Виктор Мари Гюго (фр. Victor Marie Hugo; 26 ақпан 1802 жыл, , Франция – 22 мамыр 1885 жыл, Париж) — француз жазушысы, ақыны және драматургы, дүние жүзіндегі ең көп оқылатын прозашылардың бірі. Француз романтизмнің бас фигураларының бірі, саяси және қоғам қайраткері, Сена департаментіен Франция сенаторы (1876—1885). Француз академиясының мүшесі (1841).
Виктор Мари Гюго | |
Victor Marie Hugo | |
Туған кездегі есімі | Виктор Мари Гюго |
---|---|
Туған күні | |
Қайтыс болған күні | |
Азаматтығы | |
Мансабы | Жазушы (ақын, прозашы және драматург) |
Қолтаңбасы |
|
Өмірбаян
Виктор Гюго Безансондағы Наполеон армиясының полковнигі, кейіннен генерал болған әскери адамның отбасында 1802 жылы 26 ақпанда дүниеге келді. Әкесі Жозеф Леопольд Сижисбер Гюго әскери бригада командирі болып тағайындалған уақытта Виктор онымен бірге Наполеон әскерінің жорықтарына қатысып, Италия және Испания елдерінде болған. Күйеуі генерал шенін алғанда мадам Гюго Испанияға келеді. Мектептің қатал тәртібін көрумен бірге Гюго осында испан тілін де үйренеді. Келешек «Эрнани» мен «Рюи Блаз» авторының қиялын қанаттандырған да кезінде Испаниядан алған әсерлері болды. Содан соң Парижге қайта оралып, алдымен пансионда, кейін колледжде білім алды. Оның ақындық қабілеті ерте байқалып, 18 жасында «Поэзия магистрі» деген атақ алды. Реставрацияның алғашқы жылдарында реакциялық романтизм бағытын ұстанып, одан тек 20-шы жылдары ғана арылады.
Колледж бітірген соң Гюго ағаларымен бірге анасының қолында тұрады. Анасы баласының жазуға деген бейімділігін байқап, әдебиетке жасаған алғашқы қадамдарында түрлі ақыл-кеңестер беріп, жақсы көмегін тигізеді.
1819 жылдың желтоқсанынан бастап В.Гюго «Әдеби консерватор» журналын шығара бастайды. Журналдың атынан-ақ оның Шатобрианның «Консерватор» журналына еліктейтінін және басылымның саяси ғана емес, әдеби бағытта болғаны байқалады. Мұнда жарияланған шығармаларынан Гюгоның монархистік, реалистік көзқарастарын аңғаруға болады. Оның «Герцог Беррийскийдің қазасына» деген одасы сарайдағылардың көңілінен шығады. Сонымен бірге, В.Гюго «Әдеби консерватор» журналының беттерінде тек ақын ғана емес, әдебиет және театр сыншысы және жазушысы ретінде де танылады.
Жас ақынның әдебиетшілер арасында достары, таныстары көбейе бастайды. Жастар жиналған Эмиль Дешан салонында әдебиетте енді пайда болған жаңа ағым – романтизм туралы көп айтылатын еді.
1851 жылдың 2 желтоқсанындағы саяси төңкеріс кезінде Франциядағы үкімет билігін екінші республиканың президенті Луи Бонопарт өз қолына алады. Демократ әрі республикашыл Гюго бүкіл жан-тәнімен Луи Бонопарт секілді узурпаторға қарсы шығады. 1852 жылы жаңа билеуші өзін император Наполеон ІІІ-мін деп жариялағанда, императормен ешқандай келісімге келе алмаған азғантай топтың ішінде Гюго да болады. Сөйтіп, ол Франциядан кетіп қалады. Гюгоның узурпаторға деген бұл қарсылығы Наполеон тақтан түскенше, яғни 1870 жылға дейін жалғаса береді.
Император Гюгоға «Мен сені кешіремін, Францияға қайта орал» деп ұсыныс жасағанда, Гюго: «Мен Францияға азаттық орнағанда ғана қайта ораламын» деп жауап берген екен. Гюго Францияға француз-прусс соғысы кезінде қайта оралды. Францияның күйреуі, тапталуы жазушының жанын ауыртады. Өзінің беделіне, атағына сенген Гюго пруссактарға соғысты тоқтату жөнінде ұсыныс жасайды. Бірақ бұдан еш нәтиже шықпайды, пруссактар жазушының бұл үндеуіне құлақ аспай, француз халқын әбден езген, азапқа, жоқшылыққа салған соғыс жалғаса береді.
Гюгоның Париж коммунасына деген көзқарасы да қарама-қайшылыққа толы болды. Деспотизмді жек көрген жазушы коммунарлардың бостандық үшін жан аямай соғысып жатқан ерлігіне тәнті болып, бас игенімен, олардың революциялық террорлық тәсілін құптамады. Бірақ Коммуна жеңілгеннен кейін оған қатысушыларды азаптап жатқанда, жазушы батылдықпен коммунарларды жақтап шығады.
1881 жылы 27 ақпанда Гюго 80 жасқа толғанда оның мерейтойы тойланады. Бұл Франциядағы нағыз ұлттық мереке болады. 500 мыңдай адам Гюгоның үйінің жанынан жазушыны «ұлттың ұлы ақыны» ретінде жаяу құттықтап өтеді. Бүкіл халық болып ақынға үлкен қошемет көрсетіп, оның үйін гүлге толтырып тастайды. Париж театрының сахнасында атақты француз актрисасы Сара Бернардың қатысуымен драматургтың «Эрнани» спектаклінің жүзінші қойылымы көрсетіледі. Бірнеше күннен соң Сенат орнынан тұрып үш қайтара қол соғумен Виктор Гюгоға ұлттың ең жоғарғы құрметі көрсетілгенін хабарлайды. Осы триумфтық жетістіктердің бәрін ақынның сенімді серігі болған Жюльетта Друэ бөлісіп, жанында болады. Гюго 83 жасқа толғанда дүниеден өтеді.
Гюго шығармашылығы
Гюго 60 жылдан аса уақыт жазды. Оның әдеби мұрасы өте бай. Жазушының артында: 26 том өлеңдер жинағы, 20 том романы, 12 том драмалары мен 21 том философиялық және теориялық еңбектері қалды. Сонда барлығы 79 том әдеби мұрасы қалды. Гюго 20 жасқа келген кезінде «Одалар» жинағын шығарады. Шығармашылығының алғашқы қадамын римдік ақындар Гораций, Лукиан, Вергилийді аударумен, француз классигі Делильдің мәнерінде элегиялар және ХУІІ-ХУІІІғғ. үлгісінде трагедиялар, комедиялар жазумен бастады. Өлең жазуды он төрт жасында жақсы меңгерген Гюго 16 жасында әдебиеттегі өз орнын алуға ұмтылыс жасайды. Француз жазушысы Шатобрианның даңқына жетуді армандаған ол: «Мен басқа ешкім емес, тек Шатобриан болғым келеді» деген. Әдебиетке осындай қадам жасаған Гюго 1819 жылы Тулуздағы гүлдер ойыны академиясының сыйлығын жеңіп алады. Мұны көрген әкесі Викторды политехникалық мектеп студенті болса деген тілегінен бас тартады және 1818 жылы түскен құқық қорғау сабақтарын 1821 жылы тастап кеткенде де қарсы болмайды. Жазушының алғашқы кезеңдегі шығармалары реакциялық романтизммен байланысты болды. «Одалар мен балладалардың» (1822) бірінші томында ақын революцияны қатты сынға алады. Тиранияны жек көруі және азап шеккендерді қорғау («Ган Исландиялық» 1821; «Бюг Жаргаль» 1823) секілді мәселелер Гюгоның монархиялық және аристократиялық ұстанымдарымен қарама-қайшы келіп отырады. «Одалар» кітабы үшін оған айына 1200 франк төлем тағайындалды. Өлеңдер жинағы Гюгоға сарайдан корольдік төлем әпергенімен қоғамда ақын ретінде танытқан жоқ. Гюгоның әдеби тырнақалды туындысына «Бюг Жаргаль» (1820) және готикалық стильде жазылған «Ган Исландық» (1823) атты екі романын жатқызуға болады. Олар алғаш «Әдеби консерватор» журналында 1826 жылы өңделіп, жеке кітап болып басылып шықты. Мұнда жас жазушының реалистік, гуманистік көзқарастары байқалады. «Бюг Жаргаль» романындағы оқиға 1791 жылы сол кезде Франция колониясы болған Сан-Доминго аралында өтеді. 1826 жылы Гюго алдыңғы қатарлы романтик жазушылардың басын біріктірген, «Француз музасы» журналы жанынан «Сенакль» үйірмесін құрды. Осы кезден бастап оның шығармашылық жолы жан-жақты дами бастайды. Гюгоның жанында А. де Виньи, А де Сен-Вальри, Ш.Нодье, Э.Дешан, А де Ламартин секілді әдебиетшілер болды. Аталған қоғам мүшелері Арсенал кітапханасының сақтаушысы Нодье салонында жиі кездесіп отырды. Соның ішінде Гюго өзінің «Одалар мен балладалар» еңбегін мақтап, рецензия жазған Ш.Сент-Бевпен тығыз қарым-қатынаста болды. 1827 жылы Гюго өзінің ағылшын буржуазиялық революциясына қатысты алғашқы тарихи драмасын жазады. «Кромвель» атты бұл романын жазу жазушының жаңа позиция – прогрессивті романтизмге өтуіне себеп болды. Өзінің бұрынғы саяси және әдеби көзқарасына сын көзімен қайта қараған Гюго ұстанған бағытының қате екендігіне көз жеткізді. Сөйтіп 1830 жылғы шілде революциясын қуана қарсы алды. Осыған дәлел ретінде «Париждік әулиеананың соборы» атты тарихи романын жазды. Жалпы Гюгоның саяси көзқарасы бүкіл шығармашылық жолында тұрақсыз әрі қарама-қайшылыққа толы болған. Ақын шығармашылығы жемісті және жан-жақты дами бастады. 1829 жылы формасы да, мазмұны да жаңаша түрдегі «Шығыс әуендері» атты жинақ, сол жылы «Өлім жазасына кесілген жанның соңғы күні» повесі, драмалық «Кромвель» (1827), «Марион де Лорм» (1829), «Эрнани» (1830) шығармаларын бастырып шығарды. Әсіресе, 1825-1828 жылдары жазған өлеңдерінен құралған «Шығыс әуендері» атты жинағы оқырмандарды өзінің жаңашылдығымен таң-тамаша етті. Ақын грек патриоттарының ерлігін дәріптеп, грек халқының азаттық күресіне көмектесуге шақырады. Бұл ойлары оның «Серальдегі бастар», «Канари», «Қаланы алу», «Нәресте» шығармаларында анық көрінеді. Бұл шығармаларынан Гюго шығармашылығының азаматтыққа, демократияға бет бұрғанын көреміз. Гюго драма жанрында өнімді еңбек етті. Атап айтқанда, 1829-1843 жылдар аралығында «Корольдің көңіл көтеруі» (1832), «Мария Тюдор», «Лукреция Борджиа» (1833), «Анджело» (1835), «Рюи Блаз» (1838) және «Бургграф» (1843) драмалары жатады. Гюго суретті де жақсы салатын еді. Өзінің 70 жылдық шығармашылық жолында Гюго драматург, романист қана болған жоқ, сонымен бірге ірі лирик ақын да болды. Оның лирикасының мотивтері әралуан болып келеді. Алғашқы жинақтарының бірі «Шығыс әуендері» – классицизм өнерімен күрес кезінде жазылған.
Жазушы 1834-1843 жылдар аралығында көптеген елдерге саяхат жасады. Бұл саяхаттар оның дүниеге көзқарасын кеңейтіп, жетіле түсуіне көмектесті. Шығармашылық табыстарға қол жеткізген кезеңінде Гюго төрт өлеңдер жинағын шығарды: 1831 жылы – «Күзгі жапырақтар»; 1835 жылы – «Ымырт жырлары»; 1837 жылы – «Ішкі дауыстар»; 1840 жылы – «Сәулелер мен көлеңкелер». Бұл шығармалардың бәрі де Гюгоның шығармашылық тұрғыдан толысқанын көрсетеді. «Күзгі жапырақтар» атты өлеңдер жинағына ақын бейбіт, мамыражай, отбасылық өмірді, өзін-өзі тану жырларын енгізсе; «Ымырт жырларына» мазасыздық, қауіпті күту секілді саяси жырларын енгізген. «Сәулелер мен көлеңкелерде» мәңгі ескірмейтін тақырыптар: махаббат, балалық шақ, табиғат тақырыбына қатысты лирикаларын топтастырған. «Ішкі дауыстарындағы» ақынның оқыған адамның жүрегін дір еткізер өлеңдері есі ауысқан жандарға арналған ауруханада жатып қайтыс болған ағасы Эженге арналған еді.
Қоғамдағы теңсіздік, әділетсіздік мәселесі Гюгоны шығармашылығының ерте кезеңінде-ақ толғандырған болатын. 1827 жылы Париждегі Бисетр түрмесін, 1834 жылы Брестегі; 1839 жылы Тулондағы каторгаларды барып көруі оның жан-дүниесін астаң-кестең етті. Түрмедегілерге деген аянышты сезімі көтеріліске қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген жұмысшы туралы жазылған «Клод Ге», «Өлім жазасына кесілген жанның соңғы күні» (1834) повестерінің тууына себеп болды. Ақынның «Зауалы» (сатиралық өлеңдер жинағы) француз поэзиясындағы ең ызалы, ашуға, кекке толы кітап болып есептеледі. Бұл кітаптағы өлең жолдары ызалы сөздерден тұрады, кей жерлерінде тіпті кәдімгі ұрыс-керіс сөздері де кездеседі. Шығармашылығындағы он үш жылғы үнсіздіктен кейінгі ақынның бұл еңбегі өте табысты болып, халық ерекше ықыласпен қабылдаған. Гюго әдеби шығармашылығымен қатар саясаттан да қол үзбеді. 1867 жылы өзі шығаратын «Гернисей үні» газетінің беттерінде Наполеон ІІІ-нің іс-әрекетін әшкерелеп отырды. Бұған ерегіскен император үкіметі Гюго шығармаларын театрда қоюға тыйым салды. 1851 жылдың 2 желтоқсанында мемлекеттік төңкеріске қарсы болғаны үшін Гюго Франциядан қуылып, 19 жыл шетелде жүрді. 1852 жылы Наполеон ІІІ-нің авантюрасын әшкерелейтін «Бір қылмыстың тарихы» (1-2 том), «Кіші Наполеон» атты саяси памфлетін жазды.
Париж қоршауда болған күндерде ол қиыншылыққа шыдап, «Зауал» кітабының қаламақысын түгелімен жаңадан қару жасауға аударады. 1872 жылы қаңтарда болған сайлауда өз кандидатурасын ұсынған Гюгоны ұсақ буржуазия өткізбей қояды. Сол жылы ол пруссактардан отанын қорғауға белсене қатысады. Сонымен бірге, Мишель баспасынан «Қаһарлы жыл» атты өлеңдер жинағын шығарады. «Қаһарлы жыл» жинағы шыққаннан кейін көп ұзамай Париждің қарбалас өмірінен және өз үйіне маза бермеген саясаткерсымақтардан қажыған ол Парижге оралады. Осында ол бар шығармашылығының ақтық өсиеті іспетті болған «Тоқсан үшінші жыл» романын жазуды бастайды. 1873 жылы романды жазып бітіреді.
Гюго өмірінің соңғы жылдарында ақын ретінде Францияның ұлттық мақтанышына айналады. Кітаптарының қайта басылымдары оны өте бай адамдар санатына қосады. 1876 жылы қаңтарда оны Сенатқа сайлайды. Алайда өмірінің ақтық күні жақындап қалған еді. 1878 жылы 27 маусым күні түнде оның миына қан құйылады. Одан оңалып, сауыққандай болғанымен, жазуды тоқтатады. Ол үндемейтін, тұнжыраған күйге түседі, ешкімді қабылдамайды. Ол өсиеттер жазды. Оның ішінде мынадай сөздер бар еді: «Мен барлық шіркеудің уағыздарынан бас тартамын; Мен барлық жандарға дұға бағыштауды талап етемін; Мен құдайға сенемін». 1885 жылы 15 мамырда жүрек инфарктын алған Гюго өкпесі қабынып ауырады. Содан оңала алмаған күйінде сүйгені Жюльетта Друэнің туған күнінде: «мен қараңғы жарықты көріп тұрмын» деген сөздерді айтып жатып қайтыс болады.
Шығармалары
Поэзия
- Одалар және поэзиялық тәжірибелер (Odes et poésies diverses, 1822).
- Одалар (Odes, 1823).
- Жаңа одалар (Nouvelles Odes, 1824).
- Одалар және балладалар (Odes et Ballades, 1826).
- Шығыс мақамдары (Les Orientales, 1829).
- Күзгі жапырақтар (Les Feuilles d’automne, 1831).
- Les Chants du crépuscule, 1835.
- Les Voix intérieures, 1837.
- Les Rayons et les ombres, 1840.
- Les Châtiments, 1853.
- Les Contemplations, 1856.
- Les Chansons des rues et des bois, 1865.
- L’Année terrible, 1872.
- L’Art d'être grand-père, 1877.
- Le Pape, 1878.
- L'Âne, 1880.
- Les Quatres vents de l’esprit, 1881.
- La Légende des siècles, 1859, 1877, 1883.
- La fin de Satan, 1886.
- Dieu, 1891.
- Toute la lyre, 1888, 1893.
- Les années funestes, 1898.
- Dernière Gerbe, 1902, 1941.
- Océan. Tas de pierres, 1942.
Драматургиясы
- Инес де Кастро (Inez de Castro, 1819/1820)
- Кромвель (Cromwell, 1827).
- Эми Робсарт (Amy Robsart, 1828, опубликована 1889).
- Марион Делорм (Marion de Lorme, 1829).
- Эрнани (Hernani, 1829).
- Le roi s’amuse, 1832.
- Лукреция Борджиа (Lucrèce Borgia, 1833).
- Мария Тюдор (Marie Tudor, 1833).
- Анджело, Падуан тираны (Angelo, tyran de Padoue, 1835).
- Рюи Блаз (Ruy Blas, 1838).
- Бургграфтар (Les Burgraves, 1843).
- Торквемада (Torquemada, 1882).
- Еркін театр. (Théâtre en liberté, 1886).
Романдар
- Исландиялық Ган (Han d’Islande, 1823).
- Бюг-Жаргаль (Bug-Jargal, 1826)
- Өлім жазасына тағайындалғанның соңғы күні (Le Dernier jour d’un condamné, 1829).
- (Notre-Dame de Paris, 1831).
- Клод Гё (Claude Gueux, 1834).
- Les Misérables, 1862.
- Les Travailleurs de la Mer, 1866.
- L’Homme qui rit, 1869.
- Quatrevingt-treize, 1874.
Публицистика және эссе
- Мирабо жайлы этюд (Étude sur Mirabeau, 1834).
- Әдеби және философиялық тәжірибелер (Littérature et philosophie mêlées, 1834)
- Рейн. Досыма хаттар (Le Rhin, 1842).
- Кіші Наполеон (Napoléon le Petit, 1852).
- Луи Бонапартқа жолдаған хаттар (Lettres à Louis Bonaparte, 1855).
- Вильям Шекспир (William Shakespeare, 1864).
- Париж (Paris-Guide, 1867).
- La voix de Guernsey, 1867.
- Avant l’exil, 1875.
- Pendant l’exil, 1875.
- Depuis l’exil, 1876, 1889.
- Бір қылмыстың хикаясы (Histoire d’un crime, 1877—1878).
- Religions et religion, 1880.
- Ұлым (Mes Fils, 1874).
- Архипелаг Ла Манш (L’Archipel de la Manche, 1883).
- Choses vues, 1887, 1900.
- Альпы және Пиреней (Alpes et Pyrénées, 1890).
- Франция және Бельгия (France et Belgique, 1892).
- Post-scriptum de ma vie, 1901.
Тарихи зерде
- Париждегі Виктор Гюго мұражайы.
- Сорбоннадағы Виктор Гюго ескерткіші, мүсінші .
- Люксембургтағы Виктор Гюго мұражайы. Годен жасаған кеуіт.
- Санкт-Петербургтегі Эрмитаждағы ескерткіш (Автор — )
- Меркуриида Виктор Гюгоның құрметіне кратер аталған.
- Вьетнамдық дінінде Виктор Гюгонц киелі деп есептейді..
Музыкалық театрда қойылымдары
- 1830 — «Эрнани» (опера), композитор Винченцо Беллини
- 1836 — « (опера), композитор
- 1839 — « (балет), композитор
- 1839 — « (опера), композитор
- 1844 — « (опера), композитор Джузеппе Верди
- 1851 — « (опера), композитор Джузеппе Верди
- 1862 — «Марион Делорм» (опера), композитор
- 1869 — «Рюи Блаз» (опера), композитор
- 1876 — « (опера), композитор
- 1885 — «Марион Делорм» (опера), композитор
- 1880 — «Марион Делорм» (опера), композитор
- 1880 — « (опера), композитор
- 1914 — « (балет), композитор
- 1980 — « (мюзикл), композитор К.-М. Шёнберг
- 1998 — « (мюзикл), композитор
Дереккөздер
- Hugo, Victor (1802 - 1885) [sv - KulturNav].
- Француз транскрипциясы бойынша — Юго
- История зарубежной литературы ХІХ века. Елизарова М.Е., Гиждеу С.П., Колесников Б.И., Михальская Н.П. Москва, Просвещение, 1972
- История зарубежной литературы ХІХ века. Под ред. Н.А.Соловьевой. Москва, Высшая школа, 2000
- Зарубежная литература. С.В.Тураев, И.Б.Дюшен, Г.А.Могилевская, А.А.Тахо-Годи. Москва, Просвещение, 1975
- Caodaism : A Vietnamese-centred religion. Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 маусым 2012. Тексерілді, 8 мамыр 2009.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Viktor Mari Gyugo fr Victor Marie Hugo 26 akpan 1802 zhyl Franciya 22 mamyr 1885 zhyl Parizh francuz zhazushysy akyny zhәne dramaturgy dүnie zhүzindegi en kop okylatyn prozashylardyn biri Francuz romantizmnin bas figuralarynyn biri sayasi zhәne kogam kajratkeri Sena departamentien Franciya senatory 1876 1885 Francuz akademiyasynyn mүshesi 1841 Viktor Mari GyugoVictor Marie HugoTugan kezdegi esimiViktor Mari GyugoTugan kүni26 akpan 1802 1802 02 26 Қajtys bolgan kүni22 mamyr 1885 1885 05 22 83 zhas AzamattygyFranciyaMansabyZhazushy akyn prozashy zhәne dramaturg ҚoltanbasyӨmirbayanViktor Gyugo zhas kezindeKvazimodo Alfred Barbudyn Viktor Gyugo zhәne onyn dәuiri kitabynan gravyura 1881Bryusseldegi Gyugo emigrant turgan үjGyugo Dzherside Foto 1853Ғazhajyp pejzazh Dzhersidegi zhartastar Viktor Gyugo suretiGyugo ozi ujymdastyrgan balalar mejramynda 1882 Viktor Gyugo Bezansondagy Napoleon armiyasynyn polkovnigi kejinnen general bolgan әskeri adamnyn otbasynda 1802 zhyly 26 akpanda dүniege keldi Әkesi Zhozef Leopold Sizhisber Gyugo әskeri brigada komandiri bolyp tagajyndalgan uakytta Viktor onymen birge Napoleon әskerinin zhoryktaryna katysyp Italiya zhәne Ispaniya elderinde bolgan Kүjeui general shenin alganda madam Gyugo Ispaniyaga keledi Mekteptin katal tәrtibin korumen birge Gyugo osynda ispan tilin de үjrenedi Keleshek Ernani men Ryui Blaz avtorynyn kiyalyn kanattandyrgan da kezinde Ispaniyadan algan әserleri boldy Sodan son Parizhge kajta oralyp aldymen pansionda kejin kolledzhde bilim aldy Onyn akyndyk kabileti erte bajkalyp 18 zhasynda Poeziya magistri degen atak aldy Restavraciyanyn algashky zhyldarynda reakciyalyk romantizm bagytyn ustanyp odan tek 20 shy zhyldary gana arylady Kolledzh bitirgen son Gyugo agalarymen birge anasynyn kolynda turady Anasy balasynyn zhazuga degen bejimdiligin bajkap әdebietke zhasagan algashky kadamdarynda tүrli akyl kenester berip zhaksy komegin tigizedi 1819 zhyldyn zheltoksanynan bastap V Gyugo Әdebi konservator zhurnalyn shygara bastajdy Zhurnaldyn atynan ak onyn Shatobriannyn Konservator zhurnalyna eliktejtinin zhәne basylymnyn sayasi gana emes әdebi bagytta bolgany bajkalady Munda zhariyalangan shygarmalarynan Gyugonyn monarhistik realistik kozkarastaryn angaruga bolady Onyn Gercog Berrijskijdin kazasyna degen odasy sarajdagylardyn konilinen shygady Sonymen birge V Gyugo Әdebi konservator zhurnalynyn betterinde tek akyn gana emes әdebiet zhәne teatr synshysy zhәne zhazushysy retinde de tanylady Zhas akynnyn әdebietshiler arasynda dostary tanystary kobeje bastajdy Zhastar zhinalgan Emil Deshan salonynda әdebiette endi pajda bolgan zhana agym romantizm turaly kop ajtylatyn edi 1851 zhyldyn 2 zheltoksanyndagy sayasi tonkeris kezinde Franciyadagy үkimet biligin ekinshi respublikanyn prezidenti Lui Bonopart oz kolyna alady Demokrat әri respublikashyl Gyugo bүkil zhan tәnimen Lui Bonopart sekildi uzurpatorga karsy shygady 1852 zhyly zhana bileushi ozin imperator Napoleon III min dep zhariyalaganda imperatormen eshkandaj kelisimge kele almagan azgantaj toptyn ishinde Gyugo da bolady Sojtip ol Franciyadan ketip kalady Gyugonyn uzurpatorga degen bul karsylygy Napoleon taktan tүskenshe yagni 1870 zhylga dejin zhalgasa beredi Imperator Gyugoga Men seni keshiremin Franciyaga kajta oral dep usynys zhasaganda Gyugo Men Franciyaga azattyk ornaganda gana kajta oralamyn dep zhauap bergen eken Gyugo Franciyaga francuz pruss sogysy kezinde kajta oraldy Franciyanyn kүjreui taptaluy zhazushynyn zhanyn auyrtady Өzinin bedeline atagyna sengen Gyugo prussaktarga sogysty toktatu zhoninde usynys zhasajdy Birak budan esh nәtizhe shykpajdy prussaktar zhazushynyn bul үndeuine kulak aspaj francuz halkyn әbden ezgen azapka zhokshylykka salgan sogys zhalgasa beredi Gyugonyn Parizh kommunasyna degen kozkarasy da karama kajshylykka toly boldy Despotizmdi zhek korgen zhazushy kommunarlardyn bostandyk үshin zhan ayamaj sogysyp zhatkan erligine tәnti bolyp bas igenimen olardyn revolyuciyalyk terrorlyk tәsilin kuptamady Birak Kommuna zhenilgennen kejin ogan katysushylardy azaptap zhatkanda zhazushy batyldykpen kommunarlardy zhaktap shygady 1881 zhyly 27 akpanda Gyugo 80 zhaska tolganda onyn merejtojy tojlanady Bul Franciyadagy nagyz ulttyk mereke bolady 500 myndaj adam Gyugonyn үjinin zhanynan zhazushyny ulttyn uly akyny retinde zhayau kuttyktap otedi Bүkil halyk bolyp akynga үlken koshemet korsetip onyn үjin gүlge toltyryp tastajdy Parizh teatrynyn sahnasynda atakty francuz aktrisasy Sara Bernardyn katysuymen dramaturgtyn Ernani spektaklinin zhүzinshi kojylymy korsetiledi Birneshe kүnnen son Senat ornynan turyp үsh kajtara kol sogumen Viktor Gyugoga ulttyn en zhogargy kurmeti korsetilgenin habarlajdy Osy triumftyk zhetistikterdin bәrin akynnyn senimdi serigi bolgan Zhyuletta Drue bolisip zhanynda bolady Gyugo 83 zhaska tolganda dүnieden otedi Gyugo shygarmashylygyGyugo 60 zhyldan asa uakyt zhazdy Onyn әdebi murasy ote baj Zhazushynyn artynda 26 tom olender zhinagy 20 tom romany 12 tom dramalary men 21 tom filosofiyalyk zhәne teoriyalyk enbekteri kaldy Sonda barlygy 79 tom әdebi murasy kaldy Gyugo 20 zhaska kelgen kezinde Odalar zhinagyn shygarady Shygarmashylygynyn algashky kadamyn rimdik akyndar Goracij Lukian Vergilijdi audarumen francuz klassigi Delildin mәnerinde elegiyalar zhәne HUII HUIIIgg үlgisinde tragediyalar komediyalar zhazumen bastady Өlen zhazudy on tort zhasynda zhaksy mengergen Gyugo 16 zhasynda әdebiettegi oz ornyn aluga umtylys zhasajdy Francuz zhazushysy Shatobriannyn dankyna zhetudi armandagan ol Men baska eshkim emes tek Shatobrian bolgym keledi degen Әdebietke osyndaj kadam zhasagan Gyugo 1819 zhyly Tuluzdagy gүlder ojyny akademiyasynyn syjlygyn zhenip alady Muny korgen әkesi Viktordy politehnikalyk mektep studenti bolsa degen tileginen bas tartady zhәne 1818 zhyly tүsken kukyk korgau sabaktaryn 1821 zhyly tastap ketkende de karsy bolmajdy Zhazushynyn algashky kezendegi shygarmalary reakciyalyk romantizmmen bajlanysty boldy Odalar men balladalardyn 1822 birinshi tomynda akyn revolyuciyany katty synga alady Tiraniyany zhek korui zhәne azap shekkenderdi korgau Gan Islandiyalyk 1821 Byug Zhargal 1823 sekildi mәseleler Gyugonyn monarhiyalyk zhәne aristokratiyalyk ustanymdarymen karama kajshy kelip otyrady Odalar kitaby үshin ogan ajyna 1200 frank tolem tagajyndaldy Өlender zhinagy Gyugoga sarajdan koroldik tolem әpergenimen kogamda akyn retinde tanytkan zhok Gyugonyn әdebi tyrnakaldy tuyndysyna Byug Zhargal 1820 zhәne gotikalyk stilde zhazylgan Gan Islandyk 1823 atty eki romanyn zhatkyzuga bolady Olar algash Әdebi konservator zhurnalynda 1826 zhyly ondelip zheke kitap bolyp basylyp shykty Munda zhas zhazushynyn realistik gumanistik kozkarastary bajkalady Byug Zhargal romanyndagy okiga 1791 zhyly sol kezde Franciya koloniyasy bolgan San Domingo aralynda otedi 1826 zhyly Gyugo aldyngy katarly romantik zhazushylardyn basyn biriktirgen Francuz muzasy zhurnaly zhanynan Senakl үjirmesin kurdy Osy kezden bastap onyn shygarmashylyk zholy zhan zhakty dami bastajdy Gyugonyn zhanynda A de Vini A de Sen Valri Sh Node E Deshan A de Lamartin sekildi әdebietshiler boldy Atalgan kogam mүsheleri Arsenal kitaphanasynyn saktaushysy Node salonynda zhii kezdesip otyrdy Sonyn ishinde Gyugo ozinin Odalar men balladalar enbegin maktap recenziya zhazgan Sh Sent Bevpen tygyz karym katynasta boldy 1827 zhyly Gyugo ozinin agylshyn burzhuaziyalyk revolyuciyasyna katysty algashky tarihi dramasyn zhazady Kromvel atty bul romanyn zhazu zhazushynyn zhana poziciya progressivti romantizmge otuine sebep boldy Өzinin buryngy sayasi zhәne әdebi kozkarasyna syn kozimen kajta karagan Gyugo ustangan bagytynyn kate ekendigine koz zhetkizdi Sojtip 1830 zhylgy shilde revolyuciyasyn kuana karsy aldy Osygan dәlel retinde Parizhdik әulieananyn sobory atty tarihi romanyn zhazdy Zhalpy Gyugonyn sayasi kozkarasy bүkil shygarmashylyk zholynda turaksyz әri karama kajshylykka toly bolgan Akyn shygarmashylygy zhemisti zhәne zhan zhakty dami bastady 1829 zhyly formasy da mazmuny da zhanasha tүrdegi Shygys әuenderi atty zhinak sol zhyly Өlim zhazasyna kesilgen zhannyn songy kүni povesi dramalyk Kromvel 1827 Marion de Lorm 1829 Ernani 1830 shygarmalaryn bastyryp shygardy Әsirese 1825 1828 zhyldary zhazgan olenderinen kuralgan Shygys әuenderi atty zhinagy okyrmandardy ozinin zhanashyldygymen tan tamasha etti Akyn grek patriottarynyn erligin dәriptep grek halkynyn azattyk kүresine komektesuge shakyrady Bul ojlary onyn Seraldegi bastar Kanari Қalany alu Nәreste shygarmalarynda anyk korinedi Bul shygarmalarynan Gyugo shygarmashylygynyn azamattykka demokratiyaga bet burganyn koremiz Gyugo drama zhanrynda onimdi enbek etti Atap ajtkanda 1829 1843 zhyldar aralygynda Koroldin konil koterui 1832 Mariya Tyudor Lukreciya Bordzhia 1833 Andzhelo 1835 Ryui Blaz 1838 zhәne Burggraf 1843 dramalary zhatady Gyugo suretti de zhaksy salatyn edi Өzinin 70 zhyldyk shygarmashylyk zholynda Gyugo dramaturg romanist kana bolgan zhok sonymen birge iri lirik akyn da boldy Onyn lirikasynyn motivteri әraluan bolyp keledi Algashky zhinaktarynyn biri Shygys әuenderi klassicizm onerimen kүres kezinde zhazylgan Zhazushy 1834 1843 zhyldar aralygynda koptegen elderge sayahat zhasady Bul sayahattar onyn dүniege kozkarasyn kenejtip zhetile tүsuine komektesti Shygarmashylyk tabystarga kol zhetkizgen kezeninde Gyugo tort olender zhinagyn shygardy 1831 zhyly Kүzgi zhapyraktar 1835 zhyly Ymyrt zhyrlary 1837 zhyly Ishki dauystar 1840 zhyly Sәuleler men kolenkeler Bul shygarmalardyn bәri de Gyugonyn shygarmashylyk turgydan tolyskanyn korsetedi Kүzgi zhapyraktar atty olender zhinagyna akyn bejbit mamyrazhaj otbasylyk omirdi ozin ozi tanu zhyrlaryn engizse Ymyrt zhyrlaryna mazasyzdyk kauipti kүtu sekildi sayasi zhyrlaryn engizgen Sәuleler men kolenkelerde mәngi eskirmejtin takyryptar mahabbat balalyk shak tabigat takyrybyna katysty lirikalaryn toptastyrgan Ishki dauystaryndagy akynnyn okygan adamnyn zhүregin dir etkizer olenderi esi auyskan zhandarga arnalgan auruhanada zhatyp kajtys bolgan agasy Ezhenge arnalgan edi Қogamdagy tensizdik әdiletsizdik mәselesi Gyugony shygarmashylygynyn erte kezeninde ak tolgandyrgan bolatyn 1827 zhyly Parizhdegi Bisetr tүrmesin 1834 zhyly Brestegi 1839 zhyly Tulondagy katorgalardy baryp korui onyn zhan dүniesin astan kesten etti Tүrmedegilerge degen ayanyshty sezimi koteriliske katyskany үshin olim zhazasyna kesilgen zhumysshy turaly zhazylgan Klod Ge Өlim zhazasyna kesilgen zhannyn songy kүni 1834 povesterinin tuuyna sebep boldy Akynnyn Zaualy satiralyk olender zhinagy francuz poeziyasyndagy en yzaly ashuga kekke toly kitap bolyp esepteledi Bul kitaptagy olen zholdary yzaly sozderden turady kej zherlerinde tipti kәdimgi urys keris sozderi de kezdesedi Shygarmashylygyndagy on үsh zhylgy үnsizdikten kejingi akynnyn bul enbegi ote tabysty bolyp halyk erekshe ykylaspen kabyldagan Gyugo әdebi shygarmashylygymen katar sayasattan da kol үzbedi 1867 zhyly ozi shygaratyn Gernisej үni gazetinin betterinde Napoleon III nin is әreketin әshkerelep otyrdy Bugan eregisken imperator үkimeti Gyugo shygarmalaryn teatrda koyuga tyjym saldy 1851 zhyldyn 2 zheltoksanynda memlekettik tonkeriske karsy bolgany үshin Gyugo Franciyadan kuylyp 19 zhyl shetelde zhүrdi 1852 zhyly Napoleon III nin avantyurasyn әshkerelejtin Bir kylmystyn tarihy 1 2 tom Kishi Napoleon atty sayasi pamfletin zhazdy Parizh korshauda bolgan kүnderde ol kiynshylykka shydap Zaual kitabynyn kalamakysyn tүgelimen zhanadan karu zhasauga audarady 1872 zhyly kantarda bolgan sajlauda oz kandidaturasyn usyngan Gyugony usak burzhuaziya otkizbej koyady Sol zhyly ol prussaktardan otanyn korgauga belsene katysady Sonymen birge Mishel baspasynan Қaһarly zhyl atty olender zhinagyn shygarady Қaһarly zhyl zhinagy shykkannan kejin kop uzamaj Parizhdin karbalas omirinen zhәne oz үjine maza bermegen sayasatkersymaktardan kazhygan ol Parizhge oralady Osynda ol bar shygarmashylygynyn aktyk osieti ispetti bolgan Toksan үshinshi zhyl romanyn zhazudy bastajdy 1873 zhyly romandy zhazyp bitiredi Gyugo omirinin songy zhyldarynda akyn retinde Franciyanyn ulttyk maktanyshyna ajnalady Kitaptarynyn kajta basylymdary ony ote baj adamdar sanatyna kosady 1876 zhyly kantarda ony Senatka sajlajdy Alajda omirinin aktyk kүni zhakyndap kalgan edi 1878 zhyly 27 mausym kүni tүnde onyn miyna kan kujylady Odan onalyp sauykkandaj bolganymen zhazudy toktatady Ol үndemejtin tunzhyragan kүjge tүsedi eshkimdi kabyldamajdy Ol osietter zhazdy Onyn ishinde mynadaj sozder bar edi Men barlyk shirkeudin uagyzdarynan bas tartamyn Men barlyk zhandarga duga bagyshtaudy talap etemin Men kudajga senemin 1885 zhyly 15 mamyrda zhүrek infarktyn algan Gyugo okpesi kabynyp auyrady Sodan onala almagan kүjinde sүjgeni Zhyuletta Druenin tugan kүninde men karangy zharykty korip turmyn degen sozderdi ajtyp zhatyp kajtys bolady ShygarmalaryPoeziya Odalar zhәne poeziyalyk tәzhiribeler Odes et poesies diverses 1822 Odalar Odes 1823 Zhana odalar Nouvelles Odes 1824 Odalar zhәne balladalar Odes et Ballades 1826 Shygys makamdary Les Orientales 1829 Kүzgi zhapyraktar Les Feuilles d automne 1831 Les Chants du crepuscule 1835 Les Voix interieures 1837 Les Rayons et les ombres 1840 Les Chatiments 1853 Les Contemplations 1856 Les Chansons des rues et des bois 1865 L Annee terrible 1872 L Art d etre grand pere 1877 Le Pape 1878 L Ane 1880 Les Quatres vents de l esprit 1881 La Legende des siecles 1859 1877 1883 La fin de Satan 1886 Dieu 1891 Toute la lyre 1888 1893 Les annees funestes 1898 Derniere Gerbe 1902 1941 Ocean Tas de pierres 1942 Dramaturgiyasy Ines de Kastro Inez de Castro 1819 1820 Kromvel Cromwell 1827 Emi Robsart Amy Robsart 1828 opublikovana 1889 Marion Delorm Marion de Lorme 1829 Ernani Hernani 1829 Le roi s amuse 1832 Lukreciya Bordzhia Lucrece Borgia 1833 Mariya Tyudor Marie Tudor 1833 Andzhelo Paduan tirany Angelo tyran de Padoue 1835 Ryui Blaz Ruy Blas 1838 Burggraftar Les Burgraves 1843 Torkvemada Torquemada 1882 Erkin teatr Theatre en liberte 1886 Romandar Islandiyalyk Gan Han d Islande 1823 Byug Zhargal Bug Jargal 1826 Өlim zhazasyna tagajyndalgannyn songy kүni Le Dernier jour d un condamne 1829 Notre Dame de Paris 1831 Klod Gyo Claude Gueux 1834 Les Miserables 1862 Les Travailleurs de la Mer 1866 L Homme qui rit 1869 Quatrevingt treize 1874 Publicistika zhәne esse Roden zhasagan keuitParizhMirabo zhajly etyud Etude sur Mirabeau 1834 Әdebi zhәne filosofiyalyk tәzhiribeler Litterature et philosophie melees 1834 Rejn Dosyma hattar Le Rhin 1842 Kishi Napoleon Napoleon le Petit 1852 Lui Bonapartka zholdagan hattar Lettres a Louis Bonaparte 1855 Vilyam Shekspir William Shakespeare 1864 Parizh Paris Guide 1867 La voix de Guernsey 1867 Avant l exil 1875 Pendant l exil 1875 Depuis l exil 1876 1889 Bir kylmystyn hikayasy Histoire d un crime 1877 1878 Religions et religion 1880 Ұlym Mes Fils 1874 Arhipelag La Mansh L Archipel de la Manche 1883 Choses vues 1887 1900 Alpy zhәne Pirenej Alpes et Pyrenees 1890 Franciya zhәne Belgiya France et Belgique 1892 Post scriptum de ma vie 1901 Tarihi zerdeParizhdegi Viktor Gyugo murazhajy Sorbonnadagy Viktor Gyugo eskertkishi mүsinshi Lyuksemburgtagy Viktor Gyugo murazhajy Goden zhasagan keuit Sankt Peterburgtegi Ermitazhdagy eskertkish Avtor Merkuriida Viktor Gyugonyn kurmetine krater atalgan Vetnamdyk dininde Viktor Gyugonc kieli dep eseptejdi Muzykalyk teatrda kojylymdary1830 Ernani opera kompozitor Vinchenco Bellini 1836 opera kompozitor 1839 balet kompozitor 1839 opera kompozitor 1844 opera kompozitor Dzhuzeppe Verdi 1851 opera kompozitor Dzhuzeppe Verdi 1862 Marion Delorm opera kompozitor 1869 Ryui Blaz opera kompozitor 1876 opera kompozitor 1885 Marion Delorm opera kompozitor 1880 Marion Delorm opera kompozitor 1880 opera kompozitor 1914 balet kompozitor 1980 myuzikl kompozitor K M Shyonberg 1998 myuzikl kompozitorDerekkozderHugo Victor 1802 1885 sv KulturNav Francuz transkripciyasy bojynsha Yugo Istoriya zarubezhnoj literatury HIH veka Elizarova M E Gizhdeu S P Kolesnikov B I Mihalskaya N P Moskva Prosveshenie 1972 Istoriya zarubezhnoj literatury HIH veka Pod red N A Solovevoj Moskva Vysshaya shkola 2000 Zarubezhnaya literatura S V Turaev I B Dyushen G A Mogilevskaya A A Taho Godi Moskva Prosveshenie 1975 Caodaism A Vietnamese centred religion Basty derekkozinen muragattalgan 23 mausym 2012 Tekserildi 8 mamyr 2009