Жұма намаз – Жұма күні оқылатын намаз, Ислам дінінде өте маңызды саналатын, жамағатпен орындалатын апталық ғибадат. Жұма намазын оқу үшін мешітке бару – дені сау, саналы, ерікті әрбір мұсылманның парызы. Бас боғандығы шектелген және науқас адамдар, науқас адамдарды күтушілер, күш қуаты кеміген қарттар үшін Жұма намазын мешітке барып оқу міндетті емес. Сондай-ақ, әйелдер мен жолаушылап жүрген ер адамдар үшін де Жұма намазын мешітте оқу парыз саналмайды. Жұма намазы қаладағы немесе әкімі бар тұрақты ауылдағы мемлекет рұқсат еткен мешітте, имамнан басқа ең аз дегенде үш жамағаттың қатысуымен, бесін уақыты басталған соң оқылады. Жұманың парыз намазынан бұрын хұтба оқылуы шарт. Хұтпада тек Аллаһ Тағалаға шүкіршілік пен мадақ, діни уағыз ғана айтылып қоймайды, сонымен бірге елдегі саяси-әлеуметтік, әскери оқиғалар баяндалып, мемлекеттік маңызды жаңалықтар хабарлайды. Мұсылмандардың Жұма намазды оқу үшін бір жерге жиналулары Жұма намазының осылай аталуына бірден-бір себеп болған, һижрадан бұрын, яғни Меккеде Жұма намазы жоқ еді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) «Ақаба» биятынан кейін Мус'аб ибн Умейрді Мединаға мұғалім етіп жіберді. Оған сол жерде бесін уақытында екі намаз оқуын әмір етті. Міне, сондықтан мұсылмандар Әсад ибн Зурараның Медине сыртындағы үйіне жиналып, Жұма намазын оқи бастады. Негізінде, Жұма намазына байланысты аяттың Мединеде түскенін және Аллаһ Елшісі (с.а.у.) алғаш Жұма намазын һижра кезінде Салим ибн Ауф тайпасына тиісті Рануна қойнауында оқығанын ойлап қарасақ, Әсадтың оқыған екі рәкат намазы Жұма намазының парыздығынан бұрын болып, оқыған намаздарының бесін намазы екендігі білінеді.
Жұма намазының үкімі - парыз. Парыздығы Құран мен сүннетке сүйенеді. Құраннан дәлел: «Ей, иман еткендер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Аллаһты еске алуға (намазға) ұмтылыңдар және сауда жасауды сол уақытта доғарыңдар» (Жұма, 62/9). Сүннет дәлеліне келсек: Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жұма азанын естіген жандарға - Жұма намазы парыз (Әбу Дауд, 1. 244).
Жұма намазының парыздығының шарттары
Жұма намазының кімге парыз екені жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аллаһқа және ақырет күніне сенгендерге - Жұма намазы парыз. Бірақ жолаушы, құл, бала, әйел және науқастар бұдан тыс» (Әбу Дауд, 1. 644). Яғни, бұлардан басқа барлық мұсылмандарға Жұма намазы парыз.
- Ер кісі болу. Жұма намазы әйелдерге парыз емес. Бірақ намазды мешіттегі Жұма жамағатына қатысып, оқыған жағдайда қайтадан бесін намазын оқу қажет емес.
- Азат болу. Азаттығы болмаған тұтқын мен қапаста жатқандарға Жұма күні бесін намазын жұманың орнына окулары жеткілікті.
- Тұрғын болу. Жолаушыға Жұма намазы парыз емес. Себебі жолаушыда жалпы жол қиыншылықтары бар. Оған жеңілдік жасалған.
- Науқас немесе белгілі себептер болмау: Намазға барса, ауруының асқынуынан қорыққан жандарға - Жұма намазы парыз емес. Сол секілді науқасқа қараушы, әлсіз, кәрі, көзі көрмейтін, мүгедек және кезектегі сақшылар секілді себебі болғандарға бесін намазы жетіп жатыр. Бірақ Жұма намазын оқи алса, бесін намазын оқудың қажеті жоқ.
Жұма намазының дұрыс орындалу шарттары
- Жұма намазы оқылатын жердің қала немесе қалаға лайық болуы қажет. Бұл жайлы Хазіреті Әли: «Жұма намазы, тәшриқ тәкбірлері, Рамазан және Құрбан айт намаздары нөпір қала немесе аймактарда оқылады», - дейді. Имам Ағзам осыған қарап, үкім шығарған. Яғни, оның көзқарасы бойынша, әкімі, көшесі, базары бар отырықты жер «нөпір қала» болып саналады. Әбу Юсуп бойынша, халқы үлкен мешітке сыймайтындай қарақұрым болған жерлерді қала санаса, Имам Мұхаммед басшылардың қала санаған жерлерін қала деп есептейді. Жұма намазы шағын отырықшы жерлерде де оқыла алатыны жайлы дәлелдер бар. Әбу һурайра Бахрейнде қызмет етіп жүрген кезінде Хазіреті Омардан Жұма намазы жайлы сұрайды. Ол «Жұма намазын қайда болсаңдар да оқындар» деп жауап қатады. Ибн Аббас Жұма намазын Мединедегі Пайғамбар мешітінен кейін алғаш рет Бахрейндегі «Жууаса» деген ауылда оқылғаны жайлы хабар береді (Бухари, Жума, 11).
- Жұма намазын оқтын имамның үкімет тарапынан рұқсаты болуы керек. Ханафи құқықшылары бойынша, Жұма намазы үшін де солай. Олар мына хадиске сүйенеді: «Кімде-кім Жұма намазын мен өмірде болған кезімде немесе менен кейін әділ немесе залым бір имам (басшы) болғанда, оны місе тұтпай немесе терістеп, оны тәрк етсе, Аллаһ оған берекет бермесін және ісін бітірмесін» (ибн Мажа, Иқама, 78). Міне, осы хадисте Жұма намазының парыз болуы үшін әділ болсын, залым болсын бір басшының болуы қажет екенін айтқан. Өйткені үкіметтен рұқсат алмаса, бүлік шығу ықтималы бар. Бірақ басшылар Жұма намазына мән бермесе немесе себепсіз мұсылмандардың намаз оқуына кедергі жасаған жағдайда, мұсылмандар бір имамның артына тұрып, Жұма намазын оқуларына болады. Имам Мұхаммед мына дәлелге сүйенеді: Хазіреті Осман Мединеде қоршауда қалған кезде сырттағы сахабалар Хазіреті Әлидің артына тұрып, Жұма намазын оқыған.
- Жұма намазы дұрыс болуы үшін, Әбу Ханифа бойынша, имамнан тыс ең аз үш адам, Әбу Юсуп және имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, екі ер кісінің болуы шарт. Дәлелдері «Аллаһтың зікіріне (Жұма намазына) ұмтылыңдар» (Жұма, 62/9) аятындағы «ұмтылыңдар» етістігі көпше түрде қолданылған. Әбу Ханифа - үш, қалған екеуі - екі адамды көп ретінде қабыл еткен. Бұл жерде бір қалада бірнеше жерде Жұма намазының оқылуын айта кеткен жөн. Әбу Ханифа және Имам Мұхаммед бойынша, бір қалада бірнеше жерде Жұма намазын оқуға болады. Бұған дәлел Хазіреті Әлидің Хазірет Осман қоршаула қалған кезінде Жұма намазын сыртта оқығаны секілді айт намаздарын да Медине сыртында, Сахарада оқыған. Сол жерге келе алмаған әлсіз, кәрі жандар намаздарын қала орталығында оқыған.
- Жұма намазы оқылатын жердің халыққа ашық болуы. Өйткені Жұма намазы - Исламның рәмізі мен діннің ерекшеліктерінің бірі. Имам есігін құлыптап, Жұма намазы оқыса, намазы дұрыс болмайды.
- Уақыт. Жұма намазының уақыты - бесін намазының уақыты. Әнас ибн Маликтің бізге: «Аллаһ Елшісі Жұма намазын күн батысқа ауа бастағанда оқитын» (Бухари, Жума, 16) - деген сөзі жеткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Му'саб ибн Умейрді һижрадан бұрын мұғалім етіп, Мединеге жіберген кезінде оған күн батысқа ауа бастағанда Жұма намазын оқуын айтқан.
- Хұтба. Жұма сүресіндегі «Аллаһтың зікіріне ұмтылыңдар» аяты - Жұма намазы мен хұтпасы. Хазіреті Пайғамбар хұтпасыз ешқандай Жұма намазын оқымаған. Хұтпа шарт болмағанда кейде оны тәрк ететін еді. Жамағайын алдында хұтпа оқылуы керек. Хұтпа оқылып жатқан кезде жамағат болмай, біткеннен кейін келсе, намаздары дұрыс болмайды. Жамағайын хұтпаны естулері шарт емес. Жалпы сол жерде болса жеткілікті. Хұтпа кезінде жолаушы болса да, жалпы ғибадат етумен міндеттелғен бір ер кісінің болуы жеткілікті.
Әбу Ханифа бойынша, хұтпаның шарты Аллаһты зікір етуден тұрады. Сол себепті хұтпаны хұтпаға ниет етіп, «Әлхамду лилләһ» немесе «Субхан Аллаһ» немесе «Ләә иләһә ил-лАллаһ» десе жеткілікті. Өйткені «Аллаһты зікір етуге асығыңдар» алтында зікірдің аз болуы мен көп болуы жайында мәселе қозғалмаған. Хазіреті Осман халифа кезінде алғаш жұма хұтпасында «Әлхамдулилләһ» дегеннен кейін қобалжып тілі тұтылып, мінбеден түсіп, жұма намазын оқығаны осыған дәлел.
Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, хұтпа - хұтпа делінетіндей айтылуы керек. Бұл - әт-тәхият, мадақ және салауат пен мұсылмандарға дұға ететіндей көлемде болмақ.
Хұтпаның уәжіптері
- Хұтпаны тік тұрып және адамдарға қарап оқу.
- Кіші және үлкен дәретсіздіктен таза болу.
- Әурет жері жабық болу.
Хұтпаның сүннеттері
- Хұтпаны екіге бөлу. Екі хұтпаның арасында бір тәсбих және үш аят оқитындай уақыт отыру. Сол себепті бұны «хұтпа» деп атайды.
- Бұл екі хұтпаның әрбірі - шәһадат сөздерін, салауатты қамту керек.
- Бірінші хұтпа - бір аят және насихатта, екінші хұтпа мұсылмандар жайлы дұғаны қамту керек. Екінші хұтпада хұтпашының дауысы бірінші хұтпадан төмен болуы керек. Бұлар хұтпаның сүннеті.
- Екі хұтпаны ұзатпау.
- Хұтпаны мінберге шыққан кезде оның алдында азаншы азан оқиды. Хазіреті Пайғамбар заманында оқылған азан осы.
- Хұтпаны азаннан кейін тұрып, құпиялай әғузуды оқып, жариялай Аллаһ Тағалаға мадақ айтып, хұтпасын жамағатқа қарап оқиды.
- Хұтпа біткен кезде қамат айтылады.
Жұма намазы ауылдық жерлерде де оқылатыны жайлы бұрыннан рұқсат берілген. Бір ауылда тұратын адам қалаға келіп, жұма уақытына дейін қалуды ниет етсе, оған Жұма намазы - парыз. Бірақ жұмадан бұрын кетуге ниет етсе, парыз емес. Жұма уақыты кіргеннен кейін шығуды ниет етсе, басым көпшіліктің көзқарасы бойынша, парыз болмайды. Ауылға көліктің ерте кетіп, басқа бір көліктің болмауы секілді себептерге байланысты, Жұманы күтпесе де болады. Бесін намазын оқыса, жетіп жатыр.
Хұтпашы мінберге шыққан кезде, жамағайын тыныштық сақтауы, сәлем алып, сәлем бермеуі, нәпіл намаз оқымауы керек. Жұма намазының екі сүннетін оқып қойса, қалғанын тезірек уәжіптерін бұзбай бітіру қажет. Тіпті хұтпада Пайғамбарымыздың (с.а.у.) аты айтылса да салауат айтпай үнсіз қалу - абзал. Бірақ Әбу Юсуп бойынша, іштей салауат айтылады.
Жұма намазының сүннеттері
Жұма намазының алды мен соңында төрт рәкаттан нәпіл намаз оқылады. Яғни, Жұма намазы - бас-аяғы он рәкат намаз. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұмадан бұрын төрт рәкат намаз оқыған. Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім Жұма намазын оқыса, артынан қосымша төрт рәкат оқысын» (Муслим, Жума, 67), - дейді. ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
Дереккөздер
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhuma namaz Zhuma kүni okylatyn namaz Islam dininde ote manyzdy sanalatyn zhamagatpen oryndalatyn aptalyk gibadat Zhuma namazyn oku үshin meshitke baru deni sau sanaly erikti әrbir musylmannyn paryzy Bas bogandygy shektelgen zhәne naukas adamdar naukas adamdardy kүtushiler kүsh kuaty kemigen karttar үshin Zhuma namazyn meshitke baryp oku mindetti emes Sondaj ak әjelder men zholaushylap zhүrgen er adamdar үshin de Zhuma namazyn meshitte oku paryz sanalmajdy Zhuma namazy kaladagy nemese әkimi bar turakty auyldagy memleket ruksat etken meshitte imamnan baska en az degende үsh zhamagattyn katysuymen besin uakyty bastalgan son okylady Zhumanyn paryz namazynan buryn hutba okyluy shart Hutpada tek Allaһ Tagalaga shүkirshilik pen madak dini uagyz gana ajtylyp kojmajdy sonymen birge eldegi sayasi әleumettik әskeri okigalar bayandalyp memlekettik manyzdy zhanalyktar habarlajdy Musylmandardyn Zhuma namazdy oku үshin bir zherge zhinalulary Zhuma namazynyn osylaj ataluyna birden bir sebep bolgan һizhradan buryn yagni Mekkede Zhuma namazy zhok edi Allaһ Elshisi s a u Akaba biyatynan kejin Mus ab ibn Umejrdi Medinaga mugalim etip zhiberdi Ogan sol zherde besin uakytynda eki namaz okuyn әmir etti Mine sondyktan musylmandar Әsad ibn Zuraranyn Medine syrtyndagy үjine zhinalyp Zhuma namazyn oki bastady Negizinde Zhuma namazyna bajlanysty ayattyn Medinede tүskenin zhәne Allaһ Elshisi s a u algash Zhuma namazyn һizhra kezinde Salim ibn Auf tajpasyna tiisti Ranuna kojnauynda okyganyn ojlap karasak Әsadtyn okygan eki rәkat namazy Zhuma namazynyn paryzdygynan buryn bolyp okygan namazdarynyn besin namazy ekendigi bilinedi Malajziyadagy universitettegi zhuma namaz Zhuma namazynyn үkimi paryz Paryzdygy Қuran men sүnnetke sүjenedi Қurannan dәlel Ej iman etkender Zhuma kүni namaz үshin azan ajtylgan kezde dereu Allaһty eske aluga namazga umtylyndar zhәne sauda zhasaudy sol uakytta dogaryndar Zhuma 62 9 Sүnnet dәleline kelsek Pajgambarymyz s a u bylaj dejdi Zhuma azanyn estigen zhandarga Zhuma namazy paryz Әbu Daud 1 244 Zhuma namazynyn paryzdygynyn sharttaryZhuma namazynyn kimge paryz ekeni zhajly Pajgambarymyz s a u bylaj dejdi Allaһka zhәne akyret kүnine sengenderge Zhuma namazy paryz Birak zholaushy kul bala әjel zhәne naukastar budan tys Әbu Daud 1 644 Yagni bulardan baska barlyk musylmandarga Zhuma namazy paryz Er kisi bolu Zhuma namazy әjelderge paryz emes Birak namazdy meshittegi Zhuma zhamagatyna katysyp okygan zhagdajda kajtadan besin namazyn oku kazhet emes Azat bolu Azattygy bolmagan tutkyn men kapasta zhatkandarga Zhuma kүni besin namazyn zhumanyn ornyna okulary zhetkilikti Turgyn bolu Zholaushyga Zhuma namazy paryz emes Sebebi zholaushyda zhalpy zhol kiynshylyktary bar Ogan zhenildik zhasalgan Naukas nemese belgili sebepter bolmau Namazga barsa auruynyn askynuynan korykkan zhandarga Zhuma namazy paryz emes Sol sekildi naukaska karaushy әlsiz kәri kozi kormejtin mүgedek zhәne kezektegi sakshylar sekildi sebebi bolgandarga besin namazy zhetip zhatyr Birak Zhuma namazyn oki alsa besin namazyn okudyn kazheti zhok Zhuma namazynyn durys oryndalu sharttaryZhuma namazy okylatyn zherdin kala nemese kalaga lajyk boluy kazhet Bul zhajly Hazireti Әli Zhuma namazy tәshrik tәkbirleri Ramazan zhәne Қurban ajt namazdary nopir kala nemese ajmaktarda okylady dejdi Imam Agzam osygan karap үkim shygargan Yagni onyn kozkarasy bojynsha әkimi koshesi bazary bar otyrykty zher nopir kala bolyp sanalady Әbu Yusup bojynsha halky үlken meshitke syjmajtyndaj karakurym bolgan zherlerdi kala sanasa Imam Muhammed basshylardyn kala sanagan zherlerin kala dep eseptejdi Zhuma namazy shagyn otyrykshy zherlerde de okyla alatyny zhajly dәlelder bar Әbu һurajra Bahrejnde kyzmet etip zhүrgen kezinde Hazireti Omardan Zhuma namazy zhajly surajdy Ol Zhuma namazyn kajda bolsandar da okyndar dep zhauap katady Ibn Abbas Zhuma namazyn Medinedegi Pajgambar meshitinen kejin algash ret Bahrejndegi Zhuuasa degen auylda okylgany zhajly habar beredi Buhari Zhuma 11 Zhuma namazyn oktyn imamnyn үkimet tarapynan ruksaty boluy kerek Hanafi kukykshylary bojynsha Zhuma namazy үshin de solaj Olar myna hadiske sүjenedi Kimde kim Zhuma namazyn men omirde bolgan kezimde nemese menen kejin әdil nemese zalym bir imam basshy bolganda ony mise tutpaj nemese teristep ony tәrk etse Allaһ ogan bereket bermesin zhәne isin bitirmesin ibn Mazha Ikama 78 Mine osy hadiste Zhuma namazynyn paryz boluy үshin әdil bolsyn zalym bolsyn bir basshynyn boluy kazhet ekenin ajtkan Өjtkeni үkimetten ruksat almasa bүlik shygu yktimaly bar Birak basshylar Zhuma namazyna mәn bermese nemese sebepsiz musylmandardyn namaz okuyna kedergi zhasagan zhagdajda musylmandar bir imamnyn artyna turyp Zhuma namazyn okularyna bolady Imam Muhammed myna dәlelge sүjenedi Hazireti Osman Medinede korshauda kalgan kezde syrttagy sahabalar Hazireti Әlidin artyna turyp Zhuma namazyn okygan Zhuma namazy durys boluy үshin Әbu Hanifa bojynsha imamnan tys en az үsh adam Әbu Yusup zhәne imam Muhammedtin kozkarasy bojynsha eki er kisinin boluy shart Dәlelderi Allaһtyn zikirine Zhuma namazyna umtylyndar Zhuma 62 9 ayatyndagy umtylyndar etistigi kopshe tүrde koldanylgan Әbu Hanifa үsh kalgan ekeui eki adamdy kop retinde kabyl etken Bul zherde bir kalada birneshe zherde Zhuma namazynyn okyluyn ajta ketken zhon Әbu Hanifa zhәne Imam Muhammed bojynsha bir kalada birneshe zherde Zhuma namazyn okuga bolady Bugan dәlel Hazireti Әlidin Haziret Osman korshaula kalgan kezinde Zhuma namazyn syrtta okygany sekildi ajt namazdaryn da Medine syrtynda Saharada okygan Sol zherge kele almagan әlsiz kәri zhandar namazdaryn kala ortalygynda okygan Zhuma namazy okylatyn zherdin halykka ashyk boluy Өjtkeni Zhuma namazy Islamnyn rәmizi men dinnin erekshelikterinin biri Imam esigin kulyptap Zhuma namazy okysa namazy durys bolmajdy Uakyt Zhuma namazynyn uakyty besin namazynyn uakyty Әnas ibn Maliktin bizge Allaһ Elshisi Zhuma namazyn kүn batyska aua bastaganda okityn Buhari Zhuma 16 degen sozi zhetken Pajgambarymyz s a u Mu sab ibn Umejrdi һizhradan buryn mugalim etip Medinege zhibergen kezinde ogan kүn batyska aua bastaganda Zhuma namazyn okuyn ajtkan Hutba Zhuma sүresindegi Allaһtyn zikirine umtylyndar ayaty Zhuma namazy men hutpasy Hazireti Pajgambar hutpasyz eshkandaj Zhuma namazyn okymagan Hutpa shart bolmaganda kejde ony tәrk etetin edi Zhamagajyn aldynda hutpa okyluy kerek Hutpa okylyp zhatkan kezde zhamagat bolmaj bitkennen kejin kelse namazdary durys bolmajdy Zhamagajyn hutpany estuleri shart emes Zhalpy sol zherde bolsa zhetkilikti Hutpa kezinde zholaushy bolsa da zhalpy gibadat etumen mindettelgen bir er kisinin boluy zhetkilikti Әbu Hanifa bojynsha hutpanyn sharty Allaһty zikir etuden turady Sol sebepti hutpany hutpaga niet etip Әlhamdu lillәһ nemese Subhan Allaһ nemese Lәә ilәһә il lAllaһ dese zhetkilikti Өjtkeni Allaһty zikir etuge asygyndar altynda zikirdin az boluy men kop boluy zhajynda mәsele kozgalmagan Hazireti Osman halifa kezinde algash zhuma hutpasynda Әlhamdulillәһ degennen kejin kobalzhyp tili tutylyp minbeden tүsip zhuma namazyn okygany osygan dәlel Әbu Yusup pen Imam Muhammed bojynsha hutpa hutpa delinetindej ajtyluy kerek Bul әt tәhiyat madak zhәne salauat pen musylmandarga duga etetindej kolemde bolmak Hutpanyn uәzhipteriHutpany tik turyp zhәne adamdarga karap oku Kishi zhәne үlken dәretsizdikten taza bolu Әuret zheri zhabyk bolu Hutpanyn sүnnetteriHutpany ekige bolu Eki hutpanyn arasynda bir tәsbih zhәne үsh ayat okityndaj uakyt otyru Sol sebepti buny hutpa dep atajdy Bul eki hutpanyn әrbiri shәһadat sozderin salauatty kamtu kerek Birinshi hutpa bir ayat zhәne nasihatta ekinshi hutpa musylmandar zhajly dugany kamtu kerek Ekinshi hutpada hutpashynyn dauysy birinshi hutpadan tomen boluy kerek Bular hutpanyn sүnneti Eki hutpany uzatpau Hutpany minberge shykkan kezde onyn aldynda azanshy azan okidy Hazireti Pajgambar zamanynda okylgan azan osy Hutpany azannan kejin turyp kupiyalaj әguzudy okyp zhariyalaj Allaһ Tagalaga madak ajtyp hutpasyn zhamagatka karap okidy Hutpa bitken kezde kamat ajtylady Zhuma namazy auyldyk zherlerde de okylatyny zhajly burynnan ruksat berilgen Bir auylda turatyn adam kalaga kelip zhuma uakytyna dejin kaludy niet etse ogan Zhuma namazy paryz Birak zhumadan buryn ketuge niet etse paryz emes Zhuma uakyty kirgennen kejin shygudy niet etse basym kopshiliktin kozkarasy bojynsha paryz bolmajdy Auylga koliktin erte ketip baska bir koliktin bolmauy sekildi sebepterge bajlanysty Zhumany kүtpese de bolady Besin namazyn okysa zhetip zhatyr Hutpashy minberge shykkan kezde zhamagajyn tynyshtyk saktauy sәlem alyp sәlem bermeui nәpil namaz okymauy kerek Zhuma namazynyn eki sүnnetin okyp kojsa kalganyn tezirek uәzhipterin buzbaj bitiru kazhet Tipti hutpada Pajgambarymyzdyn s a u aty ajtylsa da salauat ajtpaj үnsiz kalu abzal Birak Әbu Yusup bojynsha ishtej salauat ajtylady Zhuma namazynyn sүnnetteriZhuma namazynyn aldy men sonynda tort rәkattan nәpil namaz okylady Yagni Zhuma namazy bas ayagy on rәkat namaz Hazireti Pajgambarymyz s a u zhumadan buryn tort rәkat namaz okygan Baska bir hadiste Pajgambarymyz s a u Kimde kim Zhuma namazyn okysa artynan kosymsha tort rәkat okysyn Muslim Zhuma 67 dejdi ref gt Islam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1 lt ref gt DerekkozderBul Islam turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz