Жоспарлау
Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау. Микроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау өңдіріс ішілік, фирма ішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономика саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады. Макроэкономикалық жоспарлау белгілі бір кезеңде елдің экономика және әлеуметтік даму жоспарын жасауды, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру мен орындалуын бақылауды қамтиды. Макроэкономикалық жоспарлау директивалық (нұсқаулық) жоспарлау және индикативтік жоспарлау болып бөлінеді. Директивалық (нұсқаулық) жоспарлау – тоталитарлық қоғамдағы халық шаруашылығын мемлекет басқарудың орталық буыны болып табылды. КСРО-дағы, т.б. елдердегі директивалық, яғни бір орталықтандырылған жоспарлауды жүзеге асыру тәжірибесіндегі мемлекет тапсырыстардың, разнарядкалардың, ресурстарды жинақтаудың, т.б. қатаң белгіленген жүйесі өнім өндірушіні еркіндіктен, дамуға деген ынталылықтан айырып, экономика өсу қарқынының баяулауына, сөйтіп, халық шаруашылығындағы дағдарысқа әкеліп соқты. Жоспарлаудың бұл түрінің зиянды салдарлары Қазақстанда да анық байқалды (қ. Бесжылдықтар, Жоспарлы экономика). Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналып, нарықтық экономикаға көше бастаған кезден бастап (1991), елдегі экономика және әлеуметтік өзгерістерді индикативтік жоспарлау үлгісі қолданылды. Индикативтік жоспарлау немесе экономикалық бағдарламалау – ел экономикасын мемлекеттік реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол – елдегі қоғамдық өндірістің дамуы мен әлеуметтік-экономика саясаттың стратегиялық тұжырымдамаларының ең оңтайлы нұсқасы таңдап алынған кешенді жалпы экономика бағдарламалар негізінде экономиканы реттеп отыру жүйесі саналады және индикативтік, яғни ұсыныстық сипатқа ие. Ондағы жоспарлы көрсеткіштер ел дамуының жалпы бағдарлары түрінде болады. Жоспарлаудың бұл түрі 2-дүниежүзүзілік соғыстан соң Францияда, Нидерландта, Норвегияда, Жапонияда қолданылды, 20 ғасырдың 50 – 60-жылдары Швецияда, Финляндияда, Ұлыбританияда, Италияда, Бельгияда, Германияда, Испанияда, 70-жылдары АҚШ пен Канадада кең таралды. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде (1991 – 98) индикативтік жоспарлау елдің эконмика және әлеуметтік дамуының стратегиялық бағыттарын айқындауға, неғұрлым ірі ғылыми-техника және құрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыруға, экономиканы ырықсыздандыруға және кәсіпорындарды жекешелендіруге, нарықтық инфрақұрылымдар жасауға, салық және несие-қаржы жүйесін жетілдіруге, тұрақты ақша айналысын қамтамасыз етуге, т.б. бағытталды. Онда халықты әлеум. қорғау жүйелерін жетілдіру мәселелері де қамтылды. Әсіресе, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың таяу болашақтағы ел дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айқындаған “Қазақстан-2030” Жолдауының маңызы зор болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанда ел дамуының таяу болашақтағы негізгі көрсеткіштерін айқындауға бағытталған 3, 5, 10 жылдық индикативті жоспарлау ісі қолға алынды.
Микроэкономикалық жоспарлау
Микроэкономикалық жоспарлау деп жеке кәсіпорын мен оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің шаралары мен көрсеткіштері жүйесінің жоспарын жасауды айтады. Мұнда ең алдымен техникалық-экономика есептер жасалады, жалпы кәсіпорын бойынша да, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша да қажетті нормалар мен көрсеткіштер әзірленіп негізделеді, сондай-ақ шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуына басшылық жасалып, бақылау орнатылады, ішкі өндірістік резервтер анықталып пайдаланылады. Кәсіпорын нарық жағдайында ойдағыдай жұмыс істеуі үшін бірқатар мән-жайлар ескерілуге тиіс. Олар: сұраныс пен ұсыныс, өз өнімінің икемділігі, өндірістің ағымдағы шығыны, шекті пайда мен тиімділік (табыстылық), бәсеке, негізгі құрал-жабдықтың бағасы, шикізат пен материалдар, т.б. Сонымен, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне тек микроэкономикалық орта ғана емес, елдегі макроэкономикалық саясат та ықпал жасайды. Кәсіпорынның жоспарлары рыноктың, бәсекенің талаптарын ескеруге, оның тұрлаулы экономика және әлеуметтік дамуын көздеуге, жоғары табыс алуға жәрдемдесуге тиіс. Микроэкономикалық жоспарлау ағымдағы жоспарлау және оралымды жоспарлау түрлеріне бөлінеді. Ал оралымды жоспарлау өз кезегінде күнтізбелік жоспарлау және маркетингілік жоспарлау болып бөлінеді.
Күнтізбелік жоспарлау
Күнтізбелік жоспарлау – жалпы кәсіпорын және оның жеке құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер, бригадалар, жұмыс орындары) үшін қысқа мерзімге (айға, тәулікке, ауысымға, сағатқа) арналған нақты өндірістік тапсырмаларды әзірлеуді қамтитын оралымды-өндірістік жоспарлаудың бір бөлігі. Жоспарлы тапсырмалар нормалар мен нормативтердің, шарттық міндеттемелер мен мемлекет тапсырыстардың негізінде әзірленеді, мұнда сондай-ақ оларды іске асырудың сол сәтте қалыптасқан нақты жағдайлары ескеріледі. Күнтізбелік Жоспарлау, әдетте, үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде көлемді Жоспарлау орындалады, яғни тапсырмалар тәптіштеліп, цехтарға бөлінеді. Әрбір цехқа (телімге) берілетін тапсырма заттай, еңбек және құндық өлшемдермен белгіленеді. Екінші кезең – өндірістің күнтізбелік жоспарларын әрбір цех үшін мерзім мен нысандар бойынша жасау және күнтізбелік нормативтерді әзірлеу. Үшінші кезең – жоспарлы тапсырмаларды әрбір жұмыс орнына жеткізуді қамтиды. Осы мақсатпен күнтізбелік жоспарлар орындаушылар арасындағы жеке тапсырмаларға бөлінеді, сөйтіп, ауысымдағы әрбір жұмысшыға берілетін жеке тапсырмалар көрсетілетін жоспар жасалады.
Маркетингілік Жоспарлау
Маркетингілік Жоспарлау – кәсіпорынның (фирманың) маркетингілік қызметінің барлық бағыттар бойынша егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында мыналар қамтылады: негізгі көрсеткіштердің тізбесі; рыноктардың, олардың негізгі буындарының, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы; бәсеке салдарынан болатын негізгі қиындықтарға жасалған талдау; фирма қол жеткізуге тиіс жоспарлы кезең мақсаттарының тұжырымдамасы; маркетинг стратегиясын әзірлеу; жоспардың орындалу барысына бақылау белгілеу. Фирма өнімнің бірнеше түрлерін, топтарын өндіретін, түрлі рыноктарда жұмыс істейтін жағдайда әрбір сала бойынша жеке маркетинг-жоспар жасалады; қысқаша Маркетинг.
Сілтеме
- Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
ZhosparlauZhosparlau ekonomikada nakty nysannyn memlekettin kәsiporynnyn uzhymnyn t b ekonomikalyk zhәne әleumettik damuynyn belgili bir merzimge arnalgan zhosparyn sondaj ak ony zhүzege asyruga bagyttalgan naktyly is sharalar keshenin taldap zhasau Mikroekonomikalyk dengejdegi Zhosparlau ondiris ishilik firma ishilik korsetkishterdi kamtysa makroekonomikalyk dengejdegi Zhosparlau kogamdy baskaru zhүjesinin manyzdy kuramdas boligi memlekettin әleumettik ekonomika sayasatyn zhүzege asyruynyn negizgi kuraly bolyp tabylady Makroekonomikalyk zhosparlau belgili bir kezende eldin ekonomika zhәne әleumettik damu zhosparyn zhasaudy ony zhүzege asyrudy ujymdastyru men oryndaluyn bakylaudy kamtidy Makroekonomikalyk zhosparlau direktivalyk nuskaulyk zhosparlau zhәne indikativtik zhosparlau bolyp bolinedi Direktivalyk nuskaulyk zhosparlau totalitarlyk kogamdagy halyk sharuashylygyn memleket baskarudyn ortalyk buyny bolyp tabyldy KSRO dagy t b elderdegi direktivalyk yagni bir ortalyktandyrylgan zhosparlaudy zhүzege asyru tәzhiribesindegi memleket tapsyrystardyn raznaryadkalardyn resurstardy zhinaktaudyn t b katan belgilengen zhүjesi onim ondirushini erkindikten damuga degen yntalylyktan ajyryp ekonomika osu karkynynyn bayaulauyna sojtip halyk sharuashylygyndagy dagdaryska әkelip sokty Zhosparlaudyn bul tүrinin ziyandy saldarlary Қazakstanda da anyk bajkaldy k Beszhyldyktar Zhosparly ekonomika Қazakstan Respublikasy derbes memleketke ajnalyp naryktyk ekonomikaga koshe bastagan kezden bastap 1991 eldegi ekonomika zhәne әleumettik ozgeristerdi indikativtik zhosparlau үlgisi koldanyldy Indikativtik zhosparlau nemese ekonomikalyk bagdarlamalau el ekonomikasyn memlekettik retteudin kuramdas boligi bolyp tabylady Ol eldegi kogamdyk ondiristin damuy men әleumettik ekonomika sayasattyn strategiyalyk tuzhyrymdamalarynyn en ontajly nuskasy tandap alyngan keshendi zhalpy ekonomika bagdarlamalar negizinde ekonomikany rettep otyru zhүjesi sanalady zhәne indikativtik yagni usynystyk sipatka ie Ondagy zhosparly korsetkishter el damuynyn zhalpy bagdarlary tүrinde bolady Zhosparlaudyn bul tүri 2 dүniezhүzүzilik sogystan son Franciyada Niderlandta Norvegiyada Zhaponiyada koldanyldy 20 gasyrdyn 50 60 zhyldary Shveciyada Finlyandiyada Ұlybritaniyada Italiyada Belgiyada Germaniyada Ispaniyada 70 zhyldary AҚSh pen Kanadada ken taraldy Қazakstanda naryktyk ekonomikaga koshudin otpeli kezeninde 1991 98 indikativtik zhosparlau eldin ekonmika zhәne әleumettik damuynyn strategiyalyk bagyttaryn ajkyndauga negurlym iri gylymi tehnika zhәne kurylymdyk bagdarlamalardy zhүzege asyruga ekonomikany yryksyzdandyruga zhәne kәsiporyndardy zhekeshelendiruge naryktyk infrakurylymdar zhasauga salyk zhәne nesie karzhy zhүjesin zhetildiruge turakty aksha ajnalysyn kamtamasyz etuge t b bagyttaldy Onda halykty әleum korgau zhүjelerin zhetildiru mәseleleri de kamtyldy Әsirese Қazakstan Respublikasynyn tungysh Prezidenti N Ә Nazarbaevtyn tayau bolashaktagy el damuynyn negizgi strategiyalyk bagyttaryn ajkyndagan Қazakstan 2030 Zholdauynyn manyzy zor boldy 2000 zhyldan bastap Қazakstanda el damuynyn tayau bolashaktagy negizgi korsetkishterin ajkyndauga bagyttalgan 3 5 10 zhyldyk indikativti zhosparlau isi kolga alyndy Mikroekonomikalyk zhosparlauMikroekonomikalyk zhosparlau dep zheke kәsiporyn men onyn barlyk kurylymdyk bolimshelerinin ondiristik sharuashylyk kyzmetinin sharalary men korsetkishteri zhүjesinin zhosparyn zhasaudy ajtady Munda en aldymen tehnikalyk ekonomika esepter zhasalady zhalpy kәsiporyn bojynsha da onyn kurylymdyk bolimsheleri bojynsha da kazhetti normalar men korsetkishter әzirlenip negizdeledi sondaj ak sharuashylyk kyzmettin zhүzege asyryluyna basshylyk zhasalyp bakylau ornatylady ishki ondiristik rezervter anyktalyp pajdalanylady Kәsiporyn naryk zhagdajynda ojdagydaj zhumys isteui үshin birkatar mәn zhajlar eskeriluge tiis Olar suranys pen usynys oz oniminin ikemdiligi ondiristin agymdagy shygyny shekti pajda men tiimdilik tabystylyk bәseke negizgi kural zhabdyktyn bagasy shikizat pen materialdar t b Sonymen kәsiporynnyn ondiristik sharuashylyk kyzmetine tek mikroekonomikalyk orta gana emes eldegi makroekonomikalyk sayasat ta ykpal zhasajdy Kәsiporynnyn zhosparlary rynoktyn bәsekenin talaptaryn eskeruge onyn turlauly ekonomika zhәne әleumettik damuyn kozdeuge zhogary tabys aluga zhәrdemdesuge tiis Mikroekonomikalyk zhosparlau agymdagy zhosparlau zhәne oralymdy zhosparlau tүrlerine bolinedi Al oralymdy zhosparlau oz kezeginde kүntizbelik zhosparlau zhәne marketingilik zhosparlau bolyp bolinedi Kүntizbelik zhosparlauKүntizbelik zhosparlau zhalpy kәsiporyn zhәne onyn zheke kurylymdyk bolimsheleri cehtar telimder brigadalar zhumys oryndary үshin kyska merzimge ajga tәulikke auysymga sagatka arnalgan nakty ondiristik tapsyrmalardy әzirleudi kamtityn oralymdy ondiristik zhosparlaudyn bir boligi Zhosparly tapsyrmalar normalar men normativterdin sharttyk mindettemeler men memleket tapsyrystardyn negizinde әzirlenedi munda sondaj ak olardy iske asyrudyn sol sәtte kalyptaskan nakty zhagdajlary eskeriledi Kүntizbelik Zhosparlau әdette үsh kezende zhүzege asyrylady Birinshi kezende kolemdi Zhosparlau oryndalady yagni tapsyrmalar tәptishtelip cehtarga bolinedi Әrbir cehka telimge beriletin tapsyrma zattaj enbek zhәne kundyk olshemdermen belgilenedi Ekinshi kezen ondiristin kүntizbelik zhosparlaryn әrbir ceh үshin merzim men nysandar bojynsha zhasau zhәne kүntizbelik normativterdi әzirleu Үshinshi kezen zhosparly tapsyrmalardy әrbir zhumys ornyna zhetkizudi kamtidy Osy maksatpen kүntizbelik zhosparlar oryndaushylar arasyndagy zheke tapsyrmalarga bolinedi sojtip auysymdagy әrbir zhumysshyga beriletin zheke tapsyrmalar korsetiletin zhospar zhasalady Marketingilik ZhosparlauMarketingilik Zhosparlau kәsiporynnyn firmanyn marketingilik kyzmetinin barlyk bagyttar bojynsha egzhej tegzhejli zhosparlaryn әzirleu Mundaj marketing zhosparlardyn kurylymynda mynalar kamtylady negizgi korsetkishterdin tizbesi rynoktardyn olardyn negizgi buyndarynyn tutynushylardyn satyp alushylardyn bәsekelesterdin sipattamasy bәseke saldarynan bolatyn negizgi kiyndyktarga zhasalgan taldau firma kol zhetkizuge tiis zhosparly kezen maksattarynyn tuzhyrymdamasy marketing strategiyasyn әzirleu zhospardyn oryndalu barysyna bakylau belgileu Firma onimnin birneshe tүrlerin toptaryn ondiretin tүrli rynoktarda zhumys istejtin zhagdajda әrbir sala bojynsha zheke marketing zhospar zhasalady kyskasha Marketing SiltemeҚazak enciklopediyasy 4 tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz