Жын (арабтық рухани, қазақ тілінде жын-пері, сайтан деп те айтылады) — дін мен көркем әдебиетте кездесетін мифологиялық тіршілік.
Табиғат заңынан тыс көзге көрінбейтін құпия жаратылысқа, жаман рухқа байланысты түсінік адамзат қоғамында өте ерте замандарда қалыптасқан. Ассириялықтар, вавилондықтар, мысырлықтар жынға сеніп, одан сақтанған. Ежелгі үнділер, қытайлар, гректер, парсылар сияқты көне түріктердің де "жаман рухтарға" сенгені мәлім. Дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан күл-қоқыс баспау, иесіз жұртқа түнемеу тәрізді, тағы басқа ырымдар ол орындарды "жындар жайлаған" деген сенімге байланысты туындаған. Есінен адасқан адамды "жын соқты", " шалды", "албасты басты" (Жынның бір түрі) деп есептеп, бақсы ойнатыпн, дұға оқытқан, ұшықтап емдеткен. Ақыл- есі дұрыс емес адамды "" деп атаған.
Жын кейде адамдардың көзіне әр түрлі құбылыс (ешкі, ит, қыз, тағы басқа) кейпінде көрінеді депі санаған. Рухы биік адамдарға жынның шамасы келмейді делініп, әлсіз адамдар үшін өте қауіпті болып есептелген. Соған байланысты жыннан қорғану әдіс-тәсілдері мен ғұрыптар жиынтығы қалыптасқан. Бұл, әсіресе, қазақ ауыз әдебиетіндегі "қамшы" мен "қамшыгер" бейнесіне байланысты оқиғаларда көбірек көрініс тапқан. Сондай-ақ, қазақ ертегілері мен аңыздарында жындарға қатысты көптеген сюжеттер кездеседі. Қазақ мифологиясы бойынша, жындардың көптеген ерекшеліктері бар. Мысалы, алыс жерге бір сәтте барып келе алады. Адам баласы оларды көрмесе де олар адамдарды көріп қарап отыра алды.
Адам үшін тылсым құпия саналатын кейбір жайттарды біледі. Ұзақ өмір сүргендіктен тәжірибелері мол. Алайда жындар да ғайыпты біле алмайды. Жын түтінсіз оттан жаралғандықтан әр түрлі бейнеге ауысуға бейім. Әйтсе де ақыл-ой тұрғысынан адамнан кейін тұрады. Жындар ерікті және саналы тіршілік иесі, үйленіп ұрпақ жаяды. Адам жаратылмай тұрып, жер бетінің билеушілері солар болған. Жындар туралы Құран Кәрімде Алла тағаланың жындарды және адамзат баласын тек өзіне құлшылық ету үшін жаратқандығы айтылады. Сол үшін жындарға пайғамбарлар жіберілген. Сүлеймен пайғамбар жындарды бағындырып, олардың қабілетін пайдаланып, жұмысқа жекті, түрлі құрылыстар салғызды. Мұхаммед пайғамбар жындардың да пайғамбары. Жындардың бір тобы Мұхаммед пайғамбарды тындап, оған иманетті. Мұсылман және кәпір болып екіге бөлінетін жындардың гүл, ифрит сияқты бірнеше түрі бар. Ібілісте жындардың қатарына жатады. Сондай-ақ, жындардың арасында олардың көптеген көмекшілері бар.
Құран Кәрімде "жын-шайтандар" деп аталатын (әл-Әнғам сүресі, 112 аят) жындар адамдарды қорқытады, бойына үрей туғызып, көңіліне күдік ұялатады. Адамдарды адастырып, аздырып, иманның жолынан тайдыруға әрекет жасайды. Тың тыңдап, аспан әлемінен "сыр" ұрлап, естіген сөздерін жалғанмен араластырып, сиқыршылардың, балшы-бақсылардың және көріпкел тәуіптердің құлағына сыбырлайды. Мұндай жындар Құран оқылған жерден аулақ жүреді.
Дереккөздер
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Devil |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhyn arabtyk ruhani kazak tilinde zhyn peri sajtan dep te ajtylady din men korkem әdebiette kezdesetin mifologiyalyk tirshilik Zhyn peri maskasyZhyn mүsini Tabigat zanynan tys kozge korinbejtin kupiya zharatylyska zhaman ruhka bajlanysty tүsinik adamzat kogamynda ote erte zamandarda kalyptaskan Assiriyalyktar vavilondyktar mysyrlyktar zhynga senip odan saktangan Ezhelgi үndiler kytajlar grekter parsylar siyakty kone tүrikterdin de zhaman ruhtarga sengeni mәlim Dәstүrli kazak kogamynda kalyptaskan kүl kokys baspau iesiz zhurtka tүnemeu tәrizdi tagy baska yrymdar ol oryndardy zhyndar zhajlagan degen senimge bajlanysty tuyndagan Esinen adaskan adamdy zhyn sokty shaldy albasty basty Zhynnyn bir tүri dep eseptep baksy ojnatypn duga okytkan ushyktap emdetken Akyl esi durys emes adamdy dep atagan Zhyn kejde adamdardyn kozine әr tүrli kubylys eshki it kyz tagy baska kejpinde korinedi depi sanagan Ruhy biik adamdarga zhynnyn shamasy kelmejdi delinip әlsiz adamdar үshin ote kauipti bolyp eseptelgen Sogan bajlanysty zhynnan korganu әdis tәsilderi men guryptar zhiyntygy kalyptaskan Bul әsirese kazak auyz әdebietindegi kamshy men kamshyger bejnesine bajlanysty okigalarda kobirek korinis tapkan Sondaj ak kazak ertegileri men anyzdarynda zhyndarga katysty koptegen syuzhetter kezdesedi Қazak mifologiyasy bojynsha zhyndardyn koptegen erekshelikteri bar Mysaly alys zherge bir sәtte baryp kele alady Adam balasy olardy kormese de olar adamdardy korip karap otyra aldy Adam үshin tylsym kupiya sanalatyn kejbir zhajttardy biledi Ұzak omir sүrgendikten tәzhiribeleri mol Alajda zhyndar da gajypty bile almajdy Zhyn tүtinsiz ottan zharalgandyktan әr tүrli bejnege auysuga bejim Әjtse de akyl oj turgysynan adamnan kejin turady Zhyndar erikti zhәne sanaly tirshilik iesi үjlenip urpak zhayady Adam zharatylmaj turyp zher betinin bileushileri solar bolgan Zhyndar turaly Қuran Kәrimde Alla tagalanyn zhyndardy zhәne adamzat balasyn tek ozine kulshylyk etu үshin zharatkandygy ajtylady Sol үshin zhyndarga pajgambarlar zhiberilgen Sүlejmen pajgambar zhyndardy bagyndyryp olardyn kabiletin pajdalanyp zhumyska zhekti tүrli kurylystar salgyzdy Muhammed pajgambar zhyndardyn da pajgambary Zhyndardyn bir toby Muhammed pajgambardy tyndap ogan imanetti Musylman zhәne kәpir bolyp ekige bolinetin zhyndardyn gүl ifrit siyakty birneshe tүri bar Ibiliste zhyndardyn kataryna zhatady Sondaj ak zhyndardyn arasynda olardyn koptegen komekshileri bar Қuran Kәrimde zhyn shajtandar dep atalatyn әl Әngam sүresi 112 ayat zhyndar adamdardy korkytady bojyna үrej tugyzyp koniline kүdik uyalatady Adamdardy adastyryp azdyryp imannyn zholynan tajdyruga әreket zhasajdy Tyn tyndap aspan әleminen syr urlap estigen sozderin zhalganmen aralastyryp sikyrshylardyn balshy baksylardyn zhәne koripkel tәuipterdin kulagyna sybyrlajdy Mundaj zhyndar Қuran okylgan zherden aulak zhүredi DerekkozderҚazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Islam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Devil