Бәймембет Маяұлы (туған жылы белгісіз – 1870) – би, ел басшысы. Әкесі Маяның жолын ұстанып жастайынан билікке араласқан. 1844 жылы енгізілген қыр қазақтарын басқарудың жаңа ережесі бойынша Адай елінің Жоғарғы дистансасының басшысы (1867).
Патша үкіметі берген атағы зауряд хорунжий. Маяұлының қолдауымен Сарытасқа орыс балықшылары келіп орнығып батаға салып, оның жұмысына қазақ кедейлері жалданды. Айырбас саудасы өрістеді. Сөйтіп, далаға біртіндеп өркениет келе бастады. Маяұлы орыс патшалығының күшін, оған Хиуа хандығының қарсы тұра алмайтынын, сол себепті ханның қазаққа қамқор болып жарытпайтынын жақсы білді. Ресей патшалығының отаршылдық саясатына қарсы тұрудың қазақ халқы үшін “пайдасыздығын” уағыздаған. Хиуа хандығына тәуелді болғаннан гөрі орыс елінің қол астына кірген тиімді деп есептеген. Орысқа қарсыласпау, бейбіт қарым-қатынаста болу саясатын ұстанды. Осы көзқарасы үшін Ғафур Қалбыұлының бастауымен езгіге қарсы көтерілген жерлестерімен араздасқан. 1870 жылы 15 наурызда көтерілісті басу үшін аттанған Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің әскери жасағына Бәймембет жолбасшы болады. 25 наурызда деген жерде көтерілісшілермен болған ұрыста Бәймембет қазаға ұшырайды.
Елді Хиуа ханының үгітіне еріп орысқа қарсы шықпауға үндеді. 1870 жылы ояз бастығы Рукин жасағының құрамынан табылғанда оның мақсаты үкімет пен көтерілісшілерді бейбітшілікпен келісімге келтіру еді. Бірақ ол мақсатына жете алмады. Қарбалас қақтығыста қаза болды. Бәймембет есімін Қалнияз Шопықұлы (1816–1902), Қашаған Күржұманұлы (1841–1929), Өмір Қараұлы (1859–1922), т.б. ақындар жырға қосты.
Мая ауылы Бәймембет би Маяұлының рухына арнап 1871 жылы Каспий жағасында Сартас жерінде ас берген.
Дереккөздер
- «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
- Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
- Сегіз арыс Адайым. Танымдық шежіре кітап. 9 том. Астана: Профи Медиа, 2015. - 480 бет.
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bәjmembet Mayauly tugan zhyly belgisiz 1870 bi el basshysy Әkesi Mayanyn zholyn ustanyp zhastajynan bilikke aralaskan 1844 zhyly engizilgen kyr kazaktaryn baskarudyn zhana erezhesi bojynsha Adaj elinin Zhogargy distansasynyn basshysy 1867 Patsha үkimeti bergen atagy zauryad horunzhij Mayaulynyn koldauymen Sarytaska orys balykshylary kelip ornygyp bataga salyp onyn zhumysyna kazak kedejleri zhaldandy Ajyrbas saudasy oristedi Sojtip dalaga birtindep orkeniet kele bastady Mayauly orys patshalygynyn kүshin ogan Hiua handygynyn karsy tura almajtynyn sol sebepti hannyn kazakka kamkor bolyp zharytpajtynyn zhaksy bildi Resej patshalygynyn otarshyldyk sayasatyna karsy turudyn kazak halky үshin pajdasyzdygyn uagyzdagan Hiua handygyna tәueldi bolgannan gori orys elinin kol astyna kirgen tiimdi dep eseptegen Oryska karsylaspau bejbit karym katynasta bolu sayasatyn ustandy Osy kozkarasy үshin Ғafur Қalbyulynyn bastauymen ezgige karsy koterilgen zherlesterimen arazdaskan 1870 zhyly 15 nauryzda koterilisti basu үshin attangan Mangystau pristavy podpolkovnik Rukinnin әskeri zhasagyna Bәjmembet zholbasshy bolady 25 nauryzda degen zherde koterilisshilermen bolgan urysta Bәjmembet kazaga ushyrajdy Eldi Hiua hanynyn үgitine erip oryska karsy shykpauga үndedi 1870 zhyly oyaz bastygy Rukin zhasagynyn kuramynan tabylganda onyn maksaty үkimet pen koterilisshilerdi bejbitshilikpen kelisimge keltiru edi Birak ol maksatyna zhete almady Қarbalas kaktygysta kaza boldy Bәjmembet esimin Қalniyaz Shopykuly 1816 1902 Қashagan Kүrzhumanuly 1841 1929 Өmir Қarauly 1859 1922 t b akyndar zhyrga kosty Maya auyly Bәjmembet bi Mayaulynyn ruhyna arnap 1871 zhyly Kaspij zhagasynda Sartas zherinde as bergen Derekkozder Mangystau enciklopediyasyna Kompyuterlik baspa ortalygy 2007 Mangystau enciklopediyasy Almaty 1997 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 II tom Segiz arys Adajym Tanymdyk shezhire kitap 9 tom Astana Profi Media 2015 480 bet Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet