Фриздер — ұлт, Нидерландтағы халық. Негізінен Нидерландтың Фрисландия провинциясында, ішінара Гронинген және Батыс Фриз аралдарында, сондай-ақ Германияда, тағы басқа елдерде тұрады. Жалпы саны 410 мың адам (2002). Антропологиялық жағынан атлант-балтық расасына жатады. Нидерланд тіліне туыстас фриз тілінде сөйлейді, 4 диалектісі бар. Жазуы латын графикасына негізделген. Дінге сенушілердің басым бөлігін , одан кейін католиктер құрайды. “Фриз” термині “еркін” “бос” деген мағына береді. Ол Рим империясына қарсы соғыс кезінде қалыптасқан. Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында германдық Фриздер Солтүстік теңіздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалауларын мекен етті. Орта ғасырларда бұл аймақ бөлшектеніп, батыс бөлігі 11 — 13 ғасырларда Голландия графтығына қосылды. Фрисландия 16 ғасырдың бас кезіне дейін, тәуелсіздігін сақтады да, кейіннен Нидерландқа бағынды. Ал дербестігін сақтаған Шығыс Фрисландия графтығын 18 ғасырда Пруссия басып алды. Қазіргі таңда нидерландтық Фрисландия провинциясының Фриздері мәдени автономиясын сақтап қалған. Дәстүрлі кәсіптері мүйізді ірі қара, жылқы шарушылығы, жағалауларда қой өсіру және балық аулау жақсы дамыған. Зергерлік, ұсталық және тоқымашылық сақталған. Баспаналары — тұрғын бөлмелер мен шаруашылық жайларды біріктірген, шатыры екі жақты келеді. Ұлттық киімдері: әйелдер үш етекті қысқа юбкалар, жеңі қысқа көкірекше, басына әшекейлі каска киеді. Көкірекше жеңдері түрлі сәндік маталармен әсемделген. Аяқтарына ағаштан жасалған “кломпа” киген. Ұлттық тағамдарында көкөніс (негізінен картоп), ұн мен балық еті басым. Фриздер арасында ағылшындардың туыстық жүйесі орныққан. Ұлттық мейрамдары жәрмеңкелерге ұласып, онда сан түрлі ойындар, спорт түрлері (жүгіру, , тағы басқа) ұйымдастырылады. Ауыз әдебиеті, ұлттық салт-дәстүрі сақталған.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Frizder ult Niderlandtagy halyk Negizinen Niderlandtyn Frislandiya provinciyasynda ishinara Groningen zhәne Batys Friz araldarynda sondaj ak Germaniyada tagy baska elderde turady Zhalpy sany 410 myn adam 2002 Antropologiyalyk zhagynan atlant baltyk rasasyna zhatady Niderland tiline tuystas friz tilinde sojlejdi 4 dialektisi bar Zhazuy latyn grafikasyna negizdelgen Dinge senushilerdin basym boligin odan kejin katolikter kurajdy Friz termini erkin bos degen magyna beredi Ol Rim imperiyasyna karsy sogys kezinde kalyptaskan Bizdin zamanymyzdyn algashky gasyrlarynda germandyk Frizder Soltүstik tenizdin ontүstik zhәne ontүstik shygys zhagalaularyn meken etti Orta gasyrlarda bul ajmak bolshektenip batys boligi 11 13 gasyrlarda Gollandiya graftygyna kosyldy Frislandiya 16 gasyrdyn bas kezine dejin tәuelsizdigin saktady da kejinnen Niderlandka bagyndy Al derbestigin saktagan Shygys Frislandiya graftygyn 18 gasyrda Prussiya basyp aldy Қazirgi tanda niderlandtyk Frislandiya provinciyasynyn Frizderi mәdeni avtonomiyasyn saktap kalgan Dәstүrli kәsipteri mүjizdi iri kara zhylky sharushylygy zhagalaularda koj osiru zhәne balyk aulau zhaksy damygan Zergerlik ustalyk zhәne tokymashylyk saktalgan Baspanalary turgyn bolmeler men sharuashylyk zhajlardy biriktirgen shatyry eki zhakty keledi Ұlttyk kiimderi әjelder үsh etekti kyska yubkalar zheni kyska kokirekshe basyna әshekejli kaska kiedi Kokirekshe zhenderi tүrli sәndik matalarmen әsemdelgen Ayaktaryna agashtan zhasalgan klompa kigen Ұlttyk tagamdarynda kokonis negizinen kartop un men balyk eti basym Frizder arasynda agylshyndardyn tuystyk zhүjesi ornykkan Ұlttyk mejramdary zhәrmenkelerge ulasyp onda san tүrli ojyndar sport tүrleri zhүgiru tagy baska ujymdastyrylady Auyz әdebieti ulttyk salt dәstүri saktalgan FrizderDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet