Үш аймақ төңкерісі — Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарында 1944 — 1945 ж. болған қазақ, ұйғыр және басқа халықтардың ұлт-азаттық көтерілісі.
Шыңжаң генерал-губернаторы (Шэн Шицай) 1939 жылдан бастап жергілікті халықтарға, әсіресе, қазақ халқына қарсы қатаң саясат жүргізе бастады. Ол қазақ зиялыларын, ел басқарған беделді азаматтарды жазықсыз тұтқындап, түрмеге жапты. Қазақ шаруалары қолындағы аңшылық мылтықтарды зорлықпен тартып алып, үкіметке он мың бас сәйгүлік жинап беруді бұйырды. Осындай шектен асқан қорлық пен зорлыққа ызаланған халық стихиялы түрде үкіметке қарсы көтерілді. 1940 ж. ақпанда Алтай аймағының Көктоғай ауданында , Есімқан Иманбайұлы бастаған жергілікті қазақтардың көтерілісі басталды. Оған Оспан Исламұлы қатарлы азаматтар қатысып, аудан әкімін және мылтық жинауға барған әскерлерді өлтірді. Көтеріліске Шіңгіл ауданындағы қазақтар да қосылды. 1941 ж. маусымда Көктоғайда Қалел тайжының басшылығымен тағы да бір мыңнан аса адам қарулы көтеріліске шықты. 1942 ж. Шың Шысай өкіметі кеңес өкіметі Германияға қарсы соғыста жеңіледі деп есептеп, КСРО мен Қытай коммунистік партиясына қарсы шықты және Гоминьдан үкіметін қолдау саясатына көшті. Осыған байланысты Гоминьдан үкіметінің шенеуніктері мен әскерлері және оларға ілесе АҚШ пен Ұлыбритания дипломаттары мен барлаушылары Шыңжаңға келіп, әрекет жасай бастады. Шыңжаңдағы Кеңес Одағының мамандары еліне қайтарылып,Қытай коммунистік партиясының мүшелері мен жергілікті ұлт қайраткерлері саяси қуғын-сүргін құрбандары болды. Шыңжаң үкіметінің жүргізген жауыздық саясаты жергілікті халықтардың ашу-ызасын тудырды. Осыны пайдаланған Кеңес Одағы жергілікті ұлттардың гоминьдандық Шыңжаң үкіметіне қарсылық күресін қолдау арқылы, Шың Шысайды биліктен тайдырып, АҚШ пен Ұлыбританияның Шығыс Түркістанға ықпалына шектеу қойып, буферлік аймақ етіп ұстауды жоспарлады. Кеңес Одағы аталған үш аймақтағы халықтың үкіметке қарсылығын пайдалана отырып, олардың төңкерістік ұйымдар құруына белсенді түрде ат салысты. 1943 ж. мамырда Алтайда “Ұлт-азаттық тобы” құрылды, оған Дәлелхан Сүгірбайұлы мен Оспан Исламұлы басшылық етті. Олар гоминьдан үкіметіне қарсы көтеріліске шықты. 1944 ж. 9 сәуірде Құлжада “Құлжа азаттық ұйымы” құрылды, оның төрағасы болып Әлихан төре сайланды. Осы жылдың сәуір айында Тарбағатай аймағының Қобық ауданында партизандар қосыны құрылып, оның басшысы болып Зұңғырып Шалқанұлы сайланды. Осы сияқты көптеген ұйымдар төңкерістік үгіт-насихат жұмысын жүргізді және болашақ әскерлер үшін қару-жарақ дайындаумен шұғылданды. 1944 ж. тамыз айында Іленің Нылқы ауданында Әкбар Есбосынұлы мен Сейіт батыр бастаған партизандар үкімет әскерлерінің шабуылын тойтарып, алғашқы жеңіске жетті. Үш аймақ төңкерісі. басталды. Қарашада партизандар Нылқы ауданын гоминьдандықтардан толық азат етіп, Құлжа қалана жорық жасады. 1944 ж. 7 — 12 қарашада олар бастаған ұйғыр партизандарымен бірлесе отырып, қаланы гоминьдандықтардан толық азат етті. “Құлжа азаттық ұйымы” ұйғыр, қазақ және қырғыз жастары қатысқан үлкен жиналыс өткізіп, “Шығыс Түркістан республикасы уақытша үкіметінің” (ШТРУҮ) құрылғанын жариялады. Республика туы — ортасында сары түсті ай, жұлдыз салынған жасыл ту болып белгіленді. Әлихан төре үкімет төрағасы, Әшімбек қожа оның орынбасары болып сайланды. Қшінде қазақтан Әбілқайыр Рабатұлы бар 16 адамнан тұратын жергілікті үкімет құ-рылды. 1945 ж. 5 қаңтарда ШТРУҮ мүшелерінің мәжілісінде үкіметтің бас бағдарламасы қабылданды. Онда Шығыс Түркістан аумағында Қытай үстемдігін жою; аумақтағы жергілікті халықтардың тең дәрежелі болуы негізінде еркіндік алған дербес мемлекет құру; Шығыс Түркістанда өнеркәсіпті, егін ш-н, мал ш-н және жеке сауданы дамыту арқылы халықтың тұрмыстық дәрежесін жоғарылату жолында тоғыз түрлі мақсат қойылды. 1945 жылдың наурыз айына дейін Іле аймағының 11 ауданы тегіс гоминьдандықтардан азат етілді. 8 сәуірде ШТРУҮ-нің Ұлттық армиясы құрылды. Армия қосынын негізінен қазақтар құрады. Оның құрамында, сондай-ақ ұйғыр, татар, өзбек, қырғыз, моңғол, дүнген, сібе (сибо), , т.б. халықтардың жастары болды. Әскери басшылар ұйғыр, татар, қазақтардан қойылды. Кеңес Одағының әскери мамандары оларға кеңесші болды және тех. жәрдем берді. 1945 ж. мамыр айында Ұлттық армия Солтүстік, Орта және Оңтүстік бағыт бойынша гоминьдан әскерлеріне шабуыл жасады. Солтүстік бағыттағы армия 1945 жылдың мамыр, маусым айларында Толы және Дөрбілжін аудандарын, шілде — тамыз айларында Шәуешек, Шағантоғай және Қобықсары аудандарын азат етіп, Тарбағатай аймағындағы гоминьдан билігін толық жойды. Содан соң олар Тарбағатайдан Алтайға жорық жасап, 1945 ж. қыркүйек айында бүкіл Алтай аймағын азат етті. Орта бағыттағы Ұлттық армияның 4 мың жауынгері 5 — 12 қыркүйекте Шиху және Жың аудандарындағы жаудың негізгі күштерін жойды. Осы екі аудандағы шайқаста Гоминьданның 2 мыңнан аса әскері жойылып, 1 мыңнан аса әскері тұтқындалды және қыруар қару-жарақ олжаланды. 16 қыркүйекте Сауан ауданы шабуылмен алынды. Гоминьданның аман қалған әскерлері шығысқа шегіне қашып, Үрімжіге 140 км жердегі Манас өз-нің көпірін бұзып, Дихуа (Үрімжі) қ-н жанын сала қорғады. Екі жақ әскерлері Манас өз-мен шектесіп, теке тірес күйде тұрды. Үш аймақ (Іле, Тарбағатай және Алтай) біртұтас ШТРУҮ-нің басқаруына өтті. Оңтүстік бағыттағы Ұлттық армия Оңтүстік Шыңжаңдағы Бай (Байчэн), Күчар және Ақсу аудандарына шабуыл жасады. Осы бағыттағы бір жасақ , Қашқар және Хотандағы гоминьдандық күштерге соққы берді. Үш аймақ Ұлттық армиясы Шыңжаңдағы гоминьдан күштерін талқандауға бет алған кезде 1945 ж. қазан айында соғыс кенеттен тоқтатылып, ШТРУҮ мен Гоминьдан үкіметінің өкілдері Үрімжіде бейбіт келіссөзге отырды. Нәтижесінде Үш аймақтан Ахметжан Қасыми бастаған өкілдер гоминьданның Чжан Чжичжун бастаған өкілдерімен мәмілеге келіп, 1946 ж. қаңтарда “Он бір тармақты бітімге” қол қойды. Осы бітім негізінде 1946 ж. Шыңжаң өлкелік біріккен үкіметі құрылды. Үкімет құрамы 25 адамнан жасақталды, оның 8 адамы Үш аймақ өкілдері болды. Чжан Чжичжун үкімет төрағасы, Ахметжан Қасыми және Бұрхан Шаїиди оның орынбасарлары болды. Осы жылы ішкі Қытайда азамат соғысы басталды. 1947 ж. гоминьданның Шыңжаңдағы күштері бейбіт бітім шарттарын бұзып, Үрімжіде “25 ақпан қанды оқиғасын” жасады. Олар Шыңжаң өлкелік үкіметінің мүшесі, Алтай аймағының уәлиі болып тағайындалған Оспан Исламұлын өз жақтарына тартып, оны Үш аймақ үкіметіне қарсы күреске айдап салды. Оспан батыр Үш аймақ билігіне қарсы көтеріліп, Алтай аймағын өз бақылауында ұстады. Үш аймақ үкіметі оны Алтай аймағы уәлиі міндетінен босатып, орнына Дәлелхан Сүгірбайұлын тағайындады. Дәлелханның әскерлері соғыс барысында Оспан батырды Алтайдан ығыстырып шығарды. Оспан Үрімжінің шығысындағы Ганьсу провинциясына шегінді. Үш аймақ өкілдері тамыз айында өлкелік үкіметтегі қызметтерінен бас тартып, Құлжаға қайтып кетті. Үрімжі мен Құлжа арасындағы қатынас қайта шиеленісті. 1948 ж. 31 желтоқсанда Бұрхан Шаїиди өлкелік үкіметтің төрағасы болып тағайындалды. Ол Үш аймақ өкілдерімен байланысты реттеуге тырысты. Қшкі Қытайдағы азамат соғысы нәтижесінде 1949 ж. Қытай коммунистік партиясы жеңіске жетіп, осы жылдың қыркүйек айында Шыңжаңдағы гоминьдандық әскери және әкімшілігі басшылар коммунистер жағына шықты. Үш аймақ өкілдері де бұған қосылды. Жаңа өкімет Үш аймақ төңкерісін Қытайдың демократиялық революциясының құрамдас бөлігі деп қабылдады.
Үш аймақ төңкерісінің нәтижесінде Құлжа қаланда құрылған ШТРУҮ 1947 жылдан Шыңжаң өлкелік коалиц. үкімет құрамына кіргенімен, салыстырмалы түрде үш аймақты дербес басқарып отырды. 1945 ж. 25 тамызда қабылданған 70-қаулыда олар үш аймақ бойынша біртұтас экон. жүйе қалыптастырып, қазына басқармасы мен мемл. банк құрды. 1945 ж. 2 қазанда гоминьдан үкіметі ақшасының Үш аймақ көлемінде айналымға түсуіне тыйым салды, өздерінің ақшасын айналымға енгізіп, егін және мал ш-н дамыту арқылы халықтың негізгі тұрмыстық қажетін қанағаттандырды. Оқу-ағарту, мәдениет және денсаулық сақтау істеріне баса назар аударылды. Білім беру мәселелерін шешудің нақты шаралары қабылданды, қалаларда 1 — 7 сыныптық, ауыл-қыстақтарда 1 — 4 сыныптық міндетті білім беруді үкімет қаржысымен жүзеге асыруды қолға алды. Әдебиет, көркемөнер ұйымдары, мәдени клубтар, ойын-сауық үйірмелері құрылды, жаңа газет-журналдар шығарылып, кітапханалар салынды. Денсаулық сақтау саласында дәрігерлер дайындау мен жұқпалы аурулардың алдын алу істеріне баса назар аударылды.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Үsh ajmak tonkerisi Қytajdyn Shynzhan olkesindegi Ile Tarbagataj zhәne Altaj ajmaktarynda 1944 1945 zh bolgan kazak ujgyr zhәne baska halyktardyn ult azattyk koterilisi Shynzhan general gubernatory Shen Shicaj 1939 zhyldan bastap zhergilikti halyktarga әsirese kazak halkyna karsy katan sayasat zhүrgize bastady Ol kazak ziyalylaryn el baskargan bedeldi azamattardy zhazyksyz tutkyndap tүrmege zhapty Қazak sharualary kolyndagy anshylyk myltyktardy zorlykpen tartyp alyp үkimetke on myn bas sәjgүlik zhinap berudi bujyrdy Osyndaj shekten askan korlyk pen zorlykka yzalangan halyk stihiyaly tүrde үkimetke karsy koterildi 1940 zh akpanda Altaj ajmagynyn Koktogaj audanynda Esimkan Imanbajuly bastagan zhergilikti kazaktardyn koterilisi bastaldy Ogan Ospan Islamuly katarly azamattar katysyp audan әkimin zhәne myltyk zhinauga bargan әskerlerdi oltirdi Koteriliske Shingil audanyndagy kazaktar da kosyldy 1941 zh mausymda Koktogajda Қalel tajzhynyn basshylygymen tagy da bir mynnan asa adam karuly koteriliske shykty 1942 zh Shyn Shysaj okimeti kenes okimeti Germaniyaga karsy sogysta zheniledi dep eseptep KSRO men Қytaj kommunistik partiyasyna karsy shykty zhәne Gomindan үkimetin koldau sayasatyna koshti Osygan bajlanysty Gomindan үkimetinin sheneunikteri men әskerleri zhәne olarga ilese AҚSh pen Ұlybritaniya diplomattary men barlaushylary Shynzhanga kelip әreket zhasaj bastady Shynzhandagy Kenes Odagynyn mamandary eline kajtarylyp Қytaj kommunistik partiyasynyn mүsheleri men zhergilikti ult kajratkerleri sayasi kugyn sүrgin kurbandary boldy Shynzhan үkimetinin zhүrgizgen zhauyzdyk sayasaty zhergilikti halyktardyn ashu yzasyn tudyrdy Osyny pajdalangan Kenes Odagy zhergilikti ulttardyn gomindandyk Shynzhan үkimetine karsylyk kүresin koldau arkyly Shyn Shysajdy bilikten tajdyryp AҚSh pen Ұlybritaniyanyn Shygys Tүrkistanga ykpalyna shekteu kojyp buferlik ajmak etip ustaudy zhosparlady Kenes Odagy atalgan үsh ajmaktagy halyktyn үkimetke karsylygyn pajdalana otyryp olardyn tonkeristik ujymdar kuruyna belsendi tүrde at salysty 1943 zh mamyrda Altajda Ұlt azattyk toby kuryldy ogan Dәlelhan Sүgirbajuly men Ospan Islamuly basshylyk etti Olar gomindan үkimetine karsy koteriliske shykty 1944 zh 9 sәuirde Қulzhada Қulzha azattyk ujymy kuryldy onyn toragasy bolyp Әlihan tore sajlandy Osy zhyldyn sәuir ajynda Tarbagataj ajmagynyn Қobyk audanynda partizandar kosyny kurylyp onyn basshysy bolyp Zungyryp Shalkanuly sajlandy Osy siyakty koptegen ujymdar tonkeristik үgit nasihat zhumysyn zhүrgizdi zhәne bolashak әskerler үshin karu zharak dajyndaumen shugyldandy 1944 zh tamyz ajynda Ilenin Nylky audanynda Әkbar Esbosynuly men Sejit batyr bastagan partizandar үkimet әskerlerinin shabuylyn tojtaryp algashky zheniske zhetti Үsh ajmak tonkerisi bastaldy Қarashada partizandar Nylky audanyn gomindandyktardan tolyk azat etip Қulzha kalana zhoryk zhasady 1944 zh 7 12 karashada olar bastagan ujgyr partizandarymen birlese otyryp kalany gomindandyktardan tolyk azat etti Қulzha azattyk ujymy ujgyr kazak zhәne kyrgyz zhastary katyskan үlken zhinalys otkizip Shygys Tүrkistan respublikasy uakytsha үkimetinin ShTRUҮ kurylganyn zhariyalady Respublika tuy ortasynda sary tүsti aj zhuldyz salyngan zhasyl tu bolyp belgilendi Әlihan tore үkimet toragasy Әshimbek kozha onyn orynbasary bolyp sajlandy Қshinde kazaktan Әbilkajyr Rabatuly bar 16 adamnan turatyn zhergilikti үkimet ku ryldy 1945 zh 5 kantarda ShTRUҮ mүshelerinin mәzhilisinde үkimettin bas bagdarlamasy kabyldandy Onda Shygys Tүrkistan aumagynda Қytaj үstemdigin zhoyu aumaktagy zhergilikti halyktardyn ten dәrezheli boluy negizinde erkindik algan derbes memleket kuru Shygys Tүrkistanda onerkәsipti egin sh n mal sh n zhәne zheke saudany damytu arkyly halyktyn turmystyk dәrezhesin zhogarylatu zholynda togyz tүrli maksat kojyldy 1945 zhyldyn nauryz ajyna dejin Ile ajmagynyn 11 audany tegis gomindandyktardan azat etildi 8 sәuirde ShTRUҮ nin Ұlttyk armiyasy kuryldy Armiya kosynyn negizinen kazaktar kurady Onyn kuramynda sondaj ak ujgyr tatar ozbek kyrgyz mongol dүngen sibe sibo t b halyktardyn zhastary boldy Әskeri basshylar ujgyr tatar kazaktardan kojyldy Kenes Odagynyn әskeri mamandary olarga kenesshi boldy zhәne teh zhәrdem berdi 1945 zh mamyr ajynda Ұlttyk armiya Soltүstik Orta zhәne Ontүstik bagyt bojynsha gomindan әskerlerine shabuyl zhasady Soltүstik bagyttagy armiya 1945 zhyldyn mamyr mausym ajlarynda Toly zhәne Dorbilzhin audandaryn shilde tamyz ajlarynda Shәueshek Shagantogaj zhәne Қobyksary audandaryn azat etip Tarbagataj ajmagyndagy gomindan biligin tolyk zhojdy Sodan son olar Tarbagatajdan Altajga zhoryk zhasap 1945 zh kyrkүjek ajynda bүkil Altaj ajmagyn azat etti Orta bagyttagy Ұlttyk armiyanyn 4 myn zhauyngeri 5 12 kyrkүjekte Shihu zhәne Zhyn audandaryndagy zhaudyn negizgi kүshterin zhojdy Osy eki audandagy shajkasta Gomindannyn 2 mynnan asa әskeri zhojylyp 1 mynnan asa әskeri tutkyndaldy zhәne kyruar karu zharak olzhalandy 16 kyrkүjekte Sauan audany shabuylmen alyndy Gomindannyn aman kalgan әskerleri shygyska shegine kashyp Үrimzhige 140 km zherdegi Manas oz nin kopirin buzyp Dihua Үrimzhi k n zhanyn sala korgady Eki zhak әskerleri Manas oz men shektesip teke tires kүjde turdy Үsh ajmak Ile Tarbagataj zhәne Altaj birtutas ShTRUҮ nin baskaruyna otti Ontүstik bagyttagy Ұlttyk armiya Ontүstik Shynzhandagy Baj Bajchen Kүchar zhәne Aksu audandaryna shabuyl zhasady Osy bagyttagy bir zhasak Қashkar zhәne Hotandagy gomindandyk kүshterge sokky berdi Үsh ajmak Ұlttyk armiyasy Shynzhandagy gomindan kүshterin talkandauga bet algan kezde 1945 zh kazan ajynda sogys kenetten toktatylyp ShTRUҮ men Gomindan үkimetinin okilderi Үrimzhide bejbit kelissozge otyrdy Nәtizhesinde Үsh ajmaktan Ahmetzhan Қasymi bastagan okilder gomindannyn Chzhan Chzhichzhun bastagan okilderimen mәmilege kelip 1946 zh kantarda On bir tarmakty bitimge kol kojdy Osy bitim negizinde 1946 zh Shynzhan olkelik birikken үkimeti kuryldy Үkimet kuramy 25 adamnan zhasaktaldy onyn 8 adamy Үsh ajmak okilderi boldy Chzhan Chzhichzhun үkimet toragasy Ahmetzhan Қasymi zhәne Burhan Shayiidi onyn orynbasarlary boldy Osy zhyly ishki Қytajda azamat sogysy bastaldy 1947 zh gomindannyn Shynzhandagy kүshteri bejbit bitim sharttaryn buzyp Үrimzhide 25 akpan kandy okigasyn zhasady Olar Shynzhan olkelik үkimetinin mүshesi Altaj ajmagynyn uәlii bolyp tagajyndalgan Ospan Islamulyn oz zhaktaryna tartyp ony Үsh ajmak үkimetine karsy kүreske ajdap saldy Ospan batyr Үsh ajmak biligine karsy koterilip Altaj ajmagyn oz bakylauynda ustady Үsh ajmak үkimeti ony Altaj ajmagy uәlii mindetinen bosatyp ornyna Dәlelhan Sүgirbajulyn tagajyndady Dәlelhannyn әskerleri sogys barysynda Ospan batyrdy Altajdan ygystyryp shygardy Ospan Үrimzhinin shygysyndagy Gansu provinciyasyna shegindi Үsh ajmak okilderi tamyz ajynda olkelik үkimettegi kyzmetterinen bas tartyp Қulzhaga kajtyp ketti Үrimzhi men Қulzha arasyndagy katynas kajta shielenisti 1948 zh 31 zheltoksanda Burhan Shayiidi olkelik үkimettin toragasy bolyp tagajyndaldy Ol Үsh ajmak okilderimen bajlanysty retteuge tyrysty Қshki Қytajdagy azamat sogysy nәtizhesinde 1949 zh Қytaj kommunistik partiyasy zheniske zhetip osy zhyldyn kyrkүjek ajynda Shynzhandagy gomindandyk әskeri zhәne әkimshiligi basshylar kommunister zhagyna shykty Үsh ajmak okilderi de bugan kosyldy Zhana okimet Үsh ajmak tonkerisin Қytajdyn demokratiyalyk revolyuciyasynyn kuramdas boligi dep kabyldady Үsh ajmak tonkerisinin nәtizhesinde Қulzha kalanda kurylgan ShTRUҮ 1947 zhyldan Shynzhan olkelik koalic үkimet kuramyna kirgenimen salystyrmaly tүrde үsh ajmakty derbes baskaryp otyrdy 1945 zh 25 tamyzda kabyldangan 70 kaulyda olar үsh ajmak bojynsha birtutas ekon zhүje kalyptastyryp kazyna baskarmasy men meml bank kurdy 1945 zh 2 kazanda gomindan үkimeti akshasynyn Үsh ajmak koleminde ajnalymga tүsuine tyjym saldy ozderinin akshasyn ajnalymga engizip egin zhәne mal sh n damytu arkyly halyktyn negizgi turmystyk kazhetin kanagattandyrdy Oku agartu mәdeniet zhәne densaulyk saktau isterine basa nazar audaryldy Bilim beru mәselelerin sheshudin nakty sharalary kabyldandy kalalarda 1 7 synyptyk auyl kystaktarda 1 4 synyptyk mindetti bilim berudi үkimet karzhysymen zhүzege asyrudy kolga aldy Әdebiet korkemoner ujymdary mәdeni klubtar ojyn sauyk үjirmeleri kuryldy zhana gazet zhurnaldar shygarylyp kitaphanalar salyndy Densaulyk saktau salasynda dәrigerler dajyndau men zhukpaly aurulardyn aldyn alu isterine basa nazar audaryldy Siltemeler Қazak Enciklopediyasy 9 tom Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet