Жалаңтөс би Сейітқұлұлы (орта ғасырлардағы шығыс елдері “баһадүр” деп атаған) (1576 жыл – 1656 жыл) — Самарқандтағы Бұхара хандарының қолбасшысы, саясаткері, губернаторы (әмірі). Сырдарияның саға-жағалауын мекен еткен Алшын елінің Әлімұлы рулық бірлестігінен тарайтын Төртқара руынан шыққан.
Жалаңтөс Баһадүр | |
Туған кездегі есімі | Әбдікәрім |
---|---|
Толық есімі | Жалаңтөс Сейітқұлұлы |
Туған күні | |
Туған жері | Бұхара, Бұхара хандығы немесе (Сырдарияның саға-жағалауын мекен еткен Төртқара елінде туған) |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Қызметі | Әскери Жетекші, Саясаткер |
Әкесі | |
Ортаққордағы Жалаңтөс Баһадүр |
Жалаңтөс бидің ата-тегі қазақ шежіресінде былай таратылады: Алау әмірден Қыдуар тентек, одан Қадырқожа (Қайырбай), оның ұлы Қаракесек одан Әлім. Әлімнен Төртқара одан , Оразгелді, , Қараш. Қараштан Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұл бабаның сегіз ұлы болған. Оның бәйбішесі — Сары кемпірден Сейітмәмбет, Төлеш, Ақша. Ақшадан Бәйбек одан атақты Әйтеке би туған. Екінші әйелі Қара кемпірден — Жалаңтөс, Дүйсенбай, Матай, , Қоян туған. Бұларды "Сегіз Сейітқұл" дейді екен ел. Сонда Әйтеке би мен Жалаңтөс бір әке Сейітқұлдан болып шығады.
Өзбек және қазақ батыры, әскербасы, Самарқан әмірі. Жалаңтөс Сейітқұлы ХVII-ХVIII ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің атасы болып келеді. 1581 жылғы аштықтан аман қалу қамымен Шығай хан мен Жалаңтөс батырдың әкесі Сейітқұл туыстарымен бірге Бұхараға жақын Нұрата тауларына қоныс аударды. Жалаңтөс батыр 12 жасынан Тамды және Қызылқұм қазақтарының ханы Дінмұхамедке қызмет ете бастады. Жас кезінен-ақ зерделілігі және төзімділігімен көзге түсті. Оның аты халық арасына кеңінен танылды. Оған сол дәуірдің жоғары дәрежесі — "Аталық" атағы берілді. 1640 жылы Жалаңтөс батыр қазақ және өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батурға қарсы қол бастап, оны жеңіліске ұшыратты. 1643 жылы Жетісу жеріне баса-көктеп кірген жоңғар қалмақтарымен соғысып жатқан Жөңгір ханға 20 мың өскерді көмек ретінде жіберді, мұның өзі басқыншыларды талқандауға зор үлес қосты.
1649 жылы Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқарып, Бұхар ханы Абдул Азиз бен Иран патшалығының Хорасан, Балх үшін жүргізген соғысында жеңіске жетті. Бұл соғыста Бұхар және қазақ хандықтары ортақ жауға қарсы күрес жүргізу үшін одақтық келісімге келді. Хотажқұли бек Балхидың "Тарихи қыпшақтар" анықтамалығы мәліметтерінде қазақ ханы Жәңгір бұл соғысқа 100 мың адамдық әскермен қатысқаны айтылады. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш жорық жасап, Қабыл мен Мешхедті бағындырды. Әскери өнерді жетік білетін, керемет батырлығымен даңқы жайылған дарабоз қолбасшыға қырғыз, қалмақ, қазақ хандары, Үндістаннан, Хорезмнен және Тибеттен қымбат сыйлықтар ағыл-тегіл келіп жатты. Академик М.Е.Массонның айтуы бойынша, бұл сыйлықтар өзінің саны мен құны жағынан мемлекет қазынасына түсіп жатқан барлық байлықтан асып түседі екен. Бұл байлықтарды Жалаңтөс батыр әскерді қамтамасыз етуге ғана емес, оларға арнап Самарканда үлкен құрылыстар, зәулім сарайлар мен медреселер салуға жұмсады. Жалаңтөс батыр Самарқанның орталығы Регистанда 1619-1633/36 жылдары "Ширдор" (Арыстан медресесі) медресесі мен 1647-1660 жылдары "Тіллә-Қари" (Алтынмен апталған) медресесін салдырды, кейінірек олар бүкіл елге әйгілі болды. Бұл архитектуралық ғимараттар өзінің өсемдігімен, әдемілігімен дүйім жұртты таңдандырып, Шығыстың сәулетшілік өнерінде ерекше орын алады. Жалаңтөс батырдың сүйегі Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындагы зиратқа қойылған. Жалаңтөс батырдың ұрпақтары бұл күнде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ғұмыр кешуде.
Өмірбаяны
Жалаңтөс бес жасқа келгенде Төртқара елі қуаңшылыққа, жоқшылыққа, ашаршылыққа тап болады. Әкесі Сейітқұл сол елдің басшысы Шығай ханмен бірге Бұхар шаһарына жақын Нұрата таулы алқабына көшіп барып мекен етеді. Бұл кезде Қызылқұм, Нұрата, Тамды төңірегін жайлаған елді Дінмұхаммед хан билеп тұрған. Сол ханға Жалаңтөс бала 12 жасынан шәкірт болып қызмет етеді. Осы кезден бастап-ақ оның ақылдылығы, батырлығы калыптаса бастайды. Ол хан сарайындағы шәкірт балаларға, жастарға бас болып, оларға түрлі әскер ойындарын үйретеді. Хандар, билер, қасында жүріп, ел басқару ісіне қатысады. Имам, қажылардан имандылық, қайырымдылық және білім, ғылымға зейін қояды. Олардын кейбірімен шарият қағидалары жөнінде ілім сайысына түсіп, өзінің білгірлігін үғымпаздығын танытады. Әсіресе, Ферғананың Қосан деген қыстағында туып, өскен Мақтым-Ағзам деген өте беделді, әулие білімдар софының немересі Хашим қожамен замандас, пікірлес болады. Содан ислам қағидаларын мол игереді. Әкелі балалы Сейітқұл мен Жалаңтөс Нұрата атырабын билеп тұрған жылдары оған жан-жақтан Қызылқұмда бытырап көшіп жүрген Әлім, Алшын, Шөмекей, тағы басқа руларынын ауыл-аймақтары өздері барып қосылып жатқан. Бұл кезде Сейіткұл мен Жалаңтөс хандығының саны 40- 50 мың түтінге жеткен. Сол қазақтардың бір хандық төңірегіне шоғырлануы біріншіден, сыртқы шапқыншылардан сақтану болса, екіншіден, ағайын-туысқанды сағалау еді. Үшіншіден, Сейіткқұ би мен Жалаңтөс батырдың ел қорғаудағы, халыққа қамқор болудағы жан-жаққа таралып жатқан атақ-даңқы себеп болады.
Бір жолы мынадай оқиға болыпты:
Көктемнің аласапыран кауырт тіршілік кезінде Жалаңтөс баһадүрді іздеп бір топ аттылы оның ордасына барып түсіпті. Сұрастыра келсе, Шөмекей биі бастаған адамдар екен. Ағайын туыстар өзара шұрқырасып табысып жатады. Қазірде "Бұхара облысының Тамды ауданында түбі Шөмекейге жататын Кедей деген ру бар. Кедей - тарихи адам. XVIII ғасырдын бірінші жартысында өмір сүрген Әбілқайыр ханның басты билерінің бірі. Әбілқайыр өлген соң орнына Нұралыны хан сайлауға қатысып, оны бекіту туралы орыс өкіметіне өтініш жасайтын білікті адамдар арасында оның да аты аталады. Кедей және оның баласы Қосқұлақтың аттары "ХУН-ХУШ ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастары" жинағында жиі кездеседі. Осы Кедейдің әкесі - Жәнібек, оның әкесі - Айткқұ би. Ұрпақтарының айтуы бойынша, Айткқұ би Бұхар, Нұрата тауларында көшіп жүріпті. Соңғы уақытқа дейін Нұратаға жақын Қызылқұмда оның атымен аталған кыстау орны бар. Қазақ шежіресі бойынша Әлім мен Шөмен (Шөмекей деп те айтылады)
-бір туысқан. Жалаңтөс батыр Әлімге алты атадан (Әлім - Төртқара - Ораз
-Тоқпан - Сейіткүл - Жалаңтөс), сол сияқты Айтқұл би де Шөменге алты атадан) - Шөмен - Шөмекей - Аспан - Есімбет - Төбет - Айтқұл) қосылады. Демек, Жалаңтөс батыр - Шөмекей руының атақты Айтқұл, биімен тұстас және қоныстас. Ендеше, Жалаңтөс батырға қараған қазақ қауымының бір тобы Шөмекей руынан болғаны. Мұны толықтыра түсетін тары бір дәлел: Бұхара облысының Ғиждуған ауданында бірнеше қышлақ болып отырған, өзінің түбі қазақтың Шөмекей руының Балқы тайпасы, Темір аталығынанбыз дейтін өзбектер бар. Олар Қазан төңкерісіне дейін казіргі Тамды ауданында түратын Балқы тайпасына жататын қазақтармен ағайыншылық қарым-қатынас жасап келген. Негізгі ұрпағы өзбек арасында қалған осы Темір Балқы да Шөменге бес ата (Шөмен
-Шөмекей - Бозғыл - Салқы - Темір). Яғни Жалаңтөс дәуірінің ізі жөне осы дәуірде өзбек пен қазақтың бірсыпыра уақыт қоныстас болуының нәтижесі".
Жалаңтөс батыр талай-талай соғыс, шайқастарды басынан өткереді. Соның бәрінде ол асқан батыр, қолбасшы екенін танытады. Сол дәуірдегі ең жоғарғы лауазым - Аталық баһадүр колбасшы деп ел жұрт атап кетеді. 1640 жылы қазақ пен өзбек жеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батырға қарсы соғыста Жалаңтөс баһадүр әскерге қолбасшылық етіп, жауды күйрете жеңген. 1643 жылы Жетісу өлкесіне басып кірген қалмақ-жоңғар феодалдарына қарсы шайқасып жатқан Жәңгір ханның әскеріне Жалаңтөс батыр бастаған Самарханнан 20 мың қол көмекке келген. Басқыншыларды ойсырата жеңуге жәрдемдескен. 1649 жылы Бұхар ханы Абдуләзиз бен Иран патшалығы арасында Хорасан мен Балх үшін болған соғыста Жалаңтөс батыр әскерге шебер басшылық етіп, жауды жеңіп шыққан. Бұл соғыста Бұхар мен Қазақ хандыктары ортақ жауға карсы одақ құрған.
Хорасан Балх шаһарларындагы сол соғыста Жалаңтөс ерлікпен коса әртүрлі айла-тәсілдер де қолданады. "Кімде-кім оқ атпай, қылыш, найза кезенбей өз еркімен қолға түссе, оған жаза қолданбаймын. Жер беремін, үйлі-жайлы болуына жағдай жасаймын. Сарбаз бола ма, сарайда жұмыс істей ме, егіс еге ме өздерінің калағанын беремін" деп барлаушыларды үстін-үстін жібереді. Осындай қантөгіссіз әрекеттердің арқасында Иран, Хорасан жағының жоқ-жұқана, кедей-кембағал сарбаздары лек-легімен Жалаңтөс колына қосылып жатады. ..."Тарихи Қыпшақи" атты еңбектің авторы Хожамкүли-бек Балхидің жазуына қарағанда, қазақ ханы Жәңгір хан осы шайқасқа жүз мың әскерімен қатысқан. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш рет жорық жасаған. Кабул мен Мешхедті бағындырған. Ерлігімен соғыс өнерін жақсы білетіндігімен данқы жайылған талантты қолбасшыға Үндістаннан» Хорезмнен, қырғыз, қалмақ, казак, қашқар хандарынан, тіпті Тибеттең де кымбат тартулар келіп түрған" Жалаңтөс батыр мен ханы Абдуләзиз қасында өзбек, қазақ жігіттері бар Алшынбек бимен Жайкүн өзенінен өтіп Гератқа жетеді. Ертеңіне олар Шығанақ көлі жанындағы шағын қалаға тоқтап тыныс алады. Көп кешікпей-ақ ол елдің патшалығының әскерімен Фатхабадта кездеседі. Бұл қыстақ шаһарға жеті шақырымдай жерде болатын.
Келесі күні түнделетіп барлаушылар шығады. Ертеңіне таң атқаннан күн батқанша соғысады. Соғыс екі айға созылады. Талай қақтығыс, шайқастар болады. Талай жігіттер батырларша шайқасады. Шейіт болғандар да аз болған. Осы соғыста Жалаңтөс батыр ерекше ерлік жасап, әскерін шебер басқарады. Академик М. Е. Массонның айтуынша, жеңімпаз Жалаңтөс батырға сырттан келген сый-сияпаттардың мөлшері мемлекетке түскен қазына байлығынан асып түскен. Ол осы қаражат байлыққа әскер ұстаумен катар, сөулетті сарайлар, медреселер тұрғызған. Регистан орталығына атақты "Шіфдор", ("Арыстанды"), "Тіллә-кари" ("Алтынмен апталған") медреселерін салдырған. Сөйтіп, Жалаңтөс қолбасшы Самарқан шаһарын оның атырабын кырық жыл билеген. Өзбек, қазақтар "өзіміздің қамқор баһадүрымыз" деп құрмет көрсеткен. Ресей тарихшысы П.Иванов өзінің "Орта Азия тарихының очерктері" деген кітабында: "Абдулазиз ханның аталығы Ялантуш би XVII ғасырда Ұлы Моғолдарға (Үндістан) қарасты болған Кабул каласының төңірегіне және Иранның Хорасан аймағына жойқын шабуылдар жасады. Көптеген тұтқындар алып қайтты. Оның өзінің иелігінде 3000-дай құл болды. Сол құлдардың күшімен Самарқандта медреселер тұрғызды", - деп жазды. Оған Жалаңтөстің сол жорықтары негізінен әлгіде аталған Хожамқүлибек Балхидың 1722-1725 жылдар арасында жазған "Тарихи Кыпшақи" деп аталатын еңбегінде де баяндалған. Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары оны хандықтан түсіріп, оның орнына 1645 жылы оның үлкен ұлы Абдулазизді хан кояды.
Ұлы моғолдарға қарсы күресуге өз күші жетпейтінін түсінген Абдуләзиз хан және басқа да өзбек шонжалары Ташкент, Самарқанд айналасындагы қазақ сұлтандарынан көмек сұрайды. Ақырында бір лек (100 мың) қазақ жасағымен толықтырылған үлкен қолмен Абдуләзиз хан мен Жалаңтөс батыр жорыққа шығып, ұлы Моғолдар әскерін қырғынға ұшыратып қуады. Көп тұтқын және олжа қолға түседі. Міне, осы жорықта Жалаңтөс батырдың қолбасшылык қабілеті, ерлігі айрықша көзге түседі.
"Жалаңтөс барып ханын тақтан түсіріп, Ақша деген ағасын хан қойыпты" деген де сөз бар. Өзбек тарихшысы Абдураимов өзінің 1966 жылы баспадан шыққан "Бұқара хандығындағы аграрлық қатынастар тарихы" деген кітабының 117 бетінде Надримүхаммед ханға наразы болған өзбек феодалдары бір қазақ сұлтанын Ходжентте хан деп жариялады деген мәлімет келтірген. Бұл адам сол кезде Бұхара хандығына белгілі, беделді әскербасы Самарқанд аймағының билеушісі Жалаңтөс батырдың туған атасы Ақша болуы да ғажап емес. Жалаңтөс баһадур 1656 жылы 80 жасында дүниеден қайтқан. Денесі Самарқанға жақын Дағбид қыстағына өзі пір тұтқан Мактым Ағзам әулие бейітінің қасына жерленген. Жалаңтөс баһадурдің әскери қолбасшылық қызметі, ұзақ жылдар Самарқанды билеген кездегі ақыл, нақыл, билік сөздері қазақ арасында көп тарала қоймаған. Ал, Өзбекстан тарихы мен әдебиетінде жиі кездесіп отырады. Өзбек Кеңес энциклопедиясы мен Өзбекстан тарихында оның әскери қолбасшылық қызметі мен билік жүргізген кездегі ғұмырнамасы жан-жақты жазылған. Бұл жағынан өзбек ағайындарға мың да бір рахмет. Енді біз Жалаңтөс би жөнінде зерттеулер жүргізіп, өзбек, орыс тілінде жарық көрген сол еңбектерді ана тілімізге тәржімалап халық көдесіне асыруымыз керек.
Дереккөздер
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhalantos bi Sejitkululy orta gasyrlardagy shygys elderi baһadүr dep atagan 1576 zhyl 1656 zhyl Samarkandtagy Buhara handarynyn kolbasshysy sayasatkeri gubernatory әmiri Syrdariyanyn saga zhagalauyn meken etken Alshyn elinin Әlimuly rulyk birlestiginen tarajtyn Tortkara ruynan shykkan Zhalantos BaһadүrTugan kezdegi esimiӘbdikәrimTolyk esimiZhalantos SejitkululyTugan kүni1576 zhylTugan zheriBuhara Buhara handygy nemese Syrdariyanyn saga zhagalauyn meken etken Tortkara elinde tugan Қajtys bolgan kүni1656 zhylҚajtys bolgan zheriSamarkanҚyzmetiӘskeri Zhetekshi SayasatkerӘkesiSejitkul TokpanulyOrtakkordagy Zhalantos BaһadүrZhalantostin Dagbitdegi molasyndagy kulpytasy Zhalantos bidin ata tegi kazak shezhiresinde bylaj taratylady Alau әmirden Қyduar tentek odan Қadyrkozha Қajyrbaj onyn uly Қarakesek odan Әlim Әlimnen Tortkara odan Orazgeldi Қarash Қarashtan Akpan Tokpan Tokpannan Sejitkul tugan Sejitkul babanyn segiz uly bolgan Onyn bәjbishesi Sary kempirden Sejitmәmbet Tolesh Aksha Akshadan Bәjbek odan atakty Әjteke bi tugan Ekinshi әjeli Қara kempirden Zhalantos Dүjsenbaj Mataj Қoyan tugan Bulardy Segiz Sejitkul dejdi eken el Sonda Әjteke bi men Zhalantos bir әke Sejitkuldan bolyp shygady Өzbek zhәne kazak batyry әskerbasy Samarkan әmiri Zhalantos Sejitkuly HVII HVIII gasyrlarda omir sүrgen Әjteke bidin atasy bolyp keledi 1581 zhylgy ashtyktan aman kalu kamymen Shygaj han men Zhalantos batyrdyn әkesi Sejitkul tuystarymen birge Buharaga zhakyn Nurata taularyna konys audardy Zhalantos batyr 12 zhasynan Tamdy zhәne Қyzylkum kazaktarynyn hany Dinmuhamedke kyzmet ete bastady Zhas kezinen ak zerdeliligi zhәne tozimdiligimen kozge tүsti Onyn aty halyk arasyna keninen tanyldy Ogan sol dәuirdin zhogary dәrezhesi Atalyk atagy berildi 1640 zhyly Zhalantos batyr kazak zhәne ozbek zherlerine shabuyl zhasagan kalmak hany Baturga karsy kol bastap ony zheniliske ushyratty 1643 zhyly Zhetisu zherine basa koktep kirgen zhongar kalmaktarymen sogysyp zhatkan Zhongir hanga 20 myn oskerdi komek retinde zhiberdi munyn ozi baskynshylardy talkandauga zor үles kosty 1649 zhyly Zhalantos batyr kazak kolyn baskaryp Buhar hany Abdul Aziz ben Iran patshalygynyn Horasan Balh үshin zhүrgizgen sogysynda zheniske zhetti Bul sogysta Buhar zhәne kazak handyktary ortak zhauga karsy kүres zhүrgizu үshin odaktyk kelisimge keldi Hotazhkuli bek Balhidyn Tarihi kypshaktar anyktamalygy mәlimetterinde kazak hany Zhәngir bul sogyska 100 myn adamdyk әskermen katyskany ajtylady Zhalantos batyr Tashkent pen Tүrkistanga үsh zhoryk zhasap Қabyl men Meshhedti bagyndyrdy Әskeri onerdi zhetik biletin keremet batyrlygymen danky zhajylgan daraboz kolbasshyga kyrgyz kalmak kazak handary Үndistannan Horezmnen zhәne Tibetten kymbat syjlyktar agyl tegil kelip zhatty Akademik M E Massonnyn ajtuy bojynsha bul syjlyktar ozinin sany men kuny zhagynan memleket kazynasyna tүsip zhatkan barlyk bajlyktan asyp tүsedi eken Bul bajlyktardy Zhalantos batyr әskerdi kamtamasyz etuge gana emes olarga arnap Samarkanda үlken kurylystar zәulim sarajlar men medreseler saluga zhumsady Zhalantos batyr Samarkannyn ortalygy Registanda 1619 1633 36 zhyldary Shirdor Arystan medresesi medresesi men 1647 1660 zhyldary Tillә Қari Altynmen aptalgan medresesin saldyrdy kejinirek olar bүkil elge әjgili boldy Bul arhitekturalyk gimarattar ozinin osemdigimen әdemiligimen dүjim zhurtty tandandyryp Shygystyn sәuletshilik onerinde erekshe oryn alady Zhalantos batyrdyn sүjegi Samarkannan 12 shakyrym zherde ornalaskan Dagbit kystauyndagy ziratka kojylgan Zhalantos batyrdyn urpaktary bul kүnde Қyzylorda oblysynyn Қazaly audanynda gumyr keshude ӨmirbayanyZhalantos bes zhaska kelgende Tortkara eli kuanshylykka zhokshylykka asharshylykka tap bolady Әkesi Sejitkul sol eldin basshysy Shygaj hanmen birge Buhar shaһaryna zhakyn Nurata tauly alkabyna koship baryp meken etedi Bul kezde Қyzylkum Nurata Tamdy toniregin zhajlagan eldi Dinmuhammed han bilep turgan Sol hanga Zhalantos bala 12 zhasynan shәkirt bolyp kyzmet etedi Osy kezden bastap ak onyn akyldylygy batyrlygy kalyptasa bastajdy Ol han sarajyndagy shәkirt balalarga zhastarga bas bolyp olarga tүrli әsker ojyndaryn үjretedi Handar biler kasynda zhүrip el baskaru isine katysady Imam kazhylardan imandylyk kajyrymdylyk zhәne bilim gylymga zejin koyady Olardyn kejbirimen shariyat kagidalary zhoninde ilim sajysyna tүsip ozinin bilgirligin үgympazdygyn tanytady Әsirese Fergananyn Қosan degen kystagynda tuyp osken Maktym Agzam degen ote bedeldi әulie bilimdar sofynyn nemeresi Hashim kozhamen zamandas pikirles bolady Sodan islam kagidalaryn mol igeredi Әkeli balaly Sejitkul men Zhalantos Nurata atyrabyn bilep turgan zhyldary ogan zhan zhaktan Қyzylkumda bytyrap koship zhүrgen Әlim Alshyn Shomekej tagy baska rularynyn auyl ajmaktary ozderi baryp kosylyp zhatkan Bul kezde Sejitkul men Zhalantos handygynyn sany 40 50 myn tүtinge zhetken Sol kazaktardyn bir handyk toniregine shogyrlanuy birinshiden syrtky shapkynshylardan saktanu bolsa ekinshiden agajyn tuyskandy sagalau edi Үshinshiden Sejitkku bi men Zhalantos batyrdyn el korgaudagy halykka kamkor boludagy zhan zhakka taralyp zhatkan atak danky sebep bolady Bir zholy mynadaj okiga bolypty Koktemnin alasapyran kauyrt tirshilik kezinde Zhalantos baһadүrdi izdep bir top attyly onyn ordasyna baryp tүsipti Surastyra kelse Shomekej bii bastagan adamdar eken Agajyn tuystar ozara shurkyrasyp tabysyp zhatady Қazirde Buhara oblysynyn Tamdy audanynda tүbi Shomekejge zhatatyn Kedej degen ru bar Kedej tarihi adam XVIII gasyrdyn birinshi zhartysynda omir sүrgen Әbilkajyr hannyn basty bilerinin biri Әbilkajyr olgen son ornyna Nuralyny han sajlauga katysyp ony bekitu turaly orys okimetine otinish zhasajtyn bilikti adamdar arasynda onyn da aty atalady Kedej zhәne onyn balasy Қoskulaktyn attary HUN HUSh gasyrlardagy orys kazak katynastary zhinagynda zhii kezdesedi Osy Kedejdin әkesi Zhәnibek onyn әkesi Ajtkku bi Ұrpaktarynyn ajtuy bojynsha Ajtkku bi Buhar Nurata taularynda koship zhүripti Songy uakytka dejin Nurataga zhakyn Қyzylkumda onyn atymen atalgan kystau orny bar Қazak shezhiresi bojynsha Әlim men Shomen Shomekej dep te ajtylady bir tuyskan Zhalantos batyr Әlimge alty atadan Әlim Tortkara Oraz Tokpan Sejitkүl Zhalantos sol siyakty Ajtkul bi de Shomenge alty atadan Shomen Shomekej Aspan Esimbet Tobet Ajtkul kosylady Demek Zhalantos batyr Shomekej ruynyn atakty Ajtkul biimen tustas zhәne konystas Endeshe Zhalantos batyrga karagan kazak kauymynyn bir toby Shomekej ruynan bolgany Muny tolyktyra tүsetin tary bir dәlel Buhara oblysynyn Ғizhdugan audanynda birneshe kyshlak bolyp otyrgan ozinin tүbi kazaktyn Shomekej ruynyn Balky tajpasy Temir atalygynanbyz dejtin ozbekter bar Olar Қazan tonkerisine dejin kazirgi Tamdy audanynda tүratyn Balky tajpasyna zhatatyn kazaktarmen agajynshylyk karym katynas zhasap kelgen Negizgi urpagy ozbek arasynda kalgan osy Temir Balky da Shomenge bes ata Shomen Shomekej Bozgyl Salky Temir Yagni Zhalantos dәuirinin izi zhone osy dәuirde ozbek pen kazaktyn birsypyra uakyt konystas boluynyn nәtizhesi Zhalantos batyr talaj talaj sogys shajkastardy basynan otkeredi Sonyn bәrinde ol askan batyr kolbasshy ekenin tanytady Sol dәuirdegi en zhogargy lauazym Atalyk baһadүr kolbasshy dep el zhurt atap ketedi 1640 zhyly kazak pen ozbek zherine shabuyl zhasagan kalmak hany Batyrga karsy sogysta Zhalantos baһadүr әskerge kolbasshylyk etip zhaudy kүjrete zhengen 1643 zhyly Zhetisu olkesine basyp kirgen kalmak zhongar feodaldaryna karsy shajkasyp zhatkan Zhәngir hannyn әskerine Zhalantos batyr bastagan Samarhannan 20 myn kol komekke kelgen Baskynshylardy ojsyrata zhenuge zhәrdemdesken 1649 zhyly Buhar hany Abdulәziz ben Iran patshalygy arasynda Horasan men Balh үshin bolgan sogysta Zhalantos batyr әskerge sheber basshylyk etip zhaudy zhenip shykkan Bul sogysta Buhar men Қazak handyktary ortak zhauga karsy odak kurgan Horasan Balh shaһarlaryndagy sol sogysta Zhalantos erlikpen kosa әrtүrli ajla tәsilder de koldanady Kimde kim ok atpaj kylysh najza kezenbej oz erkimen kolga tүsse ogan zhaza koldanbajmyn Zher beremin үjli zhajly boluyna zhagdaj zhasajmyn Sarbaz bola ma sarajda zhumys istej me egis ege me ozderinin kalaganyn beremin dep barlaushylardy үstin үstin zhiberedi Osyndaj kantogissiz әreketterdin arkasynda Iran Horasan zhagynyn zhok zhukana kedej kembagal sarbazdary lek legimen Zhalantos kolyna kosylyp zhatady Tarihi Қypshaki atty enbektin avtory Hozhamkүli bek Balhidin zhazuyna karaganda kazak hany Zhәngir han osy shajkaska zhүz myn әskerimen katyskan Zhalantos batyr Tashkent pen Tүrkistanga үsh ret zhoryk zhasagan Kabul men Meshhedti bagyndyrgan Erligimen sogys onerin zhaksy biletindigimen danky zhajylgan talantty kolbasshyga Үndistannan Horezmnen kyrgyz kalmak kazak kashkar handarynan tipti Tibetten de kymbat tartular kelip tүrgan Zhalantos batyr men hany Abdulәziz kasynda ozbek kazak zhigitteri bar Alshynbek bimen Zhajkүn ozeninen otip Geratka zhetedi Ertenine olar Shyganak koli zhanyndagy shagyn kalaga toktap tynys alady Kop keshikpej ak ol eldin patshalygynyn әskerimen Fathabadta kezdesedi Bul kystak shaһarga zheti shakyrymdaj zherde bolatyn Kelesi kүni tүndeletip barlaushylar shygady Ertenine tan atkannan kүn batkansha sogysady Sogys eki ajga sozylady Talaj kaktygys shajkastar bolady Talaj zhigitter batyrlarsha shajkasady Shejit bolgandar da az bolgan Osy sogysta Zhalantos batyr erekshe erlik zhasap әskerin sheber baskarady Akademik M E Massonnyn ajtuynsha zhenimpaz Zhalantos batyrga syrttan kelgen syj siyapattardyn molsheri memleketke tүsken kazyna bajlygynan asyp tүsken Ol osy karazhat bajlykka әsker ustaumen katar souletti sarajlar medreseler turgyzgan Registan ortalygyna atakty Shifdor Arystandy Tillә kari Altynmen aptalgan medreselerin saldyrgan Sojtip Zhalantos kolbasshy Samarkan shaһaryn onyn atyrabyn kyryk zhyl bilegen Өzbek kazaktar ozimizdin kamkor baһadүrymyz dep kurmet korsetken Resej tarihshysy P Ivanov ozinin Orta Aziya tarihynyn ocherkteri degen kitabynda Abdulaziz hannyn atalygy Yalantush bi XVII gasyrda Ұly Mogoldarga Үndistan karasty bolgan Kabul kalasynyn toniregine zhәne Irannyn Horasan ajmagyna zhojkyn shabuyldar zhasady Koptegen tutkyndar alyp kajtty Onyn ozinin ieliginde 3000 daj kul boldy Sol kuldardyn kүshimen Samarkandta medreseler turgyzdy dep zhazdy Ogan Zhalantostin sol zhoryktary negizinen әlgide atalgan Hozhamkүlibek Balhidyn 1722 1725 zhyldar arasynda zhazgan Tarihi Kypshaki dep atalatyn enbeginde de bayandalgan Nadrimүhammed hanga narazy bolgan ozbek feodaldary ony handyktan tүsirip onyn ornyna 1645 zhyly onyn үlken uly Abdulazizdi han koyady Ұly mogoldarga karsy kүresuge oz kүshi zhetpejtinin tүsingen Abdulәziz han zhәne baska da ozbek shonzhalary Tashkent Samarkand ajnalasyndagy kazak sultandarynan komek surajdy Akyrynda bir lek 100 myn kazak zhasagymen tolyktyrylgan үlken kolmen Abdulәziz han men Zhalantos batyr zhorykka shygyp uly Mogoldar әskerin kyrgynga ushyratyp kuady Kop tutkyn zhәne olzha kolga tүsedi Mine osy zhorykta Zhalantos batyrdyn kolbasshylyk kabileti erligi ajryksha kozge tүsedi Zhalantos baryp hanyn taktan tүsirip Aksha degen agasyn han kojypty degen de soz bar Өzbek tarihshysy Abduraimov ozinin 1966 zhyly baspadan shykkan Bukara handygyndagy agrarlyk katynastar tarihy degen kitabynyn 117 betinde Nadrimүhammed hanga narazy bolgan ozbek feodaldary bir kazak sultanyn Hodzhentte han dep zhariyalady degen mәlimet keltirgen Bul adam sol kezde Buhara handygyna belgili bedeldi әskerbasy Samarkand ajmagynyn bileushisi Zhalantos batyrdyn tugan atasy Aksha boluy da gazhap emes Zhalantos baһadur 1656 zhyly 80 zhasynda dүnieden kajtkan Denesi Samarkanga zhakyn Dagbid kystagyna ozi pir tutkan Maktym Agzam әulie bejitinin kasyna zherlengen Zhalantos baһadurdin әskeri kolbasshylyk kyzmeti uzak zhyldar Samarkandy bilegen kezdegi akyl nakyl bilik sozderi kazak arasynda kop tarala kojmagan Al Өzbekstan tarihy men әdebietinde zhii kezdesip otyrady Өzbek Kenes enciklopediyasy men Өzbekstan tarihynda onyn әskeri kolbasshylyk kyzmeti men bilik zhүrgizgen kezdegi gumyrnamasy zhan zhakty zhazylgan Bul zhagynan ozbek agajyndarga myn da bir rahmet Endi biz Zhalantos bi zhoninde zertteuler zhүrgizip ozbek orys tilinde zharyk korgen sol enbekterdi ana tilimizge tәrzhimalap halyk kodesine asyruymyz kerek DerekkozderDalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647 Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3