Поляктар (пол. Polacy "поляци") — славянды ұлт, Польшаның байырғы және негізгі халқы. ТМД елдерінде, АҚШ, Франция, Канада, Бельгия, Бразилия, Аргентина, т.б. мемлекеттерде де тұрады. Жалпы саны 45 млн. адам (2003).
Поляктар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
55-60 миллион | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Польша | 36,085 млн (2011) |
АҚШ | 8,98 млн |
Германия | 1,5-2 млн |
Бразилия | 1,8 млн |
Франция | 1,05 млн |
Канада | 900 мың |
Ұлыбритания | 600 мың |
Беларусь | 295 мың |
Тілдері | |
Діні | |
Тілі
Славян тілдерінің батыс тармағына жататын поляк тілінде сөйлейді. Тілдердің қопарылма (флективті) синтетикалық түріне жатады, номинативті құрылыспен сипатталады. Жазуы негізделген. Поляк тілінің негізгі диалектілері: великополяк, померан, силез, малополяк, мазовец, кашуб. Кашуб диалектісінің жіктелімінде қайшылықтар бар: бірде ол дербес тіл ретінде, ал басқа жағдайда поляк тілінің диалектісі ретінде танылады.
Діні
Поляктардың басым көпшілігі дəстүр бойынша христиан дінінің католик тармағын ұстанады жəне дін жағынан жоғары белсенділігін байқатады.
Тарихы
Б.з.д. I мың. қазіргі Польша аумағында славяндардың ата-бабалары саналатын лужицк мәдениетінің тайпалары қоныстанды. Б.з. басында осында батыс славян тайпалары – венедтер өмір сүрді. Поляк этносының қалыптасуы Х ғ. басталады, сол кезде поляктар этнонимі пайда болады. Поляктардың этникалық негізін полян, гоплан, вислян, слензан, мазовшан, ленчан, поморян тайпалары құрады. ХІХ ғ. диалектілерімен, мәдениеттерімен және тұрмыстарымен ерекшеленген поляктардың келесі этнографиялық топтары сақталды: великополяндар, куявяндар, ленчицандар, серадзяндер, мазовшандар, курптар, малополяндар, силездер, мазурлар, вармяктар, кашубтар.
Орта ғасырларда Польша Литвамен ортақ мемлекет құрып, ол кезде күшті және гүлденген ел болды. Содан кейін ел түріктермен, орыстармен, немістермен соғыс жүргізді. 16 ғасыр Литва мен Польша Одағының қалыптасу кезеңі болды. Көрші мемлекеттермен үздіксіз қақтығыстар, басқыншылық соғыстар, 40-тан астам рет тұтанған көтерілістер елдің күшін әлсіретті, нәтижесінде ол Австрия, Ресей, Пруссия (1772) арасында бөлініске түсті. Мемлекет тәуелсіздігін тек 1918 жылы алды.
Кәсібі
Поляктардың ежелгі негізгі кәсібі егіншілік пен мал шаруашылығы болды. Олар ешкі, қой, жылқы өсірді, шошқа, құс ұстады. Ауыл тұрғындары ет, сүт өнімдерімен, жүн, қой терісімен қамтамасыз етілді. Егісте зығыр, кендір, қара бидай, бидай, арпа өсірілді. 19 ғасырдан бастап омарта шаруашылығы дамыды. Ауылдық жерлерде қазірдің өзінде көбінің жеке омарталары бар. Поляктардың ата-бабалары ерте заманнан балық аулаумен айналысқан. Балық шаруашылығы әлі де үлкен маңызға ие. Қазіргі Польшада ірі балық аулау кәсіпорындары құрылды, оларда көптеген адамдар жұмыс істейді. Поляктардың ежелгі кәсіптерінің бірі ірі және ұсақ жануарларды аулау болды. Қасқырларды, бизондарды, бұландарды әдетте топ-топ болып аулап, жануарларды шұңқырлар мен тұзақтарға айдады. Ұсақ жануарларға тұзақтар, қақпандар салынды, оларды садақпен атты.
Ауылдарда жүн иіру, тоқымашылықпен айналысқан. Киім жасау үшін кендір, зығыр, жүн қолданылады. Әйелдер шілтер тоқып, кесте тіккен. Ер адамдар ағаш өңдеумен айналысқан. Ағаш тұрғын үй салуға, ыдыс-аяқ, құрал-сайман, тұрмыстық заттар жасау үшін пайдаланылды. Олар саздан құйылған қазандар, пештерде тостағандар күйдіріп, құмыралар жасаған. Қолөнердің бұл түрі күні бүгінге дейін кең тараған.
Поляктардың басым бөлігі қалалық жерлерде орналасқан. Олар түрлі салалық өндірістер мен халыққа қызмет көрсету орындарында жұмыс істейді. Табиғи ерекшеліктері мен тарихи тағдырлары әрбір өңірде өзіндік дәстүрлі шаруашылық пен мәдениеттің қалыптасуына әсерін тигізген.
Баспаналары - жабын-қышпен, шабақтармен, сабанмен жабылған төрт жақты еңісті шатыры бар ағаш бөрене үй. Орта ғасырларда құрылыстарында құм мен саз араласқан тастан жасалған қарапайым іргетастар болған. Кейін үйлер кірпіш, тас, бетон, шлак блоктары, дайын панельдерден салына бастады. Аулада үйден бөлек сарайлар, астық сақтайтын қоймалар, малға қоралар салынды.
Мәдениеті
Халық арасында қолөнердің сан алуан түрлері (тоқымашылық, тігіншілік, құмырашылық, ағаш ою, т.б.), бай ауыз әдебиеті (тұрмыстық өлеңдер, аңыз-әңгімелер, ертегі, т.б.) сақталған.
Поляктардың тағамдары әртүрлі. Күнделікті диета көкөністерден, тамыр дақылдарынан, саңырауқұлақтардан, жидектерден, жаңғақтардан тұрады. Мерекеге ет дайындалды: шошқа, қой, құс еті. Балық аулаумен айналысқан халықтар ас мәзірін жаңа піскен, ысталған, кептірілген балықтармен әртараптандырды. Сиыр мен ешкі сүтінің негізінде ірімшік, сүзбе, қаймақ өнімдері жасалады. Дәстүрлі ұлттық тағамдары печенье (поволятки), пряник (торунь), торт, тәтті нандар және т.б. Сусындардан шай мен кофе жиі кездеседі. Белгілі алкогольдік сусындар: сыра, шарап, глинтвейн, медовуха т.б.
Ауылдық жерлерде поляктардың ұлттық киім кию дәстүрі әлі сақталған. Бұрын маталар жасау үшін шикізат ретінде кендір, жүн, зығыр пайдаланылды. Ұлттық киімдері: әйелдер юбка, көйлек, сыртынан алтын және күміс зермен тоқылған корсаж; ерлер жағалы көйлек, жолақты шалбар, көк кафтан, ал басына конфедератка киеді.
Қазақстандағы поляктар
Саяси жер аударылғандар Қазақстанда XIX ғасырда пайда болды (1926 жылы 1807 поляктың тұратын жері тіркелген). Поляктарды Қазақстанға Украина мен Белоруссиядан жаппай жер аудару 1936 жылы басталып, 1937 жылы жалғасты; жер аудару мен қоныс аударудың кезекті толқыны екінші дүниежүзілік соғыстың басында жүзеге асырылды (осы жылдары 200 мыңға жуық поляк жер аударылды. Қазақстанның поляк диаспорасы санының жалпы динамикасы:
- 61 445 (1970 ж.),
- 61 136 (1979 ж.),
- 59 354 (1989 ж.),
- 47 297 (1999 ж.),
- 29 728 (2020 ж.).
Қазақстанда Қазақстан поляктар одағына біріккен 15 облыстық поляктар қоғамы жұмыс істейді. Бұл қоғамдар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен үкіметтік мекемелерде поляк халқының мүдделерін білдіреді. Қазақстанда балалар мен ересектерге арналған 22 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, онда поляк тілі мен мәдениеті оқытылады. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Поляк тілі мен әдебиеті» мамандығы бар. Қазақстанда «Степовэ квяты» поляк халық ансамблі (Көкшетау қ.), балалар би ансамблі (Алматы қ.) кеңінен танымал. 2020 жылдың басындағы мəліметтер бойынша халықтың шоғырланып қоныстануы Солтүстік Қазақстан облысында – 37,33%, Ақмола облысында – 25,41%, Қарағанды облысында – 11,42% байқалады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
- Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 170-бет.
- https://travelask.ru/articles/polyaki-osobennosti-byta-traditsionnye-zanyatiya-kuhnya Жанна Галактионова. Поляки — особенности быта, традиционные занятия, кухня
- ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстан этносаясаты мен тәжірибесінің терминдері мен ұғымдары. Нұр-Сұлтан, 2020. 158-бет. ISBN 978-601-287-224-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Polyaktar pol Polacy polyaci slavyandy ult Polshanyn bajyrgy zhәne negizgi halky TMD elderinde AҚSh Franciya Kanada Belgiya Braziliya Argentina t b memleketterde de turady Zhalpy sany 45 mln adam 2003 PolyaktarBүkil halyktyn sany55 60 millionEn kop taralgan ajmaktar Polsha36 085 mln 2011 AҚSh8 98 mln Germaniya1 5 2 mln Braziliya1 8 mln Franciya1 05 mln Kanada900 myn Ұlybritaniya600 myn Belarus295 mynTilderipolyak tiliDinikatolikTiliSlavyan tilderinin batys tarmagyna zhatatyn polyak tilinde sojlejdi Tilderdin koparylma flektivti sintetikalyk tүrine zhatady nominativti kurylyspen sipattalady Zhazuy negizdelgen Polyak tilinin negizgi dialektileri velikopolyak pomeran silez malopolyak mazovec kashub Kashub dialektisinin zhikteliminde kajshylyktar bar birde ol derbes til retinde al baska zhagdajda polyak tilinin dialektisi retinde tanylady Polsha baska da slavyan memleketterimen shekaralasDiniPolyaktardyn basym kopshiligi destүr bojynsha hristian dininin katolik tarmagyn ustanady zhene din zhagynan zhogary belsendiligin bajkatady TarihyB z d I myn kazirgi Polsha aumagynda slavyandardyn ata babalary sanalatyn luzhick mәdenietinin tajpalary konystandy B z basynda osynda batys slavyan tajpalary venedter omir sүrdi Polyak etnosynyn kalyptasuy H g bastalady sol kezde polyaktar etnonimi pajda bolady Polyaktardyn etnikalyk negizin polyan goplan vislyan slenzan mazovshan lenchan pomoryan tajpalary kurady HIH g dialektilerimen mәdenietterimen zhәne turmystarymen erekshelengen polyaktardyn kelesi etnografiyalyk toptary saktaldy velikopolyandar kuyavyandar lenchicandar seradzyander mazovshandar kurptar malopolyandar silezder mazurlar varmyaktar kashubtar Orta gasyrlarda Polsha Litvamen ortak memleket kuryp ol kezde kүshti zhәne gүldengen el boldy Sodan kejin el tүriktermen orystarmen nemistermen sogys zhүrgizdi 16 gasyr Litva men Polsha Odagynyn kalyptasu kezeni boldy Korshi memlekettermen үzdiksiz kaktygystar baskynshylyk sogystar 40 tan astam ret tutangan koterilister eldin kүshin әlsiretti nәtizhesinde ol Avstriya Resej Prussiya 1772 arasynda boliniske tүsti Memleket tәuelsizdigin tek 1918 zhyly aldy KәsibiPolyaktardyn ezhelgi negizgi kәsibi eginshilik pen mal sharuashylygy boldy Olar eshki koj zhylky osirdi shoshka kus ustady Auyl turgyndary et sүt onimderimen zhүn koj terisimen kamtamasyz etildi Egiste zygyr kendir kara bidaj bidaj arpa osirildi 19 gasyrdan bastap omarta sharuashylygy damydy Auyldyk zherlerde kazirdin ozinde kobinin zheke omartalary bar Polyaktardyn ata babalary erte zamannan balyk aulaumen ajnalyskan Balyk sharuashylygy әli de үlken manyzga ie Қazirgi Polshada iri balyk aulau kәsiporyndary kuryldy olarda koptegen adamdar zhumys istejdi Polyaktardyn ezhelgi kәsipterinin biri iri zhәne usak zhanuarlardy aulau boldy Қaskyrlardy bizondardy bulandardy әdette top top bolyp aulap zhanuarlardy shunkyrlar men tuzaktarga ajdady Ұsak zhanuarlarga tuzaktar kakpandar salyndy olardy sadakpen atty Auyldarda zhүn iiru tokymashylykpen ajnalyskan Kiim zhasau үshin kendir zygyr zhүn koldanylady Әjelder shilter tokyp keste tikken Er adamdar agash ondeumen ajnalyskan Agash turgyn үj saluga ydys ayak kural sajman turmystyk zattar zhasau үshin pajdalanyldy Olar sazdan kujylgan kazandar peshterde tostagandar kүjdirip kumyralar zhasagan Қolonerdin bul tүri kүni bүginge dejin ken taragan Polyaktardyn basym boligi kalalyk zherlerde ornalaskan Olar tүrli salalyk ondirister men halykka kyzmet korsetu oryndarynda zhumys istejdi Tabigi erekshelikteri men tarihi tagdyrlary әrbir onirde ozindik dәstүrli sharuashylyk pen mәdeniettin kalyptasuyna әserin tigizgen Baspanalary zhabyn kyshpen shabaktarmen sabanmen zhabylgan tort zhakty enisti shatyry bar agash borene үj Orta gasyrlarda kurylystarynda kum men saz aralaskan tastan zhasalgan karapajym irgetastar bolgan Kejin үjler kirpish tas beton shlak bloktary dajyn panelderden salyna bastady Aulada үjden bolek sarajlar astyk saktajtyn kojmalar malga koralar salyndy MәdenietiҰlttyk kiimindegi polyak kyzdary Halyk arasynda kolonerdin san aluan tүrleri tokymashylyk tiginshilik kumyrashylyk agash oyu t b baj auyz әdebieti turmystyk olender anyz әngimeler ertegi t b saktalgan Polyaktardyn tagamdary әrtүrli Kүndelikti dieta kokonisterden tamyr dakyldarynan sanyraukulaktardan zhidekterden zhangaktardan turady Merekege et dajyndaldy shoshka koj kus eti Balyk aulaumen ajnalyskan halyktar as mәzirin zhana pisken ystalgan keptirilgen balyktarmen әrtaraptandyrdy Siyr men eshki sүtinin negizinde irimshik sүzbe kajmak onimderi zhasalady Dәstүrli ulttyk tagamdary pechene povolyatki pryanik torun tort tәtti nandar zhәne t b Susyndardan shaj men kofe zhii kezdesedi Belgili alkogoldik susyndar syra sharap glintvejn medovuha t b Auyldyk zherlerde polyaktardyn ulttyk kiim kiyu dәstүri әli saktalgan Buryn matalar zhasau үshin shikizat retinde kendir zhүn zygyr pajdalanyldy Ұlttyk kiimderi әjelder yubka kojlek syrtynan altyn zhәne kүmis zermen tokylgan korsazh erler zhagaly kojlek zholakty shalbar kok kaftan al basyna konfederatka kiedi Қazakstandagy polyaktarSayasi zher audarylgandar Қazakstanda XIX gasyrda pajda boldy 1926 zhyly 1807 polyaktyn turatyn zheri tirkelgen Polyaktardy Қazakstanga Ukraina men Belorussiyadan zhappaj zher audaru 1936 zhyly bastalyp 1937 zhyly zhalgasty zher audaru men konys audarudyn kezekti tolkyny ekinshi dүniezhүzilik sogystyn basynda zhүzege asyryldy osy zhyldary 200 mynga zhuyk polyak zher audaryldy Қazakstannyn polyak diasporasy sanynyn zhalpy dinamikasy 61 445 1970 zh 61 136 1979 zh 59 354 1989 zh 47 297 1999 zh 29 728 2020 zh Қazakstanda Қazakstan polyaktar odagyna birikken 15 oblystyk polyaktar kogamy zhumys istejdi Bul kogamdar Қazakstan halky Assambleyasy men үkimettik mekemelerde polyak halkynyn mүddelerin bildiredi Қazakstanda balalar men eresekterge arnalgan 22 zheksenbilik mektep zhumys istejdi onda polyak tili men mәdenieti okytylady Abylaj han atyndagy Қazak Halykaralyk katynastar zhәne әlem tilderi universitetinde zhәne Sh Uәlihanov atyndagy Kokshetau memlekettik universitetinde Polyak tili men әdebieti mamandygy bar Қazakstanda Stepove kvyaty polyak halyk ansambli Kokshetau k balalar bi ansambli Almaty k keninen tanymal 2020 zhyldyn basyndagy melimetter bojynsha halyktyn shogyrlanyp konystanuy Soltүstik Қazakstan oblysynda 37 33 Akmola oblysynda 25 41 Қaragandy oblysynda 11 42 bajkalady DerekkozderҚazak enciklopediyasyҚazakstan enciklopediyasy VII tom E D Sүlejmenova D H Akanova N Zh Shajmerdenova Қazakstan tilderi әleumettik lingvistika anyktamalygy Kitap Almaty Izdatelstvo Zolotaya Kniga ZhShS 2020 zh 170 bet https travelask ru articles polyaki osobennosti byta traditsionnye zanyatiya kuhnya Zhanna Galaktionova Polyaki osobennosti byta tradicionnye zanyatiya kuhnya ETNOSAYaSI SӨZDIK Қazakstan etnosayasaty men tәzhiribesinin terminderi men ugymdary Nur Sultan 2020 158 bet ISBN 978 601 287 224 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet