Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.
Дүние жүзіндегі азамат соғыстары
Тарихта белгілі бір ел шеңберінде халықтың демократиялық бостандықтар жолындағы ұйымдасқан күресінің не болмаса көпұлтты елдерде ұлттық езгіге қарсы қарулы көтерілістерінің азаматтық соғысына ұласқаны белгілі. Мысалы: Англияда “Алқызыл мен Ақ раушан соғысы” (1455–1458), АҚШ-та буржуазиялық Солтүстік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861–1865 жылдары), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871 жылы), Испанияда фашистер мен демократтар (1936–1939 жылдары) арасындағы азамат соғыстары болып өтті. 1918–1920 жылдары Кеңестік Ресейде орын алған азаматтық соғыс Қазақстанды да қамтиды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азаматтық соғыс жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, Жапония сияқты мемлекеттер үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар “қызылдар” деп аталса, оларға қарсы тұрғандар “ақтар” деп аталды.
Қазақстандағы азамат соғысы
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері Азамат соғысының ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Әскер қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғысына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Қосымша мәліметтер
- [1] Мұрағатталған 14 ақпанның 2016 жылы. — Революция және Азамат соғысы (1917-1920 ж.ж.)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Azamat sogysy memleket ishindegi әleumettik toptar men taptar dini agymdar men klandar arasyndagy biligi zholynda zhүrgizetin karuly kүres Dүnie zhүzindegi azamat sogystary Tarihta belgili bir el shenberinde halyktyn demokratiyalyk bostandyktar zholyndagy ujymdaskan kүresinin ne bolmasa kopultty elderde ulttyk ezgige karsy karuly koterilisterinin azamattyk sogysyna ulaskany belgili Mysaly Angliyada Alkyzyl men Ak raushan sogysy 1455 1458 AҚSh ta burzhuaziyalyk Soltүstik pen kul ielenushi Ontүstik 1861 1865 zhyldary Franciyada monarhister men respublikashyldar 1871 zhyly Ispaniyada fashister men demokrattar 1936 1939 zhyldary arasyndagy azamat sogystary bolyp otti 1918 1920 zhyldary Kenestik Resejde oryn algan azamattyk sogys Қazakstandy da kamtidy Ol is zhүzinde 1917 zhylgy Қazan tonkerisinin zhalgasy boldy Azamattyk sogys zhyldarynda karuly kүrestin bir zhagynda Қazan tonkerisi zhenisi nәtizhesinde zhenilis tauyp sayasi zhәne ekonomikalyk bilikten ajyrylgan kүshter turdy Olarga AҚSh Angliya Franciya Zhaponiya siyakty memleketter үkimetteri zhan zhakty komek korsetti Kүrestin ekinshi zhagynda Қazan tonkerisi nәtizhesinde okimetti oz kolyna algan bolshevikter partiyasy bastagan kүshter turdy Olar bolsheviktik urandar men Kenes okimeti zhariyalagan socializm ideyalaryna sengen zhumysshylar men sharualardyn ajtarlyktaj boliginen koldau tapty Bolshevikter men Kenes okimetin zhaktaushylar kyzyldar dep atalsa olarga karsy turgandar aktar dep ataldy Қazakstandagy azamat sogysyҚazakstanda Kenes okimetine karsy karuly kүrestin negizgi kүshteri Orynbor Sibir Oral Zhetisu kazak әskerleri onerkәsip oryndarynyn buryngy kozhalary kezinde Resejden konys audaryp kelushilerdin aukatty toptary kazak auylynyn baj shonzharlary zhәne solardyn mүddelerin korgajtyn sayasi partiyalar men ujymdar boldy kadetter eserler ulttyk zhәne dini sayasi ujymdar Alashorda үkimeti azamat sogysynyn algashky kezinde Kenes okimetine karsy kүshtermen bajlanysyp kazak halkynyn mүddesin korgauga tyrysty Үkimet mүsheleri Қazakstanga zhakyn kalalarga ornalaskan Kenes үkimetine karsy kurylgan үkimettermen Samaradagy kuryltaj zhinalysy mүshelerinin komitetimen Komuch Ombydagy Uakytsha Sibir үkimetimen odan kejin Kolchak diktaturasymen Orynbor zhәne Oral kazak әskerlerinin basshylygymen kelisimge keluge umtyldy 1918 zhyly zhazda tonkeriske karsy kүshter Oral Torgaj Akmola Semej oblystarynyn koptegen audandaryn sonynan Zhetisu oblysynyn birkatar audandaryn basyp alyp Kenes okimetin kulatty Kenes okimeti Batys Қazakstannyn kejbir audandary men ontүstik olkesinde saktaldy Қazakstanda azamat sogysynyn Aktobe nemese Soltүstik Tүrkistan Oral zhәne Zhetisu majdandary kuryldy olardagy sogys әreketteri Azamat sogysynyn iri majdandaryndagy en aldymen Kolchak әskerlerine karsy kurylgan Shygys majdandagy kimyldarga tygyz bajlanysty zhүrgizildi Sondyktan Қazakstandagy azamat sogysynyn tagdyry negizinen Қyzyl Armiyanyn Shygys majdanyndagy kүresine tәueldi boldy Қazakstan zherindegi sogys kimyldary oz kezeginde Kenes elindegi zhalpy zhagdajga әser etti Қazakstan azamattary Қyzyl Әsker katarynda da aktar basyp algan audandarda zhasaktalgan partizandyk zhasaktar kuramynda da azamat sogysyna katysuga mәzhbүr boldy Қazakstandagy sheshushi sogys kimyldaryna kyzyldar zhagynan M V Frunze V V Kujbyshev V I Chapaev I P Belov I S Kutyakov t b al aktar zhagyna A I Dutov S P Tolstov B V Annenkov t b basshylyk etti Torgaj dalalarynda aktarga karsy kүreste A Imanov Batys Қazakstanda Hamit Churin Bejsen Zhәnekeshev t b kozge tүsti Al Әlibi Zhangeldin azamat sogysy kyzu zhүrip zhatkan kezde 1918 zh kүzi Mәskeude zhasaktalgan karu zharak keruenin Tүrkistan majdanyna zhetkizdi 1920 zhyldyn kokteminde Қazakstandagy azamat sogysy Kenes okimetinin zhenisimen ayaktaldy DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Қazakstannyn kazirgi zaman tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin 9 synybyna arnalgan okulyk 2 basylymy ondelgen Zhalpy redakciyasyn baskargan tarih gylymynyn doktory professor B Ғ Ayagan Almaty Atamura 2009 ISBN 9965 34 933 9 Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9Қosymsha mәlimetter 1 Muragattalgan 14 akpannyn 2016 zhyly Revolyuciya zhәne Azamat sogysy 1917 1920 zh zh