Құбыр желісі, құбыр тасымалы – көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау, сондай-ақ осындай тасымалдауға арналған құралдар, тетіктер, коммуникациялар жиынтығы.
Құбыр желісі, шын мәнінде, “көлік” деген ұғымның жалпы жұрт таныған анықтамасына сай келмейді: мұнда жылжымалы құрам, жол жоқ. Жылжымалы құрам – құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен жылжиды. Олар түрлі диаметрдегі құбырлар болып табылады. Әрбір 100–140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сорап станциялары орнатылады. Құбыр желісінің қондырғыларына қатарласқан және қиылысатын даңғыл жолдарды қосатын және ажырататын желілік тораптар да, өзен, көл, автодаңғылдар, темір жолдар арқылы өтетін жер үстіндегі және жер астындағы өткелдер де, мұнай айдайтын және компрессорлық станциялар, даңғыл жолдарды қосатын және желілердің жекелеген телімдерін жабатын құрылғылардан тұратын желілік тораптар да жатады. Құбыр желісі, негізінен, мұнай құбырлары мен газ құбырларын қамтиды. Сондай-ақ су құбырлары жүйелерін де Құбыр желісіне жатқызуға болады. Құбыр желісі магистральдық және жергілікті мұнай құбырлары мен газ құбырларына бөлінеді. Алғашқы мұнай құбыры Қазақстанның батысында: ұзындығы 154 км Доссор – Ракуша – Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде салынған. 1934 жылы Каспий – Орск мұнай құбыры (830 км) іске қосылды, ал 1966 жылы Өзен– Жетібай –Ақтау бағытында мұнай құбыры (141,5 км) төселді. Дүние жүзіндегі тұңғыш бірегей континентаралық ыстық мұнай құбыры: Өзен – Атырау – Самара арасында салынды (1970), оның ұзындығы 1500 км. ТМД аумағында салынған негізгі экспорттық құбыр желісі жүйелері: дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбыры – “Достық” құбыры (5116 км). Ол Самара ауданынан Беларуське, Украинаға және Шығыс Еуропа елдеріне шығады; Туймазы – Иркутск (3700 км), Орынбордан Ресейдің батыс шекарасына дейін тартылған “Союз” (275 км), Орта Азия – Орталық (3000 км), Германия, Франция, Австрия, Швейцария және басқа елдер үшін өтемақылық негізде салынған Ямбург – Батыс шекара (4605 км); Маңғыстаудан Еділ жағалауы арқылы Украинаға тартылған, парафинді мұнайды 50ӘС-қа дейін қыздыратын ірі мұнай құбыры (2500 км). Теңіз кен орнының шикі мұнайы мен Қазақстанның басқа да мұнайын Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы Южная Озерейка терминалына тасымалдайтын Теңіз – Астрахан – Новороссийск құбырының құрылысы (1850 км) 2001 жылы қараша айында аяқталды. Оны Каспий құбыр консорциумы (КҚК) салды. Қазақстанда тұңғыш газ кәсіпшілігі 1970 ж. Теңізде іске қосылды. 1971 жылы ұзындығы 610 км Бейнеу – Өзен – Бекдаш (Түрікменстан) газ құбыры салынды. 1972 жылы Өзен – Бейнеу магистралі (310 км) пайдалануға берілді. 2001 ж. республикада жылына 6,5 млрд. м3 газ өндіріледі, оның 4 млрд. м3-і экспортқа шығарылады. Бұл қорлар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары аумағында және Солт. Қазақстан мен Торғай мұнайлы аймақтарында шоғырланған. Таяу жылдары Қарашығанақ – Ақтөбе, Өріктау – Ақтөбе газ құбырын салу көзделіп отыр. Мұның өзі Қарашығанақ пен Өріктаудан газды қолданыстағы Бұхара – Орал газ құбырына беруге мүмкіндік туғызады. Жүк айналымы жөнінен Құбыр желісі темір жол көлігінен кейін екінші орында. 2001 жылы жүк айналымы 56573 млн. км-ге жеткен. Соңғы деректер бойынша (2001) Қазақстанда мұнай және газ тасымалдайтын 8 ірі мекеме тіркелген, ал магистральдық құбырлардың жалпы ұзындығы 17082 км. Қазақстан жерімен өтетін, экон. маңызы жоғары магистральдық құбырлар: Атырау – Самара – Одесса, Атырау – Самара – Приморск, КҚК (Теңіз – Новороссийск), Атасу – Алашанкоу. Қазақстанда Атырау – Самара құбыры негізгі экспорттық бағыт болып табылады. Бұл бағыт Қазақстан мұнайын “Достық” құбырлар жүйесі арқылы Шығыс Еуропаға, Қара т. бен Балтық т. порттарына, одан әрі Жерорта елдеріне тасымалдауға мүмкіндік береді. Азия – Тынық мұхит аймағы елдеріне шығуға мүмкіндік беретін Қазақстан – Қытай мұнай құбырын салу жобасы жасалды. Ол Атасу кенті (Қарағанды облысы) – Алашанкоу (Қытай) арқылы өтеді. Ақтау – Баку бағыты бойынша Каспий арқылы Қазақстан мұнайын Баку – Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау да республика үшін аса маңызды. Қазақстанда құбыр желісінің кеңінен салынып, пайдаланылуы нәтижесінде республиканың отын-энергет. балансында елеулі өзгерістер туды, мұнда мұнай мен газдың үлесі 70–75%-ға артты. Осыған орай Құбыр желісімен жүк тасымалдау көлемі де ұлғайды.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қubyr zhelisi kubyr tasymaly kolik kuraldarynyn biri sujyk susymaly zhүkterdi munajdy gazdy kubyrmen tasymaldau sondaj ak osyndaj tasymaldauga arnalgan kuraldar tetikter kommunikaciyalar zhiyntygy Қubyr zhelisi shyn mәninde kolik degen ugymnyn zhalpy zhurt tanygan anyktamasyna saj kelmejdi munda zhylzhymaly kuram zhol zhok Zhylzhymaly kuram kubyr zhelilerinin ozi Ondagy zhүk kysymmen zhylzhidy Olar tүrli diametrdegi kubyrlar bolyp tabylady Әrbir 100 140 km kashyktykta avtomatty tүrde zhumys istejtin sorap stanciyalary ornatylady Қubyr zhelisinin kondyrgylaryna katarlaskan zhәne kiylysatyn dangyl zholdardy kosatyn zhәne azhyratatyn zhelilik toraptar da ozen kol avtodangyldar temir zholdar arkyly otetin zher үstindegi zhәne zher astyndagy otkelder de munaj ajdajtyn zhәne kompressorlyk stanciyalar dangyl zholdardy kosatyn zhәne zhelilerdin zhekelegen telimderin zhabatyn kurylgylardan turatyn zhelilik toraptar da zhatady Қubyr zhelisi negizinen munaj kubyrlary men gaz kubyrlaryn kamtidy Sondaj ak su kubyrlary zhүjelerin de Қubyr zhelisine zhatkyzuga bolady Қubyr zhelisi magistraldyk zhәne zhergilikti munaj kubyrlary men gaz kubyrlaryna bolinedi Algashky munaj kubyry Қazakstannyn batysynda uzyndygy 154 km Dossor Rakusha Қazan tonkerisine dejingi kezende salyngan 1934 zhyly Kaspij Orsk munaj kubyry 830 km iske kosyldy al 1966 zhyly Өzen Zhetibaj Aktau bagytynda munaj kubyry 141 5 km toseldi Dүnie zhүzindegi tungysh biregej kontinentaralyk ystyk munaj kubyry Өzen Atyrau Samara arasynda salyndy 1970 onyn uzyndygy 1500 km TMD aumagynda salyngan negizgi eksporttyk kubyr zhelisi zhүjeleri dүnie zhүzindegi en iri munaj kubyry Dostyk kubyry 5116 km Ol Samara audanynan Belaruske Ukrainaga zhәne Shygys Europa elderine shygady Tujmazy Irkutsk 3700 km Orynbordan Resejdin batys shekarasyna dejin tartylgan Soyuz 275 km Orta Aziya Ortalyk 3000 km Germaniya Franciya Avstriya Shvejcariya zhәne baska elder үshin otemakylyk negizde salyngan Yamburg Batys shekara 4605 km Mangystaudan Edil zhagalauy arkyly Ukrainaga tartylgan parafindi munajdy 50ӘS ka dejin kyzdyratyn iri munaj kubyry 2500 km Teniz ken ornynyn shiki munajy men Қazakstannyn baska da munajyn Қara tenizdin soltүstik zhagalauyndagy Yuzhnaya Ozerejka terminalyna tasymaldajtyn Teniz Astrahan Novorossijsk kubyrynyn kurylysy 1850 km 2001 zhyly karasha ajynda ayaktaldy Ony Kaspij kubyr konsorciumy KҚK saldy Қazakstanda tungysh gaz kәsipshiligi 1970 zh Tenizde iske kosyldy 1971 zhyly uzyndygy 610 km Bejneu Өzen Bekdash Tүrikmenstan gaz kubyry salyndy 1972 zhyly Өzen Bejneu magistrali 310 km pajdalanuga berildi 2001 zh respublikada zhylyna 6 5 mlrd m3 gaz ondiriledi onyn 4 mlrd m3 i eksportka shygarylady Bul korlar Atyrau Aktobe Batys Қazakstan Қyzylorda oblystary aumagynda zhәne Solt Қazakstan men Torgaj munajly ajmaktarynda shogyrlangan Tayau zhyldary Қarashyganak Aktobe Өriktau Aktobe gaz kubyryn salu kozdelip otyr Munyn ozi Қarashyganak pen Өriktaudan gazdy koldanystagy Buhara Oral gaz kubyryna beruge mүmkindik tugyzady Zhүk ajnalymy zhoninen Қubyr zhelisi temir zhol koliginen kejin ekinshi orynda 2001 zhyly zhүk ajnalymy 56573 mln km ge zhetken Songy derekter bojynsha 2001 Қazakstanda munaj zhәne gaz tasymaldajtyn 8 iri mekeme tirkelgen al magistraldyk kubyrlardyn zhalpy uzyndygy 17082 km Қazakstan zherimen otetin ekon manyzy zhogary magistraldyk kubyrlar Atyrau Samara Odessa Atyrau Samara Primorsk KҚK Teniz Novorossijsk Atasu Alashankou Қazakstanda Atyrau Samara kubyry negizgi eksporttyk bagyt bolyp tabylady Bul bagyt Қazakstan munajyn Dostyk kubyrlar zhүjesi arkyly Shygys Europaga Қara t ben Baltyk t porttaryna odan әri Zherorta elderine tasymaldauga mүmkindik beredi Aziya Tynyk muhit ajmagy elderine shyguga mүmkindik beretin Қazakstan Қytaj munaj kubyryn salu zhobasy zhasaldy Ol Atasu kenti Қaragandy oblysy Alashankou Қytaj arkyly otedi Aktau Baku bagyty bojynsha Kaspij arkyly Қazakstan munajyn Baku Zhejhan munaj kubyry arkyly tasymaldau da respublika үshin asa manyzdy Қazakstanda kubyr zhelisinin keninen salynyp pajdalanyluy nәtizhesinde respublikanyn otyn energet balansynda eleuli ozgerister tudy munda munaj men gazdyn үlesi 70 75 ga artty Osygan oraj Қubyr zhelisimen zhүk tasymaldau kolemi de ulgajdy Derekkozder