Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда — 1609 жылы, Ұлыбританияда — 1622 жылы, Францияда — 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым — 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі — мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.
Баспасөз хатшысы
Президент, премьер-министр немесе белгілі бір мемлекеттік орынды иеленген басқа тұлға не басқа саяси қайраткердің бұқаралық. ақпарат құралдарымен байланысын жүзеге асыратын және оның сол немесе басқа мәселе бойынша көзқарасын жариялайтын өкілі.
Баспасөз мәслихаты
Баспасөз мәслихаты — әдетте, ресми органдардың, , саяси партиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық жиыны. Көтерілер мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы журналистерге пресс- (мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады. Баспасөз мәслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді. Баспасөз мәслихаты пішімі жағынан сұхбат жанрына ұқсас болғанымен, мұндай жиыннан журналистер, көбінесе, қысқаша немесе кеңейтілген есеп жазады. Көтерілген мәселе туралы есепке журналист өзінің түсіндірмесі мен көзқарасын да қосып отырады.
Баспасөз хабарламасы
Баспасөзде мүмкін болатын жариялау үшін дайындалған ақпарат.
Баспасөз орталығы
Съезд, конференция, кеңесулер және т.б. өткізулер кезінде ұйымдастырылатын немесе әлдебір ұйым, мемлекеттік билік органдары жанында тұрақты қызмет ететін ақпарат қызметі.
Баспасөз Жанрлары
Баспасөз Жанрлары — мерзімді баспасөзде жарияланатын публицистикалық сан алуан түрі. Жанрлық ерекшеліктер мәтіннің мазмұнына, жазылу пішіміне, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайына, тілдік-стильдік әдісіне қарай айқындалады. Баспасөз Жанрларын, негізінен, 3 топқа: ақпаратты (хабар, есеп, сұхбат, репортаж), талдамалы (мақала, рецензия, , хат) және көркем-публицистикалық (, , публицистика, эссе, баллада) жанрларға бөлуге болады. Сондай-ақ, көркем-публицистикалық жанрлардың сатиралық түрлері (фельетон, памфлет, мысал, эпиграмма, пародия, шарж, т.б.) бар. Баспасөз Жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты әрі бәріне ортақ белгілері бар. Ақпаратты жанрлар күнделікті оқиғаларды жедел де шынайы түрде хабарлап, жаңалықтар мен өзгерістерді оқырман қауымға қаз-қалпында жеткізуге тырысады. Талдамалы жанрларға оқиғаларды салыстыра зерттеу, деректер мен мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, бағалау тәсілі тән. Ал, көркем-публицистикалық жанрлар типтік деректерді талдау, суреттеу әдісімен жазылады; әр қилы әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық қақтығысы, оқиға шиеленісі, т.б.) арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі мән-мазмұны мен идеялық сипатын көркем-публицистикалық деңгейде ашып көрсетеді. Сатиралық жанрлар әлеум. тұрмыстағы келеңсіз құбылыстар мен кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық пішіммен әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады. Баспасөз Жанрларының негізгі, басты міндеті — өмірдегі нақты оқиғалар мен құбылыстардың күнделікті тізбегін жазу арқылы белгілі бір кезеңнің тарихи шежіресін жасау. Ол үшін журналистің білімі терең, ой-өрісі кең, жазу қабілеті мол болуы, сонымен қатар Баспасөз Жанрларының қыр-сырын жетік меңгеруі шарт. Баспасөз Жанрларын тиянақты меңгеру — журналистің кәсіби шығармашылық шеберлігін жетілдірудің, баспасөз материалдарының сапалық деңгейін арттырудың кепілі.
Баспасөз бостандығы
Баспасөз бостандығы — мемлекеттегі конституция кепілдік беретін адам құқылары мен бостандықтарының бірі. Ол баршаға ортақ әлеуметтік еркіндіктің — пікір айтып, сөз сөйлеу бостандығының құрамдас бөлігі ретінде саналған. 1789 жылы Францияда қабылданған Адам және азамат құқыларының бостандығы декларациясында (қара Француз революциясы) тұңғыш рет жарияланған Баспасөз бостандығы ұғымы баспасөз басылымдарын (газеттерді, журналдарды, т.б.) емін-еркін ашып, кез келген баспа өнімдерін қалауынша шығарып, таратудың, сондай-ақ, цензураға тыйым салудың мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Кейбір демократиялық мемлекеттердің арнаулы заңдарында асыра сілтеп, артық кететін өрескелдікке жол бермеу үшін Баспасөз бостандығына бірқатар шектеулер қойылады; бұл шектеулер сөз бостандығына қойылатын шектеулермен бірдей болады (қара Сөз бостандығы). ҚР Конституциясының 20-бабында сөз бен шығармf еркіндігіне кепілдік берілетінін, цензураға тыйым салынатынын, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға қақылы екендігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, “республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді” делінген. Дүние жүзінде бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлері (теледидар, радио хабарлары, интернет, т.б.) көбейе түсуіне байланысты “Баспасөз бостандығы” деген ұғым ескіріп, соңғы кезде қабылданып жатқан заңдарда “бұқаралық ақпарат бостандығы” атауын қолдану дәстүрге айналды.
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baspasoz merzimdi zhәne merzimsiz basylymdardyn zhiyntyk atauy Baspasoz halyk arasynda әr tүrli akparattar tarata otyryp kogamdyk pikir kalyptastyruga sayasi zhumystar zhүrgizuge memlekettin әleumettik toptardyn ne zhekelegen tulgalardyn mүddeli murattaryn tanytuga kyzmet etedi Merzimdi baspasozge turakty atauy agymdagy nomiri bar zhәne keminde zharty zhylda bir ret shygarylatyn gazet zhurnal almanah byulleten olardyn kosymshasy zhatady Olar shygarmalyk ondiristik procesterdin ujymdastyrylu erekshelikterine takyryptyk mazmundyk bagyttaryna әkimshilik aumaktyk bolinis dengejlerine okyrmandar auditoriyasynyn sipatyna t b belgilerine oraj birneshe tүrlerge zhikteledi Merzimdi baspasozdin en negizgi әri kone tүrlerinin biri gazet Қagaz ondirisinin damyp poligrafiyalyk tehnologiyanyn bastapky tәsilderinin zhetildiriluine bajlanysty Batys Europada Germaniyada 1609 zhyly Ұlybritaniyada 1622 zhyly Franciyada 1631 zhyly algashky gazetter shyga bastady Қazak tilindegi algashky merzimdik basylym 1870 zhyly Tashkent kalasynda zharyk korgen Tүrkistan uәlayatynyn gazeti Bul basylym kazak dalasynda Resej imperiyasynyn otarlaushylyk sayasatyn zhүrgizudin kuraly retinde dүniege kelgenimen ulttyn Baspasozin kalyptastyryp ziyaly kauymnyn azattyk ideyalaryn bukaraga zhetkizude Baspasozdin manyzy zor ekendigin tүsinuine ykpal etti Merzimdi baspasozge zhatatyn zhurnaldar almanahtar men byulletender shygu merzimdiligine kolemi men bezendiriluine gazetten erekshelenip turady kara Gazet Zhurnal Almanah Baspasozdin ekinshi tүri merzimsiz basylymdarga kitaptar kitapshalar plakattar kүntizbeler notalar t b zhatady Onyn en negizgi әri kone tүri kitap Kitap basu isi 8 9 gasyrlarda Қytajda bastaldy Algash ret ksilografiyalyk agashtan ojylgan kalyppen basu әdispen buddisterdin Zhakut sutra 868 degen kasietti kitaby basylyp shykty Europaga bul zhanalyk 4 gasyrdan kejin keledi Қazak tilindegi algashky kitap Sejfүl mәlik kissasy 1807 zhyly Қazan kalasynda zharyk korgen kara Kitap Қazirgi kezde Қazakstanda 1200 den astam gazet zhurnaldar aptalyktar zharyk koredi Sondaj ak әr tүrli menshik nysanyndagy 260 tan astam baspadan myndagan taralymmen kitaptar bukletter men plakattar t b shygady Respublikadagy Baspasoz zhүjesinin kyzmeti ҚR nyn Bukaralyk akparat kuraldary turaly zanymen 1999 23 shilde retteledi Baspasoz hatshysyPrezident premer ministr nemese belgili bir memlekettik oryndy ielengen baska tulga ne baska sayasi kajratkerdin bukaralyk akparat kuraldarymen bajlanysyn zhүzege asyratyn zhәne onyn sol nemese baska mәsele bojynsha kozkarasyn zhariyalajtyn okili Baspasoz mәslihatyMәslihat mүsheleri Baspasoz mәslihaty әdette resmi organdardyn sayasi partiyalardyn zheke kajratkerlerdin belgili bir mәselege bajlanysty ozderinin kozkarasyn pikirlerin zhariya etu үshin ujymdastyratyn auditoriyalyk zhiyny Koteriler mәsele bojynsha tiisti orynnyn baspasoz hatshylygy zhurnalisterge press mәslihattyn takyryptyk mazmundamasy taratady Baspasoz mәslihaty zhiyndy ujymdastyrushy zhaktyn kyskasha sozimen ashylady Odan kejin surak zhauap tүrine koshedi Baspasoz mәslihaty pishimi zhagynan suhbat zhanryna uksas bolganymen mundaj zhiynnan zhurnalister kobinese kyskasha nemese kenejtilgen esep zhazady Koterilgen mәsele turaly esepke zhurnalist ozinin tүsindirmesi men kozkarasyn da kosyp otyrady Baspasoz habarlamasyBaspasozde mүmkin bolatyn zhariyalau үshin dajyndalgan akparat Baspasoz ortalygySezd konferenciya kenesuler zhәne t b otkizuler kezinde ujymdastyrylatyn nemese әldebir ujym memlekettik bilik organdary zhanynda turakty kyzmet etetin akparat kyzmeti Baspasoz ZhanrlaryZhurnal Baspasoz Zhanrlary merzimdi baspasozde zhariyalanatyn publicistikalyk san aluan tүri Zhanrlyk erekshelikter mәtinnin mazmunyna zhazylu pishimine derekterdi iriktep suryptau nemese zhinaktap taldau yngajyna tildik stildik әdisine karaj ajkyndalady Baspasoz Zhanrlaryn negizinen 3 topka akparatty habar esep suhbat reportazh taldamaly makala recenziya hat zhәne korkem publicistikalyk publicistika esse ballada zhanrlarga boluge bolady Sondaj ak korkem publicistikalyk zhanrlardyn satiralyk tүrleri feleton pamflet mysal epigramma parodiya sharzh t b bar Baspasoz Zhanrlary belgili bir okigalardy kubylystardy nakty derekter men mәlimetterge sүjene otyryp bayandajdy Әr zhanrdyn ozine tәn erekshelikteri men sipaty әri bәrine ortak belgileri bar Akparatty zhanrlar kүndelikti okigalardy zhedel de shynajy tүrde habarlap zhanalyktar men ozgeristerdi okyrman kauymga kaz kalpynda zhetkizuge tyrysady Taldamaly zhanrlarga okigalardy salystyra zertteu derekter men mәlimetterdi tarata taldap solardyn tonireginde oj korytu bagalau tәsili tәn Al korkem publicistikalyk zhanrlar tiptik derekterdi taldau suretteu әdisimen zhazylady әr kily әdebi tәsilder daralau obraz zhasau minez kulyk kaktygysy okiga shielenisi t b arkyly әldebir derekti kubylystyn ishki mәn mazmuny men ideyalyk sipatyn korkem publicistikalyk dengejde ashyp korsetedi Satiralyk zhanrlar әleum turmystagy kelensiz kubylystar men kertartpa kylyktardy yumorlyk ne satiralyk pishimmen әshkerelejdi kemshilikterdi zhoyuga shakyrady Baspasoz Zhanrlarynyn negizgi basty mindeti omirdegi nakty okigalar men kubylystardyn kүndelikti tizbegin zhazu arkyly belgili bir kezennin tarihi shezhiresin zhasau Ol үshin zhurnalistin bilimi teren oj orisi ken zhazu kabileti mol boluy sonymen katar Baspasoz Zhanrlarynyn kyr syryn zhetik mengerui shart Baspasoz Zhanrlaryn tiyanakty mengeru zhurnalistin kәsibi shygarmashylyk sheberligin zhetildirudin baspasoz materialdarynyn sapalyk dengejin arttyrudyn kepili Baspasoz bostandygyBaspasoz bostandygynyn debaty Baspasoz bostandygy memlekettegi konstituciya kepildik beretin adam kukylary men bostandyktarynyn biri Ol barshaga ortak әleumettik erkindiktin pikir ajtyp soz sojleu bostandygynyn kuramdas boligi retinde sanalgan 1789 zhyly Franciyada kabyldangan Adam zhәne azamat kukylarynyn bostandygy deklaraciyasynda kara Francuz revolyuciyasy tungysh ret zhariyalangan Baspasoz bostandygy ugymy baspasoz basylymdaryn gazetterdi zhurnaldardy t b emin erkin ashyp kez kelgen baspa onimderin kalauynsha shygaryp taratudyn sondaj ak cenzuraga tyjym saludyn mүmkindigi retinde tүsindiriledi Kejbir demokratiyalyk memleketterdin arnauly zandarynda asyra siltep artyk ketetin oreskeldikke zhol bermeu үshin Baspasoz bostandygyna birkatar shekteuler kojylady bul shekteuler soz bostandygyna kojylatyn shekteulermen birdej bolady kara Soz bostandygy ҚR Konstituciyasynyn 20 babynda soz ben shygarmf erkindigine kepildik beriletinin cenzuraga tyjym salynatynyn әrkimnin zan zhүzinde tyjym salynbagan kez kelgen tәsilmen erkin akparat aluga zhәne taratuga kakyly ekendigin atap korsetken Sonymen katar respublikanyn konstituciyalyk kurylysyn kүshtep ozgertudi onyn tutastygyn buzudy memleket kauipsizdigine nuksan keltirudi sogysty әleumettik nәsildik ulttyk dini tektik toptyk zhәne rulyk astamshylykty sondaj ak katygezdik pen zorlyk zombylykka bas urudy nasihattauga nemese үgitteuge zhol berilmejdi delingen Dүnie zhүzinde bukaralyk akparat kuraldarynyn zhana tүrleri teledidar radio habarlary internet t b kobeje tүsuine bajlanysty Baspasoz bostandygy degen ugym eskirip songy kezde kabyldanyp zhatkan zandarda bukaralyk akparat bostandygy atauyn koldanu dәstүrge ajnaldy DerekkozderҚazak EnciklopediyasyBul zan salasyna arnalgan zhana makalaga bastama Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet