Баспа — кітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Ол шығаратын өнім түрлеріне қарай:
- кітап баспасы
- газет-журнал баспасы
Тарихы
Көпшілікке арналған алғашқы Баспа өнімдері (діни уағыздар, қолжазба кітаптар) ағаш қабығына, теріге, кейіннен қағазға қолмен көшіріліп жазылған. Ірі қалаларда қолжазба кітапты мәнерлеу өнерімен шұғылданатын арнайы мамандар — көшірмешілер, түптеушілер, миниатюрші суретшілерді топтастырған орталықтар жұмыс істеген (қысқаша Қолжазба кітаптар). Біртекті мәтінді көп данамен тарататын Баспа тарихы Қытайда кітап көбейтудің жаңа әдісі — ксилографияның (ағаштан ойылған қалыппен басу) пайда болуынан басталады (8 — 9 ғасырлар). Осы әдіспен ең алғаш будда дінінің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылды. 1040 — 1048 жылдары Би Шен жылжымалы қаріптерді, құйма әріптермен теру процесін ойлап тапты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келді). 14 ғасырда Қытайда түрлі-түсті баспа пайда болды.
1340 жылы “Сутраның түсініктемелері” деген кітап 2 түрлі бояумен басылып шықты. Еуропада 1445 жылы неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг кітап басуға алғаш рет жылжымалы құйма әріптерді пайдаланды. Ал, Ресейде 1564 жылы Иван Федоров пен Петр Мстиславец орыс тіліндегі тұңғыш кітап “Апостолды” басып шығарды. 16—17 ғасырларда баспаханаларды ірілендіру, шығаратын өнім көлемін ұлғайту және оны сатуды жүйелі жолға қоюдың қажеттілігіне қарай жекелеген баспагерлер көптеп шықты. Бұлардың қатарында Мануция Альда (Венеция), К.Плантена (Антверпен), Элзевировтар отбасы (Нидерландия), Этьенков және Дидо (Франция) секілді баспагерлерді ерекше атауға болады. 18—19 ғасырларда Баспа саны әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде шапшаң өсті. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Баспалар акционерлік қоғам түрінде құрылып, өз ішінен кітап, газет-журнал Баспаларына жіктеле бастады. Бұл кезеңде Баспа мен баспахана екеуі біртұтас болды. Кітаптар баспахананың өзінде дайындалып, басылып шықты. Қазақ тілінде кітап шығару ісінің тарихы 1800 жылы Қазан қаласында ашылған бірінші Азиялық баспаханадан басталады.
1809 жылы Қазан университетінде баспа ашылады. 19 ғасырда Қазан қаласы Орта Азия және Қазақстан халықтарының мәдени-ғылыми мұраларын жинап, зерттейтін, жарыққа шығаратын орталыққа айналды. Сонымен қатар 19 ғасырдың 2-жартысында Орынбор, Уфа, Ташкент, Санкт-Петербург, Троицк, Астрахан қалаларында да қазақша кітаптар шығаратын баспалар құрылды. Бұлардың ішінде “Ағайынды Каримовтар”, “Шарқ”, “Тұрмыш”, “Умид”, “Урнәк”, т.б. Баспалардың рөлі ерекше болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш кітап — Қазан гимназиясы баспаханасы шығарған “Сейфүл-мәлік” қиссасы (1807). 1851 ж. Қадырғали Қадырғали Жалайыридің “Джами-ат-тауарих”, Ы. Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясы” (1879), “Қамбар туралы поэма” (1882), “Мұхаммед Ханафия” (1882), “Қыз Жібек” (1894), “Қозы Көрпеш хиссасы” (1890), 20 ғ-дың басында “Хисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны” (1900), “Хисса Алпамыш” (1901), 1909 жылы А. Құнанбаевтың өлеңдер жинағы, “Қазақтың айнасы” (1910), “Қазақша әліппе” (1910), С. Көбеевтің “Қалың малы” (1913), т.б. кітаптар осы баспалардан шыққан. 1917 жылға дейін қазақ тілінде 700-ге жуық кітап басылды.
Қазан төңкерісінен кейін кітап басу ісі бірден мемлекет иелігіне алынды. “Мемлекеттік баспа туралы” қабылданған декрет (29.12. 1917) бойынша Баспа ісін қайта құруға қажет материалдық-техникалық база мен кітап қорлары мемлекет пен халық меншігіне берілді. 1917 жылдың аяғында БОАК-тың (Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің), Санкт-Петербург, Мәскеу кеңестерінің жанынан Баспа бөлімдері ашылды. Ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты (Ұлт халкомы) құрылды. Оны И.В. Сталин басқарды. Қазақ халқының аса көрнекті саяси қайраткері Т. Рысқұлов орынбасары болды.
1918 — 1919 жылдары Баспа жұмысын Оқу халкомы мен Ұлт халкомы құрған Мұсылман істері жөніндегі комиссариат басқарды. Ұлт халкомында 11 бөлім мен комиссариаттар жұмыс істеді. 1918 жылы 12 мамырда бұларға Қырғыз (Қазақ) бөлімі қосылды. 1918 жылы қараша айында өткен мұсылман коммунистердің Бүкілресейлік І сьезінде мұсылмандық ұйымдардың Орталық бюросы сайланды. Бюро құрамына Қазақстаннан Сейтқали Меңдешев енгізілді. Бюро Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тілдерінде әдебиеттер шығаруды қолға алды. Ол 1919 жылы күншығыс халықтары тілдерінде жеті млн жаңа газет, кітапша және бетшелер басып таратты. 1924 жылға дейін Ұлт халкомы жанында екі баспа — Батыс және Шығыс Баспалары жұмыс істеп келген-ді. Шығыс Баспасын Н. Төреқұлов басқарды, ал осы Баспадағы қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Ә. Байділдин болды. 1924 жылы мамырда жоғарыдағы екі Баспаның негізінде КСРО халықтарының Орталық баспасы (Ортбас) ұйымдастырылды. 1924 жылы 13 маусымда “КСРО халықтарының Орталық баспасы туралы Ереже” бекітілді. Орталық баспамен қатар Түркістан мемлекеттік баспасы (Түркмембас) да қазақ тілінде кітаптар шығарып отырды. Ол 1920 жылы наурыз айында Ташкентте құрылған болатын. “Түркмембас” Орта Азиядағы тұңғыш кітап Баспасы еді. 1921 жылы осы баспадан қазақ тілінде 680570 дана, өзбек тілінде 2147850 дана, түрікмен, тәжік тілдерінде 233800 дана кітап басылып шықты. Қазақстанда алғашқы кітап 1918 жылы басылып шықты. 1918 жылы қараша айында Ордада баспа және аударма бөлімдері ашылды. Бұл бөлімдер “В.И. Лениннің Америка жұмысшыларына хатын”, “РКФСР Конституциясын (Негізгі заңын)”, сол жылы Верныйда (Алматыда) РСДРП(б) Жарғысы мен партия бағдарламасын шығарды. 1920 жылы 3 қарашада Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-і “Қазақ мемлекеттік баспасы туралы декрет” қабылдады. Сол жылғы 24 қарашада оның ережесі бекітілді. 1921 жылы тамызға дейін бұл баспа ОАК қарамағында болды. 1921 жылы 9 тамызда Оқу халкомы құрамында Мемлекеттік баспаны басқаратын Бас басқарма құрылды. Бұған қоса осы халкомда арнаулы ғылыми бөлім — Академиялық орталық ұйымдастырылды. Орталықтың құрамында ғылыми-әдеби кеңес болды, ол оқулықтар жасаумен, саяси әдебиеттерді тәржімалаумен айналысты.
1921 — 1922 жылдарда Қазақстанда 29 баспахана, бір литография жұмыс істеді. Бір жылдың ішінде Мемлекеттік баспа (Госиздат) тиражы 27 мың дана 20 кітап шығарды. “Қазақстанда баспа ісін қайта құру туралы” Қазақ өлкелік партия комитетінің қаулысынан кейін (22 қазан, 1931) аталған баспа “Қазақстан баспасы” (Казиздат) болып қайта құрылды. Осы жылдары өз алдына Қазақ техникалық баспасы ұйымдастырылды. 1930 жылдан Ресей Біріккен мемлекеттік баспасының (ОГИЗ-дің) Өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Қазақстан Баспаларының саны 4-ке жетті: “Қазақстан баспасынан” Қазақ партиялық Баспасы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет Баспасы, Комсомол-жастар Баспасы бөлініп шықты. Қазақ техникалық Баспасы “Қазақстан” Баспаның құрамына кірді. Мамандандырылған Қазақфото Баспасы жұмыс істеді. Сол жылдары Полиграфия және баспа Бас басқармасы ұйымдастырылды. 1941 жылдың басында республикадағы барлық Баспалар қосылып, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы аталды (Каз ОГИЗ). Соғыстан кейін Баспалар қайтадан даралана бастады, кейбірі жаңадан ашылды. Соның бірі Қазақстан ғылым академиясының “Ғылым” (1945) Баспасы. 1947 жылы КазОГИЗ-ден Қазақ оқу-педагогика баспасы (кейінгі “Рауан”), 1950 жылы Қазақ мемлеттік көркем әдебиет Баспасы (кейінгі “Жазушы”) бөлініп шықты. Сол жылы Қазақ біріккен мемлеттік Баспасы өзінің алғашқы атын қайта алып, Қазақ мемлекеттік Баспасы болды. Ол 1962 жылы “Қазақстан” аталды. 1962 жылы 1 наурызда Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы әдебиеті Баспасы (кейінгі “Қайнар”) жұмысқа кірісті. 1968 жылы “Қазақ энциклопедиясы” бас редакциясы аталатын аса ірі Баспа дүниеге келді. Өндірістік қуаты өте зор “Дәуір” газет-журнал Баспасының да жұмыс қарқыны арта түсті.
Қазақстан тәуелсіздік алып, нарықтық экономикаға көшуімен байланысты республикадағы Баспалар қызметі мен Баспа ісінің жай-күйі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы мемлекеттік Баспалардың орнына жеке меншік Баспалар пайда болды. Баспа, полиграфия және кітап саудасы сияқты бұрын бір орталықтан жоспарлы түрде басқарылып, мемлекеттік жоспармен бірыңғай, бір бағытта жұмыс істейтін күрделі сала заман талабына сай өзгерді. Бұрынғы “Қазақстан”, “Жазушы”, “Жалын”, “Рауан”, “Өнер”, “Қайнар”, “Ғылым”, “Білім”, “”, “Балауса”, “Ана тілі”, “Қазақ энциклопедиясы”, “Дәуір”, “” Баспаларымен бірге “Жеті жарғы”, “”, “Атамұра”, “”, “Ел”, “ЕР-Дәулет”, т.б. ондаған жекеменшік Баспалар пайда болды. Қазақстан Президентінің “Мемлекеттік билік органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын, мемлекеттік кітап шығару ісін нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде қорғаудың шұғыл шаралары туралы” Жарлығы елдегі Баспа ісінің дамуына бағыт-бағдар берді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- Баспа
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baspa kitap gazet zhurnal plakat zhәne t b baspa onimderin shygaratyn kәsiporyn Ol shygaratyn onim tүrlerine karaj kitap baspasy gazet zhurnal baspasyAlgashky baspa materialdaryTarihyKopshilikke arnalgan algashky Baspa onimderi dini uagyzdar kolzhazba kitaptar agash kabygyna terige kejinnen kagazga kolmen koshirilip zhazylgan Iri kalalarda kolzhazba kitapty mәnerleu onerimen shugyldanatyn arnajy mamandar koshirmeshiler tүpteushiler miniatyurshi suretshilerdi toptastyrgan ortalyktar zhumys istegen kyskasha Қolzhazba kitaptar Birtekti mәtindi kop danamen taratatyn Baspa tarihy Қytajda kitap kobejtudin zhana әdisi ksilografiyanyn agashtan ojylgan kalyppen basu pajda boluynan bastalady 8 9 gasyrlar Osy әdispen en algash budda dininin Zhakut sutra 868 degen kasietti kitaby basyldy 1040 1048 zhyldary Bi Shen zhylzhymaly karipterdi kujma әriptermen teru procesin ojlap tapty Europaga bul zhanalyk 4 gasyrdan kejin keldi 14 gasyrda Қytajda tүrli tүsti baspa pajda boldy 1340 zhyly Sutranyn tүsiniktemeleri degen kitap 2 tүrli boyaumen basylyp shykty Europada 1445 zhyly nemis onertapkyshy Iogann Gutenberg kitap basuga algash ret zhylzhymaly kujma әripterdi pajdalandy Al Resejde 1564 zhyly Ivan Fedorov pen Petr Mstislavec orys tilindegi tungysh kitap Apostoldy basyp shygardy 16 17 gasyrlarda baspahanalardy irilendiru shygaratyn onim kolemin ulgajtu zhәne ony satudy zhүjeli zholga koyudyn kazhettiligine karaj zhekelegen baspagerler koptep shykty Bulardyn katarynda Manuciya Alda Veneciya K Plantena Antverpen Elzevirovtar otbasy Niderlandiya Etenkov zhәne Dido Franciya sekildi baspagerlerdi erekshe atauga bolady 18 19 gasyrlarda Baspa sany әlemnin aldyngy katarly elderinde shapshan osti 19 gasyrdyn sony men 20 gasyrdyn basynda Baspalar akcionerlik kogam tүrinde kurylyp oz ishinen kitap gazet zhurnal Baspalaryna zhiktele bastady Bul kezende Baspa men baspahana ekeui birtutas boldy Kitaptar baspahananyn ozinde dajyndalyp basylyp shykty Қazak tilinde kitap shygaru isinin tarihy 1800 zhyly Қazan kalasynda ashylgan birinshi Aziyalyk baspahanadan bastalady 1809 zhyly Қazan universitetinde baspa ashylady 19 gasyrda Қazan kalasy Orta Aziya zhәne Қazakstan halyktarynyn mәdeni gylymi muralaryn zhinap zerttejtin zharykka shygaratyn ortalykka ajnaldy Sonymen katar 19 gasyrdyn 2 zhartysynda Orynbor Ufa Tashkent Sankt Peterburg Troick Astrahan kalalarynda da kazaksha kitaptar shygaratyn baspalar kuryldy Bulardyn ishinde Agajyndy Karimovtar Shark Turmysh Umid Urnәk t b Baspalardyn roli erekshe boldy Қazak tilindegi tungysh kitap Қazan gimnaziyasy baspahanasy shygargan Sejfүl mәlik kissasy 1807 1851 zh Қadyrgali Қadyrgali Zhalajyridin Dzhami at tauarih Y Altynsarinnin Қyrgyz hrestomatiyasy 1879 Қambar turaly poema 1882 Muhammed Hanafiya 1882 Қyz Zhibek 1894 Қozy Korpesh hissasy 1890 20 g dyn basynda Hissa Birzhan sal men Sara kyzdyn ajtyskany 1900 Hissa Alpamysh 1901 1909 zhyly A Қunanbaevtyn olender zhinagy Қazaktyn ajnasy 1910 Қazaksha әlippe 1910 S Kobeevtin Қalyn maly 1913 t b kitaptar osy baspalardan shykkan 1917 zhylga dejin kazak tilinde 700 ge zhuyk kitap basyldy Alt A Қazan tonkerisinen kejin kitap basu isi birden memleket ieligine alyndy Memlekettik baspa turaly kabyldangan dekret 29 12 1917 bojynsha Baspa isin kajta kuruga kazhet materialdyk tehnikalyk baza men kitap korlary memleket pen halyk menshigine berildi 1917 zhyldyn ayagynda BOAK tyn Bүkilresejlik Ortalyk Atkaru Komitetinin Sankt Peterburg Mәskeu kenesterinin zhanynan Baspa bolimderi ashyldy Ұlt isteri zhonindegi Halyk komissariaty Ұlt halkomy kuryldy Ony I V Stalin baskardy Қazak halkynyn asa kornekti sayasi kajratkeri T Ryskulov orynbasary boldy 1918 1919 zhyldary Baspa zhumysyn Oku halkomy men Ұlt halkomy kurgan Musylman isteri zhonindegi komissariat baskardy Ұlt halkomynda 11 bolim men komissariattar zhumys istedi 1918 zhyly 12 mamyrda bularga Қyrgyz Қazak bolimi kosyldy 1918 zhyly karasha ajynda otken musylman kommunisterdin Bүkilresejlik I sezinde musylmandyk ujymdardyn Ortalyk byurosy sajlandy Byuro kuramyna Қazakstannan Sejtkali Mendeshev engizildi Byuro Orta Aziya men Қazakstan halyktarynyn tilderinde әdebietter shygarudy kolga aldy Ol 1919 zhyly kүnshygys halyktary tilderinde zheti mln zhana gazet kitapsha zhәne betsheler basyp taratty 1924 zhylga dejin Ұlt halkomy zhanynda eki baspa Batys zhәne Shygys Baspalary zhumys istep kelgen di Shygys Baspasyn N Torekulov baskardy al osy Baspadagy kazak tilindegi әdebietter boliminin mengerushisi Ә Bajdildin boldy 1924 zhyly mamyrda zhogarydagy eki Baspanyn negizinde KSRO halyktarynyn Ortalyk baspasy Ortbas ujymdastyryldy 1924 zhyly 13 mausymda KSRO halyktarynyn Ortalyk baspasy turaly Erezhe bekitildi Ortalyk baspamen katar Tүrkistan memlekettik baspasy Tүrkmembas da kazak tilinde kitaptar shygaryp otyrdy Ol 1920 zhyly nauryz ajynda Tashkentte kurylgan bolatyn Tүrkmembas Orta Aziyadagy tungysh kitap Baspasy edi 1921 zhyly osy baspadan kazak tilinde 680570 dana ozbek tilinde 2147850 dana tүrikmen tәzhik tilderinde 233800 dana kitap basylyp shykty Қazakstanda algashky kitap 1918 zhyly basylyp shykty 1918 zhyly karasha ajynda Ordada baspa zhәne audarma bolimderi ashyldy Bul bolimder V I Leninnin Amerika zhumysshylaryna hatyn RKFSR Konstituciyasyn Negizgi zanyn sol zhyly Vernyjda Almatyda RSDRP b Zhargysy men partiya bagdarlamasyn shygardy 1920 zhyly 3 karashada Қyrgyz Қazak AKSR OAK i Қazak memlekettik baspasy turaly dekret kabyldady Sol zhylgy 24 karashada onyn erezhesi bekitildi 1921 zhyly tamyzga dejin bul baspa OAK karamagynda boldy 1921 zhyly 9 tamyzda Oku halkomy kuramynda Memlekettik baspany baskaratyn Bas baskarma kuryldy Bugan kosa osy halkomda arnauly gylymi bolim Akademiyalyk ortalyk ujymdastyryldy Ortalyktyn kuramynda gylymi әdebi kenes boldy ol okulyktar zhasaumen sayasi әdebietterdi tәrzhimalaumen ajnalysty 1921 1922 zhyldarda Қazakstanda 29 baspahana bir litografiya zhumys istedi Bir zhyldyn ishinde Memlekettik baspa Gosizdat tirazhy 27 myn dana 20 kitap shygardy Қazakstanda baspa isin kajta kuru turaly Қazak olkelik partiya komitetinin kaulysynan kejin 22 kazan 1931 atalgan baspa Қazakstan baspasy Kazizdat bolyp kajta kuryldy Osy zhyldary oz aldyna Қazak tehnikalyk baspasy ujymdastyryldy 1930 zhyldan Resej Birikken memlekettik baspasynyn OGIZ din Өlkelik bolimshesi zhumys istej bastady Қazakstan Baspalarynyn sany 4 ke zhetti Қazakstan baspasynan Қazak partiyalyk Baspasy Қazak memlekettik korkem әdebiet Baspasy Komsomol zhastar Baspasy bolinip shykty Қazak tehnikalyk Baspasy Қazakstan Baspanyn kuramyna kirdi Mamandandyrylgan Қazakfoto Baspasy zhumys istedi Sol zhyldary Poligrafiya zhәne baspa Bas baskarmasy ujymdastyryldy 1941 zhyldyn basynda respublikadagy barlyk Baspalar kosylyp Қazak birikken memlekettik baspasy ataldy Kaz OGIZ Sogystan kejin Baspalar kajtadan daralana bastady kejbiri zhanadan ashyldy Sonyn biri Қazakstan gylym akademiyasynyn Ғylym 1945 Baspasy 1947 zhyly KazOGIZ den Қazak oku pedagogika baspasy kejingi Rauan 1950 zhyly Қazak memlettik korkem әdebiet Baspasy kejingi Zhazushy bolinip shykty Sol zhyly Қazak birikken memlettik Baspasy ozinin algashky atyn kajta alyp Қazak memlekettik Baspasy boldy Ol 1962 zhyly Қazakstan ataldy 1962 zhyly 1 nauryzda Қazak memlekettik auyl sharuashylygy әdebieti Baspasy kejingi Қajnar zhumyska kiristi 1968 zhyly Қazak enciklopediyasy bas redakciyasy atalatyn asa iri Baspa dүniege keldi Өndiristik kuaty ote zor Dәuir gazet zhurnal Baspasynyn da zhumys karkyny arta tүsti Қazakstan tәuelsizdik alyp naryktyk ekonomikaga koshuimen bajlanysty respublikadagy Baspalar kyzmeti men Baspa isinin zhaj kүji tүbirli ozgeristerge ushyrady Buryngy memlekettik Baspalardyn ornyna zheke menshik Baspalar pajda boldy Baspa poligrafiya zhәne kitap saudasy siyakty buryn bir ortalyktan zhosparly tүrde baskarylyp memlekettik zhosparmen biryngaj bir bagytta zhumys istejtin kүrdeli sala zaman talabyna saj ozgerdi Buryngy Қazakstan Zhazushy Zhalyn Rauan Өner Қajnar Ғylym Bilim Balausa Ana tili Қazak enciklopediyasy Dәuir Baspalarymen birge Zheti zhargy Atamura El ER Dәulet t b ondagan zhekemenshik Baspalar pajda boldy Қazakstan Prezidentinin Memlekettik bilik organdarynyn bukaralyk akparat kuraldaryn memlekettik kitap shygaru isin naryktyk katynastarga koshu kezeninde korgaudyn shugyl sharalary turaly Zharlygy eldegi Baspa isinin damuyna bagyt bagdar berdi DerekkozderҚazak EnciklopediyasySyrtky siltemelerBaspa