Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист . Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап , , , , , зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “”, “”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.
Тарихы
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-ші жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: (ХҚК), , (СХЗО), (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, , халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті.
Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр.
Бөліктері
Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
- “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, ) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (, , , , мұсылмандық және ) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;
- экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:
- үлкен компаниялардың жетекші рөлі;
- жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;
- жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;
- жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;
- барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;
- бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;
- аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды.
- ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін мен жүреді;
- этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.
Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін — өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Нарықтар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10-12%-ға түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. , және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.
ЖаҺандану баламалары
Жаһандану үрдісінің ішкі қайшылықтарын көрсететін әр-түрлі нұсқасы. Жаһандану процестеріне нақтылы балама жолдар ұсынбай-ақ олар жаһанданудың ішкі өзгермелілігін көрсетеді. Ол ең алдымен жаһандану жүзеге асырылатын үлгілерге қатысты - либералдық (кейде "" ұғымы қолданылады) немесе әлеуметтік бағытталған, яғни, "солшыл" (саяси мағынада) үлгі. Жаһандану баламалары, әсіресе, ақпараттық салада аса шиеленіскен: жаһандану жасаған ақпараттың бүкіл халыққа кеңінен ашықтығы (осыған орай, демократия кеңістігінің кеңеюі), әр-түрлі саяси күштер тарапынан ақпаратпен алдап- арбау қаупінің артуы және демократиялық институттардың кірпияздығын, оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру нәтижесі. Жаһандану барысында жаңа билік ықпалы полюсін және мемлекеттік билік институттарын құрайтын трансұлттық корпорациялар қарама- қарсылығы қоғам өміріндегі өз орнын жаңаша анықтау қажеттігін туғызады. Жаһандану баламалары жаһандануды басқаруда мемлекет немесе трансұлттық корпорациялар үстемдік етуші күшті таңдауды білдіреді. Жаһандану баламаларының болуы ғаламданушы әлем жағдайында адам үшін оның жағымсыз салдарын азайтып, одан барынша пайда көруге, жаһандану процестеріне өздігінше ықпал етуге мүмкіндік береді.
ЖаҺандану артықшылықтары мен кемшіліктері
Дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен қауіп-қатерлер. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің , ғылым, деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған ұлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет - оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси - бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз - бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитимділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру құралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфрақұрылымдық іргетасына негізделген.
Жаһандық демократия
Жаһандық, әділетті, әлемдік тәртіптің талаптарына жауап беретін демократия түрі. Қазіргі әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу арқылы орасан зор әділетсіздікке барып отыр. Әлемдік қауымдастыққа, әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек. Демократизация өздігінен жеке түлғаның автономдығын үлғайтады, сөйтіп олардың үстінен қарайтын күштерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Жаһандық демократияны, әдетте, ықтимал әлемдік үкіметтің идеялар уағызы деп қарамау керек: іс жүзінде бірнеше миллиард адамды басқару мәселесі жүзеге аспайтындай көрінеді, ал адам еркіндігіне бюрократиялық ғаламдық мемлекеттің төндіретін қатері орасан зор. Ал, екінші жағынан, мемлекет әділетті әлемдік тәртіп орнатуда аса маңызды рөл атқаратын еді. Мемлекет ішіндегі демократияны дамыту да аса маңызды. Өкілеттілікті өзара беттесетіндей етіп, күрделі әрі бытыраңқы бөлу талап етіледі. Өйткені, тек өзара қабыспайтын, бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін бақылайтын, әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бір-бірін шектеп отыратын билік түрлерінің бытыраңқы орналасуы ықтимал әділетсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ көптеген аймақтық, ғаламдық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, азық- түліктің жетіспеушілігін және ашаршылық, індеттерді бақылау, мәдени әркелкілік, әйелдердің құқын аяққа таптау, қылмыс, кедейлік, адам құқының бұзылуы және әлемдік экономиканы реттеу мәселелерін қарастыратын тар өкілеттігі бар билік құрылымдарының қызметі бағытталуы тиіс.
Ғаламдық әділетсіздік мәселелерін шешу үшін әлемдік басқару институттарын кеңейтіп, күшейтіп, демократизациялау қажет. Демократия келісім арқылы басқару құралдарының жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, басқару органдары өз өміріне ықпал ететін халыққа осы органның қабылдаған шешімдері арқылы ортақ саясат жасауға қаншалықты ерік беретіндігін оның демократиялылығы бойынша анықтауға болады. жаһандық азаматтық қоғам - бірқатар батыстық жаһандану тұжырымдамаларында бүкіл адамзат мәселелерін шешу мақсатында және ортақ құндылықтар негізінде бір типті әлеуметтік-саяси қатынастардағы әлеуметтік қауымдастықтарды біріктіретін аса үлкен саясаттан тыс адамдар қауымдастығын атауда қолданылатын ұғым.
пікірінше, бұқаралық символикалық интеракцияның және ортақ ақпараттық мәдениеттің негізінде ғаламдық қоғамдық жүйе қалыптасады. Бұрындары үстемдік еткен ұлттық мемлекет келмеске кетіп барады. Билік алдыңғы орынға ықпалды әлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық бірлестіктерді шығаратын шағын, аймақтық орталықтар негізінде жүзеге асырылуда. Кеңістік шектеу және ұлттық-мемлекеттік шеңберден шығу соңғы он жылдықта әлеуметтік ғылымда И.Канттың "бүкіләлемдік азаматтық қалып" жөніндегі идеясының жаңғыртылуымен түсіндіріледі. Оның жақтастары (, X. Булл]], және т.б.) саяси субъектілердің ықпалынан еркін ғаламдық байланыс желісін орнату қажеттігін дәлелдеуге тырысады.
Жаһандық азаматтық қоғамның әлеуметтік базасы қоршаған ортаны, бейбітшілікті, адам құқын және түпкілікті тұрғынның төл мәдени ерекшелігін қорғауға атсалысушы әртүрлі қозғалыстар мен ұйымдар болып табылады. Мемлекеттік жүйелерге қарағанда, олардың едәуір деңгейде өздерінің тұрған жері, азаматтығы бойынша бөлінген адамдарды біртұтас әлеуметтік желіге біріктіретін жаңа саяси және мәдени құрылымдар құру мүмкіндіктері бар.
Жаһандық ақпараттық кеңістік
Ғаламдық ақпараттық қоғамның қалыптасу ортасы және негізі. Ғаламдық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түп қазық болып табылатын, ақпараттық қоғам дамып, қызмет ететін қазіргі компьютерлік технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі ғаламтордың құрылуы аса маңызды кезең болды. Ғаламтор - бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртүтас ақпарат кеңістігі.Ғаламторды қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: , радио, теледидар, электронды пошта, электрондық коммерция, , , , және т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады.
Жаһандық теңсіздік
Әлемдік жүйе аясында ұлттар арасында және ұлт шеңберіндегі жеке адамдардың арасындағы теңсіздік. Әлеуметтік жүйелердің арасындағы теңсіздікті өлшеу арқылы, ал ұлтаралық коэффициент басым қайшылық (GDP) арқылы анықталады. Бұған дейінгі теңсіздіктің өлшемі әр елдің аумағында бөліс теңсіздігін ескермей, елдердің орта табысын есепке алумен шектеліп келген еді. Қазіргі кезде ғаламдық әділетсіздіктің бүл екі қыры ұқсас бағытта дамуда, ұлттар арасындағы алшақтық жеке адамдар арасындағы алшақтыққа да таралуда.
Сонымен қатар жаһандық теңсіздік ғаламдық тепетеңдіктің де бұзылуы болып табылады. Бұл өз кезегінде ғаламдық әділеттілік мәселесін көтереді, өйткені ғаламдық теңсіздік біреулерге пайда монополиясын, ал екінші біреулерге ауыртпалық әкеліп отыр. Соңғы жағдайда, келісуге болмайтын көптеген кедей адамдардың шектен шыққан күйзелісі, кедейлік, тапшылық және бай азшылықтың асып-шалқып өмір сүруі. Осылайша, байлар баю үстінде, ал кедей халықтың саны күн санап артуда. Бұл Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алшақтықты айдан анық етеді; немесе әлемдік жүйе үшбөлікті ғаламдық болып жіктелуде: жүрегі, жартылай-шет және шет аймақ; немесе бай және кедей елдер деп бөлу.
Мұндай ғаламдық теңсіздікті:
- Tрансұлттық экономикалық ықпалдастық және жаһандану нәтижесі ретінде ұлттық бытыраңқылық;
- Kапиталдардың еркін нарығы, сауда мен инвестиңиялардың либералдануы, мемлекеттік реттеудің болмауы;
- Xалық санының артуы;
- Oтарлау және оның теңсіздік мұрасы;
- Hеоколониализм және оған сәйкес езіп-жаншу;
- Үкіметтік шешімдер;
- Жаңа технологиялық жетістіктерді жасыру;
- Әділетті бөлістің болмауы;
- Сауатсыздық;
- Табиғи апаттар сияқты көптеген факторлар арқылы түсіндіреді.
Тойып тамақтанбау, ашаршылық, өткір тапшылық, табыс көлеміндегі алшақтық, қайыршылық, ЖИТС, сауатсыздықтың жағымсыз салдарын біліммен, демократиямен, "жасыл төңкеріспен", үкіметтік шаралармен, гендерлік сезімталдықпен, технологиялық алмасулармен, даму мақсатындағы үлкен көмектермен, әділ еркін сауда және халықаралық экономикалық саясатпен, қарыздарды қысқарту мен кешіру, үлкен адамгершілікпен жеңуге болады.
Жаһандануға қарсы қозғалыс
Жаһандану саясатына трансұлттық корпорациялар және жетекші державалар бірлестіктерімен жүргізілетін жаңа әлемдік тәртіп орнатуға түбегейлі, үзілді-кесілді қарсы наразылықтың жаңа түрі. Жалпыға ортақ маркетизация тұжырымымен неолиберализмді жаһандануға қарсылар өзінің басты идеялық-саяси дұшпаны деп санайды. Жаһандануға қарсылардың пікірінше, нарықтық диктаттың неолибералдық саясаты, өндірістің көптеген үлттық салаларын қүлдырауға әкеледі, үлттық кәсіптер мен қолөнерді жояды, үлттық ауылшар-уашылық мәдениетін күйретеді, елдердің азық-түліктік егемендігіне зиян келтіреді. Жаһандану және неолиберализм қазіргі тығыз байланысты түжырымдары ретінде қаралады.Жаһандануға қарсылардың идеологтары - П.Бурдье, С.Джордж, Н.Клейн, Д.Бэкон, В.Шива, К.Ллойд, К.Харман, Л.Ларуш, Т.Кларк және т.б. Қозғалыстың идеялық және саяси негізін дамытуда анархизм мен анархиялық-синдикализм өкілдері - Н. Хомский, Ж. Бове көрнекті рөл атқаруда. Жаһандануға қарсы қозғалыс студенттік, кәсіподақтық, қүқық қорғаушылық, экологиялық, фермерлік одақтар, тұтынушылар құқын қорғау қоғамы, ғалымдар қауымдастықтары және т.б. әртүрлі қоғамды құйымдарды біріктіреді. Онда ақпараттық-үйлестіруші орталықтардың кең желісі жүмыс жасайды, олар өз қызметін ғаламтор арқылы жүзеге асырады. Олардың ішінде:
- "" - Халықаралық валюта қорының жабылуын талап ететін халықаралық үйым;
- "" - желілік экологиялық қауымдастық;
- "" - Трансүлттық корпорациялармен күрес жүргізіп, олардың жүмысының қаншалықты зиянды екені жайлы ақпарат таратушы халықаралық үйым;
- "" - Бүкіләлемдік сауда үйымы шеңберінде сауданың либерализациясына қарсы халықаралық үйым;
- "" - әртүрлі үйымдардың белсенділерінен қүралған, наразьшық акцияларын даярлаумен айналысатын, жаһандануға қарсылардың үйымдастырушы комитеті.
Жаһандану үлгілері
Жаһандану процестері сүйенетін негізгі қағидаттар мен тетіктер. Қазіргі әдебиеттерде жаһанданудың әртүрлі үлгілері талқыланады, бірақ солардың ішінде жаһанданудың неолибералдық және гуманистік-ноосфералық үлгілері ерекше назар аударады. Сыншылардың пікірінше, неолибералдық үлгі, жаһанданудың жемісін өздері көретін трансұлттық корпорациялардың және дамыған елдердің мүдделерін жүзеге асырады. Нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық тереңдей бермек. Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша, 2002 жылы жан басына шаққандағы табысы жоғары және темен елдердің арасындағы айырмашылық едәуір (сәйкесінше Жер шарының 15,6% түрғындарының табысы жеткілікті және 42% күнкөріс көзі темен). Жаһанданудың неолибералдық үлгісі өркениеттер қақтығысы және экологиялық апат қаупін күшейтеді. Жаһанданудың гуманистік-ноосфералық үлгісін жақтаушылардың пікірінше, жаһандану артықшылықтарын бүкіл адамзат мүддесі үшін қолдануға бағытталған. Ол үшін ТҰК-ны ғаламдық азаматтық қоғам және оның институттарының бақылауына беру керек, бүкіл әлемдік қауымдастық күшін кедейлікпен күреске, көптеген елдердің технологиялық артта қалушылығын жеңуге жұмылдыру керек.
Жаһандану неге әкеп соғады
Физик-теоретик және футуролог Митио Каку өзінің "Болашақ физикасы" атты кітабында былай деп жазды:
Сауалнама жүргізсе, әлдекім жаһандану үрдісінің жүріп жатқанын еміс-еміс түсінетіні анықталады, бірақ оған қарамастан Жер өркениетінің белгілі бір мақсатқа жылжып жатқаны туралы анық көрініс жоқ. |
Митио Какудың ойынша, экономиканың орташа даму жылдамдығымен алдағы 100 жылда Жер өркениеті "планетарлық өркениет" мәртебесіне жетпек. Мұндай жағдайда Жердегі энергия тұтыну мөлшері ғаламшарымыздың Күннен алатын энергиясына теңеседі (шамамен 10^17 Вт).
Планетарлы экономиканың құрылуы (Евроодақ және басқа да сауда блоктары), ортақ ғаламдық мәдениет, ғаламдық жаңалықтар, халықаралық туризм, аурулар мен табиғи апаттарға қарсы халықаралық күштер салу да Митио Какудың пікірінше жаңа планетарлы өркениеттің пайда болуына белгі болып табылады.
Дереккөздер
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhaһandanu nemese Globalizaciya agylsh global әlemdik dүniezhүzilik zhalpy zhana zhalpyәlemdik sayasi ekonomikalyk mәdeni zhәne akparattyk tutastyk kuryluynyn үrdisi Termindi gylymi ajnalymga algash ret 1983 zhyly engizgen amerikalyk ekonomist Zhaһandanudyn zhana satysynyn tүrli aspektilerin 20 gasyrdyn ortasynan bastap zerdeledi Olar gylymga intellektualdyk industriyalar ekonomikasy akparattyk kogam galamdyk auyl degen ugymdardy engizdi TarihyEkinshi Dүniezhүzilik sogystan kejingi әlemdik tәrtip үshin zhaҺandyk infrakurylym kuru ideyasy algash ret 20 gasyrdyn 40 50 shi zhyldary AҚSh tyn zertteu ortalyktary HҚK SHZO PSB tuzhyrymdaldy Zhaһandanu ugymy zhalpy alganda әlemdik orkeniettin asa manyzdy olshemderinin zhalpyadamzattyk olshemge ie boluy dep tүsindiriledi Қorshagan orta tүpki resurstar energiya su azyk tүlik demografiya koshi kon tolkyndary halykaralyk terrorshyldyk problemalary zhekelegen elder kүshimen sheshilui mүmkin emes Akparattyk tonkeris bul problemalardyn zhaҺandyk olshemge ie boluyna ykpal etti Zertteushiler Zhaһandanudy әr tekti birak әlemnin birtutastykka ajnalu logikasymen biriktiriletin ozgeristerdin zhiyntygy dep tүsindiredi ZhaҺandyk ozara tәueldilik zhәne bүkilәlemdik damu үrdisi Zhaһandanuga alyp kelmej kojmajdy Bul үrdis men zhalpyadamdyk kundylyktardy korgauga negizdelgen halykaralyk ujymdar zhүjesi ykpalyn kүshejtedi Zhaһandanu әleumettik fenomen retinde kop kyrly zhәne koptegen kuramdas bolikterdi kamtidy Negizinen ony ulttyk zhәne әlemdik sharuashylyktyn tehnikalyk zhәne karzhylyk zhagynan damuynyn nәtizhesi dep eseptejdi Alajda әleumettik mәdeni ozgerister adamdar turmysynyn ozgerui adamzattyn korshagan ortamen karym katynasynyn kүrdelenui de Zhaһandanuga eleuli ykpal zhasap otyr BolikteriZhaһandanudyn tomendegidej negizgi kuramdas bolikteri bar mentaldyk nemese mәdeni Zhaһandanu dәstүrlerdin dinderdin mәdenietter men ideologiyalardyn uksastanuynyn keshendik үrdisi Қazirgi tanda bүkil әlem negizinen 6 zhaҺandyk dini zhүjege hristiandyk islam iudaizm induizm buddizm konfucijshildik bolinedi Adamzattyk mәdeni kundylyktar ortaktygynyn kүsheyu үrdisi mentaldyk Zhaһandanudyn bir korinisi bolyp tabylady Sonyn ishinde amerikalyk mәdeni dәstүr planetarlyk dep atalynyp zhүr Mәdeni zhaһandanu salasynda bүgingi kүnnin ozinde birtutas zhalpyadamzattyk mәdeniettin nyshandary zhana nysandarmen zhelilik mәdeniet ushtaskan ezhelgi mәdeni dәstүrlerdin musylmandyk zhәne sintezi korine bastady Bul zhagdaj әrbir ulttyk halyktyn ozine tәn dili men mәdenietin saktap kaluy zholynda orasan zor kүsh zhiger zhumsauyn talap etedi ekonomikalyk zhaһandanu eki үrdistin zhiyntygyn naryktardyn zhaһandanuyn kapitaldyk enbek resurstarynyn tauarlardyn zhәne kyzmet korsetulerdin zhәne ekonomikalyk nysandardyn zhaһandanuyn bildiredi zhәne ekonomikanyn ujymdyk kurylymdarynyn kompaniyalardyn firmalardyn korporaciyalardyn irilenuimen tүsindiriledi Қazirgi uakytta ekonomikalyk Zhaһandanudyn nakty sipattary bar үlken kompaniyalardyn zhetekshi roli zhahandyk karzhy valyuta zhәne kor rynoktarynyn kyzmet etui zhahandyk akparattyk zhelilerdin kyzmet etuinin nәtizhesinde kolik agyndary kurylymynyn ozgerui zhahandyk sauda ekonomikalyk birlestikter men odaktardyn kuryluy men kyzmet etui barlyk ulttyk zhәne halykar karzhylyk valyutalyk transakciyalardyn zhahandyk zhelige audaryluy bolshek saudalyk banktik saktandyru zhәne sauda operaciyalaryn zhahandyk zhelige audaryluy aumaktyk Zhaһandanu memleketaralyk kurylymdardyn kүsheyu үrdisi Memleketaralyk ekonomikalyk zhәne әskeri sayasi odaktar Zhaһandanudyn barynsha zhogary dengejdegi mәnin korsetedi Bul rette Zhaһandanu nәtizhesinde bolashakta ulttyk memleketterge nemese baska da aumaktyk kurylymdarga bolinbejtin birtutas orkeniet kuryluy mүmkin degen bolzham ajtylady Birak ol ulttar men halyktar arasyndagy etnikalyk zhәne mәdeni ajyrmashylyktar barynsha zhojylgan zhagdajda gana zhүzege asuy mүmkin Kejbir mamandar dәstүrli memleketterdi ajmaktyk kauymdastyktardyn ygystyru үrdisi dami tүsedi dep eseptejdi Al endi bir zertteushiler ajmaktyk kogamdasu үrdisin bүkilәlemdik Zhaһandanudyn ziyandy әserinen korganudyn birden bir zholy dep karajdy akparattyk kommunikaciyalyk Zhaһandanu kazirgi zamangy integraciyalyk үrdisterdin ishinde asa ykpaldysy Ogan kommunikaciyalyk mүmkindikterdi damytu zhәne garyshtyk kenistikti akparat beru үshin pajdalanu zhahandyk akparat zhelilerinin pajda boluy zhәne tez damuy adamzat turmysyndagy koptegen үrdisterdin kompyutrlendirilui zhatady Sonymen katar keleshekte eki bagyttagy basymdylykpen damytu bajlanystyrudyn zheke zhүjesi men zhahandyk poziciyalanudyn damuy akparattyk kommunikaciyalyk keshenderdin negizinde biznesti men үj sharualaryn baskarudyn zhahandyk zhүjesin kuru omir sүru үrdisterinin mejlinshe үlken boligin men zhүredi etnikalyk Zhaһandanu negizgi eki үrdisten turady planeta halkynyn sanynyn osui zhәne әr tүrli etnikalyk toptardyn ozara assimilyaciyasy Zhaһandanudyn zhagymdy nәtizhelerine mynalar zhatady negurlym zhyldamyrak ekonomikalyk damu omir dengejinin zhogarylauy tehnikalyk zhanalyktar men baskaru dagdylaryn zhedeldetip engizu zhәne taratu zheke tulgalar үshin de el үshin de zhana ekonomikalyk mүmkindikter tugyzu Zhaһandanu tungysh ret birtutas akparattyk kenistik arkyly әlemdik ekonomikanyn barlyk kuramdas bolikterin ondiristi gylymdy karzhylardy tutynudy biriktirude Olardyn kazirgi ozara tәueldiligi sonshalykty ulttyk zhәne ajmaktyk naryktardyn әlemdik naryktan kez kelgen okshaulanuy ol ultty nemese ajmakty kuldyrauga ushyratady Zhaһandanu keri ajnalmas sipatka ie bolyp ekonomikalyk damudyn shartyna ajnaluda Naryktar arasyndagy ken aukymdy karzhylyk agyndarga bajlanysty kazirgi kүnde trillion dollarmen olshenetin tauardyn ozindik kunyn 10 12 ga tүsiretin zhәne sonymen bүkil cikldyk damudy ozgertetin eleuli osui bajkalady Degenmen de Zhaһandanudyn kazirgi үrdisi birkatar keri zardaptar әkeledi 1990 zhyly adam basyna eseptegende ortasha kiris asa damygan 17 elde baskalarmen salystyrganda 4 5 ese zhogary bolgan 1999 zhyly zherdin asa baj turgyndarynyn 20 i әlemdik ZhIӨ nin zhalpy ishki onimnin 86 ne al asa kedejleri 1 ke ie boldy Planeta halkynyn 30 i kүnine bir dollardan kem kamtamasyz etilgen zhәne damushy elderdin arasyndagy alshaktyk kemu ornyna kerisinshe ose tүskendigi bajkalyp otyr Ashyk naryktyk principterge shartty tүrde sүjenetin al shyn mәninde damygan elderdin bәsekelestik artykshylygyn pajdalanatyn adamzattyn az boligi үshin gana kyzmet etedi ZhaҺandanu balamalary Zhaһandanu үrdisinin ishki kajshylyktaryn korsetetin әr tүrli nuskasy Zhaһandanu procesterine naktyly balama zholdar usynbaj ak olar zhaһandanudyn ishki ozgermeliligin korsetedi Ol en aldymen zhaһandanu zhүzege asyrylatyn үlgilerge katysty liberaldyk kejde ugymy koldanylady nemese әleumettik bagyttalgan yagni solshyl sayasi magynada үlgi Zhaһandanu balamalary әsirese akparattyk salada asa shielenisken zhaһandanu zhasagan akparattyn bүkil halykka keninen ashyktygy osygan oraj demokratiya kenistiginin keneyui әr tүrli sayasi kүshter tarapynan akparatpen aldap arbau kaupinin artuy zhәne demokratiyalyk instituttardyn kirpiyazdygyn onyn akparattyk kauipsizdigin kamtamasyz etu sharalaryn ujymdastyru nәtizhesi Zhaһandanu barysynda zhana bilik ykpaly polyusin zhәne memlekettik bilik instituttaryn kurajtyn transulttyk korporaciyalar karama karsylygy kogam omirindegi oz ornyn zhanasha anyktau kazhettigin tugyzady Zhaһandanu balamalary zhaһandanudy baskaruda memleket nemese transulttyk korporaciyalar үstemdik etushi kүshti tandaudy bildiredi Zhaһandanu balamalarynyn boluy galamdanushy әlem zhagdajynda adam үshin onyn zhagymsyz saldaryn azajtyp odan barynsha pajda koruge zhaһandanu procesterine ozdiginshe ykpal etuge mүmkindik beredi ZhaҺandanu artykshylyktary men kemshilikteri Damushy elder үshin zhaһandanu үrdisi tudyratyn mәseleler men kauip katerler Zhaһandanu үrdisteri әrtүrli әleumettik zhәne ekonomikalyk damu dengejdegi damushy elderge zhәne halyktarga aluan tүrli әser etedi Damushy elderge zhaһandanu damuga zhana mүmkindikter zhasajdy Sonymen katar osy elder үshin asa үlken kiyndyktar da tugyzady Mysaly damygan eldermen salystyrganda damushy elderdin artta kalu dengeji kүn sanap arta tүsedi Ғalamdyk naryktyk ekonomikaga enu үshin damushy elderden oz әleumettik ekonomikalyk kurylymyn tүbegejli ozgertip barynsha kүsh zhiger saluyn talap etedi Halykaralyk naryk tolygymen kopultty kompaniyalardyn zhәne damygan postindustrialdy elderdin ojyn erezhelerine bagynady Damushy elderdin gylym dengeji әzirge ote tomen al bul oz kezeginde olardyn damygan eldermen katar bir dengejde әlemdik narykta bәsekege tүsuge mүmkindik bermejdi Damushy elderdin aldynda әlemdik galamdanushy ekonomikaga kirigu mindeti tur Al ekinshi zhagynan olar damygan elderge tәueldi boludan kashady Zhaһandyk memlekettik zhүje kazirgi memleketterdin әlemdik zhүjesi Әlemdegi memleketter sonyn principterine negizdelip kurylgan ulttyk memleket үlgi bolyp tabylady Bүgingi tanda ult әlemnin kogamdyk ujymdasuynyn negizgi birligi bolyp tabylady al ulttyk memleket onyn sayasi ujymdasuynyn negizgi olshemi Bul eki birlikte kogamdyk zhәne sayasi bir birine sәjkes keledi al bul olardyn mәnin manyzdylygyn shynajylygyn zhәne olardyn birinsiz birinin kүni zhok ekendigin bildiredi Bul erezhe ult pen ulttyk memleketke legitimdilik kozi mәrtebesin beredi Bilikke kol zhetkizu zhәne ony ustap turu үshin sayasatkerler zhәne ony koldaushylar ult mүddesi үshin kyzmet etui kerek Al mundaj kyzmet tek bir ult kana omir sүretin ulttyk memleket ayasynda gana zhүzege asyryluy mүmkin Ұltty zhәne ulttyk memleketti kazirgi әlemdi ujymdastyrudyn kogamdyk sayasi үlgisi retinde mojyndau ultshyldykka erekshe algashky әzirge zhalgyz galamdyk ideologiya mәrtebesin әperdi Ұltshyldyk bүgingi tүrindegi memlekettik zhүjenin legitimdendiru kuraly zhәne ideologiyalyk shenberi kyzmetin atkarady Өz kezeginde bul zhүje ozinin әmbebaptygyna oraj galamdyk sipat aluda Ұlttyk memleketter zher sharyn tүgel zhajlap tek bir birin gana halykaralyk katynastardyn birden bir subektisi retinde mojyndajdy Osylajsha omirdin koptegen salalaryna tәn zhaһandanu үrdisi osy galamdyk memlekettik zhүjenin infrakurylymdyk irgetasyna negizdelgen Zhaһandyk demokratiya Zhaһandyk әdiletti әlemdik tәrtiptin talaptaryna zhauap beretin demokratiya tүri Қazirgi әlemdik tәrtip zheke adamdardyn avtonomdygyn shekteu arkyly orasan zor әdiletsizdikke baryp otyr Әlemdik kauymdastykka әsirese galamdyk dengejde demokratiyanyn moldygy kerek Demokratizaciya ozdiginen zheke tүlganyn avtonomdygyn үlgajtady sojtip olardyn үstinen karajtyn kүshterge ykpal etu mүmkindigin kenejtedi Zhaһandyk demokratiyany әdette yktimal әlemdik үkimettin ideyalar uagyzy dep karamau kerek is zhүzinde birneshe milliard adamdy baskaru mәselesi zhүzege aspajtyndaj korinedi al adam erkindigine byurokratiyalyk galamdyk memlekettin tondiretin kateri orasan zor Al ekinshi zhagynan memleket әdiletti әlemdik tәrtip ornatuda asa manyzdy rol atkaratyn edi Memleket ishindegi demokratiyany damytu da asa manyzdy Өkilettilikti ozara bettesetindej etip kүrdeli әri bytyranky bolu talap etiledi Өjtkeni tek ozara kabyspajtyn bir birine uksamajtyn bir birin bakylajtyn әrtүrli әdisterdi koldanu arkyly bir birin shektep otyratyn bilik tүrlerinin bytyranky ornalasuy yktimal әdiletsizdikterdin aldyn aluga mүmkindik beredi Sondaj ak koptegen ajmaktyk galamdyk mәseleler korshagan ortany korgau azyk tүliktin zhetispeushiligin zhәne asharshylyk indetterdi bakylau mәdeni әrkelkilik әjelderdin kukyn ayakka taptau kylmys kedejlik adam kukynyn buzyluy zhәne әlemdik ekonomikany retteu mәselelerin karastyratyn tar okilettigi bar bilik kurylymdarynyn kyzmeti bagyttaluy tiis Ғalamdyk әdiletsizdik mәselelerin sheshu үshin әlemdik baskaru instituttaryn kenejtip kүshejtip demokratizaciyalau kazhet Demokratiya kelisim arkyly baskaru kuraldarynyn zhiyntygy bolyp tabylady Osy turgydan alganda baskaru organdary oz omirine ykpal etetin halykka osy organnyn kabyldagan sheshimderi arkyly ortak sayasat zhasauga kanshalykty erik beretindigin onyn demokratiyalylygy bojynsha anyktauga bolady zhaһandyk azamattyk kogam birkatar batystyk zhaһandanu tuzhyrymdamalarynda bүkil adamzat mәselelerin sheshu maksatynda zhәne ortak kundylyktar negizinde bir tipti әleumettik sayasi katynastardagy әleumettik kauymdastyktardy biriktiretin asa үlken sayasattan tys adamdar kauymdastygyn atauda koldanylatyn ugym pikirinshe bukaralyk simvolikalyk interakciyanyn zhәne ortak akparattyk mәdeniettin negizinde galamdyk kogamdyk zhүje kalyptasady Buryndary үstemdik etken ulttyk memleket kelmeske ketip barady Bilik aldyngy orynga ykpaldy әleumettik kozgalystar men azamattyk birlestikterdi shygaratyn shagyn ajmaktyk ortalyktar negizinde zhүzege asyryluda Kenistik shekteu zhәne ulttyk memlekettik shenberden shygu songy on zhyldykta әleumettik gylymda I Kanttyn bүkilәlemdik azamattyk kalyp zhonindegi ideyasynyn zhangyrtyluymen tүsindiriledi Onyn zhaktastary X Bull zhәne t b sayasi subektilerdin ykpalynan erkin galamdyk bajlanys zhelisin ornatu kazhettigin dәleldeuge tyrysady Zhaһandyk azamattyk kogamnyn әleumettik bazasy korshagan ortany bejbitshilikti adam kukyn zhәne tүpkilikti turgynnyn tol mәdeni ereksheligin korgauga atsalysushy әrtүrli kozgalystar men ujymdar bolyp tabylady Memlekettik zhүjelerge karaganda olardyn edәuir dengejde ozderinin turgan zheri azamattygy bojynsha bolingen adamdardy birtutas әleumettik zhelige biriktiretin zhana sayasi zhәne mәdeni kurylymdar kuru mүmkindikteri bar Zhaһandyk akparattyk kenistik Ғalamdyk akparattyk kogamnyn kalyptasu ortasy zhәne negizi Ғalamdyk akparattyk kenistikti kalyptastyruda tehnologiyalyk tүp kazyk bolyp tabylatyn akparattyk kogam damyp kyzmet etetin kazirgi kompyuterlik tehnologiyalardyn manyzy zor Қazirgi kompyuterlik tehnologiyalardyn damuynda galamdyk kompyuterlik zheli galamtordyn kuryluy asa manyzdy kezen boldy Ғalamtor bүkil әlemde birneshe million adamdardy kamtyp biriktiretin birtүtas akparat kenistigi Ғalamtordy koldanushylar ote ken kolemdegi akparattyk kyzmetterge kol zhetkize alady radio teledidar elektrondy poshta elektrondyk kommerciya zhәne t b koptegen kyzmet tүrlerin koldana alady Zhaһandyk tensizdik Әlemdik zhүje ayasynda ulttar arasynda zhәne ult shenberindegi zheke adamdardyn arasyndagy tensizdik Әleumettik zhүjelerdin arasyndagy tensizdikti olsheu arkyly al ultaralyk koefficient basym kajshylyk GDP arkyly anyktalady Bugan dejingi tensizdiktin olshemi әr eldin aumagynda bolis tensizdigin eskermej elderdin orta tabysyn esepke alumen shektelip kelgen edi Қazirgi kezde galamdyk әdiletsizdiktin bүl eki kyry uksas bagytta damuda ulttar arasyndagy alshaktyk zheke adamdar arasyndagy alshaktykka da taraluda Sonymen katar zhaһandyk tensizdik galamdyk tepetendiktin de buzyluy bolyp tabylady Bul oz kezeginde galamdyk әdilettilik mәselesin koteredi ojtkeni galamdyk tensizdik bireulerge pajda monopoliyasyn al ekinshi bireulerge auyrtpalyk әkelip otyr Songy zhagdajda kelisuge bolmajtyn koptegen kedej adamdardyn shekten shykkan kүjzelisi kedejlik tapshylyk zhәne baj azshylyktyn asyp shalkyp omir sүrui Osylajsha bajlar bayu үstinde al kedej halyktyn sany kүn sanap artuda Bul Soltүstik pen Ontүstik arasyndagy alshaktykty ajdan anyk etedi nemese әlemdik zhүje үshbolikti galamdyk bolyp zhiktelude zhүregi zhartylaj shet zhәne shet ajmak nemese baj zhәne kedej elder dep bolu Mundaj galamdyk tensizdikti Transulttyk ekonomikalyk ykpaldastyk zhәne zhaһandanu nәtizhesi retinde ulttyk bytyrankylyk Kapitaldardyn erkin narygy sauda men investiniyalardyn liberaldanuy memlekettik retteudin bolmauy Xalyk sanynyn artuy Otarlau zhәne onyn tensizdik murasy Heokolonializm zhәne ogan sәjkes ezip zhanshu Үkimettik sheshimder Zhana tehnologiyalyk zhetistikterdi zhasyru Әdiletti bolistin bolmauy Sauatsyzdyk Tabigi apattar siyakty koptegen faktorlar arkyly tүsindiredi Tojyp tamaktanbau asharshylyk otkir tapshylyk tabys kolemindegi alshaktyk kajyrshylyk ZhITS sauatsyzdyktyn zhagymsyz saldaryn bilimmen demokratiyamen zhasyl tonkerispen үkimettik sharalarmen genderlik sezimtaldykpen tehnologiyalyk almasularmen damu maksatyndagy үlken komektermen әdil erkin sauda zhәne halykaralyk ekonomikalyk sayasatpen karyzdardy kyskartu men keshiru үlken adamgershilikpen zhenuge bolady Zhaһandanuga karsy kozgalys Zhaһandanu sayasatyna transulttyk korporaciyalar zhәne zhetekshi derzhavalar birlestikterimen zhүrgiziletin zhana әlemdik tәrtip ornatuga tүbegejli үzildi kesildi karsy narazylyktyn zhana tүri Zhalpyga ortak marketizaciya tuzhyrymymen neoliberalizmdi zhaһandanuga karsylar ozinin basty ideyalyk sayasi dushpany dep sanajdy Zhaһandanuga karsylardyn pikirinshe naryktyk diktattyn neoliberaldyk sayasaty ondiristin koptegen үlttyk salalaryn kүldyrauga әkeledi үlttyk kәsipter men kolonerdi zhoyady үlttyk auylshar uashylyk mәdenietin kүjretedi elderdin azyk tүliktik egemendigine ziyan keltiredi Zhaһandanu zhәne neoliberalizm kazirgi tygyz bajlanysty tүzhyrymdary retinde karalady Zhaһandanuga karsylardyn ideologtary P Burde S Dzhordzh N Klejn D Bekon V Shiva K Llojd K Harman L Larush T Klark zhәne t b Қozgalystyn ideyalyk zhәne sayasi negizin damytuda anarhizm men anarhiyalyk sindikalizm okilderi N Homskij Zh Bove kornekti rol atkaruda Zhaһandanuga karsy kozgalys studenttik kәsipodaktyk kүkyk korgaushylyk ekologiyalyk fermerlik odaktar tutynushylar kukyn korgau kogamy galymdar kauymdastyktary zhәne t b әrtүrli kogamdy kujymdardy biriktiredi Onda akparattyk үjlestirushi ortalyktardyn ken zhelisi zhүmys zhasajdy olar oz kyzmetin galamtor arkyly zhүzege asyrady Olardyn ishinde Halykaralyk valyuta korynyn zhabyluyn talap etetin halykaralyk үjym zhelilik ekologiyalyk kauymdastyk Transүlttyk korporaciyalarmen kүres zhүrgizip olardyn zhүmysynyn kanshalykty ziyandy ekeni zhajly akparat taratushy halykaralyk үjym Bүkilәlemdik sauda үjymy shenberinde saudanyn liberalizaciyasyna karsy halykaralyk үjym әrtүrli үjymdardyn belsendilerinen kүralgan narazshyk akciyalaryn dayarlaumen ajnalysatyn zhaһandanuga karsylardyn үjymdastyrushy komiteti Zhaһandanu үlgileri Zhaһandanu procesteri sүjenetin negizgi kagidattar men tetikter Қazirgi әdebietterde zhaһandanudyn әrtүrli үlgileri talkylanady birak solardyn ishinde zhaһandanudyn neoliberaldyk zhәne gumanistik noosferalyk үlgileri erekshe nazar audarady Synshylardyn pikirinshe neoliberaldyk үlgi zhaһandanudyn zhemisin ozderi koretin transulttyk korporaciyalardyn zhәne damygan elderdin mүddelerin zhүzege asyrady Nәtizhesinde bajlar men kedejlerdin arasyndagy alshaktyk terendej bermek Bүkilәlemdik bank mәlimetteri bojynsha 2002 zhyly zhan basyna shakkandagy tabysy zhogary zhәne temen elderdin arasyndagy ajyrmashylyk edәuir sәjkesinshe Zher sharynyn 15 6 tүrgyndarynyn tabysy zhetkilikti zhәne 42 kүnkoris kozi temen Zhaһandanudyn neoliberaldyk үlgisi orkenietter kaktygysy zhәne ekologiyalyk apat kaupin kүshejtedi Zhaһandanudyn gumanistik noosferalyk үlgisin zhaktaushylardyn pikirinshe zhaһandanu artykshylyktaryn bүkil adamzat mүddesi үshin koldanuga bagyttalgan Ol үshin TҰK ny galamdyk azamattyk kogam zhәne onyn instituttarynyn bakylauyna beru kerek bүkil әlemdik kauymdastyk kүshin kedejlikpen kүreske koptegen elderdin tehnologiyalyk artta kalushylygyn zhenuge zhumyldyru kerek Zhaһandanu nege әkep sogadyFizik teoretik zhәne futurolog Mitio Kaku ozinin Bolashak fizikasy atty kitabynda bylaj dep zhazdy Saualnama zhүrgizse әldekim zhaһandanu үrdisinin zhүrip zhatkanyn emis emis tүsinetini anyktalady birak ogan karamastan Zher orkenietinin belgili bir maksatka zhylzhyp zhatkany turaly anyk korinis zhok Mitio Kakudyn ojynsha ekonomikanyn ortasha damu zhyldamdygymen aldagy 100 zhylda Zher orkenieti planetarlyk orkeniet mәrtebesine zhetpek Mundaj zhagdajda Zherdegi energiya tutynu molsheri galamsharymyzdyn Kүnnen alatyn energiyasyna tenesedi shamamen 10 17 Vt Planetarly ekonomikanyn kuryluy Evroodak zhәne baska da sauda bloktary ortak galamdyk mәdeniet galamdyk zhanalyktar halykaralyk turizm aurular men tabigi apattarga karsy halykaralyk kүshter salu da Mitio Kakudyn pikirinshe zhana planetarly orkeniettin pajda boluyna belgi bolyp tabylady DerekkozderSayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3