ШОҚЫНДЫРУ – қабылдаудағы бастапқы жоралғы, діни ғибадат. Шоқындыру дәстүрлі діни конфессия ретінде христиан дінінің негізгі үш тармағының өкілдері: католиктер, протестанттар мен православтар арасында таралған. Ғибадат ретінде әуелгі бастауы Исраил ұрпағына жіберілген Иса пайғамбарға қасиетті төрт кітаптың бірі Інжілдің келуінен басталып, христиандар Құдайдың ұлы деп қабылдаған Иса пайғамбардың шармық ағашқа керіліп өлтірілді деген сенімге байланысты орнықты. Маңдай мен екі иыққа үш саусақты ретімен тигізіп, үш рет еңкею арқылы шармыққа керілген пайғамбарға құрмет көрсету нышаны ретінде пайда болған, рәсімі кейіннен христиан дінін қабылдаудың бірден-бір бастапқы шарты ретінде қалыптасты, шіркеу діндарлары христиан дінін қабылдаушыларға шоқындыру рәсімін жүргізуді қағидалық дәстүрге айналдырған. Шоқыну мен шоқындыру рәсімдері жөнінен христиандық дәстүрлі үш тармақтың негізгі салт-жораларында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ.
Шоқындыру саясатының тарихы
Орта ғасырлардан бастап христиан дінінің иерархияларға жіктеліп, орталықтандырылуына байланысты шоқындыру қызмет пен діни-саяси ықпал ету құралдарының ажырамас бөлігіне айналды. Құтқарушы (Мессия, Машшиах) Исаның қызметіне сәйкес қалыптасқан христиандық миссиялық (мессиялық) қызметті шоқындырумен ұластырған Рим католик шіркеуі мен кейіннен құрылған Мәскеу православ орталығы миссионерлік стандар арқылы ықпал аймақтарын әрі қарай өрістету барысында мемлекеттік отаршылдық саясатпен бірлесе отырып шоқындыру саясатын жүргізді. Соның арқасында Рим католик шіркеуі Батыс және Шығыс Еуропаның басым бөлігі мен кейбір Шығыс Азия елдерін және Америка мен Оңтүстік және Орталық Африка құрлығының негізгі халқын шоқындырып, христиан дінінің католик тармағына енгізді. Шоқындыру саясатының белсенді жүргізілуі үш тармақ арасындағы бақталастықты күшейтті, әуелден қалыптасқан қағидалық және апокрифтік айырмашылықтарды онан сайын алшақтатты. Православ тармағының дүние жүзі бойынша орталығы болып саналатын мәскеулік шіркеудің шоқындыру саясатын Қасиетті Синод үйлестіріп отырды. Бұл тармақ негізінен Оңтүстік және Шығыс Еуропадағы славян тектілер мен Солтүстік-Шығыс Азиядағы кейбір елдерге тарады. Қазіргі Оңтүстік Корея мемлекетінде православтар діни көпшілік қауымдардың бірінен саналады.
Қазақ халқыны шоқыну саясаты
Қасиетті Синод 19 ғасырдың 1-жартысынан бастап Еділ бойы халықтарын күштеп шоқынуды бастады және Орта Азия елдеріне қатысты да шоқындырудың бастапқы қадамдарын жасады. 19 ғасырдың 2-жартысында қазақ пен қырғыз халқының әкімшілік-аумақтық және саяси тұрғыдан толығымен Ресейге тәуелділікке түсуіне орай шоқындыру саясаты аталған екі халық арасында мейлінше өрістеді. Қазақ даласында 19 ғасырдың соңына қарай 17 миссионерлік стан жұмыс істеп, негізінен Қазан діни академиясының арнаулы миссионерлік курсын бітірген және қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерген миссионерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жергілікті халық тарапынан күшті қарсылықтар болғанына қарамастан отаршыл билік қазақ пен қырғыз халқының кей бөлігін ішінара шоқындыра алды. Оның ішінде алдау, арбау жолымен шоқындырылғандар да, сол діннің жолына шынайы түскендер де болды. Алдыңғылары сәті келгенде ислам дініне қайта өтті, кейінгілері орыс шенеуніктері мен діндар миссионерлерінің ерекше қамқорлығына ие болып әрі қарай діни білім жетілдіріп, діни дәреже алды. Осы топтың қолымен шоқындыру құралдарының бірі болып табылатын орыс тіліндегі діни әдебиеттер (миссионерлік әдебиеттер) қазақ тіліне аударылып, Қазан қаласындағы Аударма комиссиясының есебінен жарық көрді. Қазан төңкерісінен кейін кеңес өкіметі діни қызмет пен шоқындыру ісіне ресми түрде тыйым салды. 1991 жылғы тәуелсіздіктен кейін Қазақстанда діни сенім бостандығы жариялануына байланысты діни қызметтің кез келген түріне еркіндік берілді. Қазіргі уақытта Қазақстанда христиан дінінің үш тармағы да жұмыс істейді. Оның ішінде үшеуінің де миссионерлік стандары құрылып, жергілікті халық пен сырттан келушілерді шоқындыру ісі жүйелі түрде жолға қойылған.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
ShOҚYNDYRU kabyldaudagy bastapky zhoralgy dini gibadat Shokyndyru dәstүrli dini konfessiya retinde hristian dininin negizgi үsh tarmagynyn okilderi katolikter protestanttar men pravoslavtar arasynda taralgan Ғibadat retinde әuelgi bastauy Israil urpagyna zhiberilgen Isa pajgambarga kasietti tort kitaptyn biri Inzhildin keluinen bastalyp hristiandar Қudajdyn uly dep kabyldagan Isa pajgambardyn sharmyk agashka kerilip oltirildi degen senimge bajlanysty ornykty Mandaj men eki iykka үsh sausakty retimen tigizip үsh ret enkeyu arkyly sharmykka kerilgen pajgambarga kurmet korsetu nyshany retinde pajda bolgan rәsimi kejinnen hristian dinin kabyldaudyn birden bir bastapky sharty retinde kalyptasty shirkeu dindarlary hristian dinin kabyldaushylarga shokyndyru rәsimin zhүrgizudi kagidalyk dәstүrge ajnaldyrgan Shokynu men shokyndyru rәsimderi zhoninen hristiandyk dәstүrli үsh tarmaktyn negizgi salt zhoralarynda ajtarlyktaj ajyrmashylyktar zhok ShokyndyruShokyndyru sayasatynyn tarihyOrta gasyrlardan bastap hristian dininin ierarhiyalarga zhiktelip ortalyktandyryluyna bajlanysty shokyndyru kyzmet pen dini sayasi ykpal etu kuraldarynyn azhyramas boligine ajnaldy Қutkarushy Messiya Mashshiah Isanyn kyzmetine sәjkes kalyptaskan hristiandyk missiyalyk messiyalyk kyzmetti shokyndyrumen ulastyrgan Rim katolik shirkeui men kejinnen kurylgan Mәskeu pravoslav ortalygy missionerlik standar arkyly ykpal ajmaktaryn әri karaj oristetu barysynda memlekettik otarshyldyk sayasatpen birlese otyryp shokyndyru sayasatyn zhүrgizdi Sonyn arkasynda Rim katolik shirkeui Batys zhәne Shygys Europanyn basym boligi men kejbir Shygys Aziya elderin zhәne Amerika men Ontүstik zhәne Ortalyk Afrika kurlygynyn negizgi halkyn shokyndyryp hristian dininin katolik tarmagyna engizdi Shokyndyru sayasatynyn belsendi zhүrgizilui үsh tarmak arasyndagy baktalastykty kүshejtti әuelden kalyptaskan kagidalyk zhәne apokriftik ajyrmashylyktardy onan sajyn alshaktatty Pravoslav tarmagynyn dүnie zhүzi bojynsha ortalygy bolyp sanalatyn mәskeulik shirkeudin shokyndyru sayasatyn Қasietti Sinod үjlestirip otyrdy Bul tarmak negizinen Ontүstik zhәne Shygys Europadagy slavyan tektiler men Soltүstik Shygys Aziyadagy kejbir elderge tarady Қazirgi Ontүstik Koreya memleketinde pravoslavtar dini kopshilik kauymdardyn birinen sanalady Resejde shokyndyruҚazak halkyny shokynu sayasatyҚasietti Sinod 19 gasyrdyn 1 zhartysynan bastap Edil bojy halyktaryn kүshtep shokynudy bastady zhәne Orta Aziya elderine katysty da shokyndyrudyn bastapky kadamdaryn zhasady 19 gasyrdyn 2 zhartysynda kazak pen kyrgyz halkynyn әkimshilik aumaktyk zhәne sayasi turgydan tolygymen Resejge tәueldilikke tүsuine oraj shokyndyru sayasaty atalgan eki halyk arasynda mejlinshe oristedi Қazak dalasynda 19 gasyrdyn sonyna karaj 17 missionerlik stan zhumys istep negizinen Қazan dini akademiyasynyn arnauly missionerlik kursyn bitirgen zhәne kazak tilin zhogary dengejde mengergen missionerler үgit nasihat zhumystaryn zhүrgizdi Zhergilikti halyk tarapynan kүshti karsylyktar bolganyna karamastan otarshyl bilik kazak pen kyrgyz halkynyn kej boligin ishinara shokyndyra aldy Onyn ishinde aldau arbau zholymen shokyndyrylgandar da sol dinnin zholyna shynajy tүskender de boldy Aldyngylary sәti kelgende islam dinine kajta otti kejingileri orys sheneunikteri men dindar missionerlerinin erekshe kamkorlygyna ie bolyp әri karaj dini bilim zhetildirip dini dәrezhe aldy Osy toptyn kolymen shokyndyru kuraldarynyn biri bolyp tabylatyn orys tilindegi dini әdebietter missionerlik әdebietter kazak tiline audarylyp Қazan kalasyndagy Audarma komissiyasynyn esebinen zharyk kordi Қazan tonkerisinen kejin kenes okimeti dini kyzmet pen shokyndyru isine resmi tүrde tyjym saldy 1991 zhylgy tәuelsizdikten kejin Қazakstanda dini senim bostandygy zhariyalanuyna bajlanysty dini kyzmettin kez kelgen tүrine erkindik berildi Қazirgi uakytta Қazakstanda hristian dininin үsh tarmagy da zhumys istejdi Onyn ishinde үsheuinin de missionerlik standary kurylyp zhergilikti halyk pen syrttan kelushilerdi shokyndyru isi zhүjeli tүrde zholga kojylgan Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet