Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы бөлімнің 89-бабы бойынша, “Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындар тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ, адамдар жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңда көрсетілген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. Мемлекет олардың қызметін және олардың өкілеттігінің шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде белгілейді. Басқа жағдайларда өзін-өзі басқару органдары мәселені дербес шешеді. Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай органдардың құрылуы тек атауы бойынша ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі, кірістердің қосымша көздері, әкімдермен, мәслихаттармен өзара қатынас тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі әрбір мемлекеттің өзінің ішкі ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Әлемде, негізінен, жергілікті өзін-өзі басқарудың англосаксондық француздық, кеңестік үлгілері қолданылады.
Англосаксондық үлгідегі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, т.б. елдерде жергілікті өкілді орган коммитеттері жергілікті басқару органдары мемлекеттік механизмінің құрамдас бөлігі болып саналып, барынша кең өкілеттілікке ие болады. Бұл үлгі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті мемлекеттік басқарудан айырмасы оның жергілікті сипатында ғана. Еуропа, Африка, Латын Америкасының бірқатар елдерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың француздық үлгісі кеңінен таралған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кеңестік үлгісінің әр түрлі көріністерін қазіргі Қытай, Куба, КХДР-дан көруге болады. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдер арасында Эстония, Латвия және Қырғызстанда 1991 — 95 жылдар аралығында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін үйлестіретін заңдар қабылданып, жүзеге асырылды. Қазақстанда жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін қалыптастыру жолында бірқатар түбірлі өзгерістерге қол жеткізіліп келеді. Қазақстан Республикасындағы саяси билік пен қоғамдық өмірді демократияландырудағы басты мәселелердің бірі — жергілікті мемл. басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау болып табылады. Бұл ретте шетелдік тәжірибелерді пайдаланумен қатар, Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени дәстүрлері ескеріледі. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан өзіндік дәстүрлі басқару жолдарында жергілікті өзін-өзі басқарудың алғышарттары болғандығы белгілі. мен тайпа көсемдері көшпелілердің құрылтайлары мен жиындарында сайланды. Оларға тартыс-таластарды шешуге, өз алдына әскер жасақтарын құруға құқықты өкілет беріліп, рулық қауымдастықтар кең көлемде автономияға айналды. Қазақ даласы Ресей патшалығының отарына айналғаннан кейін, қалыптасқан дәстүрлер түбірлі өзгерістерге ұшырады. 1867 — 68 жылдардағы реформалардан кейін қазақ даласы ауылдық, болыстық, округтік әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлініп, Ресей империясының қатаң бақылауында ұсталынды. Аға сұлтандар мен болыстарды, билерді сайлау шартты түрде жүргізілді. Басқарудың тиімділігін арттыру үшін жергілікті қалыптасқан дәстүрлі басқаруды ішінара сақтап қалды. Сол арқылы қазақ халқының жергілікті маңызы бар мәселелерді ауыл және болыстық жиналыс арқылы өз бетінше шешуіне мүмкіндік берілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң Қазақстан біртұтас кеңестік басқару жүйесінің құрамына енгізілді. Бір орталықтан басқаруға негізделген қоғам жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асырмауға, барынша шектеп ұстауға тырысты. Қазақ КСР-ның 1937 жылғы Конституциясында жергілікті басқару органдары туралы “Облыстық, аудандық, қалалық, поселкелік, селолық және ауылдық жерлердегі мемлекеттік билік органдары Халық депутаттары кеңесі болып саналады” деп жазылып, жергілікті кеңестердің құрылуына жол ашылған болатын. Алайда, шын мәніндегі жергілікті өзін-өзі басқару болмады, жергілікті мемлекеттік басқарудың жетегінде кетіп отырды. 1978 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясында бұрынғы жүйеге көп өзгеріс енгізілген жоқ, мұнда да: “Мемлекеттік биліктің органдары болып еңбекшілер депутаттарының кеңесі саналады” деп жазылып, жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғамдық сипатының негіздері көрініс таппады. Қоғамдық-саяси өмірді қатаң бақылауда ұстаған тоталитарлық мемлекет жергілікті өзін-өзі басқару тәрізді мемлекеттік емес институттардың қызметіне мүдделі болмады. Жергілікті кеңестер партиялық бюрократияның бет пердесіне айналды. Меншікті түгелдей мемлекет иелігіне алу мен бір партиялық идеология жергілікті халыққа өз бетінше іс-әрекет етудің, өзін-өзі басқарудың ешқандай мүмкіндігін қалдырмады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кейбір нышандарының (жолдастық соттар, аудандық, облыстық, қалалық бақылау коммитеттері, т.б.) қызмет аясы мен құзыреті реттелінді. КСРО тарихында тұңғыш рет 1990 жылы сәуір айында жарияланған “КСРО-дағы жергілікті өзін-өзі басқару мен шаруашылық жүргізудің жалпы бастаулары туралы” заң жергілікті жерлердегі билікті демократияландыруға қарай жасалынған маңызды бетбұрыс болған еді. Қазақстанда “Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы” 1991 жылғы 15 ақпандағы Қазақ КСР Заңымен жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуге бірінші қадам жасалынды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті кеңестері, аумақтық-қоғамдық өзін-өзі басқару органдары, жергілікті референдумдар, жиналыстар (жиындар), азаматтардың конференциялары, өзге де демократияның тікелей нышандары енді. 1992 жылы 13 қаңтарда аталған заңға өтпелі кезеңге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғы атқару коммитеттерін алмастырған жергілікті әкімдер институты, іс-жүзінде, өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерінің бірі — жергілікті дербестікке көшуді білдірді. Қазіргі уақытта (2000) Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың толыққанды құқықтық негізін қалыптастыратын жаңа заң жобасы әзірленуде.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Сыртқы сілтемелер
- Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасының таныстырылымы(қолжетпейтін сілтеме)
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhergilikti ozin ozi baskaru memlekettegi belgili bir әkimshilik aumaktyk bolik turgyndarynyn zhәne onyn sajlanbaly organdarynyn zhergilikti isterdi baskaru zhonindegi derbes kyzmeti Қazakstan Respublikasy Konstituciyasynyn 1995 Zhergilikti memlekettik baskaru zhәne ozin ozi baskaru turaly 8 boliminde zhergilikti okildi organdardyn sipatyna maksatyna zhәne kurylu tәrtibine katysty zhalpy erezheler belgilengen Osy bolimnin 89 baby bojynsha Қazakstan Respublikasynda zhergilikti manyzy bar mәselelerdi zhergilikti turgyndardyn ozi sheshuin kamtamasyz etetin zhergilikti ozin ozi baskaru tanylady Zhergilikti ozin ozi baskarudy turgyndar tikelej sajlau zholymen sondaj ak adamdar zhinaky turatyn aumakty kamtityn auyldyk zhәne kalalyk zhergilikti kauymdastyktardagy sajlanbaly zhәne baska zhergilikti ozin ozi baskaru organdary arkyly zhүzege asyrady Zhergilikti ozin ozi baskaru organdaryn ujymdastyru men olardyn kyzmet tәrtibin zanda korsetilgen shekte azamattardyn ozderi belgilejdi Zhergilikti ozin ozi baskaru organdarynyn derbestigine olardyn zanmen belgilengen okilettigi sheginde kepildik beriledi Memleket olardyn kyzmetin zhәne olardyn okilettiginin shegin zandylyk dengejinde tek zhalpy shenberde belgilejdi Baska zhagdajlarda ozin ozi baskaru organdary mәseleni derbes sheshedi Sondyktan zhergilikti zherlerde mundaj organdardyn kuryluy tek atauy bojynsha gana emes bagyty nysany kyzmet tәrtibi kiristerdin kosymsha kozderi әkimdermen mәslihattarmen ozara katynas tәsilderi bojynsha da әr tүrli boluy mүmkin Zhergilikti ozin ozi baskaru kyzmeti әrbir memlekettin ozinin ishki erekshelikterine karaj kalyptasady Әlemde negizinen zhergilikti ozin ozi baskarudyn anglosaksondyk francuzdyk kenestik үlgileri koldanylady Anglosaksondyk үlgidegi AҚSh Ұlybritaniya Kanada t b elderde zhergilikti okildi organ kommitetteri zhergilikti baskaru organdary memlekettik mehanizminin kuramdas boligi bolyp sanalyp barynsha ken okilettilikke ie bolady Bul үlgi bojynsha zhergilikti ozin ozi baskarudyn zhergilikti memlekettik baskarudan ajyrmasy onyn zhergilikti sipatynda gana Europa Afrika Latyn Amerikasynyn birkatar elderinde zhergilikti ozin ozi baskarudyn francuzdyk үlgisi keninen taralgan Zhergilikti ozin ozi baskarudyn kenestik үlgisinin әr tүrli korinisterin kazirgi Қytaj Kuba KHDR dan koruge bolady Buryngy Kenes Odagy kuramynda bolgan elder arasynda Estoniya Latviya zhәne Қyrgyzstanda 1991 95 zhyldar aralygynda zhergilikti ozin ozi baskaru zhүjesin үjlestiretin zandar kabyldanyp zhүzege asyryldy Қazakstanda zhergilikti baskarudyn tiimdi tәsilderin kalyptastyru zholynda birkatar tүbirli ozgeristerge kol zhetkizilip keledi Қazakstan Respublikasyndagy sayasi bilik pen kogamdyk omirdi demokratiyalandyrudagy basty mәselelerdin biri zhergilikti meml baskaru men zhergilikti ozin ozi baskarudy reformalau bolyp tabylady Bul rette sheteldik tәzhiribelerdi pajdalanumen katar Қazakstan halyktarynyn tarihi mәdeni dәstүrleri eskeriledi Қazak halkynyn ezhelden kalyptaskan ozindik dәstүrli baskaru zholdarynda zhergilikti ozin ozi baskarudyn algysharttary bolgandygy belgili men tajpa kosemderi koshpelilerdin kuryltajlary men zhiyndarynda sajlandy Olarga tartys talastardy sheshuge oz aldyna әsker zhasaktaryn kuruga kukykty okilet berilip rulyk kauymdastyktar ken kolemde avtonomiyaga ajnaldy Қazak dalasy Resej patshalygynyn otaryna ajnalgannan kejin kalyptaskan dәstүrler tүbirli ozgeristerge ushyrady 1867 68 zhyldardagy reformalardan kejin kazak dalasy auyldyk bolystyk okrugtik әkimshilik territoriyalyk birlikterge bolinip Resej imperiyasynyn katan bakylauynda ustalyndy Aga sultandar men bolystardy bilerdi sajlau shartty tүrde zhүrgizildi Baskarudyn tiimdiligin arttyru үshin zhergilikti kalyptaskan dәstүrli baskarudy ishinara saktap kaldy Sol arkyly kazak halkynyn zhergilikti manyzy bar mәselelerdi auyl zhәne bolystyk zhinalys arkyly oz betinshe sheshuine mүmkindik berildi 1917 zhylgy Қazan tonkerisinen son Қazakstan birtutas kenestik baskaru zhүjesinin kuramyna engizildi Bir ortalyktan baskaruga negizdelgen kogam zhergilikti ozin ozi baskarudy iske asyrmauga barynsha shektep ustauga tyrysty Қazak KSR nyn 1937 zhylgy Konstituciyasynda zhergilikti baskaru organdary turaly Oblystyk audandyk kalalyk poselkelik selolyk zhәne auyldyk zherlerdegi memlekettik bilik organdary Halyk deputattary kenesi bolyp sanalady dep zhazylyp zhergilikti kenesterdin kuryluyna zhol ashylgan bolatyn Alajda shyn mәnindegi zhergilikti ozin ozi baskaru bolmady zhergilikti memlekettik baskarudyn zheteginde ketip otyrdy 1978 zhyly kabyldangan Қazak KSR Konstituciyasynda buryngy zhүjege kop ozgeris engizilgen zhok munda da Memlekettik biliktin organdary bolyp enbekshiler deputattarynyn kenesi sanalady dep zhazylyp zhergilikti ozin ozi baskarudyn kogamdyk sipatynyn negizderi korinis tappady Қogamdyk sayasi omirdi katan bakylauda ustagan totalitarlyk memleket zhergilikti ozin ozi baskaru tәrizdi memlekettik emes instituttardyn kyzmetine mүddeli bolmady Zhergilikti kenester partiyalyk byurokratiyanyn bet perdesine ajnaldy Menshikti tүgeldej memleket ieligine alu men bir partiyalyk ideologiya zhergilikti halykka oz betinshe is әreket etudin ozin ozi baskarudyn eshkandaj mүmkindigin kaldyrmady Zhergilikti ozin ozi baskarudyn kejbir nyshandarynyn zholdastyk sottar audandyk oblystyk kalalyk bakylau kommitetteri t b kyzmet ayasy men kuzyreti rettelindi KSRO tarihynda tungysh ret 1990 zhyly sәuir ajynda zhariyalangan KSRO dagy zhergilikti ozin ozi baskaru men sharuashylyk zhүrgizudin zhalpy bastaulary turaly zan zhergilikti zherlerdegi bilikti demokratiyalandyruga karaj zhasalyngan manyzdy betburys bolgan edi Қazakstanda Zhergilikti ozin ozi baskaru zhәne Қazak KSR halyk deputattarynyn zhergilikti kenesteri turaly 1991 zhylgy 15 akpandagy Қazak KSR Zanymen zhergilikti ozin ozi baskarudy engizuge birinshi kadam zhasalyndy Zhergilikti ozin ozi baskaru zhүjesine halyk deputattarynyn zhergilikti kenesteri aumaktyk kogamdyk ozin ozi baskaru organdary zhergilikti referendumdar zhinalystar zhiyndar azamattardyn konferenciyalary ozge de demokratiyanyn tikelej nyshandary endi 1992 zhyly 13 kantarda atalgan zanga otpeli kezenge bajlanysty ozgerister men tolyktyrular engizilip buryngy atkaru kommitetterin almastyrgan zhergilikti әkimder instituty is zhүzinde ozin ozi baskarudyn negizgi principterinin biri zhergilikti derbestikke koshudi bildirdi Қazirgi uakytta 2000 Қazakstanda zhergilikti ozin ozi baskarudyn tolykkandy kukyktyk negizin kalyptastyratyn zhana zan zhobasy әzirlenude Tagy karanyzZhergilikti memlekettik baskaru MәslihatDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9Syrtky siltemelerZhergilikti ozin ozi baskaru turaly zan zhobasynyn tanystyrylymy kolzhetpejtin silteme Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz