Бақша дақылдары – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер тобы. Оған қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Тропиктік және субтропиктік аймақтардан шыққан. Қазақстанның барлық аймақтарында өсіріледі. Бақша дақылдары – бағалы тағамдық және диеталық өнім, дәрілік, сәндік мақсатта, мал азығы, майлы шикізат ретінде пайдаланылады. Бақша жемістерінің құрамында қант, көмірсу, витаминдер, минералды заттар, органик. қышқылдар көп. Сондай-ақ олар емдік қасиеті жағынан, жұғымдылығы, сіңімділігі және диеталық қоректілігі жағынан пайдалы. Бақша дақылдарының жемістері тағамға көктей немесе өңделген түрінде қолданылады. Қарбызды тұздауға болады, ал қарбыз балы кондитерлік өндірісте пайдаланылады, қауыннан қауынқақ, , (бекмес) жасайды.
Бақша дақылдарының тұқымдары бір-біріне анатомикалық құрылысы, химикалық құрамы, физиология-биохимилық процестері, пісіп-жетілуі, өсіп-өнуі ұқсас келеді. Олардың қос жарнақты тұқымдарының өнгіштігі өте жоғары (98 – 100%), ұзақ (8 – 10 жыл) сақтауға болады. Бақша дақылдарының жер асты жүйесі кіндік тамырлы, негізгі тамырдан және жанама тамыршалардан тұрады. Сабақтары өсу процесінде жоғары өрмелейді, жайыла өседі немесе тік бұталы болып келеді.
Аталық, аналық гүлдерінің дара, қос және аралас 3 түрі кездеседі. Алдымен аталық, содан кейін аналық гүлдері гүлдейді. Жемістері көптұқымды, жидек тәрізді, салм. 80 кг-ға дейін (асқабақ) жетеді. Бақша дақылдары тұқымының өсіп-өнуі үшін қарбызға 15 – 17°С, қауынға 14 – 16°С және асқабаққа 10 – 13°С температура қажет. Сондықтан Бақша дақылдарын себуді асқабақтан бастайды. Себу алдында егістікті суғарады. Қауын мен қарбыздың тұқымы 3 – 6 см, ал асқабақтың тұқымы 6 – 8 см тереңдікке егіледі. Себу жұмыстарын ерте пісетін сорттардан бастайды. Піскен өнім уақытында жиналса, түптегі келесі жемістер тезірек пісіп-жетіледі. Бақша дақылдарының жиі кездесетін ауруларына солу немесе фузариоз, кәдімгі ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, антракноз, ал зиянды көбелек, бұзаубас, т.б. жатады. Олармен күресу үшін агротехникалық, биологиялық және химиялық шаралар қолданылады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baksha dakyldary askabak tukymdasyna zhatatyn bir zhyldyk shoptesin osimdikter toby Ogan karbyz kauyn askabak zhatady Tropiktik zhәne subtropiktik ajmaktardan shykkan Қazakstannyn barlyk ajmaktarynda osiriledi Baksha dakyldary bagaly tagamdyk zhәne dietalyk onim dәrilik sәndik maksatta mal azygy majly shikizat retinde pajdalanylady Baksha zhemisterinin kuramynda kant komirsu vitaminder mineraldy zattar organik kyshkyldar kop Sondaj ak olar emdik kasieti zhagynan zhugymdylygy sinimdiligi zhәne dietalyk korektiligi zhagynan pajdaly Baksha dakyldarynyn zhemisteri tagamga koktej nemese ondelgen tүrinde koldanylady Қarbyzdy tuzdauga bolady al karbyz baly konditerlik ondiriste pajdalanylady kauynnan kauynkak bekmes zhasajdy Baksha dakyldarynyn tukymdary bir birine anatomikalyk kurylysy himikalyk kuramy fiziologiya biohimilyk procesteri pisip zhetilui osip onui uksas keledi Olardyn kos zharnakty tukymdarynyn ongishtigi ote zhogary 98 100 uzak 8 10 zhyl saktauga bolady Baksha dakyldarynyn zher asty zhүjesi kindik tamyrly negizgi tamyrdan zhәne zhanama tamyrshalardan turady Sabaktary osu procesinde zhogary ormelejdi zhajyla osedi nemese tik butaly bolyp keledi Atalyk analyk gүlderinin dara kos zhәne aralas 3 tүri kezdesedi Aldymen atalyk sodan kejin analyk gүlderi gүldejdi Zhemisteri koptukymdy zhidek tәrizdi salm 80 kg ga dejin askabak zhetedi Baksha dakyldary tukymynyn osip onui үshin karbyzga 15 17 S kauynga 14 16 S zhәne askabakka 10 13 S temperatura kazhet Sondyktan Baksha dakyldaryn sebudi askabaktan bastajdy Sebu aldynda egistikti sugarady Қauyn men karbyzdyn tukymy 3 6 sm al askabaktyn tukymy 6 8 sm terendikke egiledi Sebu zhumystaryn erte pisetin sorttardan bastajdy Pisken onim uakytynda zhinalsa tүptegi kelesi zhemister tezirek pisip zhetiledi Baksha dakyldarynyn zhii kezdesetin aurularyna solu nemese fuzarioz kәdimgi ak untak zhalgan ak untak antraknoz al ziyandy kobelek buzaubas t b zhatady Olarmen kүresu үshin agrotehnikalyk biologiyalyk zhәne himiyalyk sharalar koldanylady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 II tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet