Бишімбаев ісі — қазақстандық Салтанат Нүкенованың өлімімен байланысты оның азаматтық некедегі күйеуі, саясаткер Қуандық Бишімбаев пен Бишімбаевтың шөпшек інісі Бақытжан Байжановқа қарсы қозғалған сот ісі.
Бишімбаев ісі | |
Айыпкер болған Қуандық Бишімбаев | |
Айыпкер | Қуандық Бишімбаев |
---|---|
Айыптың құрамы | аса қатыгездікпен кісі өлтіру; қинау |
Орны | |
Сот төрағасы | Айжан Көлбаева |
Судьялары | 12 алқаби; 10 негізгі, 2 қосалқы |
Сот басы | 27 наурыз 2024 жыл (басты сот отырысы) |
Сот аяғы | Аяқталған |
Шешімнің шығарылуы | 13 мамыр 2024 |
Шешімі | |
Шешімі | әлі жасалмаған |
Үкімі | 24 жыл бас бостандығынан айырылды (Бишімбаев); |
Тергеу мәліметі бойынша, 2023 жылғы 9 қарашаға қараған түні Бишімбаев әйелін астаналық мейрамханада ұрып-соғып, VIP кабинаның еденінде 6–8 сағатқа өлімге қалдырған. Бишімбаев өз кінәсін мойындамайды, әйелінің сол күні кешке алкогольдік ішімдік ішкенін және оны «агрессиямен» «арандатқанын» алға тартады. Экс-министрдің туысына қылмысты жасырды және ол жайлы хабарламады деген айып тағылды, Байжанов, оған қоса, Бишімбаев бұйрығы бойынша бейнебақылау камерасындағы кейбір жазбаларды жойды. 13 мамырда сот ісінің үкімі жарияланды; Бишімбаев 24 жылға және Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда бұл үкімнің өзгеріп қалуы да мүмкін; тараптар келіспесе, 15 күннің ішінде апелляциялық шағым түсіруге құқылы.
Сот ісінің басты отырысы Астанада, 2024 жылғы 27 наурызда өтсе, кезекті сот отырысы 17 сәуірде басталды.
Бұл іс әсіресе Қазақстандағы тікелей эфир арқылы көрсетілудегі және алқабилер бақылап жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша тұңғыш сот ісі болғаны үшін белгілі. Бұл және басқа да себептерден бұл сот ісін миллиондаған адам, соның ішінде Қазақстан сыртындағы азаматтар бақылауда.
Алғышарттары
Бишімбаевтың бірінші рет қамалуы
Сот ісінің басты айыпкері, Қуандық Бишімбаев — қазақстандық саясаткер, 2016 жылғы мамыр–желтоқсан аралығында Ұлттық экономика министрі қызметінде болғаны үшін белгілі. Азаттық радиосы оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев саяси элитасының өкілі деп те сипаттады.
Мемлекеттік қызметі кезінде «құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен, сол сияқты қылмыстық топты құрған, не оған басшылық еткен» және «бөтен мүлiктi иемденiп алды немесе талан-таражға салуды ұйымдастырды» деген айып көрген Бишімбаев 2017 жылғы 10 қаңтарда қамауға алынды да, 2018 жылғы наурызға дейін созылған сот ісінің нәтижесінде жемқорлық үшін 10 жылға сотталды. Бишімбаев қатаң режімдегі колонияда жазасын өтеуі тиіс еді, алайда 2019 жылғы күзде ол Шымкент қаласындағы түрмеден бостандыққа шықты да, президент Тоқаев жарлығымен рақымшылыққа ілініп, жазасын өтеу мерзімі 10 жылдан 4 жылға қысқарды.
Бишімбаевтың үшінші некесі
Бишімбаев Нүкеновамен Астанада, 2022 жылғы тамызда танысты. Нүкенованың бірнеше рет бас тартқанына қарамастан, Бишімбаев оны қудалай беріп, өзін тек жақсы жағынан көрсетті де, көрісейік деп шақыра берді. Сот процесі барысында прокурор Айжан Аймағанова оқыған құжатта Бишімбаевтың Нүкенованың туыстарымен және достарымен сөйлесуіне және кездесуіне тыйым салғаны, оның барлық телефон қоңырауларын, SMS хат-хабарлары мен орналасқан жерін бақылағаны және ақшалы кіріс әкелетін қызметпен айналысуға тыйым салғаны айтылған.
Прокурор Нүкенова туыстарының бұл некеге қарсы болғанын айтқан. Аймағанованың сөзінше, Нүкенова «тұрғылықты жері мен атмосферасының өзгеруі Бишімбаевтың оған деген көзқарасын өзгертеді» деген үмітпен Астанадан Алматыға көшуге де келіскен.
«2023 жылғы сәуірде Бишімбаев Нүкенованың туыстарында оның бетін ұрып-соққан суреті бар екенін білген. Ажырасқан жағдайда оны осы фотосуреттермен бопсалауы мүмкін деп, ол Нүкеновадан жалаңаш интимдік видео түсіруді талап етіп, бұл оның кепілі болатынын түсіндірді. Нүкенова қорқып, ...бұл талапты өз еркінен тыс орындап, [күйеуіне] оны бұл ерсі видеоға түсіруге рұқсат беруге мәжбүр болды», – деп айтады прокурор. Прокурор сөзінше, 2023 жылғы тамызда Нүкенова төзе алмай, Павлодардағы ата-анасына барды, алайда Бишімбаев кешірім сұрап, оны өзіне қайтаруға көндірді. Осыдан кейін Нүкенова Бишімбаевты тастап кетуге бірнеше рет әрекеттенді, бірақ соңғысы оны қайтара беріп, жақсарамын деп уәде берді.
Прокурордың сөзінше, 2023 жылғы қазанда Бишімбаев Нүкенованы тағы да ұрып-соққан, соның салдарынан оның субдуральды гематомасы пайда болды. Әйел қайтыс болған кезде бұл гематоманың «созылмалы ауру» кезеңіне өтіп кеткені де белгілі болды.
2022 жылғы 17 қазанда Астанадағы Республикалық бас мешітте куәгерлердің қатысуымен Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесі қиылды. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл некенің ресми тіркеусіз қиылғанын заңсыз санайтынын айтты.
Өлтіру
Прокурордың сөзінше, 2023 жылғы 8 қарашаның кешінде ерлі-зайыптылар Астанаға ресейлік әнші Дима Биланның концертіне келген, бірақ іс-шара барысында олардың арасында тағы бір жанжал орын алды. Айыптау қорытындысында концерттің аяқталуын күтпестен олар ғимараттан шыққаны, ұрысын жалғастыра беріп, BAU мейрамханасына жаяу барғаны, мейрамханаға келген соң Бишімбаев пен Нүкенова №5 VIP бөлмеге барып, алкогольдік сусындарға, атап айтқанда, газдалған шарапқа тапсырыс бергені жазылған.
Ұрыс кезінде, 9 қарашаға қараған түні, Нүкенова Бишімбаевтан кететінін айтты да, ағасы Айтбек Амангелдіге хабарласып, үйіне қонуға баратынын ескертті.
9 қараша болғанда, сағат 0:30-ға қарай жұп ғимараттан шықты, Бишімбаев Нүкеноваға ағасына баруға тыйым салды. Прокурор сөзінше, сағат 02:00-ге қарай олар ғимаратқа қайта оралды. Бишімбаев Нүкенованың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, Нүкенованың өзіне тәуелді екенін көрсету үшін сатып алған заттары мен әшекейлерімен сөгуге кіріскен, ұрыс қайта басталды да, бұған ашуланған Нүкенова іш киімдері мен зергерлік бұйымдардан басқа барлық киімдерін шешіп алған да, олар тұрған залда лақтырды. Бишімбаев бұл әрекеттеріне ашуланып, балағат сөздер айтып, түйілген жұдырықпен Нүкенованың денесі мен басына дене жарақатын сала бастаған.
Прокурор сөзінше, таңғы сағат жеті шамасында мас болған Бишімбаев Нүкенованы VIP бөлмеден алып шыққан. Ерлі-зайыптылар Бишімбаевтың көлігі тұрған тұраққа түсті, көлік ішіне мінді, бірақ гастро-орталық ғимаратының аумағынан шыға алмай қалып, тротуар үстіне шықты. Сол кезде оны автотұрақ күзетшісі көріп, көлікті тоқтатқан. Осыдан кейін «әбден ашуланған» Бишімбаев мейрамхананың фойесінде болған кезде әйелдің өмір үшін маңызды мүшелеріне және Нүкенованың басына бірнеше соққы берді де, аяғына күзгі аяқ киім киіп, Нүкенованың қорғансыз денесін қасақана тебе бастады. Нүкенованы басынан тағы бір ұрып, шашынан ұстап, №1 VIP бөлмесіне аяусыз сүйреп апарды. Видеокамерадан алынған бейнеден Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққаны, шашынан тартып жүргені көрінді.
Әйелінің бетінде болған жарақаттарын Бишімбаев оның дәретханаға «өте қатты» бетпен құлағанынан шыққан деп түсіндірді. Айыпкер әйелін төрт-бес рет тепкенін оның есін жиғызу үшін жасадым деп түсіндірді. Дегенмен, ол «өмір үшін маңызды орган зақымдалмағанын» айтты. Нүкенованың есін жимай алмағанын көргенде, жедел жәрдемді шақырмай қойған Бишімбаев балгерге хабарласты.
Бишімбаевтың шөпшек інісі Бақытжан Байжановқа бейнебақылау камерасындағы кейбір жазбаларды жойғанын бұйырғаны белгілі.
Сағат 19:54-те жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен және жедел жәрдем бригадасы жеткенде Нүкенованың қаза болғаны расталды.
Қамау
Қуандық Бишімбаев 11 қарашада Астана сотының шешімімен "Адам өлтіру" бабымен екі айға қамалды.
13 қарашада өлім орын алған "Гастро-орталықтың" директоры және Бишімбаевтың шөпшек інісі Бақытжан Байжановқа қарсы "Қылмысты хабарламау" және "Қауіпті жағдайда қалдыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады да, ол 14 қарашада екі айға қамалды. 30 қарашада оның «жасырғаны және қылмыс туралы полиция органдарына жеткізбегені үшін» уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны хабарланды.
Сот ісі
26 ақпанда Бишімбаев ісінің сотқа түскені және оның "Қинау" және "асқан қатыгездікпен кісі өлтіру" баптары бойынша қозғалғаны белгілі болды.
Сот тергеуі
3–4 сәуірде сот отырысында Бишімбаевтан жауап алынды. Айыпкердің сөзінше, сол күні кешке әйелі онымен бірге үш бөтелке шарап ішіп, екеуінің қарым-қатынасы жайлы сөйлеп кетті. Айыпталушы Нүкенова жанжал кезінде оны «әдепсіз сөзбен балағаттап», әжетханаға берген «қымбат» керек-жарақтарын ағызып, арандатқан.
Бишімбаевтың «Нүкенова құлап, дәретханаға өзі басын соғып алды» деген сөзін сараптама жоққа шығарды; Нүкенова жарақатының құлау салдарынан алуы мүмкін емес деген қорытынды шықты.
Сот отырысында Бишімбаевтың шөпшек інісі Бақытжан Байжановтан бейнекамералардағы жазбаларды өшіруді сұрағаны белгілі болды. Экс-министр Нүкенованың телефон нөмірін туысына беріп, оның геолокациясын отбасынан жасыру үшін оны үйіне апаруды бұйырған.
15 сәуірде сот отырысы кезінде Бақытжан Байжанов Бишімбаевты «өлтіруші» деп атады да, «шындық үшін қамалуға» дайын болғанын айтты.
19 сәуірде белгісіз біреулер сот төрайымы Айжан Көлбаеваға қарсы қоқан-лоққы жасады. Астана полициясы судьяны жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етті де, оқиғаға қатысты «Сот төрелiгiн іске асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу» бойынша іс жүргізілгенін хабарлады.
22 сәуірде сот ісін бақылау мақсатымен ресейлік журналист Ксения Собчактың келгені белгілі болды. Сол күні Бишімбаевтың телефонынан табылған және Нүкенова қайтыс болған күні түсірілген 12 видеода Бишімбаевтың оған тіл тигізіп жатқаны көрсетілген. Бейнежазбаларда ол одан қазақстандық кәсіпкер қарым-қатынасы бар-жоғын сұрап тұрған. Жазбаларда оның Нүкенованы ұрып-соққаны да естілді. Бишімбаев бастапқыда видеолардың жалған екенін айтса, кейін оларды өзі түсіргенін мойындады, ісін «намысына тигені үшін кек алғым келді» деп түсіндірді. Бейнежазбаны көрген Айтбек Амангелдінің көзінен жас шыққан болса, Нүкенова туыстарының бірі үшін жедел жәрдем шақыру керек болды. Баталов Нүкеновамен қарым-қатынас орын алғанын жоққа шығарды.
24 сәуірде Бишімбаевтың телефон соққан балгері Гүлнар Ережепова сот алқабилеріне оқиғаның мазмұндамасын берді. Ережепова Бишімбаевты «адам төзгісіз» деп атады да, оны 1.5–2 жылдай уақыт бойы білетінін, оқиға күні Бишімбаевтың өте мас болғанынан бастапқыда сөзіне аса көп мән бермегенін айтты. Ережепова сөзінше, ол Бишімбаевтың жедел жәрдемді шақырғанын бірнеше рет сұрады. Бақытжан Байжанов балгердің жедел жәрдем шақырсын деген өтініш айтқанын жоққа шығарды.
24 сәуір күні сот тергеуінің аяқталуы және жарыссөздің 29 сәуірде болатыны жарияланды.
Үкімі
13 мамырда Жоғарғы Сот арнасында жүрген тікелей эфир арқылы, сағат 17:00-де Бишімбаев пен Байжановтың үкімі айтылды. Сот ісінің нәтижесінде Бишімбаев «аса қатыгездікпен қасақана өлтіргені» үшін 24 жылға және Байжанов «аса ауыр қылмысты жасырғаны» үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Тараптар үкіммен келіспей жатса, олар 14 күн ішінде аппеляциялық шағым жасауға құқылы.
Салдары
Астана Республикалық мешітінде қиылған, Асхат Аймағамбетов заңсыз көрген Нүкенова мен Бишімбаевтың некесін имам Қанат Қыдырмин жасаған еді. 2024 жылғы 18 сәуірде Қыдырминге қатысты тәртіптік шара қолданылды да, оған ескерту жасалды.
Реакция
Салтанат Нүкенованың ағасы және Павлодар қаласының бұрынғы әкімі (2019–2020) Қайрат Нүкенов Бишімбаевты «құбыжық» және «қанішер» деді де, оны «өмір бойы кешірмейтінін» айтты.
Бишімбаевтың екінші әйелі Назым Қаһарманова орын алған оқиға жайлы білгенде «таң қалдым» деді, оны «қайғылы жағдай» деп атады да, Салтанаттың отбасына көңіл айтты.
Сот процесін Мәдениет және ақпарат министрі және президент жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жайлы ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева да бақылауда. Балаева әлеуметтік желілерде пайда болған сот әділетсіз шешім шығарады деген пікірге қарсы шықты да, «Қазақстан тұрғындары үшін Салтанат Нүкенова барлық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының символына айналды» деді.
Бишімбаев ісі — сарапшы, журналист, заңгер ғана емес, қарапайым халықтың да назарына түскен істердің бірі. Адвокат Жохар Өтебековтің сөзінше іс Бишімбаевтың танымалдығынан, процестің тікелей эфир арқылы көрсетілуінен және істің елде өзекті гендераралық теңдікке деген қатысынан резонансқа ие болды.
Азаттық радиосы мәліметінше, қоғамның көпшілігі Нүкенованы және оның отбасын қолдады да, Интернетте #салтанатүшін, #saltanat сияқты флэшмобы да орын алды. Нүкеноваға өлең, музыка арнап, суреттер салып, жариялап жатқандардың да бар екені белгілі.Америка Құрама Штаттары және Еуропада тұратын қазақстандықтар Бишімбаевтың қамалуын қолдаған ондаған митинг жүргізді; мысалы, 13 сәуірде Римде Нүкенованы қолдау акциясының орын алғаны белгілі.
Нүкенова өлімі жайлы жаңалық жарияланған салысымен Интернетте "Заңды өзгерт, жазаны қатаңдат" деген ұранмен флэшмоб басталды. 11 сәуірде, Бишімбаевқа қарсы сот ісінің барысында, Қазақстан Парламентінің Сенаты тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдататын заң жобасын мақұлдады.
Сот ісінің тікелей эфирін көрермендер Қазақстаннан басқа шетелде де, соның ішінде Түрікменстанда қарап жатыр.
Дереккөздер
- Ксения Собчак Бишімбаевтың сотына қатысып жатыр (қаз.). nege.kz (22 сәуір 2024). Тексерілді, 23 сәуір 2024.
- Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды – тікелей трансляция (қаз.). СПУТНИК (17 сәуір 2024). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Сот Бишімбаевты 24 жылға, Байжановты 4 жылға түрме жазасына кесті (қаз.). Азаттық радиосы (13 мамыр 2024). Тексерілді, 13 мамыр 2024.
- Токоева, Айсымбат В Казахстане судят бывшего министра экономики за убийство жены в кабинке ресторана. Главные детали дела (орыс.). BBC News (6 апреля 2024). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- "Драма" мен "шоу" сипаты бар процесс. Бишімбаевтың соты миллиондаған адамның назарын аударды. Неліктен? (қаз.). Азаттық радиосы (18 сәуір 2024). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Жемқорлық әрекеті үшін 10 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев неге босатылған еді? (қаз.). Егемен Қазақстан (10 сәуір 2024). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Суд над Бишимбаевым. Начало: в чём именно обвиняют экс-министра? (орыс.). Азаттық радиосы (11 марта 2024). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Оралбаева, Эльмира Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имамға қандай шара қолданылды (қаз.). kaz.inform.kz (18 сәуір 2024). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Бишімбаев ісі: Айтбек Амангелді сотта қарындасы көз жұмған түн туралы айтып берді (қаз.). Азаттық Рухы (29 наурыз 2024). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Вайскопф, Анатолий Дело об убийстве жены. Как в Казахстане судят экс-министра (орыс.). Неміс толқыны (5 апреля 2024). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевқа қатысты іс қайта сараланды (қаз.). kaz.tengrinews.kz (30 қараша 2023). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Салтанат Нүкенова өлімі: Астанадағы "Гастро-орталық" директоры екі айға қамалды (қаз.). Азаттық радиосы (14 қараша 2023). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Салтанат Нүкенованың өлімі: Қуандық Бишімбаев ісі сотқа түсті (қаз.). Азаттық радиосы (26 ақпан 2024). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- "Он убийца!" - Байжанов о Бишимбаеве (орыс.). tengrinews.kz (15 апреля 2024). Тексерілді, 23 сәуір 2024.
- Амантай, Динара Бишімбаев ісі: судьяға белгісіз біреулер қоқан-лоққы жасаған (қаз.). Халық үні (19 ақпан 2024). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Сейсембек, Айдана "Ты спала с ним?" Видео с телефона Бишимбаева, записанные в ночь убийства Нукеновой, показали в суде (орыс.). informburo.kz (22 апреля 2024). Тексерілді, 23 сәуір 2024.
- «Безумная ложь». Бизнесмен Раимбек Баталов выступил с заявлением в связи с прозвучавшим в суде над Бишимбаевым (орыс.). Азаттық радиосы (23 апреля 2024). Тексерілді, 23 сәуір 2024.
- Қаһарман, Зарина "Сандырақ". Райымбек Баталов Қуандық Бишімбаевтың сотындағы бейнежазбаларға қатысты пікір білдірді (қаз.). informburo.kz (23 сәуір 2024). Тексерілді, 23 сәуір 2024.
- Әлиева, Хадижа «Он невыносимый»: гадалка Бишимбаева дает показание в суде (орыс.). arbatmedia.kz (24 апреля 2024). Тексерілді, 24 сәуір 2024.
- Жаңбырова, Әдел «Она говорит неправду». Брат Бишимбаева оспорил показания ясновидящей в суде (орыс.). kz.kursiv.media (24 апреля 2024). Тексерілді, 24 сәуір 2024.
- Мінап, Рая Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды: жарыссөз басталады (қаз.). aikyn.kz (24 сәуір 2024). Тексерілді, 24 сәуір 2024.
- Салтанат Нүкенованың ағасы: Өмір бойы кешірмейміз (қаз.). tengrinews.kz (13 қараша 2023). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Бишимбаев Куандык Валиханович (орыс.). online.zakon.kz. Тексерілді, 11 қараша 2023.
- АҒЗАМҚЫЗЫ, Ақмарал "Шок болдым". Бишімбаевтың 14 жыл некеде болған әйелі пікір білдірді (қаз.). el.kz (10 қараша 2023). Тексерілді, 11 қараша 2023.
- Сенат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдады (қаз.). Азаттық радиосы (11 сәуір 2024). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Туркменистанцы следят за событиями вокруг убийства жены бывшего казахского министра (орыс.). Азаттық радиосы (5 апреля 2024). Тексерілді, 20 сәуір 2024.
- Sophie Abdulla & Aisymbat Tokoeva, Saltanat Nukenova: The politician, the astrologer and a murder that could change Kazakhstan, BBC News, 25 May 2024.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bishimbaev isi kazakstandyk Saltanat Nүkenovanyn olimimen bajlanysty onyn azamattyk nekedegi kүjeui sayasatker Қuandyk Bishimbaev pen Bishimbaevtyn shopshek inisi Bakytzhan Bajzhanovka karsy kozgalgan sot isi Bishimbaev isiAjypker bolgan Қuandyk BishimbaevAjypkerҚuandyk Bishimbaev Bakytzhan BajzhanovAjyptyn kuramyasa katygezdikpen kisi oltiru kinauOrnyMamandandyrylgan audanaralyk sot Astana ҚazakstanSot toragasyAjzhan KolbaevaSudyalary12 alkabi 10 negizgi 2 kosalkySot basy27 nauryz 2024 zhyl basty sot otyrysy 10 00 17 sәuir 2024 zhyl kezekti sot otyrysy Sot ayagyAyaktalganSheshimnin shygaryluy13 mamyr 2024SheshimiSheshimiәli zhasalmaganҮkimi24 zhyl bas bostandygynan ajyryldy Bishimbaev 4 zhylga bas bostandygynan ajyryldy Bajzhanov Bul үlgini koru ondeu Tergeu mәlimeti bojynsha 2023 zhylgy 9 karashaga karagan tүni Bishimbaev әjelin astanalyk mejramhanada uryp sogyp VIP kabinanyn edeninde 6 8 sagatka olimge kaldyrgan Bishimbaev oz kinәsin mojyndamajdy әjelinin sol kүni keshke alkogoldik ishimdik ishkenin zhәne ony agressiyamen arandatkanyn alga tartady Eks ministrdin tuysyna kylmysty zhasyrdy zhәne ol zhajly habarlamady degen ajyp tagyldy Bajzhanov ogan kosa Bishimbaev bujrygy bojynsha bejnebakylau kamerasyndagy kejbir zhazbalardy zhojdy 13 mamyrda sot isinin үkimi zhariyalandy Bishimbaev 24 zhylga zhәne Bajzhanov 4 zhylga bas bostandygynan ajyryldy Alajda bul үkimnin ozgerip kaluy da mүmkin taraptar kelispese 15 kүnnin ishinde apellyaciyalyk shagym tүsiruge kukyly Sot isinin basty otyrysy Astanada 2024 zhylgy 27 nauryzda otse kezekti sot otyrysy 17 sәuirde bastaldy Bul is әsirese Қazakstandagy tikelej efir arkyly korsetiludegi zhәne alkabiler bakylap zhatkan turmystyk zorlyk zombylyk bojynsha tungysh sot isi bolgany үshin belgili Bul zhәne baska da sebepterden bul sot isin milliondagan adam sonyn ishinde Қazakstan syrtyndagy azamattar bakylauda AlgysharttaryBishimbaevtyn birinshi ret kamaluy Sot isinin basty ajypkeri Қuandyk Bishimbaev kazakstandyk sayasatker 2016 zhylgy mamyr zheltoksan aralygynda Ұlttyk ekonomika ministri kyzmetinde bolgany үshin belgili Azattyk radiosy ony buryngy prezident Nursultan Nazarbaev sayasi elitasynyn okili dep te sipattady Memlekettik kyzmeti kezinde kukyk buzushylyk zhasaudy ujymdastyrgan nemese onyn oryndaluyna basshylyk etken sol siyakty kylmystyk topty kurgan ne ogan basshylyk etken zhәne boten mүlikti iemdenip aldy nemese talan tarazhga saludy ujymdastyrdy degen ajyp korgen Bishimbaev 2017 zhylgy 10 kantarda kamauga alyndy da 2018 zhylgy nauryzga dejin sozylgan sot isinin nәtizhesinde zhemkorlyk үshin 10 zhylga sottaldy Bishimbaev katan rezhimdegi koloniyada zhazasyn oteui tiis edi alajda 2019 zhylgy kүzde ol Shymkent kalasyndagy tүrmeden bostandykka shykty da prezident Tokaev zharlygymen rakymshylykka ilinip zhazasyn oteu merzimi 10 zhyldan 4 zhylga kyskardy Bishimbaevtyn үshinshi nekesi Bishimbaev Nүkenovamen Astanada 2022 zhylgy tamyzda tanysty Nүkenovanyn birneshe ret bas tartkanyna karamastan Bishimbaev ony kudalaj berip ozin tek zhaksy zhagynan korsetti de korisejik dep shakyra berdi Sot procesi barysynda prokuror Ajzhan Ajmaganova okygan kuzhatta Bishimbaevtyn Nүkenovanyn tuystarymen zhәne dostarymen sojlesuine zhәne kezdesuine tyjym salgany onyn barlyk telefon konyraularyn SMS hat habarlary men ornalaskan zherin bakylagany zhәne akshaly kiris әkeletin kyzmetpen ajnalysuga tyjym salgany ajtylgan Prokuror Nүkenova tuystarynyn bul nekege karsy bolganyn ajtkan Ajmaganovanyn sozinshe Nүkenova turgylykty zheri men atmosferasynyn ozgerui Bishimbaevtyn ogan degen kozkarasyn ozgertedi degen үmitpen Astanadan Almatyga koshuge de kelisken 2023 zhylgy sәuirde Bishimbaev Nүkenovanyn tuystarynda onyn betin uryp sokkan sureti bar ekenin bilgen Azhyraskan zhagdajda ony osy fotosurettermen bopsalauy mүmkin dep ol Nүkenovadan zhalanash intimdik video tүsirudi talap etip bul onyn kepili bolatynyn tүsindirdi Nүkenova korkyp bul talapty oz erkinen tys oryndap kүjeuine ony bul ersi videoga tүsiruge ruksat beruge mәzhbүr boldy dep ajtady prokuror Prokuror sozinshe 2023 zhylgy tamyzda Nүkenova toze almaj Pavlodardagy ata anasyna bardy alajda Bishimbaev keshirim surap ony ozine kajtaruga kondirdi Osydan kejin Nүkenova Bishimbaevty tastap ketuge birneshe ret әrekettendi birak songysy ony kajtara berip zhaksaramyn dep uәde berdi Prokurordyn sozinshe 2023 zhylgy kazanda Bishimbaev Nүkenovany tagy da uryp sokkan sonyn saldarynan onyn subduraldy gematomasy pajda boldy Әjel kajtys bolgan kezde bul gematomanyn sozylmaly auru kezenine otip ketkeni de belgili boldy 2022 zhylgy 17 kazanda Astanadagy Respublikalyk bas meshitte kuәgerlerdin katysuymen Bishimbaev pen Saltanat Nүkenovanyn nekesi kiyldy Mәzhilis deputaty Ashat Ajmagambetov bul nekenin resmi tirkeusiz kiylganyn zansyz sanajtynyn ajtty ӨltiruProkurordyn sozinshe 2023 zhylgy 8 karashanyn keshinde erli zajyptylar Astanaga resejlik әnshi Dima Bilannyn koncertine kelgen birak is shara barysynda olardyn arasynda tagy bir zhanzhal oryn aldy Ajyptau korytyndysynda koncerttin ayaktaluyn kүtpesten olar gimarattan shykkany urysyn zhalgastyra berip BAU mejramhanasyna zhayau bargany mejramhanaga kelgen son Bishimbaev pen Nүkenova 5 VIP bolmege baryp alkogoldik susyndarga atap ajtkanda gazdalgan sharapka tapsyrys bergeni zhazylgan Ұrys kezinde 9 karashaga karagan tүni Nүkenova Bishimbaevtan ketetinin ajtty da agasy Ajtbek Amangeldige habarlasyp үjine konuga baratynyn eskertti 9 karasha bolganda sagat 0 30 ga karaj zhup gimarattan shykty Bishimbaev Nүkenovaga agasyna baruga tyjym saldy Prokuror sozinshe sagat 02 00 ge karaj olar gimaratka kajta oraldy Bishimbaev Nүkenovanyn ar namysy men kadir kasietin korlaj otyryp Nүkenovanyn ozine tәueldi ekenin korsetu үshin satyp algan zattary men әshekejlerimen soguge kirisken urys kajta bastaldy da bugan ashulangan Nүkenova ish kiimderi men zergerlik bujymdardan baska barlyk kiimderin sheship algan da olar turgan zalda laktyrdy Bishimbaev bul әreketterine ashulanyp balagat sozder ajtyp tүjilgen zhudyrykpen Nүkenovanyn denesi men basyna dene zharakatyn sala bastagan Prokuror sozinshe tangy sagat zheti shamasynda mas bolgan Bishimbaev Nүkenovany VIP bolmeden alyp shykkan Erli zajyptylar Bishimbaevtyn koligi turgan turakka tүsti kolik ishine mindi birak gastro ortalyk gimaratynyn aumagynan shyga almaj kalyp trotuar үstine shykty Sol kezde ony avtoturak kүzetshisi korip kolikti toktatkan Osydan kejin әbden ashulangan Bishimbaev mejramhananyn fojesinde bolgan kezde әjeldin omir үshin manyzdy mүshelerine zhәne Nүkenovanyn basyna birneshe sokky berdi de ayagyna kүzgi ayak kiim kiip Nүkenovanyn korgansyz denesin kasakana tebe bastady Nүkenovany basynan tagy bir uryp shashynan ustap 1 VIP bolmesine ayausyz sүjrep apardy Videokameradan alyngan bejneden Bishimbaevtyn Nүkenovany uryp sokkany shashynan tartyp zhүrgeni korindi Әjelinin betinde bolgan zharakattaryn Bishimbaev onyn dәrethanaga ote katty betpen kulaganynan shykkan dep tүsindirdi Ajypker әjelin tort bes ret tepkenin onyn esin zhigyzu үshin zhasadym dep tүsindirdi Degenmen ol omir үshin manyzdy organ zakymdalmaganyn ajtty Nүkenovanyn esin zhimaj almaganyn korgende zhedel zhәrdemdi shakyrmaj kojgan Bishimbaev balgerge habarlasty Bishimbaevtyn shopshek inisi Bakytzhan Bajzhanovka bejnebakylau kamerasyndagy kejbir zhazbalardy zhojganyn bujyrgany belgili Sagat 19 54 te zhedel medicinalyk kyzmet korsetu stanciyasy pultine konyrau tүsken zhәne zhedel zhәrdem brigadasy zhetkende Nүkenovanyn kaza bolgany rastaldy ҚamauҚuandyk Bishimbaev 11 karashada Astana sotynyn sheshimimen Adam oltiru babymen eki ajga kamaldy 13 karashada olim oryn algan Gastro ortalyktyn direktory zhәne Bishimbaevtyn shopshek inisi Bakytzhan Bajzhanovka karsy Қylmysty habarlamau zhәne Қauipti zhagdajda kaldyru baptary bojynsha kylmystyk is kozgady da ol 14 karashada eki ajga kamaldy 30 karashada onyn zhasyrgany zhәne kylmys turaly policiya organdaryna zhetkizbegeni үshin uakytsha ustau izolyatoryna kamauga alyngany habarlandy Sot isi26 akpanda Bishimbaev isinin sotka tүskeni zhәne onyn Қinau zhәne askan katygezdikpen kisi oltiru baptary bojynsha kozgalgany belgili boldy Sot tergeui 3 4 sәuirde sot otyrysynda Bishimbaevtan zhauap alyndy Ajypkerdin sozinshe sol kүni keshke әjeli onymen birge үsh botelke sharap iship ekeuinin karym katynasy zhajly sojlep ketti Ajyptalushy Nүkenova zhanzhal kezinde ony әdepsiz sozben balagattap әzhethanaga bergen kymbat kerek zharaktaryn agyzyp arandatkan Bishimbaevtyn Nүkenova kulap dәrethanaga ozi basyn sogyp aldy degen sozin saraptama zhokka shygardy Nүkenova zharakatynyn kulau saldarynan aluy mүmkin emes degen korytyndy shykty Sot otyrysynda Bishimbaevtyn shopshek inisi Bakytzhan Bajzhanovtan bejnekameralardagy zhazbalardy oshirudi suragany belgili boldy Eks ministr Nүkenovanyn telefon nomirin tuysyna berip onyn geolokaciyasyn otbasynan zhasyru үshin ony үjine aparudy bujyrgan 15 sәuirde sot otyrysy kezinde Bakytzhan Bajzhanov Bishimbaevty oltirushi dep atady da shyndyk үshin kamaluga dajyn bolganyn ajtty 19 sәuirde belgisiz bireuler sot torajymy Ajzhan Kolbaevaga karsy kokan lokky zhasady Astana policiyasy sudyany zheke kauipsizdik sharalarymen kamtamasyz etti de okigaga katysty Sot toreligin iske asyruga kedergi zhasau maksatynda sottyn kyzmetine aralasu bojynsha is zhүrgizilgenin habarlady 22 sәuirde sot isin bakylau maksatymen resejlik zhurnalist Kseniya Sobchaktyn kelgeni belgili boldy Sol kүni Bishimbaevtyn telefonynan tabylgan zhәne Nүkenova kajtys bolgan kүni tүsirilgen 12 videoda Bishimbaevtyn ogan til tigizip zhatkany korsetilgen Bejnezhazbalarda ol odan kazakstandyk kәsipker karym katynasy bar zhogyn surap turgan Zhazbalarda onyn Nүkenovany uryp sokkany da estildi Bishimbaev bastapkyda videolardyn zhalgan ekenin ajtsa kejin olardy ozi tүsirgenin mojyndady isin namysyna tigeni үshin kek algym keldi dep tүsindirdi Bejnezhazbany korgen Ajtbek Amangeldinin kozinen zhas shykkan bolsa Nүkenova tuystarynyn biri үshin zhedel zhәrdem shakyru kerek boldy Batalov Nүkenovamen karym katynas oryn alganyn zhokka shygardy 24 sәuirde Bishimbaevtyn telefon sokkan balgeri Gүlnar Erezhepova sot alkabilerine okiganyn mazmundamasyn berdi Erezhepova Bishimbaevty adam tozgisiz dep atady da ony 1 5 2 zhyldaj uakyt bojy biletinin okiga kүni Bishimbaevtyn ote mas bolganynan bastapkyda sozine asa kop mәn bermegenin ajtty Erezhepova sozinshe ol Bishimbaevtyn zhedel zhәrdemdi shakyrganyn birneshe ret surady Bakytzhan Bajzhanov balgerdin zhedel zhәrdem shakyrsyn degen otinish ajtkanyn zhokka shygardy 24 sәuir kүni sot tergeuinin ayaktaluy zhәne zharyssozdin 29 sәuirde bolatyny zhariyalandy Үkimi 13 mamyrda Zhogargy Sot arnasynda zhүrgen tikelej efir arkyly sagat 17 00 de Bishimbaev pen Bajzhanovtyn үkimi ajtyldy Sot isinin nәtizhesinde Bishimbaev asa katygezdikpen kasakana oltirgeni үshin 24 zhylga zhәne Bajzhanov asa auyr kylmysty zhasyrgany үshin 4 zhylga bas bostandygynan ajyryldy Taraptar үkimmen kelispej zhatsa olar 14 kүn ishinde appelyaciyalyk shagym zhasauga kukyly SaldaryAstana Respublikalyk meshitinde kiylgan Ashat Ajmagambetov zansyz korgen Nүkenova men Bishimbaevtyn nekesin imam Қanat Қydyrmin zhasagan edi 2024 zhylgy 18 sәuirde Қydyrminge katysty tәrtiptik shara koldanyldy da ogan eskertu zhasaldy ReakciyaSaltanat Nүkenovanyn agasy zhәne Pavlodar kalasynyn buryngy әkimi 2019 2020 Қajrat Nүkenov Bishimbaevty kubyzhyk zhәne kanisher dedi de ony omir bojy keshirmejtinin ajtty Bishimbaevtyn ekinshi әjeli Nazym Қaһarmanova oryn algan okiga zhajly bilgende tan kaldym dedi ony kajgyly zhagdaj dep atady da Saltanattyn otbasyna konil ajtty Sot procesin Mәdeniet zhәne akparat ministri zhәne prezident zhanyndagy otbasylyk demografiyalyk sayasat zhajly ulttyk komissiyanyn torajymy Aida Balaeva da bakylauda Balaeva әleumettik zhelilerde pajda bolgan sot әdiletsiz sheshim shygarady degen pikirge karsy shykty da Қazakstan turgyndary үshin Saltanat Nүkenova barlyk turmystyk zorlyk zombylyk kurbandarynyn simvolyna ajnaldy dedi Bishimbaev isi sarapshy zhurnalist zanger gana emes karapajym halyktyn da nazaryna tүsken isterdin biri Advokat Zhohar Өtebekovtin sozinshe is Bishimbaevtyn tanymaldygynan procestin tikelej efir arkyly korsetiluinen zhәne istin elde ozekti genderaralyk tendikke degen katysynan rezonanska ie boldy Azattyk radiosy mәlimetinshe kogamnyn kopshiligi Nүkenovany zhәne onyn otbasyn koldady da Internette saltanatүshin saltanat siyakty fleshmoby da oryn aldy Nүkenovaga olen muzyka arnap suretter salyp zhariyalap zhatkandardyn da bar ekeni belgili Amerika Қurama Shtattary zhәne Europada turatyn kazakstandyktar Bishimbaevtyn kamaluyn koldagan ondagan miting zhүrgizdi mysaly 13 sәuirde Rimde Nүkenovany koldau akciyasynyn oryn algany belgili Nүkenova olimi zhajly zhanalyk zhariyalangan salysymen Internette Zandy ozgert zhazany katandat degen uranmen fleshmob bastaldy 11 sәuirde Bishimbaevka karsy sot isinin barysynda Қazakstan Parlamentinin Senaty turmystyk zorlyk zombylyk үshin zhazany katandatatyn zan zhobasyn makuldady Sot isinin tikelej efirin korermender Қazakstannan baska shetelde de sonyn ishinde Tүrikmenstanda karap zhatyr DerekkozderKseniya Sobchak Bishimbaevtyn sotyna katysyp zhatyr kaz nege kz 22 sәuir 2024 Tekserildi 23 sәuir 2024 Bishimbaevtyn isi bojynsha kezekti sot otyrysy bastaldy tikelej translyaciya kaz SPUTNIK 17 sәuir 2024 Tekserildi 20 sәuir 2024 Sot Bishimbaevty 24 zhylga Bajzhanovty 4 zhylga tүrme zhazasyna kesti kaz Azattyk radiosy 13 mamyr 2024 Tekserildi 13 mamyr 2024 Tokoeva Ajsymbat V Kazahstane sudyat byvshego ministra ekonomiki za ubijstvo zheny v kabinke restorana Glavnye detali dela orys BBC News 6 aprelya 2024 Tekserildi 20 sәuir 2024 Drama men shou sipaty bar process Bishimbaevtyn soty milliondagan adamnyn nazaryn audardy Nelikten kaz Azattyk radiosy 18 sәuir 2024 Tekserildi 20 sәuir 2024 Zhemkorlyk әreketi үshin 10 zhylga sottalgan Қuandyk Bishimbaev nege bosatylgan edi kaz Egemen Қazakstan 10 sәuir 2024 Tekserildi 20 sәuir 2024 Sud nad Bishimbaevym Nachalo v chyom imenno obvinyayut eks ministra orys Azattyk radiosy 11 marta 2024 Tekserildi 20 sәuir 2024 Oralbaeva Elmira Bishimbaev pen Nүkenovanyn nekesin kigan imamga kandaj shara koldanyldy kaz kaz inform kz 18 sәuir 2024 Tekserildi 20 sәuir 2024 Bishimbaev isi Ajtbek Amangeldi sotta karyndasy koz zhumgan tүn turaly ajtyp berdi kaz Azattyk Ruhy 29 nauryz 2024 Tekserildi 20 sәuir 2024 Vajskopf Anatolij Delo ob ubijstve zheny Kak v Kazahstane sudyat eks ministra orys Nemis tolkyny 5 aprelya 2024 Tekserildi 20 sәuir 2024 Saltanat Nүkenovanyn olimi Bishimbaevka katysty is kajta saralandy kaz kaz tengrinews kz 30 karasha 2023 Tekserildi 20 sәuir 2024 Saltanat Nүkenova olimi Astanadagy Gastro ortalyk direktory eki ajga kamaldy kaz Azattyk radiosy 14 karasha 2023 Tekserildi 20 sәuir 2024 Saltanat Nүkenovanyn olimi Қuandyk Bishimbaev isi sotka tүsti kaz Azattyk radiosy 26 akpan 2024 Tekserildi 20 sәuir 2024 On ubijca Bajzhanov o Bishimbaeve orys tengrinews kz 15 aprelya 2024 Tekserildi 23 sәuir 2024 Amantaj Dinara Bishimbaev isi sudyaga belgisiz bireuler kokan lokky zhasagan kaz Halyk үni 19 akpan 2024 Tekserildi 20 sәuir 2024 Sejsembek Ajdana Ty spala s nim Video s telefona Bishimbaeva zapisannye v noch ubijstva Nukenovoj pokazali v sude orys informburo kz 22 aprelya 2024 Tekserildi 23 sәuir 2024 Bezumnaya lozh Biznesmen Raimbek Batalov vystupil s zayavleniem v svyazi s prozvuchavshim v sude nad Bishimbaevym orys Azattyk radiosy 23 aprelya 2024 Tekserildi 23 sәuir 2024 Қaһarman Zarina Sandyrak Rajymbek Batalov Қuandyk Bishimbaevtyn sotyndagy bejnezhazbalarga katysty pikir bildirdi kaz informburo kz 23 sәuir 2024 Tekserildi 23 sәuir 2024 Әlieva Hadizha On nevynosimyj gadalka Bishimbaeva daet pokazanie v sude orys arbatmedia kz 24 aprelya 2024 Tekserildi 24 sәuir 2024 Zhanbyrova Әdel Ona govorit nepravdu Brat Bishimbaeva osporil pokazaniya yasnovidyashej v sude orys kz kursiv media 24 aprelya 2024 Tekserildi 24 sәuir 2024 Minap Raya Bishimbaev isi bojynsha sot tergeui ayaktaldy zharyssoz bastalady kaz aikyn kz 24 sәuir 2024 Tekserildi 24 sәuir 2024 Saltanat Nүkenovanyn agasy Өmir bojy keshirmejmiz kaz tengrinews kz 13 karasha 2023 Tekserildi 20 sәuir 2024 Bishimbaev Kuandyk Valihanovich orys online zakon kz Tekserildi 11 karasha 2023 AҒZAMҚYZY Akmaral Shok boldym Bishimbaevtyn 14 zhyl nekede bolgan әjeli pikir bildirdi kaz el kz 10 karasha 2023 Tekserildi 11 karasha 2023 Senat turmystyk zorlyk zombylykka zhazany kүshejtetin zan zhobasyn makuldady kaz Azattyk radiosy 11 sәuir 2024 Tekserildi 20 sәuir 2024 Turkmenistancy sledyat za sobytiyami vokrug ubijstva zheny byvshego kazahskogo ministra orys Azattyk radiosy 5 aprelya 2024 Tekserildi 20 sәuir 2024 Sophie Abdulla amp Aisymbat Tokoeva Saltanat Nukenova The politician the astrologer and a murder that could change Kazakhstan BBC News 25 May 2024