Талас шайқасы, Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, қара киімділер аталған Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан түргештер мен қарлұқтар араб халифаты әскерінің көмегіне сүйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айырылды. Бұл өз кезегінде түркілердің ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.
Аббасилер дәуіріндегі ислам дінін түркілердің қабылдауы және Атлах шайқасының маңызы
VІІІ-ХІІ ғасырлардағы айқын білінетін ірі өзгерістерден мұсылман әлеміндегі халықтарды басқа елдердің даму дәрежесімен және оларды бір-бірімен теңестіруге мүлдем болмайтынын байқаймыз. Бұл дәуірде ислам діні жан-жаққа тарап, сол елдерде бүкіл дүние жүзінің ең озық өркениетін қалыптастырған еді. Еуропа елдері болса осы уақытта мәдени құлдырауды бастан өткеріп жатты және олар ғылым-білімді дамытуда мұсылмандарға тәуелді болатын. Ислам дінінің әсерімен Орталық Азия мен Африканың солтүстік аймақтарындағы аралықты қамтыған мәдениет Аббасилердің дәуіріндегідей ешқашан гүлденбеген.
Түркілердің ислам дініне өтуі-тарихтағы ең ірі оқиғалардың бірі. Бірақ бүгінге дейінгі кейбір деректерде Ислам дінінің таралуын жазушылар, мәдениетін зерттеушілер Орталық Азияның тарихын ірі өзгеріске ұшыратқан оқиғаны өздерінше басқашалап жазып кетті. Олардың пікірінше:
«1. Ислам қылыштың күшімен тарады.
2. Түркілер қорыққанынан мұсылман болды.
3. Талас соғысынан кейін түркілер амалсыз мұсылман болды.
4. Түркілердің көне діндерінің кейбір үгіттері Ислам дініне ұқсас болды деген сияқты және т.б.».
VІІ-VІII ғасырларда Орталық Азияның тарихында түркі тайпаларының өз-өздерімен соғысып, мықты болған мемлекеттер жеке-жеке бөлініп кетіп әлсіреп тұрған болатын, міне осындай кезді сәтті пайдаланғысы келген Қытайдағы билік етіп отырған Таң империясы Жетісудың кейбір аймақтарын басып алған. Бірақ шекарасының кеңеюі өте мықты қарқынмен дамып жатқан Умәуи халифатының орнына келген, Аббас халифатының алғашқы ірі жетістіктері болып саналатын, 751 жылғы Атлах шайқасы бүкіл Орталық Азияның тарихи, мәдени және саяси картасын өте қатты өзгерістерге ұшыратуға себеп болды. Осы бір ірі мұсылмандардың жеңісінен кейін Таң патшалығы 1000 жылға дейін Қазақ жеріне аттап баспаған болса, ал ислам діні бұл жерлерде кеңінен тараған және қалалар аз уақытта әсем де көрікті болып дамыды. Бұл болып жатқан мәдени өзгерістерге Аббас халифатының қосқан үлесі өте көп.
750 жылы 93 жыл билеген Умәуилердің соңғы он төртінші халифы Маруан ІІ-ні Аббасилердің бірінші халифасы Абул Аббас ас-Саффах құлатты. Оның қолбасшысы Зияд ибн Салих Атлах шайқасында мұсылмандардың әскерін басқарып [1.88], 751 жылы мұсылмандар Талас өзені маңында (Қырғызстан) Қытай әскерімен соғысып жеңіп шықты. Осы ұрыста тұтқынға түскен қытайлар (20 мыңға жуық адам тұтқынға түсті, 45 - 50 мыңдай қытай әскері өлді) арасында қағаз жасауды білетін шеберлер де бар екен. Міне осылар арабтарға қағаз жасауды үйретті. Әл Макдиси өзінің «Әл Бэду әт-Тарих» еңбегінде: « бес күнге созылған бұл соғыста Қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті» деп жазды. Жеңіс түркі халықтарының қытай құлдығынан, оның будда дінінен аман сақтап, ислам өркениетімен дамуына жол ашты [2.18].
Осының нәтижесінде, Бағдатта (793-жылы), сосын Мысыр (шамамен 900 жылы) мен Мароккода (шамамен 1100 жылы) және Испанияда (1150 жылы) қағаз өндірістері ашылды. Арабтардың папирусқа қарағанда жасалуы арзан әрі сапалы қағаз шығаруды үйренуі кітап шығаруды оңайлатты [3.189-190]. Бүкіл Орталық Азияның саяси тарихын өзгерткен осы бір соғыс ғылымның да дамуына үлкен септігін тигізгені шындық. Білім иелерінің түрлі жаңалықтар ашуына, мыңдаған кітаптарды жазуына, осы бір соғыста түркі тайпаларының арабтар жағына өтуі маңызды оқиғаның бірі.
Аббасилардың халифаты (751-1258 жж.) кезеңінде түркі халықтары түгел дерліктей хақ дін Исламды қабылдады. Түркілердің ойшылдары, ақылманды оқымыстылары, ел мен әскер басында жүрген көрегенді азаматтары хақ діннің қаншалықты жүрекке конымды һәм жағымды екенін, өздері аңсаған әділет пен рухани тыныштықтың тек осы дінде табылғанын аңғарып, һидаят жолына барды [4.242]. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуіне (себепкер болуы) 200 жылдан астам уақыт кетті. Сол дәуірде туындаған кесек шығармалар бүгінде шығыс әдебиеті мен мәдениетінің інжу-маржанына айналды. Ислам дінін уағыздау және дін оқуды өрістету мақсатымен қалаларда ірі-ірі мешіттер мен медреселер салынды [5.8]. Қазақ жерінде бел алған ислам бірте-бірте христиан дінін де, будданы, зороастризмді және жергілікті тәңірге табынушылықты да ығыстырып, ысырып тастайды. Мысалы, Бирунидің жазуына қарағанда «манидің (манихей) ілімін әр жерге тарататын шәкірттері болды. Ислам елдерінде олардың шоғырланған бірде-бір жері жоқ. Тек Самарқандта (онда бар-жоғы 500-ге жуық адам болған) ғана мани орталығы бар. Мани ілімін Қытай, Тибет, Үндістанның бір бөлігін мекендейтін шығыс түркілердің көбісі ұстанады» [6. 31-32].
Географиялық әдебиеттерде түркілердің арасында исламның таралуы туралы нақты деректер жоқ. Тарихшылардың айтуынша исламның қабылдану уақыты — 960 жыл. Бұл дерек Бағдат қаласында кездеседі, алайда ол туралы ешқандай нақты құжат жарияланбаған. Шын мәнісінде Ислам дінін бірінші Қарахандықтар қабылдаған. Ол кезде, яғни X ғасырдың аяғына дейін Қарахандықтар Қашғарды билеп тұрды, Бұхара мен Самарқанды жаулап алды. Басқа түркі халықтарының көпшілігі 1043 жылы қабылдады (В. В. Бартольд Соч. Т. 5 М. 1968, с. 205). Бірқатар деректерде түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауы X ғасырдан бастау алды десе, бір деректер VIII ғасырдан басталған дейді, өйткені 751 жылғы Атлах шайқасында мұсылмандардың Аллаһтың көмегімен жеңіске жетуі түркілердің ислам дінін қабылдауын тездетті. Осыдан бастап дінді қабылдаған халық сол кездегі жаңадан пайда болған әлемдік мәдениетті дамытуға атсалысты. Сол кезеңнен қалған сәулет өнері, ғалымдардың шығармалары қазіргі таңда аса зор бағалануда. X ғасырдың басында Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ-Боғра хан ислам дінін қабылдап, оның ұлы Боғра хан Харуб б. Мұса 960 жылы ислам дінін мемлекеттік деп жариялады. Ислам діні бірінші кезекте қалаларда жақсы таралды. Ибн Хордадбек Фарабтың бас қаласы Кердердегі мұсылман топтары туралы, Ибн Хаукаль Фараб, Кеңжиде мен Шаш аралығында көшіп жүрген мұсылман түріктері жайында жазып кеткен. Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың X ғасырдың аяғындағы қалаларын атай келіп, мешіттерді қалалардағы міндетті құрылыстардың бірі ретінде атаған. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде және Құйрықтөбеге жақын жерден Х-ХІ ғасырларға жататын ең ертедегі мұсылман қабірлері, қаланың орнынан Х-ХІІІ ғасырларда салынған мешіттердің қалдығы және басқа да ірі қалалардан моншалардың болғандығы дәлелденді. Осы сияқты көптеген қазба жұмыстарынан ислам дінінің таралғанын айқын дәлелдейтін заттар анықталды, бірақ ислам діні толық орнықты деп те айтуға келмейді, өйткені, тотемизм мен зороастризмнің белгілері де шығып жатты [7. 480-482].
Түркілердің арасында ислам дінінің беделінің өсуі ІХ-Х ғасырларда шамамен 820 жылдан 1000 жылдарға дейін болған қазіргі Түркістанның мәдени облыстары Орта Азиядағы Иран Саманид династиясы билік жүргізген кезден басталды. VІІІ-ІХ ғасырлардағы оқиғаларын баяндайтын деректер Оңтүстік Қазақстан халықтарының жаппай ислам дініне кіргендігін жазады. 840 жылы Нур ибн Асад Испиджабты бағындырады, 859 жылы оның інісі Ахмед ибн Асад Шауғар қаласына жорық жасайды. 766 жылдан бастап Жетісу мен Қазақстанның оңтүстік өңіріне саяси өктемдігін жүргізген Қарлұқтар мұсылман мәдениетінің ықпалына өзгелерден гөрі бұрынырық түседі. Олар исламды тіпті Махди халифаның (775-785 жж.) кезеңінде қабылдады деген пікір бар, бірақ бұл пікір олардың белгілі бір бөлігі жөнінде ғана болуы мүмкін. Өйткені 853 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразды, оның басты шіркеуін мешітке айналдырған. Ислам дінін ұстанатын халықтар көбейген сайын қалаларда үлкен мешіттер салына бастады [8. 92]. Мысалы, Баласағұн 940 жылдан бері мұсылман қаласы болып есептеледі. Ал жекелеген қалаларда сауданың жандануы, бұрын мұсылман емес халықтардың дінді қабылдауына ықпал етті. X ғасырда мұсылманшылықтың толқын-толқын таралғаны байқалды. Сол кездегі Орта Азия тұрғындарының лек-лек болып Исламға қосылғаны тарихи әдебиеттерде баяндалады. Мәселен, 960 ж. 200 мың шатыр түркі халқы ислам дінін қабылдаған. Бұл түркі халықтарының тарихындағы ірі оқиға. 1232 ж. қайтыс болған тарихшы Ибн әл-Әсирдің «Әл-Кәлім» деп аталатын 8 томдық кітабында осы оқиғаны: «Түріктерден екі жүз мың шатыр адам мұсылман болды», — деген [4.295]. Бұл оқиғалардан түркі халықтарының біраз бөлігінің ислам дінін кабылдағанын байқаймыз. Бұл кезеңде қалаларда ислам діні кеңінен қалыптасқаны анық, мысалы: Ежелгі Тараз қаласы ислам дінінің осы өңірдегі тарауына тірек болды [1. 95] және тағы бір Орта ғасырдағы гүлденген Испиджаб көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды [1.97], бұдан да басқа қалалар дінді таратуда жақсы істер атқарды.
Ислам діні тек қана таралумен шектелмей Орталық Азия мен Қазақстан калаларының келешекте өркендеуіне жол ашып берді. Өйткені бұл дінмен қатар ғылым мен архитектураның даму дәрежесі де айтарлықтай болды. Ал, қайсы дін, қандай мәдениет немесе қай отаршыл ел әлем елдерінің, Орталық Азия мен Қазақстанның мәдени ілгерілеуіне, бұндай өнер, ғылым сондай-ақ өзіндік қайталанбас архитектурасын алып келді? Біз араб мәдениетінің тарихына және оның әлем мәдениетіне қосқан үлесін, Орталық Азия халықтарының мәдениетіне қалай тарағанын білген болсақ, бұрын соңды болмаған әлем өркениетіндегі керемет өзгерістер мен ғылыми жаңалықтарға өте жақсы баға берер едік.
Жалпы дерек
Қытай мемлекетінде талас пайда болып Ұлы Қытай қорғанының сыртына Хан әулеті бөлініп шығады.Олар Жетісудын жеріне бірте бірте кіре бастайды.Олар Түргеш қағанаты жерлерін басып алады.Арабтар Орта Азиядағы жорықтарда Қытайлықтармен шиелініске тап болады.
Түріктер туралы қысқаша түсінік
Араб + (Түргеш, Қарлұқ) vs Қытай (Хан)
Арабтар женіске жетеді
Түріктер ислам дінің қабылдайды.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б. Ө. Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. — 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Әдебиеттер
- Жолдасов С. Қазақстанның оңтүстік өңірінің тарихы. Алматы «Үш қиян» 2009. 88, 95, 97.
- Қазақ тарихы (ғыл-әд. журнал) № 2. Ғизатов Ж. Исламның Қазақстанға таралуы. Алматы 2009. 18 б.
- Доктор Рахман. Краткая история ислама. Москва. ІШМАН. 2003.189-190.
- Бұлұтай М. Ж. Ата баба діні. Түркілер неге мұсылман болды? Алматы «Білім» 2000. 242, 295.
- Ислам және Өркениет №10. Қосалы А. Исламның Қазақстанға таралуы. Алматы «Бизнес-информ» 2006. 8 б.
- Отан тарихы (ғыл. журнал). Жеңіс Ж. Орта ғасырлық түркілер және әлемдік діндер. 2.2005. Алматы. 31-32.
- Қазақстан тарихы.«Ата-мұра» (IV томдық), I т .Алматы. 1996. 480-482.
- Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерк). Алматы «Дәуір» 1994. 92
Бұл — тарих бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Talas shajkasy Atlah shajkasy 751 zhyly Atlah kalasy manynda kytaj zhәne arab әskerlerinin arasynda boldy Shajkas karsanynda 749 zhyly arab halifatyndagy uzakka sozylgan tak talasy ayaktalyp kara kiimdiler atalgan Abbas әuleti bilikke keldi Olar osygan dejin halifat bakylauynan tys kalgan buryngy Orta Aziyadagy ielikterine ykpalyn kүshejte tүsti Osy tusta Tan patshalygy әskeri әlsiregenin pajdalanyp Talas onirine tayap kelip arab halifaty ieligine kauip tondirdi Tan patshalygynan teperish korip kele zhatkan tүrgeshter men karluktar arab halifaty әskerinin komegine sүjenu үshin arabtar zhagynda boldy Bul zhagdaj arabtar men kytaj әskerlerinin kaktygyska tүsuin zhedeldete tүsti Eki zhak әskerlerinin shajkasy 751 zhyly 29 shildede bastalyp 5 kүnge sozyldy Қytaj kolbasshysy Gau Shiyandennin Gao Syan chzhi karamagynda 70 myn әsker bolgan Shajkas barysynda karluktar zhappaj arabtarga bolysyp eki zhaktan armiyasyn kyspakka aldy Arab kolbasshysy Ziyad ibn Salih karamagyndagy әsker shajkas barysynda kytaj әskerinin 50 mynyn oltirip 20 mynyn tutkynga aldy Shajkasta zhenilis tapkan Tan patshalygy budan kejingi kezende oz kudiretinen ajyryldy Bul oz kezeginde tүrkilerdin islam orkenietimen zhakyndasuyn zhyldamdatty Atlah shajkasyAbbasiler dәuirindegi islam dinin tүrkilerdin kabyldauy zhәne Atlah shajkasynyn manyzyVIII HII gasyrlardagy ajkyn bilinetin iri ozgeristerden musylman әlemindegi halyktardy baska elderdin damu dәrezhesimen zhәne olardy bir birimen tenestiruge mүldem bolmajtynyn bajkajmyz Bul dәuirde islam dini zhan zhakka tarap sol elderde bүkil dүnie zhүzinin en ozyk orkenietin kalyptastyrgan edi Europa elderi bolsa osy uakytta mәdeni kuldyraudy bastan otkerip zhatty zhәne olar gylym bilimdi damytuda musylmandarga tәueldi bolatyn Islam dininin әserimen Ortalyk Aziya men Afrikanyn soltүstik ajmaktaryndagy aralykty kamtygan mәdeniet Abbasilerdin dәuirindegidej eshkashan gүldenbegen Tүrkilerdin islam dinine otui tarihtagy en iri okigalardyn biri Birak bүginge dejingi kejbir derekterde Islam dininin taraluyn zhazushylar mәdenietin zertteushiler Ortalyk Aziyanyn tarihyn iri ozgeriske ushyratkan okigany ozderinshe baskashalap zhazyp ketti Olardyn pikirinshe 1 Islam kylyshtyn kүshimen tarady 2 Tүrkiler korykkanynan musylman boldy 3 Talas sogysynan kejin tүrkiler amalsyz musylman boldy 4 Tүrkilerdin kone dinderinin kejbir үgitteri Islam dinine uksas boldy degen siyakty zhәne t b VII VIII gasyrlarda Ortalyk Aziyanyn tarihynda tүrki tajpalarynyn oz ozderimen sogysyp mykty bolgan memleketter zheke zheke bolinip ketip әlsirep turgan bolatyn mine osyndaj kezdi sәtti pajdalangysy kelgen Қytajdagy bilik etip otyrgan Tan imperiyasy Zhetisudyn kejbir ajmaktaryn basyp algan Birak shekarasynyn keneyui ote mykty karkynmen damyp zhatkan Umәui halifatynyn ornyna kelgen Abbas halifatynyn algashky iri zhetistikteri bolyp sanalatyn 751 zhylgy Atlah shajkasy bүkil Ortalyk Aziyanyn tarihi mәdeni zhәne sayasi kartasyn ote katty ozgeristerge ushyratuga sebep boldy Osy bir iri musylmandardyn zhenisinen kejin Tan patshalygy 1000 zhylga dejin Қazak zherine attap baspagan bolsa al islam dini bul zherlerde keninen taragan zhәne kalalar az uakytta әsem de korikti bolyp damydy Bul bolyp zhatkan mәdeni ozgeristerge Abbas halifatynyn koskan үlesi ote kop 750 zhyly 93 zhyl bilegen Umәuilerdin songy on tortinshi halify Maruan II ni Abbasilerdin birinshi halifasy Abul Abbas as Saffah kulatty Onyn kolbasshysy Ziyad ibn Salih Atlah shajkasynda musylmandardyn әskerin baskaryp 1 88 751 zhyly musylmandar Talas ozeni manynda Қyrgyzstan Қytaj әskerimen sogysyp zhenip shykty Osy urysta tutkynga tүsken kytajlar 20 mynga zhuyk adam tutkynga tүsti 45 50 myndaj kytaj әskeri oldi arasynda kagaz zhasaudy biletin sheberler de bar eken Mine osylar arabtarga kagaz zhasaudy үjretti Әl Makdisi ozinin Әl Bedu әt Tarih enbeginde bes kүnge sozylgan bul sogysta Қytaj әskerinin 45 myny olip 20 myny tutkynga tүsti dep zhazdy Zhenis tүrki halyktarynyn kytaj kuldygynan onyn budda dininen aman saktap islam orkenietimen damuyna zhol ashty 2 18 Osynyn nәtizhesinde Bagdatta 793 zhyly sosyn Mysyr shamamen 900 zhyly men Marokkoda shamamen 1100 zhyly zhәne Ispaniyada 1150 zhyly kagaz ondiristeri ashyldy Arabtardyn papiruska karaganda zhasaluy arzan әri sapaly kagaz shygarudy үjrenui kitap shygarudy onajlatty 3 189 190 Bүkil Ortalyk Aziyanyn sayasi tarihyn ozgertken osy bir sogys gylymnyn da damuyna үlken septigin tigizgeni shyndyk Bilim ielerinin tүrli zhanalyktar ashuyna myndagan kitaptardy zhazuyna osy bir sogysta tүrki tajpalarynyn arabtar zhagyna otui manyzdy okiganyn biri Abbasilardyn halifaty 751 1258 zhzh kezeninde tүrki halyktary tүgel derliktej hak din Islamdy kabyldady Tүrkilerdin ojshyldary akylmandy okymystylary el men әsker basynda zhүrgen koregendi azamattary hak dinnin kanshalykty zhүrekke konymdy һәm zhagymdy ekenin ozderi ansagan әdilet pen ruhani tynyshtyktyn tek osy dinde tabylganyn angaryp һidayat zholyna bardy 4 242 Arabtardyn Orta Aziya halyktaryn islam dinine engizuine sebepker boluy 200 zhyldan astam uakyt ketti Sol dәuirde tuyndagan kesek shygarmalar bүginde shygys әdebieti men mәdenietinin inzhu marzhanyna ajnaldy Islam dinin uagyzdau zhәne din okudy oristetu maksatymen kalalarda iri iri meshitter men medreseler salyndy 5 8 Қazak zherinde bel algan islam birte birte hristian dinin de buddany zoroastrizmdi zhәne zhergilikti tәnirge tabynushylykty da ygystyryp ysyryp tastajdy Mysaly Birunidin zhazuyna karaganda manidin manihej ilimin әr zherge taratatyn shәkirtteri boldy Islam elderinde olardyn shogyrlangan birde bir zheri zhok Tek Samarkandta onda bar zhogy 500 ge zhuyk adam bolgan gana mani ortalygy bar Mani ilimin Қytaj Tibet Үndistannyn bir boligin mekendejtin shygys tүrkilerdin kobisi ustanady 6 31 32 Geografiyalyk әdebietterde tүrkilerdin arasynda islamnyn taraluy turaly nakty derekter zhok Tarihshylardyn ajtuynsha islamnyn kabyldanu uakyty 960 zhyl Bul derek Bagdat kalasynda kezdesedi alajda ol turaly eshkandaj nakty kuzhat zhariyalanbagan Shyn mәnisinde Islam dinin birinshi Қarahandyktar kabyldagan Ol kezde yagni X gasyrdyn ayagyna dejin Қarahandyktar Қashgardy bilep turdy Buhara men Samarkandy zhaulap aldy Baska tүrki halyktarynyn kopshiligi 1043 zhyly kabyldady V V Bartold Soch T 5 M 1968 s 205 Birkatar derekterde tүrki tajpalarynyn islam dinin kabyldauy X gasyrdan bastau aldy dese bir derekter VIII gasyrdan bastalgan dejdi ojtkeni 751 zhylgy Atlah shajkasynda musylmandardyn Allaһtyn komegimen zheniske zhetui tүrkilerdin islam dinin kabyldauyn tezdetti Osydan bastap dindi kabyldagan halyk sol kezdegi zhanadan pajda bolgan әlemdik mәdenietti damytuga atsalysty Sol kezennen kalgan sәulet oneri galymdardyn shygarmalary kazirgi tanda asa zor bagalanuda X gasyrdyn basynda Қarahan әuletinin negizin salushy Satuk Bogra han islam dinin kabyldap onyn uly Bogra han Harub b Musa 960 zhyly islam dinin memlekettik dep zhariyalady Islam dini birinshi kezekte kalalarda zhaksy taraldy Ibn Hordadbek Farabtyn bas kalasy Kerderdegi musylman toptary turaly Ibn Haukal Farab Kenzhide men Shash aralygynda koship zhүrgen musylman tүrikteri zhajynda zhazyp ketken Әl Makdisi Ontүstik Қazakstan men Zhetisudyn X gasyrdyn ayagyndagy kalalaryn ataj kelip meshitterdi kalalardagy mindetti kurylystardyn biri retinde atagan Arheologiyalyk zertteuler nәtizhesinde zhәne Қujryktobege zhakyn zherden H HI gasyrlarga zhatatyn en ertedegi musylman kabirleri kalanyn ornynan H HIII gasyrlarda salyngan meshitterdin kaldygy zhәne baska da iri kalalardan monshalardyn bolgandygy dәleldendi Osy siyakty koptegen kazba zhumystarynan islam dininin taralganyn ajkyn dәleldejtin zattar anyktaldy birak islam dini tolyk ornykty dep te ajtuga kelmejdi ojtkeni totemizm men zoroastrizmnin belgileri de shygyp zhatty 7 480 482 Tүrkilerdin arasynda islam dininin bedelinin osui IH H gasyrlarda shamamen 820 zhyldan 1000 zhyldarga dejin bolgan kazirgi Tүrkistannyn mәdeni oblystary Orta Aziyadagy Iran Samanid dinastiyasy bilik zhүrgizgen kezden bastaldy VIII IH gasyrlardagy okigalaryn bayandajtyn derekter Ontүstik Қazakstan halyktarynyn zhappaj islam dinine kirgendigin zhazady 840 zhyly Nur ibn Asad Ispidzhabty bagyndyrady 859 zhyly onyn inisi Ahmed ibn Asad Shaugar kalasyna zhoryk zhasajdy 766 zhyldan bastap Zhetisu men Қazakstannyn ontүstik onirine sayasi oktemdigin zhүrgizgen Қarluktar musylman mәdenietinin ykpalyna ozgelerden gori burynyryk tүsedi Olar islamdy tipti Mahdi halifanyn 775 785 zhzh kezeninde kabyldady degen pikir bar birak bul pikir olardyn belgili bir boligi zhoninde gana boluy mүmkin Өjtkeni 853 zhyly Ismail ibn Ahmad Tarazdy onyn basty shirkeuin meshitke ajnaldyrgan Islam dinin ustanatyn halyktar kobejgen sajyn kalalarda үlken meshitter salyna bastady 8 92 Mysaly Balasagun 940 zhyldan beri musylman kalasy bolyp esepteledi Al zhekelegen kalalarda saudanyn zhandanuy buryn musylman emes halyktardyn dindi kabyldauyna ykpal etti X gasyrda musylmanshylyktyn tolkyn tolkyn taralgany bajkaldy Sol kezdegi Orta Aziya turgyndarynyn lek lek bolyp Islamga kosylgany tarihi әdebietterde bayandalady Mәselen 960 zh 200 myn shatyr tүrki halky islam dinin kabyldagan Bul tүrki halyktarynyn tarihyndagy iri okiga 1232 zh kajtys bolgan tarihshy Ibn әl Әsirdin Әl Kәlim dep atalatyn 8 tomdyk kitabynda osy okigany Tүrikterden eki zhүz myn shatyr adam musylman boldy degen 4 295 Bul okigalardan tүrki halyktarynyn biraz boliginin islam dinin kabyldaganyn bajkajmyz Bul kezende kalalarda islam dini keninen kalyptaskany anyk mysaly Ezhelgi Taraz kalasy islam dininin osy onirdegi tarauyna tirek boldy 1 95 zhәne tagy bir Orta gasyrdagy gүldengen Ispidzhab koshpeli tүrikterge islam dinin taratudyn ortalygyna ajnaldy 1 97 budan da baska kalalar dindi taratuda zhaksy ister atkardy Islam dini tek kana taralumen shektelmej Ortalyk Aziya men Қazakstan kalalarynyn keleshekte orkendeuine zhol ashyp berdi Өjtkeni bul dinmen katar gylym men arhitekturanyn damu dәrezhesi de ajtarlyktaj boldy Al kajsy din kandaj mәdeniet nemese kaj otarshyl el әlem elderinin Ortalyk Aziya men Қazakstannyn mәdeni ilgerileuine bundaj oner gylym sondaj ak ozindik kajtalanbas arhitekturasyn alyp keldi Biz arab mәdenietinin tarihyna zhәne onyn әlem mәdenietine koskan үlesin Ortalyk Aziya halyktarynyn mәdenietine kalaj taraganyn bilgen bolsak buryn sondy bolmagan әlem orkenietindegi keremet ozgerister men gylymi zhanalyktarga ote zhaksy baga berer edik Zhalpy derekҚytaj memleketinde talas pajda bolyp Ұly Қytaj korganynyn syrtyna Han әuleti bolinip shygady Olar Zhetisudyn zherine birte birte kire bastajdy Olar Tүrgesh kaganaty zherlerin basyp alady Arabtar Orta Aziyadagy zhoryktarda Қytajlyktarmen shieliniske tap bolady Tүrikter turaly kyskasha tүsinik Arab Tүrgesh Қarluk vs Қytaj Han Arabtar zheniske zhetedi Tүrikter islam dinin kabyldajdy DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 HӘdebietterZholdasov S Қazakstannyn ontүstik onirinin tarihy Almaty Үsh kiyan 2009 88 95 97 Қazak tarihy gyl әd zhurnal 2 Ғizatov Zh Islamnyn Қazakstanga taraluy Almaty 2009 18 b Doktor Rahman Kratkaya istoriya islama Moskva IShMAN 2003 189 190 Bulutaj M Zh Ata baba dini Tүrkiler nege musylman boldy Almaty Bilim 2000 242 295 Islam zhәne Өrkeniet 10 Қosaly A Islamnyn Қazakstanga taraluy Almaty Biznes inform 2006 8 b Otan tarihy gyl zhurnal Zhenis Zh Orta gasyrlyk tүrkiler zhәne әlemdik dinder 2 2005 Almaty 31 32 Қazakstan tarihy Ata mura IV tomdyk I t Almaty 1996 480 482 Қazakstan tarihy kone zamannan bүginge dejin ocherk Almaty Dәuir 1994 92 Bul tarih bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet