Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.
Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі. Ол белгілі бір құралдар мен әдістемелер арқылы басқаруды өнімді етеді, әсіресе Операцияларды зерттеу (Operations Research) және Статистика секілділер арқылы басқаруға сапалық және сандық анализ жасайды. Ал, басқару дегеніміз басқарылушыға өнімді, пайдалы жұмыс істету әрекеті. Қазіргі заман басқару істері кейбір басқару мәселелеріне талдау жасаудай тар шеңберден шығып, жаратылыстану және гуманитарлық пәндердегі пайдалы білімдер мен әмбебап әдістерді пайдаланып, операцияны басқару, адам күші байлығын басқару, қауіп-қатерді басқару, айқын емес жағдайда шешім қабылдау, шұғыл жағдайда таңдау жасау, қүрделі құрылымның өзгерісін тізгіндеу, қалыптасу (emergence), өзін көрсете алу, ортаға үйлескіштік, өздігінен ұйымдасу, ұқсастықтардың біріктіруі секілді ауқымды мәселелерді жаппай қамти бастады. Әрқандай ұйымды жүйе ретінде қарастыруға болады, ал басқару сол жүйе үшін маңызды феномен ретінде жоспарлау, жетелеу, тіпті де жақсысын өндіру секілділерге талпына бастады. Сондай-ақ әлденені басқарудан бұрын оның өз-өзін басқаруы, басқаруға әзірлігі, басқаруының жүйелілігі мен табыстылығы, әсіресе жаңа деңгейге үздіксіз көтеріліп, жетіліп отыру секілділер де менеджментке жаңа мазмұндар қосты.
Менеджментті жаратылыстану пәні деп түсіндіретіндер бар, бірақ көпшілік оның гуманитарлық пән екеніне сенімді.
“Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді де атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы (1856 – 1915) есептеледі. Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру көзделеді.
Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді.
Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.
Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оның қарқындылығын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау.
Анықтамасы
Менеджменттің анықтамалары:
- Менеджмент дегеніміз мәлім ұйым, не кәсіпорынның мәлім жоспар мен ережеге сай өз-өзін теңшеп, дұрыстап, бейімдеп, мәлім айқын мақсатқа жете алуы.
- Менеджмент дегеніміз маман, құрал-сайман, ресурстар, қазына секілділермен қатар тұратын өндірістің өте маңызды буыны.
- Питер Фердинанд Дракер (1909–2005) екі тұрғыда менеджменттің міндетін айқындаған: Маркетинг және Инновация. Олар өзара байланысты, әсіресе жаңа тауар инновациясы маркетингтің негізі есептеледі. Дракер бойынша маркетинг сауда және өндірісте жеңіс пен жеңілістің негізі. Дегенмен қазіргі сауда-өнеркәсіп басқарушылар менеджмент пен маркетингті ұқсамайтын екі ғылым саласына ажыратады.
- Басшы, не менеджер кәсіпорынға сенімділік және кәсіптік бағдар беріп, оның өнімді шешім шығаруын орындауы керек.
- Ғылым ретінде менеджмент кәсіпорын жобасы, ұйым, жоспар, тізгіндеу, ресурстарды ыңғайлау секілді өзара байланысты істердің біртұтастығы, ол мақсатқа өнімді жетуді көздейді.
Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау.
Жоспарлау
Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар — жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты — басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады. Бизнес-жоспарды жан-жақты дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан олардың инвестицияларының тұрақты болатындығына және компанияның басқарушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3—5 жылға жасалады. Ол мына бөлімдерден тұрады:
- нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия;
- өнімдік стратегия;
- өндірістік стратегия;
- фирманы басқару жүйесінің және меншіктің дамуы;
- қаржылық (экономикалық) стратегия.
Өздерінің даму дәрежесіне байланысты, әрбір жеке фирмалар жоспардың жекеленген бөлімдеріне бірдей маңыз бермейді. Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын кебірек аударады.
Дамыған, қалыптасқан фирмалар көбінесе өнімдік және өндірістік стратегияның қамын ойлайды. Көпшілік үшін бизнес-жоспар қысқаша рефератпен толықтырылады.
Ұйымдастыруга фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің озара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.
Ұйымдастыру
Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.
Мотивациялау
Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес, психлогиялық аспект орын алады.
Бақылау
Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметеріне түзету енгізу жатады.
Менеджмент құрылымы
Менеджмент құрылымы үш бөлімнен тұрады:
- өндірістік менеджмент;
- қаржы менджменті;
- нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.
Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жүмсап, тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады.
Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын табыстардың барынша мол болуын жөне шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.
Нарықтық менеджмент — маркетинг — бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады. Маркетинг (ағылшынша «market» — нарық) нарықтарды тандау үшін, нарыққа кірудің уақытты мен әдістері үшін, жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға саясаты үшін жауапты болады.
Менеджменттің жалпы сапасы
Менеджменттің жалпы сапасы - ұйымдардағы стратегияның, үрдістің және мәдениеттің өзгертілуі арқылы толассыз жетілуді басқару техникасы.
Педагогикалық менеджмент
Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.
Mаман-аудиторлар
Талдаумен маман-аудиторлар айналысады. Кейде фирманың өз құрамында аудиторлар болады, бірақ көбінесе олар сырттан шақырылады.
Олардың кызметі — фирманың нарықтық позицияларының мықтылығы (сенімділігі, тұрақтылығы) туралы ресми қорытынды жасау.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
- С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Menedzhment agylsh manage baskaru mengeru ujymdastyru ujymda nemese kәsiporynda zhumys istejtin adamdardyn enbegin baskara otyryp alga kojgan maksatka zhetudi ujymdastyra bilu әleumettik onyn ishinde bilim beru үrdisterin baskaru principteri әdisteri kuraldary men nysandarynyn zhiyntygy Menedzhment kejde Menedzhment gylymy Management Science dep te atalady yagni ol adamzattyn baskaru isinin zandylyktary men onimdi әdisterin zerttejtin pәn salasy esepteledi Ol belgili bir kuraldar men әdistemeler arkyly baskarudy onimdi etedi әsirese Operaciyalardy zertteu Operations Research zhәne Statistika sekildiler arkyly baskaruga sapalyk zhәne sandyk analiz zhasajdy Al baskaru degenimiz baskarylushyga onimdi pajdaly zhumys istetu әreketi Қazirgi zaman baskaru isteri kejbir baskaru mәselelerine taldau zhasaudaj tar shenberden shygyp zharatylystanu zhәne gumanitarlyk pәnderdegi pajdaly bilimder men әmbebap әdisterdi pajdalanyp operaciyany baskaru adam kүshi bajlygyn baskaru kauip katerdi baskaru ajkyn emes zhagdajda sheshim kabyldau shugyl zhagdajda tandau zhasau kүrdeli kurylymnyn ozgerisin tizgindeu kalyptasu emergence ozin korsete alu ortaga үjleskishtik ozdiginen ujymdasu uksastyktardyn biriktirui sekildi aukymdy mәselelerdi zhappaj kamti bastady Әrkandaj ujymdy zhүje retinde karastyruga bolady al baskaru sol zhүje үshin manyzdy fenomen retinde zhosparlau zheteleu tipti de zhaksysyn ondiru sekildilerge talpyna bastady Sondaj ak әldeneni baskarudan buryn onyn oz ozin baskaruy baskaruga әzirligi baskaruynyn zhүjeliligi men tabystylygy әsirese zhana dengejge үzdiksiz koterilip zhetilip otyru sekildiler de menedzhmentke zhana mazmundar kosty Menedzhmentti zharatylystanu pәni dep tүsindiretinder bar birak kopshilik onyn gumanitarlyk pәn ekenine senimdi Menedzhment ugymynyn mәni men mazmuny baskaru tүsinigine uksas Sonymen katar menedzhment zhosparlau ujymdastyru үjlestiru bakylau yntalandyru siyakty kyzmetterdi de atkarady Ғylymi menedzhmenttin negizin salushy belgili agylshyn galymy 1856 1915 esepteledi Onyn enbekti ujymdastyru zhәne ondiristi baskaru zhүjesi algash ret AҚSh ta 19 gasyr men 20 gasyr togysynda ken pajdalanyla bastady Қazirgi zamandagy menedzhment negizinen barlyk ekonomikalyk mektepterdin tәzhiribeleri men bagyttarynyn zhetistikterin korytyndylau arkyly damuda Menedzhment maksat koyuga zhosparlauga zhәne sayasatty kalyptastyruga mindetti Ol үshin bolzham zhasajdy Menedzhment bojynsha dәleldengen zhәne zhosparlangan operaciyalary bar ujymdyk kurylym zhasau adamdar arasynda mindetterdi bolu zhәne zhauapkershilik dengejdi belgileu nuskau shygaru maksatynda әr tүrli sheshimder kabyldanady Қazakstanda menedzhment kagidattary tәsilderi amaldary naryktyk ekonomikanyn orkendeuine saj keninen taralgan Naryktyk ekonomikada menedzhment firmany baskarudyn negizgi formasy bolady Menedzhment sheshimder kabyldap olardy oryndauga bagyttalgan zhүje Materialdyk enbek zhәne karzhy resurstaryn pajdalanu varianttarynyn mүmkindiginshe en zhaksy optimaldygyn zhүzege asyru kozdeledi Menedzhmenttin pajda boluy korporativtik kәsipkerliktin damuymen bajlanysty Osy bolmysta firmanyn mүlikterin baskaru kyzmeti menshik iesinin okiline menedzherlerge koshedi Menedzher dep akcionerlerdin pajda aluyn maksat etetin aky alyp firma kyzmetkerin ujymdastyratyn zhaldama zhumysshylar atalady Өndiristin tiimdiligin zhogarylatuga mүmkindik tudyrgan enbekti racionaldau men onyn karkyndylygyn arttyru sharttaryn ashkan Tejlor boldy Bunyn pikiri bojynsha osy maksatka zhetu үshin baskaru salasynda tort kyzmet oryndaluy kerek maksatty tandap belgileu maksatka zhetu kuraldardy tandau kuraldardy dajyndau nәtizhelerdi bakylau A Fajol bojynsha menedzherdin mindeti bolzhau ujymdastyru zharlyk etu zhүrgizu kelistiru bakylau AnyktamasyMenedzhmenttin anyktamalary Menedzhment degenimiz mәlim ujym ne kәsiporynnyn mәlim zhospar men erezhege saj oz ozin tenshep durystap bejimdep mәlim ajkyn maksatka zhete aluy Menedzhment degenimiz maman kural sajman resurstar kazyna sekildilermen katar turatyn ondiristin ote manyzdy buyny Piter Ferdinand Draker 1909 2005 eki turgyda menedzhmenttin mindetin ajkyndagan Marketing zhәne Innovaciya Olar ozara bajlanysty әsirese zhana tauar innovaciyasy marketingtin negizi esepteledi Draker bojynsha marketing sauda zhәne ondiriste zhenis pen zhenilistin negizi Degenmen kazirgi sauda onerkәsip baskarushylar menedzhment pen marketingti uksamajtyn eki gylym salasyna azhyratady Basshy ne menedzher kәsiporynga senimdilik zhәne kәsiptik bagdar berip onyn onimdi sheshim shygaruyn oryndauy kerek Ғylym retinde menedzhment kәsiporyn zhobasy ujym zhospar tizgindeu resurstardy yngajlau sekildi ozara bajlanysty isterdin birtutastygy ol maksatka onimdi zhetudi kozdejdi Osy zamanda menedzhmenttin tort kyzmeti atalady zhosparlau ujymdastyru motivaciyalau bakylau ZhosparlauZhosparlau firmanyn is әreketterinin maksattaryn olarga zhetudin basty bagyttary men kuraldaryn anyktaudy belgileudi tilejdi Biznes zhospar zhosparlaudyn negizgi elementi Esep beru kuzhaty zhәne investiciyalardyn basty dәleli bolatyn osy biznes zhospar firma damuynyn keshendik zhosparyn zhasaudyn maksaty baskarushylarga firmanyn zhagdajy turaly tolyk mәlimdeme beru bolady Biznes zhospardy zhan zhakty dәleldep zhasau investorlar zhagynan olardyn investiciyalarynyn turakty bolatyndygyna zhәne kompaniyanyn baskarushylaryna senimdilik tudyrudy kozdejdi Biznes zhospar 3 5 zhylga zhasalady Ol myna bolimderden turady narykka taldau zhүrgizu zhәne marketingtik strategiya onimdik strategiya ondiristik strategiya firmany baskaru zhүjesinin zhәne menshiktin damuy karzhylyk ekonomikalyk strategiya Өzderinin damu dәrezhesine bajlanysty әrbir zheke firmalar zhospardyn zhekelengen bolimderine birdej manyz bermejdi Zhumyska zhanadan kirisken firmalar karzhylyk strategiyaga nazaryn kebirek audarady Damygan kalyptaskan firmalar kobinese onimdik zhәne ondiristik strategiyanyn kamyn ojlajdy Kopshilik үshin biznes zhospar kyskasha referatpen tolyktyrylady Ұjymdastyruga firmanyn kurylymyn kuru zhәne kozdelgen maksattarga zhetu үshin onyn bolimderinin ozara oseri men үjlesimdigin kamtamasyz etu zhatady ҰjymdastyruҰjymdastyruga firmanyn kurylymyn kuru zhәne kozdelgen maksattarga zhetu үshin onyn bolimderinin ozara oseri men үjlesimdigin kamtamasyz etu zhatady MotivaciyalauMotivaciyaga zhumyskerlerdin enbekke degen ishki yntasyn oyatyp zhandandyru zhatady Osy bolimde ekonomikalyk kana emes psihlogiyalyk aspekt oryn alady BakylauBakylauga zhosparlangan nәtizheler men nakty kol zhetken nәtizhelerdin sәjkestigin anyktau zhәne firma kyzmeterine tүzetu engizu zhatady Menedzhment kurylymyMenedzhment kurylymy үsh bolimnen turady ondiristik menedzhment karzhy mendzhmenti naryktyk otkizu menedzhment nemese marketing Өndiristik menedzhment belgili kolemde belgilengen sapada kelisimdi merzimde zhәne shygyndardy barynsha tomen zhүmsap tauarlar ondirumen ajnalasatyn baskarushy kosalky zhүje bolyp tabylady Қarzhy menedzhmenti firmanyn karzhy kuraldarynyn kalyptasuyn tabystardyn barynsha mol boluyn zhone shygyndardyn barynsha az boluyn kamtamasyz etetin kosalky zhүje Naryktyk menedzhment marketing bul narykka bagyttalgan firmanyn kommerciyalyk kyzmetterin baskaru bolady Marketing agylshynsha market naryk naryktardy tandau үshin narykka kirudin uakytty men әdisteri үshin zhana onim zhasaluy үshin tauardyn naryktagy zhylzhuy үshin baga sayasaty үshin zhauapty bolady Menedzhmenttin zhalpy sapasyMenedzhmenttin zhalpy sapasy ujymdardagy strategiyanyn үrdistin zhәne mәdeniettin ozgertilui arkyly tolassyz zhetiludi baskaru tehnikasy Pedagogikalyk menedzhmentPedagogikalyk menedzhment oku tәrbie oku tanym үrdisinin zhәne bilim berudin bүkil zhүjesinin tiimdiligin arttyruga bagyttalgan olardy baskarudyn principteri әdisteri ujymdastyru nysandary men tehnologiyalyk tәsilderinin kesheni Maman auditorlarTaldaumen maman auditorlar ajnalysady Kejde firmanyn oz kuramynda auditorlar bolady birak kobinese olar syrttan shakyrylady Olardyn kyzmeti firmanyn naryktyk poziciyalarynyn myktylygy senimdiligi turaktylygy turaly resmi korytyndy zhasau DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Pedagogika O 74 Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 482 b ISBN 9965 808 85 6 Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3 Қarzhy ekonomika sozdigi Almaty ҚR Bilim zhәne gylym ministrliginin Ekonomika instituty Ziyatker ZhShS 2007 ISBN 978 601 215 003 2 S Әkimbekov A S Bajmuhametova U A Zhanandarov Ekonomikalyk teoriya Oku kuraly Zhalpy redakciya S Әkimbekovtiki Astana 2002 ISBN 9965 408 99 8 Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Әleumettanu zhәne sayasattanu bojynsha Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 569 b ISBN 9965 808 89 9Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz