Қазақ хандығының аймақтық-әкімшілік құрылымының негізі жүздер болып табылады. Жүздер тайпалық - рулық бірлестіктерден тұрады. Қазақ халқы, негізінен, XV - XVI ғасырларда қалыптасқан Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзден құралады. Ұлы, Орта және Кіші жүздерге Қазақстанды ертеден мекендеген туыстас бірнеше тайпалар кірді. Бұл тайпалардың әрқайсысының тарихы әріден басталады. Әрбір тайпаның, әр рудың өз ұран, таңбасы болды.
XV ғасырда Керей хан билік құрған кезде, 1470 жылдары Сырдария бойындағы қалаларды басып алады:
- Сауран уәлаятының әміршісі Жәнібек ұлы Еренші (1470-1492)
- Созақ уәлаятының әміршісі Жәнібек ұлы Махмұт (1470-1476)
Қасым ханның тұсында 1516 жылы 4 уәлаят болды:
- Жетісу уәлаяты — белгісіз
- Сарайшық уәлаяты — Өсек сұлтан
- Түркістан уәлаяты — Жәдік сұлтан
- Ұлытау уәлаяты — Әдік сұлтан
Есім ханның тұсында жүздер пайда бола бастады. Сырдария өзенің үстіңгі жақтарында қоныстанған Ұлы жүз. Ортасында — Орта жүз. Төменгі жақта — Кіші жүз. Ең бірінші хандары:
- Ұлы жүз ханы Шығай ұлы Жанәли (1588-1600)
- Орта жүз ханы Есім ұлы Жағата (1598-1628)
- Кіші жүз ханы Жәңгір ұлы Тәуке (1652-1680)
Болат ханның тұсында жүздер тәуелсіз болады. Болат хан тек Орта жүзде билік орната алды. Орда болған кездегі тұңғыш хандары:
- Ұлы жүз Ордасының ханы Қарт-Әбілқайыр хан (1718-1730)
- Орта жүз Ордасының ханы Қайып хан (1718-1719)
- Кіші жүз Ордасының ханы Әбілқайыр хан (1718-1748)
Жүзге тек төре (Шыңғыс хан ұрпақтары), қожа (тегі араб), төлеңгіт (хан-сұлтандардың қызметшілері, нөкерлері) және кейбір топтар (мысалы, сунақ) кірген жоқ. Жүздік құрылым Қазақ хандығы кезінде сыртқы жаулардан қорғануға оңтайлы болды.
Хан жарлығы, түрлі шешімдер жүзге, одан тайпаларға, одан руларға тез арада жеткізілді. Әсіресе, жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде жүздік бөлініс халықтың топтасуына, бірігуіне көп мүмкіндік берді. Әрбір жүз өздеріне тиесілі әскер шығарып, бүкіл ел басқыншыларға қарсы жұмыла көтерілді. XVIII ғасырдың басында әрбір жүзді жекелеген хандар басқарды. Қазіргі таңда тайпалық одақтардың алғашқы кездегі мәні жойылған. Елдің бірлігі бұзылады деп қазақ халқы жүзге, руға еш уақытта бөлінбеді.
Өзара араздасуды, ру, тайпа арасындағы қырқысуларды данагөй ақсақалдар шешті. XX ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістер, ашаршылық, I, II Дүниежүзілік соғыстар зардабының салдарынан қазақ жүздерінің кейбір рулары бастапқыда орналасқан жерлерінен қол үзіп қалды. Халық арасында үш жүзге байланысты мынадай мақал тараған: "Ұлы жүзге таяқ беріп, малға қой, Орта жүзге қалам беріп, дауға қой, Кіші жүзге найза беріп, жауға қой". Бүгінгі таңда Ұлы жүз, Орта жүз бен Кіші жүз өкілдері әлемге тек біртұтас қазақ ұлты ретінде ғана танымал.
Дереккөздер
- «Сен білесің бе?» энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak handygynyn ajmaktyk әkimshilik kurylymynyn negizi zhүzder bolyp tabylady Zhүzder tajpalyk rulyk birlestikterden turady Қazak halky negizinen XV XVI gasyrlarda kalyptaskan Ұly zhүz Orta zhүz zhәne Kishi zhүzden kuralady Ұly Orta zhәne Kishi zhүzderge Қazakstandy erteden mekendegen tuystas birneshe tajpalar kirdi Bul tajpalardyn әrkajsysynyn tarihy әriden bastalady Әrbir tajpanyn әr rudyn oz uran tanbasy boldy XV gasyrda Kerej han bilik kurgan kezde 1470 zhyldary Syrdariya bojyndagy kalalardy basyp alady Sauran uәlayatynyn әmirshisi Zhәnibek uly Erenshi 1470 1492 Sozak uәlayatynyn әmirshisi Zhәnibek uly Mahmut 1470 1476 Қasym hannyn tusynda 1516 zhyly 4 uәlayat boldy Zhetisu uәlayaty belgisiz Sarajshyk uәlayaty Өsek sultan Tүrkistan uәlayaty Zhәdik sultan Ұlytau uәlayaty Әdik sultan Esim hannyn tusynda zhүzder pajda bola bastady Syrdariya ozenin үstingi zhaktarynda konystangan Ұly zhүz Ortasynda Orta zhүz Tomengi zhakta Kishi zhүz En birinshi handary Ұly zhүz hany Shygaj uly Zhanәli 1588 1600 Orta zhүz hany Esim uly Zhagata 1598 1628 Kishi zhүz hany Zhәngir uly Tәuke 1652 1680 Bolat hannyn tusynda zhүzder tәuelsiz bolady Bolat han tek Orta zhүzde bilik ornata aldy Orda bolgan kezdegi tungysh handary Ұly zhүz Ordasynyn hany Қart Әbilkajyr han 1718 1730 Orta zhүz Ordasynyn hany Қajyp han 1718 1719 Kishi zhүz Ordasynyn hany Әbilkajyr han 1718 1748 Zhүzge tek tore Shyngys han urpaktary kozha tegi arab tolengit han sultandardyn kyzmetshileri nokerleri zhәne kejbir toptar mysaly sunak kirgen zhok Zhүzdik kurylym Қazak handygy kezinde syrtky zhaulardan korganuga ontajly boldy Han zharlygy tүrli sheshimder zhүzge odan tajpalarga odan rularga tez arada zhetkizildi Әsirese zhongarlardyn shapkynshylygy kezinde zhүzdik bolinis halyktyn toptasuyna biriguine kop mүmkindik berdi Әrbir zhүz ozderine tiesili әsker shygaryp bүkil el baskynshylarga karsy zhumyla koterildi XVIII gasyrdyn basynda әrbir zhүzdi zhekelegen handar baskardy Қazirgi tanda tajpalyk odaktardyn algashky kezdegi mәni zhojylgan Eldin birligi buzylady dep kazak halky zhүzge ruga esh uakytta bolinbedi Өzara arazdasudy ru tajpa arasyndagy kyrkysulardy danagoj aksakaldar sheshti XX gasyrdagy ult azattyk koterilister asharshylyk I II Dүniezhүzilik sogystar zardabynyn saldarynan kazak zhүzderinin kejbir rulary bastapkyda ornalaskan zherlerinen kol үzip kaldy Halyk arasynda үsh zhүzge bajlanysty mynadaj makal taragan Ұly zhүzge tayak berip malga koj Orta zhүzge kalam berip dauga koj Kishi zhүzge najza berip zhauga koj Bүgingi tanda Ұly zhүz Orta zhүz ben Kishi zhүz okilderi әlemge tek birtutas kazak ulty retinde gana tanymal Derekkozder Sen bilesin be enciklopediyasy