Ғазиза Жұбанова (1927-1993) — сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы.
Ғазиза Ахметқызы Жұбанова | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | қазіргі Жаңатұрмыс ауылы, Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы, Ресей империясы |
Қайтыс болған күні | 13 желтоқсан 1993 (66 жас) |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет | |
Мамандықтары | |
Жанрлары |
Өмірбаяны
Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.
Гнесиндер атындағы Мәскеу музыкалық училищесін (1949), П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын (1954), оның аспирантурасын (1957), профессор композиция класын бітірген.
1958 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) ұстаздық етті; 1975 – 1987 жылдары осы консерваторияның ректоры (1978 жылдан профессор), 1962 – 1968 жылдары басқармасының төрағасы және КСРО Композиторлар одағы басқармасының хатшысы болды.
Шәкірттері және сипаттамасы
Жұбанова - өзін ұлағатты ұстаз ретінде танытқан тұлға. Оның шәкірттері - Е.Серкебаев, С.Кабирова, Т.Мұхамеджанов және т. б. Консерватория ректоры ретінде ол ұлттық кадрлар - музыкант-орындаушылар мен музыкатанушылардың қалыптасуына ықпал етті. Олардың бірнешеуі әлемдік атаққа ие болды. Мысалы, А.Мұсаходжаева, Г. Мырзабекова, Г.Қадырбекова, Ж. Әубәкірова, Т.Әбдірашев және тағы басқалар. Жұбанованың ықпалымен музыкалық мектептер құруы, фольклор және композиторлық шығармашылық мәселелері бойынша диссертациялар қорғала бастады. Жұбанова- өзінің талантын барлық жанрда танытқан шығармашылық диапазоны кең композитор. Оның музыкасы республикадан тыс жерлерде де жақсы танымал. Ол - үнемі ізденіс үстіндегі суреткер болды. Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Олардың барлығын музыкалық ойлау жүйесінің біртұтастығы, нақтылықтан жалпыға біртіндеп көшу, вокальды орындаудан аспапты орындауға ауысу, сезімнің көрнектілігі, тақырыптық материалдың ашықтығы, ұлттық бояу, ауқымдылық, эпикалық кеңдік және музыкалық образдардың қарама - қайшылықты мінездері біріктіреді.
Шығармашылығы
Жұбанованың шығармашылығына әкесі А.Қ. Жұбанов ықпал етті. Әкесінің аяқталмай қалған “Құрманғазы” радиооперасын қызы аяқтаған (1970). Жұбанованың өзі – “Еңлік – Кебек” (1975), “Жиырма сегіз” (1981) операларының, “Аққұс туралы аңыз” (1966; Қазақстан Мемлекет сыйлығы, 1970), “Хиросима” (1966), “Қарагөз” (1990) балеттерінің, “Жігер”, “Ақсақ құлан” симфония поэмаларының, “Даладағы таң нұры” (1960), “Мұхтар Әуезов туралы аңыз” (1965), “Батырлық поэмасы” (1972) сынды ораториялық шығармалардың, “Адам, адамды аяла”, “Әйелдер аралы”, “Арал шындығы”, “Татьянаның хаты” атты вокальдық-симфониялық шығармалардың, скрипка мен фортепианоға жазылған “Элегия”, “Вариациялар”, “Поэма” прелюдияларының, “Жалғыз емен”, “Боран” атты a’capella хорлардың, инструменталдық пьеса, камералық шығармалар, поэмалар мен квартеттер, фантазия, т.б. көптеген музыкалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ ол Қазақ драма театрының репертуарынан берік орын алған “Жалғыз ағаш орман емес” (Ә.Тәжібаев, 1958), “Бөлтірік бөрік астында” (Қ.Мұхамеджанов, 1959), “Замана осылай басталады” (З.Шашкин, 1960), “Құдағи келіпті” (Қ.Мұхамеджанов, 1961), “Абай” (М.Әуезов, 1962), “Ана – Жер-ана” (Ш.Айтматов, 1964), “Қарақыпшақ Қобыланды” (М.Әуезов, 1967) қойылымдарына музыка жазған. “Қорқытпа мені дауылдан” романсы, “Ақ сәуле”, “Толқын жел”, “Сенімді дос – ол да бақыт”, “Көктем вальсі”, “Жыр жазамын жүрегімнен” әндері кең танымал болған.
Марапаттары мен естелік
Қазақстан Мемлекет сыйлығы (1970), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1964) лауреаты. Халықтар достығы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
Алматы көшелерінің біріне Жұбанованың есімі беріліп, тұрған үйінің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Жауапты редакторлар:Филол.ғ.д., профессор А.Қ.Жұбанов, Филол.ғ.к., доцент С.Құлманов ҰЛЫДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫ: ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ (қаз.). А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (2013). Тексерілді, 28 мамыр 2020.
- Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ғaziza Zhubanova 1927 1993 sazger Қazakstannyn zhәne KSRO nyn halyk artisi ҚazSSR Memlekettik syjlygynyn laureaty professor Қazaktyn kazirgi zamandyk muzykasynyn negizin kalaushy A Zhubanovtyn kyzy Ғaziza Ahmetkyzy ZhubanovaTugan kүni2 zheltoksan 1927 1927 12 02 Tugan zherikazirgi Zhanaturmys auyly Mugalzhar audany Aktobe oblysy Resej imperiyasyҚajtys bolgan kүni13 zheltoksan 1993 1993 12 13 66 zhas Қajtys bolgan zheriAlmaty ҚazakstanMemleket Қazakstan KSRO 1927 1991 Mamandyktarysazger muzyka pedagogyZhanrlarybalet simfoniya ӨmirbayanyӘlimuly tajpasynyn Shekti ruynan shykkan Gnesinder atyndagy Mәskeu muzykalyk uchilishesin 1949 P I Chajkovskij atyndagy Mәskeu memlekettik konservatoriyasyn 1954 onyn aspiranturasyn 1957 professor kompoziciya klasyn bitirgen 1958 zhyldan Almaty konservatoriyasynda kazirgi Қazak ulttyk konservatoriyasy ustazdyk etti 1975 1987 zhyldary osy konservatoriyanyn rektory 1978 zhyldan professor 1962 1968 zhyldary baskarmasynyn toragasy zhәne KSRO Kompozitorlar odagy baskarmasynyn hatshysy boldy Shәkirtteri zhәne sipattamasyZhubanova ozin ulagatty ustaz retinde tanytkan tulga Onyn shәkirtteri E Serkebaev S Kabirova T Muhamedzhanov zhәne t b Konservatoriya rektory retinde ol ulttyk kadrlar muzykant oryndaushylar men muzykatanushylardyn kalyptasuyna ykpal etti Olardyn birnesheui әlemdik atakka ie boldy Mysaly A Musahodzhaeva G Myrzabekova G Қadyrbekova Zh Әubәkirova T Әbdirashev zhәne tagy baskalar Zhubanovanyn ykpalymen muzykalyk mektepter kuruy folklor zhәne kompozitorlyk shygarmashylyk mәseleleri bojynsha dissertaciyalar korgala bastady Zhubanova ozinin talantyn barlyk zhanrda tanytkan shygarmashylyk diapazony ken kompozitor Onyn muzykasy respublikadan tys zherlerde de zhaksy tanymal Ol үnemi izdenis үstindegi suretker boldy Ғ Zhubanovanyn muzykasy arkyly kazak muzyka mәdenieti baska halyktarga belgili boldy Ol Batyrlyk poemasy simfoniyalyk poemasyn Zhiger simfoniyasyn Enlik Kebek Zhiyrma segiz operasyn Ak kus turaly anyz baletin kantatalar romanstar estradalyk muzyka teatr men kinoga arnalgan muzykalar zhazdy Olardyn barlygyn muzykalyk ojlau zhүjesinin birtutastygy naktylyktan zhalpyga birtindep koshu vokaldy oryndaudan aspapty oryndauga auysu sezimnin kornektiligi takyryptyk materialdyn ashyktygy ulttyk boyau aukymdylyk epikalyk kendik zhәne muzykalyk obrazdardyn karama kajshylykty minezderi biriktiredi ShygarmashylygyZhubanovanyn shygarmashylygyna әkesi A Қ Zhubanov ykpal etti Әkesinin ayaktalmaj kalgan Қurmangazy radiooperasyn kyzy ayaktagan 1970 Zhubanovanyn ozi Enlik Kebek 1975 Zhiyrma segiz 1981 operalarynyn Akkus turaly anyz 1966 Қazakstan Memleket syjlygy 1970 Hirosima 1966 Қaragoz 1990 baletterinin Zhiger Aksak kulan simfoniya poemalarynyn Daladagy tan nury 1960 Muhtar Әuezov turaly anyz 1965 Batyrlyk poemasy 1972 syndy oratoriyalyk shygarmalardyn Adam adamdy ayala Әjelder araly Aral shyndygy Tatyananyn haty atty vokaldyk simfoniyalyk shygarmalardyn skripka men fortepianoga zhazylgan Elegiya Variaciyalar Poema prelyudiyalarynyn Zhalgyz emen Boran atty a capella horlardyn instrumentaldyk pesa kameralyk shygarmalar poemalar men kvartetter fantaziya t b koptegen muzykalyk shygarmalardyn avtory Sondaj ak ol Қazak drama teatrynyn repertuarynan berik oryn algan Zhalgyz agash orman emes Ә Tәzhibaev 1958 Boltirik borik astynda Қ Muhamedzhanov 1959 Zamana osylaj bastalady Z Shashkin 1960 Қudagi kelipti Қ Muhamedzhanov 1961 Abaj M Әuezov 1962 Ana Zher ana Sh Ajtmatov 1964 Қarakypshak Қobylandy M Әuezov 1967 kojylymdaryna muzyka zhazgan Қorkytpa meni dauyldan romansy Ak sәule Tolkyn zhel Senimdi dos ol da bakyt Koktem valsi Zhyr zhazamyn zhүregimnen әnderi ken tanymal bolgan Marapattary men estelikҚazakstan Memleket syjlygy 1970 Қazakstan Lenin komsomoly syjlygynyn 1964 laureaty Halyktar dostygy Enbek Қyzyl Tu ordenderimen marapattalgan Almaty koshelerinin birine Zhubanovanyn esimi berilip turgan үjinin kabyrgasyna memorialdyk takta ornatylgan Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Zhauapty redaktorlar Filol g d professor A Қ Zhubanov Filol g k docent S Қulmanov ҰLYDALA TҰLҒALARY ҚҰDAJBERGEN ZhҰBANOV kaz A Bajtursynuly atyndagy Til bilimi instituty 2013 Tekserildi 28 mamyr 2020 Қazak enciklopediyasy 4 tom