Бақсы (Шаман) — бағызы түсінік бойынша тылсым әлеммен байланыс жасай алатын, , , , көріпкелдік, , т.б. ерекше қасиеттері бар адам (“шағатай” тілінде бақшы).
Бақсылық ертедегі шаманизмнен сақталған ұғым.
Ол кезгі сенім-нанымда: жан иесі тұрпайы денеден және нәзік болмыстан тұрады. Адам өлген соң тұрпайы денесін тастап, нәзік болмысымен жан баласы көріп-біле алмайтын жаңа бір әлемге рух түрінде өтеді; ол әлем — фәни өмірдің жалғасы, сондықтан рух онда түрлі қалыпқа еніп, әрекет жасайды; бұлар табиғат құбылыстарына да әсер етіп отырады деп түсіндірілді. Қазақтар олардың жақсылық істерді басқаратындарын аруақ, періште, , т.б. десе, жамандық істерді басқаратындарын пері, шайтан, жын, албасты, жезтырнақ, т.б. деп атайды.
Осы көне сенім бойынша Бақсы — әлгі тылсым әлеммен байланысқа еніп, ондағы түрлі рухтарды өз қызметіне пайдалана алатын адам.
Бақсының “жын-перілерінің” аты болады. Жекелеген индивидиум ретінде қажетті кезде олар өз Бақсысының алдында әйел, шал, қыз, т.б. бейнелерде тізіліп тұрады-мыс. Бақсы сол шақырған жындарының “көмегімен” гипноздық өнер де көрсете алады. Қай жаққа қолын сілтесе, сол жақта 5 — 10 қадам жерде тұрған заттар қылышпен шапқандай кесіліп кете береді. Киіз үйдің туырлығы тілініп, кірпіш үйдің қабырғасы қақ айырылады.
Көрермен жұрт мұның бәрі бақсы шақырған “жарғыш жындардың” әрекеті деп біледі. Қылыштың жүзімен жүреді. Шоқ темірді қолымен ұстап, тіліне қариды, өткір пышақпен өз мұрнын өзі “кесіп” тастайды. Ақыр аяғында денесінде бір де бір жара, не сызат, белгі қалмайды. Әйел бақсыны халық “” деп те атаған. Бақсыларға тән айрықша қасиеттердің бірі — емшілік (тәуіпшілік).
Шығу тарихы отқа табыну мен шамандықпен тығыз байланысты психологиялық емдеу тәсілдерін әр елдің бақсылары сол халықтың өзіне тән ерекше әдістер арқылы қолданған. Мысалы, қазақ бақсылары қобызда ойнап, зарлы не қаһарлы үн, әуендер шығару, түсініксіз жыр жырлау, “жынын шақырып” зікір салу немесе гипноздық, жонглерлік, т.б. “керемет” көрініс, әрекеттер жасау арқылы жүйке жүйелеріне әсер ете емдейді. Табиғаттың құдіретті күштеріне иландырады, өзіне баурап алады. Әрине, бұл іс әркімнің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен табиғи дарын, қасиет керек.
Бақсылар емшілікпен қатар балгерлікпен де шұғылданған. Олардың келешекті болжайтынына, адамның тағдырын шешіп, оның ойын сезіп тұратынына, өткен өмірін де ашық айтып бере алатынына, табиғи құбылыстар тудыра алатынына, жын-шайтандарды қуатынына халықтың белгілі бір бөліктері бұрын да, кейін де сенді.
Оған негіз де жоқ емес еді. Адамның өз табиғатындағы ғылым ашпаған жұмбақтар әлі толып жатыр. 5 ғасырдағы ғұн патшасы Еділдің айналасында көптеген даңқты Бақсылар болған. Олар әрбір күрделі оқиғаларды күні бұрын болжап, патшаға жеткізіп отырады екен. 451 жылғы Каталаун шайқасының тағдырын бақсылар құмалақ ашып, бірнеше күн бұрын айтып берген. Болжам дәл келген.
Түркі-моңғол бақсылары бас киімді көбіне Америка құрлығындағы үндістердің көсемдері киетін “тымаққа” ұқсас етіп, құс қауырсындарынан қадап жасайды. “Жындармен” күрескен кезде бақсылардың киімдері сауыт ретінде түрлі тылсымдық рөл атқарады; Бақсылық тұқым қуалайды, ол адал, жаны таза, иманды адамдарға қонады, өз жолын дұрыс ұстай алмаса “қасиеті таяды” немесе “бақсылық буып” кемтар болып қалуы да мүмкін делінеді. Қазақта ең атақты Бақсы бағаналы Қойлыбай — барлығының пірі, қорғаушысы. Онан соң бағаналы , , Көкшетау даласында , т. б. болған. Бақсыны басқа тілдерде: шаман, , , йога, , т.б. деп атайды. Қазақ жеріне мұсылман діні ене бастағаннан кейін ел өмірінде бақсылардың алатын орны мен рөлі төмендеді. Коммунистік идеология кезінде Бақсылыққа мүлде жол берілген жоқ.
Бақсы және бақсылық өнері туралы кейбір мәліметтер П.С. Паллас пен П. Рычковтың экспедиция жазбаларында (18 ғ.), бурят ғалымы Доржи Банзаровтың (1823 — 55), қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың (1835 — 65), ағылшын философы Томас Карлейльдің (1795 — 1881) еңбектерінде кездеседі..
Бақсылықтың қонуы
Бақсылық қасиет өздігінен келіп қонады. Ол біреуге ерте, біреуге кеш қонады. Бақсылықтың уақытша ғана қонатын немесе кездейсоқ қонатын кездері де болған. Бақсылықты ұстаған адамдар көп жағдайда бұрынғы өткен аталары түсіне еніп, «бақсылық қасиетті жалғастырасың немесе өзіңнің бір мүшең кем болады, әлде отбасың бір қиындыққа тan болуы мүмкін, ұрпақсыз қаласың» деп аян бергендігін және соған байланыста бақсы жолға бет бұрғандығын айтады. Яғни, ата-бабаларының ішінде болған ерекше қасиет ұрпақтарына келіп қонады деп саналады. Мұндайда келіп қонған «жын» мен адам арасында түсіністік болмаса, ол ауруға душар болады. Егер қасиет қонған кісі адам емдеумен айналыса бастаса ауруынан айығады дейді. Бақсылардың алдамшы, көзбояушы емес, психикалық жаратылысы ерекше жандар екендігі - ғылыми дәлелденген жайт. Адамға бақсылық қонғаннан кейін тазалық сақтап, бойына қонғанжындармен көмекші рухтарын үнемі риза қылып, «ренжітпеуі» талап етіледі. Олай істемеген жағдайда ол адамды «жын буып», ауруға душар етеді. Неғұрлым күшті бақсының жындары да көп, әрі әлеуетті деп саналады.
Бақсылықтың нақты қай кезде қалыптасқаны белгісіз. Ислам діні енгеннен кейінде бақсылыққа оның ықпалы болмай қалған жоқ. Адамның науқастанарылуы, сәуегейліктің шынға айналуы бірінші Алланың, одан соң әулие-әмбиелердің, аруақтардың қолдауымен жүзеге асады деген түсінікке қарай біртіндеп ойысты.
Ертеде бақсылар елішінде кез келген жағдайда көмекке келетін, құрмет тұтқан тұлға болды. «Е-вич» деген бүркіншік есімді автор «Бақсы қазақтардың әрбір рулы елдерінде болған. Ол да мал шаруашылығымен айналысқан қазақтармен бірге көшпелі өміркешті», - деп жазады.
Бақсыжыны
Бақсы ойыны кезінде шақыратын, жай адамның көзіне көрінбейтін тылсым күш иелері. Бақсы жындарын сарын деп аталатын ғұрыпты орындаған сәтте шақырған. Ертедегі дәстүрлі ортада қалыптасқан түсінік бойынша жындар екі түрге –қайырымды жындар және қаскөйжындар деп бөлінген
Қайырымды жындар барлаушылық және кеңесшілік қызмет атқарып, бақсыға сырқаттың дауасын, емін көрсетіп «жәрдем жасаған». Қазақ мифологиясында Шарабас, Қорабай, Көкаман, ер Домбай, Досыбай, Жирентай және т.б. көптеген жын аттары аталады. Шарабас жынның басы үлкен, бойы ұзын, зор денелі болып сипатталады. Оны кейбір бақласылар Қорабай деп шақырған. Ал Көкаман жиі кездесетін жын аты.... ер Домбай, ер Домбай, Шақырғанда кеп Домбай. Мұңлы менен шерлінің, Ырымын шегіп бер Домбай. ...Жынның басы Досыбай, Жын шақырдым осындай Жын әулие келеме Бір-біріне қосылмай...тағы да:...Жын атасы Қараман, Енді қайда барамын. Айтқанымда келмесең, Алдыңа сірә түспеймін – деген сияқты өлең жолдарын айта отырып, белгілі бір жынды шақырған. А.Е. Алекторовтың деректерінде бақсының жын түрлерімен «қызметтері» аталады. Еркөбен - айна тәрізді адамның ішіндегі ауруын анықтап береді, әрі көріпкел.
- жындардың басшысы, желіккен, жынданған адамның бойынан шайтанды қуып шығады. Ол Ақмарал деген жынмен бірге әрекет етіп, зиянкестерді адам бойынан қуады. Ол екеуінің шамасы келмесе Қазманбет деген қалың қолы бар жын шақырылады екен.
Қасқөй жындар түрлі кейіпте бақсыға ғана көрінген. Ә.Диваевтың айтуынша, иығына отын арқалаған шайтан жас жігіт бейнесінде бақсылардың ғана көзіне «көрінген». Қ.Қостанаев қазақта әйелдің толғағы ауырлаған сәтін - «албасты басып жатыр» деп түсінетіндігі жазылған. Осындай сәтте көмекке шақырылған бақсы үйге жақындасымен-ақ «әй, шық!» деп, айғайға салады, албастыны қуалап, қамшысымен киіз үйдің ішін сабалаған. Мылтық алып, киіз үйдің үстіне қарай атады. Е.А. Александровтың Қазалы уезінен жазып алған дерегі бойынша босанатын әйелге толғағының ауыр, жеңілдігіне қарамастан міндетгі түрде бақсы шақырылады. Себебі албасты-марту осындай сәтте әйелге қастық жасайды. Бірақ, ол ер адамнан қорқады. Албасты-марту «жұқпалы» болады деп ырымдағандықтан әйел толғатып жатқан үйге, әсіресе жас келіншектерді кіргізбеген. Қазақ бақсылары жәндіктердің тілін жетік білген Сүлеймен пайғамбар мен оның ұлы Дәуіт пайғамбарды, сондай-ақ әртүрлі зиянкестерді ішінен шығара алатын Қамбарды көмекке шақырған. Адамға зиянкестік жасаған улы жәндік пен ауру-сырқат тудырған жын, қаскөй күштерді бақсы бақсы сарындарына сүйене отырып, бұйыру, алдау, қорқыту, мақтау сияқты «тәсілдермен» арбайды.
Бақсылық емінің кең тараған түрлері - ауру тудырған қаскөй жындарды қайырымды жындардың көмегімен қуу, солармен байлау, сондай-ақ адастыру, көшіру, дарымдау, шошыту (өткір жүзді суық қарулармен және қыздырылған темір кұралдармен) және ұшықтау (кетпен ұшық) және т.б. тәсілдер. Ауру тудырушы бейнелердің сұлбасын қуыршақ түрінде жасап, оны малдың бас сүйегіне көшіру кең таралған. Бақсы ешқашан сұранып кісі емдемеген, үйінде сырқат бар адамның өтінішімен ғана келген. Сонымен қатар аурудың барлық түріне жын шақырып ойнай бермейді. Бақсы жеңіл-желпі ауруларды үшкіру, ұшықтау, қақтыру, көшіру, отпен аластау, несін шақыру арқылы да емдейтін болған.
Бақсы ойыны, әдетте кешқұрым немесе іңір қараңғысында басталады. Өйткені жындар әркез адамзат өміріне қарама-қайшы бағытта жүреді, ягни кешке қарай қимыл-қозғалысқа түсіп, адамдарға деген қастандық әрекетін іске асырады деп түсінген. Бақсы ойынына жұрт жиналып болған соң үйдің есігі жабылып, тұтқасы жіппен байланады. Бұл бақсыны жындары қысқан кезде қаскөй зиянкестер сырқаттың жанын есіктен ала қашуы мүмкін деген нанымға қатысты орныққан. Бақсы ойынына қатысуға келгендер үй ішін айнала отыратын, ішке сыймағандары жабықтан сығалап қызықтайтын. Ортадағы ошаққа от жағады. Онан түскен көмескі сәуледен басқадай жарық болмайды, отқа кетпен, балта, күрек сияқты темір заттарды көміп, қыздыратын болған. Ал емделуші адамның үстіне мата жауып, аяғын отқа қарата ортаға жатқызып немесе отырғызып қояды. Бақсы оған қарама-қарсы кілем немесе сырмақ үстіне отырады.
Бақсының жындарын шақыруы
Бақсының сарын айтып, науқасты емдеу «ойыны» кезінде көмекке келетін жындардың сырт пішіні әртүрлі кейіпте болады. Бақсы жындары түрлі кейіпте - шегіркөзді қыран құс, азулы аң (бөрі, қабылан, жолбарыс т.б), құптан аталық (құла айңыр, қара бура), алашұбар (қызыл шұбар) айдаһар сияқты зооморфтық кейіпте қолданылып, символдық мәнге ие болады. Аталған жындарды бақсы белгілі «тәртіппен» шақырады. Алдымен болжаушы, кеңесші жындар шақырылып, олар ауру себебін анықтауға көмектеседі.
Жындарын жеке-жеке атап шақырған кезде бақсы даңғыра, кепшік қағып, асатаяқпен жер түйгіштеп, қамшысымен осқылап, азан-қазан етеді. Бақсы жыны келе бастағаннан-ақ өз денесін өзі тістелей бастайды, көзі шарасынан шығып кетеді. Бақсының Жарғыш, Тілгіш деген жындары келген кезде киіз үйдің туырлығы тілініп, тұрған заттар жарылып кеткен дейді. Жындары қасына«келіп», олармен байланыс жасаған сәтінде бақсының бет-аузының қисайып, аузынан ақ көбік ағып, «талып» экстаздық күйге енеді, трансқа түседі. Кейбір бақсылар аузынан ақ көбік атқылап, жылқыша кісінеп, бура болып шабынып, әртүрлі жануарлардың дауысын салған. Екі қылыштың жүздерін жоғары қаратып қойып, жүзіндетұрған, жұмсарған аяғын науқас денесіне қайта басқан. Бақсы ойынына куә болған Л.C. Берг бақсы өзін арқанмен байлап, екі жақтан екі кісінің тартып қысуын өтінген. Арқан қатты буған бақсы тұншығып, көздері аларып қанғатолған. Үй ішіне қалың тегіс тақтайды кіргіздіртіп, басы жарылатындай етіп ұрғызған.
Бақсы ойнау
Бақсының шақырған жыны бойына еніп, ем, көріпкелдік жасайтын бабына келуі. Бақсы әбден жынына мінгенде әртүрлі хайуандардың дыбысын шығарады. Бұл бақсының хайуандар кейпіндегі жындарының дауысы деп есептеген. Бақсы ойынының шарықтау шегі (кульминациясы) күйіп тұрған темірдітілімен жалап, қылыштың қырында немесе жалаңаяқ отта жүріп небір ғажап кереметтер жасаған. И.Кастаньенің материалдарында бақсының қыздырған темірді тілімен жалау және қаскөй жындарды қорқытып қуу жолымен; П.Комаровтың жазбасында әйелдің ішін жарып, бедеулікке себеп болып тұрған тас пен сары су жиналған қалтаны алып тастау арқылы емдейтіні туралы айтылады. Ш.Уәлихановтың және И.Ибрагимов жазбасында бақсы толғақ қысқан әйелге қаскөй албастыны қамшының көмегімен қуатыны туралы айтылады. Ә.Диваев жазуына қарағанда бақсылар улы жәндіктер шаққан адам немесе малды жындарын шақырып, арбау арқылы қарақұрт, сарышаян, бүйі, жылан сияқты улы жәндіктерді арбау арқылы уытын қайтарған. Сондай-ақ бақсы күйдіргі мен мерез жарасын қойдың қырық құмалағын алып, дұға оқып ауруға лақтыру жолымен аурудың бетін қайтарған дейді. Сарынын аяқтаған бақсы пышақты алып, ауруды шалқасынан жатқызып, ішін пышақпен жарып, қолын сұғып, ақ май алып шығады. Жарған жерін жібекпен тігеді. Ә.Диваевтың жазуына қарағанда, бақсы қобызының ысқысын өзінің қабырғасының арасына кіргізіп шығарған дейді. Өзін-өзі және науқасты, болмаса қатысып отырған басқа адамдарды қамшымен, шоқпармен ұрғылайды. «Шалдыққан», «көтеріліп ауырған», «пері қаққан» деп аталатын сезім ауруларына шалдыққан адамды емдеген бақсы ойынын аяқтаған соң аяқ-қолы байлаулы жатқан әлгі адамды босатады. Жынын қаққан ауру кісі басылып жуасып қалады.
Бақсы ойыны сырқатқа ғана емес, оған қатысып отырған көрермендерге де әсер етеді. Бақсы өзін де, өзгені де трансқа түсіре алатын қабілет иесі. Ол сырқаттың жан-дүниесін көз байлау (гипноз) арқылы да басқарады. Яғни ерекше психологиялық ем қолданады. Сендіру - бақсы ойынының басты мақсаты. Бақсының емі жүйке жүйесінің және жан дүниесінің ауруына ұшырағандарға көбірек дауа болатыны да сондықтан. Бақсылық ем сеанстары кезінде бақсы өзімен-өзі ойнайды, жын болып ойнайды, сиқыр көрсетіп ойнайды, т.б.
Ойын өткізудің де, кісі емдеудің де жалпы бақсыларға ортақ, нақты ғұрыптарға негізделген тәртібі бар. Бақсы ойыны кезінде атқарылатын рәсімдер мен жоралғылар белгілі бір ғұрыптар төңірегіне шоғырланған. Дегенмен әрбір бақсының өзіне тән ойын өрнектері, емдеу тәсілдері болған.
‘’’Жын қайтару’’’- бақсы ойынының «қорытынды» бөлімі. Бақсы «саф болды!» немесе«Бәрекелді» деуі көмекші жындар мен зиянкес жындар арасындағы тайталас түгесті деген ишараның белгісіне саналады. Содан соң бақсы қобызын тартып былай дейтін: Айналайын, дәулерім, Айналайын, беклерім. Бәрекелде, дәулерім. Айдашы, Қол-аяғын байлап қайт. Шашау шығып қалмасын, Бәрін алып, жинап қайт, Үлкен-кіші аға бар, Бесікте жатқан бала бар, Жан-жағыңа бармай, қайт. Түндігі ашық бейбақ бар, Назар көзін салмай, қайт, Әскеріңді аралап, Жаралы бір қалмасын, Тастамай бәрін алып қайт! - деп жындарға разылығын айтып, кері қайтарады. Жыны кеткен соң естен танып қалатын бақсылар бір күнге дейін қимылсыз жатып барып тұратын болған.
Бақсы зікірі
Емдік сеанстарда исламдық дұғаларды қайталап ұзақ айту арқылы экстаз күйге жету түрі. Қазақстанның оңтүстігі мен батыс аймағындағы бақсылардың ойыны кейде сопылық зікір сипатында өткен. Бақсыға емделуге келген сырқат естен танғанша «Аллаһу» деген сөзді айтып, талып түсетін жағдайлар көп кездесетін болған.
Бақсы киімі
Аң-құстың бітеу сойылған терілерінен арнайы жасалған ғұрыптық киім. Бақсы киім-кешегін рәміздік тұрғыдан тірі де киелі «хайуан» деп санаған. Аққу терісінен жасалан баскиім киюінде, қобыздарының аққуға ұқсас етіп жасалуында символдық мән жатыр. Бақсылар сарыала киім киіп, сары aт мініп, сарыала қамшы ұстайды. Олар көбінесе шолақжең қысқа шапан, оның сыртынан жай ұзын шапан киіп жүрген. Кейінгі замандардағы қазақ бақсыларының сыртқы бейнесі былайғы жұрттан көп ерекшеленбейтін. Г.М.Броневскийдің жазуына қарағанда, олар ақ жолақты, қысқа көйлек киген. А.Левшин көрген бақсылардың қалыптасқан ұзын көйлек кисе, енді бірі әбден тозығы жеткен алба-жұлба киіммен жүрген. Онда тағылатын сан алуан сүйектен, тастан, әртүрлі металдан жасалған «әшекейлерді»" бақсының сылдырмағы" деп атаған,бақсы қолына ұстаған таяғын асай-мүсей деп атаған. Асай-мүсей тауларда өсетін, ерекше тарам-тарам белгілері бар қатты ағаш... И.Кастаньенің көрсетуінше, қолына үкі қауырсынымен әшекейленген аса ұстайды. Кейбір қазақ бақсысы алғаш жын қонып, «ойнап» үйренген кезінде уақытша әйелдің киімін киген деген дерек бар.
Бақсы атрибуттары
Бақсылар көбінесе қобыз тартып ойнайтын болған. Бақсы қобызына жын-шайтандарды қуу үшін айна орнатылған. Қазақтың көне аңыздарындағы бақсылардың қобызын бәйгеге қосуы - оның бақсылардың «көлігі» деген ескі сенімдердің жаңғырығы болып табылады. Ал аса, асатаяқ, даңғыра сияқты аспаптарды қаскөй жындарды үркіту, қуалау мақсатында қолданылған.Пышақ, қанжар, айбалта, сарыала қамшы тәрізді өткір жүзді құралдар бақсылықтағы кең таралған атрибутына саналған. Сонымен қатар қажетті жағдайда шалғы, кетпен, шот, төс, көрік, балға, балта, күрек сияқты шаруашылық құралдары да қолданылды.
Бақсылар
Бақсылық жасаумен шұғылданушылар, синкретті «өнер» иелері. Оның шәкірті Алашқа мәлім болған, дәуперім бақсылардың бірегейі бағаналы Қойлыбай бәйгеге қобыз қосқан деген аңыз бар. Жастайынан бақсылық қонып «Бала бақсы» атанған (оның бірі бесіктегі кезінен жын қонғандары болған) бақсылар қатарында хатқа түскен деректерге қарағанда Арқада өмір сүрген бақсының басына түнеп, бата алған. Ол белінен арқан салып, екі жақтан көп адам жабылып тартқанда қысылмаған, үлкен күш иесі, әрі көріпкел болған екен. соңында Торғайда өмір сүрген туралы А.Е. Алекторов жазбасында оның оншақты жыны бар екендігін, бақсының өзін де жынның басшысы еткен деген деректі келтіреді. Оның жерлесі деген басқы домбырамен ойнаған. Ол жеті шырақ жаққызып, ауру баланы үйді айналдырған соң баланың басына қырық қасық сусуық құйып, аузына ыстық су ұрттап бетіне бүркіп «емдеген».
Бақсылар адам жаны түршігерлік сан алуан түрлі өнер көрсеткен. бақсы (XIX ғасыр) қобызбенкүн жайлатып, дауыл тұрғызған. Қармақшылық деген бақсы (1855–1930) қобызбен сарнатып, күй тартқан кезде бір қалтасынан шұбар жылан, екінші қалтасынан құрбақа шығарып жүргізіп, отырған жұрттың алдынан өткізіп, өнер көрсететін болған. Семейлік бақсы қобызбен емдеген. Оның әкесі Беркімбай Бекниязұлы отта тұрған шоқтай қызған қазанға отырған. Бақсылықтың тікелей ұрпағына қонатындығы туралы деректер ел ішінде аз емес.Жаңқа деген бақсының жыны қонған немересіне Садуақас бақсы бәйге қобыз қосқан, шоқ таптап, шаңыраққа шығып ойнаған дейді Ә.Төлеубаев өзінің зерттеуінде. Қаракерей Бұйдаш бақсының немересі бақсылықта бедеу әйелдерді емдеумен атағы шыққан. Мұндай емді шөмекей , арғын бақсылар жасағандығы туралы айтылады.
Бақсылар ойыны кезінде сан түрлі ғажайып істерге барғандығы туралы ел аузындағы әңгімелер көп. Байсақалбақсы ойнаған кезде үйдің ішін топан су бастырып жібереді екен. Ал, Берікбол бақсы қобызын шалып, Ақшағыр деген атын шақырып үйге енгізіп, аурудың кеудесіне аяғын қойған дейді. Кұсайын Малшыбайұлы деген бақсы шоқтай жанған күректі жалап, қайнақ сумен сабаланған. Ел ішінде ауырған адамдарды емдеумен атағы шыққан бақсылар қатарында жетісулық Жетекбай бақсы (ол сынықшылықпен де айналасқан), қарақаңлы Ержұма Есжан бақсы (шыңжандық) есі ауғандарды емдеген. Атақтытама Тіней бақсы, Ізтілеу бақсы, қостанайлық Аспандияр, Дархан, семейлік Әжібай, Кенжебай, көкшетаулық Қапаржәне т.б. атағы алысқа кеткен. Сырдария бойындағы Жалағаштық Беркімбай (XX ғасырдың бірінші жартысы) бақсылықпен айналысқан, әрі дін ұстанғандықтан қалпе атанған. Ол салмағы 30 пұт болатын тасты кеудесімен көтеріп, оп-оңай допша домалата алған, қып-қызыл боп жанып тұрған сексеуілдің шоғын қолымен көсеген. Шоқтай болып қызырған кетпенді тілімен жалап, су ұшық жасаған. Беркінбай қалпе Сырдарияның суы таситын тұста дұға оқып, мұз сеңін үзе білген, жалаңаяқ бір мұздан екінші бір мұзға секіріп, Сырдарияның арғы беті мен бергі бетіне әп-сәтте өтетіндігіне халық куә болған. Алтайдың Қобда бетінде өмір сүрген Қасен бақсы (XX ғасырдың ортасы) өткел бермей тасып жатқан дарияға дұға оқыған құмалақ лақтырғанда өзеннің суы ығысып оның малына өткел берген дейді.
Дереккөздер
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- Левшин А. Описание Киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. В 3-х частях. СПб., 1832
- Альфонс Я.Киргиз-кайсаки степи их жители. СПб., 1845
- Броневский С. Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды // Отечественные записки. 4.41. Кн.119
- Новолинеец А. Чары шамана в киргизском ауле // ОГВ. 1848. №25
- Диваев А. О способах врачевания у туземцев Туркестанского края // ТВ. 1871, №34
- Ибрагимов, И.Киргизы: этнографические очерки // ТВ. 1872. №1, №8
- Лосъев II. Медицина в Киргизской степи // Московская медицинская газета. M., 1874
- Миропиев А.Демонологические рассказы киргизов // ЗИРГО по отделению этнографии. Том X. Вып.III. СПб., 1888
- Диваев А. Баксы // Этнографические материалы. Вып.У. Ташкент. 1896; П-в А. Как лечат баксы // КСГ. 1896. №20
- Тронов В.Д. Материалы по антропологии и этнологии киргиз // ЗЗООИРГО. СПб.. 1891. T.XVII. Вып.2
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baksy Shaman bagyzy tүsinik bojynsha tylsym әlemmen bajlanys zhasaj alatyn koripkeldik t b erekshe kasietteri bar adam shagataj tilinde bakshy Buryat baksyOlhon aralyndagy baksy zhartasy Bajkal Resej Baksylyk ertedegi shamanizmnen saktalgan ugym Ol kezgi senim nanymda zhan iesi turpajy deneden zhәne nәzik bolmystan turady Adam olgen son turpajy denesin tastap nәzik bolmysymen zhan balasy korip bile almajtyn zhana bir әlemge ruh tүrinde otedi ol әlem fәni omirdin zhalgasy sondyktan ruh onda tүrli kalypka enip әreket zhasajdy bular tabigat kubylystaryna da әser etip otyrady dep tүsindirildi Қazaktar olardyn zhaksylyk isterdi baskaratyndaryn aruak perishte t b dese zhamandyk isterdi baskaratyndaryn peri shajtan zhyn albasty zheztyrnak t b dep atajdy Osy kone senim bojynsha Baksy әlgi tylsym әlemmen bajlanyska enip ondagy tүrli ruhtardy oz kyzmetine pajdalana alatyn adam Baksynyn zhyn perilerinin aty bolady Zhekelegen individium retinde kazhetti kezde olar oz Baksysynyn aldynda әjel shal kyz t b bejnelerde tizilip turady mys Baksy sol shakyrgan zhyndarynyn komegimen gipnozdyk oner de korsete alady Қaj zhakka kolyn siltese sol zhakta 5 10 kadam zherde turgan zattar kylyshpen shapkandaj kesilip kete beredi Kiiz үjdin tuyrlygy tilinip kirpish үjdin kabyrgasy kak ajyrylady Korermen zhurt munyn bәri baksy shakyrgan zhargysh zhyndardyn әreketi dep biledi Қylyshtyn zhүzimen zhүredi Shok temirdi kolymen ustap tiline karidy otkir pyshakpen oz murnyn ozi kesip tastajdy Akyr ayagynda denesinde bir de bir zhara ne syzat belgi kalmajdy Әjel baksyny halyk dep te atagan Baksylarga tәn ajryksha kasietterdin biri emshilik tәuipshilik Shygu tarihy otka tabynu men shamandykpen tygyz bajlanysty psihologiyalyk emdeu tәsilderin әr eldin baksylary sol halyktyn ozine tәn erekshe әdister arkyly koldangan Mysaly kazak baksylary kobyzda ojnap zarly ne kaһarly үn әuender shygaru tүsiniksiz zhyr zhyrlau zhynyn shakyryp zikir salu nemese gipnozdyk zhonglerlik t b keremet korinis әreketter zhasau arkyly zhүjke zhүjelerine әser ete emdejdi Tabigattyn kudiretti kүshterine ilandyrady ozine baurap alady Әrine bul is әrkimnin kolynan kele bermejdi Ol үshin үlken tabigi daryn kasiet kerek Қazirgi Baksy Baksylar emshilikpen katar balgerlikpen de shugyldangan Olardyn keleshekti bolzhajtynyna adamnyn tagdyryn sheship onyn ojyn sezip turatynyna otken omirin de ashyk ajtyp bere alatynyna tabigi kubylystar tudyra alatynyna zhyn shajtandardy kuatynyna halyktyn belgili bir bolikteri buryn da kejin de sendi Ogan negiz de zhok emes edi Adamnyn oz tabigatyndagy gylym ashpagan zhumbaktar әli tolyp zhatyr 5 gasyrdagy gun patshasy Edildin ajnalasynda koptegen dankty Baksylar bolgan Olar әrbir kүrdeli okigalardy kүni buryn bolzhap patshaga zhetkizip otyrady eken 451 zhylgy Katalaun shajkasynyn tagdyryn baksylar kumalak ashyp birneshe kүn buryn ajtyp bergen Bolzham dәl kelgen Tүrki mongol baksylary bas kiimdi kobine Amerika kurlygyndagy үndisterdin kosemderi kietin tymakka uksas etip kus kauyrsyndarynan kadap zhasajdy Zhyndarmen kүresken kezde baksylardyn kiimderi sauyt retinde tүrli tylsymdyk rol atkarady Baksylyk tukym kualajdy ol adal zhany taza imandy adamdarga konady oz zholyn durys ustaj almasa kasieti tayady nemese baksylyk buyp kemtar bolyp kaluy da mүmkin delinedi Қazakta en atakty Baksy baganaly Қojlybaj barlygynyn piri korgaushysy Onan son baganaly Kokshetau dalasynda t b bolgan Baksyny baska tilderde shaman joga t b dep atajdy Қazak zherine musylman dini ene bastagannan kejin el omirinde baksylardyn alatyn orny men roli tomendedi Kommunistik ideologiya kezinde Baksylykka mүlde zhol berilgen zhok Baksy zhәne baksylyk oneri turaly kejbir mәlimetter P S Pallas pen P Rychkovtyn ekspediciya zhazbalarynda 18 g buryat galymy Dorzhi Banzarovtyn 1823 55 kazak galymy Shokan Uәlihanovtyn 1835 65 agylshyn filosofy Tomas Karlejldin 1795 1881 enbekterinde kezdesedi Baksylyktyn konuyBaksylyk kasiet ozdiginen kelip konady Ol bireuge erte bireuge kesh konady Baksylyktyn uakytsha gana konatyn nemese kezdejsok konatyn kezderi de bolgan Baksylykty ustagan adamdar kop zhagdajda buryngy otken atalary tүsine enip baksylyk kasietti zhalgastyrasyn nemese ozinnin bir mүshen kem bolady әlde otbasyn bir kiyndykka tan boluy mүmkin urpaksyz kalasyn dep ayan bergendigin zhәne sogan bajlanysta baksy zholga bet burgandygyn ajtady Yagni ata babalarynyn ishinde bolgan erekshe kasiet urpaktaryna kelip konady dep sanalady Mundajda kelip kongan zhyn men adam arasynda tүsinistik bolmasa ol auruga dushar bolady Eger kasiet kongan kisi adam emdeumen ajnalysa bastasa auruynan ajygady dejdi Baksylardyn aldamshy kozboyaushy emes psihikalyk zharatylysy erekshe zhandar ekendigi gylymi dәleldengen zhajt Adamga baksylyk kongannan kejin tazalyk saktap bojyna konganzhyndarmen komekshi ruhtaryn үnemi riza kylyp renzhitpeui talap etiledi Olaj istemegen zhagdajda ol adamdy zhyn buyp auruga dushar etedi Negurlym kүshti baksynyn zhyndary da kop әri әleuetti dep sanalady Altajlyk shaman baksy Baksylyktyn nakty kaj kezde kalyptaskany belgisiz Islam dini engennen kejinde baksylykka onyn ykpaly bolmaj kalgan zhok Adamnyn naukastanaryluy sәuegejliktin shynga ajnaluy birinshi Allanyn odan son әulie әmbielerdin aruaktardyn koldauymen zhүzege asady degen tүsinikke karaj birtindep ojysty Ertede baksylar elishinde kez kelgen zhagdajda komekke keletin kurmet tutkan tulga boldy E vich degen bүrkinshik esimdi avtor Baksy kazaktardyn әrbir ruly elderinde bolgan Ol da mal sharuashylygymen ajnalyskan kazaktarmen birge koshpeli omirkeshti dep zhazady BaksyzhynyBaksy ojyny kezinde shakyratyn zhaj adamnyn kozine korinbejtin tylsym kүsh ieleri Baksy zhyndaryn saryn dep atalatyn gurypty oryndagan sәtte shakyrgan Ertedegi dәstүrli ortada kalyptaskan tүsinik bojynsha zhyndar eki tүrge kajyrymdy zhyndar zhәne kaskojzhyndar dep bolingen Қajyrymdy zhyndar barlaushylyk zhәne kenesshilik kyzmet atkaryp baksyga syrkattyn dauasyn emin korsetip zhәrdem zhasagan Қazak mifologiyasynda Sharabas Қorabaj Kokaman er Dombaj Dosybaj Zhirentaj zhәne t b koptegen zhyn attary atalady Sharabas zhynnyn basy үlken bojy uzyn zor deneli bolyp sipattalady Ony kejbir baklasylar Қorabaj dep shakyrgan Al Kokaman zhii kezdesetin zhyn aty er Dombaj er Dombaj Shakyrganda kep Dombaj Munly menen sherlinin Yrymyn shegip ber Dombaj Zhynnyn basy Dosybaj Zhyn shakyrdym osyndaj Zhyn әulie keleme Bir birine kosylmaj tagy da Zhyn atasy Қaraman Endi kajda baramyn Ajtkanymda kelmesen Aldyna sirә tүspejmin degen siyakty olen zholdaryn ajta otyryp belgili bir zhyndy shakyrgan A E Alektorovtyn derekterinde baksynyn zhyn tүrlerimen kyzmetteri atalady Erkoben ajna tәrizdi adamnyn ishindegi auruyn anyktap beredi әri koripkel zhyndardyn basshysy zhelikken zhyndangan adamnyn bojynan shajtandy kuyp shygady Ol Akmaral degen zhynmen birge әreket etip ziyankesterdi adam bojynan kuady Ol ekeuinin shamasy kelmese Қazmanbet degen kalyn koly bar zhyn shakyrylady eken Қaskoj zhyndar tүrli kejipte baksyga gana koringen Ә Divaevtyn ajtuynsha iygyna otyn arkalagan shajtan zhas zhigit bejnesinde baksylardyn gana kozine koringen Қ Қostanaev kazakta әjeldin tolgagy auyrlagan sәtin albasty basyp zhatyr dep tүsinetindigi zhazylgan Osyndaj sәtte komekke shakyrylgan baksy үjge zhakyndasymen ak әj shyk dep ajgajga salady albastyny kualap kamshysymen kiiz үjdin ishin sabalagan Myltyk alyp kiiz үjdin үstine karaj atady E A Aleksandrovtyn Қazaly uezinen zhazyp algan deregi bojynsha bosanatyn әjelge tolgagynyn auyr zhenildigine karamastan mindetgi tүrde baksy shakyrylady Sebebi albasty martu osyndaj sәtte әjelge kastyk zhasajdy Birak ol er adamnan korkady Albasty martu zhukpaly bolady dep yrymdagandyktan әjel tolgatyp zhatkan үjge әsirese zhas kelinshekterdi kirgizbegen Қazak baksylary zhәndikterdin tilin zhetik bilgen Sүlejmen pajgambar men onyn uly Dәuit pajgambardy sondaj ak әrtүrli ziyankesterdi ishinen shygara alatyn Қambardy komekke shakyrgan Adamga ziyankestik zhasagan uly zhәndik pen auru syrkat tudyrgan zhyn kaskoj kүshterdi baksy baksy saryndaryna sүjene otyryp bujyru aldau korkytu maktau siyakty tәsildermen arbajdy Baksylyk eminin ken taragan tүrleri auru tudyrgan kaskoj zhyndardy kajyrymdy zhyndardyn komegimen kuu solarmen bajlau sondaj ak adastyru koshiru darymdau shoshytu otkir zhүzdi suyk karularmen zhәne kyzdyrylgan temir kuraldarmen zhәne ushyktau ketpen ushyk zhәne t b tәsilder Auru tudyrushy bejnelerdin sulbasyn kuyrshak tүrinde zhasap ony maldyn bas sүjegine koshiru ken taralgan Baksy eshkashan suranyp kisi emdemegen үjinde syrkat bar adamnyn otinishimen gana kelgen Sonymen katar aurudyn barlyk tүrine zhyn shakyryp ojnaj bermejdi Baksy zhenil zhelpi aurulardy үshkiru ushyktau kaktyru koshiru otpen alastau nesin shakyru arkyly da emdejtin bolgan Baksy ojyny әdette keshkurym nemese inir karangysynda bastalady Өjtkeni zhyndar әrkez adamzat omirine karama kajshy bagytta zhүredi yagni keshke karaj kimyl kozgalyska tүsip adamdarga degen kastandyk әreketin iske asyrady dep tүsingen Baksy ojynyna zhurt zhinalyp bolgan son үjdin esigi zhabylyp tutkasy zhippen bajlanady Bul baksyny zhyndary kyskan kezde kaskoj ziyankester syrkattyn zhanyn esikten ala kashuy mүmkin degen nanymga katysty ornykkan Baksy ojynyna katysuga kelgender үj ishin ajnala otyratyn ishke syjmagandary zhabyktan sygalap kyzyktajtyn Ortadagy oshakka ot zhagady Onan tүsken komeski sәuleden baskadaj zharyk bolmajdy otka ketpen balta kүrek siyakty temir zattardy komip kyzdyratyn bolgan Al emdelushi adamnyn үstine mata zhauyp ayagyn otka karata ortaga zhatkyzyp nemese otyrgyzyp koyady Baksy ogan karama karsy kilem nemese syrmak үstine otyrady Baksynyn zhyndaryn shakyruyBaksynyn saryn ajtyp naukasty emdeu ojyny kezinde komekke keletin zhyndardyn syrt pishini әrtүrli kejipte bolady Baksy zhyndary tүrli kejipte shegirkozdi kyran kus azuly an bori kabylan zholbarys t b kuptan atalyk kula ajnyr kara bura alashubar kyzyl shubar ajdaһar siyakty zoomorftyk kejipte koldanylyp simvoldyk mәnge ie bolady Atalgan zhyndardy baksy belgili tәrtippen shakyrady Aldymen bolzhaushy kenesshi zhyndar shakyrylyp olar auru sebebin anyktauga komektesedi Zhyndaryn zheke zheke atap shakyrgan kezde baksy dangyra kepshik kagyp asatayakpen zher tүjgishtep kamshysymen oskylap azan kazan etedi Baksy zhyny kele bastagannan ak oz denesin ozi tistelej bastajdy kozi sharasynan shygyp ketedi Baksynyn Zhargysh Tilgish degen zhyndary kelgen kezde kiiz үjdin tuyrlygy tilinip turgan zattar zharylyp ketken dejdi Zhyndary kasyna kelip olarmen bajlanys zhasagan sәtinde baksynyn bet auzynyn kisajyp auzynan ak kobik agyp talyp ekstazdyk kүjge enedi transka tүsedi Kejbir baksylar auzynan ak kobik atkylap zhylkysha kisinep bura bolyp shabynyp әrtүrli zhanuarlardyn dauysyn salgan Eki kylyshtyn zhүzderin zhogary karatyp kojyp zhүzindeturgan zhumsargan ayagyn naukas denesine kajta baskan Baksy ojynyna kuә bolgan L C Berg baksy ozin arkanmen bajlap eki zhaktan eki kisinin tartyp kysuyn otingen Arkan katty bugan baksy tunshygyp kozderi alaryp kangatolgan Үj ishine kalyn tegis taktajdy kirgizdirtip basy zharylatyndaj etip urgyzgan Baksy ojnauBaksynyn shakyrgan zhyny bojyna enip em koripkeldik zhasajtyn babyna kelui Baksy әbden zhynyna mingende әrtүrli hajuandardyn dybysyn shygarady Bul baksynyn hajuandar kejpindegi zhyndarynyn dauysy dep eseptegen Baksy ojynynyn sharyktau shegi kulminaciyasy kүjip turgan temirditilimen zhalap kylyshtyn kyrynda nemese zhalanayak otta zhүrip nebir gazhap keremetter zhasagan I Kastanenin materialdarynda baksynyn kyzdyrgan temirdi tilimen zhalau zhәne kaskoj zhyndardy korkytyp kuu zholymen P Komarovtyn zhazbasynda әjeldin ishin zharyp bedeulikke sebep bolyp turgan tas pen sary su zhinalgan kaltany alyp tastau arkyly emdejtini turaly ajtylady Sh Uәlihanovtyn zhәne I Ibragimov zhazbasynda baksy tolgak kyskan әjelge kaskoj albastyny kamshynyn komegimen kuatyny turaly ajtylady Ә Divaev zhazuyna karaganda baksylar uly zhәndikter shakkan adam nemese maldy zhyndaryn shakyryp arbau arkyly karakurt saryshayan bүji zhylan siyakty uly zhәndikterdi arbau arkyly uytyn kajtargan Sondaj ak baksy kүjdirgi men merez zharasyn kojdyn kyryk kumalagyn alyp duga okyp auruga laktyru zholymen aurudyn betin kajtargan dejdi Sarynyn ayaktagan baksy pyshakty alyp aurudy shalkasynan zhatkyzyp ishin pyshakpen zharyp kolyn sugyp ak maj alyp shygady Zhargan zherin zhibekpen tigedi Ә Divaevtyn zhazuyna karaganda baksy kobyzynyn yskysyn ozinin kabyrgasynyn arasyna kirgizip shygargan dejdi Өzin ozi zhәne naukasty bolmasa katysyp otyrgan baska adamdardy kamshymen shokparmen urgylajdy Shaldykkan koterilip auyrgan peri kakkan dep atalatyn sezim aurularyna shaldykkan adamdy emdegen baksy ojynyn ayaktagan son ayak koly bajlauly zhatkan әlgi adamdy bosatady Zhynyn kakkan auru kisi basylyp zhuasyp kalady Baksy ojyny syrkatka gana emes ogan katysyp otyrgan korermenderge de әser etedi Baksy ozin de ozgeni de transka tүsire alatyn kabilet iesi Ol syrkattyn zhan dүniesin koz bajlau gipnoz arkyly da baskarady Yagni erekshe psihologiyalyk em koldanady Sendiru baksy ojynynyn basty maksaty Baksynyn emi zhүjke zhүjesinin zhәne zhan dүniesinin auruyna ushyragandarga kobirek daua bolatyny da sondyktan Baksylyk em seanstary kezinde baksy ozimen ozi ojnajdy zhyn bolyp ojnajdy sikyr korsetip ojnajdy t b Ojyn otkizudin de kisi emdeudin de zhalpy baksylarga ortak nakty guryptarga negizdelgen tәrtibi bar Baksy ojyny kezinde atkarylatyn rәsimder men zhoralgylar belgili bir guryptar toniregine shogyrlangan Degenmen әrbir baksynyn ozine tәn ojyn ornekteri emdeu tәsilderi bolgan Zhyn kajtaru baksy ojynynyn korytyndy bolimi Baksy saf boldy nemese Bәrekeldi deui komekshi zhyndar men ziyankes zhyndar arasyndagy tajtalas tүgesti degen isharanyn belgisine sanalady Sodan son baksy kobyzyn tartyp bylaj dejtin Ajnalajyn dәulerim Ajnalajyn beklerim Bәrekelde dәulerim Ajdashy Қol ayagyn bajlap kajt Shashau shygyp kalmasyn Bәrin alyp zhinap kajt Үlken kishi aga bar Besikte zhatkan bala bar Zhan zhagyna barmaj kajt Tүndigi ashyk bejbak bar Nazar kozin salmaj kajt Әskerindi aralap Zharaly bir kalmasyn Tastamaj bәrin alyp kajt dep zhyndarga razylygyn ajtyp keri kajtarady Zhyny ketken son esten tanyp kalatyn baksylar bir kүnge dejin kimylsyz zhatyp baryp turatyn bolgan Baksy zikiriEmdik seanstarda islamdyk dugalardy kajtalap uzak ajtu arkyly ekstaz kүjge zhetu tүri Қazakstannyn ontүstigi men batys ajmagyndagy baksylardyn ojyny kejde sopylyk zikir sipatynda otken Baksyga emdeluge kelgen syrkat esten tangansha Allaһu degen sozdi ajtyp talyp tүsetin zhagdajlar kop kezdesetin bolgan Baksy kiimiAn kustyn biteu sojylgan terilerinen arnajy zhasalgan guryptyk kiim Baksy kiim keshegin rәmizdik turgydan tiri de kieli hajuan dep sanagan Akku terisinen zhasalan baskiim kiyuinde kobyzdarynyn akkuga uksas etip zhasaluynda simvoldyk mәn zhatyr Baksylar saryala kiim kiip sary at minip saryala kamshy ustajdy Olar kobinese sholakzhen kyska shapan onyn syrtynan zhaj uzyn shapan kiip zhүrgen Kejingi zamandardagy kazak baksylarynyn syrtky bejnesi bylajgy zhurttan kop erekshelenbejtin G M Bronevskijdin zhazuyna karaganda olar ak zholakty kyska kojlek kigen A Levshin korgen baksylardyn kalyptaskan uzyn kojlek kise endi biri әbden tozygy zhetken alba zhulba kiimmen zhүrgen Onda tagylatyn san aluan sүjekten tastan әrtүrli metaldan zhasalgan әshekejlerdi baksynyn syldyrmagy dep atagan baksy kolyna ustagan tayagyn asaj mүsej dep atagan Asaj mүsej taularda osetin erekshe taram taram belgileri bar katty agash I Kastanenin korsetuinshe kolyna үki kauyrsynymen әshekejlengen asa ustajdy Kejbir kazak baksysy algash zhyn konyp ojnap үjrengen kezinde uakytsha әjeldin kiimin kigen degen derek bar Baksy atributtaryBaksylar kobinese kobyz tartyp ojnajtyn bolgan Baksy kobyzyna zhyn shajtandardy kuu үshin ajna ornatylgan Қazaktyn kone anyzdaryndagy baksylardyn kobyzyn bәjgege kosuy onyn baksylardyn koligi degen eski senimderdin zhangyrygy bolyp tabylady Al asa asatayak dangyra siyakty aspaptardy kaskoj zhyndardy үrkitu kualau maksatynda koldanylgan Pyshak kanzhar ajbalta saryala kamshy tәrizdi otkir zhүzdi kuraldar baksylyktagy ken taralgan atributyna sanalgan Sonymen katar kazhetti zhagdajda shalgy ketpen shot tos korik balga balta kүrek siyakty sharuashylyk kuraldary da koldanyldy BaksylarBaksylyk zhasaumen shugyldanushylar sinkretti oner ieleri Onyn shәkirti Alashka mәlim bolgan dәuperim baksylardyn biregeji baganaly Қojlybaj bәjgege kobyz koskan degen anyz bar Zhastajynan baksylyk konyp Bala baksy atangan onyn biri besiktegi kezinen zhyn kongandary bolgan baksylar katarynda hatka tүsken derekterge karaganda Arkada omir sүrgen baksynyn basyna tүnep bata algan Ol belinen arkan salyp eki zhaktan kop adam zhabylyp tartkanda kysylmagan үlken kүsh iesi әri koripkel bolgan eken sonynda Torgajda omir sүrgen turaly A E Alektorov zhazbasynda onyn onshakty zhyny bar ekendigin baksynyn ozin de zhynnyn basshysy etken degen derekti keltiredi Onyn zherlesi degen basky dombyramen ojnagan Ol zheti shyrak zhakkyzyp auru balany үjdi ajnaldyrgan son balanyn basyna kyryk kasyk susuyk kujyp auzyna ystyk su urttap betine bүrkip emdegen Baksylar adam zhany tүrshigerlik san aluan tүrli oner korsetken baksy XIX gasyr kobyzbenkүn zhajlatyp dauyl turgyzgan Қarmakshylyk degen baksy 1855 1930 kobyzben sarnatyp kүj tartkan kezde bir kaltasynan shubar zhylan ekinshi kaltasynan kurbaka shygaryp zhүrgizip otyrgan zhurttyn aldynan otkizip oner korsetetin bolgan Semejlik baksy kobyzben emdegen Onyn әkesi Berkimbaj Bekniyazuly otta turgan shoktaj kyzgan kazanga otyrgan Baksylyktyn tikelej urpagyna konatyndygy turaly derekter el ishinde az emes Zhanka degen baksynyn zhyny kongan nemeresine Saduakas baksy bәjge kobyz koskan shok taptap shanyrakka shygyp ojnagan dejdi Ә Toleubaev ozinin zertteuinde Қarakerej Bujdash baksynyn nemeresi baksylykta bedeu әjelderdi emdeumen atagy shykkan Mundaj emdi shomekej argyn baksylar zhasagandygy turaly ajtylady Baksylar ojyny kezinde san tүrli gazhajyp isterge bargandygy turaly el auzyndagy әngimeler kop Bajsakalbaksy ojnagan kezde үjdin ishin topan su bastyryp zhiberedi eken Al Berikbol baksy kobyzyn shalyp Akshagyr degen atyn shakyryp үjge engizip aurudyn keudesine ayagyn kojgan dejdi Kusajyn Malshybajuly degen baksy shoktaj zhangan kүrekti zhalap kajnak sumen sabalangan El ishinde auyrgan adamdardy emdeumen atagy shykkan baksylar katarynda zhetisulyk Zhetekbaj baksy ol synykshylykpen de ajnalaskan karakanly Erzhuma Eszhan baksy shynzhandyk esi augandardy emdegen Ataktytama Tinej baksy Iztileu baksy kostanajlyk Aspandiyar Darhan semejlik Әzhibaj Kenzhebaj kokshetaulyk Қaparzhәne t b atagy alyska ketken Syrdariya bojyndagy Zhalagashtyk Berkimbaj XX gasyrdyn birinshi zhartysy baksylykpen ajnalyskan әri din ustangandyktan kalpe atangan Ol salmagy 30 put bolatyn tasty keudesimen koterip op onaj dopsha domalata algan kyp kyzyl bop zhanyp turgan sekseuildin shogyn kolymen kosegen Shoktaj bolyp kyzyrgan ketpendi tilimen zhalap su ushyk zhasagan Berkinbaj kalpe Syrdariyanyn suy tasityn tusta duga okyp muz senin үze bilgen zhalanayak bir muzdan ekinshi bir muzga sekirip Syrdariyanyn argy beti men bergi betine әp sәtte otetindigine halyk kuә bolgan Altajdyn Қobda betinde omir sүrgen Қasen baksy XX gasyrdyn ortasy otkel bermej tasyp zhatkan dariyaga duga okygan kumalak laktyrganda ozennin suy ygysyp onyn malyna otkel bergen dejdi Derekkozder Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Қazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 II tom Otyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Islam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1 Levshin A Opisanie Kirgiz kazachih ili kirgiz kajsackih ord i stepej V 3 h chastyah SPb 1832 Alfons Ya Kirgiz kajsaki stepi ih zhiteli SPb 1845 Bronevskij S Zapiski o kirgiz kajsakah Srednej Ordy Otechestvennye zapiski 4 41 Kn 119 Novolineec A Chary shamana v kirgizskom aule OGV 1848 25 Divaev A O sposobah vrachevaniya u tuzemcev Turkestanskogo kraya TV 1871 34 Ibragimov I Kirgizy etnograficheskie ocherki TV 1872 1 8 Losev II Medicina v Kirgizskoj stepi Moskovskaya medicinskaya gazeta M 1874 Miropiev A Demonologicheskie rasskazy kirgizov ZIRGO po otdeleniyu etnografii Tom X Vyp III SPb 1888 Divaev A Baksy Etnograficheskie materialy Vyp U Tashkent 1896 P v A Kak lechat baksy KSG 1896 20 Tronov V D Materialy po antropologii i etnologii kirgiz ZZOOIRGO SPb 1891 T XVII Vyp 2