Хаусалар (хаусандар) - тропикалық Африкадағы ең үлкен халық. Олар Нигерияның солтүстігінде (40 миллионнан астам адам) және Нигердің оңтүстігінде (10 миллионнан астам адам), сонымен қатар Гана, Того, Бенин, Камерун, Чад, Кот-д’Ивуар, Судан және т.б. елдерде қоныстанған. Жалпы саны 60 миллионнан астам адам. (2016, бағалау).
Хаусалар | |
хаусандар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
60 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Нигерия | 40 млн. |
Нигер | 10 млн. |
Кот-д’Ивуар | 1,1 млн. |
Камерун | 1,04 млн. |
Гана | 275 000 |
Судан | 80 000 |
Тілдері | |
| |
Діні | |
ислам |
Тілі
Чад тобындағылар сөйлейді. Бірнеше диалектілері (кано, кацина, сокото,, зария, хадеджа) бар. Хаусалардың арасында этникалық және әдеби тіл бар. Біріншісі 19 ғасырда сокото диалектісінен алынған, әдеби тіл 20 ғасырда Кано қаласының диалектісі негізінде пайда болды. Ұзақ уақыт бойы жазу араб әліпбиіне негізделген, бірақ 19 ғасырдан бастап хаусаның барлығы дерлік латын әліпбиіне көшті.
Діні
Ислам дінін тұтынады. Негізінен сүнниттік мұсылмандар, 20 ғасырда кадирийа мен тижания тарикаттары (сопылық) үлкен ықпалға ие болды. Салафизм мен ахмадия ілімдері кең тарады, 20 ғасырдың аяғынан – шиизм. протестанттар (англикандар, методистер, баптистер), католиктер және дәстүрлі нанымдарды ұстанушылар бар.
Тарихы
Ғалымдардың жорамалдауынша хаусалар этнос ретінде судан тайпалары мен қара нәсілділердің араласуы нәтижесінде қалыптасқан. Ерте заманда және орта ғасырларда хаусалар жерінде Кано, Гобир, Бираи, Кашина,Даура,Кебби, т.б. қала-мемлекеттер болған. Олар 16 ғасырда-да Сонган, кейінірек Борну мемлекеттеріне бағынды. 19 ғасырда Сокото сұлтандығы құрамына кірді. 1903 жылы ағылшын отаршылары басып алды. 1960-70 жылдары Африкадағы отарлық жүйе ыдырып, тәуелсіз мемлекеттер құрылған кезде бірнеше бөлікке бөлініп кеткен.
Кәсібі
Хаусаның негізгі дәстүрлі қызметі – сауда және егіншілік (сорго, тары, жүгері, күріш, мақта, жержаңғақ, индиго, маниок, ямс, тәтті картоп, темекі, қант қамысы, қызанақ, бұршақ дақылдары, асқабақ, пияз, ащы бұрыш). Құрғақ маусымда көптеген хауса ерлері Гвинея шығанағы жағалауындағы қалаларға жұмысқа барады. Мал шаруашылығы (солтүстігінде ешкі, қой, есек, жылқы, түйе), балық аулау және аңшылық (әсіресе Арна мен Магузава арасында) да кең тараған. Қолөнерден – ұсталық, зергерлік, тоқымашылық, бояу, қыш, тері өңдеу, аяқ киім жасау, қоржын мен төсеніш тоқу, ағаш ою дамыған. Дәстүрлі кәсіптерге ұрлық пен кәсіпқой қайыршылық жатады.
Тұрмыс салты
Бірнеше көп әйелді отбасылардан тұратын көпбалалы қауымдастық тек ауылдарда ғана өмір сүрді. Қалалар мен оларға жақын орналасқан елді мекендерде шағын моногамды отбасылар басым. Неке келісімі вирилокальды, туыстық есеп патрилинейлік, матрилинейлік қалдықтары бар. Хауса-магузава мен арна арасында тотемизм мен жас класстарының қалдықтарын байқауға болады.
Хаусалар ауылдарда тұрады. Нигер қалаларында және Нигерияның көршілес аудандарында балшық кірпіштен және жалпақ төбесі бар саманнан салынған үйлер басым. Үйлердің қабырғалары жиі безендірілген. Ауылдардағы тұрғын үйлер де саманнан жасалған, тік бұрышты төбесі тегіс немесе дөңгелек конустық төбесі бар. Нигер мен солтүстік-батыс Нигерияның кейбір хауса топтары арасында бұтақтар мен сабаннан жасалған дөңгелек үйшіктер жиі кездеседі. Дәстүрлі хауса ғимараттарының арасында ақсүйектердің кірпіш сарайлары, сәулесі ашық мешіттер (судандық архитектуралық стиль деп аталады) және астық қоймалары (дөңгелек, ағаш немесе тастан жасалған, сабан немесе сазбен сыланған) бар. Соңғы онжылдықтарда қалалық хаузалар еуропалық үлгідегі үйлерге ие болды.
Дәстүрлі ерлер киімі – кең етіп жасалған қалталы көйлек пен шалбар, ал әйелдер белін айналдыра жауып тұратын мата оранады. Күн суытқанда ұзын жамылғыш (ригу) киеді.
Ұлттық тағамдары - көкөніс тағамдары (ботқа, жарма), ет, сүт, балық. Дәстүрлі салт-жораларда кола жаңғағы ерекше рөл атқарады.
Халық ауыз әдебиетінің ең көп тараған түрлері – ертегілер, жырлар, мақал-мәтелдер, этногенетикалық аңыздар.
Дереккөздер
- Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4731131?ysclid=logyvx4rcu297076247
- Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/172622/%D0%A5%D0%B0%D1%83%D1%81%D0%B0?ysclid=logyt2jprj976539322
- Хауса https://www.istmira.com/novosti-istorii/15998-hausa-narod.html
- Хауса https://bigenc.ru/c/khausa-narod-5d26b1?ysclid=logysz3aha187857985
- Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
- Хауса народ африки страны https://torise.ru/hausa-narod-afriki-strany/?ysclid=logyu3ozs9442615815
- народы мира / Хауса http://www.etnolog.ru/people.php?id=HAUS
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Hausalar hausandar tropikalyk Afrikadagy en үlken halyk Olar Nigeriyanyn soltүstiginde 40 millionnan astam adam zhәne Nigerdin ontүstiginde 10 millionnan astam adam sonymen katar Gana Togo Benin Kamerun Chad Kot d Ivuar Sudan zhәne t b elderde konystangan Zhalpy sany 60 millionnan astam adam 2016 bagalau HausalarhausandarBүkil halyktyn sany60 mln En kop taralgan ajmaktar Nigeriya40 mln Niger10 mln Kot d Ivuar1 1 mln Kamerun1 04 mln Gana275 000 Sudan80 000TilderiDiniislamTiliChad tobyndagylar sojlejdi Birneshe dialektileri kano kacina sokoto zariya hadedzha bar Hausalardyn arasynda etnikalyk zhәne әdebi til bar Birinshisi 19 gasyrda sokoto dialektisinen alyngan әdebi til 20 gasyrda Kano kalasynyn dialektisi negizinde pajda boldy Ұzak uakyt bojy zhazu arab әlipbiine negizdelgen birak 19 gasyrdan bastap hausanyn barlygy derlik latyn әlipbiine koshti DiniIslam dinin tutynady Negizinen sүnnittik musylmandar 20 gasyrda kadirija men tizhaniya tarikattary sopylyk үlken ykpalga ie boldy Salafizm men ahmadiya ilimderi ken tarady 20 gasyrdyn ayagynan shiizm protestanttar anglikandar metodister baptister katolikter zhәne dәstүrli nanymdardy ustanushylar bar TarihyҒalymdardyn zhoramaldauynsha hausalar etnos retinde sudan tajpalary men kara nәsildilerdin aralasuy nәtizhesinde kalyptaskan Erte zamanda zhәne orta gasyrlarda hausalar zherinde Kano Gobir Birai Kashina Daura Kebbi t b kala memleketter bolgan Olar 16 gasyrda da Songan kejinirek Bornu memleketterine bagyndy 19 gasyrda Sokoto sultandygy kuramyna kirdi 1903 zhyly agylshyn otarshylary basyp aldy 1960 70 zhyldary Afrikadagy otarlyk zhүje ydyryp tәuelsiz memleketter kurylgan kezde birneshe bolikke bolinip ketken KәsibiHausanyn negizgi dәstүrli kyzmeti sauda zhәne eginshilik sorgo tary zhүgeri kүrish makta zherzhangak indigo maniok yams tәtti kartop temeki kant kamysy kyzanak burshak dakyldary askabak piyaz ashy burysh Қurgak mausymda koptegen hausa erleri Gvineya shyganagy zhagalauyndagy kalalarga zhumyska barady Mal sharuashylygy soltүstiginde eshki koj esek zhylky tүje balyk aulau zhәne anshylyk әsirese Arna men Maguzava arasynda da ken taragan Қolonerden ustalyk zergerlik tokymashylyk boyau kysh teri ondeu ayak kiim zhasau korzhyn men tosenish toku agash oyu damygan Dәstүrli kәsipterge urlyk pen kәsipkoj kajyrshylyk zhatady Turmys saltyBirneshe kop әjeldi otbasylardan turatyn kopbalaly kauymdastyk tek auyldarda gana omir sүrdi Қalalar men olarga zhakyn ornalaskan eldi mekenderde shagyn monogamdy otbasylar basym Neke kelisimi virilokaldy tuystyk esep patrilinejlik matrilinejlik kaldyktary bar Hausa maguzava men arna arasynda totemizm men zhas klasstarynyn kaldyktaryn bajkauga bolady Hausalar auyldarda turady Niger kalalarynda zhәne Nigeriyanyn korshiles audandarynda balshyk kirpishten zhәne zhalpak tobesi bar samannan salyngan үjler basym Үjlerdin kabyrgalary zhii bezendirilgen Auyldardagy turgyn үjler de samannan zhasalgan tik buryshty tobesi tegis nemese dongelek konustyk tobesi bar Niger men soltүstik batys Nigeriyanyn kejbir hausa toptary arasynda butaktar men sabannan zhasalgan dongelek үjshikter zhii kezdesedi Dәstүrli hausa gimarattarynyn arasynda aksүjekterdin kirpish sarajlary sәulesi ashyk meshitter sudandyk arhitekturalyk stil dep atalady zhәne astyk kojmalary dongelek agash nemese tastan zhasalgan saban nemese sazben sylangan bar Songy onzhyldyktarda kalalyk hauzalar europalyk үlgidegi үjlerge ie boldy Dәstүrli erler kiimi ken etip zhasalgan kaltaly kojlek pen shalbar al әjelder belin ajnaldyra zhauyp turatyn mata oranady Kүn suytkanda uzyn zhamylgysh rigu kiedi Ұlttyk tagamdary kokonis tagamdary botka zharma et sүt balyk Dәstүrli salt zhoralarda kola zhangagy erekshe rol atkarady Halyk auyz әdebietinin en kop taragan tүrleri ertegiler zhyrlar makal mәtelder etnogenetikalyk anyzdar DerekkozderBolshaya rossijskaya enciklopediya 2004 2017 https old bigenc ru ethnology text 4731131 ysclid logyvx4rcu297076247 Bolshaya sovetskaya enciklopediya https dic academic ru dic nsf bse 172622 D0 A5 D0 B0 D1 83 D1 81 D0 B0 ysclid logyt2jprj976539322 Hausa https www istmira com novosti istorii 15998 hausa narod html Hausa https bigenc ru c khausa narod 5d26b1 ysclid logysz3aha187857985 Қazakstan ulttyk enciklopediyasy Hausa narod afriki strany https torise ru hausa narod afriki strany ysclid logyu3ozs9442615815 narody mira Hausa http www etnolog ru people php id HAUS