Қарқаралы — Қарағанды облысындағы қала, Қарқаралы ауданы орталығы.
Қала | |||
Қарқаралы | |||
Құнанбай қажы мешіті | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Статусы | аудан орталығы | ||
Облысы | |||
Ауданы | |||
Әкімі | Берік Токмурзин | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 49°24′21″ с. е. 75°28′27″ ш. б. / 49.40583° с. е. 75.47417° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°24′21″ с. е. 75°28′27″ ш. б. / 49.40583° с. е. 75.47417° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | 1824 | ||
Қала статусы | 1868 | ||
Орталығының биiктігі | 815 м | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 9 218 адам (2023) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды | +7 (72146) | ||
Пошта индексі | 100800 | ||
Автомобиль коды | 09 | ||
Қарқаралы шекарасы | |||
Ортаққордағы санаты: Қарқаралы |
Атауы
Қарқаралы қаласының атауы қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі Қарқарамен байланысты. Қарқаралы тауларының алыстан қарағандағы пішіні Қарқара бас киіміне ұқсап кетеді екен.
Географиялық орны
Қала Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 220 км жерде, теңіз деңгейінен 815 м биіктікте жатыр. Ең жақын темір жол станциясы - Қарағайлы (25 шақырым) орманды-тоғайлы, жақпар-тасты келген көрікті Қарқаралы тауларының шығыс етегінде, Қарқаралы өзенінің екі жағасында жайғасқан.
Тарихы
Қарқаралы 1824 жылы сәуірдің 8 күні Сібір қазақтары дала губернаторлығының әкімшілік-аумақтық орталығы — станица негізінде, Ресей империясының әскери бекінісі ретінде қаланған. 1868 жылы уездік қалаға айналды. 1928 жылға дейін Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінің, 1928-1930 және 1934-1936 жылдары Қарқаралы округінің орталығы болды. 1930-1934 және 1936 жылдан Қарқаралы ауданының орталығы. 19-ғасырдың екінші жартысында жері шұрайлы, жайылымы малға, қойнауы кенге бай Қарқаралы Орта Азия мен Қытайдан Сібірге баратын керуен жолының торабы ретінде маңызды сауда, кәсіпшілік және мәдени - ағарту орнына айналды. Мұнда саяси тұтқындар жер аударылды. Қарқаралының солтүстігіндегі Қарасор көлінің жағасында 1848 жылдан 1930 жылға дейін белгілі Қоянды жәрмеңкесі өтіп тұрды. Мұнда талантты әншілер мен артистер (Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, М.Уәлиева ) өз өнерлерін, ал Қажымұқан Мұңайтпасов күрес бәсекесін көрсетіп тұрған. Қарқаралы тарихы ұлы Абайдың есімімен тығыз байланысты. Әкесі Құнанбай қажы Қарқаралыда көктөбелі күмбезді мешіт салдырып өз атын ұрпақтарына мәңгілік ескерткіш қылып қалдырып кеткен кемеңгер еді.
Қала келбеті
Қарқаралы – ешбір қалаға ұқсамайтын, өзіндік кескін-келбеті, сәулеттік өзгешелігі, бай тарихы бар өңір. Бір қаланың өзі - мыңдаған туристерге жәдігерін ұсына алатын эскпонаты көп орталық. Тарихқа көз жүгіртсек, құла түзде құлан, арқар жайылып, орман-тоғайымызда аю мен бұлан жортқан замандарда бұл өңірде жер бетіндегі ең алғаш мекендеген адам баласы болғаны белгілі. Тіпті, жыртқыш жануардың ең алғашқы тұқымдасы динозаврлардың болғанын да тарих ақиқаттады. Оған дәлел – қала басындағы «Суық бұлақ», «Үш үңгір» қазба орындары. Қала іргесіндегі Кент тауларының Талды қорымынан табылған «Алтын адам» жәдігері де – көне сақ, ғұн тайпаларының дәуірлеу кезеңінің белгісі. Бұған қарап арқа төсіндегі Қарқаралының 2 мыңжылдан астам тарихы бар, ескі жұрт екенін бағамдаймыз. Кент, Алат, Талды қоныстары жарты әлемді жайпаған ұлы бабаларымыздың құтты мекені болғаны – айғақты тарих.
Өзін-өзі басқаруы
Тарихи өлке Қарқаралы дуанын билеген Құсбектің тарихта алар орны ерекше. Абылай өлгеннен соң (1781 жылы) да қазақты төре тұқымының бiрiнен соң бiрi биледi. Бергi Арғынды: Бөкей-Бiрәлi-Шалғынбай Құсбек билеп, әділдіктің ақ туын қадады. Құсбек төре сұңғыла саясатшы, жеті тоспаға бөлінбес шешен, ол уәдесінен тайқымас дуан басшысы болған. Алаш қайраткері, ұлт көсемі, Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейхан мен Құсбек төрелердің арғы аталары бір – Бөкейхан. Көкжал Барақтың ұлы Бөкейханды 14 жасында Қаз дауысты Қазыбек мен шекшек Нұралы би Орта жүзге хан сайлау үшін қаракесек еліне алып келген. Бұл туралы Құсбек төре бейіті туралы деректерді алғаш жинақтаған ғалым, зерттеуші Мыңжасар Әдекенов: «Атақты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасынан кейін азат етілген жерлерге Сырдың бойынан, әр жерден қайта серпіліп келіп жиналған елді басқаруға деп Қаздауысты Қазыбек би мен шекшек Нұралы би Самарқандағы Барақ ханның 14 жасар баласы Бөкейханды 1748 жылы алып келіп, Орта жүзге хан сайлаған екен. Содан бері, міне, 258 жыл өтті. Осы 258 жыл Бөкейхан мен одан тараған, ел басқарған сұлтандардың тарихы орталық Қазақстанның, Қарқаралы аймағының да тарихы», – дейді. Осылайша қазақ жерінің жазиралы өңірі Қарқаралы төре тұқымдарының құт-берекелі қонысы болған.
Халқы
1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
8773 | ▲9212 | ▲9252 | 100,4 | 4491 | ▲4501 | 100,2 | 4721 | ▲4751 | 100,6 |
Шаруашылығы
Қалада тоң май айыратын, сыра қайнататын, кірпіш зауыттары жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы және қыздар бастауыш мектептері болды. Қарағайлы қорғасын-барит кен-байыту комбинатының салынуына, оған теміржол мен тас жолдардың жүргізілуіне, қалада ауыл шаруашылықтың дамуына және айналасында көптеген дем алыс орындарының пайда болуына байланысты Қарқаралы жедел өсті. Қазір қалада нан зауыты,тамақ комбинаты «Тоғай» ЖШС-автокөлік мекемелері астық қабылдау пункті, шеге жасайтын, тағы басқа ұсақ кәсіпорындар, баспахана жұмыс істейді. Бала бақша, 3 орта, 11 кешкі мектеп, ауыл шаруашылық колледжі, музыка, спорт мектептері, мәдениет үйі, кинотеатр, екі кітапхана, тарихи-өлкетану, табиғат мұражайлары, аудандық аурухана т.б.бар. Қала төңірегінде «Шахтер»,»»Сосновый бор» санаторийлері, туристік база, оннан астам демалыс үйі, бес оқушылар лагері орналасқан.
Халық мұрасы
Қарқаралы тау сілемдерінің етегі ежелден көшпелі елге қоныс болған. Ол туралы өткен заманнан жеткен аңыз бен ертегілерде айтылған, Қарқаралы туралы көптеген өлеңдер мен аңыздар жазылған. Ең алғаш «Қозы-Көрпеш, Баян-сұлу» қиссасын орыстың жазушысы М.М. Пришвин осы төңіректе естіген.
Қазақтың мың әнін жинаумен тарихта теңдессіз тәлім қалдырған атақты музыка зерттеушісі А.В. Затаевич Қарқаралы өңіріндегі құйма құлақ, зерделі де зерек жыраулар ауызынан 154 ән жазып алған.
Жазиралы Қарқаралы табиғатына тікелей байланысты «Сұлушаш» поэмасын 1928 жылы Сәбит Мұқанов дүниеге әкелген.
Зерттеулер
Қарқаралының ақ қайың мен жасыл терек зерлеген шұрайлы өлкесі ерте кезден-ақ оқымысты-ғалымдардың, саяхатшы-зерттеушілердің көңіліне ұялап, көзін қызықтырған. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов, Қарқаралы округінде екі рет — 1855 және 1863 жылдары болды. Қызмет бабындағы сапарын ол халықтың ауызекі аңыз-әңгімелерімен, ән-жырларымен танысуға арнады. Ш.Уәлиханов мал шаруашылығы жөнінде бірсыпыра қызықты материалдар жинады. Оның «Қарқаралының сыртқы округтері болыстарының қысқы көші-қоны» деген еңбегі осы тақырыпқа арналады.
Атақты саяхатшы П.П.Семенов-Тяньшанский редакторлығымен 1865 жылы басылып шыққан «Ресей империясының Географиялық-статистикалық анықтамалық сөздігі» Қарқаралының атағын асқақтата түсті. Қалың оқырман қауым алғаш рет Қарқаралының сұлулығы туралы, әлі де зеттетлмеген үңгірлер мен қорғандардың құпияларына ынтыға түсті.
Орыстың саяхатшысы Г.Н. Потанин өзінің жолжазба естеліктерінде, бұл өңірде болғанда сол кездегі көпес Рязанцевтің үйінде тоқтаған. Бұл ғимарат бүгінгі ұрпаққа сол қалпында жетті.
Халық ағарту
Қарқаралыда ашылған оқу орындары Орталық Қазақстан бойынша ең алғашқы білім орталықтары болып табылады.
Атақты тұлғалары
Қазақтың алғашқы ағартушы, қоғам қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермеков, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Нығмет Нұрмақов бұл өңір тарихына өз таңбаларын қалдырған.
Қала көшелеріне келмеске кетіп ұмыттырылмақ болған А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, Құнанбай қажы, Ұлы Отан соғысындағы батырларымыз Н. Әбдіров, М. Мамраев, П. Теряев, А. Қосыбаев есімдері берілді. Сонымен бірге Қарқаралының бір көшесі ақын Қасым Аманжолов есімімен аталады.
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы Қарқаралы топырағынан шыққан.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Арқаның алтын тәжі - Қарқаралы. https://e-history.kz/kz/project/view/31?type=publicationproject&material_id=12379#scontent(қолжетпейтін сілтеме)
- Алтынбек Құмырзақұлы. Қарқаралының аға сұлтаны. https://e-history.kz/kz/publications/view/2326 Мұрағатталған 13 қазанның 2018 жылы.
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarkaraly Қaragandy oblysyndagy kala Қarkaraly audany ortalygy ҚalaҚarkaralyҚunanbaj kazhy meshitiEltanbasyӘkimshiligiEl Қazakstan ҚazakstanStatusyaudan ortalygyOblysyҚaragandyAudanyҚarkaralyӘkimiBerik TokmurzinTarihy men geografiyasyKoordinattary49 24 21 s e 75 28 27 sh b 49 40583 s e 75 47417 sh b 49 40583 75 47417 G O Ya Koordinattar 49 24 21 s e 75 28 27 sh b 49 40583 s e 75 47417 sh b 49 40583 75 47417 G O Ya Қurylgan uakyty1824Қala statusy1868Ortalygynyn biiktigi815 mUakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny9 218 adam 2023 Sandyk identifikatorlaryTelefon kody 7 72146 Poshta indeksi100800Avtomobil kody09Қarkaraly ҚarkaralyҚarkaraly shekarasyOrtakkordagy sanaty ҚarkaralyAtauyҚarkaraly kalasynyn atauy kazak әjelderinin dәstүrli bas kiimi Қarkaramen bajlanysty Қarkaraly taularynyn alystan karagandagy pishini Қarkara bas kiimine uksap ketedi eken Geografiyalyk ornyҚala Қaragandy oblysynyn shygys boliginde Қaragandy kalasynan ontүstik shygyska karaj 220 km zherde teniz dengejinen 815 m biiktikte zhatyr En zhakyn temir zhol stanciyasy Қaragajly 25 shakyrym ormandy togajly zhakpar tasty kelgen korikti Қarkaraly taularynyn shygys eteginde Қarkaraly ozeninin eki zhagasynda zhajgaskan TarihyҚarkaraly 1824 zhyly sәuirdin 8 kүni Sibir kazaktary dala gubernatorlygynyn әkimshilik aumaktyk ortalygy stanica negizinde Resej imperiyasynyn әskeri bekinisi retinde kalangan 1868 zhyly uezdik kalaga ajnaldy 1928 zhylga dejin Semej oblysyna karasty Қarkaraly uezinin 1928 1930 zhәne 1934 1936 zhyldary Қarkaraly okruginin ortalygy boldy 1930 1934 zhәne 1936 zhyldan Қarkaraly audanynyn ortalygy 19 gasyrdyn ekinshi zhartysynda zheri shurajly zhajylymy malga kojnauy kenge baj Қarkaraly Orta Aziya men Қytajdan Sibirge baratyn keruen zholynyn toraby retinde manyzdy sauda kәsipshilik zhәne mәdeni agartu ornyna ajnaldy Munda sayasi tutkyndar zher audaryldy Қarkaralynyn soltүstigindegi Қarasor kolinin zhagasynda 1848 zhyldan 1930 zhylga dejin belgili Қoyandy zhәrmenkesi otip turdy Munda talantty әnshiler men artister Ә Қashaubaev I Bajzakov Zh Shanin Қ Қuanyshbaev M Uәlieva oz onerlerin al Қazhymukan Munajtpasov kүres bәsekesin korsetip turgan Қarkaraly tarihy uly Abajdyn esimimen tygyz bajlanysty Әkesi Қunanbaj kazhy Қarkaralyda koktobeli kүmbezdi meshit saldyryp oz atyn urpaktaryna mәngilik eskertkish kylyp kaldyryp ketken kemenger edi Қala kelbetiSamal koline tobeden korinis Қarkaraly eshbir kalaga uksamajtyn ozindik keskin kelbeti sәulettik ozgesheligi baj tarihy bar onir Bir kalanyn ozi myndagan turisterge zhәdigerin usyna alatyn eskponaty kop ortalyk Tarihka koz zhүgirtsek kula tүzde kulan arkar zhajylyp orman togajymyzda ayu men bulan zhortkan zamandarda bul onirde zher betindegi en algash mekendegen adam balasy bolgany belgili Tipti zhyrtkysh zhanuardyn en algashky tukymdasy dinozavrlardyn bolganyn da tarih akikattady Ogan dәlel kala basyndagy Suyk bulak Үsh үngir kazba oryndary Қala irgesindegi Kent taularynyn Taldy korymynan tabylgan Altyn adam zhәdigeri de kone sak gun tajpalarynyn dәuirleu kezeninin belgisi Bugan karap arka tosindegi Қarkaralynyn 2 mynzhyldan astam tarihy bar eski zhurt ekenin bagamdajmyz Kent Alat Taldy konystary zharty әlemdi zhajpagan uly babalarymyzdyn kutty mekeni bolgany ajgakty tarih Өzin ozi baskaruyTarihi olke Қarkaraly duanyn bilegen Қusbektin tarihta alar orny erekshe Abylaj olgennen son 1781 zhyly da kazakty tore tukymynyn birinen son biri biledi Bergi Argyndy Bokej Birәli Shalgynbaj Қusbek bilep әdildiktin ak tuyn kadady Қusbek tore sungyla sayasatshy zheti tospaga bolinbes sheshen ol uәdesinen tajkymas duan basshysy bolgan Alash kajratkeri ult kosemi Alashorda toragasy Әlihan Bokejhan men Қusbek torelerdin argy atalary bir Bokejhan Kokzhal Baraktyn uly Bokejhandy 14 zhasynda Қaz dauysty Қazybek men shekshek Nuraly bi Orta zhүzge han sajlau үshin karakesek eline alyp kelgen Bul turaly Қusbek tore bejiti turaly derekterdi algash zhinaktagan galym zertteushi Mynzhasar Әdekenov Atakty Aktaban shubyryndy alkakol sulama okigasynan kejin azat etilgen zherlerge Syrdyn bojynan әr zherden kajta serpilip kelip zhinalgan eldi baskaruga dep Қazdauysty Қazybek bi men shekshek Nuraly bi Samarkandagy Barak hannyn 14 zhasar balasy Bokejhandy 1748 zhyly alyp kelip Orta zhүzge han sajlagan eken Sodan beri mine 258 zhyl otti Osy 258 zhyl Bokejhan men odan taragan el baskargan sultandardyn tarihy ortalyk Қazakstannyn Қarkaraly ajmagynyn da tarihy dejdi Osylajsha kazak zherinin zhaziraly oniri Қarkaraly tore tukymdarynyn kut berekeli konysy bolgan HalkySany 1999 2009 2021 1999 2009 2021 2021 2009 ga pajyzben Erler 2009 Erler 2021 2021 2009 ga pajyzben Әjelder 2009 Әjelder 2021 2021 2009 ga pajyzben8773 9212 9252 100 4 4491 4501 100 2 4721 4751 100 6SharuashylygyҚalada ton maj ajyratyn syra kajnatatyn kirpish zauyttary zhumys istedi Auyl sharuashylygy zhәne kyzdar bastauysh mektepteri boldy Қaragajly korgasyn barit ken bajytu kombinatynyn salynuyna ogan temirzhol men tas zholdardyn zhүrgiziluine kalada auyl sharuashylyktyn damuyna zhәne ajnalasynda koptegen dem alys oryndarynyn pajda boluyna bajlanysty Қarkaraly zhedel osti Қazir kalada nan zauyty tamak kombinaty Togaj ZhShS avtokolik mekemeleri astyk kabyldau punkti shege zhasajtyn tagy baska usak kәsiporyndar baspahana zhumys istejdi Bala baksha 3 orta 11 keshki mektep auyl sharuashylyk kolledzhi muzyka sport mektepteri mәdeniet үji kinoteatr eki kitaphana tarihi olketanu tabigat murazhajlary audandyk auruhana t b bar Қala tonireginde Shahter Sosnovyj bor sanatorijleri turistik baza onnan astam demalys үji bes okushylar lageri ornalaskan Halyk murasy Қarkaraly tau silemderinin etegi ezhelden koshpeli elge konys bolgan Ol turaly otken zamannan zhetken anyz ben ertegilerde ajtylgan Қarkaraly turaly koptegen olender men anyzdar zhazylgan En algash Қozy Korpesh Bayan sulu kissasyn orystyn zhazushysy M M Prishvin osy tonirekte estigen Қazaktyn myn әnin zhinaumen tarihta tendessiz tәlim kaldyrgan atakty muzyka zertteushisi A V Zataevich Қarkaraly onirindegi kujma kulak zerdeli de zerek zhyraular auyzynan 154 әn zhazyp algan Zhaziraly Қarkaraly tabigatyna tikelej bajlanysty Sulushash poemasyn 1928 zhyly Sәbit Mukanov dүniege әkelgen Zertteuler Қarkaralynyn ak kajyn men zhasyl terek zerlegen shurajly olkesi erte kezden ak okymysty galymdardyn sayahatshy zertteushilerdin koniline uyalap kozin kyzyktyrgan Қazak halkynyn tungysh galymy Shokan Uәlihanov Қarkaraly okruginde eki ret 1855 zhәne 1863 zhyldary boldy Қyzmet babyndagy saparyn ol halyktyn auyzeki anyz әngimelerimen әn zhyrlarymen tanysuga arnady Sh Uәlihanov mal sharuashylygy zhoninde birsypyra kyzykty materialdar zhinady Onyn Қarkaralynyn syrtky okrugteri bolystarynyn kysky koshi kony degen enbegi osy takyrypka arnalady Shajtan kol Atakty sayahatshy P P Semenov Tyanshanskij redaktorlygymen 1865 zhyly basylyp shykkan Resej imperiyasynyn Geografiyalyk statistikalyk anyktamalyk sozdigi Қarkaralynyn atagyn askaktata tүsti Қalyn okyrman kauym algash ret Қarkaralynyn sululygy turaly әli de zettetlmegen үngirler men korgandardyn kupiyalaryna yntyga tүsti Orystyn sayahatshysy G N Potanin ozinin zholzhazba estelikterinde bul onirde bolganda sol kezdegi kopes Ryazancevtin үjinde toktagan Bul gimarat bүgingi urpakka sol kalpynda zhetti Halyk agartu Қarkaralyda ashylgan oku oryndary Ortalyk Қazakstan bojynsha en algashky bilim ortalyktary bolyp tabylady Atakty tulgalary Қazaktyn algashky agartushy kogam kajratkerleri Ahmet Bajtursynuly Mirzhakyp Dulatuly Әlimhan Ermekov Әlihan Nurmuhameduly Bokejhanov Zhakyp Akbaev Nygmet Nurmakov bul onir tarihyna oz tanbalaryn kaldyrgan Қala koshelerine kelmeske ketip umyttyrylmak bolgan A Bajtursynov Zh Akbaev Ә Ermekov Қunanbaj kazhy Ұly Otan sogysyndagy batyrlarymyz N Әbdirov M Mamraev P Teryaev A Қosybaev esimderi berildi Sonymen birge Қarkaralynyn bir koshesi akyn Қasym Amanzholov esimimen atalady Қazakstannyn tungysh garyshkeri Toktar Әubәkirov ta osy Қarkaraly topyragynan shykkan DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Arkanyn altyn tәzhi Қarkaraly https e history kz kz project view 31 type publicationproject amp material id 12379 scontent kolzhetpejtin silteme Altynbek Қumyrzakuly Қarkaralynyn aga sultany https e history kz kz publications view 2326 Muragattalgan 13 kazannyn 2018 zhyly 2009 zhylgy Қazakstan Respublikasy halkynyn Ұlttyk sanagynyn korytyndylary Astana 2011 1 tom Muragattalgan 8 zheltoksannyn 2019 zhyly 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary