1921–1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921–1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921 жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары».. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.
Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920–1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.
Ашаршылықтың көп аймақтарды қамтуы
Ашаршылық отырықшы аймақтарды да қамтыды. 1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, «егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: «бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз» деген айқаймен қарсы алды. Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды.
1921 жылғы тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының бесеуі: Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары Түркістан АКСР-і құрамындағы Сырдария және Жетісу губернияларын қоспағанда және Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұрынды.
Жұқпалы аурулардың таралуы
Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды.. Ашаршылық Қазақстанның басқа аймақтарын да айналып өткен жоқ.. Сол кезде Тарғын-Бөкей губерниялы кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Х.Д. Чурин өз естелігінде: «1921 — 1922 жылдардың қысында уезд орталығы болған кенттің көшелерінде біз таңғы сағат 5-6-ларда кейде ондаған адам өліктерін жинайтынбыз» деп жазды. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті.. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. КазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2 832 000 адамды құраған.. Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Оның 50,3%-ы — қазақтар, 31,2%-ы - орыстар, 14,4%-ы – украиндар болатын.
Қазақ республикасында 1922 жылдың наурыз және сәуір айларындағы дерек бойынша, Семей губерниясының тұрғындарын қоспағанда, алты губерния тұрғындарының 68,2%-ы ашықты. Кейбір губернияларда ашыққандар саны орта көрсеткіштен де асып кетті. Мәселен, Орал губерниясында тұрғындардың 99%-ы, Орынбор губерниясында -80,3%-ы, Қостанай губерниясында 74,5%-ы аштық құрсауында қалды. Бөкей губерниясында осы көрсеткіш 29,5%-ды, Ақмола губерниясында 40,2%-ды құрады..
Аштық пен құрғақшылықтан зардап шеккен губернияларда мал саны күрт азайды. Тек Қостанай губерниясында ғана 1920 жылмен салыстырғанда 1922 жылы жылқы 63%-ға, ірі қара (сауын малы) 50%- пайызға, ұсақ мал 65%-ға азайды, егіс алқабы 62%-ға қысқарды . (РК(б)П Қостанай губерниялық комитеті мен бақылау комиссиясының есебінен, Қостанай. 1923 жыл, 10-мәлімет).
Республиканың ашаршылық жайлаған губернияларының тұрғындары жан сауғалап өз еріктерімен оңтүстікке — Түркістан республикасына, шығыста - Ақмола және Семей губернияларына қарай босты. Еділ бойының тұрғындары Орынбор жәнеТүркістан губернияларына қарай ығысты. Мұның өзі Қазақстандағы жағдайды одан әрі күрделілендіріп жіберді.
Көршілес республикалардан босып келген аш адамдардың толассыз ағыны астығы жақсы деп есептелетін Ақмола және Семей губернияларының да ашыққан халық санын көбейте түсті. 1922 жылдың наурызында-ақ ашыққандар саны 472 мың адамды құрады, ал бұл губернияның 1921 жылғы барлық тұрғындарының жалпы санынан сәл ғана кем еді. Республиканың ашаршылық өршіген аймақтарының халқы азық-түлік қорындағы болмашы астықты талау әрекетіне кірісті.
1922 жылғы 19-27 ақпанда Орынборда өткен екінші жалпы қазақстанды өңірлік партия конференциясында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешевтің «Қазақ АКСР-індегі ашаршылық және онымен күрес» деген тақырыпта баяндамасы тыңдалды. Конференция көрсеткендей, ашаршылық Семей және Ақмола губернияларын қоспағанда, республиканың барлық аймақтарын қамтыды. «Ашаршылықтың ғаламат болғаны соншалық, жүрек жалғайтын түк таппаған аш-арықтар өлгендер мәйітін де талғажу етті. ...Бүкіл елге тараған зұлмат аштық Қазақ АКСР-інің шаруашылық-экономикалық өмірін дамытуда басты кедергі болды, ол кеңестік құрылыс іргетасын шайқап қана қойған жоқ, сонымен бірге халықтың басты көпшілігін қайыршылыққа ұшыратты» . деп жазылды конференция қарарында. Құжатта ашаршылықпен және оның салдарымен күресуге бағытталған бірқатар нақты шаралар белгіленді. Конференция ашыққандарға көмек көрсету жөніндегі комиссияны жұмысына партияның белсенді қызметкерлерін тарту қажеттігін атап көрсетті. Конференция делегаттары РКФСР көлік қызметкерлеріне арнап ашаршылықтан зардап шеккен аймақтарға тамақ өнімдері мен астықты үздіксіз жеткізу туралы үндеу қабылдады. «Дала өлкесіндегі қазақ халқына көмек көрсетуге назар аударылсын, - деп айтылды қарарда, - сол үшін аппарат қызметін қайта құру қажет»..
Республиканың губерниялық және уездік атқару комитеттерінің жандарынан ашыққандарға көмек көрсету жөнінде арнаулы комиссия құрылды. Алғашқы комиссиялардың бірі Кеңестердің Торғай уездік атқару комитетінің жанынан 1921 жылдың көктемінде-ақ ұйымдастырылып, жұмысын бастады.
Ашыққан ауылдар мен болыстарға алғашқы көмекті ұйымдастыру үшін уездік атқару комитеті мүшелерінің барлығы дерлік елге жіберілді, 1921 жылдың көктемінде әр селолық кеңестің жанынан көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізу үшін арнаулы комиссиялар құрылды, олар мүмкіндігінше қажетті астықпен қамтамасыз етілді. Аштық жайлаған Торғай уезінің тұрғындарына губерниялық азық-түлік комитеті көмек ретінде 50 000 пұт астық және көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге тұқым қорынан 500 пұтастық бөлді..
Торғай уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 12 мамырдағы кеңейтілген отырысында ашыққан халыққа жедел көмек көрсету жөнінде мәселе қаралды. Отырысқа уездік атқару комитетінің Т. Жүргенов басқарған мүшелері, ОАК-нің өкілдері Ә. Жангелдин, С. Арғыншиев, Тимошенко мен Арынғазиев қатысты. Уездік атқару комитеті төрағасының басқаруымен жабдықтау бөлімі, экономикалық және азық-түлік бөлімдері өкілдерінен ашыққан халыққа жедел көмек көрсету үшін комиссия құру туралы шешім қабылданды. Жергілікті жерлерде Комиссия бөлімшелерін ұйымдастыру көзделді..
Ашаршылық 1921 жылы Қостанай уезінің барлық аудандарына дерлік тарады. Көптеген болыс тұрғындарының 75%-ына жуығы аштықтан зардап шекті. Болыстық, селолық және ауылдық кеңестер ашаршылық пен бала өлімін тексеру үшін аянбай күресті.
- жылдың екінші жартысында уездің ауылдары мен селоларында 10 балалар үйі ашылды, онда 1000-ға жуық ашыққан балалар орналастырылды. Балалар үйі азық-түлік салығы есебінен тамақпен қамтамасыз етілді, отындық ағаш дайындау шаруашылық қаражатымен жүзеге асырылды. Осыған қоса барлық болыс орталықтарында ашыққандарды тегін тамақтандыратын асханалар жұмыс істеді Ауқатты адамдардан өндіріліп алынған қосымша салық асханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етті. 1921 жылы осындай шаралар Қазақстанның басқа аймақтарында да жүргізілді. Мысалы, Ойыл уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 16 шілдедегі шешіміне сәйкес қараусыз, ашыққан картгарды болыстардағы ауқатты адамдарға табыстады. Оларды тегін тамақтандырып, жатар жаймен қамтамасыз етуді міндеттеді..
- жылдың көктеміне қарай республика бойынша ашыққандарға көмек корсету үшін барлығы 7 губернииялық, губерниялыққа теңестірілген 1 уездік (Адай губерниясы), 46 уездік және аудандық, 1127 болыстық, ауылдық және селолық комиссиялар ұйымдастырылды. Сонымен бірге 556 жергілікті өзара көмек комитеттері құрылды. Барлық комиссиялардың қызметін Қазақстан ОАК-і жанынан ұйымдастырылған, ашыққандарға көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия үйлестіріп отырды..
Комиссияларға ашаршылықпен күресуші губерниялық, уездік, болыстық, ауылдық және селолық төтенше органдардың әкімшілік тетіктерін кедергісіз пайдалану өкілеттігі берілді. Олардың кез келген мекен-жайына жөнелтілетін жүктерді комиссиялар бақылап отырды. 1920 жылдың 1 тамызынан бастап ашыққан губерниялардың атқарушы комитеттеріне аштықпен күресті күшейту үшін арнаулы салық жинау, ауқатты адамдар тарапынан ашыққандарға көмек ұйымдастыру, өз қаражаттары есебінен губерния аумағынан тыс жерлерде азық-түлік дайындау құқығы берілді. Комиссиялар жұмысының арқасында 1921 жылдың күзінен бастап көптеген аштыққа ұрынған елді мекендерде тегін тамақтандыратын асханалар ашылды, қараусыз балаларға арналып балалар үйлері ұйымдастырылды. Мысалы, Қостанай уезінің болыстарында 1921 жылы алты балалар үйі жұмыс істеді, мыңнан астам бала жатын жаймен және тамақпен қамтамасыз етілді.. Бөкей губерниясында 15 мың аш адамдар, мардымсыз болса да, азық-түлік паегімен қамтамасыз етілді. Ақтөбе губерниясы Ойыл уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 16 шілдедегі шешіміне сәйкес, ауқатты және күйлі адамдар ашыққандардың белгілі бір бөлігін жатын жаймен, тегін тамақпен қамтамасыз етуге міндеттелді..
1922 жылдан бастап аштық Бөкей губерниясында, әсіресе Тарғын, Талов және Жаңа қала аудандарында өрши түсті. Жергілікті өкімет органдарының аштықпен күрес жөніндегі қызметі және республика үкіметінің ашыққан аудандарға көмегі сол кезде Тарғын уездік атқару комитетінің төрағасы міндетін атқарған X. Чурин мен Ж. Сәрсековтың жазбаларында былай бейнеленеді: «...мемлекет тарапынан көрсетілген көмекке қоса жергілікті жерлерден қосымша көмек көздерін іздестіруге тура келді. Теміржолдан шалғайдағы құм жоталары арасында жатқан болыстардың бірқатар адамдарын құтқару үшін төтенше жедел шаралар қолданылды. Ашыққан халыққа көмек көрсету мәселесін шешу үшін Жәнібекке КазОАК-нің төрағасы С. Меңдешов келді. «Сіздер әлі жас болсаңыздар да, - деді ол, - дегенмен уезді басқарып отырсыздар... партия мен үкімет сіздерге барлық адамдарды аштықтан құтқару міндетін жүктеп отыр. Ауқатты шаруалардың мүмкіндіктерін қарастыру қажет, революциялық заңның революциялық қатал тәртібі де болады».
Ашаршылықпен күрес
«Осыдан кейін біз әр болысқа бір-бір адамнан жібердік. Олар болыстық атқару комитеттерінің жандарынан комиссиялар ұйымдастыруы, көмек ретінде, кімде қанша мал, қанша астық, қанша ақша бар, соның тізімін жасауы тиіс болды; осы тізімдер болыстық атқару комитеттерінің бекітуіне жатқызылды»..
Тарғын уезіндегі ашаршылықпен күрес жөніндегі төтенше комиссия Жәнібек кентінде орналасты. Кеңес аппаратының және партияның уездік органдарының барлық қызметкерлері дерлік ашаршылықпен күресті ұйымдастыру үшін шалғай ауылдарға жіберілді. Уезд орталығында ашыққандарға арналған 8 тегін тамақтандыру пункті жұмыс істеді, солармен іргелес қараусыз қалғандар үшін жатақхана ұйымдастырылды..
1922 жылы КазАКСР-інің партия ұйымдары мен кеңес органдарының барлық күш-жігері ашаршылықпен күреске бағытталды. Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия мен жергілікті кеңес органдары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1922 жылдың ортасына қарай 777 192 адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды..
Елдің орталық аудандарындағы ауыр жағдайларға қарамастан РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақстандағы ашаршылық құрбандарына дәрі-дәрмек, азық-түлік, астық түрінде айтарлықтай көмек көрсетті.
1922 жылдың көктемгі тұқым себу жұмыстары қарсаңында Қазақстанның аудандары тегін көмек ретінде 907 501 пұт тұқымдық астық алды. Олардың тұқым сепкен алқабы 957 224 десятинаға жетті. Тұтас алғанда, барлық тұқымдық астық 1922 жылдың өзінде-ақ Қазақстанда себіліп болды..
Қаңғып қалған балаларға ерекше назар аударылды. Балалардың тұрмысы мен өмірін жақсарту жөніндегі комиссия Ашыққандарға көмек көрсететін республикалық Орталық комиссияның балалар арасындағы аштықпен күрес жөніндегі арнаулы бөлімі болып қайта құрылды. Республиканың аштық жайлаған барлық губернияларында бөлімнің жергілікті органдары ұйымдастырылды. Осы ұйымдардың жұмысы нәтижесінде 1922 жылдың бірінші жартысында республиканың 5 губерниясында аш және қараусыз балаларды тамақпен және киіммен тегін қамтамасыз ететін 575 балалар үйі мен 9 станция пайда болды. Ресей Федерациясының жағдайы қанағаттанарлық деп есептелген кейбір губернияларына 18 496 қаңғып қалған балалар мен жетім балаларды тиеген 16 әскери-санитарлық поезд жөнелтілді..
Толық емес деректер бойынша, тек 1922 жылы ғана ҚазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына елдің әр түрлі аудандарынан 66 790 пұт астық пен азық-түліктін басқа да түрлері, 161 567 паек, жарты миллион сомға жуық ақшалай көмек, 100 пұттан астам сабын, бірнеше мың метр мата, бірнеше жүздеген пар аяқ киім, көптеген дәрі-дәрмек берілді..
Қазақстанның аштық жайлаған губернияларына Семей губерниясы айтарлықтай көмек көрсетті: өз губерниясында дайындаған азық-түлікке қоса, республиканың және Еділ бойынын ашыққан тұрғындары үшін кршілес Моңғолиядан 1922 жылы 77 000 қой және 5 000 ірі қара сатып алды..
Кейбір халықаралық ұйымдар (Қызыл Крест, балаларға көмек көрсету жөніндегі Халықаралық Одақ және басқалары) мен жекелеген белгілі тұлғалар да көмек көрсетті. Мәселен, Норвегияның әлемге танымал ғалымы және қоғам қайраткері Ф. Нансен КазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына 4 052 жәшік консерві, 20 жәшік кептірілген нан, 30 пұт медикаменттері бар екі жылжымалы амбулатория берді..
Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі РКФСР Орталық Комиссиясы 1923 жылы Қазақстандағы көктемгі eгic жұмыстарының қажетіне 215 мың пұт тұқымдық астық пен жұмыс көлігін сатып алу үшін 1 441 429 сом бөлді, мемлекеттік банк арқылы жекелеген аймақтарға 690 мың сом көлемінде тиімді жағдайда несие берді..Тұтынушылардың Орталық одағы арнаулы қорынан Ақтөбе, Қостанай, Орынбор және Орал губернияларының кооперативтік ұйымдарына көмек ретінде 585 мың сом бөлінді.
Сондай-ақ республиканың тек мал өсірумен шұғылданатын және ашаршылықтан зардап шеккен аудандарына да айтарлықтай көмек көрсетілді. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарға көмек көрсетілген кезде оларды шаруашылық және тұрмыстық ерекшеліктері ескерілді. Олардың қажетін толық көлемінде қанағаттандыру үшін жылжымалы тамақтандыру пункттері жұмыс істеді. Осындай әр пунктке дербес дәрігер бекітіліп берілді. Осыған қоса, медициналық қызмет көрсететін, алып жүруге қолайлы палаталық пункттер ұйымдастырылды. Мысалы, Қызыл Крест тарапынан 11 дәрігерлік-тамақтандыру отряды ұйымдастырылып, жұмыс істеді, олар ашыққан көшпелі қазақ ауылдарына қызмет көрсетті. Осы отрядтар ашыққандарға өз асханалары арқылы 2000 азық-түлік паегін бөлді, медициналық пункттері мен ауруханалары арқылы қажетті көмек көрсетті. Сонымен бірге КазАКСР-інің Ақмола және Семей губернияларының, Түркістан АКСР-інің Сырдария және Жетісу губернияларының тұрғындарына, ашаршылықтан зардап шеккен көшпелі және жартылай көшпелі аудандарға көмек ретінде 6 927 ірі мүйізді қара мен ұсақ тұяқ берілді.
1922 жылдың соңына қарай босқындар туған өлкелеріне орала бастады. Оларды қарсы алу мен орналастыру жұмыстары жергілікті кеңестерге жүктелді. Мұндай жұмыстың ауырлығы мен қиындығы ашаршылықпен күресу жөніндегі жұмыстан кем түскен жоқ. Босқындарды қарсы алатын, оларды ауылдарға, кенттерге, қалаларға және басқа елді мекендерге орналастыру жұмысын ұйымдастыратын арнаулы комиссиялар құрылды. Кеңес үкіметі оралғандарға арнап әлеуметтік жеңілдіктер көздеді. Өз мекеніне қайтуға тілек білдіргендер үшін жолақысына 40 000 сом бөлінді. Осыған қоса, ішінде пеші бар жүк поездарымен еліне қайтқандарға жолақысының 50%-ын төлеуге рұқсат етілді. 1922 жылғы 1 тамыздан бастап оралғандарды салықтың барлық түрінен босату көзделді. 1921 — 1923 жылдардағы ашаршылықтан зардап шеккендер мен азық-түлікке өте зәру губерниялардың тұрғындарына да осындай жеңілдіктер қарастырылды. Күйзелген шаруашылықтарға мемлекет тарапынан өндірістік көмек көрсетілді, ал малы жоқ, орташа ғана астық жинаған шаруашылықтар азық-түлік салығының 50%-ынан босатылды, сондай-ақ 1921-1922 жылдарға берілген несиені төлеу мерзімі ұзартылды, бірыңғай мемлекеттік салық төлемі бойынша жеңілдіктер жасалды.
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Кеңесінің 1923 жылғы 20 маусымдағы декретімен сол жылдың 1 тамызынан бастап ашаршылықпен және оның салдарымен күрес жөніндегі комиссиялар таратылды. Олардың міндеттері енді ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі арнайы ұйымдастырылған комитетке жүктелді. Бірсыпыра уақыт өткеннен кейін сондай комитет КазОАК-нің жанынан да ұйымдастырылды.
Дереккөздер
- Толмачев А. Калинин. Москва, 1963, 173-6.
- Сонда, 320-к., 1-т., 33-ic, 12-ri.
- Сонда, 18-п.
- Чурин X. Сквозь бурю. А., 1967, 121, 122-6.
- КР ОММ, 320-к., 1-т., 33-ic, 12, 20-п.
- III сессия КирЦИКа. Полный стенографический отчет. 8-18 шілде 1922 ж. Оренбург. 1922, 2-6.
- Сонда.
- Сонда, 245-ic, 250-253-п.
- Отчет Кустанайского губкома РКП(б) и контрольной комиссии. Кустанай. 1923, 10-6.
- Чурин X., Сэрсеков Ж. Күрес күндерінде. А., 1960, 115—116-беттер.
- Казахстанская организация ВКП(б) в решениях ее конференций и пленумов. 1920-1925 жж. Вып. 1. Алма-Ата-Москва, 1931, 43-6.
- КР ОММ, 40-к., 1-т., 287-ic, 4, 5-л.
- Сонда, 2-п.
- Сонда, 245-ic, 252, 253-п.
- Сонда, 289-ic, 2-п
- Сонда, 253-п.
- III сессия КирЦИКа..., 2.
- Социалист Қазақстан, 1970, 26 тамыз.
- III сессия КирЦИКа..., 15-6.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
1921 1922 zhyldardagy asharshylyk Azamat sogysy ayaktalgannan kejin Kenester elin tagy bir auyr synak kүtip turdy 1921 1922 zhyldardagy uzakka sozylgan karsyz kys zhauynsyz zhazga ulasty Қysta kardyn koktem men zhazda zhauynnyn bolmauy katty kurgakshylykty onyn saldary asharshylyk nәubetin әkeldi 1921 zhyldyn zhazynda ol eldin koptegen onirlerin әsirese Edil bojy audandaryn zhajlady 1921 zhyldyn kүzine karaj bүkil el bojynsha 20 mln astam adam ashtykka ushyrady Etek algan asharshylykka bajlanysty RK b P Ortalyk Komiteti 1921 zhylgy 17 shildede partiyanyn barlyk mүshelerine arnajy үndeu zholdady Asharshylyk delindi үndeude tek kurgakshylyktyn nәtizhesi emes onyn sebebi agrarlyk sektordyn artta kaluynda auyl sharuashylyk bilimi dengejinin tomendiginde auyspaly egis nysandarynyn eskiliginde bul zhәne sogys pen әskeri korshaudyn sondaj ak pomeshikter men kapitalisterdin zhәne olardyn itarshylarynyn bizge karsy kүresinin bәsensimej otyrganynyn da saldary Partiya kuzhattarynda korsetilgen sebeptermen birge zhappaj asharshylyk Kenes okimeti katan zhүrgizgen halyk sharuashylygyna әsirese auyl sharuashylygy salasyna katty sokky bolyp tigen әskeri kommunizm sayasatynyn nәtizhesindegi totenshe ekonomikalyk zhagdajlarga da bajlanysty tuyndady Қazakstannyn kopshilik audandary etek zhajgan asharshylyk kursauynda kaldy Oral Orynbor Қostanaj Bokej Aktobe guberniyalarynda sebilgen astyk katty kurgakshylyktan shykpaj kaldy shykkandary zhazgy ystykta kurap kaldy Mal osirumen ajnalysatyn koshpeli zhәne zhartylaj koshpeli audandardagy zhajylymdar men shabyndyktar tolyktaj kүjip ketti Onyn үstine 1920 1921 zhyldardagy uzakka sozylgan katal kys Torgaj uezinde maldyn zhappaj kyryluyna әkep sokty Shubalan Majkara Sarykopa zhәne baska bolystar da zardap shekti Asharshylyk kurbandarynyn ashtan olgenderdin sany kүn sajyn kobeje berdi Asharshylyktyn kop ajmaktardy kamtuyAsharshylyk otyrykshy ajmaktardy da kamtydy 1921 zhylgy akpan nauryz ajlarynda Қostanaj guberniyasyndagy Isaev Dedov audandyk kenesi atkaru komitetinin Қazak AKSR Halyk Komissarlary Kenesine zholdagan esebinde audan turgyndarynyn ash ekendigi sondaj ak zhekelegen auyldardyn narazylyk bildirip zhatkany turaly ajtyldy Birkatar ajmaktarda sharualar arasynan memlekettik tapsyrys bojynsha zhinalgan astykty ruksatsyz bolip algan faktileri atap korsetildi Mәselen Dmitriev selosynyn eki zhүzge zhuyk әjeli korshiles kentterden kosylgan әjeldermen birge zhinalgan astykty Orynbor astyk kojmasyna tapsyruga ashyk karsylyk bildirdi eger sizder zhinalgan astykty әketetin bolsanyzdar biz ashtan kyrylamyz degen uranmen shykty Al Vasilev selosynyn turgyndary kәdimgi kүn sajyngy tangy zhiynda shirkeu konyrauymen bir mezgilde bir үzim nan men mal azygy tonireginde kyzu ajtys ujymdastyrdy Olar kenesterdin zhergilikti okilderin bizge astyk berinizder әjtpese biz ashtan kyrylamyz degen ajkajmen karsy aldy Nikolsk selosynyn turgyndary sol kezde koktemgi dәn sebu naukanyna әzirlengen tukymdyk astykty ruksatsyz ozara bolip aldy 1921 zhylgy tamyzdan bastap Orynbor Aktobe Bokej Oral zhәne Қostanaj guberniyalary ashtyktan zardap shekken ajmaktardyn tizimine resmi tүrde engizildi 1921 zhyldyn kүzine karaj Қazak AKSR inin zheti guberniyasynyn beseui Orynbor Aktobe Bokej Oral zhәne Қostanaj guberniyalary Tүrkistan AKSR i kuramyndagy Syrdariya zhәne Zhetisu guberniyalaryn kospaganda zhәne Adaj uezinin turgyndary ashtykka uryndy Zhukpaly aurulardyn taraluyAshtykpen birge sүzek tyryskak oba dingene zhәne baska aurular da katar keldi Zhukpaly aurularmen auyrgan adamdardyn sany respublikanyn emdeu mekemelerinin mүmkindikterinen edәuir asyp ketti Ashtyk pen kajyrshylyk kүj epidemiya auruhanalardyn zhetispeui osynyn bәri aurular arasyndagy olimnin sanyn kobejtip zhiberdi Mysaly Қostanaj guberniyasynda ashtar men aurulardyn 75 ga zhuygy koz zhumdy Respublikanyn Densaulyk saktau halyk komissariatynyn derekteri bojynsha Orynbor Oral Akmola zhәne Aktobe guberniyalarynda 1921 zhyldyn 1 karashasy men 1922 zhyldyn 1 shildesi arasynda 37 657 adam asharshylyk kurbany boldy Asharshylyk Қazakstannyn baska ajmaktaryn da ajnalyp otken zhok Sol kezde Targyn Bokej guberniyaly kenesi atkaru komitetinin toragasy kyzmetin atkargan H D Churin oz esteliginde 1921 1922 zhyldardyn kysynda uezd ortalygy bolgan kenttin koshelerinde biz tangy sagat 5 6 larda kejde ondagan adam olikterin zhinajtynbyz dep zhazdy Ata anasy koz zhumyp karausyz kalgan balalardyn kүn sajyn 50 60 yn zhergilikti okimet organdary balalar үjlerine boldi Eger 1921 zhylgy 1 zheltoksandagy derekter bojynsha karausyz kalgan ash zhalanash balalar sany Қazak AKSR i bojynsha 128 000 bolsa osy zhyldyn sonynda bul korsetkish 158 000 ga al 1923 zhylgy 1 nauryzga karaj 408 022 ge zhetti 1922 zhylgy nauryz sәuir ajlarynda Қazakstandy kyskan asharshylyk mүlde askynyp ketti KazOAK nin Toragasy S Mendeshevtin 1922 zhylgy 8 shildede KazOAK nin III sessiyasynda zhasagan bayandamasynda osy zhyldyn kokteminde alyngan tolyk emes derekter bojynsha Қazakstan bojynsha ashtykka uryngandar sany 2 832 000 adamdy kuragan Al 1920 zhyldyn sonynda respublikanyn barlyk turgyndarynyn sany 4 781 263 adam edi Onyn 50 3 y kazaktar 31 2 y orystar 14 4 y ukraindar bolatyn Қazak respublikasynda 1922 zhyldyn nauryz zhәne sәuir ajlaryndagy derek bojynsha Semej guberniyasynyn turgyndaryn kospaganda alty guberniya turgyndarynyn 68 2 y ashykty Kejbir guberniyalarda ashykkandar sany orta korsetkishten de asyp ketti Mәselen Oral guberniyasynda turgyndardyn 99 y Orynbor guberniyasynda 80 3 y Қostanaj guberniyasynda 74 5 y ashtyk kursauynda kaldy Bokej guberniyasynda osy korsetkish 29 5 dy Akmola guberniyasynda 40 2 dy kurady Ashtyk pen kurgakshylyktan zardap shekken guberniyalarda mal sany kүrt azajdy Tek Қostanaj guberniyasynda gana 1920 zhylmen salystyrganda 1922 zhyly zhylky 63 ga iri kara sauyn maly 50 pajyzga usak mal 65 ga azajdy egis alkaby 62 ga kyskardy RK b P Қostanaj guberniyalyk komiteti men bakylau komissiyasynyn esebinen Қostanaj 1923 zhyl 10 mәlimet Respublikanyn asharshylyk zhajlagan guberniyalarynyn turgyndary zhan saugalap oz erikterimen ontүstikke Tүrkistan respublikasyna shygysta Akmola zhәne Semej guberniyalaryna karaj bosty Edil bojynyn turgyndary Orynbor zhәneTүrkistan guberniyalaryna karaj ygysty Munyn ozi Қazakstandagy zhagdajdy odan әri kүrdelilendirip zhiberdi Korshiles respublikalardan bosyp kelgen ash adamdardyn tolassyz agyny astygy zhaksy dep esepteletin Akmola zhәne Semej guberniyalarynyn da ashykkan halyk sanyn kobejte tүsti 1922 zhyldyn nauryzynda ak ashykkandar sany 472 myn adamdy kurady al bul guberniyanyn 1921 zhylgy barlyk turgyndarynyn zhalpy sanynan sәl gana kem edi Respublikanyn asharshylyk orshigen ajmaktarynyn halky azyk tүlik koryndagy bolmashy astykty talau әreketine kiristi 1922 zhylgy 19 27 akpanda Orynborda otken ekinshi zhalpy kazakstandy onirlik partiya konferenciyasynda Қazakstan Ortalyk Atkaru Komitetinin toragasy S Mendeshevtin Қazak AKSR indegi asharshylyk zhәne onymen kүres degen takyrypta bayandamasy tyndaldy Konferenciya korsetkendej asharshylyk Semej zhәne Akmola guberniyalaryn kospaganda respublikanyn barlyk ajmaktaryn kamtydy Asharshylyktyn galamat bolgany sonshalyk zhүrek zhalgajtyn tүk tappagan ash aryktar olgender mәjitin de talgazhu etti Bүkil elge taragan zulmat ashtyk Қazak AKSR inin sharuashylyk ekonomikalyk omirin damytuda basty kedergi boldy ol kenestik kurylys irgetasyn shajkap kana kojgan zhok sonymen birge halyktyn basty kopshiligin kajyrshylykka ushyratty dep zhazyldy konferenciya kararynda Қuzhatta asharshylykpen zhәne onyn saldarymen kүresuge bagyttalgan birkatar nakty sharalar belgilendi Konferenciya ashykkandarga komek korsetu zhonindegi komissiyany zhumysyna partiyanyn belsendi kyzmetkerlerin tartu kazhettigin atap korsetti Konferenciya delegattary RKFSR kolik kyzmetkerlerine arnap asharshylyktan zardap shekken ajmaktarga tamak onimderi men astykty үzdiksiz zhetkizu turaly үndeu kabyldady Dala olkesindegi kazak halkyna komek korsetuge nazar audarylsyn dep ajtyldy kararda sol үshin apparat kyzmetin kajta kuru kazhet Respublikanyn guberniyalyk zhәne uezdik atkaru komitetterinin zhandarynan ashykkandarga komek korsetu zhoninde arnauly komissiya kuryldy Algashky komissiyalardyn biri Kenesterdin Torgaj uezdik atkaru komitetinin zhanynan 1921 zhyldyn kokteminde ak ujymdastyrylyp zhumysyn bastady Ashykkan auyldar men bolystarga algashky komekti ujymdastyru үshin uezdik atkaru komiteti mүshelerinin barlygy derlik elge zhiberildi 1921 zhyldyn kokteminde әr selolyk kenestin zhanynan koktemgi egis zhumystaryn ojdagydaj otkizu үshin arnauly komissiyalar kuryldy olar mүmkindiginshe kazhetti astykpen kamtamasyz etildi Ashtyk zhajlagan Torgaj uezinin turgyndaryna guberniyalyk azyk tүlik komiteti komek retinde 50 000 put astyk zhәne koktemgi egis zhumystaryn zhүrgizuge tukym korynan 500 putastyk boldi Torgaj uezdik atkaru komitetinin 1921 zhylgy 12 mamyrdagy kenejtilgen otyrysynda ashykkan halykka zhedel komek korsetu zhoninde mәsele karaldy Otyryska uezdik atkaru komitetinin T Zhүrgenov baskargan mүsheleri OAK nin okilderi Ә Zhangeldin S Argynshiev Timoshenko men Aryngaziev katysty Uezdik atkaru komiteti toragasynyn baskaruymen zhabdyktau bolimi ekonomikalyk zhәne azyk tүlik bolimderi okilderinen ashykkan halykka zhedel komek korsetu үshin komissiya kuru turaly sheshim kabyldandy Zhergilikti zherlerde Komissiya bolimshelerin ujymdastyru kozdeldi Asharshylyk 1921 zhyly Қostanaj uezinin barlyk audandaryna derlik tarady Koptegen bolys turgyndarynyn 75 yna zhuygy ashtyktan zardap shekti Bolystyk selolyk zhәne auyldyk kenester asharshylyk pen bala olimin tekseru үshin ayanbaj kүresti zhyldyn ekinshi zhartysynda uezdin auyldary men selolarynda 10 balalar үji ashyldy onda 1000 ga zhuyk ashykkan balalar ornalastyryldy Balalar үji azyk tүlik salygy esebinen tamakpen kamtamasyz etildi otyndyk agash dajyndau sharuashylyk karazhatymen zhүzege asyryldy Osygan kosa barlyk bolys ortalyktarynda ashykkandardy tegin tamaktandyratyn ashanalar zhumys istedi Aukatty adamdardan ondirilip alyngan kosymsha salyk ashanalardy azyk tүlikpen kamtamasyz etti 1921 zhyly osyndaj sharalar Қazakstannyn baska ajmaktarynda da zhүrgizildi Mysaly Ojyl uezdik atkaru komitetinin 1921 zhylgy 16 shildedegi sheshimine sәjkes karausyz ashykkan kartgardy bolystardagy aukatty adamdarga tabystady Olardy tegin tamaktandyryp zhatar zhajmen kamtamasyz etudi mindettedi zhyldyn koktemine karaj respublika bojynsha ashykkandarga komek korsetu үshin barlygy 7 guberniiyalyk guberniyalykka tenestirilgen 1 uezdik Adaj guberniyasy 46 uezdik zhәne audandyk 1127 bolystyk auyldyk zhәne selolyk komissiyalar ujymdastyryldy Sonymen birge 556 zhergilikti ozara komek komitetteri kuryldy Barlyk komissiyalardyn kyzmetin Қazakstan OAK i zhanynan ujymdastyrylgan ashykkandarga komek korsetu zhonindegi Ortalyk komissiya үjlestirip otyrdy Komissiyalarga asharshylykpen kүresushi guberniyalyk uezdik bolystyk auyldyk zhәne selolyk totenshe organdardyn әkimshilik tetikterin kedergisiz pajdalanu okilettigi berildi Olardyn kez kelgen meken zhajyna zhoneltiletin zhүkterdi komissiyalar bakylap otyrdy 1920 zhyldyn 1 tamyzynan bastap ashykkan guberniyalardyn atkarushy komitetterine ashtykpen kүresti kүshejtu үshin arnauly salyk zhinau aukatty adamdar tarapynan ashykkandarga komek ujymdastyru oz karazhattary esebinen guberniya aumagynan tys zherlerde azyk tүlik dajyndau kukygy berildi Komissiyalar zhumysynyn arkasynda 1921 zhyldyn kүzinen bastap koptegen ashtykka uryngan eldi mekenderde tegin tamaktandyratyn ashanalar ashyldy karausyz balalarga arnalyp balalar үjleri ujymdastyryldy Mysaly Қostanaj uezinin bolystarynda 1921 zhyly alty balalar үji zhumys istedi mynnan astam bala zhatyn zhajmen zhәne tamakpen kamtamasyz etildi Bokej guberniyasynda 15 myn ash adamdar mardymsyz bolsa da azyk tүlik paegimen kamtamasyz etildi Aktobe guberniyasy Ojyl uezdik atkaru komitetinin 1921 zhylgy 16 shildedegi sheshimine sәjkes aukatty zhәne kүjli adamdar ashykkandardyn belgili bir boligin zhatyn zhajmen tegin tamakpen kamtamasyz etuge mindetteldi 1922 zhyldan bastap ashtyk Bokej guberniyasynda әsirese Targyn Talov zhәne Zhana kala audandarynda orshi tүsti Zhergilikti okimet organdarynyn ashtykpen kүres zhonindegi kyzmeti zhәne respublika үkimetinin ashykkan audandarga komegi sol kezde Targyn uezdik atkaru komitetinin toragasy mindetin atkargan X Churin men Zh Sәrsekovtyn zhazbalarynda bylaj bejnelenedi memleket tarapynan korsetilgen komekke kosa zhergilikti zherlerden kosymsha komek kozderin izdestiruge tura keldi Temirzholdan shalgajdagy kum zhotalary arasynda zhatkan bolystardyn birkatar adamdaryn kutkaru үshin totenshe zhedel sharalar koldanyldy Ashykkan halykka komek korsetu mәselesin sheshu үshin Zhәnibekke KazOAK nin toragasy S Mendeshov keldi Sizder әli zhas bolsanyzdar da dedi ol degenmen uezdi baskaryp otyrsyzdar partiya men үkimet sizderge barlyk adamdardy ashtyktan kutkaru mindetin zhүktep otyr Aukatty sharualardyn mүmkindikterin karastyru kazhet revolyuciyalyk zannyn revolyuciyalyk katal tәrtibi de bolady Asharshylykpen kүres Osydan kejin biz әr bolyska bir bir adamnan zhiberdik Olar bolystyk atkaru komitetterinin zhandarynan komissiyalar ujymdastyruy komek retinde kimde kansha mal kansha astyk kansha aksha bar sonyn tizimin zhasauy tiis boldy osy tizimder bolystyk atkaru komitetterinin bekituine zhatkyzyldy Targyn uezindegi asharshylykpen kүres zhonindegi totenshe komissiya Zhәnibek kentinde ornalasty Kenes apparatynyn zhәne partiyanyn uezdik organdarynyn barlyk kyzmetkerleri derlik asharshylykpen kүresti ujymdastyru үshin shalgaj auyldarga zhiberildi Uezd ortalygynda ashykkandarga arnalgan 8 tegin tamaktandyru punkti zhumys istedi solarmen irgeles karausyz kalgandar үshin zhatakhana ujymdastyryldy 1922 zhyly KazAKSR inin partiya ujymdary men kenes organdarynyn barlyk kүsh zhigeri asharshylykpen kүreske bagyttaldy Ashykkan halykka komek korsetu zhonindegi Ortalyk komissiya men zhergilikti kenes organdary zhүrgizgen zhumystardyn nәtizhesinde 1922 zhyldyn ortasyna karaj 777 192 adamdy tegin tamaktandyru mүmkindigi tudy Eldin ortalyk audandaryndagy auyr zhagdajlarga karamastan RKFSR Halyk Komissarlary Kenesi Қazakstandagy asharshylyk kurbandaryna dәri dәrmek azyk tүlik astyk tүrinde ajtarlyktaj komek korsetti 1922 zhyldyn koktemgi tukym sebu zhumystary karsanynda Қazakstannyn audandary tegin komek retinde 907 501 put tukymdyk astyk aldy Olardyn tukym sepken alkaby 957 224 desyatinaga zhetti Tutas alganda barlyk tukymdyk astyk 1922 zhyldyn ozinde ak Қazakstanda sebilip boldy Қangyp kalgan balalarga erekshe nazar audaryldy Balalardyn turmysy men omirin zhaksartu zhonindegi komissiya Ashykkandarga komek korsetetin respublikalyk Ortalyk komissiyanyn balalar arasyndagy ashtykpen kүres zhonindegi arnauly bolimi bolyp kajta kuryldy Respublikanyn ashtyk zhajlagan barlyk guberniyalarynda bolimnin zhergilikti organdary ujymdastyryldy Osy ujymdardyn zhumysy nәtizhesinde 1922 zhyldyn birinshi zhartysynda respublikanyn 5 guberniyasynda ash zhәne karausyz balalardy tamakpen zhәne kiimmen tegin kamtamasyz etetin 575 balalar үji men 9 stanciya pajda boldy Resej Federaciyasynyn zhagdajy kanagattanarlyk dep eseptelgen kejbir guberniyalaryna 18 496 kangyp kalgan balalar men zhetim balalardy tiegen 16 әskeri sanitarlyk poezd zhoneltildi Tolyk emes derekter bojynsha tek 1922 zhyly gana ҚazOAK zhanyndagy Ortalyk balalar komissiyasyna eldin әr tүrli audandarynan 66 790 put astyk pen azyk tүliktin baska da tүrleri 161 567 paek zharty million somga zhuyk akshalaj komek 100 puttan astam sabyn birneshe myn metr mata birneshe zhүzdegen par ayak kiim koptegen dәri dәrmek berildi Қazakstannyn ashtyk zhajlagan guberniyalaryna Semej guberniyasy ajtarlyktaj komek korsetti oz guberniyasynda dajyndagan azyk tүlikke kosa respublikanyn zhәne Edil bojynyn ashykkan turgyndary үshin krshiles Mongoliyadan 1922 zhyly 77 000 koj zhәne 5 000 iri kara satyp aldy Kejbir halykaralyk ujymdar Қyzyl Krest balalarga komek korsetu zhonindegi Halykaralyk Odak zhәne baskalary men zhekelegen belgili tulgalar da komek korsetti Mәselen Norvegiyanyn әlemge tanymal galymy zhәne kogam kajratkeri F Nansen KazOAK zhanyndagy Ortalyk balalar komissiyasyna 4 052 zhәshik konservi 20 zhәshik keptirilgen nan 30 put medikamentteri bar eki zhylzhymaly ambulatoriya berdi Ashykkan halykka komek korsetu zhonindegi RKFSR Ortalyk Komissiyasy 1923 zhyly Қazakstandagy koktemgi egic zhumystarynyn kazhetine 215 myn put tukymdyk astyk pen zhumys koligin satyp alu үshin 1 441 429 som boldi memlekettik bank arkyly zhekelegen ajmaktarga 690 myn som koleminde tiimdi zhagdajda nesie berdi Tutynushylardyn Ortalyk odagy arnauly korynan Aktobe Қostanaj Orynbor zhәne Oral guberniyalarynyn kooperativtik ujymdaryna komek retinde 585 myn som bolindi Sondaj ak respublikanyn tek mal osirumen shugyldanatyn zhәne asharshylyktan zardap shekken audandaryna da ajtarlyktaj komek korsetildi Koshpeli zhәne zhartylaj koshpeli sharuashylyktarga komek korsetilgen kezde olardy sharuashylyk zhәne turmystyk erekshelikteri eskerildi Olardyn kazhetin tolyk koleminde kanagattandyru үshin zhylzhymaly tamaktandyru punktteri zhumys istedi Osyndaj әr punktke derbes dәriger bekitilip berildi Osygan kosa medicinalyk kyzmet korsetetin alyp zhүruge kolajly palatalyk punktter ujymdastyryldy Mysaly Қyzyl Krest tarapynan 11 dәrigerlik tamaktandyru otryady ujymdastyrylyp zhumys istedi olar ashykkan koshpeli kazak auyldaryna kyzmet korsetti Osy otryadtar ashykkandarga oz ashanalary arkyly 2000 azyk tүlik paegin boldi medicinalyk punktteri men auruhanalary arkyly kazhetti komek korsetti Sonymen birge KazAKSR inin Akmola zhәne Semej guberniyalarynyn Tүrkistan AKSR inin Syrdariya zhәne Zhetisu guberniyalarynyn turgyndaryna asharshylyktan zardap shekken koshpeli zhәne zhartylaj koshpeli audandarga komek retinde 6 927 iri mүjizdi kara men usak tuyak berildi 1922 zhyldyn sonyna karaj boskyndar tugan olkelerine orala bastady Olardy karsy alu men ornalastyru zhumystary zhergilikti kenesterge zhүkteldi Mundaj zhumystyn auyrlygy men kiyndygy asharshylykpen kүresu zhonindegi zhumystan kem tүsken zhok Boskyndardy karsy alatyn olardy auyldarga kentterge kalalarga zhәne baska eldi mekenderge ornalastyru zhumysyn ujymdastyratyn arnauly komissiyalar kuryldy Kenes үkimeti oralgandarga arnap әleumettik zhenildikter kozdedi Өz mekenine kajtuga tilek bildirgender үshin zholakysyna 40 000 som bolindi Osygan kosa ishinde peshi bar zhүk poezdarymen eline kajtkandarga zholakysynyn 50 yn toleuge ruksat etildi 1922 zhylgy 1 tamyzdan bastap oralgandardy salyktyn barlyk tүrinen bosatu kozdeldi 1921 1923 zhyldardagy asharshylyktan zardap shekkender men azyk tүlikke ote zәru guberniyalardyn turgyndaryna da osyndaj zhenildikter karastyryldy Kүjzelgen sharuashylyktarga memleket tarapynan ondiristik komek korsetildi al maly zhok ortasha gana astyk zhinagan sharuashylyktar azyk tүlik salygynyn 50 ynan bosatyldy sondaj ak 1921 1922 zhyldarga berilgen nesieni toleu merzimi uzartyldy biryngaj memlekettik salyk tolemi bojynsha zhenildikter zhasaldy Bүkilresejlik Ortalyk Atkaru Komiteti Kenesinin 1923 zhylgy 20 mausymdagy dekretimen sol zhyldyn 1 tamyzynan bastap asharshylykpen zhәne onyn saldarymen kүres zhonindegi komissiyalar taratyldy Olardyn mindetteri endi auyl sharuashylygyna komek korsetu zhonindegi arnajy ujymdastyrylgan komitetke zhүkteldi Birsypyra uakyt otkennen kejin sondaj komitet KazOAK nin zhanynan da ujymdastyryldy DerekkozderTolmachev A Kalinin Moskva 1963 173 6 Sonda 320 k 1 t 33 ic 12 ri Sonda 18 p Churin X Skvoz buryu A 1967 121 122 6 KR OMM 320 k 1 t 33 ic 12 20 p III sessiya KirCIKa Polnyj stenograficheskij otchet 8 18 shilde 1922 zh Orenburg 1922 2 6 Sonda Sonda 245 ic 250 253 p Otchet Kustanajskogo gubkoma RKP b i kontrolnoj komissii Kustanaj 1923 10 6 Churin X Sersekov Zh Kүres kүnderinde A 1960 115 116 better Kazahstanskaya organizaciya VKP b v resheniyah ee konferencij i plenumov 1920 1925 zhzh Vyp 1 Alma Ata Moskva 1931 43 6 KR OMM 40 k 1 t 287 ic 4 5 l Sonda 2 p Sonda 245 ic 252 253 p Sonda 289 ic 2 p Sonda 253 p III sessiya KirCIKa 2 Socialist Қazakstan 1970 26 tamyz III sessiya KirCIKa 15 6