Қызыл Әскер (Жұмысшы-шаруа Қызыл Әскері) — Кеңес өкіметінің әскери құрылымы. 1917 ж. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1918 ж. жұмысшы-шаруа қызыл әскерін құру туралы декрет шығарылды. 1918 ж. 18 ақпанда неміс әскерлері қауіп төндірген соң, Кеңес өкіметі 21 ақпанда жұмысшылар мен шаруаларды Қ. Ә. қатарына шақырған үндеу қабылдады.
- 23 ақпаннан бастап алғашқы еріктілер әскерге жазыла бастады;
- 4 наурызда Жоғ. әскери кеңес құрылды;
- 8 сәуірде әскери комиссариаттар құрылды;
- 4 мамырда Бас штаб пен әскери округтер құрылды.
1925 ж. 18 қыркүйекте міндетті әскери қызмет жөнінде заң қабылданды. 1928 — 41 ж. Қ. Ә. тех. жағынан қайта жабдықталып, жаңа әскер түрлері (әуе десанты әскерлері, т.б.) пайда болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында КСРО Мемл. қорғаныс к-ті ұйымдастырылды. Соғыстан кейін Қ. Ә. әлемдегі ең жетілдірілген әскери қарулармен жабдықталып отырды. 1946 ж. ақпаннан бастап Кеңес әскері деп атала бастады. 1991 ж. желтоқсанда КСРО тарағаннан кейін Қ. Ә. ТМД елдерінің қарулы күштеріне бөлініп кетті.
Қазақстанда құрылған Қызыл армия бөлімшелері
Қазақстанда құрылған алғашқы қызыл армия бөлімдері – жылдары Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы жылдарында ұйымдастырылған ұлттық әскери құрамалар. 1919 жылдың бас кезінен жасақтала бастады. Ордада құрылған қазақ атты әскер полкінің құрамында 6 эскадрон, пулеметшілер командасы, кіші командирлер даярлайтын мектеп болды. Полк негізінен Қызыл Армия қатарына өз еркімен келген қазақ жігіттерінен жасақталды. Полкті ұйымдастырушы және оның тұңғыш командирі Мұхамедияр Тұнғашин, комиссары Бисен Жәнікешов болды. Жас командирлер арасынан , , , , т.б. ерекше көзге түсті.
1919 – 20 жылдары Қазақстанның басқа жерлерінде де (Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу) ұлттық бөлімдер құрылды. Атап айтқанда, 1919 жылы қыркүйекте Дала өлкесінің әскери комиссары Ә.Жангелдиннің басшылығымен Қостанай, Торғай уездері қазақтарынан қазақ атты әскер полкі жасақталды. Сондай-ақ, осы мезгілде Шығыс майданы Көкшетау әскерлер тобы құрамында Ақмола, Семей облыстары қазақтарынан да әскери бөлім құрылды. Екі полк те Солтүстік-шығыс Қазақстанды ақтардан азат етуге белсене араласты. Жетісу, Сырдария, Орал облыстарында да ұлттық әскери бөлімшелер (эскадрон, отряд, т.б.) құрылып, кеңес үкіметін құруға белсене араласты, дегенмен, азамат соғысы аяқталысымен бұл әскери бөлімдер таратылды.
Астананың Қызылордаға көшіп келуіне байланысты, 1926 жылы қалада дербес қазақ атты әскер дивизионы құрылды. Осы дивизион негізінде 1930 жылы Алматыда 48-қазақ атты әскер полкі жасақталды. Осы полк қазақ жастарын әскери өнерге үйрету, қазақ офицерлерін дайындау ісінде үлкен рөл атқарды. Полк командирі – Т.Әлиев, комиссары – Н.Мусин, эскадрон командирлері – , , , , , саяси қызметкерлер – Ә.Баймолдин, Ә.Бекбаев, Ә.Жетпісбаев, А.Мақатов, штаб офицерлері – К.Әбенов, О.Саурықов, т.б. болды. Осы полкте қызмет атқарған қазақ жастары арасынан кейіннен көптеген әскери қызметкерлер (генерал-лейтенант Ш.Қабылбаев, полк. Ж.Тілеумағамбетов), ғалымдар мен қоғам қайраткерлері (академик С.Бәйішов, профессор Қ.Макиров, т.б.) шықты. 1938 жылы КСРО Қорғаныс комиссариатының бұйрығы бойынша полк таратылып, басқа әскери құрамаларға қосылды .
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қyzyl Әsker Zhumysshy sharua Қyzyl Әskeri Kenes okimetinin әskeri kurylymy 1917 zh Kenes okimeti ornagannan kejin 1918 zh zhumysshy sharua kyzyl әskerin kuru turaly dekret shygaryldy 1918 zh 18 akpanda nemis әskerleri kauip tondirgen son Kenes okimeti 21 akpanda zhumysshylar men sharualardy Қ Ә kataryna shakyrgan үndeu kabyldady 23 akpannan bastap algashky eriktiler әskerge zhazyla bastady 4 nauryzda Zhog әskeri kenes kuryldy 8 sәuirde әskeri komissariattar kuryldy 4 mamyrda Bas shtab pen әskeri okrugter kuryldy 1925 zh 18 kyrkүjekte mindetti әskeri kyzmet zhoninde zan kabyldandy 1928 41 zh Қ Ә teh zhagynan kajta zhabdyktalyp zhana әsker tүrleri әue desanty әskerleri t b pajda boldy 2 dүniezhүz sogys zhyldarynda KSRO Meml korganys k ti ujymdastyryldy Sogystan kejin Қ Ә әlemdegi en zhetildirilgen әskeri karularmen zhabdyktalyp otyrdy 1946 zh akpannan bastap Kenes әskeri dep atala bastady 1991 zh zheltoksanda KSRO taragannan kejin Қ Ә TMD elderinin karuly kүshterine bolinip ketti Қazakstanda kurylgan Қyzyl armiya bolimsheleriҚazakstanda kurylgan algashky kyzyl armiya bolimderi zhyldary Kenestik Resejde oryn algan Azamat sogysy zhyldarynda ujymdastyrylgan ulttyk әskeri kuramalar 1919 zhyldyn bas kezinen zhasaktala bastady Ordada kurylgan kazak atty әsker polkinin kuramynda 6 eskadron pulemetshiler komandasy kishi komandirler dayarlajtyn mektep boldy Polk negizinen Қyzyl Armiya kataryna oz erkimen kelgen kazak zhigitterinen zhasaktaldy Polkti ujymdastyrushy zhәne onyn tungysh komandiri Muhamediyar Tungashin komissary Bisen Zhәnikeshov boldy Zhas komandirler arasynan t b erekshe kozge tүsti 1919 20 zhyldary Қazakstannyn baska zherlerinde de Torgaj Akmola Semej Syrdariya Zhetisu ulttyk bolimder kuryldy Atap ajtkanda 1919 zhyly kyrkүjekte Dala olkesinin әskeri komissary Ә Zhangeldinnin basshylygymen Қostanaj Torgaj uezderi kazaktarynan kazak atty әsker polki zhasaktaldy Sondaj ak osy mezgilde Shygys majdany Kokshetau әskerler toby kuramynda Akmola Semej oblystary kazaktarynan da әskeri bolim kuryldy Eki polk te Soltүstik shygys Қazakstandy aktardan azat etuge belsene aralasty Zhetisu Syrdariya Oral oblystarynda da ulttyk әskeri bolimsheler eskadron otryad t b kurylyp kenes үkimetin kuruga belsene aralasty degenmen azamat sogysy ayaktalysymen bul әskeri bolimder taratyldy Astananyn Қyzylordaga koship keluine bajlanysty 1926 zhyly kalada derbes kazak atty әsker diviziony kuryldy Osy divizion negizinde 1930 zhyly Almatyda 48 kazak atty әsker polki zhasaktaldy Osy polk kazak zhastaryn әskeri onerge үjretu kazak oficerlerin dajyndau isinde үlken rol atkardy Polk komandiri T Әliev komissary N Musin eskadron komandirleri sayasi kyzmetkerler Ә Bajmoldin Ә Bekbaev Ә Zhetpisbaev A Makatov shtab oficerleri K Әbenov O Saurykov t b boldy Osy polkte kyzmet atkargan kazak zhastary arasynan kejinnen koptegen әskeri kyzmetkerler general lejtenant Sh Қabylbaev polk Zh Tileumagambetov galymdar men kogam kajratkerleri akademik S Bәjishov professor Қ Makirov t b shykty 1938 zhyly KSRO Қorganys komissariatynyn bujrygy bojynsha polk taratylyp baska әskeri kuramalarga kosyldy Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 I tom A 31 Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H