Баубек батыр – қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысында әскери қолбасшы Кенесары ханның қол астында күрескен батыр.
Баубек батыр | |
Баубек Бекмырзаұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | қазіргі Ақмола облысы, Жақсы ауданы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Ресей Федерациясы, Түмен облысы, Ишим қаласы |
Ұлты | қазақ |
Әкесі | Бекмырза |
Анасы | Шұға |
Жұбайы | Емке |
Балалары | Мағзұм |
Тегі, өмірбаяны
Баубек батыр 1820 жылы қазіргі Ақмола облысы Жақсы ауданы жерінде дүниеге келген. Руы Қарауыл – Мәшектің ұлы Қарт Бәлекей → Құлымбет → Бектауыл → Түркпен, Сарғалдақ, Жасқамыс. Сарғалдақтан Тастемір → Бекмырза → Баубек. Әкесінің ата-тегі дәулетті адамдар болған. Шешесі – Шұға. 9 жасында ата-анасынан айырылған ол Кенесары ханның әскер жинақтап жатқанын естіп, сонда келеді, ханның бәйбішесі Күнімжан оны туған ұлындай қабылдап, өсіріп жеткізеді. Бұл жерде әскери тәсілдерді үйреніп, есейген Баубек, әр тұрлі жорықтарға қатыса бастайды.
Тарихи дерек
Қырғыздың Отыншы атты батырын жеңгеннен кейін батыр атанған ол, жорықтарда қайраттылығымен, жауапкершілігімен көзге түседі. Ұлт-азаттық көтерілісінде Кенесары ханның сенімді көмекшілерінің және ең басты батырларының бірі болды. 1847 жылығы көтерілісте Кенесары хан, Наурызбай батыр және бірнеше жауынгерлер қайтыс болып, Баубек тұтқынға түседі, бірақ ол жерден қашып шығып, туған жері Қимаға оралады. 20 жасында Алтай руының байы Аққошқар Сайдалының қызы Емкеге үйленіп, Терісаққан өзенінің Есіл өзеніне құяр тұсындағы жерді мекендейді. 1850 жылы тұңғышы Мағзұм өмірге келеді. 1869 жылғы болған әкімшілік өзгерістен кейін Ақмола облысында Сарысу округі құрылады (кейін орталығы Атбасар болып Атбасар округі болып өзгереді). Округ болыстарға, болыстар әр қайсысында 2-3 туысты топтардан тұратын 1000-2000 тұрғынды ауылдардан тұрды. Бұл өзгерісті қабылдамаған Баубек батырды билік жағы әр түрлі кінә тағып, қудалайды. "Бізді орыс ауылдары қоршап алды, көн" деген туыстарына, "мен Сарыханға (Кенесары) ант бергенмін, оны бұзбаймын" деп, қарсылық білдірумен болған екен, сондықтан 1872 жылы тұтқындалып, 7 жылға айыпталып, жер аударылады. Туған жерінен кетер кезінде қайтып оралмасын сезген Баубек батыр "мен өлгенде, менің денемнің бөлшегі ретінде көмерсіңдер деп" бір саусағын қылышпен кесіп, тастап кетеді. Артынан інілері Көбен, 19 жасар Үдербай (1890 жылы қайтыс болады) барған екен.
Баубек батыр 1884 жылы (енді бір деректе 1988 жылы) Ресей Федерациясының Түмен облысы жеріндегі Ишим қаласында аурудан қайтыс болады. Соңғы күндері қасында 3 жылға сотталған Зейнолла деген имам (ишан) болып, Баубек батырды атығай-қарауыл руының қазақтары өзен жағалауындағы биік шоқыға жерлейді. Зейнолла ишан батырдың киімдерін және жеке заттарын туыстарына тапсырып батырдың соңғы аманатын орындайды. Батырдың қазасын естіген Бесобада болыс қызмет атқарып жүрген ұлы Мағзұм және туыстары, оның саусағын және киімдерін Бесобаға жерлейді. Қазіргі Жақсы ауданындағы Қызылту (Баубек батыр ауылы) ауылында "Баубек бейіті" деген белгі қойылған.
Батырдың ұлы Мағзұм 1913 жылы Меккеге барған сапарында қайтыс болып, сол жерде жерленеді. Оның артында Сейдахмет, Құсайын атты екі ұлы қалған екен, Құсайын әкесінен кейін 9 жыл Бесобада болыс болып тұрыпты. Қазіргі ұрпақтары Ақмола облысы Жақсы ауданындағы Есіл және Терісаққан ауылдық округтерінде тұрады.
Мәліметтер
Шоқан Уәлихановтың "Записки о судебной реформе" мақаласында, билердің үкімі бойынша Баубек батырдың ұры, әрі Кенесары ханның сыбайласы деп сотталғаны, бірнеше жүз жылқы бересі екені және Атбасар абақтысына қамалғаны туралы жазба болған екен.
Кеңестік кезінде белгілі тарихшы ғалым, тарих ғылымдары докторы Ермұхан Бекмахановтың "Қазақ КОСР тарихы" еңбегінде, жазушы Ілияс Есенберлиннің "ҚаҺар" романында, жазушы-революционер "Ерденкөл" повесінде Баубек батыр туралы, оның ерліктері туралы баяндалады. Сонымен қатар "Парасат" журналында, "Қазақ әдебиеті", "Астана ақшамы" газеттерінде мақалалар жарияланған.
Дереккөздер
- Кан Г. В., Шаяхметов Н. У. К-16 Қазақстан тарихы. Оқулық. - Алматы: «Алматы кітап», 2007. - 264 бет.ISBN 9965-24-856-7
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baubek batyr kazak halkynyn 1837 1847 zhyldardagy ult azattyk kozgalysynda әskeri kolbasshy Kenesary hannyn kol astynda kүresken batyr Baubek batyrBaubek BekmyrzaulyTugan kүni1820 1820 Tugan zherikazirgi Akmola oblysy Zhaksy audanyҚajtys bolgan kүni1884 1884 Қajtys bolgan zheriResej Federaciyasy Tүmen oblysy Ishim kalasyҰltykazakӘkesiBekmyrzaAnasyShugaZhubajyEmkeBalalaryMagzumTegi omirbayanyBaubek batyr 1820 zhyly kazirgi Akmola oblysy Zhaksy audany zherinde dүniege kelgen Ruy Қarauyl Mәshektin uly Қart Bәlekej Қulymbet Bektauyl Tүrkpen Sargaldak Zhaskamys Sargaldaktan Tastemir Bekmyrza Baubek Әkesinin ata tegi dәuletti adamdar bolgan Sheshesi Shuga 9 zhasynda ata anasynan ajyrylgan ol Kenesary hannyn әsker zhinaktap zhatkanyn estip sonda keledi hannyn bәjbishesi Kүnimzhan ony tugan ulyndaj kabyldap osirip zhetkizedi Bul zherde әskeri tәsilderdi үjrenip esejgen Baubek әr turli zhoryktarga katysa bastajdy Tarihi derekҚyrgyzdyn Otynshy atty batyryn zhengennen kejin batyr atangan ol zhoryktarda kajrattylygymen zhauapkershiligimen kozge tүsedi Ұlt azattyk koterilisinde Kenesary hannyn senimdi komekshilerinin zhәne en basty batyrlarynyn biri boldy 1847 zhylygy koteriliste Kenesary han Nauryzbaj batyr zhәne birneshe zhauyngerler kajtys bolyp Baubek tutkynga tүsedi birak ol zherden kashyp shygyp tugan zheri Қimaga oralady 20 zhasynda Altaj ruynyn bajy Akkoshkar Sajdalynyn kyzy Emkege үjlenip Terisakkan ozeninin Esil ozenine kuyar tusyndagy zherdi mekendejdi 1850 zhyly tungyshy Magzum omirge keledi 1869 zhylgy bolgan әkimshilik ozgeristen kejin Akmola oblysynda Sarysu okrugi kurylady kejin ortalygy Atbasar bolyp Atbasar okrugi bolyp ozgeredi Okrug bolystarga bolystar әr kajsysynda 2 3 tuysty toptardan turatyn 1000 2000 turgyndy auyldardan turdy Bul ozgeristi kabyldamagan Baubek batyrdy bilik zhagy әr tүrli kinә tagyp kudalajdy Bizdi orys auyldary korshap aldy kon degen tuystaryna men Saryhanga Kenesary ant bergenmin ony buzbajmyn dep karsylyk bildirumen bolgan eken sondyktan 1872 zhyly tutkyndalyp 7 zhylga ajyptalyp zher audarylady Tugan zherinen keter kezinde kajtyp oralmasyn sezgen Baubek batyr men olgende menin denemnin bolshegi retinde komersinder dep bir sausagyn kylyshpen kesip tastap ketedi Artynan inileri Koben 19 zhasar Үderbaj 1890 zhyly kajtys bolady bargan eken Baubek batyr 1884 zhyly endi bir derekte 1988 zhyly Resej Federaciyasynyn Tүmen oblysy zherindegi Ishim kalasynda aurudan kajtys bolady Songy kүnderi kasynda 3 zhylga sottalgan Zejnolla degen imam ishan bolyp Baubek batyrdy atygaj karauyl ruynyn kazaktary ozen zhagalauyndagy biik shokyga zherlejdi Zejnolla ishan batyrdyn kiimderin zhәne zheke zattaryn tuystaryna tapsyryp batyrdyn songy amanatyn oryndajdy Batyrdyn kazasyn estigen Besobada bolys kyzmet atkaryp zhүrgen uly Magzum zhәne tuystary onyn sausagyn zhәne kiimderin Besobaga zherlejdi Қazirgi Zhaksy audanyndagy Қyzyltu Baubek batyr auyly auylynda Baubek bejiti degen belgi kojylgan Batyrdyn uly Magzum 1913 zhyly Mekkege bargan saparynda kajtys bolyp sol zherde zherlenedi Onyn artynda Sejdahmet Қusajyn atty eki uly kalgan eken Қusajyn әkesinen kejin 9 zhyl Besobada bolys bolyp turypty Қazirgi urpaktary Akmola oblysy Zhaksy audanyndagy Esil zhәne Terisakkan auyldyk okrugterinde turady MәlimetterShokan Uәlihanovtyn Zapiski o sudebnoj reforme makalasynda bilerdin үkimi bojynsha Baubek batyrdyn ury әri Kenesary hannyn sybajlasy dep sottalgany birneshe zhүz zhylky beresi ekeni zhәne Atbasar abaktysyna kamalgany turaly zhazba bolgan eken Kenestik kezinde belgili tarihshy galym tarih gylymdary doktory Ermuhan Bekmahanovtyn Қazak KOSR tarihy enbeginde zhazushy Iliyas Esenberlinnin ҚaҺar romanynda zhazushy revolyucioner Erdenkol povesinde Baubek batyr turaly onyn erlikteri turaly bayandalady Sonymen katar Parasat zhurnalynda Қazak әdebieti Astana akshamy gazetterinde makalalar zhariyalangan DerekkozderKan G V Shayahmetov N U K 16 Қazakstan tarihy Okulyk Almaty Almaty kitap 2007 264 bet ISBN 9965 24 856 7