Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт, яғни әлеуметтік сапалар жиынтығы. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:
- Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
- Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
- Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;
- Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.
Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.
Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің "өз есімізді білген" тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы "тарихымен" салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол — бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі.
Адамдардың бірлесе өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан Моральдық нормалар шыққан және оның орындалуын қоғамдық пікір қадағалап отырады. Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайтатын қалыптар Мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға Моральдық баға бере алады. Нәтижесінде адам кісілік қасиеттерін дамыта алатын субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз, намыс, ізгілік секілді жоғары Моральдық, кісілік қасиеттер қалыптасады. Моральдық сана тек таңдау мүмкіндігі бар жерде ғана әрекет етеді. Мәжбүрлеп істелген іске Моральдық баға беру қиын. Сондықтан Моральдық санада мотив, пиғыл, мақсат мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Моральдық сананың үш сатысы болады. Біріншісі, адамның ішкі тылсым дүниесін, яғни Моральдық қажеттіктер мен қабілеттерді, эмоциялар мен сезімдерді, т.б. қамтиды. Әдептік сананың екінші сатысына рационалды ақыл-ой елегінен өткен Моральдық түсініктер жатады. Мораль, әдетте әр түрлі әдептілік ережелерінен, адамгершілік туралы этик. теориялардан тұрады. Моральдық сананың үшінші сатысы Моральдық интуиция (түйсік) болып табылады. Моральдың негізгі бөлігіне іс-әрекет, мінез-құлық жатады. Моральдық мінез-құлықта мотив-мақсатты, құрал мен нәтижені айыра білу қажет. Әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларына сәйкес кәсіптік, отбасылық, тұрмыстық, т.б. Мораль түрлері айқындалады.
Қазақ ойшылдары мораль хақында
Қазақ мәдениеті түркілер өркениеті мен араб-мұсылман өркениетінің тоғысуында дүниеге келген. Қазақ халқының адамгершілік туралы ой-толғаныстарын осы екі мәдени кеңістіктің ықпалын өз бойында тоғыстырған қазіргі исі түріктердің ұстазы әл-Фарабиден бастаған жөн.
Әл-Фараби
Мәдениет тарихына қысқаша шолу жасап өтер болсақ, ортағасырлық Шығыстың, Батыс Еуропаның мәдени дамуынан әлдеқайда алда тұрғандығын білеміз. Орта ғасырлардың өзінде-ақ араб-мұсылман өркениетінің аймағында ренессанстық сипаттар пайда болған: біріншіден, қалалық мәдениет өркендеген; ғылым-білімге басты назар аударылған; антикалық мұра қолға алынып, аудармалар жасалынып, грек философтарының жолын қуушылар (перипатетиктер, неоплатониктер) пайда болған. Шырыс перипатетизмінің немесе Аристотельдің жолын қуушылардың бірі, дүние жүзі ғалымдарының "екінші ұстазы" атағына ие болған әл-Фараби этиканы —жақсылық пен жамандықты, ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Әл-Фараби грек этикасының орталық ұғымы — эвдемонаны өзінің этикалық шығармаларына арқау етіп алады. "Бақытқа жол сілтеу" трактатында ұлы ұстаз о дүниенің баянсыз бақыты туралы емес, тірі адамның шынайы өміріндегі бақыты туралы сөз қозғайды. Оған жету үшін адам өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, әл-Фараби адамдардың өзі көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Адам ақиқатқа, айналадағы дүниені танып-білу арқылы ғана жетеді деп түйін жасайды.
Әл-Фарабидің этикалық көз-қарасты танытатын тағы бір шығармасы — "Қайырымды қала тұрғындарының көз-қарасы". Онда философ полистің тұрғындары бақытты болуы үшін оны жақсы әкім басқаруы керек деп ұғады. Жақсы әкім сипаттамасы мынадай: әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны құмар, батыл, жомарт жан. Жеке адамның бақыты жалпы қоғам бақытына ұласады деп есептеген Фараби эвдемоналық күйі де мүмкін.
Жүсіп Баласұғұни
Жүсіп Баласағұни — данышпан, ойшыл, философ. Оның адамгершілік ұстанымдарын, түркілер дәуірінің талап-тілектері тұрғысына жататын "Құтты білік" поэмасының басты идеясы деген. Біріншісі — мемлекетті дұрыс, әділеттік ұстанымы; екіншісі — баққонсын деген тілек; үшіншісі — ақыл; ал төртіншісі — қанағат-ынсап мәселесі. Жүсіп аталған ұстанымдардың прототиптері патшаны әділдіктің бейнесі деп; оның уәзірі бақ-дәулет тұрғысынан; ақыл-парасат көрінген — Ұғдүлміш бейнесі; ал қанағат-ынсап мәселесін Дәруіш Одғұрміш арқылы көрсетеді. Дидактикалық, яғни тәлім-тәрбиелік сарында жазылған бұл "Құтты білік" шығармасында әдеіттілік, мораль мәселесі көп қозғалады.
Абай
Абай этика тақырыбын қозғағанда, иман мәселесіне көп көңіл аударады. "Иман" термині қазақ санасына мұсылманшылық арқылы енген. Ол арлылық синонимі болып табылады.
"Ұят кімде болса, иман сонда" деген мақалды Абай өзінің отыз алтыншы сөзіне негіз етіп алып, ұят түсінігін талдайды. Ақын ұятты екі түрге бөледі: надандықтан туындайтын ұят; иманға қатысты шын ұят. Олардың айырмашылығы ұяттың пайда болуының себептерінде. Біріншісі — не шариғатқа, не ақылға терістігі жоқ болса да өзінен-өзі қысылатын жалқаулық, жалтақтық, қорқақтық, жігерсіздік, жауапсыздықтан туындайды. Екіншісі — не шариғатқа, не ақылға, не адамгершілікке кесел тигізетін, не нәпсінің жолында абыройға нұқсан келтіруден басталатын, өзіңе ішкі жаза тарттыратын жоғары сезім. "Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігілді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қысымның аты", — деп анықтайды Абай.
Бастапқы мағынасы тұрғысынан болсын, санаға ену жолынан болсын иман ұғымында діни мазмұн басым екендігіне қарамастан, Абай иманды адамшылық өлшемі ретінде қабылдайды. Абайдың түсінуінше, білуге құмарлықты шектеу, талаптанбау, өз әрекетіңе салғырт қарау — имансыздық.
Абай өз халқының бойындағы оң қасиеттермен қатар оғаш қылықтарды, теріс мінездерді қатты сынға алған. Оның бәрімізге жастайымыздан белгілі:
- Өсек, өтірік, мақтаншақ,
- Еріншек, бекер мал шашпақ...
өлең жолдарында қазақ бойындағы, тұрмысын тоқ санап, жайбарақаттыққа салынған надандық кейпі іш ашитындай туралықпен берілген.
Абай отыз төртінші қара сөзінде "Адам баласына адам баласының бәрі — дос" дейді. Мына дүниенің шолақтығын біле тұра, бір-бірімен өшігіп, не болса соған көрсе қызарлық жасап, жауласудың адам жанына берері шамалы деп тұжырымдайды. Абай өз ұрпақтарына "Адам бол!" деп уағыз айтып кеткен жан.
Шәкәрім
Шәкәрім — Абайдың жолын қуған інісі, ол өз өмірін жамағатының болашағына арнаған. Шәкәрімнің "Үш анығында":
- Еңбекпенен, өрнекпен
- Өнер ойға тоқылса,
- Жайнар көңіл, қайнар өмір
- Ар ілімі оқылса.
Моральды "ар ілімі" деп танитын Шәкәрім адамгершілік құлық хақында көп ой қозғайды. Ол адам жолы дегеніміз — адам баласына пайдасын тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін адам өз бойындағы кемшіліктерден арыла білуі керек, сөйтіп өз ар-ұжданына кір келтірмейтіндей өмір сүруі керек. Ар-ұжданның мазмұнын ынсап, әділет, мейірім құрайды деп түсінетін автор оларды адамптылық ұғымымен байланыстырады.
Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар:
- Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек.
- Бұл үшеуі біріксе, сорды жоймақ
- Шын бақ осы деп бұған ақыл тоймақ —
дей келе Шәкөрім жоғары құндылықтарды атап өтеді.
Ар-ұждан тіпті о дүниеде де бар нәрсе деп есептейді. Оның бар екеніне дәлелсіз сену қажет. "Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ар-ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол — осы мұсылман жолы сияқты!" — дейді Шәкәрім "Үш анығында":
- Кісіге адамшылдық неге керек?
- Адамдық — өзге айуаннан артық демек.
- Ит талаған төбеттен қалай дейсіз,
- Аямай әл келгенін жұлып жемек.
Дереккөздер
- "Ордабасы": Энциклопедия.- Шымкент:"Ордабасы".2008.
- Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., ұабитов Т., Әдеп негіздері, А., 1997.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Moral latyn moralis әdet guryp adamdar men әleumettik birlestikter arasyndagy karym katynastardy rettejtin kagida adamnyn minez kulkyn retteu kyzmetterin atkaratyn әleumettik institut yagni әleumettik sapalar zhiyntygy Moral әleumettik shyndyktyn etikalyk sapalaryn izettilik mejirbandyk әdilettilik minez kulyk әdet guryp t b bejnelejtin kogamdyk sananyn erekshe nysanyna zhatady Moraldyn birkatar erekshelikteri bar Moraldyk erezheler men talaptar kogamnyn gasyrlar bojy kalyptaskan kundylyk negizin kurajdy zhәne zhalpylama sipatta bolady Moraldyk kagidalar men sezimder normativti mindetti tiisti bolyp tabylady Moral әleumettik murattyn bir tүrine zhatady ol kүndelikti turmys kalyptarynan zhogary kojylady Moral memlekettik kүshpen tanylmajdy ol adamnyn erkindigi ayasymen bajlanysty Moral tarihi kubylys etikanyn zertteu obektisi Moral dep belgili bir kogamdagy omir sүrip zhatkan adamdar arasynda kalyptaskan adamgershilik kulyk normalary men ustanymdarynyn zhiyntygyn ajtamyz Moral zheke adamnyn kogamda omir sүre alu baskalarmen үjlesimdi karym katynasta bolu kabiletin tanytady Baskasha tuzhyrymdajtyn bolsak moral izgilik adamgershilik erezhelerinin zhiyntygy eken Moraldyk normalardy ustanu arkyly әrbir zheke tulga ozinin adamgershilik izgilik kasietterin kalyptastyrady Moral adamdardyn birlese omir sүruge dagdylanu nәtizhesinde karym katynas zholynda tuyndap otyrgan karama kajshylyktardan shygu barysynda tarihi tүrde kalyptaskan Moral ozinin tүp tamyrymen sonau kadym zamandarga zhalgasyp zhatyr Bizdi ozimizdin en kone tegimizden alshaktatatyn uakyt arakashyktygyna orasan zor ekendigin kozge elestetu үshin mynadaj shamany aluga bolady Adamnyn kalyptasuynyn tarihi kezenin tutas zhүz pajyz dep alsak sonyn tek bir pajyzy gana bizdin oz esimizdi bilgen tarihi uakyt bolyp tabylady Yagni adamzattyn maktan tutar bes alty myn zhyldyk merzimdegi mәdeni orkeniettik kezeni onyn aldyndagy adamzattyn kapastagy tarihymen salystyrganda tүkke turmastaj shamada Ol bizge tansyk tүsingenimizden tүsinbegenimiz kop uakyt merzimi Adamdardyn birlese omir sүru tәzhiribesinen mәdeniettin damuynan Moraldyk normalar shykkan zhәne onyn oryndaluyn kogamdyk pikir kadagalap otyrady Yntymaktastyk pen adamgershilikti nygajtatyn kalyptar Moral erezheleri bolyp kabyldanady Zheke tulga kogamnyn әdep mәdenietin igeru barysynda oz minez kulkyn rettej alatyn kabiletke ie bolyp ajnalasynda bolyp zhatkan okigalarga Moraldyk baga bere alady Nәtizhesinde adam kisilik kasietterin damyta alatyn subektige ajnalyp onyn bojynda ar uyat zhauapkershilik paryz namys izgilik sekildi zhogary Moraldyk kisilik kasietter kalyptasady Moraldyk sana tek tandau mүmkindigi bar zherde gana әreket etedi Mәzhbүrlep istelgen iske Moraldyk baga beru kiyn Sondyktan Moraldyk sanada motiv pigyl maksat mәseleleri aldyngy katarga shygady Moraldyk sananyn үsh satysy bolady Birinshisi adamnyn ishki tylsym dүniesin yagni Moraldyk kazhettikter men kabiletterdi emociyalar men sezimderdi t b kamtidy Әdeptik sananyn ekinshi satysyna racionaldy akyl oj eleginen otken Moraldyk tүsinikter zhatady Moral әdette әr tүrli әdeptilik erezhelerinen adamgershilik turaly etik teoriyalardan turady Moraldyk sananyn үshinshi satysy Moraldyk intuiciya tүjsik bolyp tabylady Moraldyn negizgi boligine is әreket minez kulyk zhatady Moraldyk minez kulykta motiv maksatty kural men nәtizheni ajyra bilu kazhet Әleumettik katynastardyn tүrli salalaryna sәjkes kәsiptik otbasylyk turmystyk t b Moral tүrleri ajkyndalady Қazak ojshyldary moral hakyndaҚazak mәdenieti tүrkiler orkenieti men arab musylman orkenietinin togysuynda dүniege kelgen Қazak halkynyn adamgershilik turaly oj tolganystaryn osy eki mәdeni kenistiktin ykpalyn oz bojynda togystyrgan kazirgi isi tүrikterdin ustazy әl Farabiden bastagan zhon Әl Farabi Mәdeniet tarihyna kyskasha sholu zhasap oter bolsak ortagasyrlyk Shygystyn Batys Europanyn mәdeni damuynan әldekajda alda turgandygyn bilemiz Orta gasyrlardyn ozinde ak arab musylman orkenietinin ajmagynda renessanstyk sipattar pajda bolgan birinshiden kalalyk mәdeniet orkendegen gylym bilimge basty nazar audarylgan antikalyk mura kolga alynyp audarmalar zhasalynyp grek filosoftarynyn zholyn kuushylar peripatetikter neoplatonikter pajda bolgan Shyrys peripatetizminin nemese Aristoteldin zholyn kuushylardyn biri dүnie zhүzi galymdarynyn ekinshi ustazy atagyna ie bolgan әl Farabi etikany zhaksylyk pen zhamandykty azhyratuga mүmkindik beretin gylym dep karady Әl Farabi grek etikasynyn ortalyk ugymy evdemonany ozinin etikalyk shygarmalaryna arkau etip alady Bakytka zhol silteu traktatynda uly ustaz o dүnienin bayansyz bakyty turaly emes tiri adamnyn shynajy omirindegi bakyty turaly soz kozgajdy Ogan zhetu үshin adam ozin ozi үnemi zhetildirip otyruy tiis Bir sozben ajtkanda әl Farabi adamdardyn ozi kozdegen maksatyna zhetui onyn ozine gana bajlanysty ekenin ajtady Adam ruhani zhagynan үnemi ozin ozi zhetildirip otyruy tiis Adam akikatka ajnaladagy dүnieni tanyp bilu arkyly gana zhetedi dep tүjin zhasajdy Әl Farabidin etikalyk koz karasty tanytatyn tagy bir shygarmasy Қajyrymdy kala turgyndarynyn koz karasy Onda filosof polistin turgyndary bakytty boluy үshin ony zhaksy әkim baskaruy kerek dep ugady Zhaksy әkim sipattamasy mynadaj әdil inabatty mejirimdi zhan zhakty bilimdi zhaksylykka zhany kumar batyl zhomart zhan Zheke adamnyn bakyty zhalpy kogam bakytyna ulasady dep eseptegen Farabi evdemonalyk kүji de mүmkin Zhүsip Balasuguni Zhүsip Balasaguni danyshpan ojshyl filosof Onyn adamgershilik ustanymdaryn tүrkiler dәuirinin talap tilekteri turgysyna zhatatyn Қutty bilik poemasynyn basty ideyasy degen Birinshisi memleketti durys әdilettik ustanymy ekinshisi bakkonsyn degen tilek үshinshisi akyl al tortinshisi kanagat ynsap mәselesi Zhүsip atalgan ustanymdardyn prototipteri patshany әdildiktin bejnesi dep onyn uәziri bak dәulet turgysynan akyl parasat koringen Ұgdүlmish bejnesi al kanagat ynsap mәselesin Dәruish Odgurmish arkyly korsetedi Didaktikalyk yagni tәlim tәrbielik sarynda zhazylgan bul Қutty bilik shygarmasynda әdeittilik moral mәselesi kop kozgalady Abaj Abaj etika takyrybyn kozgaganda iman mәselesine kop konil audarady Iman termini kazak sanasyna musylmanshylyk arkyly engen Ol arlylyk sinonimi bolyp tabylady Ұyat kimde bolsa iman sonda degen makaldy Abaj ozinin otyz altynshy sozine negiz etip alyp uyat tүsinigin taldajdy Akyn uyatty eki tүrge boledi nadandyktan tuyndajtyn uyat imanga katysty shyn uyat Olardyn ajyrmashylygy uyattyn pajda boluynyn sebepterinde Birinshisi ne sharigatka ne akylga teristigi zhok bolsa da ozinen ozi kysylatyn zhalkaulyk zhaltaktyk korkaktyk zhigersizdik zhauapsyzdyktan tuyndajdy Ekinshisi ne sharigatka ne akylga ne adamgershilikke kesel tigizetin ne nәpsinin zholynda abyrojga nuksan keltiruden bastalatyn ozine ishki zhaza tarttyratyn zhogary sezim Ұyat degen adamnyn oz bojyndagy adamshylygy ittigildi ishinnen oz mojnyna salyp sogip kylgan kysymnyn aty dep anyktajdy Abaj Bastapky magynasy turgysynan bolsyn sanaga enu zholynan bolsyn iman ugymynda dini mazmun basym ekendigine karamastan Abaj imandy adamshylyk olshemi retinde kabyldajdy Abajdyn tүsinuinshe biluge kumarlykty shekteu talaptanbau oz әreketine salgyrt karau imansyzdyk Abaj oz halkynyn bojyndagy on kasiettermen katar ogash kylyktardy teris minezderdi katty synga algan Onyn bәrimizge zhastajymyzdan belgili Өsek otirik maktanshak Erinshek beker mal shashpak olen zholdarynda kazak bojyndagy turmysyn tok sanap zhajbarakattykka salyngan nadandyk kejpi ish ashityndaj turalykpen berilgen Abaj otyz tortinshi kara sozinde Adam balasyna adam balasynyn bәri dos dejdi Myna dүnienin sholaktygyn bile tura bir birimen oshigip ne bolsa sogan korse kyzarlyk zhasap zhaulasudyn adam zhanyna bereri shamaly dep tuzhyrymdajdy Abaj oz urpaktaryna Adam bol dep uagyz ajtyp ketken zhan Shәkәrim Shәkәrim Abajdyn zholyn kugan inisi ol oz omirin zhamagatynyn bolashagyna arnagan Shәkәrimnin Үsh anygynda Enbekpenen ornekpen Өner ojga tokylsa Zhajnar konil kajnar omir Ar ilimi okylsa Moraldy ar ilimi dep tanityn Shәkәrim adamgershilik kulyk hakynda kop oj kozgajdy Ol adam zholy degenimiz adam balasyna pajdasyn tigizu zhaksylyk etu dep tүsindiredi Ol үshin adam oz bojyndagy kemshilikterden aryla bilui kerek sojtip oz ar uzhdanyna kir keltirmejtindej omir sүrui kerek Ar uzhdannyn mazmunyn ynsap әdilet mejirim kurajdy dep tүsinetin avtor olardy adamptylyk ugymymen bajlanystyrady Anyk bak dep ajtarlyk үsh nәrse bar Kirsiz akyl minsiz soz adal enbek Bul үsheui birikse sordy zhojmak Shyn bak osy dep bugan akyl tojmak dej kele Shәkorim zhogary kundylyktardy atap otedi Ar uzhdan tipti o dүniede de bar nәrse dep eseptejdi Onyn bar ekenine dәlelsiz senu kazhet Eger bir adam zhannyn olgen songy omiri men ar uzhdan sonyn azygy ekenine әbden nansa onyn zhүregin esh nәrse karajta almajdy Adam ataulyny bir bauyrdaj kylyp eki omirdi de zhaksylykpen omir sүrgizetin zhalgyz zhol osy musylman zholy siyakty dejdi Shәkәrim Үsh anygynda Kisige adamshyldyk nege kerek Adamdyk ozge ajuannan artyk demek It talagan tobetten kalaj dejsiz Ayamaj әl kelgenin zhulyp zhemek Derekkozder Ordabasy Enciklopediya Shymkent Ordabasy 2008 Қogamdyk bilim negizderi Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlykbagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ә Nysanbaev Ғ Esim M Izotov K Zhүkeshev t b Almaty Mektep baspasy 2006 zhyl ISBN 9965 33 570 2 Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3 Қogamdyk bilim negizderi Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ә Nysanbaev Ғ Esim M Izotov K Zhүkeshev t b Almaty Mektep baspasy 2006 zhyl ISBN 9965 33 570 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Zharykbaev Қ Aldamuratov Ә uabitov T Әdep negizderi A 1997 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet