Сиыр, ірі қара немесе мүйізді ірі қара — сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жабайы және қолға үйретілетін түрлері бар. Қолға үйретілген сиыр жабайы түрден тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрылықтарында кең тараған.
Сиырдың дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет) байланысты болады. Сүт бағытындағы Сиырдың денесі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке, терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарыны кең, басы мен мойыны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен болады. Ет бағытындағы Сиырдың тұрқы төртпақ әрі кең, омыраулы, аяғы мен мойыны қысқалау, желіні кішілеу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Сиырдың барлығының да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, денесін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын айнасы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Жағының жоғарғы жағында күрек тістері болмайды, желіні төрт емшекті.
Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін — бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) — баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) — тайынша, бір жастағы ұрғашысын — қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын — құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) — дөнежін, еркегін — бұқа, піштірілген еркегін — өгіз деп атайды.
- Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетінн тұқымдары 6 — 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 — 35 жыл, бұқасы 15 — 20 жыл тіршілік етеді.
- Сүт бағытындағы Сиырдан 9 — 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді.
- Сиырды етке 1,5 — 2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн.
- Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5 — 10 жыл пайдаланады.
- Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7 — 10 айлығында, бұқаларда 8 — 10 айлығында жетіледі.
- Алайда шағылысқа қашарды 18 — 22, бұқаны 14 — 18 айлығында қосады.
- Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19 — 22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады.
- Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық). Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз.
- Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм. 18 — 45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салм. 1 — 3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды.
- Ересек Сиырдың салм. 250 — 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 — 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады.
Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіріледі. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 — 400 кг, сүтінің майл. 3,6 — 4%. Бір сауын маусымында 20000 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82,2 кг (ярослав тұқымы). Сауылым мерзімі 280 — 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1,5 — 2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында.
Сиырдың етті тұқымдарының ет өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы Сиырларға қарағанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет береді. Бордақыланған Сиырлар майды ішкі органдарына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет) қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құрамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс шығымы тұқымына байланысты 48 — 70% аралығында.
Сиырдың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қосымша азық (сүрлем, құрама жем).
Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады.
Қазақстанда сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры, әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ сиыры, т.б. өсіріледі.
Сиырдың қаңқасы
Сиырдың үстіңгі жақсүйегінде күрек және ит тістер болмайды және маңдай тұсынан екі мүйіз өсіп шығады. Омыртқа жотасы мойын омыртқадан, арқа омыртқадан, бел омыртқадан, сегізкөз және құйрық омыртқаларынан құралады. Қаңқаның алдыңғы бөлігі иық белдеуінен, соңғы бөлігі жамбас белдеуінен тұрады.
Иық белдеуінің құрылысы күрделі емес. Ол қарға сүйегі бітісіп кеткен жауырыннан және бұғанадан құралады. Сиырда бағана сүйектері болмайды.
Сиырда екі алдыңғы және екі артқы аяқтары болады.
Бұзау
Бұзау - мүйізді ірі қара малдың 6-айға дейінгі төлі. Бұзауды жынысына қарай еркек, ұрғашы, ал енесінен туғандағы санына қарай жалқы, егіз деп бөледі. Бұзау бағып-күту өсу кезеңдеріне, жасына, өнім бағытының ерекшеліктеріне сәйкес өсіріледі.
Өмірінің алғашқы 7-10 күндігінде бұзауды енесінің уызымен ауыздандырып, сүтін еміздіреді. Сүтті және сүтті-етті тұкымының бұзауын ертерек балауса, пішен, пішендеме, сүрлемді көп жеуге үйретіп, жемді аз беріп өсіреді. Етті бағыттағы тұқымның бұзауын 8 айға дейін енесін еміздіріп өсіреді. Еркек бұзаудың жыныстық қабілеті 6-айлығында жетілетіндіктен, осы жастан бастап еркек және ұрғашы бұзауларды бөлек бағады.
Алғашқы 15-20-күндігінде бұзау басы шығыны көбінесе іш ауруы мен өкпенің қабынуынан болады. Одан сақтандыру үшін бұзау ауқымы кең, ауасы таза, құрғақ қорада ұстап, дұрыс азықтандырып, мезгілімен серуендетеді.
Дереккөздер
- Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
- Қ.Қайым, Б.Муханов, Р.Сәтімбекұлы, М.Шаймарданқызы, "Жануартану" (1998), 221б., ISBN 5-625-03599-7
- Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Siyr iri kara nemese mүjizdi iri kara sүtkorektiler klasyna zhatatyn asha tuyakty kuys mүjizdi kүjis kajyratyn zhanuarlar Onyn zhabajy zhәne kolga үjretiletin tүrleri bar Қolga үjretilgen siyr zhabajy tүrden taragan ol bizdin dәuirimizge dejin myndagan zhyldar bojy Europa Aziya Afrika kurylyktarynda ken taragan Asyl tukymdy kara ala siyr Siyrdyn dene bitimi olardyn onimdilik bagytyna sүt et bajlanysty bolady Sүt bagytyndagy Siyrdyn denesi uzyn sүjegi salystyrmaly tүrde zhinishke terisi zhuka zhumsak tүgi zhyltyr karyny ken basy men mojyny uzyn kursagy men zhelini үlken bolady Et bagytyndagy Siyrdyn turky tortpak әri ken omyrauly ayagy men mojyny kyskalau zhelini kishileu sүtti malga karaganda bulshyk etteri zhaksy zhetilgen terisi kalyn әri zhumsak teri astyndagy maj kabaty zhaksy damygan Siyrdyn barlygynyn da tүginin uzyndygy men kalyndygy birdej denesin tegis zhabady tek karyny shaby men zhelin ajnalasynyn tүgi zhinishke әri sirek bolady Mojyn astyndagy terisi katparlangan mүjizderi kuys әri kyska tumsygynyn aldyngy zhagynda muryn ajnasy bolady Askazany tort kameraly meskaryn zhumyrshak katparshak ultabar sonyn arkasynda olardyn kop molsherde iri sabakty shopti korytuga mүmkindigi bar Zhagynyn zhogargy zhagynda kүrek tisteri bolmajdy zhelini tort emshekti Siyrdyn zhynysy men zhasyna bajlanysty zhas tolin buzau alty ajga tolganga dejingi tolin erkek urgashysyn baspak bir zhastagy tolin erkek urgashysyn tajynsha bir zhastagy urgashysyn kashar bir zhas pen eki zhas aralygyndagy urgashysyn kunazhyn eki zhas pen үsh zhas aralygyndagysyn erkek urgashysyn donezhin erkegin buka pishtirilgen erkegin ogiz dep atajdy Shvejcariya Alp taularynda zhajylatyn siyrSiyrlar 5 zhaska dejin osip zhetiledi kejbir kesh zhetiletinn tukymdary 6 7 zhasynda osuin toktatady Ұrgashysy 20 35 zhyl bukasy 15 20 zhyl tirshilik etedi Sүt bagytyndagy Siyrdan 9 12 zhyl zhaksy onim alynady budan kejin olardyn tisi kazhalyp onimdiligi tomendejdi Siyrdy etke 1 5 2 zhasynda bordakylap nemese zhajyp semirtip otkizgen zhon Asyl tukymdy siyrlardy tukym alu үshin 5 10 zhyl pajdalanady Ұrgashy tajynshalardyn zhynystyk kabileti 7 10 ajlygynda bukalarda 8 10 ajlygynda zhetiledi Alajda shagylyska kashardy 18 22 bukany 14 18 ajlygynda kosady Buzaulagannan algashky kүjleuine dejingi merzim shamamen үsh aptaga sozylady kүjti 19 22 kүnge buazdygy orta eseppen 285 kүnge sozylady Ұrgashysy әdette bir buzau tabady egiz buzau tabatyny sirek 2 ga zhuyk Egizdin urgashy synarlary kobine tol beruge kabiletsiz Tukymyna bajlanysty zhana tugan buzaudyn salm 18 45 kg kejde 60 kg urgashysyna karaganda erkek buzaudyn salm 1 3 kg artyk bolady Olardyn eti men majy salystyrmaly tүrde az al sүjekteri tiri salmagynyn 30 yn kurajdy Eresek Siyrdyn salm 250 600 kg en tandaulysy 1000 kg bukasy 300 900 kg en tandaulysy 1600 kg nan asady Siyrdy et zhәne sүt alu maksatynda osiriledi Bulardyn onimi tukymynyn ereksheligine azyktandyru zhәne kүtip bagu dәrezhesine bajlanysty Sүtti siyr tukymynyn ortasha onimi zhylyna 3500 400 kg sүtinin majl 3 6 4 Bir sauyn mausymynda 20000 kg sүt beretin golland tukymy siyrlar bar En zhogary tәuliktik sauym molsheri 82 2 kg yaroslav tukymy Sauylym merzimi 280 320 kүnge sozylady sualu kezeni 1 5 2 aj Tez zhetiletin tukymdardyn en mol sүt beretin kezeni 4 tumasynda Siyrdyn etti tukymdarynyn et onimdiligi zhogary sүt bagytyndagy Siyrlarga karaganda tez semiredi zhәne shygymy zhogary sapaly et beredi Bordakylangan Siyrlar majdy ishki organdaryna teri astyna gana emes zhuka kabattar tүrinde et talshyktarynyn arasyna da mәrmәr tүstes et kalyptastyrady Bordakylangan zhas maldardyn eti ote kundy dene tinderi zhәne olardyn him kuramy zhasyna bajlanysty ozgerip otyrady Sojys shygymy tukymyna bajlanysty 48 70 aralygynda Siyrdyn kystagy basty azygy pishen sүrlem zhәne kurama zhem al zhazda zhajylym shobi zhәne kosymsha azyk sүrlem kurama zhem Siyrdyn sүti bagaly tamak onimi zhәne tamak onerkәsibinin negizgi shikizaty Sүt zhәne onyn onerkәsiptik kaldyktary a sh maldarynyn tolderin tamaktandyruda keninen pajdalanylady Al etinin tamaktyk sapasy zhogary kaloriyasy mol zhenil korytylady zhәne dietalyk kasieti bar Sojylgan Siyrdan alynatyn әr tүrli sortty terisinin onerkәsiptik manyzy zor Sojylgan maldyn kaldyktarynan kajta ondeu arkyly et sүjek sүjek kan untaktary endokrindi preparattar stearin zhelim sabyn t b alynady Kejbir tukymdardyn bukalary men ogizderin arba shana tartuga pajdalanady Қazakstanda sүtti tukymnan simmental siyry alatau siyry әulieata siyry kyrdyn kyzyl siyry latyshtyn kyzyl konyr siyry t b etti tukymnan kazaktyn akbas siyry әuliekol siyry gereford kalmak siyry t b osiriledi Siyrdyn kankasySiyrdyn үstingi zhaksүjeginde kүrek zhәne it tister bolmajdy zhәne mandaj tusynan eki mүjiz osip shygady Omyrtka zhotasy mojyn omyrtkadan arka omyrtkadan bel omyrtkadan segizkoz zhәne kujryk omyrtkalarynan kuralady Қankanyn aldyngy boligi iyk beldeuinen songy boligi zhambas beldeuinen turady Iyk beldeuinin kurylysy kүrdeli emes Ol karga sүjegi bitisip ketken zhauyrynnan zhәne buganadan kuralady Siyrda bagana sүjekteri bolmajdy Siyrda eki aldyngy zhәne eki artky ayaktary bolady BuzauAk mandajly buzau Buzau mүjizdi iri kara maldyn 6 ajga dejingi toli Buzaudy zhynysyna karaj erkek urgashy al enesinen tugandagy sanyna karaj zhalky egiz dep boledi Buzau bagyp kүtu osu kezenderine zhasyna onim bagytynyn erekshelikterine sәjkes osiriledi Өmirinin algashky 7 10 kүndiginde buzaudy enesinin uyzymen auyzdandyryp sүtin emizdiredi Sүtti zhәne sүtti etti tukymynyn buzauyn erterek balausa pishen pishendeme sүrlemdi kop zheuge үjretip zhemdi az berip osiredi Etti bagyttagy tukymnyn buzauyn 8 ajga dejin enesin emizdirip osiredi Erkek buzaudyn zhynystyk kabileti 6 ajlygynda zhetiletindikten osy zhastan bastap erkek zhәne urgashy buzaulardy bolek bagady Algashky 15 20 kүndiginde buzau basy shygyny kobinese ish auruy men okpenin kabynuynan bolady Odan saktandyru үshin buzau aukymy ken auasy taza kurgak korada ustap durys azyktandyryp mezgilimen seruendetedi DerekkozderBes zhүz bes soz Almaty Rauan 1994 zhyl ISBN 5 625 02459 6 Қazak Enciklopediyasy 7 tom Қ Қajym B Muhanov R Sәtimbekuly M Shajmardankyzy Zhanuartanu 1998 221b ISBN 5 625 03599 7 Ә Bajzhumanuly K Bekbolatuly Mal sharuashylygy sozdigi Almaty 2011 ISBN 978 601 7254 21 6