasyna kamalady Akkadagy algashky zhyldarda 1868 zh ony tүrmedegi katan zhagdajda ustady Sodan son kamaldan үjdegi tutkyn retinde bosatylady Birtindep zhergilikti bilik tarapynan Baһaullaga degen katynas zhumsaryp zhәne togyz zhyldan son Baһaulla Akkadan eki shakyrym zherdegi Bahdzhi ga koshiriledi 1892 zhyly dүnieden kajtkanynsha resmi tүrde tutkyn bolyp kala berdi Өz omirin kugyn sүrginde otkizgenimen Baһaulla Alladan tүsken ilimin adamdardyn zhүrekterine zhetkize bildi Әr zher audarylgan ajmakta sonynan myndagan izbasarlar ere bastady Artynan kasietti kitap Kitabi Agdas tan baska zhүzdegen zhazbalar kaldyrdy Baһaulla oliminen kejin Baһai senimin onyn үlken uly Abdul Baһa zhәne nemeresi Shogi Effendi әlemge taratty Abdul Baһa 1844 1921 zh senimnin basshysy zhәne kasietti zhazbalarynyn zhalgyz okiletti taldaushysy etip tagajyndalgan edi Shogi Effendi bolsa 1957 zhylga dejin әlemdik Baһai kauymdastygyn baskaryp kejin Bүkilәlemdik Әdilet Үjinin kuryluyna atsalysty 1963 shi zhyldan bastap Baһailardyn әlemdik kauymdastygy sajlanyp turatyn Bүkilәlemdik Әdilet Үjimen baskarylady ZandaryBaһailar ustanatyn zandar Baһaullanyn zhazyp kaldyrgan Kitab i Agdas kasietti kitabyna negizdelgen Tomende kejbir zandardan mysaldar keltirilgen Baһai dugalary mindetti zhәne zhalpy bolyp bolinedi On bes zhastan askan Baһailar kүndelikti mindetti dugalaryn namaz okulary tiis Zhәne de әrtүrli takyryptarga arnalgan zhalpy dugalardy kasietti zhazbalardy oku shart Eresek senushilerge zhyl sajyngy Baһaidyn bir ajdan yagni on togyz kүnnen turatyn oraza ustau paryz Alkogoldi ishimdikter kumar ojyndaryna tiym salyngan Fanatizm tүrli ritualdar zhәne osek ajtu gajbattauga t b tiym salynadyNeke Baһai seniminde otbasyn kuru әjel men erkek arasynda ruhani үjlesimdilik pen birlik ornatu maksatyn kozdejdi Baһai iliminde zhanuya kogamnyn irgetasy retinde karastyrylady Baһaulla zhanuya tүsinigin dәriptep ajyrylysudy kuptamagan Gomoseksualizmge bolsa tiym salynady Baһaulla nekedegi zhubajlar bir birinin ruhani damuyna atsalysuy kazhettigin үjretken Nәsilaralyk nekeler zhogary madaktalady Ata analar balalaryna kalyndyk nemese kүjeu bala tauyp bere almasa da үjlenuge ruksat karsylyktaryn bildirip sheshim kabyldaj alady Zhumys Baһai dininde dinbasylar nemese imam molda pastorlar zhok ojtkeni tiym salyngan Әrbir adam adamzatka pajda әkeletin zhumys isteu arkyly Қudajga minәzhat etedi Baһaulla asketizmge tiym salgan Kүntizbe Baһai kүntizbesi Bab kalyptastyrgan kүntizbege negizdelgen Әrbir zhyl on togyz ajdan kuralsa әrbir aj da on togyz kүnnen kuralady Orazanyn aldynda ajga kirmejtin kosymsha kүnder bar Baһai kүntizbesi zhana zhyl yagni 21 shi Nauryzdan bastalady Sojtip Baһailar on togyz kүnnen turatyn oraza ajyn bitirip zhana zhylga ayak basady Baһailar әrbir ajdyn basynda on togyzynshy kүn merekesine zhinalady Bundaj baskosularda duga okylyp kenes zhүrgizilip әleumettik is sharalar zhүzege asady Қazakstandagy Baһai senimiBaһai senimin ustanushylar Қazakstanga Orta Aziya zhәne Kavkazdan en algash 1938 1939 zhyldardagy kenestik kugyn sүrginmen ayak tiregen Olar Қyzylzhar Kereku Ertis bojy zhәne Almaty oblystarynda shogyrlangan bolatyn 1990 zhyly kabyldangan Din ustanu bostandygy zanyna sәjkes Қazakstan Respublikasyndagy Baһai kauymdastygy 1991 1992 zhyldardan bastap Zhergilikti Ruhani Zhinalystaryn sajlaj bastady 1992 zhyly on segiz iri kalalarda Zhergilikti Ruhani Zhinalystar sajlandy 1994 zhyly Қazakstan Baһailarynyn Ұlttyk Ruhani Zhinalysynyn ҰRZh sajlauy otti Sol zhyly ҰRZh memlekettik tirkeuden otip 1997 zhyly kajta tirkelgen edi 2002 zhyly zan ujymdarynda 19 Baһai kauymdastygy memlekettik tirkeuden otti derekkozi Syrtky siltemelerәlemdik Baһai kauymdastygy vebsajty Baһai Dugalary Қazakstan bahai kaumdastygynyn resmi sajtyDerekkozderMoojan Momen The Babi and Baha i Religions p 59 Muragattalgan 8 nauryzdyn 2016 zhyly isbn 0 85229 486 7 Baha i statistics Worldwide figures Baha i statistics for a breakdown of different estimates Manfred Hutter Doctor of Theology Stockman R H Scripture Baha i Sacred Writings Muragattalgan 28 zheltoksannyn 2010 zhyly Kitab i Agdas K182 Baһai Halykaralyk Қauymdastygynyn resmi sajty Winter Jonah September 17 1997 Dying for God Martyrdom in the Shii and Babi Religions Master of Arts Thesis University of Toronto http bahai library com winters dying for god