Биогеохимия — биосферада ағзалардың қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттейтін ғылым саласы, геохимияның бір бөлімі. Тірі ағза өз тіршілігінде түрлі химиялық элементтерді бойына сіңіреді, ал ол өлген соң бұл элементтер ыдырайды, шашырайды немесе белгілі бір орынға шоғырланады. Жер бетінде тірі азғалар біркелкі тарамаған, кейбір тіршілік ортасында олардың белгілі бір тобы көп жиылады. Бұған мұхиттар мен теңіздердегі планктон, құрлықтағы қалың орман мен шалғындар, ылғалы мол қара топырақты жерлердегі шірінді мен шымтезек, халықтың бір жерде тығыз, бір жерде сирек орналасуы мысал болады.
Тірі заттың негізгі массасы — өсімдіктерде. Олар жерге түсетін күн энергиясының 1%-ке жуығын сіңіреді. Биогеохимиялық процестердің қарқыны ағзалардың шапшаң көбеюіне байланысты. Тірі дене құрамының негізгі массасы химиялық элементтердің аз ғана тобынан құралады. Бұларға биосфера жағдайында оңай қозғалып, тез қосылыстар түзуші: CO2, NH3 сияқты газдар, су, H+, OH-, NО3- — SО32-, PО43-, Na+, K+ иондары, т.б. жатады. Организмдер тіршілік ортасында белгілі бір элементтер тобының химиялық қосылыстарын ғана сұрыптап сіңіру арқылы геохимиялық функция атқарады. Олардың қаңқасын құруға кальций оксиді қатысады. Организмдердің тікелей қатысуымен диатомит, әктас, көмір, мұнай пайда болады. Жасыл өсімдіктер фотосинтезінен оттек бөлінеді. Микроорганизмдер темір, марганец, т.б. элементтер қосылыстарының тотығуына да қатысып, оларды тұндырады, сульфаттарды тотықсыздандырып, күкірттің биогендік кендерін түзеді. Тірі организм геохимиялық процестердің сипатын, элементтердің шоғырлану ортасын өзгертіп отырады. Тіршілік ортасы азғалар құрамына да әсер етеді, ал азғалар химиялық элементтердің биогендік шашырауына (миграциясына) себепші болады, олардың (көміртектің, оттектің) изотоптық құрамын да өзгертеді. Адамның атмосфера, биосфера және жер қыртысының изотоптық құрамына тигізетін әсері ұдайы артып келеді.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3
- “Қазақ Энциклопедиясы”
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Biogeohimiya biosferada agzalardyn katysuymen zhүretin geohimiyalyk procesterdi zerttejtin gylym salasy geohimiyanyn bir bolimi Tiri agza oz tirshiliginde tүrli himiyalyk elementterdi bojyna siniredi al ol olgen son bul elementter ydyrajdy shashyrajdy nemese belgili bir orynga shogyrlanady Zher betinde tiri azgalar birkelki taramagan kejbir tirshilik ortasynda olardyn belgili bir toby kop zhiylady Bugan muhittar men tenizderdegi plankton kurlyktagy kalyn orman men shalgyndar ylgaly mol kara topyrakty zherlerdegi shirindi men shymtezek halyktyn bir zherde tygyz bir zherde sirek ornalasuy mysal bolady Biogeohimiyalyk procesteri Tiri zattyn negizgi massasy osimdikterde Olar zherge tүsetin kүn energiyasynyn 1 ke zhuygyn siniredi Biogeohimiyalyk procesterdin karkyny agzalardyn shapshan kobeyuine bajlanysty Tiri dene kuramynyn negizgi massasy himiyalyk elementterdin az gana tobynan kuralady Bularga biosfera zhagdajynda onaj kozgalyp tez kosylystar tүzushi CO2 NH3 siyakty gazdar su H OH NO3 SO32 PO43 Na K iondary t b zhatady Organizmder tirshilik ortasynda belgili bir elementter tobynyn himiyalyk kosylystaryn gana suryptap siniru arkyly geohimiyalyk funkciya atkarady Olardyn kankasyn kuruga kalcij oksidi katysady Organizmderdin tikelej katysuymen diatomit әktas komir munaj pajda bolady Zhasyl osimdikter fotosintezinen ottek bolinedi Mikroorganizmder temir marganec t b elementter kosylystarynyn totyguyna da katysyp olardy tundyrady sulfattardy totyksyzdandyryp kүkirttin biogendik kenderin tүzedi Tiri organizm geohimiyalyk procesterdin sipatyn elementterdin shogyrlanu ortasyn ozgertip otyrady Tirshilik ortasy azgalar kuramyna da әser etedi al azgalar himiyalyk elementterdin biogendik shashyrauyna migraciyasyna sebepshi bolady olardyn komirtektin ottektin izotoptyk kuramyn da ozgertedi Adamnyn atmosfera biosfera zhәne zher kyrtysynyn izotoptyk kuramyna tigizetin әseri udajy artyp keledi DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Ғylymtanu Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar ҒӨF EKO 2006 zhyl 430 b ISBN 9965 808 78 3 Қazak Enciklopediyasy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet