Сүйінбай Аронұлы (1815, қазіргі Алматы облысы, Қарақастек ауылы – 1898, сонда) — талантты, ұлы қазақ ақыны және айтыс аңызы.
Сүйінбай Аронұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Қарақастек ауылы, Ресей империясы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | сонда |
Азаматтығы | Қазақ хандығы — Ұлы жүз |
Ұлты | Қазақ |
Қызметі | |
Әкесі | Арон Күсепұлы |
Өмірбаяны
Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Сүйінбай Жасынан жыраулығымен елге танылған. Сүйінбайдың шығармашылығы оның атасы Кусеп пен әкесі Аронның әсерінен қалыптасқан, олар поэтикалық талантымен және шеберлігімен танылған еді.Атақты Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны пір тұтып,ұстазы ретінде санаған.
Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750–1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.
Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840–1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды.
“Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”, “Қарасай батыр” сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған.
Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған.
Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы -і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған.
1929 жылы алғаш рет “Жаңа әдебиет” журналында (ғ6) ақынның “Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?” деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С.Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинаққа (1931) “Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны” деген өлеңі енген. 1935 жылы Қ.Жансүгіров пен Ф.Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы “Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин 1939, 1940, 1941 және 1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген (“Сүйінбай мен Тезек төре”, “Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны”, “Кәрілік туралы”).
Қазақстан ҒА құрылғаннан кейін (1946) Сүйінбай ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар Диваев, С.Бегалин, Б.Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш.Уметәлиев пен Э.Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж.Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы. “Ақын жырлары”, “17–19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Үш ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на кеңінен орын берілген, “Айтыс” жинағының 1-томында “Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы” жарияланған.
Сүйінбай ақынның “Ақиық” атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде “Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кәрілік” атты өлеңі жарияланған. Бұл ақын шығармаларының дүниежүзілік сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Сүйінбайдың Малыбай, Жетібай, Әзірбай атты ұлдары, Бағжан, Қойжан деген қыздары болған.
Ақынның сүйегі Қарақыстақ өзенінің шығыс жағындағы биік жотаға қойылған, қабіріне кесене тұрғызылған. Алматы облысы филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп, көшелер Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде Сүйінбайдың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- "Қазақ Энциклопедиясы"
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sүjinbaj Aronuly 1815 kazirgi Almaty oblysy Қarakastek auyly 1898 sonda talantty uly kazak akyny zhәne ajtys anyzy Sүjinbaj AronulyTugan kүni1815 zhylTugan zheriҚarakastek auyly Resej imperiyasyҚajtys bolgan kүni1898 zhylҚajtys bolgan zherisondaAzamattygyҚazak handygy Ұly zhүz Қokan handygy Resej imperiyasyҰltyҚazakҚyzmetiAkynӘkesiAron Kүsepuly3 tenge 1993 zhyldyn үlgisiҚasteev salgan Sүjinbaj portretiӨmirbayanyShykkan tegi Ұly zhүz Shapyrashty tajpasynyn ishindegi Ekej ruy Sүjinbaj Zhasynan zhyraulygymen elge tanylgan Sүjinbajdyn shygarmashylygy onyn atasy Kusep pen әkesi Aronnyn әserinen kalyptaskan olar poetikalyk talantymen zhәne sheberligimen tanylgan edi Atakty Zhambyl akyn Menin pirim Sүjinbaj soz sojlemen syjynbaj dep ony pir tutyp ustazy retinde sanagan Kүseptin үlken uldary Zhanbyrshy men Zhamanak kazak arasyna zhyrshy kobyzshy kүjshiligimen belgili bolsa kenzhe balasy Aron 1750 1835 zhastajynan otkirligimen mәmileger sheshendigimen el auzyna ilikken Atadan balaga zhalgaskan akyndyk sheshendik oner Sүjinbajga darygan Sүjinbajdyn ozinen үlken Zhamanshal Zhumyk degen agalary Ospan atty inisi synshyl birkakpaj olenderimen auyl arasyna tanylgan Bul zhoninde Zhamanshal Sүjinbajga Otbasynda men zhүjrikpin sharshy topta sen zhүjriksin dejdi eken Tarihi derekterde Қokan handygy shapkynshylygynyn әserinen zhan zhakka bytyraj koship kiyn kystau kezende 1840 1860 irgesi ydyragan kazak rularynyn basyn biriktirude Sүjinbaj men Sarybaj bidin ykpaly zor bolgandygy ajtylady Osy tusta akyn halykty kokandyktarga karsy turyp tәuelsizdik үshin kүresuge shakyrdy Өtegen batyr Sauryk batyr Suranshy batyr Zhabaj batyr Қarasaj batyr siyakty tolgaular shygardy Aumaly tokpeli kogamda omir sүrgendikten Sүjinbaj sal serilikten gori kogamdyk әleumettik isterge belsene aralaskan Өlenderinde Қokan bileushileri men zhergilikti әdiletsiz sultan torelerden baj bolystardan zhaskanbaj turasyn ajtyp otyrgan Әsirese akyn Tezek toremen kyrgyz akyny Қataganmen ajtystarynda sondaj ak Datkalarga Үmbetәlige Tort bige Momyn malyn zulymga alyp berip t b olenderinde kiyanatshyldykty ozbyrlykty ayausyz synga algan Onyn sheshendik nakyldary bolys bilerge arnalgan sykak olenderi Maksutka Қasymga Bolystarga baga t b saktalgan Қazak halkynyn tarihi kogamdyk damu satylary men otken gasyrlardagy omir shyndygy akyn shygarmalarynda zhan zhakty korkem surettelgen Sүjinbaj poeziyasy teren filosofiyasymen oj sululygymen akyn tilindegi sony poetikalyk ornek ajshyktarymen erekshelendi M Әuezov Sүjinbajdy ajtys onerinin altyn dingegi atagan Қazak halky әdilet үshin kүreste korgaushysy zhaktasy bolgan akiyk akynnyn olen tolgau ajtystaryn kүni bүginge dejin saktap Sүjinbaj osylaj degen dep әrdajym zerdelerinde tutkan Sүjinbajdyn ajtystary men olen tolgaularyn zhinau zhariyalau isi 20 gasyrdyn bas kezinde kolga alyna bastady 1920 zhyly i halyk agartu komissariaty zhanynan kurylgan kyrgyz kazak gylym komissiyasy auyz әdebieti үlgilerin zhinau maksatynda Syrdariya Zhetisu oblystaryna ekspediciya ujymdastyryp etnograf galym Ә Divaev Sүjinbajdyn olen tolgaularyn ajtystaryn zhazyp algan 1929 zhyly algash ret Zhana әdebiet zhurnalynda g6 akynnyn Apyrmau mynau zhatkan Sarybaj ma degen oleni basyldy Akyn shygarmalary әr kezende zharyk korgen hrestomatiya okulyktarga engizilip el ishinde nasihattaldy S Sejfullin kurastyrgan Қazaktyn eski әdebiet nuskalary atty zhinakka 1931 Shapyrashty Sүjinbaj akynnyn kartajgan shagynda ajtkany degen oleni engen 1935 zhyly Қ Zhansүgirov pen F Ғabitovanyn kurastyruymen akynnyn bir top shygarmasy Sүjinbaj akyn degen atpen tungysh ret zheke zhinak bolyp zharyk kordi S Mukanov pen Қ Bekhozhin 1939 1940 1941 zhәne 1944 zhyly orta mekteptin 8 synybyna arnalgan hrestomatiyasyna Sүjinbajdyn birneshe olenin engizgen Sүjinbaj men Tezek tore Sүjinbajdyn Tezektin olgen balasyna konil ajtkany Kәrilik turaly Қazakstan ҒA kurylgannan kejin 1946 Sүjinbaj akyn murasyn zhinap zhariyalaumen ajnalyskan galymdar Divaev S Begalin B Zhakypbaev kyrgyz folkloristeri Sh Umetәliev pen E Mukanbetovtardyn enbekterin ajryksha atauga bolady Sondaj ak Sүjinbaj murasynyn birshamasy Zh Zhabaevtyn memorialdyk murazhajynyn әdebi korynda saktauly Akyn zhyrlary 17 19 gasyrlardagy kazak akyndarynyn shygarmalary Үsh gasyr zhyrlajdy atty zhinaktarda Sүjinbaj shygarm na keninen oryn berilgen Ajtys zhinagynyn 1 tomynda Sүjinbaj men Tezek torenin ajtysy zhariyalangan Sүjinbaj akynnyn Akiyk atty zhinagyna 1976 tandauly shygarmalarymen katar tynnan kosylgan koptegen olen tolgaulary ajtystary engen shygarmalary zhүjege keltirilip takyryptarga bolingen kitapka kolemdi gylymi algysoz zhazylyp sonynan tүsindirme sozdik berilgen Mәskeude Әlem әdebietinin kitaphanasy seriyasymen zharykka shykkan 200 tomdyk zhinaktyn 102 tomynda Sүjinbajdyn Kәrilik atty oleni zhariyalangan Bul akyn shygarmalarynyn dүniezhүzilik soz onerine kosylgan asyl mura asa kundy әdebi eskertkish ekendigin tanytady Sүjinbajdyn Malybaj Zhetibaj Әzirbaj atty uldary Bagzhan Қojzhan degen kyzdary bolgan Sүjinbaj mazary Akynnyn sүjegi Қarakystak ozeninin shygys zhagyndagy biik zhotaga kojylgan kabirine kesene turgyzylgan Almaty oblysy filarmoniyasy sondaj ak Almaty kalasyndagy үlken dangyl tugan auyly ondagy mektep kosheler Sүjinbaj esimimen atalady Tugan zherinde Sүjinbajdyn memorialdyk murazhajy zhumys istejdi DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9 Қazak Enciklopediyasy Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet