«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты — Атырау облысының Махамбет ауданында және Атырау қаласына қарасты жерлерінде орналасқан.
Ақжайық резерваты | |
ХТҚО санаты — VI (Табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану аумағы) | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Ауданы | 111 500 га |
Құрылған уақыты | 6 ақпан 2009 жыл |
Сайты | ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
Орналасуы | |
46°58′00″ с. е. 51°45′00″ ш. б. / 46.96667° с. е. 51.75000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°58′00″ с. е. 51°45′00″ ш. б. / 46.96667° с. е. 51.75000° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Атырау облысы |
Аудан | Махамбет ауданы |
Ең жақын қала | Атырау |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 119 қаулысымен Жайық өзенінің сағасында және Каспий теңізінің маңындағы жағалауда "Ақжайық "мемлекеттік табиғи резерваты" құрылды.
2009 жылдың 1 сәуірінде Жайық өзенінің сағасы мен Каспий теңізі жағалауының аумағы халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер тізіміне енгізілді. Ол көлемі жөнінен осы тізімге енген Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінен кейінгі екінші қазақстандық аймақ болды.
2014 жылы резерват ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының Дүниежүзілік жүйесіне кірді.
Гидрологиясы
Гидрологиялық режім сәуір айларының екінші жартысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің біртіндеп көтерілуімен сипатталады, мамыр-маусым айларында көктем-жазғы тасқындарға ауысады, ең көп мөлшері мамыр айының соңында немесе маусымның бірінші жартысында болады. Жоғары судың мөлшерінен кейін тамыздан қыркүйекке дейін әуелі тез, содан кейін біртіндеп төмендеуі басталады.
Жайық өзенінің төменгі ағысының тереңдігі жыл сайын көктемгі тасқынмен шайылатындықтан, тұрақты болып келеді. Көктемде, жоғары су мөлшері мол кезінде, су деңгейі 3-7 м-ге көтеріледі, ағындарда тереңдігі 7-ден 20 м-ге дейін жетеді, судың Жайық бойындағы орташа тереңдігі 3-5 м.
Жайық өзені тек қармен қоректенетін әдеттегі өзендерге жатады. Оның ағыны негізінен өзендер желісі жоғары дамыған жоғарғы ағысында қалыптасады. Ал Орал қаласынан бастап теңіз құйылғанға дейін, Жайық өзенінің Барбастаудан басқа салалары жоқ. Өзеннің жылдық ағысы құрғақ кезде - жылына 2 текше км, су мол кезде - жылына 12 текше километрге дейін ауытқиды. Өзендегі судың мөлшері еріген қардың қарқындылығына және Жайық өзенінің жоғарғы бөлігінің сумен қамтамасыз етілуіне байланысты.
1978 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі күрт көтеріле бастады. Теңіз деңгейінің көтерілу қарқыны жылына орташа есеппен 14 см құрады, кей жылдары ол жылына 30 см-ге жетті.
Кең таяз сулар, түбінің және құрлықтың кіші еңістері, теңіз жағасының конфигурациясы, желдің белсенді қызметі судың тасу және қайту ауытқуларын дамыту үшін жағдай жасайды. Мұнда айына орташа есеппен 3-4 су тасуы және 4-5 қайтуы белгіленеді. Каспий теңізінің жағалауындағы гидрологиялық және морфологиялық процестердің басты белгілерінің бірі - бұл процесс теңіз деңгейінің айтарлықтай өзгеруі жағдайында жүретіндігінде. Желдің орташа жағдайында жағалау сызығының жылжуы 3-5 км құрайды, төтенше жағдайларда 8-12 км жетуі мүмкін, ал жағалаудың кейбір аудандарында су тасқыны 20-30 км жетуі мүмкін.
Солтүстік Каспийде су тасуларының маусымдылығы анық байқалады. Ең көп қайталануы күзде (қазан-қараша, 25,1 %), жазда (маусым—шілде, 21,3 %) және көктемде (сәуір—мамыр, 16,7 %).
Климаты
Солтүстік Каспий аймағының климаты шұғыл континенталды және ұзақ ыстық және құрғақ жазы бар, шаңды дауылдар топырақты құрғатады, қыста қар аз және тұрақсыз. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 150 мм құрайды (50-ден 300 мм-ге дейін). Желдің орташа жылдық жылдамдығы - 5,5-7 м / с. Салыстырмалы ылғалдылық жазда 37% -дан аспайды, қыста - 80-84%. Жауын-шашын аз - жылына 150-ден 190 мм-ге дейін. Қатты желдер, шаңды дауылдар болып тұрады. Желдің жылдамдығы 5-6 м / с, сирек 12 м / с дейін жетеді. Дауылдар жылына орта есеппен 20-30 күн соғады.
Өсімдіктер және жануарлар дүниесі
Соңғы зерттеулерге сәйкес, өсімдікер тізіміне 33 тұқымдастыққа жататын 130 түр кіреді, бұл Солтүстік Каспий аймағының қазақстандық бөлігінің флорасының шамамен 54% құрайды. Мұнда сирек кездесетін және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді табуға болады.
Су немесе сулы экожүйелердің өсімдіктері екі негізгі түрге бөлінеді: фитобентостар - су бағанының түбіне бекінген үлкен балдырлар қауымдастықтары және жоғары сатылы су өсімдіктері; - үстіңгі, беткі қабаттардағы гигрофиттер (қамыс, қоға т.б.), оның ішінде су бетінде жүзетін (ақ тұңғиықгүл, су жаңғағы т.б.) және су асты қабаты (мүйізжапырақ, егеушөп т. б.) өсімдіктері басымдылыққа ие қауымдастықтар.
Құстардың ішінде сирек кездесетін түрлер: қарабай, жалбағай, кіші аққұтан, мысыр құтаны, султанка. Ұшу кезінде мыңдаған қоқиқаздар, бұйра бірқазандар, қарабастар, аққулар, сондай-ақ жойылып кету қаупі бар қаздар да осында тоқтайды.
Қорықта сүтқоректілердің 78 түрі бар. Аймақтағы құрып кету қаупі төнген түрлердің тізіміне құстардың 20 түрі, жәндіктердің 24 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 2 түрі және сүтқоректілердің 2 түрі кіреді. Бекіре тұқымдас балықтар мен Каспий итбалықтары жойылу қарсаңында.
Дереккөздер
- Сайт Проекта ПРООН/ГЭФ «Комплексное сохранение приоритетных глобально значимых водно-болотных угодий как мест обитания перелетных птиц: демонстрация на трёх территориях». Расширена территория Коргалжынского заповедника и создан новый резерват «Акжайык» в дельте реки Урал. Дата обращения 21 августа 2009. http://www.wetlands.kz/index.cfm?id=574
- Сайт Проекта ПРООН/ГЭФ «Комплексное сохранение приоритетных глобально значимых водно-болотных угодий как мест обитания перелетных птиц: демонстрация на трёх территориях». http://www.wetlands.kz/index.cfm?id=582
- Официальный сайт Рамсарской конвенции. https://www.ramsar.org/cda/ramsar/display/main/main.jsp?zn=ramsar&cp=1-31-218^16554_4000_0__.
- http://today.kz/news/kazakhstan/2014-06-20/dva-kazaxstanskix-zapovednika-vklyuchili-v-spisok-osobo-oxranyaemogo-naslediya-yunesko/ Мұрағатталған 2 шілденің 2014 жылы. Два казахстанских природных парка включили в список особо охраняемого наследия ЮНЕСКО. «Today.kz». Архивировано 2 июля 2014 года.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Akzhajyk memlekettik tabigi rezervaty Atyrau oblysynyn Mahambet audanynda zhәne Atyrau kalasyna karasty zherlerinde ornalaskan Akzhajyk rezervatyHTҚO sanaty VI Tabigi resurstardy turakty pajdalanu aumagy Zhalpy maglumatAudany111 500 gaҚurylgan uakyty6 akpan 2009 zhylSajtyҚR AShM Orman sharuashylygy zhәne zhanuarlar dүniesi komitetiOrnalasuy46 58 00 s e 51 45 00 sh b 46 96667 s e 51 75000 sh b 46 96667 51 75000 G O Ya Koordinattar 46 58 00 s e 51 45 00 sh b 46 96667 s e 51 75000 sh b 46 96667 51 75000 G O Ya T El ҚazakstanAjmakAtyrau oblysyAudanMahambet audanyEn zhakyn kalaAtyrauAkzhajyk rezervatyAkzhajyk rezervaty Қazakstan Respublikasy Үkimetinin 2009 zhylgy 6 akpandagy 119 kaulysymen Zhajyk ozeninin sagasynda zhәne Kaspij tenizinin manyndagy zhagalauda Akzhajyk memlekettik tabigi rezervaty kuryldy 2009 zhyldyn 1 sәuirinde Zhajyk ozeninin sagasy men Kaspij tenizi zhagalauynyn aumagy halykaralyk manyzy bar suly batpakty zherler tizimine engizildi Ol kolemi zhoninen osy tizimge engen Teniz Қorgalzhyn kolder zhүjesinen kejingi ekinshi kazakstandyk ajmak boldy 2014 zhyly rezervat YuNESKO nyn biosferalyk rezervattarynyn Dүniezhүzilik zhүjesine kirdi GidrologiyasyGidrologiyalyk rezhim sәuir ajlarynyn ekinshi zhartysynda Zhajyk ozenindegi su dengejinin birtindep koteriluimen sipattalady mamyr mausym ajlarynda koktem zhazgy taskyndarga auysady en kop molsheri mamyr ajynyn sonynda nemese mausymnyn birinshi zhartysynda bolady Zhogary sudyn molsherinen kejin tamyzdan kyrkүjekke dejin әueli tez sodan kejin birtindep tomendeui bastalady Zhajyk ozeninin tomengi agysynyn terendigi zhyl sajyn koktemgi taskynmen shajylatyndyktan turakty bolyp keledi Koktemde zhogary su molsheri mol kezinde su dengeji 3 7 m ge koteriledi agyndarda terendigi 7 den 20 m ge dejin zhetedi sudyn Zhajyk bojyndagy ortasha terendigi 3 5 m Zhajyk ozeni tek karmen korektenetin әdettegi ozenderge zhatady Onyn agyny negizinen ozender zhelisi zhogary damygan zhogargy agysynda kalyptasady Al Oral kalasynan bastap teniz kujylganga dejin Zhajyk ozeninin Barbastaudan baska salalary zhok Өzennin zhyldyk agysy kurgak kezde zhylyna 2 tekshe km su mol kezde zhylyna 12 tekshe kilometrge dejin auytkidy Өzendegi sudyn molsheri erigen kardyn karkyndylygyna zhәne Zhajyk ozeninin zhogargy boliginin sumen kamtamasyz etiluine bajlanysty 1978 zhyldan bastap Kaspij tenizinin dengeji kүrt koterile bastady Teniz dengejinin koterilu karkyny zhylyna ortasha eseppen 14 sm kurady kej zhyldary ol zhylyna 30 sm ge zhetti Ken tayaz sular tүbinin zhәne kurlyktyn kishi enisteri teniz zhagasynyn konfiguraciyasy zheldin belsendi kyzmeti sudyn tasu zhәne kajtu auytkularyn damytu үshin zhagdaj zhasajdy Munda ajyna ortasha eseppen 3 4 su tasuy zhәne 4 5 kajtuy belgilenedi Kaspij tenizinin zhagalauyndagy gidrologiyalyk zhәne morfologiyalyk procesterdin basty belgilerinin biri bul process teniz dengejinin ajtarlyktaj ozgerui zhagdajynda zhүretindiginde Zheldin ortasha zhagdajynda zhagalau syzygynyn zhylzhuy 3 5 km kurajdy totenshe zhagdajlarda 8 12 km zhetui mүmkin al zhagalaudyn kejbir audandarynda su taskyny 20 30 km zhetui mүmkin Soltүstik Kaspijde su tasularynyn mausymdylygy anyk bajkalady En kop kajtalanuy kүzde kazan karasha 25 1 zhazda mausym shilde 21 3 zhәne koktemde sәuir mamyr 16 7 KlimatySoltүstik Kaspij ajmagynyn klimaty shugyl kontinentaldy zhәne uzak ystyk zhәne kurgak zhazy bar shandy dauyldar topyrakty kurgatady kysta kar az zhәne turaksyz Zhauyn shashynnyn ortasha zhyldyk molsheri 150 mm kurajdy 50 den 300 mm ge dejin Zheldin ortasha zhyldyk zhyldamdygy 5 5 7 m s Salystyrmaly ylgaldylyk zhazda 37 dan aspajdy kysta 80 84 Zhauyn shashyn az zhylyna 150 den 190 mm ge dejin Қatty zhelder shandy dauyldar bolyp turady Zheldin zhyldamdygy 5 6 m s sirek 12 m s dejin zhetedi Dauyldar zhylyna orta eseppen 20 30 kүn sogady Өsimdikter zhәne zhanuarlar dүniesiSongy zertteulerge sәjkes osimdiker tizimine 33 tukymdastykka zhatatyn 130 tүr kiredi bul Soltүstik Kaspij ajmagynyn kazakstandyk boliginin florasynyn shamamen 54 kurajdy Munda sirek kezdesetin zhәne Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engizilgen osimdikterdi tabuga bolady Su nemese suly ekozhүjelerdin osimdikteri eki negizgi tүrge bolinedi fitobentostar su baganynyn tүbine bekingen үlken baldyrlar kauymdastyktary zhәne zhogary satyly su osimdikteri үstingi betki kabattardagy gigrofitter kamys koga t b onyn ishinde su betinde zhүzetin ak tungiykgүl su zhangagy t b zhәne su asty kabaty mүjizzhapyrak egeushop t b osimdikteri basymdylykka ie kauymdastyktar Қustardyn ishinde sirek kezdesetin tүrler karabaj zhalbagaj kishi akkutan mysyr kutany sultanka Ұshu kezinde myndagan kokikazdar bujra birkazandar karabastar akkular sondaj ak zhojylyp ketu kaupi bar kazdar da osynda toktajdy Қorykta sүtkorektilerdin 78 tүri bar Ajmaktagy kuryp ketu kaupi tongen tүrlerdin tizimine kustardyn 20 tүri zhәndikterdin 24 tүri bauyrymen zhorgalaushylardyn 2 tүri zhәne sүtkorektilerdin 2 tүri kiredi Bekire tukymdas balyktar men Kaspij itbalyktary zhojylu karsanynda DerekkozderSajt Proekta PROON GEF Kompleksnoe sohranenie prioritetnyh globalno znachimyh vodno bolotnyh ugodij kak mest obitaniya pereletnyh ptic demonstraciya na tryoh territoriyah Rasshirena territoriya Korgalzhynskogo zapovednika i sozdan novyj rezervat Akzhajyk v delte reki Ural Data obrasheniya 21 avgusta 2009 http www wetlands kz index cfm id 574 Sajt Proekta PROON GEF Kompleksnoe sohranenie prioritetnyh globalno znachimyh vodno bolotnyh ugodij kak mest obitaniya pereletnyh ptic demonstraciya na tryoh territoriyah http www wetlands kz index cfm id 582 Oficialnyj sajt Ramsarskoj konvencii https www ramsar org cda ramsar display main main jsp zn ramsar amp cp 1 31 218 16554 4000 0 http today kz news kazakhstan 2014 06 20 dva kazaxstanskix zapovednika vklyuchili v spisok osobo oxranyaemogo naslediya yunesko Muragattalgan 2 shildenin 2014 zhyly Dva kazahstanskih prirodnyh parka vklyuchili v spisok osobo ohranyaemogo naslediya YuNESKO Today kz Arhivirovano 2 iyulya 2014 goda