Арал апаты – Арал теңізінің тартылуына байланысты Орта Азия мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамдарға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, , Шардара, Сарықамыс сияқты көптеген жасанды су қоймаларының пайда болуы – Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтты. Ауаның ылғалдылығы (жаз, күз айларында 9%-ға дейін) азайып, жазы құрғақ та ыстық (шілдеде 45ӘС-қа шейін, 1985), қысы суық (47ӘС-қа шейін, 1986) болатын жылдар мен күндер көбейді. Өзен жағалауындағы суармалы егістерде (негізінен мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып, теңіз түбіне 1 млрд. тоннадан астам улы шөгінділерді әкелді. Сөйтіп су тұздылығының артуы (1 литрде 35 мг, 1996) нәтижесінде су түбіне шөккен тұз шөгінділері пайда болды. Көлемі 4 млн. гектарға жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын теңіз түбінен көтерілетін 70 млн. тонна) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егістіктерді улап, үлкен апат әкелді. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқыр, қаяз, ақмарқа, алабұға, т.б.) құрып кетті. Осыған орай, теңіз жағалауындағы балық зауыттары, ауыл кеме көлігі кәсіпорындары, мал, егін, балық шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар, Барсакелмес аралындағы қорығы, Возрождение аралындағы кәсіпорындар жабылды. Арал апаты аймағынан жүздеген мың адам өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Ғарыштан қарағанда, теңіздің жиегінен 400 км-ге дейін созылған «тұзды бұлт» өсімдік пен жануарлардың түрлерін азайтты. Бұрын теңіз маңында мекендеген су құстары түгелге жуық, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр, т.б.) құрып кетті. Арал апаты сол өңірдегі 60 мыңға жуық тұрғынының денсаулығына зиянды әсерін тигізді.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы I том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- Высыхание Аральского моря(қолжетпейтін сілтеме)
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aral teniziAral tenizi Aral apaty Aral tenizinin tartyluyna bajlanysty Orta Aziya men Қazakstannyn үlken ajmagyndagy adamdarga tabigatka osimdikter men zhan zhanuarlar dүniesine kelgen ekologiyalyk әleumettik ekonomikalyk үlken apat Songy 40 zhylda sol onirdegi suarmaly zher koleminin ulgayuy sudy kazhet etetin kәsiporyndardyn kobeyui Shardara Sarykamys siyakty koptegen zhasandy su kojmalarynyn pajda boluy Aral ajdynynyn aumagyn kolemin terendigin azajtty Auanyn ylgaldylygy zhaz kүz ajlarynda 9 ga dejin azajyp zhazy kurgak ta ystyk shildede 45ӘS ka shejin 1985 kysy suyk 47ӘS ka shejin 1986 bolatyn zhyldar men kүnder kobejdi Өzen zhagalauyndagy suarmaly egisterde negizinen makta men kүrish zhәne onerkәsip oryndarynda pajdalanylgan sular Aral tenizine kujylyp teniz tүbine 1 mlrd tonnadan astam uly shogindilerdi әkeldi Sojtip su tuzdylygynyn artuy 1 litrde 35 mg 1996 nәtizhesinde su tүbine shokken tuz shogindileri pajda boldy Kolemi 4 mln gektarga zhuyk zhalanashtangan teniz tүbinen koterilgen zhyl sajyn teniz tүbinen koteriletin 70 mln tonna uly shogindiler tuzdy shanga ajnalyp zhajylymdar men egistikterdi ulap үlken apat әkeldi Bagaly balyktardyn tүrleri bekire sazan shokyr kayaz akmarka alabuga t b kuryp ketti Osygan oraj teniz zhagalauyndagy balyk zauyttary auyl keme koligi kәsiporyndary mal egin balyk sharuashylygymen ajnalysatyn sharuashylyktar Barsakelmes aralyndagy korygy Vozrozhdenie aralyndagy kәsiporyndar zhabyldy Aral apaty ajmagynan zhүzdegen myn adam osken zherin tastap ozge olkelerge konys audaruga mәzhbүr boldy Ғaryshtan karaganda tenizdin zhieginen 400 km ge dejin sozylgan tuzdy bult osimdik pen zhanuarlardyn tүrlerin azajtty Buryn teniz manynda mekendegen su kustary tүgelge zhuyk Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engen zhanuarlardyn kejbir tүrleri buldyryk zhidek aral shagalasy ondatr t b kuryp ketti Aral apaty sol onirdegi 60 mynga zhuyk turgynynyn densaulygyna ziyandy әserin tigizdi DerekkozderҚazak enciklopediyasy I tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Vysyhanie Aralskogo morya kolzhetpejtin silteme Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet