Таттар (өз атауы – тат) — Әзірбайжан мен Ресейде (негізінен Дағыстанның оңтүстігінде) тұратын ирандық этникалық топ. Сонымен қатар, олар Грузияда, Түркияда және Тәжікстанда тұрады. Жалпы саны 36 700.
Таттар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
36 700 адам | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Әзербайжан | 25 200 (2009) |
Ресей | 2 303 (2002) |
Тілдері | |
тат тілі | |
Діні | |
сүннит мұсылман |
Тілі
Тат тілі үндіеуропалық тілдер отбасының иран тармағының оңтүстік-батыс тобына жатады, аналитикалық құрылысы бар қопарылма (флективті) тілдерге жатады. Татар тілінің жазуы Дағыстанда ХХ ғ. 20-шы жылдары латын графикалық негізінде құрылды, 1939 жылы орыс (кириллица) графикалық негізіне аударылды. Тат тілінде екі диалект бар: оңтүстік және солтүстік. Тат әдеби тілі солтүстік диалектіге негізделген.
Діні
Таттар мен тау еврейлерінің тілі іс жүзінде бір ғана тат тілі болғанмен, дінге қатысы жағынан бұлар бөлек. Таттар сүннит мұсылман болса, таттілді тау еврейлерінің иудаизмді ұстануының екі мыңжылдық тарихы бар, олар иуда дініне беріктігін əлі сақтауда.
Тарихы
Таттардың Кавказда, атап айтқанда Дағыстанда пайда болуы Сасанидтердің Шығыс Кавказға таралуымен байланысты. Солтүстік шекараларды көшпелілердің шапқыншылығынан қорғау үшін иран билеушілері мұнда бекіністі қоныстар орналастырды. 387 жылы Византиямен келісім бойынша Иран Кавказда бекіністі қоныстар мен қамалдар ұстады. Кавказдағы Қазіргі таттар мен тау еврейлерінің ата-бабалары дәл осы колонистер болған. Өлкеге арабтар келгеннен кейін (7-8 ғғ.) жергілікті халықтың едәуір бөлігін исламдандыру басталды. 11 ғасырдан бастап мұнда Селжүктер әулеті бастаған оғыз тайпалары ене бастады, әзірбайжан тілінің біртіндеп қалыптасуы басталды. Шамасы, сол дәуірде "тат", "тати"деген сыртқы атау парсы тілінің Закавказье диалектісіне енген.
12 ғасырдың 30-жылдары Закавказьені моңғол-татарлар жаулап алып, Хулагуидтер мемлекеті пайда болды. Моңғол билігі 60-70 жылдарға дейін созылды. XIV ғасырдың аяғында Закавказьеге Темірдің әскерлері басып кірді. XIV-XV ғасырдың аяғында Ширваншахтар мемлекеті айтарлықтай күшке ие болды, оның сауда-экономикалық және дипломатиялық байланыстары күшейді. Бірақ XVI ғасырдың ортасына қарай жойылып, бүкіл Закавказье дерлік Сефевидтік Иранға қосылды.
XVIII ғасырдан бастап патшалық Ресей Закавказьедегі ықпалын кеңейте бастайды. 1803-1828 жылдардағы орыс-парсы соғыстары кезінде аймақ Ресейге қарады. 19 ғасырдың басында Ресейдің Бакуді жаулап алуы кезінде, қала тұрғындарының барлығы (8 мың адам) таттар болды.
Кәсібі
Таттардың дәстүрлі шаруашылығының негізгі түрі егіншілік болды. Дәнді дақылдардан негізінен бидай, XIX ғасырдан бастап жүгері өсірілді. Бау-бақша, жүзім шаруашылығы, бақша шаруашылығы, жақсы дамыды. Сонымен қатар, таттар ірі қара (бұқа, сиыр, буйвол) мен қой ұстады, құс өсірді. Көптеген таттар күзгі-қысқы маусымда мұнай және тұз кәсіпшіліктерінде жұмысқа жалданып, балық аулау орындарында жұмыс істеді. Таттардың арасында кілем тоқу кең тарады.
Дәстүрлі үйлері үйлер әк тастан, кейбіреулері малтатастардан салынған. Мұндай үйлердің төбесі тегіс, тастан жасалған мұржаға арналған тесігі бар болып келеді. Түтін мұржасы отырықшы өмір салтын ұстанатын барлық халықтардың әдет-ғұрыптары сияқты ошақтан тікелей шығады. Жоғарғы қабатта үй иелері тұрады, бірінші қабат олар тамақ дайындау және шаруашылық заттарын сақтау үшін қолданылады.
Мәдениеті
Тат мәдениетінің ең басты байлығы – ұлттық поэзия. Мысал ретінде бүкіл Таяу және Орта Шығыста танымал болған рубайлар жатады. Рубай - Шығыс поэзиясында кең таралған лирикалық өлең түрі. Таттардың музыкалық өнері аздап дамыған, бірақ олар адамдар, жануарлар, сиқырлар туралы тамаша әңгімешілер болып табылады.
Таттарың дәстүрлі киімі Әзірбайжан мәдениетінің айтарлықтай әсерін көрсетті. Ер адамдар 19 ғасырдан бастап матадан тігілген жейде мен тар шалбар киген. Үстіңгі киімі архалук болды, таттар қой терісін кимеген. Басына қой терісінен жасалған қалпақ, қысқа етік киген. Әйелдер ұзын көйлек және кең шалбар киген. Аяқтарында өкшесі бар, кейде өкшесіз сафьян, барқыт аяқ киім киді. Әйелдер өздерін бисермен, сақиналармен, білезіктермен, сырғалармен, алқалармен т.б. алтын және күміспен безендіруді жақсы көрді.
Тат тағамдарының әртүрлілігі олардың әртүрлі халықтардың ықпалымен байланысты болуы. Дегенмен әзірбайжан тағамдарының әсері айқын байқалады. Тат тағамдарының ерекше тағамдары: холодец, консервіленген балық, буглама, балық жентегі, той көже. Тағамдардың арасында палау ерекше орын алады. Бұл тағамды дайындаудың 10-нан астам нұсқасы бар. Палауға қышқыл жемістер, асқабақ пен каштан қосылған қой еті, қуырылған тауық еті немесе фаршталған тауық еті, жаңғақтар және жемістер т.б. қосылған. Ең ерекшесі шах-палау - қара өрік пен мейіз қосылған ұзын дәнді күрішпен толтырылған үлкен пирог. Балық жентегін таталар балықтары жаги деп атайды. Оны дайындау үшін алдымен теріні алып тастау керек, балық етін ет тартқыштан өткізу керек. Тартылған етті қайнату керек, оған ұнтақталған крекер, шөптер, балдыркөк, тауық жұмыртқасы қосылады.
Қазақстандағы таттар
Қазақстанның талыш диаспорасы санының жалпы динамикасы ұлғаю үрдісін көрсете отырып, мынадай түрде болды:
- 48 (1970),
- 135 (1979),
- 175 (1989),
- 51 (1970),
- 93 (2009) адам.
Қазақстанның таулы еврей диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай: 50 (1970 ж.), 118 (1979 ж.), 384 (1989 ж.), 14 (1999 ж.) адам. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстанның қос тілділік дәрежесі мынадай түрде анықталды: біртілділер – 21 адам (41,2%), қостілділер – 30 адам (58,8%)
Дереккөздер
- https://joshuaproject.net/people_groups/13896 Муссульман Тат.
- Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 182-бет.
- ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК: Қазақстан этносаясаты мен тәжірибесінің терминдері мен ұғымдары. Нұр-Сұлтан, 2020. 163-бет. ISBN 978-601-287-224-8
- Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева./Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 397-бет ISBN 978-601-7472-88-7
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tattar oz atauy tat Әzirbajzhan men Resejde negizinen Dagystannyn ontүstiginde turatyn irandyk etnikalyk top Sonymen katar olar Gruziyada Tүrkiyada zhәne Tәzhikstanda turady Zhalpy sany 36 700 TattarBүkil halyktyn sany36 700 adamEn kop taralgan ajmaktar Әzerbajzhan25 200 2009 Resej2 303 2002 Tilderitat tiliDinisүnnit musylmanTiliTat tili үndieuropalyk tilder otbasynyn iran tarmagynyn ontүstik batys tobyna zhatady analitikalyk kurylysy bar koparylma flektivti tilderge zhatady Tatar tilinin zhazuy Dagystanda HH g 20 shy zhyldary latyn grafikalyk negizinde kuryldy 1939 zhyly orys kirillica grafikalyk negizine audaryldy Tat tilinde eki dialekt bar ontүstik zhәne soltүstik Tat әdebi tili soltүstik dialektige negizdelgen DiniTattar men tau evrejlerinin tili is zhүzinde bir gana tat tili bolganmen dinge katysy zhagynan bular bolek Tattar sүnnit musylman bolsa tattildi tau evrejlerinin iudaizmdi ustanuynyn eki mynzhyldyk tarihy bar olar iuda dinine beriktigin eli saktauda Tarihytattar Tattardyn Kavkazda atap ajtkanda Dagystanda pajda boluy Sasanidterdin Shygys Kavkazga taraluymen bajlanysty Soltүstik shekaralardy koshpelilerdin shapkynshylygynan korgau үshin iran bileushileri munda bekinisti konystar ornalastyrdy 387 zhyly Vizantiyamen kelisim bojynsha Iran Kavkazda bekinisti konystar men kamaldar ustady Kavkazdagy Қazirgi tattar men tau evrejlerinin ata babalary dәl osy kolonister bolgan Өlkege arabtar kelgennen kejin 7 8 gg zhergilikti halyktyn edәuir boligin islamdandyru bastaldy 11 gasyrdan bastap munda Selzhүkter әuleti bastagan ogyz tajpalary ene bastady әzirbajzhan tilinin birtindep kalyptasuy bastaldy Shamasy sol dәuirde tat tati degen syrtky atau parsy tilinin Zakavkaze dialektisine engen 12 gasyrdyn 30 zhyldary Zakavkazeni mongol tatarlar zhaulap alyp Hulaguidter memleketi pajda boldy Mongol biligi 60 70 zhyldarga dejin sozyldy XIV gasyrdyn ayagynda Zakavkazege Temirdin әskerleri basyp kirdi XIV XV gasyrdyn ayagynda Shirvanshahtar memleketi ajtarlyktaj kүshke ie boldy onyn sauda ekonomikalyk zhәne diplomatiyalyk bajlanystary kүshejdi Birak XVI gasyrdyn ortasyna karaj zhojylyp bүkil Zakavkaze derlik Sefevidtik Iranga kosyldy XVIII gasyrdan bastap patshalyk Resej Zakavkazedegi ykpalyn kenejte bastajdy 1803 1828 zhyldardagy orys parsy sogystary kezinde ajmak Resejge karady 19 gasyrdyn basynda Resejdin Bakudi zhaulap aluy kezinde kala turgyndarynyn barlygy 8 myn adam tattar boldy KәsibiTattardyn dәstүrli sharuashylygynyn negizgi tүri eginshilik boldy Dәndi dakyldardan negizinen bidaj XIX gasyrdan bastap zhүgeri osirildi Bau baksha zhүzim sharuashylygy baksha sharuashylygy zhaksy damydy Sonymen katar tattar iri kara buka siyr bujvol men koj ustady kus osirdi Koptegen tattar kүzgi kysky mausymda munaj zhәne tuz kәsipshilikterinde zhumyska zhaldanyp balyk aulau oryndarynda zhumys istedi Tattardyn arasynda kilem toku ken tarady Dәstүrli үjleri үjler әk tastan kejbireuleri maltatastardan salyngan Mundaj үjlerdin tobesi tegis tastan zhasalgan murzhaga arnalgan tesigi bar bolyp keledi Tүtin murzhasy otyrykshy omir saltyn ustanatyn barlyk halyktardyn әdet guryptary siyakty oshaktan tikelej shygady Zhogargy kabatta үj ieleri turady birinshi kabat olar tamak dajyndau zhәne sharuashylyk zattaryn saktau үshin koldanylady MәdenietiTat mәdenietinin en basty bajlygy ulttyk poeziya Mysal retinde bүkil Tayau zhәne Orta Shygysta tanymal bolgan rubajlar zhatady Rubaj Shygys poeziyasynda ken taralgan lirikalyk olen tүri Tattardyn muzykalyk oneri azdap damygan birak olar adamdar zhanuarlar sikyrlar turaly tamasha әngimeshiler bolyp tabylady Tattaryn dәstүrli kiimi Әzirbajzhan mәdenietinin ajtarlyktaj әserin korsetti Er adamdar 19 gasyrdan bastap matadan tigilgen zhejde men tar shalbar kigen Үstingi kiimi arhaluk boldy tattar koj terisin kimegen Basyna koj terisinen zhasalgan kalpak kyska etik kigen Әjelder uzyn kojlek zhәne ken shalbar kigen Ayaktarynda okshesi bar kejde okshesiz safyan barkyt ayak kiim kidi Әjelder ozderin bisermen sakinalarmen bileziktermen syrgalarmen alkalarmen t b altyn zhәne kүmispen bezendirudi zhaksy kordi Tat tagamdarynyn әrtүrliligi olardyn әrtүrli halyktardyn ykpalymen bajlanysty boluy Degenmen әzirbajzhan tagamdarynyn әseri ajkyn bajkalady Tat tagamdarynyn erekshe tagamdary holodec konservilengen balyk buglama balyk zhentegi toj kozhe Tagamdardyn arasynda palau erekshe oryn alady Bul tagamdy dajyndaudyn 10 nan astam nuskasy bar Palauga kyshkyl zhemister askabak pen kashtan kosylgan koj eti kuyrylgan tauyk eti nemese farshtalgan tauyk eti zhangaktar zhәne zhemister t b kosylgan En erekshesi shah palau kara orik pen mejiz kosylgan uzyn dәndi kүrishpen toltyrylgan үlken pirog Balyk zhentegin tatalar balyktary zhagi dep atajdy Ony dajyndau үshin aldymen terini alyp tastau kerek balyk etin et tartkyshtan otkizu kerek Tartylgan etti kajnatu kerek ogan untaktalgan kreker shopter baldyrkok tauyk zhumyrtkasy kosylady Қazakstandagy tattarҚazakstannyn talysh diasporasy sanynyn zhalpy dinamikasy ulgayu үrdisin korsete otyryp mynadaj tүrde boldy 48 1970 135 1979 175 1989 51 1970 93 2009 adam Қazakstannyn tauly evrej diasporasy sanynyn zhalpy dinamikasy mynadaj 50 1970 zh 118 1979 zh 384 1989 zh 14 1999 zh adam 1999 zhylgy sanak bojynsha Қazakstannyn kos tildilik dәrezhesi mynadaj tүrde anyktaldy birtildiler 21 adam 41 2 kostildiler 30 adam 58 8 Derekkozderhttps joshuaproject net people groups 13896 Mussulman Tat E D Sүlejmenova D H Akanova N Zh Shajmerdenova Қazakstan tilderi әleumettik lingvistika anyktamalygy Kitap Almaty Izdatelstvo Zolotaya Kniga ZhShS 2020 zh 182 bet ETNOSAYaSI SӨZDIK Қazakstan etnosayasaty men tәzhiribesinin terminderi men ugymdary Nur Sultan 2020 163 bet ISBN 978 601 287 224 8 Қazakstan halky Enciklopediya Bas red Zh N Tojbaeva Қurast Ғ Zhandybaev G Egeubaeva Almaty Қazak enciklopediyasy 2016 397 bet ISBN 978 601 7472 88 7