Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы. Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті темен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды.
Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан, үкімет қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Колхоздарды қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы олардың саны 6 737- ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды.
Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. МТС техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша белгіленген жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал басының саны артты. Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты.
Ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшілік жүйесі. Дегенмен республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО - ның ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі себеп болды. Жоғарыдан жоспарлау, бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан да, еңбек нәтижелерінен де шеттетті. Колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен төленді (азық-түлік, киім-кешек). Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебі селолық кеңестер жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың мекенжайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды.
Ауыл еңбекшілерінің жағдайына тура немесе жанама түрде әсер еткен барлық қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсақ есептерге қарамастан олар елді қолдарынан келгенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді. Еңбек ерлігі мен батырлығының үлгілері де аз емес еді.
Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында дамудың біржақтылығын жоюдың кажеттілігі анық сезілді.
Аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың бұрынғы қарыздарын жойып, салық келемі елеулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн, картоп, көкөністің сатып алу бағасы кетерілді. Дегенмен ауыл шаруашылық өндірісі жүйесін жақсартуға бағытталған реформалар қалыптасқан шаруашылық жүргізу кұрылымының негіздеріне әсер етпеді, өміршіл-әкімшіл жүйе әлі де үстемдік етуін жалғастыра берді.
Мәскеу басшылығы Қазақстанда астықтың және басқа ауыл шаруашылық өнімі ендірісін шұғыл арттыра алатын мүмкіндіктер бар деп есептеді. Сондықтан да билігінің жоғарғы деңгейінде дәнді дақылдар егетін алқаптардың аумағын кеңейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. Міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін Н.С.Хрущев республикалық басшылықты «нығайту» керек деп шешті 1954 жылы, ақпанда Қазақстан Компартиясының ОК- нің бірінші хатшылығына Қазақстанда ешкімге белгісіз П.К.Пономаренко сайланды. Ж.Шаяхметовті қызметінен алу мәселесін Кремльде шағын топқана шешті. Шын мәнінде Н.Хрущев бұл кезеңде өзінің кадрларын түрлі орындарға қоя бастаған болатын, ал Ж.Шаяхметов болса тың жерлерді тез арада меңгеру идеясын қолдамады.
Тың игеру.
Одақ ведомстволары қабылдаған «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы бойынша Қазақстанның солтүстік аудандарында, Сібірде, Оралда және Солтүстік Кавказда дәнді дақылдар егуді шұғыл арада арттыру туралы шешім шығарылды. Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылдарда 13 млн гектар жер жыртылып, 1955 жылы одан 1100-1200 млн пұт астық алу жоспарланды.
КСРО-да тың көтеруге байланысты белгіленген тапсырма 1954 жылғы тамыздың басына қарай орындалды: 13,4 млн гектар жер немесе жоспар бойынша 103,2%, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектардан аса тың жер жыртылды. Тамызда «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі қарай игеру туралы» жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы тың жерлердегі дәнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға дейін жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім есепке алмады. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды. Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтустігіндегі алты облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында жузеге асырылды.
Республика еңбекшілерінің алдында 6,3 млн гектар тың және тыңайған жерді игеру арқылы дәнді дақылдар өнімін арттыру міндеті тұрды.
Партия комитеттерінің қысымымен жалпы жиындарда жоғарылатылған міндеттемелер қабылданды, олар әрдайым орындала бермеді және жүзеге аспады. Нәтижесінде тек 1954 жылдың өзінде қосьмша 636 мың гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Тек сол жылы ғана колхоздар және МТС-тap 4847 мың, ал совхоздар 3 684 мың гектар жаңа жерлерді игерді. Осылайша, тың және тыңайған жерлерді көтеру туралы екі жылға есептелген мемлекеттік жоспар елеулі қарқынмен бір жыл ішінде жүзеге асты. Республикада жаппай жолдар салынып, жаңа елді мекендер тұрғызылды.
Қазақстан аумағына тың игерушілерді қоныстандыру
Тың жерлерді игеру үшін мыңдаған ауыл шаруашылық өндірісінің мамандары, ұйымдастырушылары аттандырылды. Тың игеру кезінде бұрын-сонды болмаған көлемде жаппай коныстандыру ісі жүзеге асырылды. Қоныстандыру ісін ұйымдастыру 1938 жылы құрылған Бас қоныстандыру басқармасына жүктелді. 1954 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Жер халық комиссариатының құрамында миграциялық үрдістерді реттеу енгізілді. 1954 жылдан 1963 жылға дейін Қазакстанға Одақтың әр түрлі республикаларынан - Украина, РКФСР, Беларусь, Молдавия және Литвадан мыңдаған отбасылар қоныстандырылды. Қазақстандық тың игеруге Болгария азаматтары және Қытай Халық Республикасының қазақ репатрианттары да қатысты. 1954 жылдың бірінші жартысында тек Ақмола облысына ғана 20 мыңнан астам адам тың көтеруге келді. Бұған қоса, өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылығына, тың және тыңайған жерлерді игеруге 1 386 маман мен механизаторлар жіберді. Осылайша, мысалы, Ақмола облысының ауыл шаруашылық кәсіподағының облыстық комитетінен 300, «Қазсельмаш» зауытынан 121 адам, оның ішінде дипломы бар 5 инженер келді. 1954-1955 жылдары совхоздарға 4,5 мың маман жіберілсе, 1959 жылы оларда 15 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар еңбек етті. Тек 1953-1958 жылдары ауыл шаруашылығына 266,6 мың механизатор мамандар жіберілді. Ең танымал тың игерушілердің бірі Михаил Довжик болды. Ол Қазакстанға 1954 жылы наурызда алғашқы тың игерушілердің қатарында келді. Ынтымақты бригада құрған М.Довжик Ақмола облысындағы ауыл шаруашылық техникасын пайдалануда жаңашыл болды. Ерен еңбегі үшін М.Довжик Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, жоғарғы заң шығарушы орган - Қазакстанның Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.
Еңбекшілерге, келіп жатқан тың игерушілерге елеулі жеңілдіктер көрсету, сондай-ақ өндірістік жоспарды орындаған совхоз жұмысшыларына және олардың еңбек сіңірген жылдары үшін елеулі сыйақылар беру арқылы тың игеруге қолдау көрсетілді. Тың игерушілер қоныстану орнына жеке мүлкімен тегін көшіп келді, отағасына бір жолғы берілетін ақшалай жәрдем келемі 500-1000, ал отбасының әр мүшесіне берілетін жәрдем келемі 150-200 сом болды, үй салуға 10 жылға 10 мың сом несие берілді (оның 35%-ын мемлекет ез мойнына алды), мал алуға 1500-2000 сом көлемінде несие берілді, 1,5 центнер астық немесе үн түріндегі азық-түлік қарызы беріліп, тың игерушілер ауыл шаруашылығы салығынан 2-5 жылға босатылды. 1954-1959 жылдары Қазақстанның тың жерлерін игеруге 20 млрд-тай сом қаражат жұмсалды.
Қазақстан аумағына жұмыс күші, көлік құралдарын, құрал-саймандар жұмылдырылды. Осының бәрін үйлестіру, адамдарды орналастырып, оларды азық-түлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мәдени-көпшілік мекемелерінің жүйесін жолға қою қажет болды.
Тың жерлерді игеруге байланысты кеңес кезіндегі еңбектер мен басылымдарда көптеген қателесушілік, бұрмалаушылық және бұра тартушылық айтылмады. Тың игеру тек мамандар мен шынайы энтузиастарды ғана емес, көп ақша табуды ойлаған кездейсоқ адамдарды да өзіне тартты. Мысалы, зерттеушілердің пікірі бойынша, алгашқы 2 жылда Солтустік Қазақстанға келген 650 мың адамның тек 130 мыңы ғана тың игеру ушін қажет болды. Тың игерілген облыстардың бірқатарында осының салдарынан құқық тәртібі бұзылып, мемлекет қаржысын талантаражға салу, урлау орын алды.
Тың игерудің жағымсыз салдарлары
Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру кезінде дамудың интенсивті жолына түсу туралы жиі айтылды, тыңдағы колхоздар мен совхоздардың материалдық-техникалық базасын күшейтуге байланысты қыруар жұмыстар атқарылғанымен, ауыл шаруашылығы өзінің экстенсивті мәнін жоя алған жоқ. Тыңда ұйымдасқан совхоздарға бөлінген тракторлар мен басқа да машиналар ауыл шаруашылығын интенсификациялау жолындағы ірі қадам ретінде кең дәріптелгенмен, сол кезде ірілендірілген колхоздарға тозығы жеткен комбайндар, тракторлар мен автомашиналар берілгендігі туралы еш нәрсе айтылмады. Көрсеткішті «жоғарылатып керсету» үшін орасан зор аумақ жыртылды. Экологиялық тепе-тендіктің бұзылуы ауыр салдарларға әкеп соқты: топырақ эрозиясы күшейді, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып кетті. Жалпы жаппай тың игеру үшін егіншілікті жүргізудің тиімді әдістері екі онжылдық өткеннен кейін ғана ұйымдастырыла бастады. Егін үшін жыртылған миллиондаған гектар жер шабындық пен жайылымдық алқаптардың көлемін тарылтты. Мыңдаған гектар жерлер елді мекендер салуға тартып алынып, олардың инфрақұрылымын жүргізу үшін құнарлы жерлердің елеулі көлемі бөлінді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласы - мал шаруашылығы орны толмас шығынға үшырады. Мал шаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі өз кезегінде республикадағы ет-сүт енімдерінің тапшылығын туғызды. Мамандар сырттан республикаға ағылып келді. Мұндай жағдай тың игерілген облыстардың бәріне дерлік тән болды.
Ресей зерттеушісі А.Тюринаның пікірі бойынша, «... 50-жылдардың аяғы - 60-жылдардың басында әлі де экономикасы нығаймаған колхоздарға ауыр да әділетсіз шарттармен таратылған МТС-тердің техникасын сату ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрт төмендеуіне әкеп соқты. Бұл елдегі ауыл шаруашылық өнімін өндірудегі қарқынның шұғыл төмендеуіне алып келді. Жетіжылдыққа (1959-1965) белгіленген. жалпы өнімді 70% - га өсірудің орнына 15% ғана өнім алынды».
Көптеген уақыт бойы тыңнан тек «қажырсыздар» мен «жігерсіздер» ғана кетті деген ұғым қалыптасқан еді. Бірақ жаңа жерлерді игеру кезінде мамандардың тұрақтамауының себептерін талдау мұндай адамдардың көп болмағанын көрсетті. Материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі адамдардың үлкен құлшынысына, олардың еңбегінің қоғамдык бағасына сәйкес келмеді. Тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылыстар салу ауыл шаруашылық өндірісі дамуының және халық санының өсуінің қарқындарынан айтарлықтай артта қалды.
Соған қоса, тың жерлерді игеру басқа республикалардан халықтың кешіп келуіне жәрдем жасады, ұлттық салт-дәстүрлердің рөлі төмендеді, қазақ мектептерінің саны құрт азайып, ұлттық әдебиет пен мерзімдік баспасөз басылымы кеміді. Қазақ халқының әдет-ғүрпына, салт-дәстүріне, оның мәдени ескерткіштеріне «жоғарыдан» менсінбей қараушылық орын алды. Тың игеруді желеу етіп 2 млн-ға жуық орыстардың, украиндардың т.б. ұлт өкілдерінің көшіп келуі Қазақстанның солтүстік облыстарында тілдік және демографиялық проблемаларды ушықтырды.
Мал шаруашылығының жағдайы
Қазақстан ежелгі кезден-ақ мал шаруашылығын дамытуға қолайлы өлке болды. Бірақ үкіметтін, ауыл шаруашылығында қолданған ойластырылмаған шаралары оған да кері әсерін тигізді. Мал шаруашылығының артта қалуының басты себептері мыналар: өмір шындығына жанасымсыз, ғылыми негізделмеген экономикалық заңдардың қолданылуы, саланың нашар материалды-техникалық базасы, жерді жырту нәтижесінде жайылымдықтардың азаюы. Күштеп жүргізілген ұжымдастырудың жағымсыз салдарлары да қолайсыз әсер етті.
1951-1952 жылдары республикада мал басының шығыны көп болды. 1954 жылдың басына қарай мал басы саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда мардымсыз ғана өсті. Мал шаруашылығындағы жұмыстың ауыртпалығы мен қиындықтарын шабаңдар көрді. Олар өте ауыр жағдайларда жұмыс істеді, көптеген өркениет жетістіктерінен қол үзіп қалды, соған қарамастан еңбекте үлкен табыстарға қол жеткізді. Бұл жылдары Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Айдарлы ауылының шабаны Жазылбек Қуанышбаевтың атағы кең жайылды. Бригадада жүйелі селекциялық жұмыстар жүргізу арқылы ол жүннің және қаракел елтірісінің сапасын елеулі түрде көтере алды. Оның қаракөлі халықаралық көрмелер мен жөрмеңкелерде көрсетілді. Дели, Бухарест, Познань және Нью-Йорк аукциондарына қойылды. Ерен еңбегі және аса кернекті табыстары үшін ол 1958 жылы екінші рет елдің жоғары наградасы «Орақ және балға» алтын медалімен марапатталды. Танымал механизатор, тың игеруші Кәмшат Дөненбаева ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі улес қосты. Ыбырай Жақаев, Кәмшат Дөненбаева, И. Головацких, Я. Геринг т. б. ауыл еңбекшілері Социалистік Еңбек Ері деген атақка ие болды.
Республика ауыл шаруашылығының даму барысы
Колхоздар мен совхоздарды нығайту, оларды езінің техникасымен жабдықтау МТС рөлінің төмендеуіне алып келді. Шаруашылықтар енді өнімділігі жоғары техниканы сатып ала алатын және колданатын болды. Мұндай жағдайда МТС-тар өз рөлін жойып, қажетсіз болып қалды. Ел Үкіметінің қаулысы бойынша МТС-тар қайта ұйымдастырылып, жөндеу-техникалық станцияларға айналды, ал ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға сатылды. Кейіннен жөндеу-техникалық станциялар да жойылып, олардың міндеттері республикада жаңа құрылған «Казсельхозтехника» өндірістік-техникалық жабдықтау бірлестігіне жүктелді.
50-жылдары, кейін 60-жылдары да Қазақстанда ұсак колхоздар негізінде жаңа совхоздар ұйымдастыру кең көлемде жүргізілді. Ірі шаруашылықтар халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету міндетін атқара алады деп саналды. Экономикалық жағынан нашар колхоздар ірілендіріліп жаппай совхоздар ұйымдастыру 1957 жылдың көктемінен басталды. Осы жыл ішінде 198, ал 1958 жылдың соңына қарай 500-ден астам осындай шаруашылық құрылды. Ет-сүт, астық, мақта-мата т.с.с. өндіретін совхоздар дами бастады. Келесі жылдар көрсеткендей, бұл қайта ұйымдастыру басты мәселені шеше алмады, бұрынғы колхоздар да, олардың негізінде құрылған совхоздар да негізгі міндетті: халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз етуді біржолата шеше алмады. Оның үстіне жағдай осы кезде мемлекеттік-партиялық органдардың жеке қосымша шаруашылықтарды жою жөніндегі науқанды жүргізе бастауымен күрделене түсті. 1957-1958 жылдары колхоз, совхоздардағы мал басын көбейту мақсатымен ауыл тұрғындарынан ірі қара мал алына бастады.
Дереккөздер
- Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-106-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sogystan kejingi auyl sharuashylygynyn zhagdajy Sogystan kejingi birinshi zhyl auyl sharuashylygy үshin asa kiyn boldy Қurgakshylyk eldin әsirese onyn europalyk boliginin auyl sharuashylyk zhagdajyna ete auyr tidi Zhagdaj zhumysshy kүshinin zhetispeushiliginen de ushykty auyl sharuashylyk mashinalardyn kop boligi sogys zhyldarynda isten shykty al zhanadan alynatyn mashinalar sany az boldy Baskarudyn әkimshilik kүshteu tәsilderinin ekonomikalyk zandardy esepke almaudyn zardaptary auyl sharuashylygyna keri әserin tigizdi Zher ondeu mәdenieti temen bolyp kogamdyk mal sharuashylygy nashar damydy Auyl sharuashylygynyn auyr zhagdajynyn sebepterine taldau zhүrgizgen el basshylygy sharuashylyk zhәne partiya organdaryn buryngy kolhoz zhәne sovhozdarga katysty bura tartushylyktardy zhoyuga mindettedi 1949 zhylga karaj kabyldangan kauly bojynsha Қazakstannyn kolhozdaryna tүrli ujymdardyn 214 mln som karyzy kop mal tehnika 540 mynga zhuyk zansyz tartyp alyngan zher kajtarylyp berilip әkimshilik sharuashylyk baskaru apparaty eleuli tүrde kyskardy Auyl sharuashylygynyn materialdyk tehnikalyk zhagynan zhabdyktaluyn shugyl zhaksartu maksatynda memleket kosymsha karazhat boldi Auyl sharuashylygy mamandaryn dayarlau zhәne kajta dayarlaudyn zhүjesi zholga kojyldy Kolhozdar men sovhozdarga kyzmet korsetuge tiis mashina traktor stanciyalaryn MTS tehnikamen zhabdyktauga үlken komek korsetildi Tortinshi beszhyldyktyn sonyna karaj respublika MTS tary kүshejip kolhozdardyn 95 yna kyzmet korsetti al bul korsetkish 1946 zhyly 76 gana bolgan edi Sogan karamastan үkimet kabyldagan is sharalar ojdagydaj nәtizhe bermedi Өndiristi arttyru үshin usak kolhozdar iri kolhozdarga biriktirildi Kolhozdardy kyska merzim ishinde irilendiru zhappaj sipat aldy nәtizhesinde Қazakstandagy olardyn sany 6 737 den 1945 zhyl 2 047 ge 1952 zhyl dejin kyskardy Қabyldangan is sharalar auyl sharuashylygynyn zhagdajyn birshama zhaksartty MTS tehnikasy negurlym tiimdi pajdalanyla bastady Egin mal onimderi bojynsha belgilengen zhospardy asyra oryndau үshin kosymsha tolemder engizildi Mal basynyn sany artty Beszhyldyk ishinde suarylatyn zherler audany 16 ga artty Auyl sharuashylygyn baskarudyn әmirshil әkimshilik zhүjesi Degenmen respublikanyn auyl sharuashylygy bүkil KSRO nyn auyl sharuashylygy siyakty azyk tүliktegi onerkәsiptegi shiki zattagy halyk suranysyn kanagattandyra almady Bugan kolhozdardy zhalpy auyl sharuashylygyn baskarudyn әmirshil әkimshil zhүjesi sebep boldy Zhogarydan zhosparlau byurokratiyalyk apparattyn kүsh korsetui ondirushini ondiris kuraldarynan da enbek nәtizhelerinen de shettetti Kolhozshylardyn enbegine aky onimmen tolendi azyk tүlik kiim keshek Kolhozshylarda tolkuzhat bolmady olardyn esebi selolyk kenester zhasagan tizimder arkyly gana zhүrgizildi Bul olardyn mekenzhajyn erkin ozgertuine mүmkindik bermedi olar zandy tүrde kolhozga bajlandy basybajly sharualar sipatynda boldy Auyl enbekshilerinin zhagdajyna tura nemese zhanama tүrde әser etken barlyk kiynshylyktarga bura tartu men zhansak esepterge karamastan olar eldi koldarynan kelgenshe azyk tүlikpen kamtamasyz ete berdi Enbek erligi men batyrlygynyn үlgileri de az emes edi Sogystan kejingi zhyldary onerkәsip zhәne auyl sharuashylygynda damudyn birzhaktylygyn zhoyudyn kazhettiligi anyk sezildi Agrarlyk sektordy damytudy yntalandyru үshin memleket sharuashylyktardyn buryngy karyzdaryn zhojyp salyk kelemi eleuli tүrde azajdy Et sүt zhүn kartop kokonistin satyp alu bagasy keterildi Degenmen auyl sharuashylyk ondirisi zhүjesin zhaksartuga bagyttalgan reformalar kalyptaskan sharuashylyk zhүrgizu kurylymynyn negizderine әser etpedi omirshil әkimshil zhүje әli de үstemdik etuin zhalgastyra berdi Mәskeu basshylygy Қazakstanda astyktyn zhәne baska auyl sharuashylyk onimi endirisin shugyl arttyra alatyn mүmkindikter bar dep eseptedi Sondyktan da biliginin zhogargy dengejinde dәndi dakyldar egetin alkaptardyn aumagyn kenejtu үshin tyn zhәne tynajgan zherlerdi igeru ideyasy pajda boldy Mindetterdi tabysty zhүzege asyru үshin N S Hrushev respublikalyk basshylykty nygajtu kerek dep sheshti 1954 zhyly akpanda Қazakstan Kompartiyasynyn OK nin birinshi hatshylygyna Қazakstanda eshkimge belgisiz P K Ponomarenko sajlandy Zh Shayahmetovti kyzmetinen alu mәselesin Kremlde shagyn topkana sheshti Shyn mәninde N Hrushev bul kezende ozinin kadrlaryn tүrli oryndarga koya bastagan bolatyn al Zh Shayahmetov bolsa tyn zherlerdi tez arada mengeru ideyasyn koldamady Tyn igeru Odak vedomstvolary kabyldagan Elimizde astyk ondirudi odan әri arttyru turaly tyn zhәne tynajgan zherlerdi igeru turaly kauly bojynsha Қazakstannyn soltүstik audandarynda Sibirde Oralda zhәne Soltүstik Kavkazda dәndi dakyldar egudi shugyl arada arttyru turaly sheshim shygaryldy Zhana zherlerdi igeru esebinen 1954 1955 zhyldarda 13 mln gektar zher zhyrtylyp 1955 zhyly odan 1100 1200 mln put astyk alu zhosparlandy KSRO da tyn koteruge bajlanysty belgilengen tapsyrma 1954 zhylgy tamyzdyn basyna karaj oryndaldy 13 4 mln gektar zher nemese zhospar bojynsha 103 2 onyn ishinde Қazakstanda 6 5 mln gektardan asa tyn zher zhyrtyldy Tamyzda Astyk ondirudi molajtu үshin tyn zhәne tynajgan zherlerdi odan әri karaj igeru turaly zhana kauly kabyldandy Onda 1956 zhyly tyn zherlerdegi dәndi dakyldar eguge arnalgan audan kolemin 28 30 mln gektarga dejin zhetkizu mindeti kojyldy Ғalymdardyn tyn zherlerdi osynshama ken kolemde igeru ozin ozi aktamajtyndygy turaly pikirlerin eshkim esepke almady 1955 zhyly tyn zherlerde zhosparlangan 7 5 mln gektardyn ornyna 9 4 mln gektar zher zhyrtyldy Tyn zherlerdi igerudin basym kopshiligi negizinen Қazakstannyn soltustigindegi alty oblysta Қostanaj Akmola Soltүstik Қazakstan Kokshetau Torgaj zhәne Pavlodar oblystarynda zhuzege asyryldy Respublika enbekshilerinin aldynda 6 3 mln gektar tyn zhәne tynajgan zherdi igeru arkyly dәndi dakyldar onimin arttyru mindeti turdy Partiya komitetterinin kysymymen zhalpy zhiyndarda zhogarylatylgan mindettemeler kabyldandy olar әrdajym oryndala bermedi zhәne zhүzege aspady Nәtizhesinde tek 1954 zhyldyn ozinde kosmsha 636 myn gektar tyn zhәne tynajgan zherler zhyrtyldy Tek sol zhyly gana kolhozdar zhәne MTS tap 4847 myn al sovhozdar 3 684 myn gektar zhana zherlerdi igerdi Osylajsha tyn zhәne tynajgan zherlerdi koteru turaly eki zhylga eseptelgen memlekettik zhospar eleuli karkynmen bir zhyl ishinde zhүzege asty Respublikada zhappaj zholdar salynyp zhana eldi mekender turgyzyldy Қazakstan aumagyna tyn igerushilerdi konystandyruTyn zherlerdi igeru үshin myndagan auyl sharuashylyk ondirisinin mamandary ujymdastyrushylary attandyryldy Tyn igeru kezinde buryn sondy bolmagan kolemde zhappaj konystandyru isi zhүzege asyryldy Қonystandyru isin ujymdastyru 1938 zhyly kurylgan Bas konystandyru baskarmasyna zhүkteldi 1954 zhyly Қazak KSR Ministrler Kenesinin Zher halyk komissariatynyn kuramynda migraciyalyk үrdisterdi retteu engizildi 1954 zhyldan 1963 zhylga dejin Қazakstanga Odaktyn әr tүrli respublikalarynan Ukraina RKFSR Belarus Moldaviya zhәne Litvadan myndagan otbasylar konystandyryldy Қazakstandyk tyn igeruge Bolgariya azamattary zhәne Қytaj Halyk Respublikasynyn kazak repatrianttary da katysty 1954 zhyldyn birinshi zhartysynda tek Akmola oblysyna gana 20 mynnan astam adam tyn koteruge keldi Bugan kosa onerkәsip oryndarynyn uzhymdary auyl sharuashylygyna tyn zhәne tynajgan zherlerdi igeruge 1 386 maman men mehanizatorlar zhiberdi Osylajsha mysaly Akmola oblysynyn auyl sharuashylyk kәsipodagynyn oblystyk komitetinen 300 Қazselmash zauytynan 121 adam onyn ishinde diplomy bar 5 inzhener keldi 1954 1955 zhyldary sovhozdarga 4 5 myn maman zhiberilse 1959 zhyly olarda 15 mynnan astam zhogary zhәne orta bilimdi mamandar enbek etti Tek 1953 1958 zhyldary auyl sharuashylygyna 266 6 myn mehanizator mamandar zhiberildi En tanymal tyn igerushilerdin biri Mihail Dovzhik boldy Ol Қazakstanga 1954 zhyly nauryzda algashky tyn igerushilerdin katarynda keldi Yntymakty brigada kurgan M Dovzhik Akmola oblysyndagy auyl sharuashylyk tehnikasyn pajdalanuda zhanashyl boldy Eren enbegi үshin M Dovzhik Socialistik Enbek Eri atagyna ie bolyp zhogargy zan shygarushy organ Қazakstannyn Zhogargy Kenesine deputat bolyp sajlandy Enbekshilerge kelip zhatkan tyn igerushilerge eleuli zhenildikter korsetu sondaj ak ondiristik zhospardy oryndagan sovhoz zhumysshylaryna zhәne olardyn enbek sinirgen zhyldary үshin eleuli syjakylar beru arkyly tyn igeruge koldau korsetildi Tyn igerushiler konystanu ornyna zheke mүlkimen tegin koship keldi otagasyna bir zholgy beriletin akshalaj zhәrdem kelemi 500 1000 al otbasynyn әr mүshesine beriletin zhәrdem kelemi 150 200 som boldy үj saluga 10 zhylga 10 myn som nesie berildi onyn 35 yn memleket ez mojnyna aldy mal aluga 1500 2000 som koleminde nesie berildi 1 5 centner astyk nemese үn tүrindegi azyk tүlik karyzy berilip tyn igerushiler auyl sharuashylygy salygynan 2 5 zhylga bosatyldy 1954 1959 zhyldary Қazakstannyn tyn zherlerin igeruge 20 mlrd taj som karazhat zhumsaldy Қazakstan aumagyna zhumys kүshi kolik kuraldaryn kural sajmandar zhumyldyryldy Osynyn bәrin үjlestiru adamdardy ornalastyryp olardy azyk tүlikpen zhәne turgyn үjmen kamtamasyz etu mәdeni kopshilik mekemelerinin zhүjesin zholga koyu kazhet boldy Tyn zherlerdi igeruge bajlanysty kenes kezindegi enbekter men basylymdarda koptegen katelesushilik burmalaushylyk zhәne bura tartushylyk ajtylmady Tyn igeru tek mamandar men shynajy entuziastardy gana emes kop aksha tabudy ojlagan kezdejsok adamdardy da ozine tartty Mysaly zertteushilerdin pikiri bojynsha algashky 2 zhylda Soltustik Қazakstanga kelgen 650 myn adamnyn tek 130 myny gana tyn igeru ushin kazhet boldy Tyn igerilgen oblystardyn birkatarynda osynyn saldarynan kukyk tәrtibi buzylyp memleket karzhysyn talantarazhga salu urlau oryn aldy Tyn igerudin zhagymsyz saldarlaryTyn zhәne tynajgan zherlerdi zhappaj igeru kezinde damudyn intensivti zholyna tүsu turaly zhii ajtyldy tyndagy kolhozdar men sovhozdardyn materialdyk tehnikalyk bazasyn kүshejtuge bajlanysty kyruar zhumystar atkarylganymen auyl sharuashylygy ozinin ekstensivti mәnin zhoya algan zhok Tynda ujymdaskan sovhozdarga bolingen traktorlar men baska da mashinalar auyl sharuashylygyn intensifikaciyalau zholyndagy iri kadam retinde ken dәriptelgenmen sol kezde irilendirilgen kolhozdarga tozygy zhetken kombajndar traktorlar men avtomashinalar berilgendigi turaly esh nәrse ajtylmady Korsetkishti zhogarylatyp kersetu үshin orasan zor aumak zhyrtyldy Ekologiyalyk tepe tendiktin buzyluy auyr saldarlarga әkep sokty topyrak eroziyasy kүshejdi topyraktyn kunarly kabatyn zhel ushyryp ketti Zhalpy zhappaj tyn igeru үshin eginshilikti zhүrgizudin tiimdi әdisteri eki onzhyldyk otkennen kejin gana ujymdastyryla bastady Egin үshin zhyrtylgan milliondagan gektar zher shabyndyk pen zhajylymdyk alkaptardyn kolemin taryltty Myndagan gektar zherler eldi mekender saluga tartyp alynyp olardyn infrakurylymyn zhүrgizu үshin kunarly zherlerdin eleuli kolemi bolindi Nәtizhesinde auyl sharuashylygynyn dәstүrli salasy mal sharuashylygy orny tolmas shygynga үshyrady Mal sharuashylygynyn damu dengejinin tomendeui oz kezeginde respublikadagy et sүt enimderinin tapshylygyn tugyzdy Mamandar syrttan respublikaga agylyp keldi Mundaj zhagdaj tyn igerilgen oblystardyn bәrine derlik tәn boldy Resej zertteushisi A Tyurinanyn pikiri bojynsha 50 zhyldardyn ayagy 60 zhyldardyn basynda әli de ekonomikasy nygajmagan kolhozdarga auyr da әdiletsiz sharttarmen taratylgan MTS terdin tehnikasyn satu auyl sharuashylygy onimderinin kurt tomendeuine әkep sokty Bul eldegi auyl sharuashylyk onimin ondirudegi karkynnyn shugyl tomendeuine alyp keldi Zhetizhyldykka 1959 1965 belgilengen zhalpy onimdi 70 ga osirudin ornyna 15 gana onim alyndy Koptegen uakyt bojy tynnan tek kazhyrsyzdar men zhigersizder gana ketti degen ugym kalyptaskan edi Birak zhana zherlerdi igeru kezinde mamandardyn turaktamauynyn sebepterin taldau mundaj adamdardyn kop bolmaganyn korsetti Materialdyk kazhettilikterdi kanagattandyru dengeji adamdardyn үlken kulshynysyna olardyn enbeginin kogamdyk bagasyna sәjkes kelmedi Turgyn үj zhәne mәdeni turmystyk kurylystar salu auyl sharuashylyk ondirisi damuynyn zhәne halyk sanynyn osuinin karkyndarynan ajtarlyktaj artta kaldy Sogan kosa tyn zherlerdi igeru baska respublikalardan halyktyn keship keluine zhәrdem zhasady ulttyk salt dәstүrlerdin roli tomendedi kazak mektepterinin sany kurt azajyp ulttyk әdebiet pen merzimdik baspasoz basylymy kemidi Қazak halkynyn әdet gүrpyna salt dәstүrine onyn mәdeni eskertkishterine zhogarydan mensinbej karaushylyk oryn aldy Tyn igerudi zheleu etip 2 mln ga zhuyk orystardyn ukraindardyn t b ult okilderinin koship kelui Қazakstannyn soltүstik oblystarynda tildik zhәne demografiyalyk problemalardy ushyktyrdy Mal sharuashylygynyn zhagdajyҚazakstan ezhelgi kezden ak mal sharuashylygyn damytuga kolajly olke boldy Birak үkimettin auyl sharuashylygynda koldangan ojlastyrylmagan sharalary ogan da keri әserin tigizdi Mal sharuashylygynyn artta kaluynyn basty sebepteri mynalar omir shyndygyna zhanasymsyz gylymi negizdelmegen ekonomikalyk zandardyn koldanyluy salanyn nashar materialdy tehnikalyk bazasy zherdi zhyrtu nәtizhesinde zhajylymdyktardyn azayuy Kүshtep zhүrgizilgen uzhymdastyrudyn zhagymsyz saldarlary da kolajsyz әser etti 1951 1952 zhyldary respublikada mal basynyn shygyny kop boldy 1954 zhyldyn basyna karaj mal basy sany aldyngy zhyldarmen salystyrganda mardymsyz gana osti Mal sharuashylygyndagy zhumystyn auyrtpalygy men kiyndyktaryn shabandar kordi Olar ote auyr zhagdajlarda zhumys istedi koptegen orkeniet zhetistikterinen kol үzip kaldy sogan karamastan enbekte үlken tabystarga kol zhetkizdi Bul zhyldary Zhambyl oblysy Mojynkum audanynyn Ajdarly auylynyn shabany Zhazylbek Қuanyshbaevtyn atagy ken zhajyldy Brigadada zhүjeli selekciyalyk zhumystar zhүrgizu arkyly ol zhүnnin zhәne karakel eltirisinin sapasyn eleuli tүrde kotere aldy Onyn karakoli halykaralyk kormeler men zhormenkelerde korsetildi Deli Buharest Poznan zhәne Nyu Jork aukciondaryna kojyldy Eren enbegi zhәne asa kernekti tabystary үshin ol 1958 zhyly ekinshi ret eldin zhogary nagradasy Orak zhәne balga altyn medalimen marapattaldy Tanymal mehanizator tyn igerushi Kәmshat Donenbaeva auyl sharuashylygyn damytuga eleuli ules kosty Ybyraj Zhakaev Kәmshat Donenbaeva I Golovackih Ya Gering t b auyl enbekshileri Socialistik Enbek Eri degen atakka ie boldy Respublika auyl sharuashylygynyn damu barysyKolhozdar men sovhozdardy nygajtu olardy ezinin tehnikasymen zhabdyktau MTS rolinin tomendeuine alyp keldi Sharuashylyktar endi onimdiligi zhogary tehnikany satyp ala alatyn zhәne koldanatyn boldy Mundaj zhagdajda MTS tar oz rolin zhojyp kazhetsiz bolyp kaldy El Үkimetinin kaulysy bojynsha MTS tar kajta ujymdastyrylyp zhondeu tehnikalyk stanciyalarga ajnaldy al auyl sharuashylyk tehnikasy kolhozdarga satyldy Kejinnen zhondeu tehnikalyk stanciyalar da zhojylyp olardyn mindetteri respublikada zhana kurylgan Kazselhoztehnika ondiristik tehnikalyk zhabdyktau birlestigine zhүkteldi 50 zhyldary kejin 60 zhyldary da Қazakstanda usak kolhozdar negizinde zhana sovhozdar ujymdastyru ken kolemde zhүrgizildi Iri sharuashylyktar halykty azyk tүlikpen kamtamasyz etu mindetin atkara alady dep sanaldy Ekonomikalyk zhagynan nashar kolhozdar irilendirilip zhappaj sovhozdar ujymdastyru 1957 zhyldyn kokteminen bastaldy Osy zhyl ishinde 198 al 1958 zhyldyn sonyna karaj 500 den astam osyndaj sharuashylyk kuryldy Et sүt astyk makta mata t s s ondiretin sovhozdar dami bastady Kelesi zhyldar korsetkendej bul kajta ujymdastyru basty mәseleni sheshe almady buryngy kolhozdar da olardyn negizinde kurylgan sovhozdar da negizgi mindetti halykty azyk tүlikpen tolyk kamtamasyz etudi birzholata sheshe almady Onyn үstine zhagdaj osy kezde memlekettik partiyalyk organdardyn zheke kosymsha sharuashylyktardy zhoyu zhonindegi naukandy zhүrgize bastauymen kүrdelene tүsti 1957 1958 zhyldary kolhoz sovhozdardagy mal basyn kobejtu maksatymen auyl turgyndarynan iri kara mal alyna bastady DerekkozderҚazakstan tarihy Asa manyzdy kezenderi men gylymi mәseleleri Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk M Қojgeldiev Ө Toleubaev Zh Қasymbaev t b Almaty Mektep baspasy 2007 ISBN 9965 36 106 1Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet