Хиуа хандығының Қазақстанға шапқыншылығы — Хиуа хандығының Сырдарияның төменгі сағасы, Арал маңы мен Үстіртті мекендеген Кіші жүз қазақтарын жаулап алу мақсатында ұйымдастырған жорықтары. 19 ғасырдың басынан бастап Хиуа хандығы қазақ жеріне жорық жасауын күшейте түсті. Хиуа ханы Мұхаммед Рахым тұсында (1806 — 25) хандықтың шекарасы Сырдарияның төменгі саласы мен Арал теңізі маңындағы қазақ қоныстарына жақындады. Хиуа бектері осы жерлерде қорғаныс бекіністерін салып, оны қазақ даласының ішкі жағына қарай кіре түсу үшін алдыңғы шеп ретінде пайдалануға тырысты. 1835 жылы Қуаңдария сыртындағы деген жерге хиуалықтар бекініс салып, онда 200-ге жуық әскер ұстады. Сырдарияның сол жақ беткейіне Қожанияз (осы бекіністі салуға басшылық еткен Хиуа бегінің атымен аталған) бекінісі, одан кейін Жаңақала деген бекіністі қамал салынды. Хиуа ханының қазынасы үшін қазақтардан зекет, ұшыр секілді әр түрлі алым-салықтар жинау мақсатымен Жем өзеніне дейін Кіші жүз жеріне осы бекіністерден әскери жасақтар жіберілді. Хиуа хандары Кіші жүз аумағын өз қол астына қарату мақсатында қазақ сұлтандарын пайдаланды. Оларға хан атағын сыйлаған жарлықтар беріп, қару-жарақ және әскери көмек көрсетті. Қазақ рулары бағынудан бас тартқан кезде Хиуа бектерінің жасақтары бағынбаған ауылдарды шауып, тонап отырды. Мысалы, 1847 жылы наурызда бектің жасағы Сыр бойына қоныстанған қазақтардың 1400-ге жуық үйін ойрандады. Сол жылдың тамыз айында Хиуаның 1500 адамдық жасағы Сырдың оң жағасына өтіп, мұндағы қазақ ауылдарына шабуыл жасады. Бұл шапқыншылықта бір мыңнан аса үй талқандалып, тоналды. 1847 жылы тамыздан 1848 жылғы наурызға дейінгі уақыт ішінде Хиуа нөкерлері жүздеген қазақ ауылдарын шауып, 500-дей адамды өлтірді, көптеген адамды тұтқынға алды. Мұндай шапқыншылықтар қазақ руларының хиуалықтарға деген өшпенділігін күшейтті. Бұл шабуылдар Хиуа хандығы Ресей протекторатына айналғаннан кейін тоқтады.
Сілтемелер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Hiua handygynyn Қazakstanga shapkynshylygy Hiua handygynyn Syrdariyanyn tomengi sagasy Aral many men Үstirtti mekendegen Kishi zhүz kazaktaryn zhaulap alu maksatynda ujymdastyrgan zhoryktary 19 gasyrdyn basynan bastap Hiua handygy kazak zherine zhoryk zhasauyn kүshejte tүsti Hiua hany Muhammed Rahym tusynda 1806 25 handyktyn shekarasy Syrdariyanyn tomengi salasy men Aral tenizi manyndagy kazak konystaryna zhakyndady Hiua bekteri osy zherlerde korganys bekinisterin salyp ony kazak dalasynyn ishki zhagyna karaj kire tүsu үshin aldyngy shep retinde pajdalanuga tyrysty 1835 zhyly Қuandariya syrtyndagy degen zherge hiualyktar bekinis salyp onda 200 ge zhuyk әsker ustady Syrdariyanyn sol zhak betkejine Қozhaniyaz osy bekinisti saluga basshylyk etken Hiua beginin atymen atalgan bekinisi odan kejin Zhanakala degen bekinisti kamal salyndy Hiua hanynyn kazynasy үshin kazaktardan zeket ushyr sekildi әr tүrli alym salyktar zhinau maksatymen Zhem ozenine dejin Kishi zhүz zherine osy bekinisterden әskeri zhasaktar zhiberildi Hiua handary Kishi zhүz aumagyn oz kol astyna karatu maksatynda kazak sultandaryn pajdalandy Olarga han atagyn syjlagan zharlyktar berip karu zharak zhәne әskeri komek korsetti Қazak rulary bagynudan bas tartkan kezde Hiua bekterinin zhasaktary bagynbagan auyldardy shauyp tonap otyrdy Mysaly 1847 zhyly nauryzda bektin zhasagy Syr bojyna konystangan kazaktardyn 1400 ge zhuyk үjin ojrandady Sol zhyldyn tamyz ajynda Hiuanyn 1500 adamdyk zhasagy Syrdyn on zhagasyna otip mundagy kazak auyldaryna shabuyl zhasady Bul shapkynshylykta bir mynnan asa үj talkandalyp tonaldy 1847 zhyly tamyzdan 1848 zhylgy nauryzga dejingi uakyt ishinde Hiua nokerleri zhүzdegen kazak auyldaryn shauyp 500 dej adamdy oltirdi koptegen adamdy tutkynga aldy Mundaj shapkynshylyktar kazak rularynyn hiualyktarga degen oshpendiligin kүshejtti Bul shabuyldar Hiua handygy Resej protektoratyna ajnalgannan kejin toktady Siltemeler Қazak Enciklopediyasy 9 tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet