Бейімбет Жармағамбетұлы Майлы (15 қараша 1894, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы - 26 ақпан 1938, Алматы) — қазақтың көрнекті жазушысы, ақыны, драмашысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлы | |
Б. Ж. Майлы портреті. "Би-аға" кітабынан (Т. Бейісқұлов, 1991 ж.) | |
Туған кездегі есімі | Бимұхамет |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Алматы облысы, Алматы, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы, КСРО |
Азаматтығы | |
Ұлты | қазақ |
Мансабы | |
Шығармашылық жылдары | 1913–1937 |
Бағыты | поэзия, проза, драматургия, публицистика |
Жанры | повесть, өлең, поэма, әңгіме, роман, драма, либретто |
Шығармалардың тілі |
Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты. «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреппен және А. Ситдықовпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды.
Өмірбаяны
Қыпшақ тайпасының Қарабалық руынан шыққан..
- Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.
- 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.
- 1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» ( Садақ журналы ) журналдарына жазып тұрады.
Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.
- 1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім. Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925).
- 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді.
- 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.
Шығармалары
Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Бейімбет Майлы дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы. Ғабит Мүсіреповпен бірге "Амангелді" фильмінің сценарийін жазған.
Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
- Казахская политическая и интеллектуальная элита: клановая принадлежность и внутриэтническое соперничество – тема научной статьи по истории и историческим наукам читайте беспла...
- https://egemen.kz/article/209446-bi-agha-dgane-tughan-dger
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Сілтемелер
- Бейімбет Майлин Әдебиет порталы сайтында
- Жазушы туралы қызық деректер Sputnik.kz сайтында
- Рәзия Майлина: Әкем мені «қалқам» деуші еді — «Ана тілі», 29.05.2014
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bejimbet Zharmagambetuly Majly 15 karasha 1894 18941115 Қostanaj oblysy Bejimbet Majlin audany 26 akpan 1938 Almaty kazaktyn kornekti zhazushysy akyny dramashysy kazak әdebietin kalyptastyrushylardyn biri Bejimbet Zharmagambetuly MajlyB Zh Majly portreti Bi aga kitabynan T Bejiskulov 1991 zh Tugan kezdegi esimiBimuhametTugan kүni15 karasha 1894 1894 11 15 Tugan zheriBejimbet Majlin audany Қostanaj oblysy Resej imperiyasyҚajtys bolgan kүni26 akpan 1938 1938 02 26 43 zhas Қajtys bolgan zheriAlmaty oblysy Almaty Қazak Kenestik Socialistik Respublikasy KSROAzamattygyResej imperiyasy KSRO Қazak KSRҰltykazakMansabyzhazushyShygarmashylyk zhyldary1913 1937Bagytypoeziya proza dramaturgiya publicistikaZhanrypovest olen poema әngime roman drama librettoShygarmalardyn tilikazak Sauatsyzdykty tolyk zhoyu uranyn alga tartty Sauattylygy tomenderge arnalgan oku kitabyn 1929 Kүsh sauattylygy tomenderge arnalgan okulykty 1930 Zhanasha oky zhәne zhaz kuralyn 1931 zhәne Ғabit Mүsireppen zhәne A Sitdykovpen birge Sauatsyzdarga arnalgan әlippeni 1935 1936 zhazyp shygardy ӨmirbayanyҚypshak tajpasynyn Қarabalyk ruynan shykkan Tuyp osken zheri kazirgi Қostanaj oblysynyn Bejimbet Majlin audany Bir zhaska tolmaj zhatyp әkesinen altyga shygarda sheshesinen ajrylgan Zhetimdik zardabyn shegip bajlarga zhaldanady Algash auyl moldasynan okyp sauat ashkan 1911 1915 zhyldar aralygynda Troick kalasyndagy Uәzifa medresesinde Қostanajdagy oryssha kazaksha mektepte Ufadagy Medrese Ғaliyada okyp bilim algan 1916 1919 zhyldary mugalim bolady zhazushylykpen shugyldana bastajdy Қazak Auyl gazetteri men Ajkap Sadak Sadak zhurnaly zhurnaldaryna zhazyp turady Bejimbet Majlin Enbekshil kazakka Enbek tuy bolyp turgan kezde ak atsalysa bastagan Algash makalalarymen katyskan ol әdebi kyzmetker bolim mengerushisi hatshysy da bolgan redaktorlykka dejin osken Birak kop istemegen 1920 1922 zhyldary gazetti zhasauga algash shygarushylar alkasy basshylyk zhasap kejin zhekelegen tulgalar kele bastagan tusta basylymga Bejimbet Majlin sekildi zheti segiz adam zhetekshilik etkeni mәlim Sodan son Enbekshi kazak kazirgi Egemen Қazakstan gazetinde kyzmet istep 1922 1923 Қostanajdagy guberniyalyk Auyl gazetinde shygardy 1925 1925 1928 zhyldary kajtadan Enbekshi kazak gazetinde kyzmet istep Қazaktyn proletar zhazushylary associyaciyasyn ҚazAPP ujymdastyruga katysty 1928 1932 Munan kejingi 30 shy zhyldarynda Socialistik Қazakstan kazirgi Egemen Қazakstan gazetinde bolim mengerushisi redaktordyn orynbasary Auyl tili Қazak әdebieti basylymdarynyn bas redaktory bolyp istejdi 1938 zhyly zhazyksyz tutkyndalyp kyzyl kyrgyn sayasi repressiyanyn kurbany boldy Shygarmalary15 tomdyk koptomdyk shygarmalar zhinagy Kej tomdar Almaty Қazygurt baspasy 2004 2013 Bejimbet poeziya proza drama salasynda birdej onimdi enbek etken kalamger Ol Sadak kolzhazba zhurnalynda 1913 Ajkap zhurnalynda 1914 Қazak gazetinde 1915 zhariyalangan algashky olenderine den koyady Sahara zhurtynyn mun muktazhyn arman ansaryn әsirese azattyk tendik takyrybyn tilge tiek etedi Bejimbettin poeziyalyk shygarmalaryndagy Myrkymbaj tiptik kejipker dengejine koterilgen zhiyntyk bejne Myrkymbaj bejnesi arkyly Bejimbet sol kezdegi kazak kedejlerinin bolmys bitimin uakyt kogam ayasyndagy tirshilik tynysyn suretkerlik shynshyldykpen bederlej algan Bejimbet kazak poeziyasynda poema zhanrynyn orisin uzartyp oresin biiktetuge komakty үles koskan Onyn Bajdyn kyzy Rәziya kyzy Қashkyn kelinshek Zajkүl Marzhan Өtirikke bәjge Han kүjeui Kempirdin ertegisi Bolis Myrkymbaj poemalary takyrybynyn әr aluandygymen okigalyk tartymdylygymen ozindik til stilimen kazak poeziyasynyn kornekti үlgilerinin biri bolyp tabylady Bejimbet Majly daryny onyn prozalyk shygarmalarynda ajryksha zharkyrap koringen Әsirese kazak prozasynda әngime zhanry Bejimbet shygarmalary arkyly kemeldene tүsti Onyn әngimeleri omir shyndygyn dop basyp korsetetin realistik tegeurinimen korkemdik biik oresimen takyrybynyn әr aluandygymen daralanady Ol korkem әngimeleri arkyly ozi omir sүrgen zaman tynysy men kogam omirin enciklopediyalyk kemeldikpen somdaj algan uly suretker Bejimbet on beske tarta povest bugan kosa Azamat Azamatovich atty roman zhazgan kalamger Onyn Қyzyl zhalau Қonsylar atty romandary ayaktalmaj kalgan Munyn syrtynda ol irili usakty 25 pesa libretto scenarijlerdin avtory Ғabit Mүsirepovpen birge Amangeldi filminin scenarijin zhazgan Bejimbet Majlinnin shygarmalary kazak әdebietin barlyk salada bajytkan ruhani asyl kazyna retinde halkymen mәngi birge zhasajtyn bolady DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Pedagogika O 74 Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 482 b ISBN 9965 808 85 6 Kazahskaya politicheskaya i intellektualnaya elita klanovaya prinadlezhnost i vnutrietnicheskoe sopernichestvo tema nauchnoj stati po istorii i istoricheskim naukam chitajte bespla https egemen kz article 209446 bi agha dgane tughan dger Қaragandy Қaragandy oblysy Enciklopediya Almaty Atamura 2006 ISBN 9965 34 515 5 Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9SiltemelerBejimbet Majlin Әdebiet portaly sajtynda Zhazushy turaly kyzyk derekter Sputnik kz sajtynda Rәziya Majlina Әkem meni kalkam deushi edi Ana tili 29 05 2014