Түргеш қағанаты (түркіше: 𐱅𐰇𐰼𐰏𐰾 - Türügesh) — 704-756 жылдары билік құрған, Батыс Түрік қағанатының ыдырауы нәтижесінде құрылған ерте ортағасырлық түркі мемлекеті. Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырған және уақытында сол елдің сол қанатына жатқызылған. Дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктерін этникалық емес, саяси жағынан қарастырған жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш қағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сұлу. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш", ал Сұлуға бағынған халықты - "қара түргеш" деп атаған.)
Түргеш қағанаты | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Құрылды | |
Жойылды | |
Алғашқы қағаны | Үшлік хан (704-708) |
Ұлы астанасы | |
Кіші астанасы |
|
Орналасқан жері | Іле өзені мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейін. |
Бөлінуі | Cары түргеш, |
Түргештер - Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады. Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Шығыс пен батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі түркештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түркештердің әскери-саяси және шаруашылық қуатын арттыра түсті.
Түргеш қағанатының қалыптасуы
Батыс Tүрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери- саяси әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. «Он оқ бұдун» құрамына кірген тайпалардың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, шығыста қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісудың өзінде азғыр Нүзұқ-Иркин, түргеш Чыкан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған, бірақ шежірешінің сөзіне қарағанда, олар жеңіске жете алмаған. Мұның өзі, шындыққа үйлеспейтін болса керек. Қалаға шабуылдың сәтсіз аяқталуы туралы шежірешінің сөздері өкілдердің мәлімдемесіне ғана негізделген. Әдеттегідей, шайқастың қалай болғанын нақты суреттеп баяндау жоқ, шежіреші тек «жеңілді» дейді де қояды. Ол былай тұрсын, бұдан кейін бірден аймақтың халқын тыныштандыру үшін түрік Хусэлоның бастауымен қосын ұйымдастырылды (бұлар түріктерден құрылған болуы керек) делінеді. Бірақ жорыққа әзірленіп жатқан кездің өзінде қағанатта жаңа бір күш пайда болады да, мұның куаттылығы соншалық, Хусэ- ло батысқа жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады.
Бұл күш Баға тархан деген атағы бар Үшлік бастаған түргештер болды. Бытыраңқылық және қағанның қашып кетуі жағдайында түргештердің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға емес еді. Қағанаттың сол қанатының құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер VI ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді, оларға бағынышты тайпалар саны көбейді. Үшлік өз жерін әрқайсысы 7 мың сарбаздан тұратын 20 аймаққа бөлді. Бұрын Шудың солтүстік-батыс жағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп атады; қаласында оның Кіші ордасы болды. Күнгіт және солай аталатын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан (олар мұнда XI ғасырда да тұрған, мұны Махмұд Қашғари атап көрсеткен). Шежіреде айтылғандай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен (яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста — хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Тұрфан) және Тинчжоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерді алып жатқан». Бұл екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұрған болатын. Үстемдік үшін күрестің барысында Іле түргештері Қапаған қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ құрды. Олардың арасындағы күрес көріністерінің бірі Ертістен бір түндік жердегі Бөлу Шу өзені бойындағы шайқас болып табылады. Шу түргештері (басқаша айтқанда, сары түргештер) қатты жеңіліске ұшырады, мұның нәтижесінде үстемдік олардың бәсекелестеріне (қара түргештер, бұлар өз ордасын Таласқа көшірді) ауысты. Бұлар қаған тағына қара түргештердің шапыш (чэбиши) тайпасының өкілі Сұлуды отырғызды.
Құжаттар сол кездегі Түргеш қағанатында әлеуметтік өзгерістердің болғанын көрсетеді. «Жаңахында» былай делінген: «Шығындар (ақсүйектердің) күн сайын өсіп жатты, ал қор дегенің болған жоқ. Соңғы жылдары ол (қаған) тапшылықты сезіне бастады, сондықтан талап алынған олжаларды бірте-бірте бөліске салмай, өз қолында ұстады. Міне, осы кезде бағыныштылар да одан бөлініп шыға бастады». Дау-жанжалдар қара түргештер мен сары түргештердің билеуші топтары арасындағы күреске ұласты. 738 жылы Сұлу қаған өлген кезден бастап бұл күрес өте-мөте шиеленісе түсті. Шежіреде айтылғандай, Түргеш қағанатында «Сақалдың ұрпақтарын сары рулар (сары түргеш) деп, ал Сұлу ұлысын қара рулар (қара түргеш) деп атайды, (олар) бірімен-бірі жауласады, біріне-бірі сенбейді». Түргеш шонжары шумекен Бекан-Күлүг-шорасының (Фу- Янь-Цюэлю-чо) хатында да осы туралы айтылады: «Біз далада, толқып тұратын елде тудық, біріне-бірі шабуыл жасап, кескілесіп жатады...»
Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түрік қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үшлік қаған (704-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасады.
Түргеш қағанатында Үшліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сұлу қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер үш майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті, солтүстікте Шығыс Түркі Қағанаты күш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сұлу шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сұлу қағанды
арабтар Абу Мұзахим () деп атайды. 737 жылқты өз қолбасшысы Б ға-Тархан өлтіреді.
Қағанаттың күйреуі
Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилері 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.
Дереккөздер
- «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN 978-601-282-027-0,1-т. ISBN 978-601-282-026-3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tүrgesh kaganaty tүrkishe 𐱅𐰇𐰼𐰏𐰾 Turugesh 704 756 zhyldary bilik kurgan Batys Tүrik kaganatynyn ydyrauy nәtizhesinde kurylgan erte ortagasyrlyk tүrki memleketi Batys Tүrik kaganatynyn memlekettik әkimshilik әskeri zhәne mәdeni dәstүrlerin zhalgastyrgan zhәne uakytynda sol eldin sol kanatyna zhatkyzylgan Dulu tajpa kuramynyn ishine zhatady tүrgeshterdin ozi kara zhәne sary tүrgesh bolyp bolingeni belgili Kejbir tarihi derekter bojynsha sary zhәne kara degen tajpa bolikterin etnikalyk emes sayasi zhagynan karastyrgan zhon Demek Sakal kagan bolgan kezde tүrgesh kaganaty ekige bolinip ketedi Bireuinde Sakal ozi kagan bolgan al ekinshisinde halykty baskargan Sulu Sakalga bagynatyn halykty sary tүrgesh al Suluga bagyngan halykty kara tүrgesh dep atagan Tүrgesh kaganatyNegizgi akparatҚuryldy704 zhylyZhojyldy756 zhylyAlgashky kaganyҮshlik han 704 708 Ұly astanasySuyabKishi astanasyOrnalaskan zheriIle ozeni men Shu ozeni aralygynda Ile Alatauynan Balkash kolinin ontүstigine dejin BolinuiCary tүrgesh Қara tүrgeshBul үlgini koru ondeu Tүrgeshter Batys Tүrik kaganatyndagy bes arys el dulattyn beldi tajpasy Shezhire derekterinde sary үjsin dep atalady Tүrgeshter Ile men Shu ozeni aralygynda Ile Alatauynan Balkash kolinin ontүstigine dejingi onirde koship konyp zhүrgen Bul olke mal sharuashylygyna kolajly kunarly oris konys boldy Sonymen katar otyrykshy eginshilik oshagy birshama korkejgen kalalary bar baj olke edi Shygys pen batys arasyndagy sauda keruen zholynyn osy onirdi basyp otetin basty boligi tүrkeshterdin bakylauynda boldy Bul zhagdaj tүrkeshterdin әskeri sayasi zhәne sharuashylyk kuatyn arttyra tүsti Tүrgesh kaganatynyn kalyptasuyBatys Tүrik kaganatyndagy ozara tartystar Zhetisuda oz үstemdigin ornatuga umtylgan Қytaj imperatorlyk әuletinin әskeri sayasi әreketteri kagan biliginin әlsireuine sojtip birte birte tek aty gana kaluyna kobine kop sebepshi boldy On ok budun kuramyna kirgen tajpalardyn endi kagan atynan emes oz tuyn koterip kimyl zhasauy zhiilej tүsti 694 zhyly takka otyrgan Ashina Tujczy tibettiktermen odaktasa otyryp shygysta kytaj әskerine karsylyk ujymdastyruga әreket zhasagan kezde Zhetisudyn ozinde azgyr Nүzuk Irkin tүrgesh Chykan zhәne ulyk ok tajpasynyn basshysy bastagan tajpalar Suyab bekinisin korshaudy ujymdastyrgan birak shezhireshinin sozine karaganda olar zheniske zhete almagan Munyn ozi shyndykka үjlespejtin bolsa kerek Қalaga shabuyldyn sәtsiz ayaktaluy turaly shezhireshinin sozderi okilderdin mәlimdemesine gana negizdelgen Әdettegidej shajkastyn kalaj bolganyn nakty surettep bayandau zhok shezhireshi tek zhenildi dejdi de koyady Ol bylaj tursyn budan kejin birden ajmaktyn halkyn tynyshtandyru үshin tүrik Huselonyn bastauymen kosyn ujymdastyryldy bular tүrikterden kurylgan boluy kerek delinedi Birak zhorykka әzirlenip zhatkan kezdin ozinde kaganatta zhana bir kүsh pajda bolady da munyn kuattylygy sonshalyk Huse lo batyska zhoryk zhasaudyn ornyna asygys tүrde tajyp turady Bul kүsh Baga tarhan degen atagy bar Үshlik bastagan tүrgeshter boldy Bytyrankylyk zhәne kagannyn kashyp ketui zhagdajynda tүrgeshterdin koterilui kүtpegen zherden bolgan okiga emes edi Қaganattyn sol kanatynyn kuramyna kiretin halky kop tajpa bolgan tүrgeshter VI gasyrda ak Shu Ile kos ozeni aralygyndagy үlken ajmakty alyp zhatty zhәne Zhetisudagy keruen zholdarynyn kobi solardyn bakylauynda boldy Tүrgeshterdin ykpaly birte birte kүsheje berdi olarga bagynyshty tajpalar sany kobejdi Үshlik oz zherin әrkajsysy 7 myn sarbazdan turatyn 20 ajmakka boldi Buryn Shudyn soltүstik batys zhagynda bolgan oz ordasyn ol Suyabka koshirip ony Үlken orda dep atady kalasynda onyn Kishi ordasy boldy Kүngit zhәne solaj atalatyn tajpa Ile ozeni angarynda ornalaskan olar munda XI gasyrda da turgan muny Mahmud Қashgari atap korsetken Shezhirede ajtylgandaj batys tүrik zherleri shygysta soltүstik tuczyujlermen yagni Shygys tүrik kaganatymen batysta hularmen sogdy knyazdikterimen shektesip shygysta tikelej Sichzhou Turfan zhәne Tinchzhou Besbalyk ajmaktaryna dejingi zherdi alyp zhatkan Bul eki toptyn arasy ote mote ushygyp turgan bolatyn Үstemdik үshin kүrestin barysynda Ile tүrgeshteri Қapagan kagan bastagan shygys tүrikterimen әskeri odak kurdy Olardyn arasyndagy kүres korinisterinin biri Ertisten bir tүndik zherdegi Bolu Shu ozeni bojyndagy shajkas bolyp tabylady Shu tүrgeshteri baskasha ajtkanda sary tүrgeshter katty zheniliske ushyrady munyn nәtizhesinde үstemdik olardyn bәsekelesterine kara tүrgeshter bular oz ordasyn Talaska koshirdi auysty Bular kagan tagyna kara tүrgeshterdin shapysh chebishi tajpasynyn okili Suludy otyrgyzdy Қuzhattar sol kezdegi Tүrgesh kaganatynda әleumettik ozgeristerdin bolganyn korsetedi Zhanahynda bylaj delingen Shygyndar aksүjekterdin kүn sajyn osip zhatty al kor degenin bolgan zhok Songy zhyldary ol kagan tapshylykty sezine bastady sondyktan talap alyngan olzhalardy birte birte boliske salmaj oz kolynda ustady Mine osy kezde bagynyshtylar da odan bolinip shyga bastady Dau zhanzhaldar kara tүrgeshter men sary tүrgeshterdin bileushi toptary arasyndagy kүreske ulasty 738 zhyly Sulu kagan olgen kezden bastap bul kүres ote mote shielenise tүsti Shezhirede ajtylgandaj Tүrgesh kaganatynda Sakaldyn urpaktaryn sary rular sary tүrgesh dep al Sulu ulysyn kara rular kara tүrgesh dep atajdy olar birimen biri zhaulasady birine biri senbejdi Tүrgesh shonzhary shumeken Bekan Kүlүg shorasynyn Fu Yan Cyuelyu cho hatynda da osy turaly ajtylady Biz dalada tolkyp turatyn elde tudyk birine biri shabuyl zhasap keskilesip zhatady Arabtar Orta Aziyaga zhaulauy bastalgan kezde Қazakstan men Orta Aziyanyn basym boligi Batys Tүrik kaganaty kol astynda boldy Arabtarga karsy kүreste Zhetisuda okimet basyna kelgen tүrgeshter boldy Onyn negizin salgan Үshlik kagan 704 706 zhzh Onyn ordasy Shu bojyndagy Suyab kalasy boldy Ekinshi kishi ordasy Ile ozeni zhagasyndagy Kүngit kalasynda ornalasady Tүrgesh kaganatynda Үshlikten kejin onyn murageri bolyp balasy Sakal kagan 706 711 takka otyrady Onyn kezinde Tүrgesh memleketinde ishki birlik bolmajdy zhәne kaganat үnemi arabtarmen kytajlarmen kүres zhүrgizip otyrdy Tүrgesh kaganaty Sulu kagan 715 738 tusynda kүshejdi Onyn tusynda tүrgeshter үsh majdanda kүres zhүrgizdi Batystan arabtar shygystan Tan әuleti soltүstikte Shygys Tүrki Қaganaty kүsh korsetti Elshilik zholymen neke bajlanysy zhәne әskeri sharalar arkyly Sulu shygystan keletin katerdi boldyrmady Bul zhagdaj tүrgeshterdin batysta belsendi әreket etuine mүmkindik tugyzdy 723 zhyly Fergana karluktarymen zhәne Shash turgyndarymen tize kosyp tүrgeshter arabtardy zhenedi Sulu kagandy arabtar Abu Muzahim dep atajdy 737 zhylkty oz kolbasshysy B ga Tarhan oltiredi Қaganattyn kүjreuiOnyn kazasynan kejin sary tүrgeshter men kara tүrgeshter arasynda okimet biligin alu үshin kүres bastaldy 746 zhyly Zhetisuga Altaj men Tarbagatajdan karluktar kelip konystanady Arabtarmen sondaj ak ozara kyrkystardan әlsiregen tүrgeshter karluktarga belsendi karsylyk korsete almajdy Muny Қytaj imperiyasy pajdalandy Onyn Shygys Tүrkistandagy uәlileri 748 zhyly oz әskerin Suyab kalasyna attandyrady da ony basyp alady Shashtyn iesi darga asylady Onyn balasy arabtardan komek surap keledi 751 zh Taraz zhanyndagy Atlah kalasy manynda arabtar men kytaj әskeri arasynda shajkas bolady Shajkas bes kүnge sozylady Sheshushi sәtte kytajlardyn tu syrtyndagy karluktar koterilis zhasap arabtar zhagyna shygady Қytajlar tolyk zheniledi Tan әskeri Zhetisudy Shygys Tүrkistandy tastap kejin sheginip ketedi Arabtar Shashka karaj ketedi Birak ishki kyrkys Tүrgesh memleketin әbden turalatyp tastady 756 zhyly tүrik tildi karluk tajpalarynyn әreketinen tүrgesh memleketi kulady Derekkozder Қazakstan tarihy kone zamannan bүginge dejin Bes tomdyk 1 tom Almaty Atamura 2010 59ISBN 978 601 282 027 0 1 t ISBN 978 601 282 026 3