Аңыз әңгімелер — жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейдi.
Кейіпкерлері
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен , жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.
Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", , , т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай – сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сараңдық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады. "Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші – әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйтуге әзірлеп отырған қазды жасыра қояды. Бұл әрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын", – деп аяқ астында оларды масқара етеді. Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен оқиға аяқталады. Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтынды алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді. Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады.
Қазақ аңыздарының түрлері
Топономикалық аңыздар
Аңыздар тарихта шын мәнісінде болған әлдебір оқиғаларға құрылады, әрі осы оқиғалар көбіне нақты бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен баланыстырылады. Мұндай аңыздар жер-су аттарына байланысты немесе топонимикалық деп аталады. Себебі олар белгілі бір жағрафиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз,т.с.с. жер аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады.
Аңыздар - халықтың ауызекі шығамашылығының ерекше жанры, оларда халық қиялы нақты жадығаттарды еркін сапырып, оқиғаларды өзінше пайымдайды.
Махаббат хикаялар
Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың қайғысымен, өлімі немесе айрылысуымен аяқталатын махаббат хикаялары құрайды. Бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткен оқиғалары жатады.
Батырлар туралы аңыздар
Қатыгез жауларға қарсы ерлікпен шайқасқан ата-бабаларымыздың қаһармандығын паш ететін батырлар жайындағы аңыздар да ауыз әдебиетінде айрықша орын алады. Бұлардың қатарына сақ патшайымы Томирис Отанын қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз. Бұл оқиғалардың аңызға айналу себебі сол уақыттан бері талай ықылым заман өтіп кеткендігі ғана емес, олар шын болды ма, жоқ па, ешкім дәлелдеп бере алмайтындығы.
Тарихи аңыздар
Ең ақырында, тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы мүлде өзгертіп жібергендіктен, ақиқаттың өзі а уақыт өте келе аңыздық сипат алған қазақ аңыздарының бір тобы бар. Моңғолдардың атақты әміршісі Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан және басқалар хақындағы кейбір аңыздар бұған дәлел болып табылады.
Тарихтың терең қойнауларынан орын алып, аңызға айналған оқиғалардың өтірік-шынын тексеріп жатудың өзі ақылға сыймайтын нәрсе. Олар ойдан шығарылған уақиғалар болғандықтан да-аңыз. Бір қызығы, әдеби немесе ғылыми шығармаларда мифтік бейнелерге айналатын немесе керісінше болатын тарихи тұлғаларға ,оқиғаларға тікелей байланысты аңыздар да көптеп кездеседі. Қазақ әдебиетінде Қорқыт, Алаша хан бейнелері осындай. Олардың өмірінде шын болғандығына кейбір зерттеушілер күмәнмен қарайды. Себебі олардың есімдері тарихи шежірелерден табылмай отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта мұны дерек-құжатпен дәлелдеу қиын.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Anyz әngimeler zhanry Okigasy shyndyk omirden alynganymen auyzsha ajtylyp taralgandyktan folklorlyk sapalarmen tolykkan korkem shygarma Anyz әngimeler tarihta bolgan belgili bir adamdardyn atyna is әreketine bajlanysty tuady Mundaj adamdardyn el үshin etken enbegi kamkorlygy halyk namysyn korgauy sol zholda zhasagan igilikti is әreketteri el auzynda anyz әngimege ajnalyp urpaktan urpakka zhetken Anyz әngimelerde halyktyn kospasy bolganymen negizgi oj tүjini barlyk zherde birdej saktalady Okiga zhelisi kүndelikti omirde kezdesetin karapajym syuzhetke kurylgan anyz әngimelerde ertegilerdegidej әsire kiyaldau kop kezdespejdi KejipkerleriҚazak anyzdaryndagy Asan kajgy Zhirenshe sheshen Aldar kose Қozhanasyr Қorkyt t b bәri de karapajym adamdar retinde suretteledi Kejbir anyz әngimelerdin basty kejipkeri korshi elderge de ortak bolyp keledi Mysaly Қozhanasyr kazak kyrgyz ozbek auyz әdebietinde ortak kejipker Ol auyly aralas kojy koralas kyz alysyp kyz berisip bolyp ketken korshi elderdin ezhelgi mәdeni bajlanysynyn kuәsi Anyz әngimelerde kobinese sarandyk pen zhalkaulyk pen kikarlykty otkir satiramen әzhualap synau arkyly zhastardy zhaman әdet zhat minezderden aulak boluga bauludy maksat tutady Қozhanasyr әngimelerinde anyzda ogash kylygy angal minezi әzhua kүlki tugyzyp otyrganymen negizi tүjin ojda үlken tәrbie tәlim tolkyny anyk bajkalady okushy okyp kүle otyryp shyndykty tүsinedi Osyndaj halyk arasyna ken taragan kүlkili sykak anyz әngimelerdin bir toby Aldar kose atymen bajlanysty tugan Kose obrazy karapajym halyktyn kүlkini saran bajlarga onyn okilderine karsy zhumsau olardy keleke mazak etu tileginen tugan obraz Muny biz Aldar kose men Alasha han t b anyz әngimelerden koremiz Osy attary atalgan han baj saudagerlerdi Aldar kose ozinin tapkyrlygy akyl ajlasynyn arkasynda aldap sogady el aldynda mazak kүlki etedi Halyk auzyndagy mәtelge ajnalgan Zhumyrtkadan zhүn alatyn Өzi tojsa da kozi tojmajtyn Kesip alsa kan shykpajtyn shyk bermes Shygajbaj sarandyktyn zhiyntygy Shygajbajdyn әdeti men isinen sarandyk dүniekorlyk ozimshildik ajkyn korinedi Onyn osy minezin zhek korgen halyk kapiyada zhol kapylysta soz tabatyn ajla amaly mol Aldar koseni zhiberip Shygajbajdy birneshe ret zher kaptyrady Ұrynyn әjeli ozine lajyk degendej onyn tәrbiesindegi үj ishi әjeli kyzy Shygajbajdyn ozi tәrizdes pigyly tar saran zhandar Kose үjge kirip kelgende әjeli ilep otyrgan nandy kyzy үjtuge әzirlep otyrgan kazdy zhasyra koyady Bul әreketter Shygajbajdyn obrazyn tolyktyra tүsedi Sarandyk pen dүniekorlykka zhany kas Aldar kose taban auzynda soz tapkyshtygymen ozinin zhana gana korgenderin әngimege kosyp kele zhatyp үlken sary bas zhylan korgenin ony oltirgenin tuspaldap ajtyp beredi Osy ajtkandarym otirik bolsa bajeke sizdin astynyzdagy kazydaj tilinejin bәjbishenin nanyndaj ilenejin kyzynnyn astyndagy kazdaj zhulynajyn dep ayak astynda olardy maskara etedi Aldar kose akyry bajdyn kyzy Bizbikeni aldap alyp ketumen okiga ayaktalady Al Aldar kosenin shajtandy aldauy degen әngimenin syuzheti kurylysy baskasha bolyp keledi Halyk ugymynda shajtandy eshkim aldaj almajtyn bolsa bul әngimede Aldar kose ozinin kulygymen shajtandy da aldap ketedi Onyn otirik olip tirilui shajtanga kazy aldyruy үlkendigin buldap shajtannyn mojnyna minip kamshymen sabauy shajtandar korkatyn tiken arasyna tygylyp ala kaptagy altyndy alyp kutylyp ketui arkyly adam ajlasy shajtandy da zhenedi degen ideyany bildiredi Aldar kose turaly anyzdardyn kaj kajsysy bolmasyn ony tapkyrlyktyn okili etip zhәne ol kandaj is әreket zhasasa da zhazgyrmaj sүjikti etip korsetui Aldardyn el sanasynan unamdy kejipker tүrinde turakty oryn algandygyn angartady Қazak anyzdarynyn tүrleriToponomikalyk anyzdar Anyzdar tarihta shyn mәnisinde bolgan әldebir okigalarga kurylady әri osy okigalar kobine nakty bir mekenmen tau taspen ozen kolmen balanystyrylady Mundaj anyzdar zher su attaryna bajlanysty nemese toponimikalyk dep atalady Sebebi olar belgili bir zhagrafiyalyk nүktenin nelikten solaj atalatynyn tүsindiredi Mundaj anyzdarga Burabaj Bayanauyl Қaragandy Zhekebatyr Shajtankol Ekibastuz t s s zher attarymen bajlanysty anyzdar zhatkyzylady Anyzdar halyktyn auyzeki shygamashylygynyn erekshe zhanry olarda halyk kiyaly nakty zhadygattardy erkin sapyryp okigalardy ozinshe pajymdajdy Mahabbat hikayalar Қazak anyzdarynyn үlken bir tobyn gashyktardyn kajgysymen olimi nemese ajrylysuymen ayaktalatyn mahabbat hikayalary kurajdy Bularga Zarina hanshajymnyn Ajsha bibi arudyn Balkash kyzdyn bastarynan otken okigalary zhatady Batyrlar turaly anyzdar Қatygez zhaularga karsy erlikpen shajkaskan ata babalarymyzdyn kaһarmandygyn pash etetin batyrlar zhajyndagy anyzdar da auyz әdebietinde ajryksha oryn alady Bulardyn kataryna sak patshajymy Tomiris Otanyn korgau zholyna oz omirin kurban etken baktashy Shyrak zhajyndagy anyz әngimelerdi zhatkyzamyz Bul okigalardyn anyzga ajnalu sebebi sol uakyttan beri talaj ykylym zaman otip ketkendigi gana emes olar shyn boldy ma zhok pa eshkim dәleldep bere almajtyndygy Tarihi anyzdar En akyrynda tarihi derekter men okigalardy halyk kiyaly mүlde ozgertip zhibergendikten akikattyn ozi a uakyt ote kele anyzdyk sipat algan kazak anyzdarynyn bir toby bar Mongoldardyn atakty әmirshisi Shyngys han onyn uly Zhoshy han zhәne baskalar hakyndagy kejbir anyzdar bugan dәlel bolyp tabylady Tarihtyn teren kojnaularynan oryn alyp anyzga ajnalgan okigalardyn otirik shynyn tekserip zhatudyn ozi akylga syjmajtyn nәrse Olar ojdan shygarylgan uakigalar bolgandyktan da anyz Bir kyzygy әdebi nemese gylymi shygarmalarda miftik bejnelerge ajnalatyn nemese kerisinshe bolatyn tarihi tulgalarga okigalarga tikelej bajlanysty anyzdar da koptep kezdesedi Қazak әdebietinde Қorkyt Alasha han bejneleri osyndaj Olardyn omirinde shyn bolgandygyna kejbir zertteushiler kүmәnmen karajdy Sebebi olardyn esimderi tarihi shezhirelerden tabylmaj otyr Sondyktan da kazirgi uakytta muny derek kuzhatpen dәleldeu kiyn Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz