Дінмұхамед (Дінше, Мұқыш) Әділұлы (1900-1930) — қоғам және мәдениет қайраткері, ағартушы.
Дінмұхамед Әділұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Ақмола облысы, Ақмола уезі , қазіргі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | ҚазКСР |
Ұлты | қазақ |
Қызметі | ағартушы, қоғам және мәдениет қайраткері |
Басқалары | Ағасы: Байсейіт Әділұлы алғашқы революция жылдарындағы белгілі қоғам қайраткері |
Өмірбаяны
Дінмұхамед (Дінше, Мұқыш) Әділұлы (13.11.1900 жыл, Ақмола облысы, Ақмола уезі, , қазіргі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы - 21.04.1931 жыл, Мәскеу) - алғашқы революция жылдарындағы белгілі қоғам қайраткері.
Кенесары хан қолбасыларының бірі Мыңжасар батырдың немересі. Жеті ағайынды, үлкен ағасы Байсейіт Әділұлы.
- Дінмұхамед Әділұлы ауылда қазақша сауат ашып, 1909-1913 жылдары Ақмола қалалық қазақ-орыс мектебінде, 1913-1918 жылдары Омбы гимназиясында оқыған, 1919-21 жылдары Ташкенттегі Орта Азия университетінде дәрістер курсын тыңдаған.
- 1914-18 жылдары Омбы оқу орындарында оқып жүрген қазақ қыз-жігіттерінің саяси және мәдени-ағарту қауымдастығы ретінде танымал «Бірлік» ұйымының мүшесі, бірер мезгіл хатшысы болды.
- 1917 жылғы қазанда «Алаш» партиясы Ақмола облыстық комитетинің мүшесі болып сайланған. 1917 жылдың соңындағы саяси оқиғаларға байланысты солшыл қанатқа ауысып, жастардың демократиялық кеңесін құрасады.
- 1917 жылғы сәуірде Д. Әділұлы Ақмола облысы қазақтарының съезіне қатысады, съезде сайланған атқару комитетінің нұсқаулары ретінде Қошке Кемеңгеров екеуі Ақмолаға келіп, Сәкен Сейфуллинмен бірге үйездік қазақ комитетін, жастардың «Жас қазақ» ұйымын ұйымдастырады.
- 1917 жылғы қазан айында қазақ арасынан барған он шақты делегат жетекшісі ретінде Сібір автономистерінің съезіне қатысуы атақты қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың саяси бағдарындағы ірі бетбұрыс кезеңі болды. Ол съезден кері оралып келе жатқанында Омбыға аялдап, зиялылармен, оқып жүрген жастармен кездеседі. Алаш партиясын құрудың нақты қадамы да осы сапар жасалады. Большевиктердің Петроградтағы 1917 жылғы қазан төңкерісіне орай, Омбыда оқып журген жастар арасында екіұдай көзқкарас туғанда, Әділұлы ұйымның демократиялық қанатында болды. Бұл кезде қызыл әскерлермен Благовещенскіге өткен. Содан қанша қыл көпірден өтіп, минут сайын өмірін құрбан қылуға даяр болып, Омбы шаһарына келеді.
- Ол Омбы жасақталған қызыләскерлер отряды құрамына Қиыр Шығысқа аттанып, 1918 жылдың сәуір-қыркүйек айларында ақтарға қарсы соғыстарға қатысты.
- 1918 жылы желтоқсанда Омбыда Колчак үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасаушылар қатарында болды, көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң ол жасырынып, ақтар билеген аймақтан кеңес өкіметі орнаған өлкеге қарай қашады.
- 1920 жылы мұрахат сөрелерінде сақталғын ең алғашқы Жетісу облыстық қазақ дайындық курстарының қаржылық шығындарды дәйектейтін құжаттары куәлік етеді: мұғалім ретінде курста Ғани аптасына ана тілінен 18-22 сағаттан, Ибадулла (курс меңгерушісі) жаратылыстанудан – 6, Діншенің өзі (облоно меңгерушісі) тарих пен мәдениеттанудан – 8 сағаттан дәріс беріп, сабақ өткізіп тұрған.
- Кеңестердің 1920 жылғы қазанда Орынборда өткен ұйысу съезі Дінмұхамед Әділовты сырттай Қазатком (КирЦИК) мүшесі етіа сайлады. Дінше Орынборда Кеңестік Қазақ Республикасының тұңғыш сайланған Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, алғашқы кеңестік үкімет құрамындағы Ішкі істер халық комиссариатының алқа мүшесі, халық комиссариатының орынбасры, бірер мезгіл міндетін атқарушы болған аз мерзімде жас мемлекет іргесін нығайтуға бағытталған едәуір жұмыс жүргізді (Батыс үйездерінің біріндегі ахуал жайында Қазатком Төралқасы межілісінде арнайы баяндама жасады, Ақмола үйезі қазақтарының көңіл-күй зеттеу үшін іссапарға арнайы жауапты қызметкер аттандырды, халкоматтың ішкі қызмет тәртібін нығайтуға бағытталған шара қабылдады, т.б.) және әр қадамында ұлт мүддесі талабын ескеріп отырады.
Еңбек жолы
- 1919 жылдың ортасынан Түркістан Республикасы коммунистерінің мұсылман бюросынан жұмыстарына қатысады. Сұлтанбек Қожановпен бірге Қазақ ағарту институтында оқытушы болып істейді, педагогикалық кеңестің хатшысы қызметін атқарады.
- 1920 жылғы мамырда Түркатком мен Ағарту халкоматы оны Жетісу облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындап, Верныйға жібереді. Мұнда ол облыстағы оқу-ағарту ісін басқарып-ұйымдастырумен қатар, мұғалімдер дайындау курсына тарих пен мәдениеттен сабақ береді.
- 1920 жылғы қазанда өткен Қазақстан Кеңестерінің Ұйысу құрылтайында Д. Әділұлы Қазатком (КирЦИК) мүшесі болып сырттай сайланады. Орынборға келіп, Ішкі істер халкоматының алқа мүшесі, халком орынбасары болады.
- 1991-1924 жылдары- Қазақ ағарту институтының оқытушысы, директоры, ТР Ағарту халкоматы ғылыми кеңесінің мүшесі.
- 1923 жылы жаздың соңына қарай, ол Ташкентке қызмет істеу мақсатымен келеді. Орта Азия университетінде дәріс тындай жүріп, алғаш оқытушылық тәжірибеге тартылған 1919 жылдан өз үйіндей көретін Қазақ ағарту институтына (Киринпрос, бұрынғы педучилище) оқытушылық қызметке қабылданады. Наркомпрос жанындағы қазақ ғылыми комиссиясының мүшесі қатарына енгізіледі. Онда Халел Досмұхамедов, Әбубәкір Диваев, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Мырзағазы Есполов, секілді ел тағдырын жани ащи ойлайтын азаматтармен бірге оқу-білім мұқтаждықтарын талқыласады, оқулық жазады. «Біз бәріміз бірге жұмыс атқардық. Жалпы барлығы да көрнекті қызметкерлер болатын», - деген лебізбен еске алды Әділов аталған үзеңгілестерін.
Ұлт театрын құру мәселесі
Құрылтай автономиясындағы «халық ағартудың кезекті мәселелері жөнінде» арнайы қарар қабылдады. Осы қарарда съезд делегаттары «тұрмысы жүдеу, артта қалған Қазақстанды күшті, шаруашылығы жаңғырған, мәдениетті кеңес республикасына айналдыру» жолдарын, оның ішінде ұлт театрын құру мәселесінде атап айтып, жеке 29-бабпен «Қазақтың ұлттық театрын құру жеделдетілсін» деп тұжырған болатын.
1925 жылы Қазақ Республикасы Ағарту халкоматында істеп жүріп, Ұлт театры Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бірінші тікелей ұйымдастырушысы, тұңғыш директоры. Сонымен бірге, алғашқы көркемдік жетекшісі де, бас режиссері болды.
"Халық жауы" атануы және жазықсыз атылуы
Кеңес өкіметінің ірі байларды тәркілеу науқанын өткізуіне қарсылық көрсетті деген желеумен, 1928 жылғы 17 желтоқсанда ГПУ қарулы жасағының күшімен қамауға алынды. Әйгілі «Алаш ісі» бойынша ату жазасына кесілген алғаш он үш адамның бірі. 1930 жылы 21 сәуірде Мәскеуде атылды. Ваганька зиратына құпия жерленді.
Ақталуы
1988 жыл, 4 қараша – Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ақталды. 1988 жылғы 4 қарашадағы ұйғарымымен КСРО Халком кеңесі жанындағы ОГПУ алқасының 1930 жылғы 4 көкектегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Әділов Дінмұхамедке қатысты қаулысының күшін жойды және бұл бөлімде оның әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағандықтан, іс доғарылды.
Дереккөздер
- Қойшыбаев Б, "Арыс" баспасы. Алматы-2000 ж. ISBN 9965-447-57-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin degen betti karanyz Dinmuhamed Dinshe Mukysh Әdiluly 1900 1930 kogam zhәne mәdeniet kajratkeri agartushy Dinmuhamed ӘdilulyTugan kүni13 karasha 1900 1900 11 13 Tugan zheriAkmola oblysy Akmola uezi kazirgi Zhambyl oblysy Sarysu audanyҚajtys bolgan kүni21 sәuir 1931 1931 04 21 30 zhas Қajtys bolgan zheriMәskeuAzamattygyҚazKSRҰltykazakҚyzmetiagartushy kogam zhәne mәdeniet kajratkeriBaskalaryAgasy Bajsejit Әdiluly algashky revolyuciya zhyldaryndagy belgili kogam kajratkeriӨmirbayanyDinmuhamed Dinshe Mukysh Әdiluly 13 11 1900 zhyl Akmola oblysy Akmola uezi kazirgi Zhambyl oblysy Sarysu audany 21 04 1931 zhyl Mәskeu algashky revolyuciya zhyldaryndagy belgili kogam kajratkeri Kenesary han kolbasylarynyn biri Mynzhasar batyrdyn nemeresi Zheti agajyndy үlken agasy Bajsejit Әdiluly Dinmuhamed Әdiluly auylda kazaksha sauat ashyp 1909 1913 zhyldary Akmola kalalyk kazak orys mektebinde 1913 1918 zhyldary Omby gimnaziyasynda okygan 1919 21 zhyldary Tashkenttegi Orta Aziya universitetinde dәrister kursyn tyndagan 1914 18 zhyldary Omby oku oryndarynda okyp zhүrgen kazak kyz zhigitterinin sayasi zhәne mәdeni agartu kauymdastygy retinde tanymal Birlik ujymynyn mүshesi birer mezgil hatshysy boldy 1917 zhylgy kazanda Alash partiyasy Akmola oblystyk komitetinin mүshesi bolyp sajlangan 1917 zhyldyn sonyndagy sayasi okigalarga bajlanysty solshyl kanatka auysyp zhastardyn demokratiyalyk kenesin kurasady 1917 zhylgy sәuirde D Әdiluly Akmola oblysy kazaktarynyn sezine katysady sezde sajlangan atkaru komitetinin nuskaulary retinde Қoshke Kemengerov ekeui Akmolaga kelip Sәken Sejfullinmen birge үjezdik kazak komitetin zhastardyn Zhas kazak ujymyn ujymdastyrady 1917 zhylgy kazan ajynda kazak arasynan bargan on shakty delegat zhetekshisi retinde Sibir avtonomisterinin sezine katysuy atakty kogam kajratkeri Әlihan Bokejhanovtyn sayasi bagdaryndagy iri betburys kezeni boldy Ol sezden keri oralyp kele zhatkanynda Ombyga ayaldap ziyalylarmen okyp zhүrgen zhastarmen kezdesedi Alash partiyasyn kurudyn nakty kadamy da osy sapar zhasalady Bolshevikterdin Petrogradtagy 1917 zhylgy kazan tonkerisine oraj Ombyda okyp zhurgen zhastar arasynda ekiudaj kozkkaras tuganda Әdiluly ujymnyn demokratiyalyk kanatynda boldy Bul kezde kyzyl әskerlermen Blagoveshenskige otken Sodan kansha kyl kopirden otip minut sajyn omirin kurban kyluga dayar bolyp Omby shaһaryna keledi Ol Omby zhasaktalgan kyzylәskerler otryady kuramyna Қiyr Shygyska attanyp 1918 zhyldyn sәuir kyrkүjek ajlarynda aktarga karsy sogystarga katysty 1918 zhyly zheltoksanda Ombyda Kolchak үkimetine karsy karuly koterilis zhasaushylar katarynda boldy koterilisshiler zheniliske ushyragan son ol zhasyrynyp aktar bilegen ajmaktan kenes okimeti ornagan olkege karaj kashady 1920 zhyly murahat sorelerinde saktalgyn en algashky Zhetisu oblystyk kazak dajyndyk kurstarynyn karzhylyk shygyndardy dәjektejtin kuzhattary kuәlik etedi mugalim retinde kursta Ғani aptasyna ana tilinen 18 22 sagattan Ibadulla kurs mengerushisi zharatylystanudan 6 Dinshenin ozi oblono mengerushisi tarih pen mәdeniettanudan 8 sagattan dәris berip sabak otkizip turgan Kenesterdin 1920 zhylgy kazanda Orynborda otken ujysu sezi Dinmuhamed Әdilovty syrttaj Қazatkom KirCIK mүshesi etia sajlady Dinshe Orynborda Kenestik Қazak Respublikasynyn tungysh sajlangan Ortalyk Atkaru Komitetinin mүshesi algashky kenestik үkimet kuramyndagy Ishki ister halyk komissariatynyn alka mүshesi halyk komissariatynyn orynbasry birer mezgil mindetin atkarushy bolgan az merzimde zhas memleket irgesin nygajtuga bagyttalgan edәuir zhumys zhүrgizdi Batys үjezderinin birindegi ahual zhajynda Қazatkom Toralkasy mezhilisinde arnajy bayandama zhasady Akmola үjezi kazaktarynyn konil kүj zetteu үshin issaparga arnajy zhauapty kyzmetker attandyrdy halkomattyn ishki kyzmet tәrtibin nygajtuga bagyttalgan shara kabyldady t b zhәne әr kadamynda ult mүddesi talabyn eskerip otyrady Enbek zholy1919 zhyldyn ortasynan Tүrkistan Respublikasy kommunisterinin musylman byurosynan zhumystaryna katysady Sultanbek Қozhanovpen birge Қazak agartu institutynda okytushy bolyp istejdi pedagogikalyk kenestin hatshysy kyzmetin atkarady 1920 zhylgy mamyrda Tүrkatkom men Agartu halkomaty ony Zhetisu oblystyk oku boliminin mengerushisi lauazymyna tagajyndap Vernyjga zhiberedi Munda ol oblystagy oku agartu isin baskaryp ujymdastyrumen katar mugalimder dajyndau kursyna tarih pen mәdenietten sabak beredi 1920 zhylgy kazanda otken Қazakstan Kenesterinin Ұjysu kuryltajynda D Әdiluly Қazatkom KirCIK mүshesi bolyp syrttaj sajlanady Orynborga kelip Ishki ister halkomatynyn alka mүshesi halkom orynbasary bolady 1991 1924 zhyldary Қazak agartu institutynyn okytushysy direktory TR Agartu halkomaty gylymi kenesinin mүshesi 1923 zhyly zhazdyn sonyna karaj ol Tashkentke kyzmet isteu maksatymen keledi Orta Aziya universitetinde dәris tyndaj zhүrip algash okytushylyk tәzhiribege tartylgan 1919 zhyldan oz үjindej koretin Қazak agartu institutyna Kirinpros buryngy peduchilishe okytushylyk kyzmetke kabyldanady Narkompros zhanyndagy kazak gylymi komissiyasynyn mүshesi kataryna engiziledi Onda Halel Dosmuhamedov Әbubәkir Divaev Magzhan Zhumabaev Muhtar Әuezov Myrzagazy Espolov sekildi el tagdyryn zhani ashi ojlajtyn azamattarmen birge oku bilim muktazhdyktaryn talkylasady okulyk zhazady Biz bәrimiz birge zhumys atkardyk Zhalpy barlygy da kornekti kyzmetkerler bolatyn degen lebizben eske aldy Әdilov atalgan үzengilesterin Ұlt teatryn kuru mәselesiҚuryltaj avtonomiyasyndagy halyk agartudyn kezekti mәseleleri zhoninde arnajy karar kabyldady Osy kararda sezd delegattary turmysy zhүdeu artta kalgan Қazakstandy kүshti sharuashylygy zhangyrgan mәdenietti kenes respublikasyna ajnaldyru zholdaryn onyn ishinde ult teatryn kuru mәselesinde atap ajtyp zheke 29 babpen Қazaktyn ulttyk teatryn kuru zhedeldetilsin dep tuzhyrgan bolatyn 1925 zhyly Қazak Respublikasy Agartu halkomatynda istep zhүrip Ұlt teatry Muhtar Әuezov atyndagy kazak memlekettik akademiyalyk drama teatrynyn birinshi tikelej ujymdastyrushysy tungysh direktory Sonymen birge algashky korkemdik zhetekshisi de bas rezhisseri boldy Halyk zhauy atanuy zhәne zhazyksyz atyluyKenes okimetinin iri bajlardy tәrkileu naukanyn otkizuine karsylyk korsetti degen zheleumen 1928 zhylgy 17 zheltoksanda GPU karuly zhasagynyn kүshimen kamauga alyndy Әjgili Alash isi bojynsha atu zhazasyna kesilgen algash on үsh adamnyn biri 1930 zhyly 21 sәuirde Mәskeude atyldy Vaganka ziratyna kupiya zherlendi Aktaluy1988 zhyl 4 karasha Қazak KSR Zhogargy Sotynyn kylmystyk ister zhonindegi sot alkasy aktaldy 1988 zhylgy 4 karashadagy ujgarymymen KSRO Halkom kenesi zhanyndagy OGPU alkasynyn 1930 zhylgy 4 kokektegi zhәne 1931 zhylgy 13 kantardagy Әdilov Dinmuhamedke katysty kaulysynyn kүshin zhojdy zhәne bul bolimde onyn әreketterinde kylmys kuramy bolmagandyktan is dogaryldy DerekkozderҚojshybaev B Arys baspasy Almaty 2000 zh ISBN 9965 447 57 8