Басмашылар қозғалысы (1918 — 1930) — Түркістан өлкесі халықтарының Кеңес өкіметі өктемдігіне қарсы жүргізген азаттық күресі.
Басмашылар қозғалысы | |
Негізгі қақтығыс: Ресейдегі азамат соғысы (1922 жылға дейін) | |
Бұхара қоршауы 1920 жыл, 1 қыркүйек | |
Дата | 1918 жыл 25 қаңтар — 1938/1942 (аяқталу күні шартты түрде көрсетіледі) |
---|---|
Орын | Бүкіл Батыс Түркістан, Шығыс Түркістанның Ресей/КСРО, Ауғанстан Әмірлігі/Ауғанстан және Парсы патшалығымен іргелес аумақтары |
Нәтиже | Басмашылардың жеңілуі |
Басмашылар қозғалысы кеңестер билігінің жалпыадамзаттық құндылықтарға таптық, партиялық мүддені қарсы қою саясатының терең дағдарысқа ұшырағандығының, соның салдарынан империяның басқа аймақтарын қамтыған ішкі азаматтық қақтығыстың жеткендігінің көрінісі болды. Кеңес өкіметінің 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясын қарулы күшпен құлатуын, сондай-ақ, Түркістанда дәстүрлі қалыптасқан қоғамдық қатынастар мен тәртіпті рев. шаралар арқылы түбегейлі қайта құру жолындағы алғашқы қадамын жергілікті халық жаңа отаршыл мақсатты көздеген әрекет ретінде қабылдады. Мұндай қалыптасқан жағдай Басмашылар қозғалысының шығуына алып келді. Кеңестік тарихнама бұл қоғамдық құбылысты қарабайырландырып, Басмашылар қозғалысы шетелдік интервенциялық орталықтардың қолдауымен ішкі феодалдық және діни күштердің Кеңес өкіметіне қарсы таптық күресі болды деген бір жақты тұжырым жасады. Басмашылар Қозғалысының құрамы тек феодалдық топтар мен дін басыларынан ғана тұрған жоқ, оның иіріміне жеке қожалығы мен дәстүрлі тіршілігінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылып қалудан үрейленген орта шаруалар мен қарапайым диқандар да тартылды. Олардың ортақ идеологиясы өз Отанын, меншігін, дәстүрлі өмір салтын жаңа мазмұндағы отаршыл өзгерістерден, зорлықшыл шаралардан құтқару, сақтау болды. Түркістан өлкесінде жергілікті халық өкілдерінің қолына қару алып, кеңестік билікке қарсы шығуы алғаш Ферғана облысында бой көрсетті. Онда 1918 жылы көктемде құрбашы Ергеш, күзден бастап құрбашы Мадаминбек бастаған басмашылар тобы батыл қимылдарға көшті. Тек құрбашы Ергештің қол астында 1800-ге жуық қарулы жасақ болды. 1919 жылға қарай басмашылар тобының саны 150-ге жетті. Ондағы адамдардың саны 60 мыңға жуық болды. Басмашылардың көздеген ортақ мақсаты — Түркістан өлкесінің тәуелсіздігін қалпына келтіру еді. Қозғалысқа 1917 — 1918 жылғы жұттан ығысып Ферғана өңіріне келіп, рев. дүрбелеңнен соң сонда қалып қойған орта жүз қазақтары да белсенді түрде ат салысты, Жиделібайсын тұрғындары көтерілісшілерді көлікпен қамтамасыз етті. Басмашыларды қаруландыруға ағылшын үкіметі дипломатиялық тобының басшысы Ф. Бейли, Ташкенттегі Америка консулы Р. Тредуэлл қатысты. Басмашылар кеңестік әскери бөлімшелерге, өнеркәсіп орындарына, темір жол стансаларына, қоймаларға тұтқиылдан тап беру әдісін қолданды. 1919 жылы қыркүйекте Мадаминбек тобы Қырғызстандағы К. Монстров бастаған шаруалар армиясымен бірлескен әрекеттерге көшіп, Ош пен қалаларын басып алды, Әндіжан мен Ферғана қалаларына қауіп төндірді. 1919 жылы қазанда Қытай шекарасы маңында құрбашылар құрылтайы өтіп, онда Ферғана үкіметін құру туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге құрылтайда басмашылар тобы ұйымдық жағынан жетілдіріліп, Мадаминбек, Ергаш, Шермұхаммедбек, Қалқожа басқаратын ірі 4 топқа бөлінді. Құрылтайдың шешімі бойынша ақ гвардияшыл орыс офицерлері әскери іске тартылатын болды. 1920 жылдың басында М.В. Фрунзе басқарған Түркістан майданына орталықтан ірі қарулы күштер тартылып, Басмашылар қозғалысына ауыр соққылар берілді. Ферғана атқыштар дивизиясының командирі Ф.Д. Карпов телеграф арқылы М.В. Фрунзеге “Ферғанадағы соғыс тонаушы басбұзарлармен емес, Кеңес билігіне қарсы жергілікті жұрттың көтерілісі ретінде етек алуда” деп мәлімдеді. 1921 жылы тек Ферғана өңірінде ғана 200-ден астам басмашылар тобы күрес жүргізді. Қызыл әскерлер соққысы кезінде көптеген қыстақтар мен егістік алқаптар талқандалды. Осылайша Басмашылар қозғалысы Ферғана өңірінде біртіндеп әлсірей түсті. 1921 жылы Бұхараға Түркияның бұрынғы соғыс министрі Энвер паша келді. Ол ислам дініндегі барлық халықтарды біріктіріп, Орта Азияда мұсылман мемлекетін құру жөнінде ұран тастады. Энвер паша Ферғана өңірінен шегінген бытыраңқы басмашылар тобынан 16 мың адамнан тұратын армия құрап, 1922 жылы көктемде Бұхар Халық Кеңес Республикасының едәуір бөлігін басып алды. Бұхар жерінде өріс алған Басмашылар қозғалысына Зәки Уәлиди Тоған да ат салысты. Ол қазақ ұлт-азаттық қозғалысы тарапынан қолдау болады деп үміттенді. Ә. Бөкейханов бастаған алаш қайраткерлері Х. Болғанбаев, Ғ. Бірімжанов, қырғыз Ы. Жанұзақовтың басмашылармен байланыс орнатпақ болған ниеті нәтижесіз болды. Бұрынғы Бұхар, Хиуа хандықтары жерінде Ибрагимбек пен Жунаид хан жетекшілік еткен Басмашылар қозғалысы өрістеді, 1922 жылы жазда Энвер паша қызыл әскерлермен шайқас кезінде қаза тапты. 1922 жылы Жунаид ханның, 1926 жылы Ибрагимбектің басмашылар тобына соққы берілді. Басмашылар қозғалысы жетекшілерінің көпшілігі өз тобымен Ауғанстан, Иран, Қытай жеріне өтіп кетті. Олар 1930 жылға дейін Кеңес үкіметімен күресін жалғастыра берді. Басмашылар қозғалысымен күрес Түркістан өлкесінің шаруашылығына үлкен зиянын тигізді, бітпес шайқасқа түскен екі жақтан да үлкен адам шығынына алып келді. 1929 — 1931 жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыруға қарсы болып өткен халық көтерілістері Басмашылар қозғалысымен іштей байланысы бар, сабақтас құбылыстар болатын.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Әдебиеттер
- Каканбаев А. Борьба с басмачеством и упрочение Советской власти в Фергане. — Ташкент, 1958.
- Аманов Р. А. Конец авантюры Фузайл-Максума и Аъзама. — Сталинабад: Таджикгосиздат, 1960.
- Юсупов Э. Ю., Лунин Б. В. Басмачество — орудие реакции. — Ташкент: Фан, 1981.
- Поляков Ю. А. Борьба с басмачеством в среднеазиатских республиках СССР. — М., 1983.
- Басмачество: социально-политическая сущность. — Ташкент, 1984.
- Иркаев М. И. Разгром басмачества в Таджикистане. — Душанбе, 1985.
- Зевелев A. И., Поляков Ю. А., Шишкина Л. В. Басмачество: правда истории и вымысел фальсификаторов. — М.: , 1986.
- Басмачество. — М.: Алгоритм, , 2005. — ISBN 5-699-08722-2
- Пылев А. И. Басмачество в Средней Азии: этнополитический срез (взгляд из XXI века). — Бишкек, 2006.
- Елисеева Н. Е. С. С. Каменев в борьбе с басмачеством. // . — 1995. — № 5. — С.40-45.
- История . Басмачество одного курбаши с его слов. — Саарбрюккен: LAP LAMBERT Academic Publishing, 2014. — 60 с. — ISBN 978-3-659-13813-3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Basmashylar kozgalysy 1918 1930 Tүrkistan olkesi halyktarynyn Kenes okimeti oktemdigine karsy zhүrgizgen azattyk kүresi Basmashylar kozgalysyNegizgi kaktygys Resejdegi azamat sogysy 1922 zhylga dejin Buhara korshauy 1920 zhyl 1 kyrkүjekData1918 zhyl 25 kantar 1938 1942 ayaktalu kүni shartty tүrde korsetiledi OrynBүkil Batys Tүrkistan Shygys Tүrkistannyn Resej KSRO Auganstan Әmirligi Auganstan zhәne Parsy patshalygymen irgeles aumaktaryNәtizheBasmashylardyn zheniluiBul үlgini koru talkylau ondeu Basmashylar kozgalysy kenester biliginin zhalpyadamzattyk kundylyktarga taptyk partiyalyk mүddeni karsy koyu sayasatynyn teren dagdaryska ushyragandygynyn sonyn saldarynan imperiyanyn baska ajmaktaryn kamtygan ishki azamattyk kaktygystyn zhetkendiginin korinisi boldy Kenes okimetinin 1918 zhyly kantarda Tүrkistan avtonomiyasyn karuly kүshpen kulatuyn sondaj ak Tүrkistanda dәstүrli kalyptaskan kogamdyk katynastar men tәrtipti rev sharalar arkyly tүbegejli kajta kuru zholyndagy algashky kadamyn zhergilikti halyk zhana otarshyl maksatty kozdegen әreket retinde kabyldady Mundaj kalyptaskan zhagdaj Basmashylar kozgalysynyn shyguyna alyp keldi Kenestik tarihnama bul kogamdyk kubylysty karabajyrlandyryp Basmashylar kozgalysy sheteldik intervenciyalyk ortalyktardyn koldauymen ishki feodaldyk zhәne dini kүshterdin Kenes okimetine karsy taptyk kүresi boldy degen bir zhakty tuzhyrym zhasady Basmashylar Қozgalysynyn kuramy tek feodaldyk toptar men din basylarynan gana turgan zhok onyn iirimine zheke kozhalygy men dәstүrli tirshiliginen dininen salt dәstүrinen ajyrylyp kaludan үrejlengen orta sharualar men karapajym dikandar da tartyldy Olardyn ortak ideologiyasy oz Otanyn menshigin dәstүrli omir saltyn zhana mazmundagy otarshyl ozgeristerden zorlykshyl sharalardan kutkaru saktau boldy Tүrkistan olkesinde zhergilikti halyk okilderinin kolyna karu alyp kenestik bilikke karsy shyguy algash Fergana oblysynda boj korsetti Onda 1918 zhyly koktemde kurbashy Ergesh kүzden bastap kurbashy Madaminbek bastagan basmashylar toby batyl kimyldarga koshti Tek kurbashy Ergeshtin kol astynda 1800 ge zhuyk karuly zhasak boldy 1919 zhylga karaj basmashylar tobynyn sany 150 ge zhetti Ondagy adamdardyn sany 60 mynga zhuyk boldy Basmashylardyn kozdegen ortak maksaty Tүrkistan olkesinin tәuelsizdigin kalpyna keltiru edi Қozgalyska 1917 1918 zhylgy zhuttan ygysyp Fergana onirine kelip rev dүrbelennen son sonda kalyp kojgan orta zhүz kazaktary da belsendi tүrde at salysty Zhidelibajsyn turgyndary koterilisshilerdi kolikpen kamtamasyz etti Basmashylardy karulandyruga agylshyn үkimeti diplomatiyalyk tobynyn basshysy F Bejli Tashkenttegi Amerika konsuly R Treduell katysty Basmashylar kenestik әskeri bolimshelerge onerkәsip oryndaryna temir zhol stansalaryna kojmalarga tutkiyldan tap beru әdisin koldandy 1919 zhyly kyrkүjekte Madaminbek toby Қyrgyzstandagy K Monstrov bastagan sharualar armiyasymen birlesken әreketterge koship Osh pen kalalaryn basyp aldy Әndizhan men Fergana kalalaryna kauip tondirdi 1919 zhyly kazanda Қytaj shekarasy manynda kurbashylar kuryltajy otip onda Fergana үkimetin kuru turaly sheshim kabyldandy Sonymen birge kuryltajda basmashylar toby ujymdyk zhagynan zhetildirilip Madaminbek Ergash Shermuhammedbek Қalkozha baskaratyn iri 4 topka bolindi Қuryltajdyn sheshimi bojynsha ak gvardiyashyl orys oficerleri әskeri iske tartylatyn boldy 1920 zhyldyn basynda M V Frunze baskargan Tүrkistan majdanyna ortalyktan iri karuly kүshter tartylyp Basmashylar kozgalysyna auyr sokkylar berildi Fergana atkyshtar diviziyasynyn komandiri F D Karpov telegraf arkyly M V Frunzege Ferganadagy sogys tonaushy basbuzarlarmen emes Kenes biligine karsy zhergilikti zhurttyn koterilisi retinde etek aluda dep mәlimdedi 1921 zhyly tek Fergana onirinde gana 200 den astam basmashylar toby kүres zhүrgizdi Қyzyl әskerler sokkysy kezinde koptegen kystaktar men egistik alkaptar talkandaldy Osylajsha Basmashylar kozgalysy Fergana onirinde birtindep әlsirej tүsti 1921 zhyly Buharaga Tүrkiyanyn buryngy sogys ministri Enver pasha keldi Ol islam dinindegi barlyk halyktardy biriktirip Orta Aziyada musylman memleketin kuru zhoninde uran tastady Enver pasha Fergana onirinen shegingen bytyranky basmashylar tobynan 16 myn adamnan turatyn armiya kurap 1922 zhyly koktemde Buhar Halyk Kenes Respublikasynyn edәuir boligin basyp aldy Buhar zherinde oris algan Basmashylar kozgalysyna Zәki Uәlidi Togan da at salysty Ol kazak ult azattyk kozgalysy tarapynan koldau bolady dep үmittendi Ә Bokejhanov bastagan alash kajratkerleri H Bolganbaev Ғ Birimzhanov kyrgyz Y Zhanuzakovtyn basmashylarmen bajlanys ornatpak bolgan nieti nәtizhesiz boldy Buryngy Buhar Hiua handyktary zherinde Ibragimbek pen Zhunaid han zhetekshilik etken Basmashylar kozgalysy oristedi 1922 zhyly zhazda Enver pasha kyzyl әskerlermen shajkas kezinde kaza tapty 1922 zhyly Zhunaid hannyn 1926 zhyly Ibragimbektin basmashylar tobyna sokky berildi Basmashylar kozgalysy zhetekshilerinin kopshiligi oz tobymen Auganstan Iran Қytaj zherine otip ketti Olar 1930 zhylga dejin Kenes үkimetimen kүresin zhalgastyra berdi Basmashylar kozgalysymen kүres Tүrkistan olkesinin sharuashylygyna үlken ziyanyn tigizdi bitpes shajkaska tүsken eki zhaktan da үlken adam shygynyna alyp keldi 1929 1931 zhyldary Қazakstanda kүshtep uzhymdastyruga karsy bolyp otken halyk koterilisteri Basmashylar kozgalysymen ishtej bajlanysy bar sabaktas kubylystar bolatyn DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3 Otyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2ӘdebietterKakanbaev A Borba s basmachestvom i uprochenie Sovetskoj vlasti v Fergane Tashkent 1958 Amanov R A Konec avantyury Fuzajl Maksuma i Azama Stalinabad Tadzhikgosizdat 1960 Yusupov E Yu Lunin B V Basmachestvo orudie reakcii Tashkent Fan 1981 Polyakov Yu A Borba s basmachestvom v sredneaziatskih respublikah SSSR M 1983 Basmachestvo socialno politicheskaya sushnost Tashkent 1984 Irkaev M I Razgrom basmachestva v Tadzhikistane Dushanbe 1985 Zevelev A I Polyakov Yu A Shishkina L V Basmachestvo pravda istorii i vymysel falsifikatorov M 1986 Basmachestvo M Algoritm 2005 ISBN 5 699 08722 2 Pylev A I Basmachestvo v Srednej Azii etnopoliticheskij srez vzglyad iz XXI veka Bishkek 2006 Eliseeva N E S S Kamenev v borbe s basmachestvom 1995 5 S 40 45 Istoriya Basmachestvo odnogo kurbashi s ego slov Saarbryukken LAP LAMBERT Academic Publishing 2014 60 s ISBN 978 3 659 13813 3