Кеден, таможня (түркі тілінде тамға – таңба, белгі сөзінен шыққан) – тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өтуі тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдемесін жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Әдетте, тауарлар мен мүліктер алып өтілетін, сондай-ақ, адамдар шет елге баратын және шет елден келетін сапарларында өтетін шекаралық бекеттерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, теңіз, өзен кемежайларында құрылып, орналасады.
Кеден қызметінің нышандары саудамен бірге пайда болды. Сыртқы сауда байланыстары туралы мәліметтер Ежелгі Мысырда б.з.б. 3-мыңжылдық ескерткіштерінде кездеседі. Керуен сақшыларын ұстауға жұмсалатын шығынды болашақтағы кеден алымдарының арғы тегі іспетті ерекше алымдар ауыстырды. Белгілі бір иеліктердің қожайындары керуендердің тоналудан қорғалуына кепілдік беріп, тиісінше ақы алды. Қазына үшін ақша табудың мұндай тәсілдерін мемлекет пайда болған кезде бірте-бірте қалалар да қабылдады. Қалалардың өсуіне байланысты әкімшілік пен полицияға қажеттілік туды. Оларды ұстау үшін түрлі салықтар мен алымдар, солардың ішінде саудадан, тауарларды алып өтуден, сондай-ақ, сауда жасау кезінде аялдаған болса, қоймаларды пайдаланғаны үшін алымдар белгіленді. Кейін қоймалар теңіз кемежайларында да осындай мақсатпен салына бастады, оларда кірелік және әкелім баждары алынды. Мыс., Ежелгі Грекияда б.з.б. 6 ғ-да кіре тауарларына салынған кірелік баждар олардың құнының 1/10 бөлігін құрады, ал одақтастар үшін – 1/100 бөлігін, Грекияға тәуелсіз қалалардан 1/20 бөлігін құрады.
Мысырда б.з.б. 4 ғасырда үкімет Александрияға азық-түлік әкелуді және өз ісмерлерінің бұйымдарын әкетуді қатаң тәртіпке келтірді. Кіре тауарлардан ел аумағындағы түрлі бекеттерде алым жиналды. Карфагенде б.з.б. 3 ғасырда кеден баждарының маңызды болғаны соншалық, қолбасшы әрі әмір Ганнибал өзінің Рим империясымен жүргізген соғысына жұмсалған барлық шығынды осы баждармен жауып отырды. Ал Римнің өзінде кіре тауарларға салынатын бажды одан да ерте енгізген болатын, баж алымы мұнда қазынаны толтыратын басты бастау-көзге айналған-ды. Кеден ережелері мұнда ішкі мемлекеттік құқықтың ғана емес, сонымен бірге халықаралық құқықтың да тақырыбы болды. Сол замандардағы басқа мемлекеттерде де баждар алым-салық ретінде пайда болып, кейіннен қазына үшін ақша табудың қолайлы амалына айналды, түрлі елдердің сыртқы экономикалық қызметінің маңызды бөлігін құрады.
Орта ғасырлар кезеңінде Кеден ісінің даму барысы күрделі де қайшылықты болды. Орта ғасырлардың басында баждардың ынсаптылық табуы нақ сол Рим империясында Қытай жібегінің пайда болуына мүмкіндік берді. Осындай ынсапты алымдардың көмегімен 3 – 4 ғасырларда Армения да саудаға қамқорлық жасады. Ал герман халықтарында шіркеу иелері ғибадат мерекелері кезінде сауда жасағанда өлшеуіш аспаптарды пайдаланғаны үшін ақы алуға бұдан әлдеқайда ерте бейімделген болатын. Кейінірек Еуропадағы ірі жер иелері дін қызметшілерін осы міндеттен босатып, тауарларға салынатын баж алымын жинау үшін өз бишікештерін тағайындай бастады.
Баж жинаушылар Еуропа мемлекеттерінде жоғары мәртебеге ие болды. Мыс., француздарда 499 жылы олар король бишікештеріне теңестіріліп, епископтармен және графтармен бірдей дәрежеде болды, ал Ұлы Карл тұсында графқа бағындырылды, ол сонымен бірге корольдің аға кеден бишікеші деп саналды. Кейін 1249 жылы Фрайбург қаласында кеден бишікештерін қызметке тағайындау және ол өз міндеттерін адал атқармаса, қызметтен босату құқығы азаматтардың өздеріне берілді.
19 ғасырда Рейнде 64 кеден бекеті, Эльбада – 35, Дунайда, Төменгі Австрияда – 77 кеден бекеті болды. Тіпті өзеннен кешіп өтуге болатын жерлерде де сол жердің иелері көпір салып, олардан көлікпен және жаяу өткені үшін ақы алды.
Сонымен қатар орта ғасырлардағы қалалардың өкімет орындары шет жұрттық тауарлардың басы артық ағылып келуінен кеден шаралары арқылы қорғануға тырысты. Парижде 12 ғасырда қалаға әкелінген барлық шетелдік тауарларға ғана емес, сонымен бірге Францияның басқа қалаларынан жеткізілген көптеген тауарларға да баж салынды. Ал мемлекеттер мен князьдіктер арасындағы экон. байланыстардың ұлғаюына байланысты 12 – 13 ғасырларда Кеден саясатында Еуропа мемлекеттерінің сыртқы шекараларында ортақ жүйе жасауға ұмтылушылық күшейді. Бірігу мен орталықтандыру үрдісі осыған жол ашуға тиіс болды. Алайда, 1707 жылы Англия мен Шотландия арасындағы кеден мүлдем жойылды, 1823 жылы бекеттер де жойылды. Ал Францияда кеден бірлігі тек 1790 жылы ғана басталды. Австрия өзінің кеден саясатын тек 1775 – 1851 жылы ғана тұжырымдады, ал Германияда кеденнің бірігуі 1888 жылға дейін созылды.
19 ғ-да Англия сауда еркіндігін бірінші болып жариялады, жергілікті буржуазия тауар әкетуге қандай да болсын сыйлық пен бажды жоюды, тауарлардың шекарада екі жаққа да еркін алып өтілуін жақтап бой көтерді. Сонан соң Франция қолдампаздық кеден тарифтерін қабылдап, еркін сауда бағытын ұстады. Ал Германияда Пруссия бастаған 18 мемлекет кеден одағын құрып, ішкі кеден қалқаларын жойды. Еуропаның басқа елдері де осылай етті. Сөйтіп, 19 ғ-дың 60 – 70-жылдары еркін сауда принципі салтанат құрды, мұның өзі Кеден тыйымдары мен шектеулерінің қамқорлығынан біржолата шыққан ірі монополиялардың үстемдік құруына әкелді.
АҚШ-та кеден-тариф саясаты бүгінгі күнге дейін Америка рыногін қолдампаздықпен қорғаудың іргетасы болып отыр және ол кей реттерде Кеден мөлшерлемелерінің жоғары деңгейінен гөрі импорт жолына қойылған тым елеулі кедергіге айналды. 20 ғ-дың 30-жылдары мұның өзі көптеген елдерде күрт дипломатиялық наразылықтар туғызды және АҚШ-тың сауда серіктестері жауап шаралар қолдана бастады. Мысыр, Англия өз тарифтерін алғашқылардың бірі болып көтерді, сонан соң өз отарларын Кеден қорғанымен бөгеді. Экономикалық дағдарыс қызған шақта (1929 – 33) АҚШ өзінің кеден саясатын қайта қарауға, сауда серіктестеріне Америка өнеркәсібіне зиян келтірмейтіндей кеңшіліктер жасауға мәжбүр болды. Қысқасы экспорттық экспансия одан әрі жалғасып, импорт шектеле берді. 1957 жылы Еуропа экономикалық одағы құрылуына байланысты жағдай айтарлықтай өзгерді. “Ортақ рынок” елдері америкалық бәсекелестеріне кеден-тариф саясаты мәселелері бойынша да бір майдан болып қарсы шықты. Сөйтіп, олар өз серіктестерінің рыноктарына өнімді бажсыз әкелу құқығын алды.
Ресейдің сыртқы саудасының дамуында 1724 жылы Петр қабылдаған қолдампаздық кеден айыппұлы зор рөл атқарды. Ресей өнеркәсібінің мүдделері үшін мұнда өндіру игерілмеген немесе игеру жаңа ғана жолға қойылған тауарларға жоғары баж салынды. Петр мирасқорлары Ресей тауарларының әкетілімін көтермелеу саясатын жалғастыруға тырысты. Ал шет ел тауарларының әкеліміне қойылған қатаң шектеулер көп ұзамай ресейлік өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік берді. Дамыған Еуропа елдері арасындағы қатынастарда еркін саудадан агрессиялық қолдампаздыққа көшуі 19 ғ-дың аяғында Ресейдің өз көршілерімен кеден қатынастарына да әсерін тигізді. Мыс., 1893 ж. Германия үкіметін тез арада сауда шартын жасасуға итермелеу мақсатымен Ресей үкіметі қосарлы кеден тарифі туралы заң шығарды, бұл заң бойынша Ресей тауарларының әкелімі мен транзитіне жеңілдіктер бермейтін елдердің тауарларына басқа елдер үшін белгіленген жай мөлшерлемелерден гөрі 15 – 30% жоғары баж салынды. Германия дереу Ресей тауарларына салынатын бажды 5%-ға дейін көтерді. Бұған жауап ретінде Ресей Германия тауарларына салынатын бажды 100%-ға өсірді. Осындай жарты жылдық кеден соғысының нәтижесінде, қалай дегенмен, екі жақты сауда шартына қол қойылды.
Қазан төңкерісі кезінде Ресейдің кеден жүйесі күйреді. Алайда, 1918 ж. Қаржы халкоматында кеден алымдары департаменті жұмысын қайта бастады. Ол сәл кейін кеден бақылауы бас басқармасы деп аталып, Сауда және өнеркәсіп халкоматына бағындырылды. Бұл халкомат 1920 жылы Сыртқы сауда халық комиссариаты болып қайта құрылды. Кеден ісін басқарудың барлық міндеттері осы халкоматтың қарамағына көшті. 1924 жылы КСРО ОАК-нің Төралқасы КСРО-ның Кеден Жарғысын бекітті. Одақтас республикаларда Бас кеден басқармасының бөлімшелері құрылды.
Қазақстанда екі кеден округі – Жетісу кеден округі (Алматы және Талдықорған облыстарының аумағында) мен Зайсан кеден округі (Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында) пайда болды. Басқа аймақтарда осыған ұқсас құрылымдар мен кеден бекеттері құрылды, олар шекара арқылы әкелінетін және әкетілетін жүктерді бақылап, рәсімдеді. 1964 жылы жаңа кеден кодексі бекітілді. Онда КСРО аумағында кеден ісін басқару Сыртқы сауда министрлігіне жүктелді. Бірақ бұл жүйені реформалаудың ең түбегейлі кезеңі 1986 жылы басталды, осы жылы Бас кеден басқармасы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік кеден бақылауы бас басқармасы болып қайта құрылып, оған дербес мемлекттік орган мәртебесі берілді. Алайда, өзгеріс шамалы болды, өйткені бұл жүйені қайта құру үшін заңнамалық база жоқ еді, Кеден жүйесін ішкі және сыртқы саудада нарықтық қатынастарға көшудің пісіп-жетілуі жағдайында халықар. өлшемдер бойынша қажетті стандарттарға дейін одан әрі дамытуға ділгерлік туды.
1991 ж. егемендікке қол жеткеннен кейін экономикалық өзгерістердің өзіндік үлгілерін іске асыру және нарыққа көшу бағытын ұстаған Қазақстан Республикасының кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігіне айналды. Тәуелсіз елде жүргізілген сыртқы экон. қызметті ырықтандыру нәтижесінде алуан түрлі мыңдаған кәсіпорындарға, сондай-ақ, жеке тұлғаларға өз өнімімен сыртқы рынокқа тікелей шығу құқығы берілді, мұның өзі тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы алып өту саласындағы мемл. реттеудің рөлін күрт көтерді. Кеден саясаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден заңнамасының негіздері туралы келісімі негізінде 1995 жылы 20 шілдеде қабылданған “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылды. Енді бұрынғыдай толып жатқан нұсқаулар мен басқа да одақтық ережелерді емес, бірыңғай заңнамалық құжатты басшылыққа алу мүмкіндігі туды. Түрлі кеден қызметтерінің жұмысын ұйымдастыруға, кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларының, бажсыз сауда дүкендері тораптарының, кеден жүк тасушыларының, экспорттық ақша түсімін валюталық бақылаудың жұмысына түзетулер енгізілді. Қазақстан Республикасының кеден аумағы, кеден шекарасы деген ұғымдар тұңғыш рет белгіленді, тауарларды, көлік құралдарын әкелу мен әкету тәртібі дәл айқындалды. Кеден мемлекеттік бюджетті толтырудың, отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғаудың кепіліне айналды. Сондай-ақ, кедендік реттеу саласында жасаған Беларусь, Қазақстан және Ресейдің кеден одағы туралы 1995 жылы 20 қаңтардағы келісімінің маңызы зор болды, бұл келісімге кейінірек Қырғызстан мен Тәжікстан да қосылды. Кеден ісіне қатысты негізгі ережелердің бәрі Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде бірдей етілді. Бұл елдерде кеден заңнамасын бір ізге түсіру жұмысы одан әрі жалғасуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында кеден құзыретіне шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтер жинап, өңдеу, кеден қылмыстарының жасалу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғау, анықтау және шұғыл іздестіру қызметін жүзеге асыру, санитарлық және карантиндік ережелердің орындалуын бақылау міндеттері де жатады. Ол шекара арқылы тасылатын тауарларды тексермелейді; кеден бақылауын жүзеге асырады; белгіленген кеден баждары мен алымдарын есептейді және оларды өндіріп алады; жүктердің өткізілуіне берілетін рұқсатнаманы рәсімдейді, егер олар белгіленген талаптарға сай болмаса немесе әкелуге және әкетуге тыйым салынған болса, ұстап қалады; контрабандаға,кеден ережелерінің бұзылуына қарсы күреседі, қажет болған жағдайда елден мәдени және тарихи құндылықтардың әкетілмеуін бақылайды; заңды немесе жеке тұлғалардың шекара арқылы жүктерді алып өтуіне байланысты басқа да алуан түрлі міндеттерді орындайды.
Қазақстан Республикасының кеден аумағы оның құрлықтағы аумағын, аумақтық және ішкі суды, сондай-ақ, оның аспанындағы әуе кеңістігін қамтиды. Ал кеден шекарасы – республика аумағының шектері, еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар. Заңнамаға сәйкес шекарада құжаттарды тиісінше рәсімдейтін Кеден бақылауы Кеден органдарына жүктелген. Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарының шекарадан кесіп өтуі кезінде өткізілетін тауарлар туралы негізделген шешімдерді қабылдау үшін барлық қажетті ақпаратты бір жерде жинауға, олар туралы құжатта бар мәліметтерді нақты деректермен салыстыруға, деректердің осы екі түрі арасындағы кездейсоқ немесе әдейі жасалған сәйкессіздікті табуға, қателіктерді түзетуге және мемлекетке келтірілетін ықтимал зиянды болдырмауға, заң мен кеден ережелерінің бұзылуының себептері мен жағдайларын анықтап жоюға, оларға қатысты адамдарды анықтау шараларын қолдануға, бұл бұрмалаушылықтардың заңи бағасын беруге тиіс. Халықаралық қатынастар үшін ашылған әуежайлар мен кемежайларда, темір жол ст-ларында кеден шекарасы арқылы өткізілетін немесе автомобиль қатынасы бар жерлердегі өтуге рұқсат етілетін бекеттерде мемл. шекара арқылы өткізілетін тауарларды уақытша сақтайтын қоймалардың болуы міндетті. 2000 жылы 1 қаңтарда 94 осындай уақытша сақтау қоймасы және 22 кеден қоймасы құрылып, жұмыс істеді.
1992 жылға дейін Қазақстанның тек ҚХР-мен екі арадағы шекарасына ғана күзет қойылған-ды, онда тек “Хоргос”, “Бақты” және “Достық” өткізу бекеттері ғана жұмыс істеді. Қазіргі кезде республиканың кеден органдары халықаралық мәндегі 14, республикалық мәндегі 73 автомобиль жолын, 17 темір жолы магистралін, 13 кемежайды бақылайды, оларда жұмыс істейтін өткізу бекеттерінің саны: 121 автомобиль, 28 темір жолы, 12 әуежолы бекеті және Ақтау теңіз кемежайы.
Қазір Қазақстанның шектес мемлекеттермен арадағы кеден шекарасының ұзындығы 14 мың км, соның ішінде: Ресей Федерациясымен – 6497 км, Өзбекстанмен – 2300 км, Түрікменстанмен – 380 км, Қырғызстанмен – 980 км, Қытаймен 1460 км, Каспий теңізі бойынша – 600 км. Мұндай жағдайда көршілес мемлекеттермен сауда-экон. қатынастарды дамыту үшін өткізу бекеттерін құрып, оларға тиісінше халықар. және екі жақтылық мәртебе беру қажеттігі туды. Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының Үкіметі осындай бекеттерді салып, бекітуге, сондай-ақ, оларды техникалық жағынан жарақтандыруға бағытталған бірқатар қаулылар қабылдады. Мыс., ҚХР-мен шекарадағы “Бақты” бекетіне 1992 жылы халықаралық мәртебе берілді. 1998 – 99 ж. бүкіл кеден шекарасы бойында 105 бақылау-өткізу бекеті іске қосылды. Шекара маңындағы 4 кеден бекеті халықаралық стандарттарға жеткізілді, олар: “Жібек жолы” (Өзбекстанмен шекара), “Каерак” (Ресеймен шекара), “Бақты” (ҚХР-мен шекара), “Қордай” (Қырғызстанмен шекара). Бұл бекеттерде кеден ресімдемесінің оңайлатылған тәртібі енгізілді.
Халықаралық өткел бекеттер мен кеден күзеттерін дамыту және оларды барлық керек-жарақтармен қамтамасыз ету республика экономикасының дүниежүзілік шаруашылыққа тиімді бірігуіне, ел көлігінің мүмкіндігін дамытуға, мемлекеттің кірісін молайтуға, кеден бақылауының тиімділігі мен сапасын жақсартуға, құжаттардың ресімделуін жеделдетуге, сервистік қызмет көрсетуге, сондай-ақ, тасымалдаушылардың арнаулы қажеттерін қанағаттандыруға септігін тигізеді.
Қазақстанның кеден қызметі халықаралық кеден ұйымдарымен өзінің байланысын жылдан-жылға ұлғайтуда. 1992 жылы маусымда Қазақстан Кедендік ынтымақтастық кеңесіне (Дүниежүзілік кеден ұйымы) кірді. Мұның өзі импорт-экспорт операцияларын халықар. стандарттарға сәйкес ресімдеу тәртібін әзірлеуге мүмкіндік береді. Қытай, Әзірбайжан, Моңғолия және Өзбекстанның кеден органдарымен ынтмақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды, Еуропалық одаққа мүше 15 елдің кеден қызметін біріктіретін Еурокеденмен тығыз ынтымақтастық орнатылды.
Кеден одағына кірген елдердің (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) мемлекет басшыларының 2000 жылы қазанда өткен кеңесінде осы одақтың негізінде жаңа халықаралық ұйымның – Еуразия экономикалық қоғамдастығының құрылуы кеден ісін дамытуға жаңа серпін берді. Бұл қоғамдастық “бестік” шеңберінде бірыңғай экономикалық кеңістік құру, экономикалық саясатты үйлестіруде, соның ішінде микроэкономикада, валюта-қаржы және әлеуметтік салаларда ынтымақтастық түрлерін айтарлықтай кеңейту мақсатын көздейді. Осы кеңесте келісілген сауда-тарифтік және әлеуметтік-экономикалық саясат мәселелері бойынша құжаттар да талқыланды, кеден одағына қатысушы мемлекеттердің экономикасындағы құрылымдық жаңғыртуларды үйлестіру жөнінде 2005 жылға дейін тындырылатын нақты істер межеленді, сондай-ақ, салық заңнамаларын жуықтату жөніндегі практикалық іс-қимылдардың жобасы да бекітілді. Бұл қадамдар кеден одағына бірігудің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі үшін жақсы негіз болмақ.
Кеден алымдары
Кеден алымдары - көлемі жағынан тауар бағасының 1-2%-дан аспайтын салық салу шараларының формасы. Оларға тауарды кеден қоймасынан алып шығу құқығы үшін алым; тауарларды ішке әкелуге және сыртқа шығаруға рұқсат берген кезде алынатын лицензиялық алымдар және т.б. жатады.
Кеден баждары
Кеден баждары - кеден ведомствосының бақылауымен шекара арқылы өткізіліп, әкелінетін, басып өтетін және әкетілетін тауарлардан, мүліктерден, құндылықтардан алынатын мемлекеттік ақша жиылымы. Баж алынатын тауарлар мен баж мөлшерлемелері кеден тарифінде жинақталған.
Кеден одағы
Кеден одағы - бірнеше кеден аумақтарында кеден баждары толық жойылған кезде оны бір аумақпен алмастырып, сыртқа бірыңғай кеден тосқауылын жасау. Баждар және сауданы реттеу жөніндегі басқа да шектеу шаралары одақтың құрамдас аумақтары арасындағы бүкіл сауда бойынша немесе осы аумақтарда өндірілген тауарлар бойынша толық жойылады. Еуропа әкономикалық қауымдастығы, Орталық Африка Кеден және экономикалық одағы және басқалар осындай одақтардың үлгілері болып табылады.
Кеден конвенциясы
Кеден конвенциясы - осындай конвенцияға қатысушы елдерден импортталатьн тауарларға кеден салығьн салу тәртібін реттеп отыратын көп жақты мемлекетаралық шарт. Ол кеден формалдылықтарын оңайлатып, конвенцияға қатысушы елдер тауарлары жөнінде кеден жеңілдіктерінің берілуін көздейді.
Кеден саясаты
Кеден саясаты - мемлекеттің елге импортталатын тауарларға кеден салығын салудың белгілі бір тәртібін орнататын мақсаткерлік қызметі. Кеден саясатын жүзеге асырудың негізгі құралдары - кеден тарифтері, салықтары, алымдары, баждары және т.б.
Кеден табыстары
Кеден табыстары - мемлекетгің бюджетіне елдің шекарасынан өтетін тауарларға салынатын салықтардан, оның ішінде кеден баждары мен жиылымдарынан, тәркіленген тауарларды сатудан, айыппұлдардан түсетін қаражат.
Кеден тарифі
Кеден тарифі - кеден баждары салынатын тауарлардың жүйелендірілген тізбесі; онда әр тауар (тауарлар тобы) бойынша салынатын кеден баждарының мөлшері көрсетіледі.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
- Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Keden tamozhnya tүrki tilinde tamga tanba belgi sozinen shykkan tauardyn zhәne kolik kuraldarynyn mүlik pen baska da zattardyn keden shekarasy arkyly otui tәrtibin kamtamasyz etetin keden rezhimderin koldanatyn keden tolemderin ondirip alatyn keden bakylauyn zhүrgizip keden rәsimdemesin zhүzege asyratyn memlekettik organ Әdette tauarlar men mүlikter alyp otiletin sondaj ak adamdar shet elge baratyn zhәne shet elden keletin saparlarynda otetin shekaralyk beketterde әuezhajlarda temirzhol vokzaldarynda teniz ozen kemezhajlarynda kurylyp ornalasady Keden kyzmetinin nyshandary saudamen birge pajda boldy Syrtky sauda bajlanystary turaly mәlimetter Ezhelgi Mysyrda b z b 3 mynzhyldyk eskertkishterinde kezdesedi Keruen sakshylaryn ustauga zhumsalatyn shygyndy bolashaktagy keden alymdarynyn argy tegi ispetti erekshe alymdar auystyrdy Belgili bir ielikterdin kozhajyndary keruenderdin tonaludan korgaluyna kepildik berip tiisinshe aky aldy Қazyna үshin aksha tabudyn mundaj tәsilderin memleket pajda bolgan kezde birte birte kalalar da kabyldady Қalalardyn osuine bajlanysty әkimshilik pen policiyaga kazhettilik tudy Olardy ustau үshin tүrli salyktar men alymdar solardyn ishinde saudadan tauarlardy alyp otuden sondaj ak sauda zhasau kezinde ayaldagan bolsa kojmalardy pajdalangany үshin alymdar belgilendi Kejin kojmalar teniz kemezhajlarynda da osyndaj maksatpen salyna bastady olarda kirelik zhәne әkelim bazhdary alyndy Mys Ezhelgi Grekiyada b z b 6 g da kire tauarlaryna salyngan kirelik bazhdar olardyn kunynyn 1 10 boligin kurady al odaktastar үshin 1 100 boligin Grekiyaga tәuelsiz kalalardan 1 20 boligin kurady Mysyrda b z b 4 gasyrda үkimet Aleksandriyaga azyk tүlik әkeludi zhәne oz ismerlerinin bujymdaryn әketudi katan tәrtipke keltirdi Kire tauarlardan el aumagyndagy tүrli beketterde alym zhinaldy Karfagende b z b 3 gasyrda keden bazhdarynyn manyzdy bolgany sonshalyk kolbasshy әri әmir Gannibal ozinin Rim imperiyasymen zhүrgizgen sogysyna zhumsalgan barlyk shygyndy osy bazhdarmen zhauyp otyrdy Al Rimnin ozinde kire tauarlarga salynatyn bazhdy odan da erte engizgen bolatyn bazh alymy munda kazynany toltyratyn basty bastau kozge ajnalgan dy Keden erezheleri munda ishki memlekettik kukyktyn gana emes sonymen birge halykaralyk kukyktyn da takyryby boldy Sol zamandardagy baska memleketterde de bazhdar alym salyk retinde pajda bolyp kejinnen kazyna үshin aksha tabudyn kolajly amalyna ajnaldy tүrli elderdin syrtky ekonomikalyk kyzmetinin manyzdy boligin kurady Orta gasyrlar kezeninde Keden isinin damu barysy kүrdeli de kajshylykty boldy Orta gasyrlardyn basynda bazhdardyn ynsaptylyk tabuy nak sol Rim imperiyasynda Қytaj zhibeginin pajda boluyna mүmkindik berdi Osyndaj ynsapty alymdardyn komegimen 3 4 gasyrlarda Armeniya da saudaga kamkorlyk zhasady Al german halyktarynda shirkeu ieleri gibadat merekeleri kezinde sauda zhasaganda olsheuish aspaptardy pajdalangany үshin aky aluga budan әldekajda erte bejimdelgen bolatyn Kejinirek Europadagy iri zher ieleri din kyzmetshilerin osy mindetten bosatyp tauarlarga salynatyn bazh alymyn zhinau үshin oz bishikeshterin tagajyndaj bastady Bazh zhinaushylar Europa memleketterinde zhogary mәrtebege ie boldy Mys francuzdarda 499 zhyly olar korol bishikeshterine tenestirilip episkoptarmen zhәne graftarmen birdej dәrezhede boldy al Ұly Karl tusynda grafka bagyndyryldy ol sonymen birge koroldin aga keden bishikeshi dep sanaldy Kejin 1249 zhyly Frajburg kalasynda keden bishikeshterin kyzmetke tagajyndau zhәne ol oz mindetterin adal atkarmasa kyzmetten bosatu kukygy azamattardyn ozderine berildi 19 gasyrda Rejnde 64 keden beketi Elbada 35 Dunajda Tomengi Avstriyada 77 keden beketi boldy Tipti ozennen keship otuge bolatyn zherlerde de sol zherdin ieleri kopir salyp olardan kolikpen zhәne zhayau otkeni үshin aky aldy Sonymen katar orta gasyrlardagy kalalardyn okimet oryndary shet zhurttyk tauarlardyn basy artyk agylyp keluinen keden sharalary arkyly korganuga tyrysty Parizhde 12 gasyrda kalaga әkelingen barlyk sheteldik tauarlarga gana emes sonymen birge Franciyanyn baska kalalarynan zhetkizilgen koptegen tauarlarga da bazh salyndy Al memleketter men knyazdikter arasyndagy ekon bajlanystardyn ulgayuyna bajlanysty 12 13 gasyrlarda Keden sayasatynda Europa memleketterinin syrtky shekaralarynda ortak zhүje zhasauga umtylushylyk kүshejdi Birigu men ortalyktandyru үrdisi osygan zhol ashuga tiis boldy Alajda 1707 zhyly Angliya men Shotlandiya arasyndagy keden mүldem zhojyldy 1823 zhyly beketter de zhojyldy Al Franciyada keden birligi tek 1790 zhyly gana bastaldy Avstriya ozinin keden sayasatyn tek 1775 1851 zhyly gana tuzhyrymdady al Germaniyada kedennin birigui 1888 zhylga dejin sozyldy 19 g da Angliya sauda erkindigin birinshi bolyp zhariyalady zhergilikti burzhuaziya tauar әketuge kandaj da bolsyn syjlyk pen bazhdy zhoyudy tauarlardyn shekarada eki zhakka da erkin alyp otiluin zhaktap boj koterdi Sonan son Franciya koldampazdyk keden tarifterin kabyldap erkin sauda bagytyn ustady Al Germaniyada Prussiya bastagan 18 memleket keden odagyn kuryp ishki keden kalkalaryn zhojdy Europanyn baska elderi de osylaj etti Sojtip 19 g dyn 60 70 zhyldary erkin sauda principi saltanat kurdy munyn ozi Keden tyjymdary men shekteulerinin kamkorlygynan birzholata shykkan iri monopoliyalardyn үstemdik kuruyna әkeldi AҚSh ta keden tarif sayasaty bүgingi kүnge dejin Amerika rynogin koldampazdykpen korgaudyn irgetasy bolyp otyr zhәne ol kej retterde Keden molsherlemelerinin zhogary dengejinen gori import zholyna kojylgan tym eleuli kedergige ajnaldy 20 g dyn 30 zhyldary munyn ozi koptegen elderde kүrt diplomatiyalyk narazylyktar tugyzdy zhәne AҚSh tyn sauda seriktesteri zhauap sharalar koldana bastady Mysyr Angliya oz tarifterin algashkylardyn biri bolyp koterdi sonan son oz otarlaryn Keden korganymen bogedi Ekonomikalyk dagdarys kyzgan shakta 1929 33 AҚSh ozinin keden sayasatyn kajta karauga sauda seriktesterine Amerika onerkәsibine ziyan keltirmejtindej kenshilikter zhasauga mәzhbүr boldy Қyskasy eksporttyk ekspansiya odan әri zhalgasyp import shektele berdi 1957 zhyly Europa ekonomikalyk odagy kuryluyna bajlanysty zhagdaj ajtarlyktaj ozgerdi Ortak rynok elderi amerikalyk bәsekelesterine keden tarif sayasaty mәseleleri bojynsha da bir majdan bolyp karsy shykty Sojtip olar oz seriktesterinin rynoktaryna onimdi bazhsyz әkelu kukygyn aldy Resejdin syrtky saudasynyn damuynda 1724 zhyly Petr kabyldagan koldampazdyk keden ajyppuly zor rol atkardy Resej onerkәsibinin mүddeleri үshin munda ondiru igerilmegen nemese igeru zhana gana zholga kojylgan tauarlarga zhogary bazh salyndy Petr miraskorlary Resej tauarlarynyn әketilimin kotermeleu sayasatyn zhalgastyruga tyrysty Al shet el tauarlarynyn әkelimine kojylgan katan shekteuler kop uzamaj resejlik ondiristi ulgajtuga mүmkindik berdi Damygan Europa elderi arasyndagy katynastarda erkin saudadan agressiyalyk koldampazdykka koshui 19 g dyn ayagynda Resejdin oz korshilerimen keden katynastaryna da әserin tigizdi Mys 1893 zh Germaniya үkimetin tez arada sauda shartyn zhasasuga itermeleu maksatymen Resej үkimeti kosarly keden tarifi turaly zan shygardy bul zan bojynsha Resej tauarlarynyn әkelimi men tranzitine zhenildikter bermejtin elderdin tauarlaryna baska elder үshin belgilengen zhaj molsherlemelerden gori 15 30 zhogary bazh salyndy Germaniya dereu Resej tauarlaryna salynatyn bazhdy 5 ga dejin koterdi Bugan zhauap retinde Resej Germaniya tauarlaryna salynatyn bazhdy 100 ga osirdi Osyndaj zharty zhyldyk keden sogysynyn nәtizhesinde kalaj degenmen eki zhakty sauda shartyna kol kojyldy Қazan tonkerisi kezinde Resejdin keden zhүjesi kүjredi Alajda 1918 zh Қarzhy halkomatynda keden alymdary departamenti zhumysyn kajta bastady Ol sәl kejin keden bakylauy bas baskarmasy dep atalyp Sauda zhәne onerkәsip halkomatyna bagyndyryldy Bul halkomat 1920 zhyly Syrtky sauda halyk komissariaty bolyp kajta kuryldy Keden isin baskarudyn barlyk mindetteri osy halkomattyn karamagyna koshti 1924 zhyly KSRO OAK nin Toralkasy KSRO nyn Keden Zhargysyn bekitti Odaktas respublikalarda Bas keden baskarmasynyn bolimsheleri kuryldy Қazakstanda eki keden okrugi Zhetisu keden okrugi Almaty zhәne Taldykorgan oblystarynyn aumagynda men Zajsan keden okrugi Semej men Shygys Қazakstan oblystarynyn aumagynda pajda boldy Baska ajmaktarda osygan uksas kurylymdar men keden beketteri kuryldy olar shekara arkyly әkelinetin zhәne әketiletin zhүkterdi bakylap rәsimdedi 1964 zhyly zhana keden kodeksi bekitildi Onda KSRO aumagynda keden isin baskaru Syrtky sauda ministrligine zhүkteldi Birak bul zhүjeni reformalaudyn en tүbegejli kezeni 1986 zhyly bastaldy osy zhyly Bas keden baskarmasy KSRO Ministrler Kenesi zhanyndagy Memlekettik keden bakylauy bas baskarmasy bolyp kajta kurylyp ogan derbes memlekttik organ mәrtebesi berildi Alajda ozgeris shamaly boldy ojtkeni bul zhүjeni kajta kuru үshin zannamalyk baza zhok edi Keden zhүjesin ishki zhәne syrtky saudada naryktyk katynastarga koshudin pisip zhetilui zhagdajynda halykar olshemder bojynsha kazhetti standarttarga dejin odan әri damytuga dilgerlik tudy 1991 zh egemendikke kol zhetkennen kejin ekonomikalyk ozgeristerdin ozindik үlgilerin iske asyru zhәne narykka koshu bagytyn ustagan Қazakstan Respublikasynyn keden sayasaty ishki zhәne syrtky sayasattyn kuramdas boligine ajnaldy Tәuelsiz elde zhүrgizilgen syrtky ekon kyzmetti yryktandyru nәtizhesinde aluan tүrli myndagan kәsiporyndarga sondaj ak zheke tulgalarga oz onimimen syrtky rynokka tikelej shygu kukygy berildi munyn ozi tauarlar men kolik kuraldaryn keden shekarasy arkyly alyp otu salasyndagy meml retteudin rolin kүrt koterdi Keden sayasaty TMD ga katysushy memleketterdin keden zannamasynyn negizderi turaly kelisimi negizinde 1995 zhyly 20 shildede kabyldangan Қazakstan Respublikasyndagy keden isi turaly Zanyna sәjkes zhүzege asyryldy Endi buryngydaj tolyp zhatkan nuskaular men baska da odaktyk erezhelerdi emes biryngaj zannamalyk kuzhatty basshylykka alu mүmkindigi tudy Tүrli keden kyzmetterinin zhumysyn ujymdastyruga keden kojmalary men uakytsha saktau kojmalarynyn bazhsyz sauda dүkenderi toraptarynyn keden zhүk tasushylarynyn eksporttyk aksha tүsimin valyutalyk bakylaudyn zhumysyna tүzetuler engizildi Қazakstan Respublikasynyn keden aumagy keden shekarasy degen ugymdar tungysh ret belgilendi tauarlardy kolik kuraldaryn әkelu men әketu tәrtibi dәl ajkyndaldy Keden memlekettik byudzhetti toltyrudyn otandyk tauar ondirushilerdin mүddelerin korgaudyn kepiline ajnaldy Sondaj ak kedendik retteu salasynda zhasagan Belarus Қazakstan zhәne Resejdin keden odagy turaly 1995 zhyly 20 kantardagy kelisiminin manyzy zor boldy bul kelisimge kejinirek Қyrgyzstan men Tәzhikstan da kosyldy Keden isine katysty negizgi erezhelerdin bәri Keden odagyna katysushy memleketterde birdej etildi Bul elderde keden zannamasyn bir izge tүsiru zhumysy odan әri zhalgasuda Bүgingi tanda Қazakstan Respublikasynda keden kuzyretine shekara arkyly otkiziletin tauarlar men kolik kuraldary turaly mәlimetter zhinap ondeu keden kylmystarynyn zhasalu faktileri bojynsha kylmystyk is kozgau anyktau zhәne shugyl izdestiru kyzmetin zhүzege asyru sanitarlyk zhәne karantindik erezhelerdin oryndaluyn bakylau mindetteri de zhatady Ol shekara arkyly tasylatyn tauarlardy teksermelejdi keden bakylauyn zhүzege asyrady belgilengen keden bazhdary men alymdaryn eseptejdi zhәne olardy ondirip alady zhүkterdin otkiziluine beriletin ruksatnamany rәsimdejdi eger olar belgilengen talaptarga saj bolmasa nemese әkeluge zhәne әketuge tyjym salyngan bolsa ustap kalady kontrabandaga keden erezhelerinin buzyluyna karsy kүresedi kazhet bolgan zhagdajda elden mәdeni zhәne tarihi kundylyktardyn әketilmeuin bakylajdy zandy nemese zheke tulgalardyn shekara arkyly zhүkterdi alyp otuine bajlanysty baska da aluan tүrli mindetterdi oryndajdy Қazakstan Respublikasynyn keden aumagy onyn kurlyktagy aumagyn aumaktyk zhәne ishki sudy sondaj ak onyn aspanyndagy әue kenistigin kamtidy Al keden shekarasy respublika aumagynyn shekteri erkin keden ajmaktary men erkin kojmalar Zannamaga sәjkes shekarada kuzhattardy tiisinshe rәsimdejtin Keden bakylauy Keden organdaryna zhүktelgen Keden organdary tauarlar men kolik kuraldarynyn shekaradan kesip otui kezinde otkiziletin tauarlar turaly negizdelgen sheshimderdi kabyldau үshin barlyk kazhetti akparatty bir zherde zhinauga olar turaly kuzhatta bar mәlimetterdi nakty derektermen salystyruga derekterdin osy eki tүri arasyndagy kezdejsok nemese әdeji zhasalgan sәjkessizdikti tabuga katelikterdi tүzetuge zhәne memleketke keltiriletin yktimal ziyandy boldyrmauga zan men keden erezhelerinin buzyluynyn sebepteri men zhagdajlaryn anyktap zhoyuga olarga katysty adamdardy anyktau sharalaryn koldanuga bul burmalaushylyktardyn zani bagasyn beruge tiis Halykaralyk katynastar үshin ashylgan әuezhajlar men kemezhajlarda temir zhol st larynda keden shekarasy arkyly otkiziletin nemese avtomobil katynasy bar zherlerdegi otuge ruksat etiletin beketterde meml shekara arkyly otkiziletin tauarlardy uakytsha saktajtyn kojmalardyn boluy mindetti 2000 zhyly 1 kantarda 94 osyndaj uakytsha saktau kojmasy zhәne 22 keden kojmasy kurylyp zhumys istedi 1992 zhylga dejin Қazakstannyn tek ҚHR men eki aradagy shekarasyna gana kүzet kojylgan dy onda tek Horgos Bakty zhәne Dostyk otkizu beketteri gana zhumys istedi Қazirgi kezde respublikanyn keden organdary halykaralyk mәndegi 14 respublikalyk mәndegi 73 avtomobil zholyn 17 temir zholy magistralin 13 kemezhajdy bakylajdy olarda zhumys istejtin otkizu beketterinin sany 121 avtomobil 28 temir zholy 12 әuezholy beketi zhәne Aktau teniz kemezhajy Қazir Қazakstannyn shektes memlekettermen aradagy keden shekarasynyn uzyndygy 14 myn km sonyn ishinde Resej Federaciyasymen 6497 km Өzbekstanmen 2300 km Tүrikmenstanmen 380 km Қyrgyzstanmen 980 km Қytajmen 1460 km Kaspij tenizi bojynsha 600 km Mundaj zhagdajda korshiles memlekettermen sauda ekon katynastardy damytu үshin otkizu beketterin kuryp olarga tiisinshe halykar zhәne eki zhaktylyk mәrtebe beru kazhettigi tudy Osy maksatpen Қazakstan Respublikasynyn Үkimeti osyndaj beketterdi salyp bekituge sondaj ak olardy tehnikalyk zhagynan zharaktandyruga bagyttalgan birkatar kaulylar kabyldady Mys ҚHR men shekaradagy Bakty beketine 1992 zhyly halykaralyk mәrtebe berildi 1998 99 zh bүkil keden shekarasy bojynda 105 bakylau otkizu beketi iske kosyldy Shekara manyndagy 4 keden beketi halykaralyk standarttarga zhetkizildi olar Zhibek zholy Өzbekstanmen shekara Kaerak Resejmen shekara Bakty ҚHR men shekara Қordaj Қyrgyzstanmen shekara Bul beketterde keden resimdemesinin onajlatylgan tәrtibi engizildi Halykaralyk otkel beketter men keden kүzetterin damytu zhәne olardy barlyk kerek zharaktarmen kamtamasyz etu respublika ekonomikasynyn dүniezhүzilik sharuashylykka tiimdi biriguine el koliginin mүmkindigin damytuga memlekettin kirisin molajtuga keden bakylauynyn tiimdiligi men sapasyn zhaksartuga kuzhattardyn resimdeluin zhedeldetuge servistik kyzmet korsetuge sondaj ak tasymaldaushylardyn arnauly kazhetterin kanagattandyruga septigin tigizedi Қazakstannyn keden kyzmeti halykaralyk keden ujymdarymen ozinin bajlanysyn zhyldan zhylga ulgajtuda 1992 zhyly mausymda Қazakstan Kedendik yntymaktastyk kenesine Dүniezhүzilik keden ujymy kirdi Munyn oziimport eksportoperaciyalaryn halykar standarttarga sәjkes resimdeu tәrtibin әzirleuge mүmkindik beredi Қytaj Әzirbajzhan Mongoliya zhәne Өzbekstannyn keden organdarymen yntmaktastyk zhonindegi kelisimderge kol kojyldy Europalyk odakka mүshe 15 eldin keden kyzmetin biriktiretin Eurokedenmen tygyz yntymaktastyk ornatyldy Keden odagyna kirgen elderdin Belarus Қazakstan Қyrgyzstan Resej Tәzhikstan memleket basshylarynyn 2000 zhyly kazanda otken kenesinde osy odaktyn negizinde zhana halykaralyk ujymnyn Euraziya ekonomikalyk kogamdastygynyn kuryluy keden isin damytuga zhana serpin berdi Bul kogamdastyk bestik shenberinde biryngaj ekonomikalyk kenistik kuru ekonomikalyk sayasatty үjlestirude sonyn ishinde mikroekonomikada valyuta karzhy zhәne әleumettik salalarda yntymaktastyk tүrlerin ajtarlyktaj kenejtu maksatyn kozdejdi Osy keneste kelisilgen sauda tariftik zhәne әleumettik ekonomikalyk sayasat mәseleleri bojynsha kuzhattar da talkylandy keden odagyna katysushy memleketterdin ekonomikasyndagy kurylymdyk zhangyrtulardy үjlestiru zhoninde 2005 zhylga dejin tyndyrylatyn nakty ister mezhelendi sondaj ak salyk zannamalaryn zhuyktatu zhonindegi praktikalyk is kimyldardyn zhobasy da bekitildi Bul kadamdar keden odagyna birigudin zhana sapaly dengejge koterilui үshin zhaksy negiz bolmak Keden alymdaryKeden alymdary kolemi zhagynan tauar bagasynyn 1 2 dan aspajtyn salyk salu sharalarynyn formasy Olarga tauardy keden kojmasynan alyp shygu kukygy үshin alym tauarlardy ishke әkeluge zhәne syrtka shygaruga ruksat bergen kezde alynatyn licenziyalyk alymdar zhәne t b zhatady Keden bazhdaryKeden bazhdary keden vedomstvosynyn bakylauymen shekara arkyly otkizilip әkelinetin basyp otetin zhәne әketiletin tauarlardan mүlikterden kundylyktardan alynatyn memlekettik aksha zhiylymy Bazh alynatyn tauarlar men bazh molsherlemeleri keden tarifinde zhinaktalgan Keden odagyKeden odagy birneshe keden aumaktarynda keden bazhdary tolyk zhojylgan kezde ony bir aumakpen almastyryp syrtka biryngaj keden toskauylyn zhasau Bazhdar zhәne saudany retteu zhonindegi baska da shekteu sharalary odaktyn kuramdas aumaktary arasyndagy bүkil sauda bojynsha nemese osy aumaktarda ondirilgen tauarlar bojynsha tolyk zhojylady Europa әkonomikalyk kauymdastygy Ortalyk Afrika Keden zhәne ekonomikalyk odagy zhәne baskalar osyndaj odaktardyn үlgileri bolyp tabylady Keden konvenciyasyKeden konvenciyasy osyndaj konvenciyaga katysushy elderden importtalatn tauarlarga keden salygn salu tәrtibin rettep otyratyn kop zhakty memleketaralyk shart Ol keden formaldylyktaryn onajlatyp konvenciyaga katysushy elder tauarlary zhoninde keden zhenildikterinin beriluin kozdejdi Keden sayasatyKeden sayasaty memlekettin elge importtalatyn tauarlarga keden salygyn saludyn belgili bir tәrtibin ornatatyn maksatkerlik kyzmeti Keden sayasatyn zhүzege asyrudyn negizgi kuraldary keden tarifteri salyktary alymdary bazhdary zhәne t b Keden tabystaryKeden tabystary memleketgin byudzhetine eldin shekarasynan otetin tauarlarga salynatyn salyktardan onyn ishinde keden bazhdary men zhiylymdarynan tәrkilengen tauarlardy satudan ajyppuldardan tүsetin karazhat Keden tarifiKeden tarifi keden bazhdary salynatyn tauarlardyn zhүjelendirilgen tizbesi onda әr tauar tauarlar toby bojynsha salynatyn keden bazhdarynyn molsheri korsetiledi Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IV tom Bank terminderi men ugymdarynyn kazaksha oryssha sozdigi Ғ Sejitkasymov B Bejsengaliev Zh Bekbolatuly Almaty Ekonomika 2006 ISBN 9965 783 20 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz