Уәли хан, немесе Сұлтан Уәли Баһадүр (1741 – 1819) – Орта жүздің соңғы ханы (1781–1819). Уәли ханның қайтыс болғанынан кейін Орта Жүзде реформа жүрді де, хан билігі жойылды.
Уәли хан | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1781 жыл — 1819 жыл | |||
Ізашары | Абылай хан | ||
Ізбасары | лауазым ресми түрде жойылды (де-факто ізбасары Ғұбайдолла хан) | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 1741 Түркістан, Қазақ хандығы | ||
Қайтыс болуы | 1819 Қазақ хандығы | ||
Жерленді | қазіргі ауылы, | ||
Династия | төре | ||
Әкесі | Абылай хан | ||
Анасы | Сайман ханым | ||
Жұбайы | Айғаным Ханым | ||
Балалары | Ғұбайдолла, Ғаббас, Шыңғыс, Тәуке | ||
өңдеу |
Өмірбаяны
Абылай ханның екінші әйелі қарақалпақ Сайман ханымнан туған үлкен ұлы. Жасынан билікке араласып, арғын тайпасының билеушісі болды, бірнеше рет әкесінің тапсырмасымен елшіліктерді басқарды. Абылай қайтыс болғаннан кейін, Орта жүз өкілдерінің құрылтайында хан сайлау негізінде билікке келді. Таққа отырысымен Ресей және Қытай билеушілеріне елшілік аттандырды. 1782 жылы 25 ақпанда императрица Екатерина ІІ Уәлиді Орта жүздің ханы деп танитындықтары жөнінде грамота жіберді. Көп ұзамай Уәлиді билеуші деп танитындықтары жөніндегі осындай грамота тарапынан да келді. Уәли ішкі-сыртқы саясатта әкесі Абылайдың ісін әрі қарай жалғастырушы болды. Ол Орта жүз руларының ішіндегі тұрақтылықты сақтай отырып, сыртқы саясатта Ресей мен Қытайға тең қарым-қатынас жасауға тырысты. Ресей өкіметі өз тарапынан Уәлидің Қытаймен байланыстарына тыйым салуға ұмтылды. Казак әскерлерін жіберіп, хан сарайына келе жатқан Қытай елшілерін орта жолдан қайтарып отырды. Дегенмен, Уәли Қытаймен қарым-қатынасын тоқтатқан жоқ. Орта жүзге ықпалын күшейту үшін патша өкіметі шекаралық шепті қазақ даласының ішіне жылжыта бастады. Ресейдің ықпалын бәсеңдету мақсатында Уәли Қытай үкіметімен және Бұхар хандығымен байланысын күшейтті.
Патша өкіметінің үсті-үстіне жасаған қысымына қарамастан Уәлидің алғашқы он жылдық билігі тыныш жағдайда өтті. Алайда 18 ғасырдың аяғына қарай Уәлидің ішкі саясатына кейбір қазақ рулары тарапынан қарсылық күшейді. Олар 1795 жылы Ресей патшасына ханның үстінен наразылық хат жазды. Сол жылы 2 сұлтан мен 19 би қарамағындағы 120 мыңнан аса адамымен орыс шекарасына жақын жерлерге көшіп барып, өздерінің патша өкіметіне тікелей бағынғылары келетінін мәлімдеді. Бірақ өзінің дипломатиялық шеберлігі арқасында Уәли бұл жанжалды ушықтырмай, өз пайдасына шешті. Дегенмен, ол 1803 – 05 жылы өз қарамағындағы қазақ рулары мен сұлтандарды Сырдарияға, Шығыс Түркістанға көшуге үгіттеді. Патша өкіметі қазақ руларының оңтүстік-шығысқа көшіп кетуіне жол бермеу үшін Уәлимен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды.
Уәлидің негізгі қонысы Есіл өзен бойында Көкшетау мен Шыңғыстау аралығында орналасты. Бас ордасы Бурабай көлінің маңайында (Ханкөл, Қызыл ағаш), екінші ордасы Көкшетаудың шығысындағы Сырымбет қыстауында болды. Ол ішкі-сыртқы саясатта әкесі Абылайдың ісін жалғастырып, қазақ хандығының дербестігін сақтауға тырысқанымен 19 ғасырдың басында қалыптасқан саяси ахуал оған мүмкіндік бермеді. Ресей өкіметі қазақ даласындағы хандық басқару жүйесін құлату үшін барлық амалдарды қолданды. Нәтижесінде Уәлидің билігі бірте-бірте әлсірей бастады. Уәлидің билігін одан әрі әлсірету үшін патша өкіметі қазақ рулары арасында ішкі қайшылықтарды пайдалану арқылы 1816 жылы Барақтың тұқымы Бөкейді Орта жүздің 2-ханы етіп бекітті. Уәли Ресей, Қытай және Орталық Азия мемлекеттері толық мойындаған соңғы қазақ ханы болды, ол қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай патша өкіметі Орта жүзде хан сайлауды мүлдем тоқтатты. Уәлидің 2 әйелінен 14 ұлы болған. Оның ішінде мұрагері болып саналатын Ғұбайдолла мен кіші әйелі Айғанымнан туған Шыңғыс Уәлиханов Көкшетау және Құсмұрын округтерінің алғашқы аға сұлтандары болып сайланған.
Даңқты қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов Уәлидің немересі.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Uәli han nemese Sultan Uәli Baһadүr 1741 1819 Orta zhүzdin songy hany 1781 1819 Uәli hannyn kajtys bolganynan kejin Orta Zhүzde reforma zhүrdi de han biligi zhojyldy Uәli hanLauazymyTu Orta zhүzdin 19 shy hany1781 zhyl 1819 zhylIzashary Abylaj hanIzbasary lauazym resmi tүrde zhojyldy de fakto izbasary Ғubajdolla han ӨmirbayanyDini IslamDүniege kelui 1741 1741 Tүrkistan Қazak handygyҚajtys boluy 1819 1819 Қazak handygyZherlendi kazirgi auyly Dinastiya toreӘkesi Abylaj hanAnasy Sajman hanymZhubajy Ajganym HanymBalalary Ғubajdolla Ғabbas Shyngys Tәukeondeu ӨmirbayanyAbylaj hannyn ekinshi әjeli karakalpak Sajman hanymnan tugan үlken uly Zhasynan bilikke aralasyp argyn tajpasynyn bileushisi boldy birneshe ret әkesinin tapsyrmasymen elshilikterdi baskardy Abylaj kajtys bolgannan kejin Orta zhүz okilderinin kuryltajynda han sajlau negizinde bilikke keldi Takka otyrysymen Resej zhәne Қytaj bileushilerine elshilik attandyrdy 1782 zhyly 25 akpanda imperatrica Ekaterina II Uәlidi Orta zhүzdin hany dep tanityndyktary zhoninde gramota zhiberdi Kop uzamaj Uәlidi bileushi dep tanityndyktary zhonindegi osyndaj gramota tarapynan da keldi Uәli ishki syrtky sayasatta әkesi Abylajdyn isin әri karaj zhalgastyrushy boldy Ol Orta zhүz rularynyn ishindegi turaktylykty saktaj otyryp syrtky sayasatta Resej men Қytajga ten karym katynas zhasauga tyrysty Resej okimeti oz tarapynan Uәlidin Қytajmen bajlanystaryna tyjym saluga umtyldy Kazak әskerlerin zhiberip han sarajyna kele zhatkan Қytaj elshilerin orta zholdan kajtaryp otyrdy Degenmen Uәli Қytajmen karym katynasyn toktatkan zhok Orta zhүzge ykpalyn kүshejtu үshin patsha okimeti shekaralyk shepti kazak dalasynyn ishine zhylzhyta bastady Resejdin ykpalyn bәsendetu maksatynda Uәli Қytaj үkimetimen zhәne Buhar handygymen bajlanysyn kүshejtti Patsha okimetinin үsti үstine zhasagan kysymyna karamastan Uәlidin algashky on zhyldyk biligi tynysh zhagdajda otti Alajda 18 gasyrdyn ayagyna karaj Uәlidin ishki sayasatyna kejbir kazak rulary tarapynan karsylyk kүshejdi Olar 1795 zhyly Resej patshasyna hannyn үstinen narazylyk hat zhazdy Sol zhyly 2 sultan men 19 bi karamagyndagy 120 mynnan asa adamymen orys shekarasyna zhakyn zherlerge koship baryp ozderinin patsha okimetine tikelej bagyngylary keletinin mәlimdedi Birak ozinin diplomatiyalyk sheberligi arkasynda Uәli bul zhanzhaldy ushyktyrmaj oz pajdasyna sheshti Degenmen ol 1803 05 zhyly oz karamagyndagy kazak rulary men sultandardy Syrdariyaga Shygys Tүrkistanga koshuge үgittedi Patsha okimeti kazak rularynyn ontүstik shygyska koship ketuine zhol bermeu үshin Uәlimen kelissoz zhүrgizuge mәzhbүr boldy Uәlidin negizgi konysy Esil ozen bojynda Kokshetau men Shyngystau aralygynda ornalasty Bas ordasy Burabaj kolinin manajynda Hankol Қyzyl agash ekinshi ordasy Kokshetaudyn shygysyndagy Syrymbet kystauynda boldy Ol ishki syrtky sayasatta әkesi Abylajdyn isin zhalgastyryp kazak handygynyn derbestigin saktauga tyryskanymen 19 gasyrdyn basynda kalyptaskan sayasi ahual ogan mүmkindik bermedi Resej okimeti kazak dalasyndagy handyk baskaru zhүjesin kulatu үshin barlyk amaldardy koldandy Nәtizhesinde Uәlidin biligi birte birte әlsirej bastady Uәlidin biligin odan әri әlsiretu үshin patsha okimeti kazak rulary arasynda ishki kajshylyktardy pajdalanu arkyly 1816 zhyly Baraktyn tukymy Bokejdi Orta zhүzdin 2 hany etip bekitti Uәli Resej Қytaj zhәne Ortalyk Aziya memleketteri tolyk mojyndagan songy kazak hany boldy ol kajtys bolgannan kejin kop uzamaj patsha okimeti Orta zhүzde han sajlaudy mүldem toktatty Uәlidin 2 әjelinen 14 uly bolgan Onyn ishinde murageri bolyp sanalatyn Ғubajdolla men kishi әjeli Ajganymnan tugan Shyngys Uәlihanov Kokshetau zhәne Қusmuryn okrugterinin algashky aga sultandary bolyp sajlangan Dankty kazak galymy Shokan Uәlihanov Uәlidin nemeresi