1.Аға — орта ғасырдағы түркі мемлекеттеріндегі әскери атақ. 15-17 ғасырларда Түркия янычарлар корпусының қолбасшылары аға деп аталған. Ауыз әдебиетінің деректері мұндай қолбасылық дәреже осы кезде қалыптасқан Ноғайлы Ордасында, Қырым хандығында, Қазақ хандығында да болғанын көрсетеді. Қазақ тілінде “қол ағалық” сөз тіркесі аға сөзінің әскербасы мағынасын көрсетеді. Биік әскери дәрежені көрсететін аға сөзі шығыста хан сарайларындағы “есік ағасы”, “есік ағасыбасы”, “шора ағасы” дәрежелерінде де сақталған. Өзінің толғауында айтылғандай Доспамбет жырау Аймадетұлы аға дәрежесіндегі әскербасы болған. аға дәрежесі әмір, бек дәрежесімен тең болғанға ұқсайды. Кейін аға сөзі жалпы басшы, жетекші, ақылшы мағынасында қолданыла бастады. Мысалы, “елағасы”, “отағасы” деген сөздерде.
2.Адамның жас жағынан үлкен бауыры, ер адам. Кез келген жасы үлкен ақылшы, жетекші ер адамдарды да аға деп атай береді.
3.Қызмет, шен, лауазым дәрежесін көрсететін ұғым (аға лейтенант, аға ғылыми қызметкер, аға сұлтан т. б.).
4.Аға - бірге туған, туысқан, ағайынды, аталас, рулас ер адамдардың патролиния (әке) жағынан жасы үлкені. Ана жағынан (матрилиния) туысса, бұл атауға нағашы сөзі қосылып, нағашы аға деп айтылады. Аға ұғымы жалпылама мәнде жұмсалғанмен, оны айтушы «эго» бірге туган аға, туысқан аға, аталас аға, рулас аға дегендерді ретімен қандық жағынан алыс-жақындығына қарай ажыратады. Сондай-ақ дәстүрлі ортада туыстық байланысы болмаса да өзінен жасы үлкен ер адамның барлығын аға тұту моральдық- этикалық нормалардың қатарынан орын алған.
Дәстүрлі қазақ қоғамында елеулі орын алатын аға мен іні сыйластығы - этностың қорғаныс механизмінің қалыпты, әрі ырғақты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін әдеп нормалары және моральдық құндылықтар қатарында ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі. Қазақ тәрбиесінде інінің қашан да өзінен жасы үлкен ағасын сыйлап, ақылын тыңдап, әдепті ілтипатты, ізетті болуы талап етіледі. Ағасы болса інісіне көмектесіп, қамқорлық көрсетіп жүреді. Ағалы-інілі адамдардың арасындағы қатынастың мұндай әлеуметтік ерекше мәні 'ағасы бардың жағасы бар, ағa бардың тынысы бар; Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без, аға тұрып, іні сөйлегеннен без'; 'Ағаға қарап іні өсер, апаға қарап сіңілі өсер'; 'ағаның үйі ақжайлау'; 'Жеңім жаман болса да, жағам жақсы, өзім жаман болсам да, ағам жақсы'; 'Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол' т.б. мақал-мәтелдерден де аңғарылады. Бұл мақалдар туысқандар арасындағы өнегелі қарым-қатынасты, үлкенді-кішілі адамдардың өзара сыйластығы, қайырымдылық пен адалдығының нормалары тәрізді. аға - жасы кішілер үшін айбар, қорған, сүйеніш әрі мақтаныш. Қазақта өзінен үлкен деп сыйлап, құрметтеуге байланысты аға тұтты деп айту қалыптасқан. Әдеп (этикет) бойынша өзінің туған ағасына немесе ағасымен тұстас, жақсы көретін адамын құрметтеу мәнінде аға, ағажан, ағажай, ағатай сияқты атауыш қаратпалар қолданылады. Сондай-ақ, әпкелерінің, тіпті шешесінің де отбасылық үрдісте қалыптасқан ахуал бойынша аға атап кететін жайт, және ағаны тәте деп те атайтын жергілікті ерекшеліктер ұшырасады.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы, 2010
- Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи-этнографиялык шолу). Алматы: Ғылым. 1973
- Абрамзон С.М. К вопросу о патриархальной семье у кочевников Средней Азии // КСИЭ АН КСРО. Вып.28. М.: Наука. 1957
Тағы қараңыз
- Аға-хан
Туыстық қатынастар | |
Санат:Отбасы | |
Күйеу • Әйел • Әке • Ана • Ата • Әже • Бауыр • Қарындас • • Бала • Қыз • • • Аға • • • • • Кіндік шеше • |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
1 Aga orta gasyrdagy tүrki memleketterindegi әskeri atak 15 17 gasyrlarda Tүrkiya yanycharlar korpusynyn kolbasshylary aga dep atalgan Auyz әdebietinin derekteri mundaj kolbasylyk dәrezhe osy kezde kalyptaskan Nogajly Ordasynda Қyrym handygynda Қazak handygynda da bolganyn korsetedi Қazak tilinde kol agalyk soz tirkesi aga sozinin әskerbasy magynasyn korsetedi Biik әskeri dәrezheni korsetetin aga sozi shygysta han sarajlaryndagy esik agasy esik agasybasy shora agasy dәrezhelerinde de saktalgan Өzinin tolgauynda ajtylgandaj Dospambet zhyrau Ajmadetuly aga dәrezhesindegi әskerbasy bolgan aga dәrezhesi әmir bek dәrezhesimen ten bolganga uksajdy Kejin aga sozi zhalpy basshy zhetekshi akylshy magynasynda koldanyla bastady Mysaly elagasy otagasy degen sozderde 2 Adamnyn zhas zhagynan үlken bauyry er adam Kez kelgen zhasy үlken akylshy zhetekshi er adamdardy da aga dep ataj beredi 3 Қyzmet shen lauazym dәrezhesin korsetetin ugym aga lejtenant aga gylymi kyzmetker aga sultan t b 4 Aga birge tugan tuyskan agajyndy atalas rulas er adamdardyn patroliniya әke zhagynan zhasy үlkeni Ana zhagynan matriliniya tuyssa bul atauga nagashy sozi kosylyp nagashy aga dep ajtylady Aga ugymy zhalpylama mәnde zhumsalganmen ony ajtushy ego birge tugan aga tuyskan aga atalas aga rulas aga degenderdi retimen kandyk zhagynan alys zhakyndygyna karaj azhyratady Sondaj ak dәstүrli ortada tuystyk bajlanysy bolmasa da ozinen zhasy үlken er adamnyn barlygyn aga tutu moraldyk etikalyk normalardyn katarynan oryn algan Dәstүrli kazak kogamynda eleuli oryn alatyn aga men ini syjlastygy etnostyn korganys mehanizminin kalypty әri yrgakty kyzmet atkaruyn kamtamasyz etetin әdep normalary zhәne moraldyk kundylyktar katarynda aganyn zhoni de zholy da үlken dep esepteledi Қazak tәrbiesinde ininin kashan da ozinen zhasy үlken agasyn syjlap akylyn tyndap әdepti iltipatty izetti boluy talap etiledi Agasy bolsa inisine komektesip kamkorlyk korsetip zhүredi Agaly inili adamdardyn arasyndagy katynastyn mundaj әleumettik erekshe mәni agasy bardyn zhagasy bar aga bardyn tynysy bar Үlken turyp kishi sojlegennen bez aga turyp ini sojlegennen bez Agaga karap ini oser apaga karap sinili oser aganyn үji akzhajlau Zhenim zhaman bolsa da zhagam zhaksy ozim zhaman bolsam da agam zhaksy Kop akymaktyn agasy bolgansha bir akyldynyn inisi bol t b makal mәtelderden de angarylady Bul makaldar tuyskandar arasyndagy onegeli karym katynasty үlkendi kishili adamdardyn ozara syjlastygy kajyrymdylyk pen adaldygynyn normalary tәrizdi aga zhasy kishiler үshin ajbar korgan sүjenish әri maktanysh Қazakta ozinen үlken dep syjlap kurmetteuge bajlanysty aga tutty dep ajtu kalyptaskan Әdep etiket bojynsha ozinin tugan agasyna nemese agasymen tustas zhaksy koretin adamyn kurmetteu mәninde aga agazhan agazhaj agataj siyakty atauysh karatpalar koldanylady Sondaj ak әpkelerinin tipti sheshesinin de otbasylyk үrdiste kalyptaskan ahual bojynsha aga atap ketetin zhajt zhәne agany tәte dep te atajtyn zhergilikti erekshelikter ushyrasady DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Kenzheahmetuly S Қazak halkynyn salt dәstүrleri men әdet guryptary Almaty 2010 Argynbaev H Қazak halkyndagy semya men neke tarihi etnografiyalyk sholu Almaty Ғylym 1973 Abramzon S M K voprosu o patriarhalnoj seme u kochevnikov Srednej Azii KSIE AN KSRO Vyp 28 M Nauka 1957Tagy karanyzAga hanTuystyk katynastarSanat OtbasyKүjeu Әjel Әke Ana Ata Әzhe Bauyr Қaryndas Bala Қyz Aga Kindik sheshe